148 149
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011
міне осы» [8, 81 б.]. Міне осы бір тебіреністі және тағлымды тұжырым әрбір қазақстандықтың санасы мен жүрегінен орын тебуге тиісті.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекетінің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекетінің сақталуы тұрғанына куә. Жаһанданушы әлем және жаһанданудың басты алыпбарушы күштері әлемдік алпауыттар болып отырған тарихи жағдайда мемлекеттілікті, оның егемендігін, стратегиялық негіздерін, жерін, ресурстарын қорғау - қазіргі және келер ұрпақтың әлеуметтік және саяси парызы.
Мемлекет құрушы ұлт мәселесіне тікелей қатысты тағы бір заңамалық құжат Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы», «Қазақ КСР-нің мемлекеттік суверенитеті»
декларациясы негізінде, Елбасының тапсырмасына орай даярланған “Қазақстанның ел бірлігі доктринасы”
– тарих тағылымын бойына сіңіріп, бүгініміз бен ертеңіміздің стратегиялық жүгін арқалаған салиқалы құжат.
Доктринаның Қазақстанды «қазақтардың тарихи мекені» деп анық та қанық атауы өте орынды әрі бұлтартпас шындық. Алғашқы нұсқасы қоғамда пікірталас тудырған аталмыш құжат, қайтара талдау барысында өзгерістерге ұшырап қазақ ұлтының мемлекетқұрушы ұлт ретіндегі мәребесін нақтылай түсті.
«Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» құжатындағы Жалпы ережеде мемлекет құрушы ұлттың, яғни қазақтардың түрлі этностар мен конфессиялардың Қазақстанда бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етудегі шешуші рөлі ескеріліп, аталып кетеді. «Бір ел, бір тағдыр» атты бірінші бөлімінде «қазақ халқынының маңайына республиканың барлық азаматтарының топтасуы мемлекеттің тәуелсіздігің бекітуге бағытталған»
[9] деп Тәуелсіз Қазақстанда мемлекет құрушы ұлт төңірегіне топтастырудың маңыздылығы аталған.
«Ұлттық рухты дамыту» атты үшінші тарауда рух, патриотизммен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесі ерекше екендігің, оны әрбір Қазақстандық азаматтың меңгеруі қажеттілігі және осы мемлекеттік тіл ел және рух бірлігінің басты факторы, негізгі басымдылық екендігі айтылады.
Доктринадағы: «ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген этностардың тағдыры тоғысты» деген жолдарын мәселенің мәнісін дөп басқан, дұрыс пайым.
Түркістан қаласында өткен дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз қазақ халқы – мемлекеттің негізін құрушы, оның тағдырына жауап беруші, ішіміздегі өзге ұлт өкілдеріне өнеге көрсетіп, барлық істе бастамашы болуға тиісті ұйтқы халықпыз. Сондықтан үлкен ұлтқа тән төзім мен сабырлы мінез көрсете білген жөн» деді.
Қазіргі әлем елдерінде ұлттық мәселерге өте зор көңіл бөледі. Мысалы, Францияда «әрбір француз жоғары дәрежелі француз болғанда ғана Франция дамиды» деген түсінік болса, Германиядағы принцип –
«бір мемлекет – бір ұлт»; Жапонияның принципі де «Бір мемлекет – бір рух». Жаһандану заманданында көп этносты мемлекеттерде ірі титулды этностардың аз санды топтарды ассимиляциялау арқылы жұту саясаты толастар емес. Өркениетті дамыған мемлекеттерде аз санды халықтар қоғамның обьективті талаптарына cәйкес, көп санды, басым ұлттың мәдениетін, тілін, дәстүрлерін еріксіз қабылдау,а мәжбүр.
«Қайнаушы қазан» тұжырымдамасына сәйкес, мысалы Америка Құрама Штаттарында этникалық шығу тегі маңызды емес, оның Америка азаматы болуы маңызды. «Қайнаушы қазан» доктринасына мүдделілер қатарында жаһандану заманында көшбасшы елдер АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия аталады. Аталмыш тұжырымдаманың негізінде «адам және оның қажетттіліктері жатыр», бірінші кезекте жеке тұлғаның қызығушылығы қанағаттандырылады. Ұлт мәселесін шешудің келесі бір жолы «мәдени ұлттық автономия» тұжырымдамасы, 19 ғасырдағы австриялық-венгриялық социалистік идеялардан шықты. «Мәдени ұлттық автономия» доктринасы бойынша әрбір этностың жеке мемлекет құруға ұмтылуы мүмкін емес. Сондықтан олардың тілдік, мәдени талаптарының орындалуына жағдай жасау қажет.
Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған этносаясатының идеялық тамырлары осы «мәдени ұлттық автономия» тұжырымдамасына сүйенген деп айтуға болады. Осы бағытта елдегі Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі нақты дәлел бола алады.
Қазақстан бүгінгі таңда қазақ халқының үлес салмағының артуы мен ғана емес, 20 жылдың ішінде осы мемлекетті өркениетті ел ретінде қалыптастыра алатын халық ретіндеде ерекшеленді. Қазақтың дәстүрлі музыкасы, төл мәдениетіне байланысты ұлттық құндылықтар жаңғырды, жаңарды. Жас қазақ эстрадасының ұлттық құндылықтармен үйлесімі, «Мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мәдени жағыртулар туындылары, Атажұртына оралған қандас бауырлар көзінің қарашығындай сақтап. Еліне қайта жеткізілген мәдени-рухани құндылықтар, өркениетті ұлттық дәстүрдің қайта оралып, халықтық педагогика тағлымдарының өскелең ұрпақ тәрбиесіне енуі, қазақ философиясының сараланып жүйеге келтірілуі сияқты ізгілікті істер тәуелсіз Қазақстанның, қазақ ұлтының тек экономикалық және саяси ғана емес әрі рухани нығаюының дәлелі. Бір ғана мысал - «Қаражорға» әнінің айтылып, биінің биленуі, оған өзге ұлт өкілдерінің ұмтылыс, қызығушылығы, «Қаражорға» тек қана қазақтарға ғана емес, Қазақстанның халықтарынада ортақ негізгі бір құндылық бола алды. 2010 жылы 23-25 қарашада Алматыда ұйымдастырылған «Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың Ортаазиялық І конвенті» жұмысында
«Ұлттық бренд» мәселесі көтеріліп, брендті ұлттық негізде мемлекеттік құндылыққа айналдыру жүйесі қызу талқыланды. 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Жастар Конгресінің бастамасымен Алматы,
Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды қалаларында студент жастар тарапынан ұйымдастырылған бүкілқазақстандық «Бауырсақ күні», Германиялық әлемге әйгілі «Октоберфест сыра мейрамы» іспеттес ұлттық брендті жарнамалауға талпыныс болды. Осыған ұқсас шоқтығы биік шаралардың біртіндеп барлық ел азаматтарын қазақтың айналасына топтастыруға ынталандырып ұлттық идеядан нәр алатын, патриотизмді күшейтетін инфрақұрылымдық жобалар жасалуы қажеттілік.
Пікірімізді нақтылай түсу үшін отандық ғалым-саясаттанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор Раушанбек Әбсаттаровтың пікірің келтіре кеткен орынды: «Біздің елде ұлттық идея екі мағына береді. Бірі – қазақ ұлтының, екіншісі – жалпы қазақстандық. Біз кейде осы екі ұғымды шатастырып аламыз. Бізге керегі қазақ ұлтының идеясы. Одан кейін барып қазақстандық идея. Егер қазақ ұлтының идеясы болмаса, онда қазақ халқы өркендей алмайды. Бұл – басы ашық, ақиқат дүние. Мәселен, қазақ ұлты еліміздегі өзге ұлт өкілдерін маңайына топтастырып, ұйыта білсе, бірлікке жетелей білсе, сол тұста ғана қазақстандық идея пайда болады... Мен отаншылдық елімізде жоқ деп айта алмаймын. Бар. Бірақ сол патриотизмнің қалыптасуын жетілдіру керек. Қазақстандық патриотизм түптеп келгенде қазақ ұлтының отаншылдық рухынан нәр алып, соның негізінде көктеуі тиіс. Егер қазақ халқының мүддесін өзіміз ойламасақ, өзге жұрт ойлайды деп айту қиын, ойламайды да. Сонда ғана патриотизм қоғамның дамуына прогрессивтік рөл атқарады» [10, 3 б.]
Ұлттық идеядан нәр алып, отаншылдық рухпен нық тұрған мемлекет құрушы ұлтпен ұйыса отырып, барлық Қазақстан халқы мемлекетті бірлесіп құраушы факторға айналады.
