© 2022 Al-Farabi Kazakh National University 84
ҒТАМР 11.01.62 https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v81.i3.09
М.М. Ықылас* , Б.А. Габдулина
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
*e-mail: [email protected]
ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ:
ІШКІ КӨШІ-ҚОНДЫ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ұлттық сарапшылардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай еліміздегі тұрғындардың саны 24,5 миллион адамды құрайды. Қазіргі кезде ел халқының көбі оңтүстік облыстарда шоғырланғанын ескерсек, бұл үрдіс жуық арада өзгермейтіні айқын. Яғни, елімізде біраз уақыттан бері өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздік қалыптасқан (1-сурет).
Бұған дейін аталған 2050 жылға қарай солтүстік өңірлердің халқы 0,9 млн. адамға азаюы, ал оңтүстік өңірлердегі халықтың 5,2 млн. адамға артуы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы солтүстік өңірлердің тиісті көрсеткішінен 4 есе асатын болады. Осы дисбалансты қалпына келтіру үшін мемлекеттік деңгейде арнайы бағдарламалар қабылданды.
Халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге адамдарды қоныстандыру жұмысы басталды. Бағдарлама басталғалы солтүстікке 20 мыңдай адам ел оңтүстігінен көшіп барды. Солтүстік аймақтарға көшкендерге материалдық, қаржылай көмек ретінде көрсетілетін арнайы стимулдар бар. Бағдарлама аясында көшуге өтініш беріп, заңдық тұрғыдан жаңа жерге орналасуға еш кедергі болмаса да, бұл ішкі көші-қонның нәтижесі көңілден шықпай тұр. Демек, ішкі көші-қонды арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның тиімді тұстарымен қатар, кемшілігі де бар. Мақалада осы ішкі көші-қонның тиімді жағы мен кем жақтарын саралап, кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады.
Түйін сөздер: ішкі көші-қон, миграция проблемалары, «Еңбек» бағдарламасы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, баспанамен қамту, еңбек нарығы, үгіт-насихат, психологиялық орталық.
M. Ykylas*, B. Gabdulina
L.N. Gumilyov Eurasian National University, Kazakhstan, Nur-Sultan
*e-mail: [email protected]
Migration from south to north: current issues
According to forecasts of national experts, the population of the country will amount to 24.5 mil- lion people by 2050. Considering that currently the majority of the country’s population is concentrated in the southern regions, this trend is unlikely to change in the near future. That is, regional disparities and demographic imbalance have long been formed in the country (photo 1). Special programs have been adopted at the State level to restore this imbalance. Work has begun on the resettlement of people from densely populated southern regions to northern regions where there is not enough labor. Since the beginning of the program, about 20 thousand people have moved to the north from the south of the country. There are special incentives that will be provided as material, financial assistance to those who move to the northern regions. Despite the fact that the application for relocation under the program is fa- cilitated to a minimum for a new place, the first results of this internal migration remain disappointing so far. Consequently, the state program aimed at increasing internal migration has both pros and cons. The article discusses ways to eliminate shortcomings, along with the effective sides of this internal migration and an attempt to find answers to the questions that have arisen on internal migration.
Key words: internal migration, migration problems, “Enbek” program, Ministry of Labor and Social Protection of Population of the Republic of Kazakhstan, housing provision, labor market, program pro- motion, psychological assistance center, provision of reliable information.
М.М. Ықылас*, Б.А. Габдулина
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Нур-Султан
*e-mail: [email protected]
Переселение с юга на север: актуальные проблемы
По прогнозам национальных экспертов, численность населения страны к 2050 году со- ставит 24,5 миллиона человек. Если учитывать, что в настоящее время большинство населения страны сосредоточено в южных областях, эта тенденция в ближайшее время вряд ли изменится.
То есть в стране уже давно сформировались региональные диспропорции и демографический дисбаланс. Для восстановления этого дисбаланса на государственном уровне были приняты спе-
85 циальные программы. Начата работа по расселению людей из густонаселенных южных регионов в северные, где не хватает рабочей силы. С начала программы около 20 тысяч человек пере- ехали на север с юга страны. Есть специальные стимулы, которые будут оказываться в качестве материальной, финансовой помощи тем, кто переезжает в северные регионы. Несмотря на то, что подача заявления на переезд в рамках программы облегчена до минимума для устройства на новом месте, первые результаты этой внутренней миграции остаются пока неутешительными.
Следовательно, государственная программа, направленная на повышение внутренней миграции, имеет как плюсы, так и минусы. В статье рассматриваются пути устранения недостатков наряду с эффективными сторонами этой внутренней миграции и делается попытка найти ответы на воз- никшие вопросы по внутренней миграции.
Ключевые слова: внутренняя миграция, проблемы миграции, программа «Еңбек», Министер- ство труда и социальной защиты населения РК, обеспечение жильем, рынок труда, пропаганда программы, центр психологической помощи.
Кіріспе
Қазақстан жері ұлан-ғайыр кең болғандықтан, елді мекендеріміз бір-бірінен шалғай орналасқан.
Содан да болар, əр өңірдегі халықтың өсімі де, тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіштері де əралуан. Мұндай теңгерімсіздік əр аймақтың əлеу- меттік-экономикалық дамуына да əсер етеді. Өйт- кені, əрбір азаматтың тұрақты жұмысы, басында баспанасы болса, бұл халық өсіміне оң əсер етері сөзсіз. Халық өсімінің əр аймақта əрқилы екеніне қарап, əлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың да əр өңірде əртүрлі екенін байқауға болады. Оның үстіне жаһандану үрдісінің аясында үлкен қа- лаларға халықтың көптеп шоғырлануы – шалғай елді мекендердегі халық санының азаюына, тіпті кей жерлерде, əсіресе ел солтүстігіндегі шекаралық аймақтарда кейбір ауылдардың тұрғындардан бо- сап қалу фактілері де кездеседі.
