• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҦЛТ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ДІНИ ФАКТОРЛАР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҦЛТ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ДІНИ ФАКТОРЛАР"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ҦЛТ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ДІНИ ФАКТОРЛАР

Байбахов Нурбол Абдураимҧлы Әлеуметтану магистрі, оқытушы. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тҥркістан қаласы

В этой статье рассматривается вопрос религии как основы нации и анализируется религиозная ситуация в Республике Казахстан.

This article says that the religion is basic of society and it is sesearhing the relligious condition at Kazakhistan Republik.

Ҧлтаралық қатынастарда кӛзге тҥ сетің ҥш мықты қасиет бар: тіл, мәдениет, дін [1].

Бҧл аталған элементтер ҧлттың негізгі тірегі, мәйегі болып табылады. Бҧл аталғандыњ әрбірі ӛз алдына әлеуметтік институт және ҧлттық бірлік, ҧлттық сана сезім, ҧлттық рух осыларға тікелей тәуелді болып келеді. Бҥгінгі таңда еліміздегі діни ахуал және халқымыздың діни сенім-нанымы ҧлтымыздың тірегі, дінгегі ретінде қызмет етіп отырма-мәселе осыда және бҧл мәселе терең зерттеп, саралауды, талдауды қажет етеді. Жалпы алғанда дін- бҧл сенімнен, нанымнан, иланудан тҧрады және идеологияның қызметін атқарады. Адамның іс-әрекетінде, мінез-қҧ лқында, ниетінде, жалпы ӛмірінің барлық саласында діни сенім ҥлкен ықпалға ие. Кез келген

248

(2)

адам ӛз әрекетінің дҧрыстығына, сол әрекет қолынан келетіндігіне сенімі болғанда ғана әрекетке барады. Белгілі социолог Т. Парсонстың пікірінше қоғамда қҧқықтық нормаларға қарағанда моральдық нормалардың орны маңызды [2]. Дін моральдық нормалардың ӛзегі екендігі айтпаса да тҥ сінікті.

Бҥгінгі кҥні елімізде кӛзге кӛрінбейтін діни идеологиялық кҥрес майданы жҥріп жатыр. Кӛне заманнан барлық идеологияның негізі діннен басталатынын білсек, тарихтағы және бҥгінгі кӛптеген соғыстардың себептері діни қақтығыстар болғанын тҥсіне білсек, бҧған жеңіл желпі қарауға болмайтынына кӛз жеткізуге болады.

Елімізде кӛп ӛкілдері мен діни сенімі әртҥрлі адамдардың тату тәтті ӛмір сҥ ріп отыруы ҥлкен мақтанышпен айтылып жҥр. Дегенмен елімізде кҥн санап діни ҧйымдар мен конфессиялар санының ӛ суі алаңдатарлық жайт. Мысалы 1989 жылы Қазақстанда барлығын қосқанда 700-дей діни бірлестік тіркелген болса, қазіргі таңда олардың саны 3 мыңнан асыпты.

Республикада 42 діни конфессия әрекет етеді [3]. Аз ғана халқы бар Қазақстан ҥшін осынша діни бірлестіктердің шектен тыс кӛп екені ӛ зінен-ӛзі тҥсінікті жағдай.

Діни ҧйымдар мен мен конфессиялардың ӛз діндерін ашық насихаттауы, қазақ жастарының ӛз діндеріне алдап арбап тартулары, µз діндеріне кіргізіп алулары ол ҧйымдардың қызметінің ешқандай қадағалаусыз болуы жағдайды ушықтырып отыр. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам қандасымыз ӛзге дінге кіріп кеткендігі айтылуда [3] және бҧл процес жалғасуда.

Осы арада М. Тазабековтың:

―Ӛзге дінге кӛбейсе ӛтушілер Сол болар тамырыңды қиған пышақ,

Бір-бірімізбен қырылысып жатпайық Екі дінге бӛлінген Ливанға ҧқсап‖ - деген ӛлеңдері діннен келетін қауіптің ӛ те ҥлкен

екенін аңғартса керек.

1960-жылдары тәуелсіздігін алған Африка, Азияның кӛптеген елдері 2000 жылы 40 жылдығын атап ӛтті. Оны «Сорок потерянных лет» деді. Бҧлар аш емес, ептеп кҥ ндерін кӛ ріп жатыр. Бірақ білімі кем, жерінен айрылған, елінде миссионерлер қаптап кеткен, мәдениеті тозған [4]. Біздің де қырық жылдан кейін осындай жағдайға тап болмауымыз ҥшін қазір ойланып, шешім қабылдауымыз керек.

