• Tidak ada hasil yang ditemukan

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТ МАЗМҰНЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТ МАЗМҰНЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Г.Қ. Шырынбаева Алматы, Абай ат. Қазақ Ұлттық

педагогикалық университеті

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТ МАЗМҰНЫ

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында» білім беруді тұлғаның сұранысы мен зеттеушілік қабілеттіліктер нәтижесіне бағыттап жүргізуді талап ететін жүйені қалыптастыруды кӛздейді [1].

Тұжырымдама мақсаты – нәтижеге бағытталған интеллектуалды білім үлгісін құру:

 Білім сапасын бағалаудың тәуелсіз объективті тәсілдерін ендіру;

 Білім сапасының жоғары деңгейінде, білім алушының дарынды қабілетті, құзырлық, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

 Отандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастыру;

 Білім беру жүйесін нарықтық экономика жағдайына бейімдеу;

 Білімді жергілікті еңбек нарығы талаптарына, қоғамдық әлеуметтік сұраныстарға сәйкестендіріп дамыту;

 Білім беруді ақпараттандыру, қашықтықтан оқыту, технологиясын дамыту, біртұтас интернет жүйесін ендіру;

 Отбасындағы және білім жүйесіндегі оқу және тәрбие үдерісінің сапалық жаңа деңгейге кӛтеру,біртұтастығын қамтамасыз ету.

Қазақстанда білім беру сапасын арттырудың қолайлы, тиімді бағыттарының бірі – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаға бағдарланған жаңа білім беру мазмұнының құрылымдық жүйесін қайта құру кезеңінен ӛту және бұл бағытта жүргізілетін жұмыстың тиімділігін ұтымды кӛрсету үшін жүйелі түрде нақтыланған ұстанымдар белгіленуі қажет.

Осы қажеттіліктерге қатысты кӛрнекті ғалым Ш.Т.Таубаева мұғалімнің зертеушілік мәдениетін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі, тетігі мен кезеңдерін қамтитын тұжырымдарға сүйеніп, теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырады. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогиканың әдіснамасы, ғылыми таным, философиялық, әдіснамалық білімдерінің мазмұнын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үдерісінің теориялық үлгісін ұсынып әдіснамалық негізін анықтаған [2].

Дидактикалық, ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған педагогика пәнін оқыту әдістемесі бойынша оқу материалындағы теориялық білімді тереңдетуге және толықтыруға, студенттердің зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Студенттердің зерттеушілік іс- әрекеті – оның қабылдаған білім, білік, дағдыларын белгілі бір ғылыми айналымға байланысты қолдана алуы, ӛзін-ӛзі әлеуметтендіруге дайындық деңгейі болып табылады. Бұл педагогика ғылымында, білім алушының ӛз білімін ғылыми түрде жобалау арқылы одан әрі пәнді терең зерттеп меңгеру,

(2)

жетілдіру құзіреттілігі дегенге саяды. Ӛйткені қазіргі ақпараттық қоғамда білім алушыға жеке пәндік білімдерді дәстүрлі технологиялар жүйесінде меңгеру жеткіліксіз. Философиялық тұрғыдан алғанда адам танымы қоршаған ортадан білімді ақпаратты белсенді әрі мақсатты түрде алуымен ерекшеленетінін ескерсек, оқыту үдерісіне инновацияны ендіруді ұйымдастыру, дидактика мен оқыту әдістемесінің маңызды рӛлін айқындайтын педагогикалық технологиялық білімді жетілдірудің орны ерекше. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, ӛнімді оқыту бүгінгі күні ӛзекті болып саналады.