Халықты құрметтеу, тілің, ұлттық салт дәстүрін қастерлеп, қадір тұту – әр қазақстандықтың өзінің адами борышы деп ұғынуы қажеттілік. Бұл тұрғыда әлеуметтік бірегейлену мәселесі алға шығады. Ол өзіндік жеке мәселе.
Қорыта айтқанда «мемлекет құрушы ұлт - қазақ ұлты» жайлы шағын мақалада біздің көздеген мақсатымыздың бірі – мемлекет құрушы ұлттың бойында әлі де жасырынып, ұйықтап жатқан жасампаздық күшті оята түсу, жаһандану заманында қоғамымыздың саяси, әлеуметтік ішкі бірлігінің мәнінің ерекшелігі, ұлттық мемлекеттілік құндылықтарының қоғамдық санадағы орны мен ролі төңірегінде ой толғау.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. http://www.inform.kz/kaz/article/1215491// Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяның ХІV сессиясында сөйлеген сөзі.
2. Арын Р.С., Иренов Г.Н. Этнополитология: Учебное пособие.-Павлодар:Эко, 2008.-285 с.
3. Гумилев Л.Н. Из истории Евразии.- М.: Искусство, 1993.- 79с., Гумилев Л.Н Этногенез и биосфера Земли.- М.:
Танаис ДИ-ДИК, 1994.- 638с., Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период.- Л.: Наука, 1990.- 270с., Гумилев Л.Н.Древние тюрки. История образования и расцвета Великого тюркского каганата (VI-VIII вв. н.э.). М:
Кристалл, 2003.-306с.
4. Геллнер Э. Нации и национализм / Пер. с англ. Т.В. Бредниковой, М.К. Тюнькиной; Ред. и послесл. И.И. Крупника. - М.: Прогресс, 1991., Б. Андерсон. Воображаемые сообщества. М. Канон-Пресс-Ц, 2001. – 288 с., Хобсбаум. Э. Нации и национализм после 1780 г. СПб.: Алетейя, 1998.-306 с.
5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Бас редакциясын басқарған Б.Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
бас редакциясы - 2004. -6 том.- 696 б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана: Елорда.-2010.-16 б.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына жолдауы. -Алматы: Білім.-1998.-96 б.
8. Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік белестері.-Алматы: Атамұра.-2003.-336 б.
9. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ресми сайты: http://www.kaz.assembly.kz/doktrina-naczionalnogo-edinstva- kazaxstana
10. Әбсаттаров Р.Б. Қазақстанның басты мақсаты – Батыс пен Шығыстың басын қосу. // Айқын.-2011.-11 қаңтар.
Редакцияға 14.01.2011 қабылданды.
Ұ.М. ЕСЕНБЕКОВА
ТЕЛЕПУБЛИЦИСТИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ХАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ Бүгінгі теледидар бағдарламаларындағы интеллектуалдықтың басым болуы бұрынғы телехабарларда да ол сипаттың барлығын жоққа шығармайды. Әңгіме қандай да бір сыртқы тартыс, өткір шиеленіс жоқ болған күннің өзінде де кейіпкердің толғаныс-тебіреністерінің шиыршық атуының барған сайын күшеюі, соның нәтижесінде телепублицистика құрылымының өзгеріске ұшырауы туралы болып отыр.
Сценарийдегі кейіпкердің айналасындағы өзін қоршаған әлеммен қатынасу үстінде жан сезімінде болып жатқан құбылыстарды қадағалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-психологиялық форма қазіргі күнде лирикалық бастаманың тікелей күшті әсерімен дамып келеді деп ойлаймыз.
Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қал-қадірі жеткенше
150 151
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011
бойына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен баста, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы - салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі болып табылады.
Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттағаны тарих парақтарынан бізге мәлім.
Әсіресе, «Өнер алды - қызыл тіл» деп сананы сары алтыннан да артық балаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың қоймасы
деп таныды. «Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу сияқты дәстүрлі жиындарда марапатталып келді» [1].
Сол арқылы көпшілік қауымға, әсіресе, жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделді.
Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау - өскелең өмір талабы болып отыр. Адам тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан еліміздің жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып-үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Л.
Н. Толстой айтқандай: «Өткенді жақсы білмейінше, болашаққа сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп, адасумен пара-пар» деуінің өзінде терең мән жатыр [2].
Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелер мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты - осының бәрі мәдениетпен бірге қайнасқан.
«Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сан ғасырлық наным-сенімі, таным-түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт- дәстүрлер аясында болады» [3].