Осылайша, шекаралас аумақтардың босап қалуы жəне солтүстік өңірлерде халық санының, əсіресе, еңбекке қабілетті азаматтар санының қысқаруы – сол аймақтардың экономикалық өсі- мін қамтамасыз етуде қиындықтарға алып келеді жəне жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне əсер етеді. Бұл туралы ҚР көші-қон саясатының 2017- 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында нақ ты айтылады. Бұл құжатта орын алған жəне күтілетін ішкі, сыртқы сын-қатерлердің нақты болжамы айтылған.
Ішкі сын-қатерге жоғарыда айтылған еңбек жа сындағы тұрғындар санының қысқаруымен қа тар, ірі қалалар мен жекелеген аумақтарда ха- лықтың тығыз орналасуы, бүгінде оңтүстік өңір- лердегі туу деңгейінің жоғарылығы, халық көп қоныстанған өңірлерде жұмыс күшінің артық- тығы жəне этникалық мигранттардың орнала- суы əлеуметтік шиеленістің ошағына айналу мүмкіндігі жатқызылады.
Сыртқы сын-қатерлер ретінде білікті кадр- лар дың жəне дарынды жастардың сыртқа кету
қаупі, Орталық Азия елдерінен еңбек мигрант- тарының ағыны есебінен біліктілігі төмен жұмыс күшінің өсу қаупі, деструктивті элементтердің көші-қон ағынымен елге енуі айтылады. Бұн дай жорамалдардың айтылуына еліміздің геогра- фиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы, елдегі саяси жəне əлеуметтік-экономикалық тұрақты- лық тың Қазақстанды транзиттік көші-қон тора- бына айналдыруы себеп болды. Тұрақтылыққа сына қағылған 2022 жылғы қаңтар оқиғасы өзге салалармен қатар көші-қон тақырыбына да мұқият қарау керектігін көрсетті.
Соңғы бес жылда елімізге шамамен 6,1 млн.
шетелдік азамат келген. Олардың 300 мыңдайы нақты жұмысқа келсе, 5,3 млн. шетелдік жеке шаруасымен келгендер қатарында. Қазақстан жерін сағалап келгендер саны əлі де арта түсетіні күн өткен сайын айқындала түсуде. Әлемде қа- лыптасып отырған халықаралық геосаяси жағ- дайды ескере отырып, елімізге мəжбүрлі ми- грант – босқындардың да көптеп келуін жоққа шығара алмаймыз. Мұндай көші-қон – жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндей мəселе болғалы тұр. Бұған дейін босқын болып танылғандардың басым бөлігі Ауғанстан аза- маттары болып келетін, енді бұл тізімдегі елдер саны əлемдегі соңғы оқиғаларға қатысты көрші мемлекеттер азаматтарымен толықпақ.
Бұл жерде ұлттық қауіпсіздікке алаңдауға негіз болатын нəрсе – еліміздегі көші-қон əлі стихиялы түрде қалып отыр. Өйткені, сарап- шы лардың пікірінше, еліміздегі заңсыз еңбек көші-қоны заңды еңбек мигранттары саны- нан бірнеше есе асады. Бұл – реттеуге болатын еңбек мигранттарына қатысты жағдай, ал енді бұған босқын мигранттар қосылғанда пробле- ма сөзсіз еселенуі мүмкін. Осы жерде ұлттық қауіпсіздік мəселесі алға шығады. Бірақ, бұл бір Қазақстанның басындағы жағдай емес. Әлемнің көптеген елдері көші-қон процестерін реттеуге тырысады.
86
Зерттеу тақырыбы, мақсаты мен міндет- тері
Зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болған мəселе – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік өңірлерінен жыл өткен сай- ын тұрғындарының саны азайып бара жатқан солтүстік аймақтарға адамдарды көшіру жұмысын жандандыру. Бұл бағытта мемлекет тарапынан нақты шаралар қолға алынғанымен, нəтижесі көпшілік күткендегідей емес. Биылға дейін соңғы бес жыл қатарынан «Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрі – «Еңбек» бағдарламасы) аясында тұрақты жұмыс іздеген оңтүстік өңірлердің тұрғындарының солтүстік облыстарға көшуі біршама қарқын алды. Осы «Еңбек»
бағдарламасының тиімділігі көрініп тұрса да, оның
нəтижесі тиісті деңгейде болмады. Мақаланың да негізгі мақсаты – қабылданған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысына сарапта- ма жасап, бағдарлама аясында қолға алынған жұмыстардың тиімді жағы мен кемшіліктерін са- лыстыра отырып зерттеу, сол арқылы қорытынды жасау. Зерттеудің негізгі əдісі – деректер арқылы салыстырмалы сараптама жасау. Бұл үшін осы тақырыппен тығыз айналысып жүрген ҚР Парламенті Сенаты жəне Мəжілісінің депутатта- рымен, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы көші-қонға атсалысып жүрген белсенді азаматтарымен интервью жүргізіп, ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, еліміздің солтүстік аймақтарында кеңінен көрініс тапқан жаппай көшу процесін тоқтатуға, оңтүстік өңірлерден солтүстік облыстарға көшуге ниет білдіргендер санын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды.
санын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды.
