567
тыңдай отырып, ағымдағы белсенділікті бұғаттамай тораптан мәліметтер алу және т.б.
мысал бола алады. Сервис ӛзінен ӛзі қолданушының интерфейсін кӛрсетпейді, толығырақ айтқанда қолданушымен әрекеттеспейді, бірақ іске қосылады, басқа компоненттермен байланысқан және осы компоненттермен басқарылады.
Content provider. Бұл компонент басқа қосымшаларға жеткізілетін, мәліметтер қорымен айналысады. Бұл мәліметтер торапта SQLite деректер қоры файлдық жүйесінде немесе қосымша қол жеткізе алатын кез-келген тұрақты жерде сақталуы мүмкін.
Content provider арқылы басқа қосымшалар мәліметтер сұрай алады және егер рұқсат етілген болса оларды ӛзгерте де алады. Мысалы Android жүйесінде қолданушының контактілері туралы мәліметтерді басқаратын content provider бар болсын. Ол, бұл компоненттің құраушысын шақыра алатын мүмкіндіктерге ие кез-келген қосымшаға, нақты бір адам тұралы мәліметтерді санауға, оларды ӛзгертуге және жазуға мүмкіндік береді. Кӛп жағдайда content provider-ді қосымшада қолданылып жатқан және басқалары үшін қол жетімді емес мәлеметтерді оқу және оларға жазба енгізу үшін қолдануға болады. Мысалы Note Pad қосымшасы дайындалған жазбаларды сақтау компонентін қолданады. Мұндай компоненттер ContentProvider-дің класс тармағы ретінде жүзеге асырылады. Басқа қосымшаларға мәліметтермен жұмыс жасау үшін, оларға стандартты API жинағы қажет.
Broadcast receivers. Бұл компонент жалпы-жүйелік хабарламалардың таралуына, бақылап отыруға және іс-әрекетке байланысты ӛзгеруіне жауап береді. Кӛптеген хабарлаулар жүйеден шығады, мысалы батареяның заряды аз қалғандығы жӛнінде немесе экранның ӛшкендігі жӛнінде хабарлама. Қосымша сонымен қатар мынадай хабарлаулар жасау алады, мысалы мәлімет толығымен жүктелгені ӛнінде және қолдануға дайын екендігі жӛнінде сигнал беру. Сервистер сияқты, broadcast receiver-де қолданушы интерфейсіне іліге алмайды, бірақ ол қолданушыға қандайда бір оқиға болғандығы жӛнінде күй қатарында хабарлама жасап, ескерте алады. Бірақта broadcast receiver жұмыстың тӛменгі мӛлшерін ӛзі орындау үшін, кӛп жағдайда басқа компоненттермен әрекеттес болады. Осылайша ол қандайда бір оқиғаға тіркелген іс- әрекетті орындау үшін сервистерді қолдана алады [3].
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Голощапов А. Google Android программирование для мобильных устройств. Санк-Петербург 2011, 438 с.
2. Брайан Х.,Филлипс Б. Программирование под Android. Питер 2014, 592 с.
3. Бурнет Э. Привет, Андроид! Разработка мобильных приложений. Питер, 2012, 256 с.
УДК 004.9
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ МОНЕТИЗАЦИЯЛАУ
Абдикайыров Ерболат Ерланулы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті политехникалық факультетінің ВТПО 14-1М оқу тобының 2 курс магистранты, Қызылорда, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – Қ.Қ. Дәуренбеков
Елбасының 2014 жылғы Жолдауында айтылғандай «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз ӛсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» болмақ.
Таяудағы бесжылдықтарда мобильді, мультимедиалық, нано және ғарыштық технологиялар мен т.б. салалардың дамуының жаңа саяси бағдарлары белгіленгеннен кейін, білім беру үдерісінде оқытудың ұстанымдарының да айтарлықтай толықтырылатындығы даусыз [1].
568
Қазіргі ақпараттық ғасырда білім алудың жолдары түбегейлі ӛзгерді. Ӛмір бойы білім алуға, оқи беруге мүмкіндік туды. Сондықтан бүгінде оқимын деген адамның мобильдік құрылғылар арқылы күні-түні ӛз бетінше ақпарат табуына, оның жолдары мен шешімдерін айқындауына, сыни ойлау әлеуетін дамытуына, оны іс жүзінде қолдануына мүмкіндігі зор.
Білім берудегі ақпараттық – коммуникативтік технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сондай-ақ ол есептегіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.Ақпараттық – коммуникативтік технология – білім берушінің ӛз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі ӛзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады [2].
Қазіргі ӛскелең ӛмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан- жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазіргі ақпараттық ғасырда білім беру жолдарының бірі — мобильді оқыту. Яғни, ұялы телефондар, смартфондар, планшетті компьютерлер және тағы басқа портативті құрылғылар арқылы білім беру процесін жақсартуға, дамытуға мүмкіндік туып отыр. Оқу үдерісінде материалдар түрлі мақсатта қолданылады. Атап айтқанда:
– веб-ресурстарды мультимедиалық оқытуда пайдалану (аудиофайлдар, видеофайлдар, лекциялар,сызбалар,карталар,суреттер,т.б.);
– сайттарды, анықтамалықтар мен сӛздіктерді жылдам қарауды қамтамасыз ету;
– оқырмандардың оқу материалдарын, мобильді байланыс құралдарына негізделген платформаларына оқу құралдары мен мобильді қосымшалар негізінде нұсқаулықтар құру.
