• Tidak ada hasil yang ditemukan

Полимер балшықтан жақтау жасаймыз - BilimLand

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Полимер балшықтан жақтау жасаймыз - BilimLand"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: АЙТКУЛОВА ГУЛЬНУР БАЗАРБЕКОВНА Пән: Көркем еңбек

Сынып: 3-сынып Бөлім: Өнер

Тақырып: Полимер балшықтан жақтау жасаймыз

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

 3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу  

Сабақтың мақсаты:  3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу  

Тілдік мақсаттар:   3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу  

Күтілетін нәтиже:   3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу  

Бағалау критерийлері:   • Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды. • Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады. • Тақырыпқа байланысты қосымша тапсырмаларды орындай алады.  

Құндылықтарды дарыту:

 Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

 Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Пәнаралық байланыс:   Дүниетану, қазақ тілі, әдебиеттік оқу.

Бастапқы білім:   Оқушылар көлемді жұмыс жасауға дағдыланған. Шығармашылық зерттеу дағдыларын қолдана отырып, оқушылар әр түрлі геометриялық денелерді зерделеген. Өздерінің шығармашылық идеяларын ойластырды және көлемді архитектуралық бұйымдар жасап, бағалады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы   Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. « Суреттерді аяқтайық » жаттығуы Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту . Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді . Геометриялық фигуралар арқылы Ортаға 3 түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны алып, сол бойынша топтасады. Немесе сол фигуралардың артына өтілген тақырыптар бойынша терминдер жазып қоюға болады. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір- бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау  

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы  Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе

әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Өнертапқыштық (С)Оқушыларға ерекше өнертабыстар туралы бейне жазба немесе презентацияны көруді ұсыныңыз. Сұрақтар қойыңыз: • Сізге қандай өнертабыс ұнады? • Сізді қандай өнертабыс таң қалдырды? (С) Леонардо да Винчидің өнертабыс

эскиздерінкөрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз: • Суретте қандай өнертабыстың зат бейнеленгенін анықтай аласыз ба? • Сіз өнертабысты қалай анықтадыңыз? (Ө) Оқушыларға өздерінің өнертабыстық заттың эскизінжасауды ұсыныңыз.

Сұрақтар: «Эскиз» дегеніміз не? Практикалық тапсырманы орындау алдында оқушылар ойлануы керек: олар қандай өнертабыстық затты ойлап табады, оның эскизінқандай материалдармен орындайды. Оқушылар эскизорындауға кіріседі. Жұмысты орындаудың кезеңдері: • Өзіңіздің өнертабыстық затыңның нобайын орындаңыз (парақтың бетінде орналастыр) • Графикалық

материалдармен түрлі-түсті эскизінорындаңыз. • Оған атау беріңіз. • Өнертабыстық затың қандай қызмет атқаратындығы туралы ойланыңыз. • Сіздің өнертабыстық зат қандай материалдан жасалатынын болжаңыз. (Ж) Оқушыларға жұппен өз жұмыстары туралы айтып берулерін және бір-бірінің жұмыстарын бағалауды ұсыныңыз. (Ж) Оқушыларға талдауға сұрақтар ұсыныңыз: • Сенің өнертабыстық затың қалай аталады? • Келешекте қандай қызмет атқарады? • Эскизді қандай материалдармен орындадыңыз? (С) Тосын ұйымдастырылған көрмеде жұмыстарды қойыңыздар. Барлық жұмыстарды қарап шығып, пікір беріңіз, кімнің жұмысы ұнады және неге ұнағанын айтуларын сұраңыз. Дескриптор: Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды. • Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау   

Сабақтың соңы   Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.  

(3)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Рефлексия  

Image not found or type unknown

Referensi

Dokumen terkait

Автор: Хамитова Кымбат Нургалиевна Пән: Әдебиеттік оқу Сынып: 3-сынып Бөлім: Жанды табиғат Тақырып: Табиғат тағлымы Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 3.2.4.1 - өлең, мысал,

Автор: Жоланова Тоғжан Самаладинқызы Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 9-сынып Бөлім: Адам жанының құпиясы Тақырып: І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасы Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Тайшикова Акмарал Асылбекқызы Пән: Геометрия Сынып: 7-сынып Бөлім: Үшбұрыштар Тақырып: ҮШБҰРЫШТАР ТЕҢДІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 7.1.1.21

Автор: КАЛИЕВА ГУЛЬСТАН ТЕНИЛЬБАЕВНА Пән: Биология Сынып: 7-сынып Бөлім: Жасушалық биология Тақырып: Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Калдыгожина Алима Сагынаевна Пән: География Сынып: 8-сынып Бөлім: Биосфера Тақырып: Материктердің табиғат зоналарын салыстыру Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу:

Автор: Жанбауова Маруан Сакеновна Пән: Геометрия Сынып: 8-сынып Бөлім: Фигураның ауданы Тақырып: Аудан Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: Үшбұрыштың ауданын қорытып шығару

Автор: Мукатова Гулайым Асылбековна Пән: Музыка Сынып: 6-сынып Бөлім: Заманауи музыка мәдениеті Тақырып: Жобаны жоспарлау және құрастыру Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу:

Автор: ЖУСУПОВА САЛТАНАТ ХАМИТОВНА Пән: Әдебиеттік оқу Сынып: 3-сынып Бөлім: Атақты тұлғалар Тақырып: Батырдың мінезі Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: Кейіпкерлердің