1-сурет – Қазақстан Республикасы аймақтарындағы демографиялық теңгерімсіздік (халықтың облыстар бойынша орналасуындағы теңгерімсіздік)
Көші-қон саясатын қалыптастыру: қолданылған материалдар мен әдістер Әрбір ел өзінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне және ұлттық ерекшеліктеріне қарай өз көші-қон саясатын қалыптастырады. Сыртқы көші-қон көбіне сырттан жұмыс күшін тарту, осы процесті реттейтін тиісті заң нормалары мен ережелерді қабылдаудан тұрса, ішкі көші-қон сұрағында әлі күнге дейін бірізділік жоқ. Түрлі себептермен (оқуға, жұмыс істеуге, жайлы мекен іздеу үшін, т.б.) шетелге кететін қандастарымызға еш тосқауыл қойылмайды, дегенмен шетелде өмір сүріп жатқан қандастарымызды елге оралту бағдарламалары бар. Тарихи отанына көшіп келу бағдарламасына сай, шетелдерден 1 миллион 100 мыңға тарта қандасымыз елге оралған.
Елімізге көшіп келген қандастардың бейімделуіне, оларға жәрдемдесу және шетелдегі отандастарға ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» құрылды. Орталықтың қызметі
«Байланыс орталығынан» және облыстардағы «Фронт-кеңселерден» тұрады.
Қандастарымыз «Отандастар қоры» бірыңғай ақпараттық орталығының 1404 телефон нөмеріне тегін қоңырау шалып, кеңес ала алады (1).
Осындай ақпараттық қолдау ішкі көші-қонды реттеу мәселесін жақсартуға да септігін тигізері анық. Жалпы, ішкі көші-қон сұрағында шешімін күткен проблемалар жыл өте айқындалып келеді. Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі халық саны мен солтүстік аймақтардағы тұрғындар саны арасындағы айырмашылық уақыт өткен сайын қатты біліне бастады. Сол себепті ел Үкіметі қолға алған шаралары – арнайы көші-қон бағдарламалары (ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 ж. арналған тұжырымдамасы, т.б.) өз өкілеттігі шеңберінде жұмыс істей бастағанымен, нақты жүзеге асыру барысында түрлі кемшіліктердің бар екендігі анықталды.
Елімізде 2017 жылдан бастап, ішкі көші-қонды жандандыруға бағытталған
«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» жұмыс істеді. Негізгі мақсаты – жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға
1-сурет – Қазақстан Республикасы аймақтарындағы демографиялық теңгерімсіздік (халықтың облыстар бойынша орналасуындағы теңгерімсіздік)
87 Көші-қон саясатын қалыптастыру:
қолданылған материалдар мен әдістер
Әрбір ел өзінің əлеуметтік-экономикалық да- му деңгейіне жəне ұлттық ерекшеліктеріне қарай өз көші-қон саясатын қалыптастырады. Сыртқы көші-қон көбіне сырттан жұмыс күшін тарту, осы процесті реттейтін тиісті заң нормалары мен ережелерді қабылдаудан тұрса, ішкі көші-қон сұрағында əлі күнге дейін бірізділік жоқ. Түрлі себептермен (оқуға, жұмыс істеуге, жайлы мекен іздеу үшін, т.б.) шетелге кететін қандастарымызға еш тосқауыл қойылмайды, дегенмен шетелде өмір сүріп жатқан қандастарымызды елге оралту бағдарламалары бар. Тарихи отанына көшіп келу бағдарламасына сай, шетелдерден 1 миллион 100 мыңға тарта қандасымыз елге оралған. Елімізге көшіп келген қандастардың бейімделуіне, олар- ға жəрдемдесу жəне шетелдегі отандастарға ақпа раттық-консультациялық қызмет көрсету мақса тында 2019 жылдан бастап «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» құрылды. Орта- лық тың қызметі «Байланыс орталығынан» жəне облыс тардағы «Фронт-кеңселерден» тұрады.
Қандастарымыз «Отандастар қоры» бірыңғай ақ- параттық орталығының 1404 телефон нө меріне тегін қоңырау шалып, кеңес ала алады (1).
Осындай ақпараттық қолдау ішкі көші-қонды реттеу мəселесін жақсартуға да септігін тигізері анық. Жалпы, ішкі көші-қон сұрағында шешімін күткен проблемалар жыл өте айқындалып ке- леді. Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі халық саны мен солтүстік аймақтардағы тұрғындар саны арасындағы айырмашылық уақыт өткен сайын қатты біліне бастады. Сол себепті ел Үкіметі қолға алған шаралары – арнайы көші- қон бағдарламалары (ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 ж. арналған тұжырымдамасы, т.б.) өз өкілеттігі шеңберінде жұмыс істей бастағаны- мен, нақты жүзеге асыру барысында түрлі кем- шіліктердің бар екендігі анықталды.
Елімізде 2017 жылдан бастап, ішкі көші- қон ды жандандыруға бағытталған «Нəтижелі жұ мыспен қамту жəне кəсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы»
жұмыс істеді. Негізгі мақсаты – жұмыс күші тап шы солтүстік аймақтарға халқы тығыз орна- ласқан оңтүстік өңірлерден еңбекке қабілетті азаматтарды тарту. Бағдарлама қабылданаған уақыттан бастап оңтүстік өңірлерден солтүстік облыстарға қарай көш басталды. Солтүстік об- лыстарға көшіп келгендер мемлекеттің қаржы- лай көмегін алды. Оларға баспана берілді,
жұмысқа орналастырылды (2). Мұндай стимул оңтүстік өңірлерде не баспанасы жоқ, не тұрақты жұмысы жоқ жандар үшін ат басын солтүстікке жаппай бұруға ықпал етуі тиіс еді. Бірақ көші-қон жұмысы бір жүйеге қойылмағандықтан, көшіп келушілер арасында ренжіген, бағдарламаға көңілі толмайтындардың пайда болуына əкелді.
Оған себеп – бір мекеме халықты көшіруге, ке- лесі бір мекеме үймен қамтамасыз етуге жауапты болып, көшіп келгендерді сергелдеңге түсірген.
