• Tidak ada hasil yang ditemukan

Просмотр «Том 4 № 4(74) (2020): «Филология ғылымдары» сериясы» | Вестник Серия «Филологические науки»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan " Просмотр «Том 4 № 4(74) (2020): «Филология ғылымдары» сериясы» | Вестник Серия «Филологические науки» "

Copied!
499
0
0

Teks penuh

(1)

ТІЛ БІЛІМІ ЛИНГВИСТИКА

LINGUISTICS

МРНТИ 14.01.23 https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.01 Абасилов А.М.1

1 Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан

Қ. МҦХАМЕДЖАНОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҦЖЫРЫМДАРЫ Аңдатпа

Мақалада кҿрнекті қаламгер, драматург, аудармашы Қалтай Мұхамеджановтың қазақ тілінің мемлекеттік тіл мҽртебесі, ана тілі ретіндегі орны, ҽдеби тіл болып нормалануы, тіл тазалығы, тіл мҽдениеті,тіл экологиясы, тіл саясаты тҿңірегінде ҽлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары қарастырылады. Мақалада бұл мҽселелер үш бағытқа бҿлініп талданады. Оның біріншісі – жазушыныңдрамалық шығармаларындаарнайы проблема етіп кҿтерген тіл тазалығы, тіл экологиясы мҽселелері. Екіншісі –қаламгердің драма тіліне, оның сахнадағы кҿрінісіне, актердың сахнадағы тіл қолданысына, режиссердің тіл мҽдениетіне жауапкершілігіне қатысты ой-тұжырымдары мен сындары.

Үшіншісі –тіл жанашыры, қоғам қайраткерінің қоғамдағы тілдің мҽні мен қызметі, тіл саясаты, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытуды қолға алуға байланысты ҽлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары.

Тҥйін сӛздер: Қ.Мұхамеджанов, ҽлеуметтік лингвистика, қазақ тілі, драма тілі, сахна тілі, тіл мҽдениеті, мемлекеттік тіл

Abassilov A.1

1 Korkyt Ata Kyzylorda state university, Kyzylorda, Kazakhstan

SOCIOLINGUISTIC CONCEPTS OF K.MUKHAMEDZHANOV Abstract

The article deals with the socio-linguistic concept of eminent writer, playwright and translator Kaltai Mukhamedzhanov in the field of state language status, its role as mother tongue, the normalization of the literary language, the purity of the language, language culture, language ecology, language policy. These problems are analyzed in the article dividing them into three areas. The first is the problem raised in the writer's dramatic works in the field of language purity and its ecology. The second is the writer's statements and concepts regarding the dramatic language of writers, the stage language, the scope of the actor's use of the language on stage, and the Director's responsibility for the language culture. The third is sociolinguistic concepts of a public figure regarding the role and significance of language in society, in the sphere of language policy, and in the development of language as a state language in the territory of our Republic.

Keywords: K. Mukhamedzhanov, sociolinguistics, Kazakh language, the language of drama, stage language, speech culture, state language

Абасилов А.М.1

1Кызылординский государственный университет имени Коркыт ата, Кызылорда, Казахстан

СОЦИОЛИНГВИСТИЧЕСКИЕ КОНЦЕПЦИИ К.МУХАМЕДЖАНОВА Аннотация

В статье рассматриваются социально-лингвистические концепции видного писателя, драматурга и переводчика Калтая Мухамеджанова относительно статуса государственного языка, его роли как родного языка, нормализации литературного языка, чистоты языка, языковой культуры, экологии языка, языковой политики. Статья дает анализ данных проблем, разделяя их на три направления. Первое – поднятые в драматических произведениях писателя проблемы в области чистоты языка и его экологии. Второе – высказывания и концепции писателя в отношении драматического языка писателей, язык в сценической постановке, сфера применения языка актером на сцене, ответственность режиссера за культуру языка. Третье – социолингвистические концепции общественного деятеля

(2)

относительно роли и значения языка в жизни общества, в сфере языковой политики, развития языка в качестве государственного на территории республики.

Ключевые слова: К.Мухамеджанов, социолингвистика, казахский язык, язык драмы, сценический язык, культура речи, государственный язык

Кіріспе. Тіл теориясында бір-бірімен ҿте тығыз байланысты «тіл», «ойлау» жҽне «сҿйлеу» деген лингвистикалық, философиялық жҽне психологиялық ұғымдар бар. Тіл – баға жетпес жалпыадамзаттық құндылық, ҽлеуметтік құбылыс, ойлаудың құралы. Ойлау – танымның ең жоғары сатысы, нақтылы болмыстың бейнелеу процесі. Ол түсінік, пайымдау, теория арқылы жүзеге асады. Ойлау процесі негізгі үш жағдайдан тұрады:ҽлеуметтік- тҽжірибелік; бейнелілік-кҿріністік; сҿздік-қисындық.Ал сҿйлеу – бұл ҽрекет ету. Сҿйлеу тілдік таңбалардың жанама қатысыарқылы жүзеге асады. Сҿйлеу процесі бір жағынан, ойды тілдік (сҿйлеу) құралдармен қалыптастыру жҽне тұжырымдау болса, ал екінші жағынан – тілдік құрылымдарды қабылдау жҽне оларды түсіну болып табылады.

Сҿйлеу негізінен психологиялық категория. Сондықтан тіл мен сҿйлеудің арасында ҿзіндік айырмашылықтар бар.

