• Tidak ada hasil yang ditemukan

ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ БАҚ ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ БАҚ ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ БАҚ ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сейітқазы П.Б., педагогика ғылымдарының докторы., профессор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Егемендік алған елімізде жастар мен жас өспірімдерді тәрибелеу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Әсіресе, жастар тәрбиесінде әлеуметтік институт ретінде қарастырылатын БАҚ мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда. Қазіргі кезде жастар үшін өз ана тілінде білім мен тәрбие алуына БАҚ тарапынан үлкен мүмкіндіктер жасалған. Атап айтқанда, мерзімді баспасөз бетінде педагогика саласының шеберлері, тәжірибелі ұстаздар, ата-аналар өз пікірлерін білдіріп тәжірибелерімен бөліседі. Бұл мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдардың пікіріне сүйенсек жеткіншектің бойына имандылық, ұлтжандылық, ұжымшылдық, жолдастық, шыншылдық сияқты қасиеттерді қалыптастыру мақсатында басылымдардың мүмкіндіктерін пайдалану өте қажетті іс-шараның бірі болып табылады. Өйткені, қай қоғам болсын оның болашағы жастарға дұрыс әрі мақсатты тәрбие беруді басты мүдденің бірі деп қараса, баспасөз қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда басты құралдардың бірі екені даусыз.

Болашақ ұрпақтың еңбек сүйгіштігі және өз еліне деген ұлтжандылық сезімінің жоғары болуы, үлкендерді сыйлай білуі, рухани дүниесінің бай болуы осының бәрі мағыналы тәрбие берудің негізінде жүзеге асырылады.

Ал баспасөз осындай нақты мәселелерді шешуде, яғни оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін және тіл байлығын дамытуда өте маңызды орын алады. Бұдан жасайтын тұжырым білімді, мәдениетті тұлға дайындауда әртүрлі факторлар әсер етеді, яғни тұлғаны өмірге бейімдеуде көптеген әлеуметтендіруші факторлар бар. Олардың арасында негізгі, әрі тиімді фактор деп бұқаралық ақпарат құралдарын айтуға толық негіз бар. Тұлғаны әлеуметтендіру, демек өмірге бейімдеу жағынан алғанда бұқаралық ақпарат құралдары мезофакторлардың қатарында бірлесе қарастырылады.

Әлеуметтендірудің мезафакторы ретінде бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттары жеке индивидке ғана әсер етіп қоймай, үлкен әлеуметтік топтардың санасы мен мінез-құлқына яғни, бұқараның санасы мен мінез- құлқына әсер етуді көздейді, ондағы басты мақсат тұлғаның кейбір мәселелер бойынша көзқарастарына әсер ете отырып, өмірге дұрыс әлеуметтенуіне, яғни бейімделуіне ықпал ету. Олай болса, БАҚ жеткіншектердің әлеуметтенуіне, дүниетанымына өзіндік үлес қосады, сондай-ақ балалардың қосымша білім алуында өзіндік роль атқарады. Яғни, БАҚ-тың жастар мен жас өспірімдердің тәрбиесіндегі орны ерекше, сондықтан оның мүмкіндіктерін пайдалануды жүзеге асыру үлкен қажеттілік болып табылады.

«...Ертеңгі күні елдің тұтқасы болар сегіз қырлы, бір сырлы бес аспап азаматтарды қалыптастыруға мемлекеттік насихат құралдарының барлық түрі тартылған. Олардың ішінде біздің пікірімізше, жас ұрпақты

(2)

әлеуметтендіруде, әсіресе, баспасөздің, радио мен теледидардың орны айрықша бөлек» деген қазақстандық ғалым Ж.Нұсқабаевтың пікіріне сүйенсек, БАҚ-тың әлеуметтендіру мүмкіндіктеріне жүгінуді дұрыс жолға қоя отырып жүзеге асыру керек деп ойлаймыз [1]. Өйткені бұл мәселені дер кезінде қолға алмаған жағдайда оның кері әсері ықпалында кеткен балаларды қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиелеу бұл қай кезде де өте күрделі процесс болып саналады.

Тәлім-тәрбиесі жақсы және бойында адамгершілік сияқты аса құнды қасиетті қабылдаған балаларды тәрбиелеу ата-ананың, мұғалімнің құзіреттілігіне байланысты десек те, күнделікті тіршіліктің қамымен жүрген ата-аналарға немесе кей жағдайда кәсіби тәжірибесі жетпей жататын мұғалімдерге әртүрлі дәрежедегі кеңес беріп тұру міндетті шара. Өйткені, әртүрлі жағдайларға байланысты кейбір отбасыларында ата-ананың тәрбиелік ролін БАҚ атқарып жүргеніне де біршама уақыт болды. Елімізде БАҚ-тың, әсіресе теледидардың балаларға қандай бағдарламалар ұсынып, оларға қандай тәлім беріп жатқанын қадағалап отырған ұйымдар да жоқтың қасы деуге болады.

