• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Г.З. ТАЖИТОВА, А.Х. НҰРПЕИІСОВА, Б.Т. ӨМІРЗАҚОВ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

This article reviews the issues of development of students’ creative abilities in higher educational institutions. Development of students’ creative abilities will contribute formation of their professional skills and new ideas.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру- дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Білім сапасы Қазақстанның индустриализациясының және инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсеткен [1]. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастыққа кіруі мен әлемдік экономикалық аумаққа шығуымен және білім мазмұны шеңберін кеңейтіп отырған ғылыми-техникалық дамуымен байланысты. Қазақстанның әлемнің басқа мемлекеттерімен және халықтарымен бүкіл әлем қоғамдастығы мойындаған тілдерде араласу мүмкіндігі шетел тілдерінің, оның ішінде ағылшын тілінің мәртебесін өсіріп отыр. Студенттердің шет тілін еркін меңгеруі олардың көп ұлтты әлеммен байланыстары мен қарым-қатынастарын кеңейтуге, өздерінің рухани, танымдық және әлеуметтік-адамгершілік, кәсіптік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға, ой-өріс, білім деңгейін, шығармашылық еңбек аясын кеңейтуге, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлемдік мәдениетті танып, білуге мүмкіндіктер береді.

Сондықтан жоғары оқу орындарының білім беру процесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының үлесін көбейту, олардың білімді меңгеру барысында әр ақпаратқа сыншыл көзбен қарауларына, өздерінің ойларын ашық білдіріп, шығармашылық мүмкіндектерін пайдалана алуларына мол мүмкіндік беру педагогикалық процестің маңызды міндеті болмақ. Бұл студенттердің білім алуында шығармашылық белсенділігін арттырып, білім берудің сапасын жақсартуға да септігін тигізеді.

Бұл жүйеде жан-жақты жетілген, көп тілді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытуға, оның қоғамның экономикалық, саяси және мәдени өміріне қатыса білуін тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.

Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмыстарын жан жақты, сапалы түрде ұйымдастыру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болашақта білікті маман болуларына, қоғамды алға тартып, үлкен пайда әкелетіні анық.

«Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Ол, жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның мақсатқа бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ойы мен сезімінің, креативтілігінің бірегейлігінен туындайды.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық проблемасы шығармашылық қабілет пен ақыл-ойдың өзара әрекеттестігі тұрғысынан қарастырылып, дербес фактор немесе дивергенттік ойлаумен тікелей байланысты іс-әрекет түрінде көрсетіледі. Осыған орай, «шығармашылық қабілет»

туралы айтқан кезде «шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық орта», «шығармашылық қызығушылық», «шығармашыл қиял» ұғымдары қоса айтылады. Сондай-ақ, ес, ойлау, елестету ұғымдары шығармашылық әрекеттің алғышарттары ретінде сипатталады. «Шығармашыл ойлау»

жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс әрекеттің төркін, мән мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой

(2)

пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:

1) Жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;

2) Нақты тұлға ой өрісінен бастау алған субъективті жаңалық:

Шығармашыл ойдың дамуына көптеген факторлар кедергі келтіреді.

Олар:

1) Шектен тыс сыншылдық 2) Шешім іздеудегі асығыстық 3) Ішкі шек қоюшылық

4) Регидшілік ескі білімдерді қолдануға әуесқойшылық

5) Конформизм сырт көзге мазақ болу қаупінен туған тартыншақтық

«Шығармашыл қиял» жаңа қайталанбас бейнелер мен идеялардың көзі. Мұндағы «жаңа» түсінігі екіталай мәнге ие: объективті жаңалық және субъективті жаңалық.

Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ортада орындалады және оның орындалу нәтижелілігін шығармашылық қабілеттер анықтайды, шығармашылық ортада тұлғаның шығармашылық қызығушылығы, белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы артып, шығармашылық қабілеті дамиды.