Тілде болғанның бҽрі сҿйлеуде болады, ал сҿйлеуде болғанның бҽрі тілде бола бермеуі мүмкін. Міне, осыдан келіп сҿйлеу лингвистиканың нысанына айналады. Сҿйлеуде болғандар тіл үшін, тілдік қолданыс тҽжірибесі үшін зерттеледі. Олай болса, қандай да бір қаламгердің, сҿз зергерінің тілін зерттегенде бұлар ҽрқашан есте болатын қағидалар, когнитивті лингвистикалық талдау амалдары. Бұл ҽсіресе Қ.Мұхамеджанов сынды драматургтың тілін, сҿз қолданысын талдағанда айналып ҿтуге болмайтын шарттар. Ҿйткені драмалық шығармаларда жоғары аталған ойлаудың ҽлеуметтік-тҽжірибелік, бейнелік-кҿріністік белгілері де сҿздік-қисындық жағы да, сҿйлеу ҽрекеттері де тіл тұтынушының кҿз алдында болады. Драмалық шығарманың барлық идеясы, психологиялық сыры оның тілімен ашылады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас та сол арқылы беріледі.

Талқылау. Қ.Мұхамеджанов тек халық жазушысы, кҿрнекті қаламгер, драматург, аудармашы ғана емес, ҿз мҽніндегі тіл жанашыры, тіл тазалығына, тіл мҽдениетіне зор үлес қосқан, ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде қолдануы мен ҿркендеуіне барынша атсалысқан қоғам қайраткері. Біз осы шағын мақаламызда Қалтай Мұхамеджановтың тіл тҿңірегіндегі ерекше кҿңіл бҿлген мҽселелерін топтастыра отырып тоқталуды жҿн кҿрдік.

Оның біріншісі – жазушының драмалық шығармаларында арнайы проблема етіп кҿтерген тіл тазалығы, тіл экологиясы мҽселелері. Екіншісі – қаламгердің драма тіліне, оның сахнадағы кҿрінісіне, актердың сахнадағы тіл қолданысына, режиссердің тіл мҽдениетіне жауапкершілігіне қатысты ой-тұжырымдары мен сындары. Үшіншісі – қоғам қайраткері, тіл жанашырының қоғамдағы тілдің мҽні мен қызметі, тіл саясаты, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытуды қолға алуға байланысты ҽлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары. Енді осыларға жекелей тоқталып ҿтейік.

1. Жазушының драмалық шығармаларында арнайы проблема етіп кӛтерген тіл тазалығы, тіл экологиясы мәселелері. Белгілі қаламгер Шыңғыс Айтматов: «Біздің елде жақсы жазушы кҿп. Ҽйтсе де жазу- сызудың «ауқымдық» жинақтаушылық тҽсілін, прозаиктің қалт етпес дҽлдігін, ақынның ҽсершілдігі мен ҽуезділігін, философтың сарабдалдығын қатар меңгерген жҽне мұның сыртында, артистік іштей түлеу қабілетін дарытқан адам ғана пьеса жасай алады. Сондықтан да бізде нағыз драматургтер тым аз, ал мен Қалтай Мұхамеджанов досымды, сондай дегдарлар санатына қосамын», - деген баға береді [1., 5]

Қ.Мұхамеджановтың қаламгерлік бейнесін сипаттай келіп белгілі ақын Ҽ.Тҽжібаев былай дейді: «Қалтай адамның ішін аңғарғыштығымен қабат сыртын да танығыш. Кейде ол кісінің сырт пішініндегі кҿріністерді скульпторша қабылдап, дҽл түсіндіретін ат беріп жүреді. Сонда біз кҿңілдене мүсіншінің де күлдіргіші болады екен- ау десіп қаламыз. Ол біреуді тазының күшігіндей десе, енді біреулерді аюға, атанға, ешкіге теңеп сҿйлейді, соның бҽрінде де адамның пішіні мен мінез ұқсастықтары айнымай жетіп жатады. Біз Қалтайдың осы қасиеттерін оның комедиялық пьесаларынан түгел кҿреміз. Ол күлкілі оқиғалармен қатар, күлкі шақыратын мінездерді де сахнаға оп- оңай шақырады. Адамның белгілі бір ортаға жараспайтын, қонымсыз қылықтары мен ҽдеттерін кҿрермен қауымға ұсына қоюға Қалтай ҿте шебер. Осындай персонаждар ҿз кемшіліктерін аңғартпау үшін ҿзі білмейтін, танымайтын мҽселелер туралы да білгір, айтқыр болуға тырысады. Біз одан бетер күлеміз. Қара кҿңіл адамдардың ақ кҿңіл болып сҿйлейтіні, қорқақтың батырсынуы, ҽлсіздің күштісінуі, ойдың, қылықтың одағайлықтары, кҿңілі күңгірттік пен тілі қысқалар, толып жатқан осындай нҽрселер Қалтай комедияларында мол-мол орын алады» [2., 6].

Қ.Мұхамеджанов кеңестік заманда қазақ тілінің бейшара күйге ұшырай бастағанына дабыл қағып, оның тек қолдану аясы ғана емес, оны екінші сортты тіл ретінде менсінбеушіліктің белең алып келе жатқандығын драмалық шығармашылығында батыл түрде кҿтеріп, жеріне жеткізіп, ҽжуалап та, ҽшкерлеп те айта білген. Мысалы, 1959 жылы сахналанған «Бҿлтірік бҿрік астында» атты комедиялық пьесасында Марфуға атты кейіпкері: «Ну хорошо!

Заниматься етсем, орыс грамматикасын как-нибудь білуге болады, ал қазақ тілімен миды ашытқаны, просто нетерпимо!..», - дейді. Тағы сол Марфуға ҿз күйеуіне: «Однако есіңде ме?.. Мы с тобой любви обьяснялись на русском языке», - деуі немесе «Спасибо, хоть сендер признаете менің культурный адам екенімді. Ал, байым «осы нарядыңды ұнатпаймын» дейді. Ох, шаршалғандым», - деп қойыртпақ (пиджин) тілде сҿйлеуін күлкі ете отырып, тҿл тілінен, мҽдениетінен айырлағанқоғамның сиқын кҿрсетеді.Осындай ҿз тілінде де, орыс тілінде де жарытып жазып, сҿйлей алмайтын, соның салдарынан ойы шорқақ, мінезі олақ адамдар типінжасайды.Автор қоғамдағы мұндай адамдардың екі түрлі кейпін кҿрсетеді.Бірі - қалада туып, қалада ҿскен, кҿбінесе билік тұтқасын ұстап отырған, ҿз ұлтын ҿзгеге мансұқ еткен шенеуніксымақтардың балалары, ҿз ана тілінен уызында жарымаған мҽңгүрттер. Келесісі – ҿз тіліне ҿзге тілді араластырып сҿйлемесе модадан қалып қойғандай кҿрінетін, кҿп білем мен кҿп кҿрдім деген кеудемсоқтар. Мысалы, пьесадағы мына диалогқа назар аударып кҿрейік:

(3)

Арыстан. Мен бір жағынан ҿзі, ҽдебиетші адаммын. Однажды папам айтқандай, қазақтың гениальный бір мақалын білесіңдер ме?

