• Tidak ada hasil yang ditemukan

Просмотр «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ МИР РАССКАЗА НЕСИПБЕКА ДАУТАЕВИЧА “АЙҒЫРКІСІ”» | Вестник Серия «Филологические науки»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan " Просмотр «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ МИР РАССКАЗА НЕСИПБЕКА ДАУТАЕВИЧА “АЙҒЫРКІСІ”» | Вестник Серия «Филологические науки» "

Copied!
12
0
0

Teks penuh

(1)

3 Islam A. UlttyK mAdeniet konteksındegı dunienın tıldık suretı (salystyrmaly-salgastyrmaly lingvomAdeni saraptama). Filologia gylymdarynyn doktory dArejesın alu usın daiyndalgan disertasia. Almaty, 2004

4 Auezov M. Abai joly. Roman-epopeia. Bırınsı kıtap. – Almaty: Jazusy, 2008. – 376 b 5 BuralKyuly M. Kazak tılının tusındırme sozdıgı. – Almaty: Mektep, 2008. – 680-b.

6 Kazakstan. UlttyK ensiklopedia (Bas red. A. Nysanbaev). – Almaty: Kazak ensiklopediasy, 1998, VII tom, 2 bolım.

7 Aibyn. Ensiklopedia. / Bas red. B.O.JaKyp. – Almaty: «Kazak ensiklopediasy», 2011. – 880 bet 8 Kazak mAdenietı. EnsiklopedialyK anyKtamalyK. Almaty: «Aruna Ltd». JSS, 2005. – 656 b.

МРНТИ 17.82.30 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.40

Иманғали Ӛ.1

1Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

НЕСІПБЕК ДӘУІТАЙҦЛЫ “АЙҒЫРКІСІ” ӘҢГІМЕСІНІҢ КӚРКЕМДІК ӘЛЕМІ Аңдатпа

Заманымыздың заңғар жазушысы Несіпбек Дҽуітайҧлының ҽдебиетіміздегі алар орны ерекше. Оған дҽлел, кҿптеген ҽдеби сыйлықтардың иегері, кҿзі қарақты оқырманның сҧранысқа ие жазушысы. Жазушының тҽуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда жазған шығармалары қазақ қоғамындағы тҥйткілді мҽселердің тамырын дҽл басуымен қҧнды. Қаламгердің басты міндетінің бірі – ҧлттық мҥддені шығармасына арқау ету. Автор

―Айғыркісі‖ ҽңгімесін де аталған міндетті мазмҧндық тҧрғыдан басты обьекті етіп алады.Мақалада жазушының

―Айғыркісі‖ ҽңгімесіне ҽдебиет теориясының заңдылықтарына сҥйене отырып, аналитикалық талдау жасалған.

Ҽңгіменің тақыры бен идеясы, мазмҧны мен пішіні, кҿркем бейнелер жҥйесі, сюжеті мен композициясы, шығарма тілі мен айшықтау, ажарлау қҧралдарының қолданылуына зерттеу жҥргізілген. Ҽңгімедегі модернистік, фольклорлық, магиялық сарындардың детальдарына талдау жҥргізілген. Авторлық концепция мен тенденцияның баяндалу жолдары талданады. Жазушының адам мен жануар байланысының кҿркем шығармадағы қолданысын мақсаты тҥсіндірілген. Ҽулие, кие, символ, қҧрбандық (сурализм) мотвтерінің ҽңгімедегі қолданысына баға берілген. Кейіпкерледің дҽрменсіздік эстетикасына талдау жасалған. Ҽңгіме мазмҧнындағы жақсылық пен жамандық концептісінің берілу жолдары талданған. Сол арқылы ҽңгіменің эстетикалық қҧндылын, кҿркемдік ҽлемі, стилдік сипаты айқындаған.

Тҥйін сӛздер: ҽңгіме, суреализм, кие, мифопоэтика, кейіпкер, кие, жылқы Imangali O1.