«Көш жүре түзеледі» деген. Бас кезінде көшіп барушылардың осындай олқылықтарға тап болуына – ақпараттандыру ісінің жолға қойыл- мағаны себеп болған. Көші-қонға қатысты осы жəне өзге де сұрақтарды Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында халықтың көшуі мен жаңа жерге қоныстануына атсалысып жүрген жауапты адамдарға қойып, интервью жаздық.
Нәтижелері және талқылама
Интервью барысында айтылған кемші- ліктер мен оларды жою жолдары
Интервью жазу барысында анықталған де- ректерді келтірсек. Түркістан облысынан мың- даған азаматтың солтүстікке көшуіне ықпал етіп жүрген жандардың бірі – «Аманат» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тəжібаевтың айтуынша, бұл бағдарлама басталғанда, бұдан барлығы хабар- сыз болды. Еңбек бағдарамасымен қалай көшуге болады, жолы қандай десе, онымен айналысатын халықты жұмыспен қамту орталықтары бұл сұрақтарға жауапты өздері білмеді. Өйткені олар өздері солтүстікке барып көрмеген. Адамның бір облыстан бір облысқа көшуі оңай шаруа емес. Сол үшін адамдарды көшуге сендіретін орталықтар жұмыс істеуі керек. Бұл ұлттық жобаға тек бір министрлік емес, бірнеше министрлік араласуы керек. Мектеп мəселесімен білім министрлігі, адамдардың денсаулығымен денсаулық ми- нистр лігі, кəсіп ашуда ауылшаруашылығы ми- нистр лігінің қатысы болу керек. Ал іс жүзінде бұл бағдарламамен тек Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі ғана айналысатын етіп қойған. Бұл дұрыс емес».
Содан болар, 2017 жылы Түркістан об лы- сынан солтүстік облыстарға 173 отбасы ғана қоныс аударған. 2018 жылдан бастап, бағдар- ламаға қатысушылар саны арта бастаған. 2018 жылы солтүстік облыстарға көш басын бұрған түркістандық отбасы саны 455 болса, 2019 жылы
88
бұл сан 560-қа жетті, 2021 жылы 800 отбасы (3611 адам) солтүстікті жаңа қонысы ретінде таңдады. Бұл – халықтың көші-қонға деген ынтасы жоғары екенін көрсетеді.
Жаңа жерде былтыр қоныс тойын тойлаған жоғарыда айтылған 800 отбасының (3611 адам)
550-і (2700 адам) Павлодар облысына көшіп барған. 2-ші орында Солтүстік Қазақстан об- лысы тұр, ол жаққа 159 отбасы көшкен – 669 адам. 55 отбасы (161 адам) Қостанай облысын таңдапты. Шығыс Қазақстан облысына 36 отба- сы (81 адам) қоныстанған (3).
БАҚ, дидарТеле
Интер нет, әлеумет тік желі
Ресми сайт, АҚДМ әлеумет тік желі
Туған- туы-стан
ТарынанДос және таныс тарынан
Қоныс аударған
туыста рынан және достарынан
Жұмыспен қамту орталығы
"Серпін"
Бағдар ламасы бойынша
жұмыс жасау Солтүстік
Қазақстан Саны 9 18 5 15 18 3 2 0
% 12,9% 25,7% 7,1% 21,4% 25,7% 4,3% 2,9% 0,0%
Шығыс
Қазақстан Саны 0 0 0 0 0 0 6 2
% 0,0% 0,0% 0,0% 0,0% 0,0% 0,0% 75,0% 25,0%
Қостанай
облысы Саны 4 3 1 6 7 0 1 2
% 16,7% 12,5% 4,2% 25,0% 29,2% 0,0% 4,2% 8,3%
Павлодар
облысы Саны 3 2 3 3 5 3 9 0
% 10,7% 7,1% 10,7% 10,7% 17,9% 10,7% 32,1% 0,0%
БАРЛЫҚ ОБЛЫ-
СТАР
Саны 16 23 9 24 30 6 18 4
% 12,3% 17,7% 6,9% 18,5% 23,1% 4,6% 13,8% 3,1%
2-сурет – Аймақтар бойынша Бағдарлама туралы ақпарат көздері
Мемлекет бекіткен бағдарлама бір болғанмен оның орындалуы əр облыста əртүрлі. Жоғарыда əр облысқа қанша отбасы, қанша адамның көшіп барған дерегін көрсеттік. Бір облысқа (Павло- дар облысы) көп, бір облысқа аз отбасы көшіп барғанына да себептер бар.
Түркістан облысы бойынша көшіқон процестеріне мониторинг жүргізіп отырған
«Аманат» партиясының облыстық филиалының дерегінше, көші-қонға қатысты насихат жұмыстарын жүргізетін солтүстік облыстардағы əкімдіктердің жұмысы əртүрлі. Көші-қонды ұйымдастыруда Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облыстарында жұмыс біршама жақсы жолға қойылған. Олардың əкімдері (об- лыс, аудан), жергілікті халықты жұмыспен қамту басқармалары оңтүстік өңірлерге жиі- жиі іссапар ұйымдастырып, оңтүстік облыстар халқымен кездесулар өткізуді жолға қойған.
Павлодар қаласы мен облысы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ерсін Жұмашевтың айтуынша, Павлодар облы- сында жыл сайын оңтүстік облыстарға баратын үгіт-насихат топтары жасақталады. Олар барған
жерінде халықпен кездесу ұйымдастырып, оларға Павлодар облысында қандай бос жұмыс орындары бар, қай қалаға немесе ауылды жерге орналасуға болатынын түсіндіреді.