Ҽнуар. Мақал кҿп, қайсысын айтайық. Дегенмен ҿзің басташы!

Арыстан. Философтар болуы керек. (Ойға шомған кейпін білдіріп) «Моданың ҿзін заман туғызады» осыған орай қазақ: «Заманың түлкі болса, тазы болып бір шал» деген.

Ҽнуар (күліп). Қазіргі түрің шынында тазыға ұқсайды, шала бер енді.

Арыстан. Вот тебе на!.. Смысылына түсінбейсіңдер, университетті бітірмеді деген атымыз болмас, дипломы барлардың кҿбімен сҿйлескенде, кругозор жағынан маңайлатпайтынымды ҿзім де сеземін [3., 27].

Автор осы шығармасында сондай-ақ тіл білудің, қазақы сҿз саптаудың тамаша үлгілерін де беріп отырады. Бұл Ҽнуар, Жҽмилҽ, Сұңғаттардың сҿйлеулерінде анық байқалады.

2.Қаламгердің драма тіліне, оның сахнадағы кҿрінісіне, актердың сахнадағы тіл қолданысына, режиссердің тіл мҽдениетіне жауапкершілігіне қатысты ой-тұжырымдары мен сындары. Драматургия – Қалтай ағаның тілімен айтқанда, - жүгі ауыр, жолы қиын жанр. Оны сонау Аристотельден бастап барлық дҽуірдің ақыл иелері бас шұлғып, мақұлдаумен келеді. Сондықтан мұны талдап, зерттеу де оңайға түспейді, ҿзге жанрдай етек-жеңі кең емес. Баяндап жатуға мұрша жоқ. Сырлау-ҽрлеусіз жалаң ҽрекет үстінде адаммен бетпе-бет кездесесіз. Бұл ҿмірдің бір кҿрінісі болғанда да сол ҿмірдің жүйке тамырларының түйісе тұтасқан шытырман сҽті, жан иірімдерінің тереңнен тартылған тайталасы үстінде кейіпкерлердің ҿткені де емес, болары да емес, дҽл сізге кҿрінген мезеттегі мінез-құлқы, арман- қиялы, айла-амалының сан сырлары, күйіну-сүйінуі, мүдде-мұраты үшін айқастың шырқау шиеленісі һҽм шешілер сағаты. Жанрдың жүрегін соқтыратын, шиыршық атқан тартыс сонда ғана туады. Заман рухы, ҿмір шындығы осындай кескілескен ҽрекет үстінде адам тағдырларының тоғысуынан кҿрінеді, жамандық жер жастанып, ізгілік салтанат құрады. Үлгі тұтар жақсыны да, жиренер жат қылықты да кҿзбен кҿресіз...[4., 239].

Қ.Мұхамеджанов – қазақ драматургиясының ҿсіп-ҿркендеуіне, оның классикалық бағытта дамуына жол сілтеген ҿнертанушы, сыншы. Оның бұл салада кҿптеген сын-мақалалар мен ой-толғаныстары, пікірлері кҿп-ақ.

Солардың ішінен драма тіліне, оның сахнадағы кҿрінісіне, актердың сахнадағы тіл қолданысына, режиссердің тіл мҽдениетіне жауапкершілігіне т.б. ой-тұжырымдары мен сындарына кҿз жүгіртейік. Қ.Мұхамеджановтың кҿптеген мақалалары қазақ драматургиясының болашақтағы келелі мҽселелеріне арналған. Ол кҿбіне драмалық шығармалардың теориялық жағы мен сахналық қойылымдарын қатар талдап, ҿзіндік сын-ескертпелерін айтып отырады. Ҽсіресе шығарма тіліне ерекше назар аударады:«Жақында Байжанов пьесасының соңғы нұсқасын «театр қайта қойғалы жатыр» деп Мҽдениет министрлігімен шартқа отырды. Біздің қолымызда шығарманың бастапқы нұсқасы мен соңғы нұсқасы бар. Енді екеуін салыстырып, Байжановтың творчестволық қабілетін айқындау үшін

«Ҽлия Молдағұлова» туралы пьесаға талдау жасап кҿрейік. ...Ленинград қаласы, 1941 жыл. Оныншы класты бітірген оқушылардың сауық кеші. Перде ашылғанда Қайсар деген жігіт (ол да оныншы класты бітіген) сахнада жалғыз.

Ҽлияны ол жақсы кҿреді. «Жүрегім жас шыбықтай толқиды» (шамасы жүрегі ҽрі жіңішке, ҽрі ұзын болуы керек).

«Кҿңілімде кҿк мұхит ойнайды (теңеудің түрін қараңыз!). «Бір үнсіз тіл сыбырлайды» (сыбырлаудың ҿзі үн емес пе?) деген елжіреген жүректің сырына тап боламыз. Ҽлия шығады, бірақ екеуі жарытып ешнҽрсе айтпайды.