1 Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan

THE ARTISTIC WORLD OF NESIPBEK DAUITAYULY'S STORY “АЙҒЫРКІСІ”

Abstract

The great writer Nesipbek Dauitayuly occupies a special place in our literature. Evidence of this is the owner of many literary awards, a sought-after writer. The writer's works, written in the years following independence, are valuable because the problems of Kazakh society are rooted in them. One of the main tasks of the writer is to familiarize himself with the work of national interest. The author takes upon himself the story ―Айғыркісі‖, which makes this task the main one in terms of content. The article provides an analytical analysis of the story of the writer

―Айғыркісі‖, based on the laws of the theory of literature. The study of the subject matter, content and form of the story, the system of artistic images, plot and composition, the language of the work, the use of means of expression, grinding has been carried out. The story analyzes the details of modernist, folklore, magical motives. The ways of presenting the author's concept and trends are analyzed. The author explains the purpose of the use of human-animal contact in a work of art. The analysis of the characters helpless aesthetics is carried out. The ways of conveying the concept of good and evil in the content of the story are analyzed. Thus, they determined the aesthetic value, the artistic world, and the stylistic nature of the narrative.

Keywords: history, surrealism, sacred, mythopoetics, character, horse

(2)

Имангали O.1

1Казахский Национальный педагогический университет им. Абая, Алматы, Казахстан

ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ МИР РАССКАЗА НЕСИПБЕКА ДАУТАЕВИЧА “АЙҒЫРКІСІ”

Аннотация

Великий писатель Несипбек Даутаевич занимает особое место в нашей литературе. Свидетельством тому являются многочисленные литературные премии, востребованность писателя. Произведения писателя, написанные в годы, последовавшие за обретением независимости, ценны тем, что именно в них укоренены проблемы казахского общества. Одна из главных задач писателя-приобщение к творчеству национального интереса. Автор берет на себя и рассказ ―Айғыркісі‖, что делает данную задачу главной в содержательном плане. В статье проанализирован рассказа писателя ―Айғыркісі‖, основанный на закономерностях теории литературы. Проведено исследование тематики, содержания и формы рассказа, системы художественных образов, сюжета и композиции, языка произведения, применения средств выразительности, шлифования. В повести проведен анализ деталей модернистского, фольклорного, магического мотивов. Анализируются пути изложения авторской концепции и тенденции. Объяснено назначение писателем использования контакта человека и животного в художественном произведении. Проведен анализ эстетики беспомощности персонажей.

Проанализированы пути передачи концепта добра и зла в содержании рассказа. Тем самым определены эстетическая ценность, художественный мир, стилевой характер повествования.

Ключевые слова: история, сюрреализм, священный , мифопоэтика, персонаж, лошадь

Кіріспе. Шерхан Мҧртаза ―Қордайдың қоңыр қҧлжасы‖ деп атап кеткен жазушысы Несіпбек Дҽуітайҧлының қазақ ҽдебиетінде алар орны ерекше. Оған дҽлел, Ғабиден Мҧстафиннің жҥз жылдығына арналған ҽдеби бҽйгенің жеңімпазы, ―Қҧдірет пен қасірет‖ романы Қазақстан Республткасы Ҧлттық Кітапханасы ҧйымдастырған ―Ҥздік роман‖ байқауының жеңімпазы. Халықаралық ―Алаш‖ сыйлығының,

―Қазақ ҽдебиеті‖ газетінің проза жанры бойынша лауртанты. Халықаралық ―Дарабоз‖ ҽдеби бҽйгесінің басты жеңімпазы. Бірінші халықаралық ―Рух‖ ҽдеби байқауының гран-при иегері. Ғабдол Сланов атындағы ҽдеби сыйлық иегері. 2009 жылы ―Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген қайраткері‖, 2019 жылы ―Қҧрмет'' орденінің иегері атанды [1, 78]. Айта берсек, абыройы арбаға сыймайтын заңғар жазушының ҽдеби мҧрасының кҿзі тірісінде осылай бағалануы, қаламгер еңбегіне оқырман, ҽдебиет зерттеушілерінің тарапынан берілген ҽділ баға.

Ҽңгіме - болмысында қысқа болғанымен, ҥлкен жауапкершілік, бақылағыштық парасат пен шебер талантты талғайтын жанр. Ҽңгіме деп ат қойып, айдар таққан дҥниенің барлығы бірдей ҽңгіме жанрына қойылатын талаптарға жауап бере бермейтіні анық. Жазушының ҿнімді еңбек еткен жанрларының бірі – ҽңгіме.

