• Tidak ada hasil yang ditemukan

Мектептерде «Дінтану негіздері» пәнін оқыту мәселелері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Мектептерде «Дінтану негіздері» пәнін оқыту мәселелері"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Философия кафедрасының аға оқытушысы филос. ғ.к., дінтанушы Тышхан К.

Мектептерде «Дінтану негіздері» пәнін оқыту мәселелері

Еліміздегі діни ахуал күн өткен сайын күрделеніп келеді. Осыған байланысты күнделікті қоғамдық қатынастарда діни ұстанымның ерекшеліктері мен әртүрлі қырлары жарыққа шығып жатыр. Дінді ұстанушылардың қатары молайған сайын қоғамдық ортада жағымды- жағымсыз пікірлер туындап, қарама-қайшылықтар, отбасылық өмірдегі кикілжіңдер, діни түсініктердегі алшақтықтар белең алуда. Егер, әлем елдеріндегі осы діни ұстаным мен қарым-қатынастарға байланысты қайшылықтарды назарға алар болсақ, діни алауыздық пен бөлінушіліктің зардабы орасан болатындығына көз жеткізуге болады. Осы мәселелерге назар сала отырып діннің қоғамдық қатынастардағы, мемлекеттік саясаттағы, білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі екендігін мойындауға тура келеді.

Осы орайда елімізде теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу, азаматтардың діни сауатын арттыру жолында бірқатар шаралар жасалуда.

Мемлекет елдегі діни ахуалға бей-жай қарамау керектігін түсініп Дін істері агенттігін құрып, «діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылдап отыр. Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап орта білім беретін мектептердің 9-сыныптарына «Дінтану негіздері» пәні енгізілген еді. Осы пәнге қатысты және «дінтану негіздері» оқулығына байланысты әртүрлі пікірлер де көптеп айтылған болатын. Қазірде бұл мәселе өз өзектілігін жоймай отыр. Себебі, зиянды діни ағымдардың басты нысанасы жастар болғандықтан олардың дүниеге көзқарастық ұстанымдарын қалыптастыру, болашақ қиыншылықтардың алдын алу болып табылады. Осы тұрғыдан мынадай мәселелерге назар аудару қажет деп санаймыз:

1. Мектептерде «Дінтану негіздері» оқулығын, оны оқыту методикасын жетілдіру. Пәнді оқытудың басты мақсатын айқындап, сол бағытта жұмыс жасау қажет. «Дінтану негіздері» оқулығын немесе қосымша оқу құралдарын заманауи электронды оқу құралы түрінде әзірлеу дұрыс. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты тез меңгеруге көмектеспек.

2. «Дінтану негіздері» пәнін оқытатын мұғалімдер мәселесін әлі де қарастырған жөн. Олардың діни сауатын жетілдіру, діни көзқарасын айқындау, қазіргі кездегі діни ахуалға қатысты мемлекеттік көзқарастарды игерту басты мәселе.

3. Әлемнің көптеген мемлекетті пайдаланып отырған тәжірибедегідей дінді халықтық мәдениетпен ұштастыра отырып оқыту қажет. Халқымыздан шыққан танымал ғалымдардың еңбектерін қосымша құрал ретінде пайдалану тиімді. Егер діни ұстанымдар, құндылықтар мәдени құндылықтарымызбен астарлас оқытылмаса ұлттық, мемлекеттік тұстастық мәселесіне келгенде жастардың жат көзқарасқа еріп кету қаупі туындайды.

(2)

4. Дін – имандылықтың бастауы болғандықтан қндылықтық жағына баса назар аударға жөн. Қоғамдағы әртүрлі бейәдеп, адамгершілікке жат қылықтардың алдын алу үшін де имандылықтың алар орны ерекше екендігін естен шығармаған жөн. Осы орайда «дінтану негіздері» пәнінің мұғаліміне артылатын жауапкершілік өте үлкен деуге болады.

5. Әрбір мектеп басшылығы мүмкіндігінше жоғары білімді

«дінтанушы» мамандарты тартуға мүдделі болуы тиіс. Себебі, еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары «дінтанушы» мамандарды әзірлейді. Оларға көп жағдайда жұмысқа орналасу қиынға соғып жатады. Олай болса, бұл тұрғыдан қайшылық орын алып отыр деуге негіз бар. Өйткені, бір жағынан жоғары оқу орнын бітірген «дінтанушы» маман басқа салаға жұмыс іздеп кетіп жатса, екінші жағынан еліміз бойынша «дінтанушы» мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мәселені жолға қою қажет.

6. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабының 4-тармағында көрсетілгеніндей, ҚР-да білім беру мен тәрбиелеу жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады. Сондықтан оқушылардың құқықтық сауатын арттыру, зиянды ағымдар мен теріс топтарға кірудің зардаптарын түсіндіру, әртүрлі діни көзқарастарды жақтайтын адамдарың ықпалына түсудің алдын алу болып табылады. Осы тұрғыдан да, қажет болған жағдайда бұл салада мемлекеттік қызметкерлермен бірлесе отырып, жұмыс жасаған абзал.

Қорыта айтқанда, «ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, жастардың, өскелең ұрпақтың иманды, парасатты болып тәрбиеленуі еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орны ерекше екендігін назарда ұстап, әрбір маман өз саласында пайдалу болуға талпынуы қажет.

Referensi

Dokumen terkait

«Арнайы білім беру мекемелерінің ги- гиенасы» элективті пәні - студенттерді білім беру мекемесінде интегрирленген оқыту пәні арқылы жүйеленген ғылыми білім мен әдіс- терді қолданып,

Білім беру жүйесі арқылы сіңірілетін туған тілдің мәдени бастаулары мен рухани дәстүрлерін сақтау жас ұрпақтың бойында жаһанданудың барлығын жұтатын, бірыңғайлайтын және кіріктіретін

Кесте 2 «Сандық әдістер» бойынша арнайы курстар туралы ақпарат Жоғары оқу орнының атауы Инновациялық білім беру бағдарламалары Білім беру бағдарламасы Кредит саны

ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беруді бағалау және статистика ұлттық орталығы Астана қаласы Білім беру статистикасы зертханасының жоғары санатты сарапшысы 2013 ж.. –

Кәсіби қызмет саласы/Область профессиональной деятельности / The area of professional activity Жоғары және арнайы білім беру ұйымдарында ғылыми, педагогикалық және басқарушылық

«Білім беру – жүйеленген білім мен біліктерді меңгеру үдерісі әрі нәтижесі» болса, «экологиялық бі- лім беру дегеніміз – қоғам мен қоршаған ортаның өзара байланысы туралы жүйелі білімді

Мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартын құру мен енгізудің объективтік қажеттілігі келесі факторлармен анықталады: - мектепке дейінгі білім беру

Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру ұйымдарында білім алушылардың және профессор-оқытушылар құрамының икемділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және