Институтқа түсу ҽңгіме болады. Қайсар ҿз сезімін айтайын десе, Ҽлия беттетпейді. Аздан соң барлық оқушылар сахнаға шығады. Радио сҿйлейді, соғыс басталғандығы хабарланады. Енді Ҽлия елге қайтпақшы болады. Ҿйткені оған ағасы пропуск алып берген. Осы сҽтте майдандағы Қайсардан хат келеді. Ҽлия газеттен Зояның ерлігі туралы хабар оқиды. «Аяғымды ақау (?) баса жаздаппын, қайтпаймын» дейді ол. Сонан соң снайперлер дайындайтын мектепке түсіп, майданға барады. Үш күн, үш түн аңдып, бір немісснайперін атып түсіреді. Оны штабқа алып келеді.

Жаңа ғана ағаш басынан ҿлі қарғадай жалп ете қалған неміс снайпері штабқа келгенде ешқандай оқ тимеген, жараланбаған болып шығады. Полк командирінің алдында сайрап қоя береді. Осы кезде ойда жоқта Ҽлияның сүйген жігіті Қайсар келіп қалады. Ҽлия қашан шабуыл болады деп асығады да жүреді. Шабуыл басталғанда жауып тұрған оқтан жасқанбай, тҿбеге шығып уралай жҿнеледі. Қардай бораған оқтың бірде бірі Ҽлияға тимейді. Мұндай ғажайыпнамаға дүниежүзінің ҽйгілі суайты Мюнхаузен де таңданар еді. Қырғын атыста бірі ҿліп, бірі жараланып жатқанда Сҽрсен деген солдат: «Ат қайда ақбақайдай арты желген,

Қыз қайда қалқатайдай кҿзі күлген», - деп аңыратып ҽн салады. Бұл қай қуанышта кҿтерілген кҿңілді ҽн екені автордың ҿзіне ғана аян шығар. Соңғы картинада Ҽлия «Ҿлуге жазса, ҿле беру керек» деп құдайға мойын ұсынады да, ұрыста қаза табады. Міне, Ҽлия туралы пьесаның жалпы желісі осы», - деп талдау жасайды [4., 218-219].

Осы пьесаның сахнаға қалай шығып, қалай қойылғаны туралы ол былай деп жазады: «...Арқаусыз жаба тоқи салған, мҽн, мағына жоқ желбауыз шығарманың дүмбілез бір түрі болатын. Драмалық шығармаға тҽн тартыс, адам характерін ашатын кҿркем тілден жұрдай еңбек жас авторға кҿмек болсын деген кейбір мүсіркеушілер – «игі ниетпен» республикалық жасҿспірімдер театрына апарып телінді. Орамсыз тіл, осал жіппен кҿктелген шикі шығарма жас коллективті кҿп машақатқа душар етті. Ҽлияның сахнаға жанды бейнесі емес, сүлдесі ғана шықты» [4., 218].

Сахнада қойылған шығармаға алдымен жауапты оның режиссеры екендігін айта отырып, оның ҿзіндік міндеттерін саралап кҿрсетеді. «Сҿз ҽрекетінің керемет күшін терең ұғынып, сезіну үшін, ұлттық тілдің бояуын ұғу үшін сол тілді жете білу керек. Бұл ретте режиссер де тіл ерекшеліктерін тексеретін ғалым болғаны жҿн», - дейді.

«Режиссер драматургиялық шығарманы біржақты кҿрмей, оны тұтастай, сахналық тұрғыдан ҿсіріп, ой кҿзімен байытып кҿре білуі керек. Ҽрбір жазушы драматургтың творчествосының ерекшелігін, оның стилін айқындап алған жҿн. Сонда ғана сахналық жақсы шығарма тумақ».«Сахна ҿнерінде ҽсіресе классикалық шығармаларды қоюда

(4)

идеясы, дҽуірдің салты мен ҽдет-ғұрпы, адамдар характері, психологиясы пьесаларда диалогтар арқылы білінетіні бізге мҽлім. Драма тілінің идеялық маңызымен қатар оның эмоциялық қасиеті бар. Ойнайтын актер оның идеялық қасиетімен қатар, эмоциялық күшін де айқын сезінуі тиіс. Соны ҿзінің бар тынысымен айтуы қажет. Бұны түсіндіру дережиссердің міндеті», - деген ой айтады.

Тіл мҽдениетінің нағыз кҿрініс беретін, жұртшылықты кҿркем де шешен сҿйлеуге баулитын немесе тіл білмеушілікті, сҿйлей алмаушылықты ҽшкерелейтін де сахна жҽне оның актерлері. Ҿйткені олардың ойнап отырған рҿлдері сол залдың кҿрермендері, сіздер мен біздер. Сондықтан да автор актерлерге мынадай талап қояды: «Актер ҿнерінің негізгі құралы – сҿз. Сахнадағы сҿз ҽрекетінің керемет күшін, интонациясын, қысқасы, сҿз бояуын ұғу үшін сол тілді білу керек».

3. Қоғам қайраткері, тіл жанашырының қоғамдағы тілдің мәні мен қызметі, тіл саясаты, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытуды қолға алуға байланысты әлеуметтік лингвистикалық тҧжырымдары.

Қоғам немесе жеке адам тіл дамуына қалай ҽсер етеді немесе адам тілден нені ҿзгерте алады деген сұраққа ҽлеуметтіклингвистика ғылымы жауап береді. Ол тіл екі түрлі жолмен дамиды не қолданыстан шығып жойылады дейді. Бірі -ұйымдастырылмаған (стихиялы) түрде даму не жойылу.Екіншісі - арнайы ұйымдастырылған түрде дамыту не жою. Мұның екіншісі адамның саналы ҽрекетімен жүзеге асады, оны тіл саясаты деп атаймыз. Адамның саналы ҽрекеті арқылы тілдамуын қолға алу алдымен мынадай мҽселелерді шешеді: тілге мҽртебе беру, ҽдеби тіл нормасын түзу, стильдер жүйесін жасау, терминологиясын жасау жҽне жүйелеу, ҽліпби жасау не ҿзгерту т.б..Осындай тіл дамытуға қатысты мҽселелерді Қалтай Мұхамеджанов ҽр қырынан қарастырған.