Мобильді құрылғылар мен технологияларды пайдаланудың артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
- кез келген уақыт пен орында электронды оқулықтарға, анықтамалық ресурстар мен бағдарламаларға жылдам қол жеткізу;
- оқытушы мен оқушы арасындағы үздіксіз кері байланыс;
- студенттің жеке басының ерекшеліктерін ескеру (кӛтеріліп отырған мәселенің диагностикасы, оқытудағы жеке қарқын, т.б.) ;
- оқушылардың мотивациясын таныс техникалық құралдар мен виртуалды орта арқылы арттыру;
- автономды оқытуды ұйымдастыру;
- ӛмір бойы үздіксіз білім алудағы дағды мен ерекшеліктерін дамыту;
- оқытушылардың біліктіліктерін жұмыстан қол үздірмей арттырып отыру [3].
ІТ-сарапшылары ауада сарай салмауға кеңес береді: мобильді қосымшаларда бүгін ақша табу жай ғана қиын емес, ӛте қиын. Нарықтың ӛсуі тұрақты пайдаланушылармен
«күшеюге» ұмтылып, тегін қотаруға болатын сапалы ӛнімдерді құратын әзірлеушілер арасында бәсекелестікті арттырды.
iOS — операциялық жүйесін Америкалық Apple компаниясы 2007 жылы құрастырып шығарды. Бастапқыда iPod touch және iPhone, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына шығарылды. Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады. $0,24 Android — 2003 жылы негізі қаланды. Linux ядросының негізінде жасалған мобильді операциялық жүйе. 2005 жылы GOOGLE компаниясы 50 млн $ сатып алды. 0,04 $
AppDevelopersConference (ADC) мамандары жүргізген америкалық мобильді әзірлеушілер арасындағы зерттеу нәтижелері кӛріністі айқындай түсті. Әзірлеушілердің басым кӛпшілігі (81%) iOS «алма» платформасына арналған қосымшалар үшін жұмыс істейтін болып шықты. Android-қа программистердің 68% жұмылдырылған. Бұл орайда,
569
WindowsPhone үшін технарлардың 37% софт құрады, бұл танымалдығы аз операционка үшін таңғаларлық жайт. Кӛп жағдайларда мобильді қосымшаларды әзірлеумен жеке айналысады, бүкіл жұмыс күнін (кейбіреуі тіпті түнін де) жобасына арнайтын дарашылдар – 35%. Бұдан сәл аз әзірлеу- шілер – 31% 10 адамға дейінгі шағын топтарда жұмыс істейді. Штатында 11- 50 программист бар студияларда респонденттердің 19% еңбек етеді. Программистердің 56%
ӛз қосымшаларын құрастырып, ұсынады, 29% – жалданып жұмыс істейді, мамандардың 15%
тапсырысты орындайды.
Мобильді әзірлеушілердің басым кӛпшілігі (шамамен 70%) ойындар жасайды.
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, берілген геймерлер ауани игілік үшін шынымен де қомақты қаржы салуға дайын. Танымал болса, ойынды қотару бағасы қомақты болуы мүмкін.
Программистердің 35% кӛңіл кӛтеру сипатындағы басқа ӛнімдерді ұсынады. 30% сәл кӛбі білім софтын жазады. Шамамен 22% «ӛмір стилі» тақырыбын таңдап, шамамен осыншасы қосымшаларында белгілі бір брендті жылжытуда.
Монетизациялау, яғни мобильді қосымшаның кӛмегімен ақша табу жолы туралы.
Сұралған әзірлеушілердің 30%-40% Paid моделі бойынша жұмыс істейді, яғни қосымшаларды жүктегені үшін ақы алады. Жартысынан сәл азы (49%) In-apppurchase форматын таңдаған, мұнда пайдаланушы бағдарламаны тегін қотарып алады, бірақ қосымша ұсынатын мына не басқа қызметтерді тӛлейді. 20% мобильді ӛнімдерін жарнамаға береді, пайдаланушылардың басуы және жарнама берушінің ресурсына ӛтуі үшін қаламақы алады.
Әзірлеушілердің бекітуінше, ақылы (Paid) және шартты тегін (In-apppurchase) қосымшалары кӛбірек кіріс әкеледі. «Алмалы» AppStore ең тиімді мобильді дүкен болып саналады, одан кейін Android негізделген GooglePlay келеді, үштікті AmazonAppStore аяқтайды [4].
Қазақстан Республикасында жасалған анықтамалық зерттеу бойынша монетизацияның жақсы дамыған түрі – қосымша ішінде жарнама орналастыру болып табылады. Болашақта мобильді қосымшалар мен технологиялар кӛмегімен білім беру жүйесін дамытқан мемлекеттер саны артатыны сӛзсіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2014
2. Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы:
Литера, 2000, 96 б.
3. Возможности применения мобильных технологий в учебном процессе. - Д. Погуляев, Litres, 2014, 81 б.
4. GrandMoney. – Алматы: ВариоПринт, 2014, 49б.
УДК 378:004
MATLAB PARALLEL COMPUTING TOOLBOX Амренов Е.Д.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
«6М011100-Информатика» мамандығының 2 курс магистранты, Астана, Қазақстан Ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор м.а. Серік М.
MATLAB Parallel Computing Toolbox – бұл MATLAB та орындалатын параллельді алгоритмдерді жазудың арнайы құралдары мен функцияларының жиынтығы. Ол локальды кӛп процессорлармен қатар, үлестіруші есептеу ресурстарында қолдана алады.
Parallel Computing Toolbox мынадай топтарға арналған (сурет 1):