Әлемдегі ланкестік әрекеттердің кҥшеюіне байланысты қауіпті ланкестік, экстремистік ҧйымдарға жатқызылған 12 ҧйымның қызметіне республикада тыим салынды. Олардың дені Ислам дінінің атымен байланысты ҧйымдар. Бҧдан республикаға қауіп тек исламшылардан тӛніп тҧр деген пікір тумауы керек. Еліміздегі біраз ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бҧл тізімге Евангалистер секталарын, «Иегово куәгерлері» ҧйымын және т.б. секталарды кіргізу қажет деп санайды.

Жалпы еліміздегі халықтың діни сеніміне талдау жасайтын болсақ, Ислам дініне мойынсҧнушылар 70%-ға тең болса, 28%-ы православие дінінің ӛкілдері, 1%-ы католиктер, 0,5%-ы протестанттар, қалғандары 0,01%-дан екен [3]. Яғни, еліміздегі халықтар ҧ станатын негізгі дін- Ислам діні. Тарихқа жҥгінер болсақ Ислам діні қазақ жеріне таралуы ҤІІІ ғ. бастау алады.

Біздің мемлекетіміз зайырлы мемлекет болғанына қарамастан елімізде ислам дініне басымдық берілуі керек және қазақ ҧлтының тірегі, ҧлттық рухтың ӛзегі- ислам дінінде екенінде ешкімнің дауы жоқ деп есептейміз. Дегенмен Ислам діні ҧлттың негізгі тірегі, ҧлттық рухтың ӛзегі, ҧлтты біріктіруші идеологиялық кҥш ретінде қызмет етіп, µзіне міндетін толыќ атќарып отырма- мәселе сонда болып отыр. Халқымыздың басым кӛпшілігінің ҧстанатын діні-Ислам, қазақ ҧлты ӛкілдерінің барлығы дерлік мҧсылмандар бола тҧрса да, еліміздегі діни ахуал сын кӛтермейтін жағдайда тҧр деп айтуға жоғарыдағы келтірілген дәйектер толық негіз болады. Бҧл мәселенің бір жағы болса, екінші жағы Ислам дінінің ішінен тҥрлі ағымдар мен сенімдердің пайда болып, халықты адастыруы. Осы мәселеге тереңірек ҥңілер болсақ, еліміздегі ислам

249

(3)

дініндегілердің басым бӛлігі ӛздерін мҧсылманбыз, дініміз Ислам деп санағанымен, Қҧдайдың қҧлымыз, Мҧхаммедтің ҥмбетіміз деп иман келтіргенімен Исламның шарттарын толық ҧстанбайды. Осыған байланысты М. Тазабековтың:

―Бҧл қазаққа Ислам, иман керек, Кісі ӛ лгенде немесе тҥс кӛргенде‖ – деп айтқан ӛлең шумақтарында толық негіз бар.

Жалпы еліміздің діни сенімін зерттеушілер бір тобы біздің сенім нанымымыз халқымыздың салт-дәстҥ ріне, әдет-ғҧрпына негізделген Ислам діні екенін айтады және бҧл тенденцияны оңды бағалайды. Енді бір зерттеушілер тобы керісінше халықтың салт-дәстҥрмен, әдет-ғҧрыппен діннің жігін ажырата алмауы халықты адасушылыққа, діннің негізінің бҧрмалануына алып келеді және қандастарымыздың басқа дінге ӛтіп кетулерінің негізгі себебі де осы адасушылықтан дейді. Ислам дініне бет бҧрушылардың ішінде жастардың ҥлесінің кӛбеюі, қазіргі кезде жҧма намаздарына, айт намаздарына мешітке барушылардың дені жастар болуы қуантарлық жағдай. Бірақ, Ислам дініне бет бҧрушылардың ӛзі қоғам тарапына біраз қиыншылықтарға душар болуда. Бес уақыт намаз оқып, аузынан Алланы тастамай жҥретіндерге, сақал-мҧрт қоюшыларға, хиджап киіетін қыздарға, қоғамның барлық мҥ шелері оң кӛзбен қарайды деп айту қйын. Ӛйткені әртҥрлі Хизбуд-Тахир, Бахаббизм сияқты ағымдардың пайда болуы, терроризм, эктремизм және ланкестік әрекеттердің ислам дінімен байланыстырылуы оларға кҥдікпен қарауға алып келудің бір себебі болса, екінші себебі 70 жыл бойы дін апиын деп атеистік бағытта ҧрпақ тәрбиелеген коммунистік идеологияда деп ойлаймыз. Сонымен қатар діни сауаты бар, ислам дінінің қыр сырын білетіндер, терең меңгергендер жастар арасында, білім ҧйымдарында ҥгіт насихат жҥргізе алмайды. Ӛйткені, кӛп адамдар оларға теріс кӛзқараста болса, екіншіден оларды тәртіп сақшылары республикамызда әрекет етуге тыйым салынған ланкестік ҧйымдарға қатысы бар деп қыспаққа алуы мҥ мкін. Бҧл заңды қҧбылыс, ӛйткені Ислам дінін ҧстанушылардың қайсы бірі шынай дінді ҧстанып Қҧдай жолында жҥ ргендігін, қайсы бірі халықты іштей ірітіп шірітуді, мемлекетті қҧ латуды мақсат етіп, Халифат қҧ руды кӛксейтінін ажырату ӛте қиын.