Қалтай Мұхамеджанов – ҿзінің проблемалық мақалаларындақоғамдағы тілдің мҽні мен қызметіне байланысты ой, пікір айта білген тұлға. Тіл дамуына қоғамның саналы ҽрекеті қалай болатынын, оның пайдасы мен зияны туралы ҽлеуметтік лингвистикалық тұжырымдар жасай алған. Соның бірішісі - бүгінде қайта қозғалып, қайта қаралып жатқан ҽліпби мҽселесі. «Ақиқатына жүгінейік, аға! атты академик Ісмет Кеңесбаевқа жазған ашық хатында: «Ал енді ҿзіңізге мҽлім, жетпіс жылдың ішінде алфавитіміздің үш мҽрте ҿзгеруін қай тарихтың қанасына сыйғызарсыз. О заман да, бұ заман мұндай қиямет қай халықтың басынан ҿтті екен? Ғасырлар бойы бар қазынамыз араб алфавитімен қағаз кҿрді. Отызыншы жылдары оны мансұқ етіп, латынға кҿштік. Он жылдай оны игердік-ау дегенде қазіргіге ауыстық. Сонда бұл халық бір ғасырдың қырық жылында тарихи тамыры үш рет қырқылып, үш рет реанимацияға түскен жоқ па? Осыдан келіп мен мҽңгүрт болмағанда, кім мҽңгүрт болады», - деп қазақ жазуының жағдайына алаңдайды [4.,198].

Осы хатта тағы бір ҽлеуметтік лингвистикалық категория –«ана тілі» ұғымына ұлттық сипаттағы керемет түсінік береді. «Неге «ата тілі» емес, «ана тілі» болғаны қалай? Деген сауалдар да жүретін. Бақсақ, сонау тайпа дҽуірлерден күнді кҿсеумен шығарып, бақанмен батырып, ғұмыр кешкен халық келе-келе салған шаһарлары, кҿтерген қорғандары моңғол шапқыншылығында талқаны шығып, жермен-жексен болғасын баяғы кҿшпелі кебін қайта киіпті. Сонымен жаз айларында Сыр бойы Арқаға, Арқа оңтүстікке беттейді. Атырау мен Алтайдың да тоқайласар жайлауы болыпты. Бел құда, бесік құда, қарсы құда деген ҽрқилы құдалықтардың неше түрлі рҽсімімен келін түсіру салтқа айналыпты. Осылайша Арқаның қызы Сырға, Сырдың қызы Арқаға, Алтайдың қызы Атырауға, Атыраудың қызы Алтайға ерсілі-қарсылы келін болып ұзатылып жатыпты. Бұлардан дүниеге келген сҽбидің тілі ананың ҽлдиімен шығыпты. Түстігі мен теріскейі, шығысы мен батысы мыңдаған шақырымды алып жатқан кең байтақ далада дҽурен кешкен халықтың тілінде селкеулік болмапты. Сҿйтсе еркегі мал бағып, мекен қорғаумен болса, халқының тілі аналардың ақ мейір адал сүтімен жасалыпты. Бұхар мен Жамбылдың, Абай мен Махамбеттің тілдерінде япырай бұл қалай дейтін жік-шекара болмауы да аналарымыздың құдіреті екен [4., 198]

Осында сондай-ақ қазақ тілінің диалектіге бҿлінбейтін біртұтастығы айтылып, оның тазалығы, пҽктігі ана құдіретімен байланыстырылады. Қ.Мұхамеджанов тілдің маңызы мен мҽні туралы былай дейді: «...қай халықтың тілі болмасын, ҿзі болсын қилы замандарды басынан кешкен. Тіл құдайыңнан да, дініңнен де дүниеге бұрын келді.

Мекен-тұрағынан ауғанда да халықтың арқалап кетер жалғыз байлығы, жалғыз қазынасы – тілі. Тілінен айырылған халық адамзат тарихының кемесінен, уақыт назарынан тыс қалады. Оның рухани қазынасы да, тарихы да ешкімге керек болмайды»[4., 198-199].

«Ақиқатқа жүгінейік, аға» атты академик І.Кеңесбаевқа жазған ашық хаты Қалтай ағаның тіл мҽселесіндегі жан айқайы екенін кҿреміз. Бұл кезінде (1989 жылы) орыс тіліне де мемлекеттік мҽртебе беруіміз керек деп қыңыр тартып, қиғаш кеткен қазақ тілінің маманы, белгілі академикке ашына жазған хаты болатын. Онда ол: «Сҽл саңылауы бар адамға бір ғана этникалық қауымға қызмет етуге шамасы келетін қазақ тілінің орыс тіліне қауіп тудырып отыр деуі – күнді алақанмен жауып тастады дегендей ҽумесер – ҽңгүдіктің далбасасы. Бұл интернационалдық ынтымақтан гҿрі ұлтаралық бірліктің берекесін алып, қайта құру кезеңінің шырқын бұзу ниетіндегілердің кҽсібі екендігін түсінуге кҿп ақылдың керегі жоқ». «Екінші, сіз бен біз сияқтылар бас қамын ойлап, балаларымыздың ҽуселесіне бағынсақ, мен де сізді қолдай кетуім мүмкін. Бірақ, қырық процентіңізді шығарып тастағанның ҿзінде оның ар жағында ата-бабасының мұрасына еге болып, ҽдебиеті мен мҽдениетін ҿркендетіп отырған тҿрт миллионнан аса халқымызға не бетімізбен қараймыз», - деуі бүгінгі билік басындағыларға да айтылған сын екендігінде дау жоқ [4.,201].