Педагогика ғылымында, білім сапасы оның тӛрт сипатын (білім – құндылық, білім – жүйе, білім – үдеріс, білім – нәтиже) біртұтас қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің құндылығы және нәтижелілігі ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланысты. Осы тұста, педагогикалық білім беру саласында инновациялық тәжірибе мен ғылыми-зерттеулер нәтижесі білім алушылардың оқу материалын жаттап алып есте сақтауға қарағанда, ғылыми, логикалық ой елегінен ӛткізу арқылы қабылдау ережесінің қолданылу тиімділігін кӛрсетеді. Себебі, инновациялық оқыту ережесі бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғарғы сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып анықталады.

Бұның ӛзі білім берудің мақсатын жаңаша ұғынудың және оны жүзеге асырудың алғы шарттарын жасау әдісінің бірі болып табылады. Ол үшін ғылым мен ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі даму деңгейіне сәйкес әлемдік білім кеңістігі негізінде білім беру мазмұны мен қоса, оқыту әдістемесін инновациялық біліммен ұштастырып, ғылыми негізде жеткізу қажет. Осыған байланысты ЖОО-да әрбір пәннің базалық материалдарына қосымша мазмұны жағынан күрделі, тапсырмалармен толықтырылған әдістемелік құралдар, электронды оқу құралын интерактивті тақта кӛмегімен пайдаланып оқытуды ұйымдастыруға негізделген педагогикалық мүмкіндіктер жасалып қойған.

Осы мүмкіндіктерді шығармашылық тұрғыда жетілдірудің оңтайлы жолдары, стандартқа негізделген базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жо жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде жүзеге асырылады.

Соған сәйкес ЖОО-дағы білімнің тәжірибелік бағыттылығын күшейту, жағынан, эксперименттік сипаттағы ӛзіндік жұмыстардың үлесін кӛбейтуді кӛздейтін Ж.А. Қараев және Ж.У. Кобдикованың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы басымдыққа ие болады.

Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы ең алдымен тұлға әрекеттілігін алға қойып, оның ӛздік танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын (нақты тапсырмаларын) анықтауға негізделеді [3].

Технологияның тӛрт меңгеру деңгейлерінің жеке аралық мақсаттарына сәйкес оқыту деген әр меңгеру деңгейіне белгілі бір: 1) қызықтыру деңгейі, 2)

(3)

белсенділік деңгейі, 3) білім деңгейі, 4) біліктілік деңгейі, 5) құзіреттілік (компетентность) деңгейлері, 6) әр деңгейде білім сапасының әр түрлері қалыптасатынын кӛрсетеді. Бұл технология оқытудың әдістемелік жүйесі элементтерінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары) осы деңгейлік ӛзара байланысы бойынша тӛменгі сатыдан (деңгейден) жоғарыға бағытталған оқыту векторын (бағытын) негізге алады.

Яғни оқыту үдерісі даму векторы бойынша, негізінен: ынталандыру бағасы (баллдық рейтинг жүйесі) арқылы қозғалысқа келеді.

Қазіргі білім берудің жаңа парагдимасы 12-жылдық білім беру жүйесіне кӛшу және гуманизациялау қағидасының педагогикалық сиппатамасында білімді жаңа үлгіде бағалау талабын қойып отыр. Егерде, дәстүрлі оқытудың әістемелік жүйесінде сатылы орналасқан және тұлғаның әрекеттілігі тұрғысынан ойластырылған бӛліктер жоқтығын ескерсек, аталған әдістемелік жүйелері толық қарастырылған бағалау жүйесі (баллдық рейтинг) – оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» технологиясының айрықша белгісі мен артықшылығы болып табылады. Бұл болашақ мамандарға қатысты болғандықтан, ЖОО-дағы білімнің тәжірибелік бағыттылығын күшейту мақсатында пәндік білім мазмұнында ескеріліп отыру қажет. Осы оқу әрекеті нәтижесі ретіндегі пәндік компетенттіліктер біліктілік сипаттамалары түрінде тұжырымдалатын білім алушының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға негізделеді. Бұдан білім алушының жетістігі бұрынғы дәстүр бойынша игертілуі баға кӛмегімен бағаланатын оның білім, білік, дағдылардың кӛлемін ӛсіру ретінде емес, оның тұлғалық зерттеуші әрекетінің даму динамикасын ескеру қажеттілігін мойындаудан бастау алатындығын кӛруге болады. Себебі, нәтижеге бағдарланған білім беру жағдайында білім алушылар тарапынан жүзеге асырылатын ғылыми ойлау, зерттеушілік оқу әрекеті басымдыққа ие болады.

Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» технологиясының мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігін жүзеге асыруға деген оқытушының талпынысы әдістемені екі тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді. (Сурет-1).

Сурет-1.

Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)»

педагогикалық білім мазмұнын ғылыми жобалау, зерттеушілік оқу үдерісінде кӛрініс табуы, ізденіске, зерттеушілік іс-әрекетке бағыттау әдістемесі ретінде.

(4)

Педагогикалық білім мазмұнының білім алушының дербес зерттеу аймағына ӛту үдерісі, теориялық практикалық білімдерін ғылыми жобалау іс-әрекетіне пайдалану әдістемесі ретінде.

Осы ӛзара байланысты ескере отырып, оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» технологиясының үш бағыттағы сипаттамаларын ажыратып кӛрсетеміз:

1. Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» – оқу материалы мазмұнының оқыту үдерісінде кӛрініс табу құралы, ӛйткені ол – пәндік білімдерді терең зерттеп қолданудағы іс-әрекеттер үлгісі;

Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» – оқу іс-әрекетінің мазмұны, демек ол – оқыту үдерісін ғылыми негізде жүйелі шешуге бағытталған іс-әрекеттер үлгісі;

2. Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» – оқу материалдарын терең меңгеру құралы, яғни пәндік білімдердің білім алушының жеке жетістігіне ӛту үлгіс;

Педагогикадағы, оқытушы тарапынан диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе-теңдігі, оқыту сапасының критерийі, ал кӛрсеткіші білім алушының оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып танылады. Олардың дәл осылай жіктелуі білім алушының зерттеушілік жетістіктерін диагностикалаудың, және пәндік білімдік жетістіктерін бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Осы диагностикаланатын мақсаттың жалпы сипатын тӛмендегі сызбадан анық кӛруге болады (Сурет-2).

Сурет-2. - Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» арқылы студенттердің пәндік білім сапасын арттырудың ӛлшемдері мен кӛрсеткіші

Компоненттері Өлшемдері Көрсеткіштері Мотивациялық Зерттеушілік іс-әрекетке

белсенділіктің арттырылуы

- жаңалықты кӛруге ұмтылуы;

- ғылыми ойлауға машықтануы; - қажетті білімді игеруге

қызығушылықтың болуы;

- білімін нақты іске қолдана білу мақсатының болуы;

Мазмұндық Білім алушының

зерттеушілік іс-әрекетін, жетілдіруге мүмкіндік

- алған білімін қолдана алуы;

- оқу материалы

(5)

жасау мазмұнының ғылыми жоба құрылымының

байланысын кӛрсете алуы;

- ғылыми зерттеу нәтижелерінен алған білімін нақты жағдайларға қолдана алуы;

Процессуалдық Ӛз бетінше теориялық және практикалық

білімін ғылыми

жобалауға зерттеу іс- әрекетін жетілдіруге бағыт жасау

-жалпығылымилық

қызметтерді (анализ, талдау, синтез, үлгілеу, салыстыру, жалпылау, қорыту баға беру, т.б.) жүзеге асыру;

- танымдық-зерттеу іс- әрекетіне бақылау жасай алуы;

Қарастырылып отырған мәселенің мұндай сипататтмасы оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану нәтижесіне негізделген мынадай анықтаманы беруге мүмкіндік жасайды: Оқытудың «Үшӛлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» – бұл зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға және пәндік білімді терең жетілдіруге, білім алушының шығармашылық жетістігін, интелектісін дамытуға бағытталған механизм.