Ал теледидардың энергетикалық күші ең қуатты деп есептеледі және теледидар арқылы берілген қандай да бір ақпараттың ықпалы әртүрлі деңгейде әсер етеді. Тіпті кейбір жағдайда ата-аналардың өздері осы БАҚ- тың құрбаны болып отырғанын көруге болады. Жалпы айтқанда, білімді, тәрбиелі азаматтарды өмірге дайындау, әлеуметтендіру мұғалімдерге және басты әлеуметтендіруші институттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерге жүктелетін болса, оны іске асыру үшін мектеп барлық мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс. Бұл тұрғыдан келгенде БАҚ мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар екені даусыз. Сондықтан әрбір ата-ана, мұғалімдер, әсіресе сынып жетекшілері мектеп оқушыларының газет- журналдарға деген қызығушылығын арттырып, оларды жаздырып алып оқуға, онда жарияланған мақалаларды мақсатты түрде пайдалануға үйрету, теледидар хабарларының қажеттісін көруге баулу тәрбиедегі үлкен істің бірі болады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарын дұрыс бағытта әрі тиімді пайдалану арқылы баланың тілі дамиды, ой-өрісі, дүниетанымы кеңейіп, саналы азамат болып өсуіне өзіндік үлес қосады. Ал ол үшін ең алдымен тәрбие беруші ата-ана, мұғалімдер өздері бұған жан-жақты дайын болуы, яғни құзіреттілігі жететін болуы тиіс. Тәрбие жұмысы мұғалімнің кәсіби қызметіндегі білім берумен қатарласа жүргізетін негізгі іс-әрекеті және ол сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да үздіксіз жүргізіледі. Сондықтан педагогикалық мамандықтар бойынша білім беретін оқу орындарының негізгі мақстаты – болашақ мұғалімдерді балаларға білім беруге дайындаумен қатар тәрбие жұмыстарын ұтымды әрі жаңаша үрдісте ұйымдастыра алуға үйрету. Себебі, тәрбие үрдісінің жаңа сипаты мұғалімдер алдына, оның кәсіби дайындығына, құзіреттілігіне жаңа талаптар қоя бастады. Соған байланысты, жеткіншек тәрбиесіне жаңа көзқарас, ал оны жүзеге асыру үшін мұғалімдерден шығармашылық ізденістер талап етіледі.

Дегенмен, соңғы кезде пайда болған әртүрлі дәрежедегі құжаттарды

(3)

талдаудың негізінде еліміздің мұғалімдік мамандыққа дайындалып жатқан болашақ педагогтарының білім-біліктеріне толық көңіл толатындай болмай отырғандығын көреміз.

Жоғарыда аталған тұжырымдамада (Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, 2006 жыл) педагогикалық кадрларын даярлаудың жағдайына баға берудің негізінде оған теріс әсер ететін факторлардың қатарына:

− педагогикалық жоғары оқу орындарының іс-әректінде стратегияның жоқтығы, қоғамның нәтижесіне қажетті бағытталған кепілдік жетістіктер – жоғары мамандандырылған білікті педагогтарды дайындауда, арнайы пәндер саласы бойынша білім меңгеру ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шығармашылыққа қабілетті, белсенді жаңалықты қабылдауға ықыласының жоқтығы;

− болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында материалдық-техникалық, ақпаратты қамтамасыз ету жеткіліксіз (жаңа буын оқулықтар және ғылыми әдістемелік әдебиеттер электрондық кітапшалар, мемлекеттік тілде және орыс тілінде материалдардың жетіспейтіндігі және т.б.);

− педагогикалық білім беру мазмұнының нақты жағдайы арасындағы қарам- қайшылық қазіргі заман педагогының кәсіби біліктілік деңгейі және жеке тұлғаға мектептің, қоғамның, мемлекеттің қоятын талабы, оқытудың пәндік сипатының басым болуы. Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім беру дағдарысының тереңдей түсуі және жеткіншек жас ұрпақтардың оқу мен тәрбие сапасынан байқалады;

− болашақ педагогтардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, денсаулық сақтау және экономикалық білімі мен тәрбиесінің төмен болуы сияқты мәселелері көрсетілген.

Яғни, мұғалімдік мамандыққа білім алып жатқан болашақ мамандардың алған білімі мен мектепке қажетті болып отырған мамандардың арасындағы қайшылықтардың пайда болуынан заманауи мектептің барлық мұқтаждықтарын орындай алатын мамандар дайындауда біршама кемшіліктер болып отырғандығы туралы айтылып отыр. Әсіресе, жасөспірімдердің тәрбие үрдісі тиісті дәрежеде жүргізілмеуі мұғалім мамандарының оған жан-жақты дайындалмай отырғандықтарын көрсетеді.