Мұнан шығатын қорытынды сол, қазақ тілінің бүгінгі ахуалы сол кездің ҿзінен тҿмен. Бұл ауыр да болса, шындық. Ҿйткені сол академиктің кҿксегеніндей орыс тілінің «мемлекеттенбеген» мҽртебесін қолдаушылар оны ресми тіл дҽрежесіне кҿтеріп отыр. Бұл барып тұрған заңсыз ҽрекет. Біріншіден, бір мемлекет аумағында

«мемлекеттік тіл» жҽне «ресми тіл» деген терминдер синоним сҿздер ретінде қолданылады. Оған қарасақ, қазақ тілін

(5)

мемлекеттік тіл деп те, ресми тіл деп те айтуға құқылымыз. Екіншіден, Қазақстан – бір ұлтқа, яғни қазақ ұлтына басымдылық берілген унитарлық мемлекет. Сондықтан да екі тілге бірдей мҽртебе беру заңсыздық. Екі немесе үш тілге мемлекеттік мҽртебе берушілік тҽжірибе кҿрсетіп отырғандай федералдық мемлекеттерге тҽн. Үшіншіден, біздің конституциямызда да, тіл туралы заңымызда да Қазақстан Республикасының ресми тілі – орыс тілі деп кҿрсетілмеген, тек оның қолданылу аясы ғана айтылған. Демек, Қазақстанда орыс тілінің ресми тілі екіталай.

Бүгінгі таңда елімізде бҽрімізді біріктіретін нақты бір идеология жоқ деп жүрміз. Мұндай идеология бар, ол – тіл. Бұл жҿнінде де Қалтай ағаның керемет ойлары бар. Бұл оның «Идеология – тіл» атты мақаласында айтылады.

Қорытынды. Сҿз соңында Қалтай ағаның мынадай бір керемет шешендік сҿздеріне кҿңіл аударайық: Ой- жігердің ҿртімен кеткен Шоқан, ереуіл мен егеулі найзаға шақырған жыр дауылы Махамбет, кісенді ашқанымен қуғыннан құтыла алмаған Құрманғазы, жартастан жаңғырық естіп жаралы жүрекке жай таппай, күңірене сыр шерткен Абай, ҽуеніне аспандағы құс айналған Біржан мен Ақан осылардың бҽрі елім деп еміреніп ҿтсе де, мезгілінде мерекелі мүшел тойын ҿткізу былай тұрсын, бас бостандығы мен ой азаттығының ҿзіне зар-зҽру болып кетті. Бірақ олардың арманын арқалап халық қалды. «...Қазақ топырағы қашан да талантқа тапшы болып кҿрмепті.

Біз білетін тарихта қазақ ҿнерінің бұлағы таяз тартқан кезең болды дегенді есіткен де, кҿрген де емеспіз. Сондықтан да болар, ҿнер атаулының ҿктем талант иелерін ту тұтып тҿбесіне ұстау оның ҽлімсақтан бергі ата дҽстүріне айналған. Жаңа заман, жаңа уақыт, жаңа қауым бабалардың сол бір қасиетті үрдісінің ізін жоғалтпады, қайта ол дҽстүрдің бұрынғыдан да гҿрі салтанатын асырды» деген сҿздерін бүгін Қалтай ағаның ҿзіне айтамыз.

Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:

1 Айтматов Ш. Менің Қалтай досым // Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1-т.

Пьесалар. Сахна сазы. Кинофильмдер туралы. – Алматы, Атамұра, 1998. – 320 бет.).

2 Тҽжібаев Ҽ. Менің інім // Саңлақ. Қалтай Мұхамеджанов туралы естеліктер. – Алматы, Атамұра, 2004. – 280 бет.

3 Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 2-т. Пьесалар. Портреттер. Ҿнер жайлы ойлар.–

Алматы, Атамұра, 1998. – 320 бет.

4 Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 3-т. Ой-толғаныстар, сұхбаттар, қолжазбалар. – Алматы, Атамұра,1998. - 416 бет.

Reference:

1. Aitmatov ġ. Menıñ Qaltai dosym // Mūhamejanov Q. Tañdamaly Ģyğarmalar. ÜĢ tomdyq. 1-t. Pesalar. Sahna sazy. Kinofilmder turaly. – Almaty, Atamūra, 1998. – 320 bet.).

2. Täjıbaev Ä. Menıñ ınım // Sañlaq. Qaltai Mūhamejanov turaly estelıkter. – Almaty, Atamūra, 2004. – 280 bet.

3. Mūhamejanov Q. Tañdamaly Ģyğarmalar. ÜĢ tomdyq. 2-t. Pesalar. Portretter. Öner jaily oilar.– Almaty, Atamūra, 1998. – 320 bet.

4. Mūhamejanov Q. Tañdamaly Ģyğarmalar. ÜĢ tomdyq. 3-t. Oi-tolğanystar, sūhbattar, qoljazbalar. – Almaty, Atamūra,1998. - 416 bet.

МРНТИ 16.21.61 https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.02 Абдирасилова Г.Қ., 1 Беркутбаева М.З. 2

1,2 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

СӚЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ Аңдатпа

Сҿз мҽдениетінің негізі –тілдік норма. Сҿз мҽдениеті дегеніміз – «тілдік тҽсілдердің ширау, жетілу дҽрежесі.

Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тҽсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы,-дейді ғалым М.Балақаев. Демек, ғалым сҿздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді ҽсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру қажет деген талап қойып отыр.

Қазақ тілінің сҿз мҽдениетін кҿтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мҽдениетінің үлкен бір саласы – сҿйлеу мҽдениеті, оны жоғары деңгейге кҿтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу жҽне сҿйлеу мҽдениетінің қазақ ҽдеби тілін қалыптастырудағы орны жҽне оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мҽселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сҿйлеу мҽдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сҿз мҽдениетіне ҽлеуметтік кҿзқарасты қалыптастыру, сҿз мҽдениетін ҽлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мҽдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сҿз мҽдениетін ұлт мҽдениетімен қатар насихаттау негізінде тіл мҽдениеті дамиды.