Әдетте, шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасында анық көрініс береді. Мектеп жасы, яғни оқушылық кезең – психофизиологиялық функциялардың жан-жақты даму кезеңі. Бұл кезеңде, оқушылардың қоршаған орта құбылыстарына баға беруге көзқарасы қалыптасып дағдыланады, өзгелерге сын айта білу деңгейіне көтеріледі, танымдық қызығушылығы, зерттеушілік-ізденімпаздық белсенділігі артады, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттілігі туындайды.

Жоғары оқу орындарында студенттерді шығармашылыққа баулуда олардың бойында болашақ маманның шығармашылық қасиеттерінің болуына көп көңіл бөлеміз.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:

– шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

– әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

– шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

– шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

– нәтиженің жаңалығы.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеке тұлғаның қалыптасып, дамуы үшін жаңа талаптарды қажет етеді. Уақыт табандылығының қажеттілігі, адамзаттың шығармашылық қабілеттерінің дамуында, кез келген қызмет саласындағы мақсаттардың дәстүрден тыс жолдарын іздеу, қоғамның әрбір мүшесінің зиялылық мүмкіндігін арттырумен қатар, барынша шығармашылық белсенділігін оятып, оның дамуына алып келеді.

Шығармашылық - бүкіл адамзат болмысының маңызды сапаларының бірі. Ол жаңалыққа жетудің және ізденудің, іс-әркет әдістерінің қайталанбас нәтижелерімен сипатталады. Шығармашылық әрқашан қайталанбайтын болып табылады. Ол - оқушының өзін жетілдіруге, өз бетімен білім алуға қабілеттілігі; білімі мен интуициясына негізделген суырып салмалылық қабілеті. Ғалымдар жаңалық объективті әлемдегі нысандарды немесе оның бейнесін түрлендіру, қарым-қатынас жасау, бұрын басқа жүйеде жататын элементтерді түрлендіру жолымен жаңа жүйеде құрылады деп есептейді. Осылайша зерттеушілердің көпшілігі шығармашылық – кең мағынада алғанда, іс-әрекеттердің нәтижесінде белгілі бір жаңа сапаның туындауы және ешқашан бұрын қайталанбайтындығымен ерекшеленетін, мәдени-тарихи бірегейлігімен сипатталады деп есептейді.

Зерттеуші С.А. Кузнецов «шығармашыл» түсінігін «шығармашылық» сөзіне қолданып, шығармашылық процесс, суретшінің шығармашылық жолы деп есептейді [2]. Мысалы, қабілетті адамның шығармашылық ойлауымен, шығармашылық жоспарымен, шығармашылық қабілетімен бір нәрсені жасап шығаруы деп есептейді. Сонымен қатар, өз бетінше жаңа бір нәрсені ерекше жасап шығару шығармашылық күш, шығармашылық зиялылық деген ұғымдар туындайды. «Шығару»

етістігін біріншіден жасап шығару, шығармашылық процестегі материалдық және рухани байлық (тілді, мәдениетті дамыту (шығару), әдемілікті жасау (шығару) деп айтуға болады. Екіншіден ғажайып, кереметті жасау, зұлымдық, қайырымдылық жасау болып табылады. Басқаша айтқанда

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

«шығармашылық» түсінігі «шығару» жеке шығармашылық, ғылыми, көркем, әдеби шығармашылық деген етістікті білдіреді. Көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылықты «таңдалған несібе емес, шығармашылық – адамзат болмысының бар болуының қажетті шарттары» деп қарастырады [3].