Бірақ мұндай насихат топтары жылына бір-екі рет оңтүстік облыстарға шығып, бір апта əрі кетсе он күн ғана кездесу ұймдастыра алады. Халықты көші-қон тиімділігіне ақпараттандыру үшін бұл өте аз. Осы кемшілікті саралаған павлодарлық шенеуніктер биыл да осындай үгіт-насихат топ- тарын құрып, оңтүстік облыстардағы халықпен кездесу тəртібін өзгертпек. Павлодар облысында 10 аудан, 3 қалалық жер бар. Әр аудан мен əр қала биыл бір-бір үгіт-насихат тобын құрып отыр. Әр топ оңтүстікте 10 күннен насихат жүргізеді, он күннен кейін оны келесі топ алмастырады, сөйтіп құрылған 13 топ жыл аяғына дейін тұрақты түрде көші-қон насихатымен айналыспақ. Бұл өте оң тəжірибе деп есептеймін. Осындай жүйелі жұмыс арқасында былтыр Павлодар облысына көшіп келген азаматтардың барлығы мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған. Биылға Павлодар облысы көшіп келушілерге 2000-дай бос жұмыс орындары ұсынылады (4).
89
Аймақ Білім, ғылым Медицина,
фармацевтика Ауыл шаруашылық Ірі қалалар
Нұр-Сұлтан 189 329 22
Қабылдау аймақтары
Солтүстік Қазақстан 66 98 38
Шығыс Қазақстан 183 248 61
Қостанай 90 295 57
Ақмола 96 155 66
Павлодар 64 64 62
Қарағанды 66 204 186
БАРЛЫҒЫ 565 1 064 470
Кету аймақтары
Алматы 527 101 10
Маңғыстау 80 70 9
Қызылорда 41 42 10
Жамбыл 107 66 27
Туркістан 509 272 174
БАРЛЫҒЫ 1 264 551 230
3-сурет – «Еңбек» электронды еңбек нарығындағы келу жəне кету аймақтарында тіркелген салалар бойынша бос жұмыс орындары
Солтүстік Қазақстан облысында да көші- қонға қатысты жұмыстар біраз жүйеленген. Бұл жақта көшіп келуге үгіттейтін еріктілер біршама белсенді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы əкімінің көші-қон бойын- ша арнайы өкілі Нұржамал Тамбетова көші-қон мəселесімен ерікті түрде айналысады. Өзі де от- басымен бірге Солтүстік Қазақстан облысына осыдан 7 жыл бұрын қоныс аударған.
«Бұл жұмыстың кемшілігі көп болды басын- да. Содан соң көші-қон бағдарламасына жау- апты Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне түрлі ұсыныстарымызды айттық, ұсыныстарымыз қабылданды, біраз нəрсе өзгер- тілді. Қазір көшіп келушілердің қатары да өте көбейді. Қуантатыны – көшіп келген жастардың саны артып отыр. 4-6 баласы бар жастар был- тыр өте көп көшіп келді. Солардың арқасында жабылу алдында тұрған мектептерді құтқарып қалдық. Жалпы, əрқайсысында бес баласы бар 10 мұғалімді көшірсек, 50 баламен-ақ жабылғалы тұрған мектепті сақтап қаламыз. Ондай мысалдар да бар. Мысалы Сұлушоқы деген ауылда бала саны көшіп келушілер есебінен 9 баладан қазір 86-ға жетті. Жергілікті кəсіпкер өзі үйлер салып, талай отбасын көшіріп алып келді. Октябрь деген елдімекенде де көшіп келушілер есебінен бала
саны артты. Қазақ сыныптарын аштық. Көшіп келем деушілердің ынтасы жоғары. Жергілікті əкімдіктердің кертартпалықтары да кездеседі, оңтүстікте де, солтүстікте де. Ұсыныс ретінде айтайын, солтүстік облыстардан үгіт-насихат жа сап арнайы топтар оңтүстік облыстарға барып жа тады. Сол сияқты оңтүстік облыстардан да біз ге келсін жергілікті əкімдіктерінің өкілдері, көрсін, таныссын. Тіпті көшіп келушілермен бірге келіп бірнеше күн аралап, солтүстік аймақ- тардың өмірімен таныссын. Міне сол кезде үгіт- насихатты дұрыс жасайды. Өйткені бізде ақсап тұрған нəрсе – үгіт насихатты дұрыс жасамай- мыз. Біз бірден үгіт-насихатты ақшадан бастай- мыз, «көшіп барсаңыз пəлен ақша беріледі сізге»
деп. Содан соң көшіп келетін адам қанша ала- тынын ғана ойлайды. Ал оған дейін кездесетін қиындықтарды ойламайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы көп ауылдарда жол жоқ, су жоқ, мектептердің өзіне су кіргізілмеген.
Сол үшін бірінші кезекте халықпен дұрыс жұ- мыс жасайтын, оларды психологиялық тұрғы- дан дайындайтын, бағдарламаның мəнін терең түсіндіретін бір орталықтар ашу керек. Осы лар- дың барлығын дұрыс айтатын мамандарды даяр- лау керек» – дейді Нұржамал Тамбетова.
90
Мемлекеттік бағдарлама әр облыста әр- түр лі орындалады
Солтүстік Қазақстан жəне Павлодар облыс- тарындағы осындай белсенділік Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарына жетпей отыр.
Көші-қонға қатысты Түркістан облысындағы үгіт-насихатқа жауаптылар да əр облыста бұл бағдарламаға көзқарас əртүрлі екенін айтуда:
«Қостанай облысы мен Шығыс Қазақстан облы- сы мүлдем насихаттық жұмыспен айналыспай- ды. Мемлекет бір, бағдарлама бір болса да əр облыс əртүрлі жұмыс істейді. Біз Түркістаннан жыл сайын облысымыздағы белсенді азаматтар- ды аталған 4 облысқа (СҚО, Павлодар облысы, Қостанай облысы, ШҚО) 10 күндік іссапарға жібереміз. Сол кезде білінеді, Павлодар мен Сол түстік Қазақстан облыстарында кездесулер белсенді ұйымдастырылады, өзге екі облыста белсенділік төмен. Әкімдер рейтингісінің инди- ка торын осы көші-қон процесінің үгіт-наси- хатын жүргізуі арқылы белгілесе, біраз нəрсе айқындалар еді».