(6)

Тҥйін сӛздер: Сҿз мҽдениеті, тілдік норма, этикалық аспект, коммуникативтік норма, ұлттық ҽдеби тіл, тілдік құрылым, прагматикалық ауытқу

Abdirasilova G., 1 BerkutbayevaM. 2

1,2 Kazakh National Women's Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan

ETHICAL ASPECT OF SPEECH CULTURE Abstract

The basis of word culture is the language norm. Speech culture is " the degree of reproduction, maturation of language techniques. In addition, he has not only kindness, literacy, but also the skills of accurate and correct application of language techniques, phonetic, spelling, orthoepic, morphological, syntactic, stylistic phenomena,-said M. Balakaev. Therefore, the scientist insists that it is necessary to correctly use words (lexical), correctly compose. Improving the speech culture of the Kazakh language is one of the requirements of national interest. A large sphere of culture of the Kazakh language is the culture of speech, the main regularity of its rise to a higher level is the norm of correct pronunciation. The role of writing and speech culture in the formation of the Kazakh literary language and its relationship to the problems of systematization of spelling rules is studied comprehensively in Kazakh linguistics. Language culture is developed on the basis of recognition of speech culture as national interests, formation of social attitude to speech culture, evaluation of speech culture as the main support of social Sciences and national culture, promotion of speech culture along with the culture of the nation.

Keywords: speech culture, language norm, the ethical dimension, the communicative norm, national literary language, language structure, pragmatic deviation

Абдирасилова Г.К., 1 Беркутбаева М.З. 2

1,2 Казахский национальный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан

ЭТИЧЕСКИЙ АСПЕКТ КУЛЬТУРЫ РЕЧИ Аннотация

Основа культуры слова - языковая норма. Культура речи - это " степень размножения, созревания языковых приемов. Наряду с этим это не только достоинство, грамотность в использовании языка, но и навыки аккуратного и правильного применения языковых приемов, фонетических, орфографических, орфоэпических, морфологических, синтаксических, стилистических явлений, - отметил М. Балакаев. Поэтому ученый настаивает на том, что необходимо придерживаться норм: правильно употреблять слова (лексическая), правильно составлять (синтаксическая), правильно вырезать (морфологическая), правильно произносить (орфоэпическая), грамотно писать (орфографическая), эффективно использовать язык (лингвостилистическая). Повышение культуры речи казахского языка - одно из требований национального интереса. Большая сфера культуры казахского языка-культура речи, основная закономерность ее подъема на более высокий уровень - норма правильного произношения. Роль письменности и речевой культуры в формировании казахского литературного языка и его связь с проблемами систематизации орфографических правил всесторонне изучается в казахском языкознании. Развивается языковая культура на основе признания культуры речи как национальных интересов, формирования социального отношения к культуре речи, оценки культуры речи как главной опоры социальных наук и национальной культуры, пропаганды культуры речи наряду с культурой нации.

Ключевые слова: культура речи , языковая норма, этический аспект, коммуникативная норма, национальный литературный язык, языковая структура, прагматическое отклонение

Кіріспе. Сҿз мҽдениетінің негізі –тілдік норма. Сҿз мҽдениеті дегеніміз – «тілдік тҽсілдердің ширау, жетілу дҽрежесі. Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тҽсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы,-дейді ғалым М.Балақаев [1, 115 б.]. Демек, ғалым сҿздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді ҽсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру қажет деген талап қойып отыр.

Кҿрнекті ғалым М.Р.Львов сҿз мҽдениетін ҽдеби тілдің ауызша жҽне жазбаша нормаларын игеру жҽне айтылымның мақсатына қарай тілдің кҿркемдеуші тҽсілдерін тиімді қолдана білумен байланыстырады [2, 96 б.].

Яғни сҿз мҽдениеті, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша дүниеліктерді – тілдің

(7)

дыбыс жүйесін, оның ырғақ, ҽуездерін; сҿзді оның мағыналық қырларын; сҿздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сҿз тіркесі мен сҿйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын т.б. ҽдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс ҽрі бедерлі жұмсай білу дегенге саяды. [3, 7 б.]. Сонымен, сҿз мҽдениеті алдымен ҽдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, кҿріктеуіш амал-тҽсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп дұрыс қолдана білу дегенді білдіреді. Ал дұрыс қолданудың негізі тілдік нормаға тірелетіні белгілі. Демек, сҿз мҽдениеті ғылымының да негізгі нысаны – тілдік норма. Тілдік норма инвариантты. Тілдік норма, нормалылық – сҿз мҽдениеті ғылымының базалық, негізгі тірек ұғымы. Ол кез-келген ситуацияға байланысты ҿзгере бермейді, тұрақты. Демек, сҿз мҽдениеті, біріншіден, ауызша жҽне жазбаша сҿз қолданыста тілдік норманың сақталынуы, сҿздің коммуникативтік сапасының мақсатқа лайықтылығы, екіншіден, тіл деңгейлеріне қатыстылығы.

Ғалым Л.И.Скворцов сҿз мҽдениетін, бір жағынан ҽдеби тілдің нормаларын сақтау жҽне екіншіден, нормалылық мҽселесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы дей келе, оның негізгі құрылымдық компоненттеріне:

дұрыстық жҽне шеберлікті (мастерства) жатқызады. Б.Н.Головин пҽннің 3 түрлі нысанын: «коммуникативное совершенство, совокупность знаний и умений, обеспечивающих целесообразное и незатрудненное общение, и область лингвистических знаний о речевой культуре» [4] дей келе, сҿздің сапалық белгілерін атап кҿрсетеді. Оларға:

сҿз дҽлдігі, сҿз нақтылығы, сҿздің түсініктілігі, анықтығы, ҽсерлілігі т.б. жатқызады. Сҿздің ҽсерлілігі, түсініктілігі, дҽлдігі т.т. бҽрінің негізінде тілдік норма жататыны анық. Осыған орай норманың 3 түрі ажыратылады:тілдік, коммуникативтік жҽне этикалық.