Ал, қазақ халқының мәдениеті - ұлттың, тарих сахнасында қалыптасқан мәдени мұрасы, халық білімі, сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де ел- жұрттың білім әрісі мен сауатын да, халықтың тұрмыс тіршілігі мен өндіріс ауқымын да, ойдың орамдығы мен тілдің құнарын да материалдық және рухани қажеттіктердің деңгей дәрежесін де, ең арғысы талғамның татымына дейін мәдениеттің аясына сыйғызады. Демек, «Мәдениет дегеніміз -адамзат баласының ақыл- ойы мен маңдай тері тудырған жетістіктердің бәрін қамтиды екен», - деп ой түйіндеуге негіз бар.
Кез келген ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден көзіміз түседі. Бұл туралы белгілі философ Гердер: «Салт-дәстүр - тіл мен мәдениет бастауларының анасы», - деген салмақты пікір айтса, ғалым-зерттеуші Ғ. Ақпанбет: «Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сұру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі - мәдениет өзегін құрастырады», - дейді. Әсіресе, жазу-сызуы болмаған халық ерте заманда мәдени ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі.
Бірақ мәдениет деген терминнің тек Батыс Еуропада ғана 250-ден астам анықтамасы бар екендігін естен шығармауымыз керек. Бұл оның жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық аядағы мәні мен болмысы туралы пікірлердің әртүрлі болатындығын білдіреді. Осыған орай әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесі әртектес, даму деңгейлері әртүрлі елдердің мәдениет туралы ұғымдарына ден қойған ЮНЕСКО мәдениеттанушылары мынадай нәрсені анықтаған.
Жапондардың ұғымынша мәдениеттің шарықтау шыңы шәй беру рәсімінен көрінсе, поляктар мәдениеттілікті бауырсақ пісіру арқылы да танытуға болады деп есептеген. Ал, танзаниялықтардың ұғымынша мәдениеттің ең жарқын үлгісі - жақсы жасалған татуировка. Сөз жоқ, мұндай жауаптар мәдениеттің тек қана ұлттық қасиеттер аясында көрініс табатынын пайымдатады. Олар Қазақстан телеарналарында хабар, сюжет, репортаж түрінде беріліп, насихатталуда.
2002 жылдың қазанында құрылған «Достық» шығармашылық бірлестігі дайындаған мазмұнды хабарлар ұлттық-мәдени бірлестіктердің өмірі жайлы, Қазақстанда тұратын аз ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға бағытталған. Осы секілді «Хабар» агенттігінде «Біздің көшенің тұрғындары» деп аталатын түрлі ұлттың мәдениеті мен өнерін көрсететін Серік Абас-Шахтың бағдарламасы көрермен көңілінен шығып жүр.
Осындай топтасу мен достықтың тағы бір жақсы нышаны Қазақстан халықтарының достығы күні болып жарияланған еліміздің ұлттық мерекесі -1 мамыр.
1 -ші мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні!
Бұл мереке 1995 жылдан бері Мемлекеттік мәртебеге ие болып, баршамыздың ынтымағымыз бен бауырмалдығымызды жарқыратып көрсететін күн болды! Осы мерекеде өткізілетін іс-шаралардың негізгі өзегі -халықтар достығы мен бірлігі. Оған дәлел Астана алаңдарында жылда өтетін Қазақстан халықтары бірлігі мерекесі. Жалпы бұл бірлік сөзі - немісше -айнихкайт, корейше - тхонил, ингуштар - бар, татарша - бердамлек, еврейше - бэяхад. Әртүрлі айтылғанымен бұл сөздердің бір ғана мағынасы бар. Ол -достық пен ынтымақ.
Бүгінде татулығы жарасқан Қазақ шаңырағының астында 130-дан астам ұлт пен ұлыстар өмір сүріп жатыр. Республикада 350-ден аса ұлттық-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Барлық ұлттың өкілдері тең дәрежеде бейбіт өмір сүріп отыр. Татар-башқұр, неміс, орыс, кәріс, шешен-ингуш, украин халықтарының өнері мен дәстүрлерін ұлттық-мәдени бірлестіктер көрсетеді. Олар өздеріне тән әуендермен ән салып, ұлттық билерін билейді. Осындай шаралар арқылы достығымыз нығайып, бірлігіміз күшеюде.