Адамзат іс-әрекетіндегі екі түрлі іс-әрекетті анықтауға болады. Егер адам бұрын өңделген әдістердің барлығын қайталаса, бұрын қолданылған тәжірибе – ол репродуктивтік іс-әрекет, ал нәтижесінде алдындағы шарттарды қанағаттандырмайтын бұрын қайталанбаған әрекеттерді – шығармашылық, креативті іс-әрекет деп анықтауға болады. Алдыңғы тәжірибенің адам үшін үлкен мәні бар. Ондай іс-әрекеттерсіз қоршаған ортаға икемделе алмайтын еді. Біздің миымыз бұрынғы тәжірибелерді сақтауға қабілетті, бұл оның шектеулі негізі. Күшті немесе қайталайтын қоздырғыштар мида ізін қалдырады, соған байланысты адам репродуктивтік іс-әрекеттерді орындауға қабілетті. Орындаушы іс-әрекеттерінен басқа адамзат жаңа бейне құратын қиыстырушы және шығармашылық іс-әрекеттерді орындауға қабілетті болады.

Шығармашылық процестің негізгі мәні оның мақсатқа ұмтылушылығын және саналылығын анықтау болып табылады. Шығармашылық процесс – жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің сипатына және темпераментіне, сонымен қатар, оның ойлау бағытына, мәдениетіне, білім деңгейі және тәжірибесіне байланысты жүзеге асады. Шығармашылық терең, сыни тұрғыда ойлануды талап етеді. Ол әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Қоғамдық өмір мен оның түрлі қырлары шығармашылықтың элементтері үшін қажетті қосымша эмоциялық қозғау болып табылады.

Шығармашылық түрде ойлау түрлі күрделі тапсырмаларды орындау сәттерінде және оның шешілуіне бағытталған ойлау процестерінің нәтижесінде өзінің бастауын алады.

Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оларға кәсіптік білім беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Студенттің шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқыту жүйесінде оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Студент өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарға ұстанылады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі түзеліп отырылады.

Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы – сырқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады [4].

Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы.

Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына талаптанушылық, танымдық, реттеушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым-қатынас т.б. жатқызылады. Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Жоғары оқу орындарының ағылшын тілі сабақтарында студенттердің ағылшын тілінде оқу, жазу, сөйлеу, тыңдап түсіну дағдыларына үйретіледі. Студенттердің сөйлеу қызметінің аталған түрлерімен жұмыстары барысында олардың шығармашылық қабілеттеріне көңіл бөлу тілді жеңіл меңгерулеріне жол ашады. Студенттер тек ағылшын тілінде сөйлеп қана қоймай, олардың ойлау қабілеттері арта түсіп, сөздік қорларының көбеюіне мүмкіндік туып, әрдайым іздену үстінде болады. Студенттердің ағылшын тілінде жазу дағдылары артып, өзіндік пікірін білдіруге жол ашылады. Тыңдағанын түсініп, сұрақтарға тез жауап беру қабілеттері дамиды. Ағылшын тілінде еркін сөйлеп, сөйлеу кезінде дәлелдеу, салыстыру, анықтау, мәселені шешу дағдылары артады.

Ағылшын тілі сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру – болашақта ағылшын тілін еркін меңгерген маманды дайындау. Студенттердің шығармашылық қабілеттеріне аса көңіл бөлу олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, кез келген мәселеге өзінің ойын білдіріп, алған білімдерінің негізінде жаңа ой тудыруға көмектеседі.

Сабақтарда студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі әдіс тәсілдерді қолданудың маңызы өте зор. Төмендегі тапсырмалар студенттердің сөйлеу қабілеттерін арттырып, оларды өздігінен жаңа ой туғызып шешім қабылдауға жетелейді.

(4)

– суреттеу; әңгімелеу;

– пікір айту, дәлелдеу, анықтау (жағымды/жағымсыз жақтарын);

– шешім іздеу және пікір таластыру; шешім қабылдау;

– сыни пікір білдіру, сынау;

– кейіпкердің күйін интерпретациялау;

– проблемалық тапсырмалар;

– ақпарат жинау, салыстыру;

– талқылау.