Мысалы, Түркістан облысында 2 млн 100 мың халық бар. Олардың ішінде пəтер кезегінде тұр- ғандар саны 45 мыңнан асады, үй саламын деп жер сұраған азаматтардың саны 130 мыңнан аса- ды. Үй мен жер жетіспеушілігі бар оңтүстікте.
Сондықтан солтүстік облыстарға көшу туралы ұсыныстар дұрыс жолға қойылса, көшетін аза- маттар саны да өсетіні анық.
Тұжырымдама
Қорыта айтсақ, көші-қон сұрағы кешен ді- лікті талап етеді. 2017 жылдан бастап, ішкі кө- ші-қонды жандандыруға бағытталған «Нəти- же лі жұмыспен қамту жəне кəсіпкерлікті да- мы туға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағ- дар ла масы» 2021 жылы аяқталды (5). Ішкі кө- ші-қон осы бағдарламаның бір тармағы ғана.
Бағдарламаның 2017-2021 жылдар аралығын- дағы қорытындысына арнайы талдау да жасал- ды. Бұл талдау Халықаралық көші-қон ұйымы Даму қорының қолдауымен жүзеге асты. Бұл сараптамалық талдауда жұмысқа қабілетті халық саны азайған солтүстік өңірлердің тұрғындарын халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан
еріктілерді көшіру арқылы көбейту жолдарына қатысты жұмыстардың барысы айқындалды, бұл бағдарламаның тиімді жағы мен кемшіліктері салыстырылды, кемшіліктерін жою жолдары қарастырылды. Бұл арнайы сараптама туралы келесі мақаламызда жан-жақты жазатын бола- мыз. Өйткені, талдау нəтижесіне сəйкес, бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. Ол ұсыныстардың өзін жеке-жеке талдап, сараптау қажет.
Қорытынды
Бүгінде ҚР еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі – көші-қон саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруші орталық орган. Көші-қон мəселелерімен аталған министрліктің Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитетінің екі департаменті айналы- сады: Еңбек көші-қонын реттеу департаменті жəне Көші-қон процестерін бақылау бас қар- масы. Облыс əкімдіктерінде көші-қон сұрағы жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының құзырында.
Яғни, барлық мемлекеттік мекемеде көші-қон мəселелері сол орган айналысатын көп сұрақтың бірі ретінде ғана айқындалған. Сондықтан жұ- мысқа қабілетті тұрғын саны азайған солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік ай- мақтардан адамдарды көшіру бағытында жұмыс атқарып, көші-қон процесіне тікелей араласып жүрген ерікті азаматтарға мемлекеттік тұрғыда көмектесу қажет. Сол кезде көші-қонға жауапты мекеме, бөлім, орталықтар арқылы ақпараттық компанияның қалай жүріп жатқандығын сара- лап, бағдарламаның мəнін терең түсіндіретін орталықтардың жұмысын, көші-қонға бөлінген қаржының тиімді пайдалануын қадағалау мен зерделеу аталған еріктілердің көмегімен жолға қойылар еді.
Жоғарыда аталған проблемалар көші-қонның мемлекеттік реттелуін одан əрі жетілдіруді қажет етеді. Жыл өткен сайын ел ішіндегі халықтың көшіп-қону белсенділігі қарқын алып келеді.
2022 жылғы Ұлттық статистика бюросының соңғы дерегінше, Қазақстандағы тұрғындар саны 19 миллион 200 мың адамға жуықтаған (01.04.2022 ж. – 19 178 800 тұрғын) (6).
91 М.М. Ықылас, Б.А. Габдулина
Қазақстандағы халық санының дерегін, он- дағы қала мен ауыл тұрғындарының санын көрсету арқылы халықтың көшіп кету мəселесіне тоқталсақ. Тұрғындардың өзге аймаққа көшу ту ралы шешім қабылдауына экономикалық фак тор əсер етеді. Адамдар көшкенде жоғары жалақылы жұмыс пен жайлы өмір сүру жағдайын іздейді. Мемлекет арнайы бағдарлама арқылы халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден жұмыс күші азайған солтүстікке көш басын түбегейлі бұруға бар жағдайды жасап-ақ жатыр.
Статистикаға қарасақ, оңтүстік өңірлерден көш- кендер саны жыл сайын артып отыр. Бірақ көш бағыты негізінен солтүстік өңірлер емес, оңтүс- тік халқы көбінесе Нұр-Сұлтан жəне Алматы қа лалары, Алматы облысы, Маңғыстау мен Қа- ра ғанды облыстарына көшеді екен. Оның ішінде ауылды жерлерден қалаларға қоныстану басым болып тұр. Қалаларға бұлай стихиялы түрде кө- шу дің жұмыссыздықты өршіту, қала маңының жүйе сіз өсуі, баспана проблемасы, əлеуметтік жағ- дайдың ушығуы сияқты жағымсыз əсері көп. Осын- дай алғышарттар өткен қаңтар оқиғасының да орын алуына жанама себеп болды деп айтуға болар.