Бұның сыртында көркемөнер мәдениеті, экономикалық мәдениет, экологиялық мәдениет, ғылым мәдениеті, әлеуметтік мәдениет, оқу мәдениеті, бұқаралық ақпарат құралдарының мәдениеті, тағы басқалар деп мәдениетті біртұтас әлеуметтік-экономикалық қоғам аясында жіліктеп қарауды ұсынатындар да бар.
Тарихи қалыптасқан сондай ерекшеліктердің негізгілеріне тоқтала кетейік.
Біріншіден, қазақтардың көшпелі сипаты, ұдайы мал бағып, оның соңында көшіп-қонып жұруі.
Ол үшін көбінесе ен дала, жазық жайлаулардың, тіпті шөлді жерлердің қажеттілігі де бар еді.
Екіншіден, көшпелі халықтың бүкіл өмір сұру тәсілі, әдет-ғұрпының сол көшпелі тұрмысқа бейімделуі, көшпелі мал өсіруші елдің бүкіл тұрмысы, тұрған үйі, киген киімі, ішкен тамағы, бәрі-бәрі де сол жағдайға сәйкестендірілген.
Үшіншіден, көшпелілердің бір жерге шоғырланбай мал бағу жағдайына сәйкес ауыл-ауыл болып, бірінен-бірі алшақ тұруы. Осыдан келіп, отырықшы ел уәкілі, айталық, қала тұрғыны, далалы жерге барып, өзімен-өзі болуды аңсайтын болса, көшпелі ел адамдары басқа адамдармен кездесуді, сөйлесуді аңсайды. Сол аңсау мен армандау сарынын кешегі, бүгінгі теледидар бағдарламаларының әрбірінен бағамдап-байқап, талғампаздықпен танып, көреміз.
Қазақ теледидарынан беріліп жататын хабарлардың әрқайсысы-ақ қазақтың қандай салт-дәстүрлері бар екендігін және оның астары мен мәнін айшықтап ашып беруде шығармашылық деңгейден көрініп келеді. Бұған кезінде теледидардан жиі беріліп тұрған «Алтыбақан» (шығармашылық топ Құсман Игісінов, Фатима Бегембаева, Лұқпан Есенов) хабары ұлтымыздың тамаша салт-дәстүрінің бар екендігінің есте қаларлық ерекше беттерін ашып берген еді.
Алтыбақан басындағы тербеліп түрған қынама бел камзол киіп, қос бұрымын тілерсекке дейін төгілте, құлағына сыңғырлаған шолпы таққан қыз бен оқалы бәрік, саптама етік, өрнекті камзол киген жігіттің тал-шыбықтай тербеліп түрған сәттері сезіміңді тербетіп, жүрегіңнің нәзік қылын шертіп, қиялыңызды сан қиырға әкетеді. Ал, әсем табиғат аясында түсірілген хабардың ажары көркем табиғатпен астаса ашылып, қазағымыздың тұрмыс-салтқа байланысты дәстүрлері рет-ретімен көз алдыңнан тізбектеліп, өзіндік өрнегін тауып жүре береді.
Алғаш көгілдір экранда тұсауы 1977 жылы кесілген «Алтыбақан» хабарында ұлтымыздың ежелден бері келе жатқан салт-дәстүрлерінің шама-шарқына қарай қамтылып отырылуы жас ұрпақтың ой- әрісінің кеңеюіне, оны өз қажетінше бойына сіңіруіне лайықты екені оның сценарий мәтіндерінің әр беттерінен айқын көрініп түр. Онда теледидарға қатысты талаптар толығымен орындалған. Бұл жағынан хабарға сын айта алмайсыз. «Талай кездің қызық сырын сақтаған «Алтыбақан» көгілдір экранда басқаша жаңа мазмұн алып, ол бүгінгі жас өнерпаз қауымның өскелең өнерін баршаға паш ету жұмысын бастап, ән-күй мен жырдың аялы ортасына айналыпты» [4].
Мақала авторы одан әрі Л. Кәденова мен Қ. Сұлтанбаевтың хабарды жүргізу шеберліктеріне көңілі толмайтындығын айта келіп, «әсіресе соңғы жігіттің ширай түскені жөн болар еді», - дейді.
Эстрада өнеріндегі жас әншілер М. Ералиеваның, Ш. Керімбековтың, М.Нұркеновалар өнердің үлкен баспалдағын «Алтыбақан» арқылы аттады.М. Ералиеваның «Алтыбақанда» алғаш орындаған
«Ақбаян» әні үлкен сахнаға осы жерден жолдама алды. «Хабардың ақын, халық сазгері, жырау, сал- серілерін жастарға таныстырудағы үлесі қомақты» [5], - дейді зерттеуші Н. Шыңғысова.