Кейбір жаттығулардың жасалу түрі мен мәні ұқсас және қайталанып келеді, бірақ әлдеқайда күрделі, көлемді лексикалық, грамматикалық құрылымдарға толы, оларды сабақтарда жиі қолдану студенттердің білімдерін толықтырып, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға себебін тигізеді. Жаттығулар студенттердің өтілген тақырып бойынша лексиканы қолдану дағдыларын, сыни, шығармашылық тұрғыдан ойлау іскерліктерін одан әрі дамытады. Ағылшын тілі сабақтарында төменде берілген жаттығуларды қолдану студенттердің оқумен, жазумен, сөйлеумен және өздігінен шешім қабылдауға бағытталған жұмыс барысында өте тиімді болып табылады.

– жобалар жасау (projects);

– тың пікірмен қорытындылау;

– мәтінді өз ақпаратымен аяқтау;

– түрлі ақпарат көздерін табу;

– талқылау, презентация жасау;

– терминологиялық сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз;

– фактіге негізделген хабарлама жазу;

– фактіге негізделген хабарлама жазыңыз;

– эссе-пікір жазыңыз;

– тақырып бойынша шығарма жазыңыз;

– мәтінге аннотация жасаңыз;

– мәтінді оқып проблемалық сұрақтарға жауап беріңіз;

– мәтінді оқып кесте жасаңыз;

– берілген сұрақтарды қамтитындай реферат дайындаңыз;

– мәтінде берілген ойды қалай түсінетініңізді айтыңыз. Өз көзқарасыңыз қандай?

– мәтінді берілген кейіпкерлерді сипаттап, оларға мінездеме беріңіз;

– мәтінді қалай түсіндіңіз? Ұнамаған ойды қалай өзгерте алар едіңіз;

– мәтінді басқаша қалай бастар едіңіз;

– мәтінде берілген ақпаратты мамандық бойынша жұмыс істегенде қалай қолданар едіңіз;

– мәтінді оқып, оны қажетті сөздермен толықтырыңыз;

– мәтінді оқымай тұрып оның не туралы болатындығы туралы болжаңыз;

– мәтінді оқып, бастапқы ойды жоғалтпайтындай етіп қысқартыңыз;

– мәтінді оқып ондағы тұжырыммен келісетіндігіңізді айтыңыз;

– мәтінге проблемалық сұрақтар қойыңыз;

– оқылған мәтінге тезис жазыңыз;

– мәтінді тыңдап түсінік айтып, мәтін туралы өз ойыңызды айтыңыз;

– тақырып бойынша сауалнама құрастырып, топтағы студенттердің пікірін білу үшін сауалнаманы топта жүргізіп, қорытынды жасаңыз;

– берілген сөздерді пайдаланып, мәселені шешу жолын табыңыз;

– өзіңіздің демалысыңыз туралы досыңызға хат жазыңыз;

– берілген мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарын айтыңыз;

– берілген мәселелердің қайсысын шешуі қиын немесе оңай деп ойлайсыз;

– берілген тізімнен өзіңізге ұнаған тақырыпты таңдап, негізгі оқиғаларды сипаттаңыз;

– төмендегі сөйлемдердің қайсысымен келісесіз, өзіңіздің ойыңызды айтыңыз;

– суретке қарап әңгіме құрастырыңыз;

– берілген сөйлемдердің қайсысы факт, қайсысы пікір екендігін дәлелдеңіз;

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау барысында, әсіресе қажетті эссе-пікір жазу, шығарма жазу, сыни пікір, қорытындылау, айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табу, мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарын табу, берілген сөздерді қолдану және т.б. жұмыс түрлерін орындауда белсенділік көрсетіп, қызығушылық танытады.

(5)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Қорыта келе, ағылшын тілін оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, олардың сыни ойлау, ізденушілік тұрғыдан ойлау шеберліктерін және кәсіби терминологияны меңгеру дағдыларын қалыптастыру студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамыта түседі.