Соның ішіндегі тҽуелсіздік жылдарындағы жазған ҽңгімелерінің орны бір тҿбе. Ҽдебиеттің ҿткен тарихына кҿз жіберетін болсақ, қашанда жаңа дҽуірдің жаңа тақырып ала келетіні белгілі. Жаңа дҽуір жаңа мазмҧн ҽкелсе, кҿркем ҽдебиеттің оның табиғатына сҽйкес жаңа пішінде бейнеленуі заңдылық. Бодандықтың бҧлты сейіліп, еркін ойлау мен ҽлеуметтік теңдікке қол жеткен тҧста жазушының формалық, мазмҧндық тҧрғыда шығармашылық жаңалық ізденуден туған шығармалары да аз емес. Соның бірі- ―Айғыркісі‖ ҽңгімесі.

―Айғыркісі‖ ҽңгімесі – герменевтикалық сипатқа ие, фольклордан бастау алатын мифологиялық образбен (Айғыркісі) ерекшеленетін, кие мотивімен авторлық концепция айқындалатын, неориалистік (магиялық) ҽңгіме.

Ҽңгіме атының ҿзі - криетивті, себебі ҽлем ҽдебиетінде тылсым кҥшке ие жылқы тҥлігінің ерекше тҥрін

―Кентавр‖ атауымен атау бағзы заманан келе жатқан дҽстҥр. Ал, жазушының қасиетті жылқыны ―Айғыркісі‖

деп атауы, ҧлттық таным тҧрғысынан ҧтымды туындаған когнитивті парадигма екені айқын кҿрініс береді.

Жазушы ҿзінің тарихи танымдық бет-бейнесін мҽдени генезистік аспекті негізінде символикалық бояумен суреттейді. Оған дҽлел, ҽңгімедегі ―Айғыркісі‖ кҿркем бейнесі. Халқымыздың адамзат тарихында жылқыны алғаш қолға ҥйреткендігін қола дҽуіріне тҽн ―Ботай‖ қорымынан табылған 70 мыңға жуық жылқы сҥйегімен, ат ҽбзелдері дҽлелдесе керек. Жылқы - ес білгеннен ашамайға мініп, ҧлы дала тҿсін дҥркіреткен ҧландардың серігі. Тҧлпарсыз жігіт- тҧл. Жылқы – ел қорғаны болған ердің қанаты. Ҽдеби шығармаларымызда қаншама тҧлпарлардың кҿркем бейнесі жасалса да, Несіпбек Дҽуітайҧлының ―Айғырксісі‖ адамға тҽн ес-ақыл мен адам сенбес тылсым (магиялық) кҥштерге иелілігімен ерекшеленеді.

Зерттеу материалы. Қазіргі кҿркем прозада қаламгерлер фольклор ҥлгілерін сол қалпында кҿшірме жасамай, мейілінше ҿңдеп, ҿз шығармасының кҿркемдік-эстетикалық талаптарына бағындырыра отырып, симулякр жасауға талпынады. Фольклордың оқиғасы кейіпкерлердің бақытқа жетуімен аяқталып жатса, қазіргі шығармалардың кульминациясы ондай оптимистік шешімнен аулақ, тосын да шытырман оқиғамен тҽмҽмдалады[2,204]. Кҿрнекті жазушы несіпбек Дҽуітайҧлының ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінің де фольклордан ауылы алыс емес. Жылқы бейнесінде анық тотемизмнің белгілері байқалады. Айғыркісі батырлар жырындағы тҧлпарлардай сҿйлемесе де, іс-ҽрекеті сҿйлегеннен де ерек жҽне нанымды. ―Есік тарс еткенде тура маған қарай

(3)