Бұл теория психолог ғалымдар еңбектерінде де: В.Штерн, К.Левин, З.Фрейд, Э.Шпангер, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин қарастырылған. Ғалымдар пікірінше: «оқушы ӛз санасының иесі, ӛзіндік таным, ӛзіндік бағытталуға, ӛз идеялары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға қабілетті тұлға дегенді алға тартып, оның пихологиялық сипаты қоршаған ортаға ұстамды қарым-қатынасынан, оқу материалдарын терең ғылыми негізде игеру кӛзқарасы іс-әрекеттері қалыптасуынан кӛрінеді»,дейді. [4].

Педагогикада оны жүзеге асырудың мүмкіндіктері пәндік білімнің оқу материалын оқытудың әлеуметтік-педагогикалық алғышарттары негізінде,

«қарым-қатынастық» тұрғыдан зерттеледі. Бұл жағдайда білім алушы оқулықтағы оқу материалын қабылдау субъектісі ретінде қарастырылады, ал оқытушының мақсаты білім алушының ӛз тәжірибесіне сүйене отырып, оны ізденіске жетелеу болып табылады. Оның бұған дейінгі алған білім, білік, дағдылары білім алудың құралдары мен тәсілдері ретінде жаңа білімді игеруге қызмет етеді. Білім алушыға пәндік білімнің оқу материалы арқылы білім беру оқытушы тарапынан оның қабілетін дамытуға мотивациялық тапсырмалар құрастыру (деңгейлік тапсырмалар), сабақ құрылымында оқу материалындағы заңдылықтарымен бірге қатар жүретін әлеуметтендіруге негізделген тәрбиелік мазмұны бар, ғылыми, зерттеушілік іс-әрекетке негізделген (ғылыми жоба), технологиясын ұйымдастыру болып табылады.

Дидактикалық факторлар есебінде кӛрсетілген білім алушының оқу әрекеті оның зерттеуші тұлға ретінде дамуына мүмкіндік береді. Бұл жетістік –

(6)

пәндік білімдерді меңгергенде ғана емес, ғылыми жобалар дайындауға бағытталған, ізденушілік, зерттеушілік әрекет нәтижесінде қалыптасқан құзіреттілік.

Бұның ӛзі білім берудің мақсатын жаңаша ұғынудың және оны жүзеге асырудың алғы шарттарын жасау әдісінің бірі. Ол үшін ғылым мен ғылыми- техникалық прогрестің қазіргі даму деңгейіне сәйкес әлемдік білім кеңістігі аясында білім беру мазмұны мен қоса, оқыту әдістемесін инновациялық біліммен ұштастырып, ғылыми негізде жеткізу қажет. Мұндай бастамалар – білім беру жүйесінде интеллектуалды адам ресурстарын дамытуды басқарудың тенденцияларын бүкіл әлем деңгейінде кӛрсетудің тағы бір дәлелін айғақтайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, / Егемен азақстан, 26.12.2003.

2. Таубаева Ш.Т. «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің зерттеушілік мәденитін қалыптастырудың ғылыми негіздері». п.ғ.д....автореферат 2001, Алматы.

3. Кобдикова Ж.У. «Үшӛлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» нәтижеге бағытталған білім берудің тиімді механизмі, // педагог кадрлардың біліктілігін арттыратын курстарға үлестірмелік құрал, -Алматы, 2008, 112бет.

4. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: В 2-х т. // под редакцией А.В.Петровского. – М., 1979. – Т.1. – 432 с.

АННОТАЦИЯ

В статье раскрывается сущность инновационных методов и технологий обучения, способствующих формированию креативной личности.

Referensi

Dokumen terkait

Кадрлық емтихан мен кыжүй емтиханы тектес болып, барлығы да мирастық түзімнен ҿзгеріп келген, таныстыру жане бекіту арқылы қызметкерлерді сайлау ҽдісін қолданып, бұқараның да білім