Соның салдарынан жасөспірімдер арасында олардың бойында міндеті түрде қалыптасуға тиіс руханилық, имандылық сияқты ерекше құндылықтар барған сайын азайып бара жатқандығы байқалады. Жаһандану дәуірінде, онымен бірге ілесе келген келеңсіз ақпараттарды жасөспірімдердің ажырата алмай батыстың біздің ұлттық менталитетімізге сай келмейтін жақтарына еліктеушілік басым бола бастағандығы аңғарылады. Мұның өзі балалардың өз еліне деген сүйіспеншілік, отаншылдық сияқты аса құнды сезімдерді жоғалтып алуына әкелетіні туралы оларға түсіндіру жұмыстары дұрыс бағытта жүргізілмей отырғандығын көрсетеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі уақытта азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысқа адамдарға

(4)

ықпал ете алатын ең қуатты құралдың бірі – БАҚ қызметі әлсіз пайдаланылып отыр. Бұл жағдай аталған бағдарламаға БАҚ-ты белсенді және ерікті тарту үшін тиісті пысықтауларды талап етеді деп патриоттық тәрбие беруде басты ықпалды құрал бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері еліміздің азаматтары, әсіресе жасөспірімдер арасында қажетті дәрежеде пайдаланылмай отырғандығы туралы айтылады [2]. Осындай келеңсіз дүниелердің қалыптасып отырғандығын ескере отырып, мемлекет бұл тұрғыда біршама маңызды шаралар ұйымдастыруда. Соның бірі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде елімізде «Жастар саясатын ақпаратпен қамтамасыз ету» атты бағдараламасы дайындалып, ол бүгінгі күні толығымен жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік жастар саясатының қызметін ақпараттандыру мынадай өзекті тақырыптық бағытта жүргізіледі:

− мелекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау;

− балалар мен жастарды адамгершілік пен мәдениетке, патриоттық, иетерноционалды тәрбиелеу туралы материалдардың басылуы;

Салауатты өмір салтын насихаттау;

− жастар проблемасындағы әлеуметтік, маңызды жобаларды ақпараттандыруды қолдау.

− сондай-ақ, жастар проблемасы шеңберіндегі әлеуметтік-маңызды жобаларды ақпараттық қолдауға байланысты 2005 жылы Қазақстан жастар Конгресі республикалық «Жастар» атты ақпараттық – кеңес орталығын құрды. Бұл шаралармен қатар, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты теріс қылықтардың жастар арасында болдырмаудың алдын-ала жұмыстары

«Қазақстанның телерадиотарату Ассосациясы» Қоғамдық қоры, Еңбек және құрылыс отрядтарының штабы, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен әлеуметтік роликтер дайындалды. Қазақстан жастар Конгресінің

«Время молодых» жалпы республикалық жастар газеті тұрақты шығып тұрады. Қазақстан студенттер Альянсының «Альянс kz» газеті 2005 жылдың шілдесінен бастап Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркелген.

Ал жастар саясаты шеңберіндегі электронды, басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарының басты бағыттары:

− жастарды патриоттыққа тәрбиелеу;

− жастардың рухани жан-дүниесін көтеру;

− қоғамдық өмірге белсенді араласуын насихаттау;

− салауатты өмір салтын насихаттау;

− нашақорлықпен күрес;

− жастардың демалуы және еңбек мәселелері;

− жастарды мемлекеттік және қалалық әкімшіліктің тыныс-тіршілігімен ақпараттандыру [3].

Бұл жастар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік бағдарламаның негізінде жастар мен жасөспірімдердің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру бойынша, олардың қоғамдық өмірге араласуы сияқты маңызды мәселелерді жүзеге асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан жүргізілетін біршама шаралар топтастырылған. Әсіресе қазіргі жастар арасындағы сын

(5)

көтермейтін салауатты өмір салты мәселесін насихаттауға байланысты жоспарланған шаралардың маңызы бүгінгі күні өте жоғары.

Сондай-ақ, еліміздің жастары мен жасөспірімдеріне білім беру мекемелеріндегі тәрбие беруді одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру мақсатында ҚР білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы өзінің алдына өте маңызды мақсат- міндеттерді қойып отыр, атап айтқанда:

− білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесінің жаңа нобайын дайындау;

− Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, төзімділікті, рухани құндылықты, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін кепілденген әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдастырылған жағдай тудыру және басымдылықтың бағыттарын айқындау;

− ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы оқушылардың, балалардың, жастардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі танытуын ұйымдастырудың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.

Демек, білім беру жүйесіндегі қазіргі өзгерістер, ақпараттық заманның ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ескеру қажет екендігіне мән беруді негізге алуды нұсқайды. Олай болса, БАҚ жасөспірімдер мен жастарға тәрбие беруде және оларды әлеуметтендіруде негізгі құралдардың бірі болып табылатындықтан, оның педагогикалық әлеуетін пайдалану маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұсқабаев О. Мектеп – жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. – Алматы, 1997 ж.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.

3. http: // www. e. gov. kz /citizenry/edu youth policy/youth affairs/article

Резюме

В данной статье рассматривается роль и потенциал СМИ в процессе патриотического воспитания студенческой молодежи и школьников

Referensi

Dokumen terkait