екі кҿзінен от шашып жылқының басы тҿніп келеді екен. Ҿмірімде дҽл бҧлай қорыққан емеспін. Баланың даусы шар етісімен жылқы езу тартқан сықылданды. Сҿйтті, рас!‖ [3,165],-деп, жазушы адам нанғысыз жайтты мифопоэтикалық ҽрлеу арқылы кҿркемдік қҧрал ретінде ҧтымды пайдаланады.Тотемдік нанымға негізделген адамдар мен жануарлардың ҥйленуі негізгі сюжет болатын мифтер бар. ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінде ― Дҽл осы мезетте Айғыркісінің байталға артылып, оның аяусыз ырғауынан жас байталдың балғын бҿксесі қатты шҿмпиіп кеткенде, қҧдайдың қҧдіреті, жас ҽйелдің бірі ―Аһ!‖ деп екі алақанымен ауын басып отыра кетпесін бе. Оу, сонда айғырдың байтал шабысынан ана ҽйелдің оқыстан кҥйті қҧтырып, ҧрпақ кҥйінің ағыны бойынан қҧйылып кеткені қалай? Ал мҧны тҥсіндіріп кҿр, тҥсіндіріп бер енді...‖ [3,168],- деп, жазушы сана тҥкпіріндегі магия-мифопоэтикалық айшықтарды ҽңгімесіне асытыртын қиюластырып отыр. Ҿмірде адам нанғысыз, тҥсіндіріп бере алмайтын магиялық кҥшке ие жылқының қасиетін дҽлдікпен жетізу ҥшін жазушы синтаксистік параллелизм арқылы ҽңгіме композициясына ҽуленің елге жаңбыр жауғызатын оқиғасын қосады. ―Сол кезеде...

Ҽулиенің қаракҿк кҿзінің мҿлтілінен жалғыз тҥйір жас сорғалап тҥсті. ―Рахымшылығыңа жаным қҧрбан, Жаратқан!...‖ [3,160] -деген сҿзді айтып болған соң, жаңбыр жауады, ҽулие кҿз жҧмады. Жазушы осы оқиғаны жаза отырып, Жалғастың жас қабірінің басына келіп тҧрған Айғыркісінің естілігін оқырманды сендіре жеткізуге талпынады. Ҽулиенің ел тілеуін орындауы да фольклордың мотиві. Жазушы оны ҧтымды пайдаланған. Ҽңгіме компазициясында Жалғастың ертегі сҥйгіштігі, кҿне аңыздарды айтатын қасиеті де сҿз етіледі. Мҧндағы авторлық концепция халықтық тҥсінікті бойына жинаған кейіпкердің рухани тазалығын жетілдір тҥсу. ―Айғыркісі‖ ҽңгімесіндегі ауыз ҽдебиеті мотивтерінің ерекшелігі - фольклор компазициясын тҧтас кҥйінде қолданудан кҿрі, авторлық туындының ҿзіндік бітімі мен қалыбын даралау ҥшін детальдік бҿлшек ретінде пайдаланылуы.

Тақырып – кҿркем шығарманың іргетасы. Кҿркем шығармада болмыстың ҥйлесімді немес қарама-қайшы бейнелері, жаратылыстың тҥрі қырларымен : табиғат, адам ҿмір, жан-жануарлардың ҿмір-тіршілігі кҿрініс табады. Алайда, жазушы аталған жайтардың барлығын шығармасында шҧбыртып жаза бермейді, яғни, шынайы ҿмірді айна-қатесіз кҿшірмейді, ҿзінің дҥниетанымына сай , жанына жақын жайттарды образды ойлау арқылы ажарландырады, айшықтайды. Осыдан туындайтын ой: тақырып - ҿмір шындығы мен кҿркем шындық арасын жалғайтын алттын кҿпір тҽріздес [4.50]. Жазушының ―Айғыркісі‖ ҽңгімесін аналитикалық талдау ҥшін, алдымен тақырыптың таңдалу талабын таразыласақ. Теориялық тҧрғыда тақырып онтологиялық жҽне антропологиялық, мҽдени-тарихи, жеке адамның ҿмірі сияқты ҧғымдарды қамтиды. ―Кҿркемдік тҧтастық ретінде шығармадағы кҥмҽнсіз жҽне лайықты тақырыптар : адамзат, халық жҽне адам тҧлғасы‖[5.11] екендігін ескерсек, ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінің тақырыбы – Жылқы тҥлегінің адамға адалдығы. Қазақ халқының дҥниетанымында жылқы – тҿрт тҥліктің тҿресі. Жылқы - еркіндік пен бостандықтың символы. Ол басқа малға қарағанда таза, кірпияз, шҿптің асылын, судың тек тазасын ішетін текті жануар. Қазақ оны ―тілсіз адам‖, ―есті жануар‖, ―текті жануар‖ деп, жалғыздықта қалғанда жол серігімен сырласып, қҧпиялары мен сырын соған ашқан. Қазақ ҿзін ―жылқы мінездіміз‖ деп сипаттайды. Тҧтас бір ҧлттың ішкі сезіміне теңестірілген бҧл жануардың мінезінің артықшылығы қандай? Жылқы психологиясы – осы жануардың қыр-сырымен толықтай таныстыратын ҽлемдік иппология ғылымында ҿзекті мҽселеге айналған тақырып. Халқымыздың тыныштығы мен бостандығы ҥшін қан майданда шайқасқан қазақ батырларының ерлік жырлары ел арасында қалай мадақталса, олардың астына мінген аттары да қатар жырланған. Иесі қиындыққа тап болса, арғымаққа тіл бітіп, батырдың кҿздеген ел қорғау миссиясын бірге атқарған ер серігі жайлы хикаяттар бҧл кҥнге дейін ауыздан- ауызға тарап, айтылып келді. Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыстың Байшҧбары, Қамбардың Қарақасқасы, одан бері Қабанбайдың Қубас аты, Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқа аты жыр-дастандарда иелерімен қатар аталып, бҥгінгі ҽдебиетіміз бен тарихымыздың қҧндылықтарына айналып отыр. Жазушының