Еліміздегі ―Еңбек туралы‖ заңға толықтырулар енгізіліп Қҧрбан айт мерекесінің алғашқы кҥнімен православие дінінің рождествосын мереке кҥндері етіп қабылдануы ҥлкен проблемалық мәселелерді алып келуі мҥмкін. Жоғарыда халқымыздың 28%-ы православие дінінің ӛкілдері екендігін айтқанбыз. Ҥлесі жағынан біршама басымдыққа ие болып отырған православие ӛкілдеріне заң жҥзінде статус беру елдегі діни жағдайды ушықтырады деген қауіп бостан босқа туған қауіп емес. Орыс тілін ресми тіл ретінде заң бойынша жариялануы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің қҧшақ жаюна кедергі болып, қазақ тілінің аясын тарылтып отырғанын кӛре отырып, осы заңды қабылдау арќылы сол қателікті тағы қайталадық деп санаймыз.

Осы аталған жайттардың барлығы негізсіз емес, сондыќтан діни мәселерді шешуде батыл қадамдар жасалу керек. Ол ҥшін келесідей біз µз тарапымыздан мемлекет басшыларына,

‡кіметке келісідей ±сыныстар береміз:

- ең алдымен шетелден ағылып келіп жатқан діни миссионерлердің келуіне тиым салу;

- елдегі діни ҧйымдар мен конфессиялардың, бірлестіктердің қызметін мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алу, олардың санын барынша азайту;

- қабылданған еліміздің ―Еңбек туралы‖ заңын қайта қарап, православие дінінің рождествосын мереке кҥні деп белгілемеу;

- ислам дінінің кеңінен насихатталуына мемлекет тарапынан ықпал ету және жҧмысын қатаң қадағалап, бҧрмалануына жол бермеу;

- ислам дініне басымдық бере отырып халықтың діни сауатын ашуға БАҚ-ты жҧмылдыру.

Дінніњ ҧлттыњ ҧлт болып сақталып қалуыныњ негізгі факторы екенін, діни бірлік болмай ҧлттыќ бірлік, ҧлттық рух, ҧлттық сана болмайтынын ҧғатын сєт жетті деп санаймыз. Жаһандану заманы єлемді жаулауына орай уаќыт µте келе майда ҧлттардың жойылып, жоѓалып

250

(4)

кететіні жайлы айтылуда. Ќазаќ ҧлтының ҧлт ретінде саќталуыныњ, ҧлттық келбетін саќтап ќалуыныњ бірден бір кілті- ол діни бірлігінде жєне ол діни бірлікті Ислам діні ќамтамасыз етеді деп ойлаймыз.

Әдебиеттер 1. А. Айталы. Жаһандану және ҧлт мәселесі. // Егемен Қазақстан, №51-54 (25026) 27

ақпан 2008ж.

2. Ю.Г. Волков, И.В. Мостовая. Социология в вопросах и ответах. Москва, 1999.

3. Досалы Салқынбек. Діни идеологиядан діни қақтығысқа дейін... .// Егемен Қазақстан.10 мамыр 2006ж.

4. Ҧлттық идея-ҧлы ҧйытқы. //Егемен Қазақстан. 6 сәуір 2005ж.

Referensi