Енді қазіргі қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отыра, одан туындайтын ұлттық қауіп- сіздікті қамтамасыз ету тетігі ретінде, шекара- лық аймақтардың біржолата босап қалмауы- ның алдын алу мақсатында, ішкі көші-қон ды тоқтатпай жандандыру үшін мақала қоры тын- дысы ретінде айтатын ұсыныстар мынадай:
- алдымен, ішкі көші-қон қажеттілігінің насихатталуы дұрыс жолға қойылуы тиіс, ол үшін орталық жəне жергілікті мемлекеттік
атқарушы органдар тарапынан арнайы жоспарлы жұмыс жасалуы керек;
- елімізде ерікті қоныс аударуға жəне жұ- мыс күшінің ұтқырлығын арттыруға бағытталған бөлек мемлекеттік орган қажет. Бастапқы кезде ҚР еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау ми- нистрлігі құрылымынан қоныс аудару бағдарла- масын бақылау жəне зерттеу бойынша бөлек департамент етіп құрса да болады;
- бұған қоса жергілікті жерлерде əкімге тікелей бағынатын, көші-қонмен арнайы айналы- сатын бөлімдерді ашу жолдары қарастырылуы керек;
- жəне бірінші кезекте халықпен дұрыс жұ- мыс жасайтын, оларды психологиялық тұрғыдан қоныс аударуға дайындайтын, бағдарламаның мəнін терең түсіндіретін орталықтар ашу керек. Бұл жерде еріктілердің де көмегін пайдалану қажет.
Бұл ұсыныстарды жүзеге асырудағы ба- сты мақсат – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізетін ұлы көшті тоқтатпау, көші-қон барысын барынша жүйелеу. Өйткені, нашар басқарылатын көші-қон процестері сти- хиялы ішкі көші-қон ағынының артуына, халық санының кемуіне байланысты ауылдардың бос қалып, еліміздің жекелеген шекаралас ай мақ- та рында қиын ахуалдың қалыптасуына алып ке леді. Мақала барысында аталған осындай сыртқы жəне ішкі сын-қатерлер бізге көші-қон саясатының жүйелілігін қалыптастырып, ада- ми капиталды дамытуға бағыттайтын, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге қажетті ұзақ мерзімді жобаларды қолға алу керектігін анық ұқтырып отыр.
бағытында жұмыс атқарып, көші-қон процесіне тікелей араласып жүрген ерікті азаматтарға мемлекеттік тұрғыда көмектесу қажет. Сол кезде көші-қонға жауапты мекеме, бөлім, орталықтар арқылы ақпараттық компанияның қалай жүріп жатқандығын саралап, бағдарламаның мәнін терең түсіндіретін орталықтардың жұмысын, көші-қонға бөлінген қаржының тиімді пайдалануын қадағалау мен зерделеу аталған еріктілердің көмегімен жолға қойылар еді.
Жоғарыда аталған проблемалар көші-қонның мемлекеттік реттелуін одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Жыл өткен сайын ел ішіндегі халықтың көшіп-қону белсенділігі қарқын алып келеді.
2022 жылғы Ұлттық статистика бюросының соңғы дерегінше, Қазақстандағы тұрғындар саны 19 миллион 200 мың адамға жуықтаған (01.04.2022 ж. – 19 178 800 тұрғын) (6).
Қазақстандағы халық санының дерегін, ондағы қала мен ауыл тұрғындарының санын көрсету арқылы халықтың көшіп кету мәселесіне тоқталсақ. Тұрғындардың өзге аймаққа көшу туралы шешім қабылдауына экономикалық фактор әсер етеді. Адамдар көшкенде жоғары жалақылы жұмыс пен жайлы өмір сүру жағдайын іздейді. Мемлекет арнайы бағдарлама арқылы халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден жұмыс күші азайған солтүстікке көш басын түбегейлі бұруға бар жағдайды жасап-ақ жатыр.
Статистикаға қарасақ, оңтүстік өңірлерден көшкендер саны жыл сайын артып отыр. Бірақ көш бағыты негізінен солтүстік өңірлер емес, оңтүстік халқы көбінесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Алматы облысы, Маңғыстау мен Қарағанды облыстарына көшеді екен.
Оның ішінде ауылды жерлерден қалаларға қоныстану басым болып тұр. Қалаларға бұлай стихиялы түрде көшудің жұмыссыздықты өршіту, қала маңының жүйесіз өсуі, баспана проблемасы, әлеуметтік жағдайдың ушығуы сияқты жағымсыз әсері көп. Осындай алғышарттар өткен қаңтар оқиғасының да орын алуына жанама себеп болды деп айтуға болар.
Енді қазіргі қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отыра, одан туындайтын ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетігі ретінде, шекаралық аймақтардың біржолата босап
қалмауының алдын алу мақсатында, ішкі көші-қонды тоқтатпай жандандыру үшін мақала
қорытындысы ретінде айтатын ұсыныстар мынадай:
92
Әдебиеттер
Раманқұлова Г. Тəуелсіздік 30: 30 жылда қанша қандас елге оралды? // 12.06.2021. – URL: https://baq.kz/tauelsizdik30- 30-zhylda-kansha-kandas-elge-oraldy_255902/
ҚР Үкіметінің 29.09.2017 ж. №602 қаулысы // ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын жəне ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы // [Электрон.ресурс]. – 2020. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000602
ҚР Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы // 2021. – URL: https://stat.gov.kz/search Тлеуова Р. Көбі 15-34 жас аралығында. Сенатор шетелге көшіп жатқандар саны артқанын айтты // Tengrinews интернет порталы [Электрон.ресурс]. – 2020. – URL: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kob-15-34-jas-aralyigyinda-senator-shetelge- koshp-jatkandar-421969/
Кучмаева О. Демография и человеческий капитал: демографические дивиденды // Сборник научно-практического се- минара. 2021. 14-18.