«Айғыркісі» ҽңгімесіне негізі тақырып етіп жылқыны алуыда бекер емес, себебі қазақтың киесі –жылқы, жылқының киесі – айғыр. Жақсы айғырдың ҥйірінен жылқы бермеген. Айғырдың бойындағы асыл қасиеттерді ежелден бабаларымыз адам бойындағы қасиеттермен байланыстыра білген. Азамат – елдің иесі болса, айғыр – біл ҥйір жылқының иесі. Осының арасындағы тылсым байланысты жазушы тақырыпқа арқау етеді. Ҽдеби шығармалардың тақырыбын талдауды шартты тҥрде екіге жіктелетінін ескерсек[4,51], ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінің тақырыбы - мҽңгілік тақырып. Себебі шығармада мифопоэтикалық, аңыз-ҽңгімелерде негіз болатын ҿмір-ҿлім мҽселесі де аталған шығармада кҿрініс табады.

Ҽңгіменің мазмҧнын ҽңгімеге арқау болған ҿмір қҧбылыстары мен сол қҧбылыстарға деген автордың кҿзқарасы мен бағасы қҧрайды. Кҿркемдік идея- шығарманың ой ҿзегі. Шығарма идеясы - кҿркем туындыда суреттелетін, ҽңгімеленетін,баяндалатын ҿмір қҧбылыстарына автордың айпақы болған ойы, бағасы. Идеясыз кҿркем шығарма болмайды. Тақырыпсыз идея болмайды. Шығарманың композициясы, кейіпкерлер ҽлеім - барлығы кҿркем туындының идея концепциясын айқындауға негіделеді. ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінде авторлық концепция бойынша обектіде жылқы болғанымен, жазушының субьективті ҿзіндік идеясы осы жылқы арқылы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста дҥниеқоңыздық, қатыгездік, мейірімсіздік, ешқандай сезімге берілмей, тек дҥниенің артынан жҥгіру, бір ақшаның жолына бҽрін қҧрбан етіп жіберуге дайын адамдардың ҿмірі трагедиялық жҽйтпен аяқталатынын айтқысы келді. Ҧрпақ пен ҧрпақ арасындағы, мысалы, Жалғас жас ҧрпақ, ҿзінің аға буын ҽкесінен нені кҿрді? Аға буын (Бҧлти) жас ҧрпақтың (Жалғас) бойындағы тазалықты бағалай алмады. Адам бойындағы осындай маральдік азғындаудың салдарынан, жазушы адам бойындағы ізгі қасиеттерді жылқының бойына теліді. Жан-жануар арқылы адам қасиетін кҿрсету Несіпбек Дҽуітайҧлының

(4)

замандас жазушыларының шығармаларында кҿрініс тапты. Мысалы, Қабдеш Жҧмаділдің ―Қозыкҥреңі‖,

―Сырттандары‖, Мҧхтар Мағауиннің ―Тазының ҿлімі‖ т.б. Аталған жазушылардың адамның жақсы қасиеттерін жеткізуде жан-жауарларды кейіпкер ретінде пайдалануының себебі : ондай мінсіз кейіпкерге біздің қоғамның дайын еместігінде. Шындық кҥрделенген сайын шығармада кҥрделене тҥседі. Бір тақырыптан бірнеше идея туатыны мҽлім. ―Айғырксісі‖ ҽңгімесіндегі нарық заманының философиясынның айқыдайтын кейіпкер Бҧлдидың материалдық қҧндылыққа басымдық берген, рухани таяздығы оның тағдырын қайғығ душар етеді.