Расында, жастардың Алтыбақаны бәріміздің көңілімізге жылы сезім ұялатады. Албырт шақтың әні, шалқыған сәні қандай жарасымды. «Алтыбақанда» ауылдың алты ауызы, қонақ кәде төрізді жоралғылар, домбыра жағалату салты, қыз бен жігіт айтысы, қыз қуу, ақсүйек, орамал тастау секілді ұлттық ойындары қайтадан жаңғырды. Хабар бастан-аяқ бір сюжетке құрылған, оқиғалары бір-бірінен тарамдала, өрбіп отырады. Келісімді ұйқас, орамды әзіл, көрнекті ой, көркем тіл, тапқырлық бірінен екіншісіне жеңіл ауысып, хабардың желісін жымдастырып жібереді. Сахнада не табиғат аясында ән айтылса, қазақтың халық әндері, би биленсе, қазақтың ою-өрнегі, әдет-ғұрпы бейнеленіп, одан әрі хабардың ұлттық бояуын қоюлатты. Хабар өте жинақы, ықшам, шашау шыққан көрініс, басы артық декорация жоқ
«Алтыбақан» - таза, табиғи, ұлттық бояуы қанық, реңі қою, халық табиғатына жақын, әсіресе ауыл
152 153
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011
тұрғындарының салт-дәстүр аясындағы өнерін дамытуға арналған бағдарлама. Қазақ теледидарындағы алғашқы ойын-сауық бағдарламасы «Алтыбақан» жайлы профессор М. Барманқұлов: «К конкурсным, игровым передачам можно отнести ... на Казахском телевидении - «Что можем, что умеем», «Пай- пай жиырма бес», «Алтыбақан», - дейді [6]. М. Барманқұлов «Алтыбақанды» конкурстық, ойын-сауық түріне жатқызса, ғалым Н. Шыңғысова, «Әйтсе де «Алтыбақанның» түрі конкурстық хабарға келмейді.
Хабардың сипаты әзіл-сықақ, сазды әуендер мен ойын-сауыққа, көңіл көтеруге негізделген» деген пікірді алға тартады. Қос ғалымның пікірі де бір-бірінен алшақ кетпеген. Екеуі де ойын-сауықты ауызға алған.
Ал, менің пікірімше, «Алтыбақанда» ойын-сауық пен әзіл-қалжыңның да, сазды әуен мен конкурстық ойын түрлерініің барлық элементтері бір мезгілде тоқайласқан деп түйіндеуге негіз бар.
Ал, «Алтыбақанның» салт-дәстүр жағына келетін болсақ, оның атына заты сай ма деген сұрақтың алдында көлденең түрары анық. Мұндағы негізгі сауалдар күнделікті тұрмыс-салттағы, әсіресе, жаңадан отау құрғалы отырған жастардың ата-баба дәстүрін қалай түсінетіндігі жайында бастау алады.
Өмірдегі көкейтесті сауалдардың келелі топта әңгіме арқауына айналуы орынды-ақ. Екі жастың тұрмыс құрарының алдындағы үсақ-түйектерге дейін тақырып аясында әріс алуы өзгеше құбылыстың көрінісіндей әсер қалдырады. Алайда, олардың қойылған сұраққа тиянақты әрі жүйелі жауап бере алмаған жерлерінде көрермен не тыңдарман адамдардың көмектерін көрсетіп, толықтырып отырулары да ешқандай әбестік туғызбайды.
Осы жайлы профессор Н. Омашев: «Хабардың ұлттық табиғатын беру деген оңай шаруа емес. Бұл тұрғысында жалпы талпыныстар бар. Мысалы: «Алтыбақан», «Көкпар», «Ақ сүйек», «Қымызхана», «Та-«Алтыбақан», «Көкпар», «Ақ сүйек», «Қымызхана», «Та- маша», «Алтын сақа» сияқты хабарлардың пішімі ұлттық табиғатта жасалған» [7], - дейді.