Әдістеме.Тілдік норма – этикалық жҽне коммуникативтік норманы іске асырушы құрал. Сҿз мҽдениеті ғылымы, ең алдымен, сҿзді ҽдеби тілдің нормасына сай дұрыс қолдануды талап етеді. Сонда ҽдеби тіл деген не, ҽдеби емес тіл болуы мүмкін бе деген сұрақтар тууы мүмкін. Ҽдеби тіл – белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілермен қарапайым сҿйлеу тіліне қарағанда, жалпыға бірдей міндетті жҽне «дұрыс» қабылданған нормасы бар тіл. «Ҽдеби тіл – белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Тілдің ҽдебилігі сол тілде сҿйлейтін адамдардың баршасына түсінікті жҽне олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның (сол тілде) орныққан жүйелі нормалары негізінде ғана жүзеге аспақ», – дейді ғалым С.Исаев [5].

Демек, ҽдеби тіл болуы үшін оның жалпыға ортақ тілдік нормалары болуы сҿз мҽдениетінің басты белгілерінің бірі.Сҿз мҽдениеті тек қана тілдегі «дұрыс – дұрыс емеспен» ғана шектелмейді, сонымен қатар ол тілдің қатынас құралы болу қызметімен де тікелей байланысты. Ҿйткені тіл – адамдардың бір-бірімен пікірлесу, ойын білдіру, түсінісу, сҿйлесуін де қамтамсыз ететіні белгілі. Осыған орай сҿйлеушінің ҽрбір жағдаятқа сай ойын түсінікті де ҽсерлі жеткізе білуі де маңызды. Демек, сҿйлеушінің ҿз мақсатына қарай қажетті тілдік құралдарды дұрыс таңдап, оны тиімді пайдалана алуы сҿз мҽдениетінің қатысымдық аспектісі болып табылады. Студенттің оқу мерзімі кезіндегі негізгі ҽрекеті бір-бірімен қарым-қатынас жасау, ой бҿлісу екені белгілі. Осыған орай студентке қатысымдық ҽрекетінің нормалары, оған қойылатын талаптар, оны сақтаудың маңызы, айтайын деген ойына қатысты тиісті сҿзді тауып қолдану т.т. сҿздің қатысымдық сапаларын игертудің, мҽтін құрастырып, ондағы ҽр сҿздің белгілі бір қызмет атқарып тұрғандығын, немесе мақсатсыз, орынсыз жұмсалып тұрғандығынан хабардар етіп отыру ҿте маңызы зор.

Сҿз мҽдениеті ғылымының негізін салушылардың бірі, кҿрнекті ғалым Г.О.Винокур: «Для каждой цели свои средства, таков должен быть лозунг лингвистически культурного общества» деп жазған екен [6]. Яғни қатысымдық мақсатқа лайықтылық – сҿз мҽдениетінің негізгі категорияларының бірі. Осыған орай сҿздің (тілдің) қатысымдық сапаларын білу, оны сҿйлеу кезінде ескеріп отыру маңызды.

Сҿз мҽдениетінің этикалық аспектісі белгілі бір жағдайға қажетті тілдік этикетті білу, оны орынды пайдаланумен байланысты. «Этикет» сҿзі француз тілінде «совокупности правил поведения, касающихся отношения к людям» деген мағынаны білдіреді [7]. Яғни күнделікті ҿмірде жиі қолданылатын амандасу, қоштасу, ризалық білдіру, кешірім сұрау, құттықтау, кҿңіл айту т.т. сҿйлеу этикетіне жатады. Ал сҿйлеу этикетінің де ҿзіне тҽн нормалары мен ерекшеліктері болады. Оған мҽн бермесек, жылы шырай, жақсы қарым-қатынасқа жарықшақ түседі.

Сондықтан сҿйлеу этикетіне мҽн беру сҿз мҽдениеті ғылымының маңызды мҽселесі болып табылады.

Ұлттық ҽдеби тіл – тілдік норма арқылы айқындалатын халық тілінің ең жоғарғы формасы, басты байлығы.

Оның басты белгісіне нормалылық жатқызылады. Норма ұғымын анықтауда сҿйлеу ҽрекетіне тікелей ҽсер ететін тіл жүйесінің ішкі факторларына, ҽлеуметтіклингвистика мен психологиялық заңдылықтарға сүйенетініміз белгілі.

Осыған орай ғалымдардың норма туралы кҿзқарастары да ҽр түрлі болғаны белгілі.

Норма туралы ғалымдардың пікірлеріне талдау жасай келе негізінен үш түрлі кҿзқарастың болғанын аңғарамыз: 1) ҽлеуметтік (А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, Д.Н.Ушаков, С.И.Ожегов, Б.Н.Головин); 2) лингвистикалық (Соссюр де Ф., [8], Э.Косериу, Л.Ельмслев, Ю.С.Степанов); 3) динамикалық (динамическая). Оны жақтаушылар – Г.О.Винокур, В.А.Ицкович, Л.И.Скворцов, К.С.Горбачевич [9], Ипполитова Н.А [10], Розенталь Д.Э.[11], Ицкович В.А. [12]. Нормаға алғаш анықтаманы А.М.Пешковскийдің еңбегінен байқаймыз. Ғалым норманы

«литературно-языковой идеал» деп түсіндірді. Осыдан норманы ғалымдар лингвистикалық емес, ҽлеуметтік құбылыс деп қарауды дҽстүрге айналдырды.

Мысалы, А.М.Пешковский «правильно то, что общепринято» [13, 5 б.] десе, кейбір ғалымдар оны тілдің дамуына қоғамның саналы түрде ҽсері, яғни «результат целенаправленной деятельности человека» [14, 157 б.] деп айқындады. Бұл пікірлерден норманың кодификацияға қатысы байқалады. С.И.Ожегов, Б.Н.Головин норманы

Referensi

Dokumen terkait

Білім алушылардың логикалық дҽрежеде ойлау арқылы, ҿз кҥштері мен мҥмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жҧмыс жасау негізінде алған білімінің нҽтижесін кҿрсетуі жҽне