Адал да талантты жазушы қашан да басым кҥштердің (Бҧлди) ҥстемдігінен ымыасудан бой тартуы (Жалғас) арқылы белгілі. Бҧл қолдан қайшылық тудыру емес, ҿмірдің қарама-қарсылығы кез келген буыннан атойлап тҧратындығының белгісі. Осының шетін суреткер анық байқап, кестелі сҿз ҿрнегіне сала білген. Рухани- адамгершілік қасиеттерге жете кҿңіл бҿлінбесе, адамзат тҧйыққа тірелетінін айтпақшы болған автордың ойынан жазушының тенденциясы айқындалады.

Ҽңгіме жанрының формасына телінетін белгілі шарттылықтар бар. Сюжеттік желі бір оқиғадан ҿрбитін, кейіпкерлер санының аз болуы, кҿлемінің де шектілігі ҽңгіме пішінінің қалыптасқан қалыбы. Мҧндай шарттылықта жазушының шеберлігін сҿз қолданыстағы анықтылығы пен нақтықтылығы, ойдың жинақылығы, қиялдың ҧшқырлығы сияқты қасиеттері шыңдайды. «Айғыркісі» ҽңгімесіндегі авторлық баяндау, диолог, ішкі монолог сияқты компазиция қҧрайтын бҿлшектер орынды қолданылған. Автор ҽңгіменің компазициясын тура экспозициядан бастап, кері баяндау тҽсілі арқылы оқиғаны бастайды (Тҥнделетіп кері биесін оттататын Есқҧл, кенет жас зираттың басынан Айғыркісіні кҿріп, таңданады, шошиды). Бҧндағы мақсат, оқырманды бірден ҽңгіме желісіне қызықтыру, интрига туындату. Ары қарай сюжеттік желі шебер де, шымыр қиыстырылған. Саз- батпақтың ішінен тауып алған жабағының, бҥкіл елді аузына қаратқан сайгҥлік «Айғыркісіге» дейінді образдың даму жолын автор уақыт ҿлшеміне сай, аңыздық сарын желісі арқылы баяндайды (жабағы, қҧнан бҽйгеден орын алады, қырғыз жерінде бҽйделе топ жарады, ҥйірге айғыр қылып қосады). Сюжеттік байланыстар арқылы кейіпкерлердің болмысы айқындалып, ҽңгіме мазмҧны тереңдей тҥседі.

Ҽңгімеге арқау болатын негізгі мазмҧнның бірі- адам тағдыры. Адам тағдырын қоғам мен оны қоршаған болмыстан бҿліп, ҿз алдына жеке шығарма етіп жазылатын шығарма жоқ. ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінің кейіпкерлер жҥйесі негізгі тҿрт кҿркем бейнемен ерекшеленеді.