Дегенмен, теледидар табиғатына сай ізденістің мол өрнектері хабардың кейбір сандарында жетіспей, олқы түсіп жатты. Көрермен қашанда хабардың тілі жеңіл, әңгіме арқауы ширақ, әзіл-қалжыңы мол болғандығын қалайды емес пе? Көрермен хаттары турасында «Алтыбақан» хабарында былай дейді: -
«Иә, хаттар көп келеді. Кейбірі нұры тасып, түлей келеді, кейбірі бұл қалай деп жүдей келеді. Ақ жүректің лүпілін ақ параққа ораған сол хаттармен бірге құшақ-құшақ тілек келеді. Соның бәрі көбіне «Алтыбақанда»
айтылмаған ән айтылса, шертілмеген күй шертілсе, оқылмаған жыр оқылса, танылмаған талант танылса», - деп келеді [8]. Көпшілік пікіріне құлақ тұру, олардың аманатын орындау - парыз. Редакция ұжымы ел арасындағы таланттар менен қатар өнер жүлдыздары, ақын-жазушылар мен елге танымал тұлғаларды экран арқылы әрдайым көпшілікке таныстырып отырды.
«Алтыбақанның» өн бойындағы қысқа, қызықты сюжеттер көрермендерді ынтықтыра, өздеріне тарта түсті: «Ақ сүйекті лақтырған боп өз жеңіне тығып қойды. Бәрі жүгіріп іздеп кетті.
- Ой, ішім-ай! Ха-ха-ха (ішек сілесі қатып күле береді).
- Сізге шайтанның салқыны тиіп кетті ме? Кеткен елдің соңынан қарғаша қарқылдап не жетті? [9]».
Хабардың өн бойында халқымыздың бойында бар ұлттық сипат көрінісі сабақтаса дамып, жарасымды жалғастыққа ұласты. Алайда, уақыт өте келе көрермендердің хабарды жүргізушілерге деген өкпе- наздары көбейе түсті. Ол, парасат-пайымы жоғары көрерменнің табан астында айтылған жауап пен тапқырлықтарының олқылықтарына деген ренішінен болар. Кейде, студияда оғаш пікірлер айтылып, жағымсыз көріністер де кездесіп жатты. Алайда, «Алтыбақан» хабары өзінің сипаты, пішіні, нышаны жағынан Қазақ теледидары тарихында «ұлттық хабар» ретінде қалды. Ол осынысымен де құнды.
Дегенмен «Алтыбақан» хабарын уақыт кезеңіне орайластыра қайта жандандырып, ұлттық ойын- сауық түрлерін бүгінгі күннің жастар түсінігіне жақын түрлерімен астастыра отырып дем берсе, оған қызығушылық танытатындар аз болмаса керек-ті. Жастар санасының Батыстық, шетелдік үлгілермен уланып жатқаны жанға батады. Жаңашыл бастаманың қашанда суреткердің биік ой-парасаты мен терең пайымдауынан, батыл шешімдерінен туатыны ақиқат.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кенжеахметұлы С. Халықтың салт-дәстүрлері// Егемен Қазақстан. -1998.- 18наурыз.
2. Андронников И. Я хочу рассказать вам. - Москва: Искусство, 1972. - 123 с.
3. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. - Алматы: Санат, 1998. - 464 б.
4. Семсеров С. Жастардың жаңа клубы// Лениншіл жас. -1977. -9 ақпан.
5. Шыңғысова Н. Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы. -Алматы: Қазақ университеті, 1999. - 34 б.
6. Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. - Алматы: Санат, 1997. -С.268.,
7. Омашев Н.О. Қазақ теледидары және оның ұлттық табиғаты/7 Қазақстан мектебі. -1994. -№3. -8 6.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық архиві, 1489-қор, 4-тізбе, 580-іс.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық архиві, 1489-қор,4-тізбе, 800-іс.
Редакцияға 28.12.2010 қабылданды.
М.Т. МУКАШЕВА
ПУБЛИКАЦИИ О НАУКЕ В ПЕРВЫХ КАЗАХСКИХ ПЕРИОДИЧЕСКИХ ИЗДАНИЯХ In article analyzed activity of first country publications and about educational, enlightenment, sciences’ prob- lems in there.
Как свидетельствует история, пресса в Казахстане существует уже более 135 лет. За это время создавалась и закрывалась масса периодических изданий вследствие разных причин: от революционных преобразований до закрытия того печатного органа, который выполнил свою задачу на определенном историческом этапе развития Казахстана. Кроме того, газеты сыграли определенную роль в обучении грамоте населения.