Ағылшын тілін оқыту барысында студенттердің шығармашылық қабілеттеріне аса көңіл бөлу оларды болашақта өзіндік ойы, пікірі бар, өздігінен шешім қабылдай алатын заман талабына сай маман ретінде дайындауға мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жыл 28 қаңтар.

2. Кузнецов С.А. Интегративный подход к решению основных проблем математического анализа в школе и педагогическом ВУЗе// Интеграция образования 2008 №3 стр 69-74.

3. Выготский Л.С. Педагогическая психология / Под ред. В.В. Давыдова - М.: Педагогика, 1991. – С.480.

4. Маслыко Е.А. Настольная книга преподавателя английского языка. –Минск: Вышейшая школа, 1999. -350 с.

5. Harmer Jeremy. How to teach English. Longman, 2007. -230 р.

Редакцияға 17.08.2011 қабылданды.

А. ТУКСАНБАЕВ

ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА КАК ФУНКЦИЯ РУКОВОДСТВА ШКОЛОЙ

In this article the author tells us about the forming of administrative culture of directors at schools.

Authority of personality of leader renders strong attention and has wide to possibility in education of all school collective.

Среди функций руководства воспитание занимает одно из первых мест. Особенно велика роль этой функции в работе руководителя общеобразовательной школы. Директору, завучу и организатору внеклассной внешкольной воспитательной работы во многом приходится полагаться на авторитет своего слова, распоряжения, который определяется тем, сколько внимания уделяет руководитель воспитательной работе в колллективе, настолько систематически и квалифицированно он ее ведет.

Некоторые руководители считают, что воспитательной работой должны заниматься только классные руководители и профсоюзные органы, руководитель же должен отвечать за организацию учебно- воспитательного процесса. В настоящее время требования к руководителю неизменно возросли. Это обусловлено развитием техники, науки и культуры в целом.

Например, руководители школы большое внимание уделяют на учебную работу, внедряют передовой педагогический опыт отдельных новаторов по методике проведения урока. Но успех учебно-воспитательной работы школы прямо зависит от отношения учителей, от степени развития у них исполнительности, аккуратности, от определенных нравственных, профессионально важных качеств. Они, в свою очередь, складываются в ходе воспитания и в немалой степени под влиянием самого руководителя. Хорошо организованная воспитательная работа способствует выполнению задачи, поставленной перед педагогическим коллективом школы, резко повышает эффективность, организационной деятельности руководителя.

Следовательно, чем больше внимания директор школы уделяет воспитанию, тем лучше работает педагогический коллектив, тем способнее он выполнит сложные задачи, тем быстрее осваивает новое и лучше сознает свою ответственность.

Директор школы в педагогическом коллективе является организующим центром. К нему и от него все связи, отношения, взаимодействия. Если руководитель будет работать плохо, нерезультативно, это неизбежно приведет к снижению работы всего учительского коллектива.

Но влияние руководителя на коллектив этим не ограничивается. Совместно трудясь; совершая ту или иную работу, мы одновременно вместе с нею передаем нашим коллегам и свое отношение к работе, к ним, которое также способно вызвать прилив сил, поднять настроение или, напротив, породить безразличие, апатию,лень. Другими словами, руководитель подает пример не только действиям, но и отношением к труду. Возможности оказывать влияние на людей посредством личной работы у директора школы огромное [1]. Он включен непосредственно в трудовой коллектив, совмещает функции организатора труда и выполняет как другие преподавательские работы. Это и служит основной для проведения воспитательной работы посредством личной работы.

Среди факторов личной работы руководителя школы, являющихся средставами воспитания, нужно

Referensi

Dokumen terkait

көзбен ой жүгірте отырып, ақпараттық телекоммуникациялық технологияда мәдениет, философиялық категориялармен қатар өнер мен ғылым негізінде Дизайн теориясы мен технологиясы және басқа

и, несмотря на то, что, как верно отметила Г.с.скачкова, «отличие правового статуса руководителя от статуса работника столь значительно, что многие нормы трудового законодательства к