Біріншісі, Есқҧл қария. ―Қымыздан аузы қҧрғамайтын Есқҧл‖, ―Кешелері калхоздың жылқысын талай жыл бағып, талай кҥндерін тҥн кҥзетіп ҿткізіп‖, ―Есағам қойнауға биесімен бірге тҥнеп жҥр‖[4,158],-деп автор кейіпкерінің жылқыны жастайынан бағып, жануарды кҿркем бейненің жанына жақын етуі жайдан жай емес, Есқҧлды инолог ретінде таныту. Тағы бір диологта: ―Есаға, мынаған не дейсіз? –Кҿңілі осыған ауып тҧр да. – Мына қҧлпетке ме? –Ҿйтпе. Жал-қҧйрығы кҥлтеленіп, ертең арғымақтың ҿзі болып шығар бҽлкім? – Ҿстетініңіз не, Есаға? - Жылқның қасиеті сыртқы тҧрпатында емес, жҥрегінде. Анау кеудесінде алпат шабысқа лайық алып жҥрек соғып тҧрмасына кім кепіл? ―Ат танитын Есқҧл қаратҿбелдің тегін емесін баяғыда-ақ байқаған.‖[4,163]-деп, кейіпкердіің тағы бір қыры аттың сынын білетін атбегілігін айқындайды. Қырғыздар келіп, Бҧлдидан Айғыркісіні сатып аларда, Есқҧл танабауға берер қомақты қаражатты да керек емес деп, жылқыны сатпауын жалын-жалпайып, ҿтініш етіп сҧрайды. Бірақ оған Бҧлди кҿнбейді. Осы тҧста, кҿркем бейненің адамгершілігі, жылқының серігі болған Жалғасқа деген адал ниетіні жерге тапталады. Ішкі монологтарда кейіпкердің жан дҥниесінің тҥкпіріндегі ҽр тҥрлі тебіреністер терең топшыланады. ―Япыр-ай, бҧл сонау Таластың қайсібір тҥкпіріндегі қырғыз ауылынан қалай келді? Келсін-ақ қашып, алайда мына жас қабір басындағы тҧрысы... Жылқының ... Жылқының да адам секілді аза тҧтып... нендей қҧдірет бҧл, Жаратқан иенің...‖[4,158] , - деп іштей таңдануы, игерілмеген кеңістік тҧрғысынан автордың пайымдауы. ―Іштей ҿзін аяусыз талап жеген; япыр-ау, ―Айғыркісіні‖ қырғыздар алып кеткелі жатқанда бҧл неге жҥрер жолында кҿлденең тҥсіп жатып алмады, ―ҧлыңның ҥміті мен сеніміне, қанатына неге балта сермейсің?‖ деп Ҽлдидің жағасына неге жармасып, неге алқымынан алмады?‖[4,175] - деп, автор кейіпкердің кҥйзелісін дҽрменсіздік эстетикасымен айшықтай тҥседі. Адам жанына терең бойлатып, ҿзді-ҿзіне бір сҽт ҥңілдіріп, қоғам жайлы ойлана отырып кҥрсінуге жетелейтін толғақты тҥйін ҽңгіменің негізгі лейтмотиві. Есқҧлдың адамгершілік жайында солай болса екен деген ішкі тҥйсігінен-ақ, адами болмысын аңғартқан суреткер баяндалатын оқиғаның да драмалық тереңдігінен хабар беріп отыр. Ҽңгімедегі драмалық фабула осы Есқҧл қарттың кҿрген, кҿңілге тҥйген ҿмір сурет-ерімен қабысып жатыр. Ҿмірде ардақтала бермейтін адамдық мҧраттың кейіпкер санасына кҿшіріліп берілуі, осы кейіпкердің (Есқҧлдың) автор концепциясына қызмет етуші негізгі тірек екендігінде. Авторлық концепция осы Есқҧлдың ҿміртану, тҥйсіну, кҥрсіну тіпті ҿкіну сезімдерімен бірлікте тҧр. Демек, Есқҧл – жақсылық, адамдық ҧғым-дарының жаршысы[6,1]. Есқҧл бейнесін сомдауда жазушы заттық, пейзаждық, монологтік, диологтік детальдарды шебер пайдаланған.

Екіншісі, Жалғас. Бҧлдидың баласы. Айғыркісінің иесі. Ауыз ҽдебиетіндегі жалғыз балаға зар болу мотвінің, авторлық шығармаларда да қолданылып жататын тҧстары болады. Ҽңіме кейіпкері Бҧлдидың зарыға кҥткен жалғыз ҧлы - Жалғас. ―Ҿзі қатарлы балалардың опыр-топырына кҿп қосыла бермейтін, кҿбіне оқшау жҥріп,оқшау отыратын, томаға-тҧйықтау болып ҿсті осы Жалғас.‖[4,162] -деп, жазушы кейіпкерін кҿптің бірі емес, даралап, ҥнемі ой ҥстінде жҥретін бейне етіп, тілдік деталь арқылы сомдайды. Айғыркісіні жабағы кезінде тауып алып, ҥйге ҽкелгенде, ҽкесінің басқа дені дҧрыс малға айырбастап алайық деген ҧсынысына келіспегенін баяндайтын диологта Жалғастың азаматтық тҧлғасының қалыптасқанын, оның ҿзін қоршаған болмыстағы ҽлсіз жаратылысына (Айғыркісіге) деген сҥйіспеншілігі мен мейрімдік қасиеттерін аңғаруға болады. Кейіпкедің кҿне

(5)