Первым изданием казахской периодической печати явилась газета «Түркістан уалаятының газеті» (1870- 1882 гг.), согласно монографии первого крупнейшего исследователя истории журналистики Казахстана Хаиржана Нургожиновича Бекхожина которая выходила два раза в месяц на казахском языке и узбекском языках в Ташкенте и распространялась по всему Казахстану. Хотя она носила общественно – политических характер, но освещала также вопросы истории, этнографии, культуры казахского народа [1].
Следующая газета, оставившая значительный след в истории, - это «Дала уалаятының газеті», которая выходила в 1888 – 1902 гг. Она издавалась еженедельно в Омске как приложение к Акмолинским (1888 – 1904 гг.), Семипалатинским (1894 -1905гг.) и Семиреченским (1894 – 1901 гг.) областным ведомостям.
Это была одна из первых казахских газет, пропагандировавшая прогрессивные идеи великих казахских мыслителей – Абая Кунанбаева, Чокана Валиханова, Ибрая Алтынсарина и др. В монографии «Очерки истории печати Казахстана» (1860 – 1958 гг.) впервые были показаны истоки отечественной журналистики.
( Очерки истории печати Казахстана (1860 – 1958 гг.) Х. Бекхожин 239 Алма-Ата, Мектеп, 1981) Точных данных о ее тираже не сохранилось. Но один из источников указывает о 1332 обязательных подписчиках [2].В «Қазақ журналистикасының тарихы» («История казахской журналистики») (1870 1995 гг.) К. М. Алла- («История казахской журналистики») (1870 1995 гг.) К. М. Алла- берген, Ж.Н. Нускабайулы, Ф.М. Оразай о «Түркістан уалаятының газеті» речь идет следующим образом:
«Редактором был Башкир Мирасулы Ибрагимов. Защищавший интересы казахского народа, хорошо знавший русский, а также многие восточные языки, переводчик местного генерал – губернатора» [3].
На своих страницах «Түркістан уалаятының газеті» публиковала материалы по истории, этнографии, культуре, образованию, археологии, фольклору и др. Газета первой напечатала сведения о жизни и научной деятельности Чокана, Ибрая, Абая.
Кроме того, газета постоянно писала о культуре и психологии русского и других европейских народов, их науке и образовании, призывали брать лучшие примеры. На страницах издания можно было найти советы о ветеринарии, зоотехнике, агрономии.
Под влиянием русской журналистики в «Түркістан уалаятының газеті» стали возникать и совершенствоваться такие газетные жанры, как заметка, корреспонденция, фельетон, очерк.
По своей роли русской ученый Петр Остроумов сравнивал «Түркістан уалаятының газеті» с Петровскими
«Ведомостями».
Проведем ретроспективу статей, опубликованных в «Түркістан уалаятының газеті» по проблемам науки и образования. В № 4 за 1870 г. была опубликована информация о создании почты и телеграфа в Туркестанском крае, которая утверждала, что новые веяния прогресса должны улучшить жизнь в крае и теперь запросто можно будет связаться с самым отдаленным районом и со всем миром.
В статье «О солнечном затмении» (выпуск за 10 декабря 1870 г) населению пытались объяснить природу столь непонятного для них явления и призывали людей не пугаться, поскольку ничего плохого оно не обещает.
Под рубрикой «Новости науки» газета пыталась регулярно рассказывать об открытиях и новых изобретениях. В частности, на протяжении первых лет издания газета сообщала о полетах на воздушных шарах; тайне выпадения снега и дождя; о солнечной системе и планетах, которые в нее входят. Были опубликованы статьи о том, что Земля действительно является шаром, что подтвердило путешествие вокруг света Фернанда Магеллана.
Здесь же увидели свет «Кудатғу біліг» («Благодатные знания») Ж. Баласугуни, часто появились пословицы и поговорки, собранные М. Кашагари, пословицы С. Бабажанова, которые заставляли людей задуматься над смыслом жизни, тянуться к лучшему, образцы устной литературы (поэмы «Кобланды»,
«Козы-Корпеш – Баян- сулу», эпос «Алпамыс» и др.) Газета напечатала изложение айтысов известных акынов 70-х годов ХІХ века: Орынбая, Досанбая, Майлыкожи.
Отрадно, что газета не ограничивалась просто публикациями о науке и технике. Она пыталась пропагандировать науку, новые знания, нести их в народные массы.
«Түркістан уалаятының газеті» призывала подрастающее поколение к образованию, изучению наук, публиковала письма образованных людей о том, как надо учить детей. Таким образом, все эти формы