Электрондық еңбек биржасы // Барлық облыстар // 2022. – URL: https://www.enbek.kz/kk/search/vac?prof=%D0%BF%D 0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D1%80
ҚР Үкіметінің 13.11.2018 ж. №746 қаулысы // Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы [Электрон.ресурс]. – 2022. – URL: https://
adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000746#z802
Тұмар А. СҚО əкімі қатаң сөгіс алды [Электрон.ресурс]. – 2020. – URL: https://turkystan.kz/article/126871-126871/
2022 жылғы қаңтар-наурыздағы демографиялық ахуал туралы // 16.05.2022. – URL: https://www.gov.kz/memleket/
entities/stat/press/news/details/372063?lang=kk
Институт демографических исследований ФНИСЦ РАН «Демографическое развитие стран СНГ» сборник, 39-40, май, 2021.
Садвокасова А., Баглай Б., Жампеисов Д., Турсымбаева Г., Жасымбекова С. (2021). «Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасын бағалау». Халықаларық көші-қон ұйымының есебі, 10-13.
Ұлттық статистика бюросының дерегі, 2022. Қаңтар-маусым. Негізгі бет.
Тамбетова Н., «Солтүстiкте қара орман Қазақстаның, онда байимын деп емес, елiмдi көгертемiн деп бар» // «Оңтүстік Қазақстан» газеті. 23.07.2018. 3-4.
Институт демографических исследований ФНИСЦ РАН «Миграция и развитие». Сборник курса 6. апрель, 2021.
Шыңғысхан Ж. «Қандастарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына 116 отбасы қосылды» // «Qazaq» газеті, 2020. 2-3.
References
Ramankulova G. Täuelsızdık 30: 30 jylda qanşa qandas elge oraldy? [Independence 30: How many countries have returned in 30 years?] // 12.06.2021. – URL: https://baq.kz/tauelsizdik30-30-zhylda-kansha-kandas-elge-oraldy_255902/
QR Ükımetınıñ 29.09.2017 j. №602 qaulysy // QR köşı-qon saiasatynyñ 2017-2021 jyldarğa arnalğan tūjyrymdamasyn jäne QR köşı-qon saiasatynyñ 2017-2021 jyldarğa arnalğan tūjyrymdamasyn ıske asyru jönındegı ıs-şaralar josparyn bekıtu turaly [Resolu- tion of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 29.09.2017 No. 602 // On approval of the Concept of Migration Policy of the Republic of Kazakhstan for 2017-2021 and the action plan for the implementation of the Concept of Migration Policy of the Republic of Kazakhstan for 2017-2021] // [Electron.resource]. – 2020. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000602
QR Strategialyq josparlau jäne reformalar agenttıgı Ūlttyq statistika bürosy [National Bureau of Statistics of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Strategic Planning and Reforms] / / 2021. – URL: https://stat.gov.kz/search
Tleuova R. V. Köbı 15-34 jas aralyğynda. Senator şetelge köşıp jatqandar sany artqanyn aitty [age 15-34 years. The senator reported an increase in the number of people moving abroad] / / Internet portal Tengrinews [electronic.resource]. – 2020. – URL:
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kob-15-34-jas-aralyigyinda-senator-shetelge-koshp-jatkandar-421969/
Kuchmaeva O., Demografia i chelovecheski kapital: demograficheskie dividendy», Sbornik nauchno-prakticheskogo seminara [“Demography and human capital: demographic dividends”, collection of scientific and practical seminars]. 2021. 14-18.
Elektrondyq eñbek birjasy // Barlyq oblystar [electronic labor exchange / / all industries] / / 2022. - URL: https://www.enbek.
kz/kk/search/vac?prof=%D0%BF%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D1%80
QR Ükımetınıñ 13.11.2018 j. №746 qaulysy // Nätijelı jūmyspen qamtudy jäne jappai käsıpkerlıktı damytudyñ 2017 – 2021 jyldarğa arnalğan “Eñbek” memlekettık bağdarlamasyn bekıtu turaly [Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 13.11.2018 No. 746 / / “On approval of the state program for the development of productive employment and mass entrepre- neurship for 2017-2021 “Enbek”] [Electron.resource]. – 2022. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000746#z802
Tūmar A. SQO äkımı qatañ sögıs aldy [Akim of the North Kazakhstan region A. Amulet received a severe reprimand.resource].
– 2020. – URL: https://turkystan.kz/article/126871-126871/
about the demographic situation in January-March 2022 / / 05/16/2022. – URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/
press/news/details/372063 ?lang=kk
İnstitut demograficheskih issledovani FNİS RAN «Demograficheskoe razvitie stran SNG» sbornik [Institute of Demographic Research of FNISO RAS collection “demographic development of the CIS countries”], 39-40, May, 2021.
Saduakasova A., Baglay B., Zhampeisov D., Tursynbaeva G., Zhasymbekova S. 2021. «Oñtüstıkten soltüstıkke qonys audaru bağdarlamasyn bağalau». Halyqalaryq köşı-qon ūiymynyñ esebı, [“Аssessment of the resettlement program from the south to the north”. Accounting for the organization of international migration] 10-13. Ūlttyq statistika bürosynyñ deregı, 2022. Qañtar-mausym.
Negızgı bet.
N. Tambetova, Soltüstikte qara orman Qazaqstanyñ, onda baiimyn dep emes, elimdi kögertemin dep bar» [“in the north there is the Black Forest, where bayumyn, not bayumyn.”] “Ontustik Kazakhstan”. 23.07.2018. 3-4.
Institute of Demographic Research of FNISO RAS “migration and development”. Collection of courses 6. 04, 2021.
Genghis Khan Zh., «Qandastardy qabyldaudyñ öñirlik kvotasyna 116 otbasy qosyldy» [“116 families are included in the re- gional quota for the admission of compatriots.”] “Qazaq”, 2020. 2-3.