аңыз, мифтерді айтуы халықтың сананың сан ғасырлық тҽлімін бойына жинаған, сонымен сусындап ҿскендігін айқындайды. Ал халықтық сана ҿсклең ҧрпақты ҥнемі гунизімнің қҧндылықтарымен қаруландырады. Демек, кҿркем бейне ҿмірдегі қайшылықтар болмыстың кҿлеңкелі тҧстарымен кҥресумен дараланады. ―Қош бол,кҿке!- деді. – Бҧл жерде мен ҥшін енді қызық қалмады. Ҽкем мені қалаға алдап жіберіп, қаратҿбелімді сатқанда, сіз оны тоқтата алмадыңыз. Сіздер біреуді біреу ҿлтіріп жатса да, ара-тҧрып аман алып қалуға бел шешіп, білек сыбанып кіріспейсіздер. Тек қҧр сҿз. Ҽрекет жоқ. Ҿкінішті, кҿке, ҿкінішті.... Мен кетіп барамын,кҿке.

―Айғыркісіні‖ іздеймін‖[4,175] - деген диологта кейіпкердің жан-тебіреісін психологиялық детальдар кҿмегімен ҿрнектейді. Бір ҿкініш, бір ызаға булыққа Жалғастың кҿңілін аңғарта отырып, батыл да жанкешті келбетін айқындайды. ―Сау болыңыз, ҿкінішті‖ - деген, экспресивті-эмоционалды тілдік тіркестер арқылы шығармадағы тартыстан туындаған жағдая пен алдағы оқиға шешімінде болатын іс-ҽреткеттерге оқырманды жетелейді.

Жалғастың Есқҧлға арадағы келесі бір дтологында ол ҿзінің болашақ армандары туралы ҽңгімелейді.

Архитектор боуды, ауылына келіп ҧлттық нақышта ҽрленген зҽулім-зҽулім ғимараттар салуды армандайтынын айтады. Осы тҧста кейіпкердің жай жҥрмей, болашағын кҿз алдына жастапйынан елестете алатын, ҥлкен арманға қол созған кейіпкер ретінде дараланады. Ҽділет іздеп, жол апатынан қайтыс болған Жалғас тағдырының қайғылы жҽйі ҽңгіменің трагедиялық аккордтын одан ҽрі жоғарлатып жібереді. Жалғас - ҧлпарына деген адамдық ақ пейілі, азаматтық достық ниеті дҥниеқоңыздардың қасастығына ҧшырап, қҧрбан болатын трагедиялық кҿркем бейне.

Адам мен жануарды зерттеу саласының кҥрт дамуы методологиялық конвергенция мен дивергенцияның жанды, алуан сипатты арнасын танытады, жануарды ҿз тҧрғысынан терең паймдау ҥшін адам мен жануарға қатысты категориялар қҧрлымының тереңдігіне кҥмҽн келтіру қажет, ҿйткені олардың негізінде адам болмысының ерекшелігіне басымдық беру қажет.[7,292] Антропоцентристік тҧрғыдан халқымыздың дҥниетанымында, адма мен оның жан серігі жылқыны біртҧтас дҥние ретінде қараған. ―Ат жалын тартып міну‖

деп азамат атанған жігітті уақыт ҿлшемімен бейнелейді. ―Жылқы – жеті қазынаның бірі‖, ―Ат- ер қанаты‖,

―Жылқы – тҥлік патшасы‖, деп ҧлағаттаған жылқы тҥлігі халқымыздың ҿмір-тіршілігімен тығыз байланыста.

Жылқы – тҽкҽппар, кербез, сезімтал, кірпиязжануар. Осы қасиеттер қазақ халқының бойында да бар. ― Жылқы мінездес‖ деген тіркестіңде туындауы да осымен байланысты болса керек. ―Айқырксі‖ ҽңгімесіндегі қаракҿрең де ҿзіне дейінгі шығармаларда бейнеленген тҧлпарлардың жалғасы. Айғыркісі – бойында тектілік бар, мифологиялық детаьдармен, суреализмдік ҽдіспен айшықталған, символдық мҽнге ие кҿркем бейне. Ҽңгіме басын ―Батпақтан тауып алған жаман жабағы тай‖ деп суреттелетін жылқының бастапқы тҧрпаты шығармадағы оқиға желісінің баяндалуында қасиетті жылқыға айналарын оқырман бірден аңғара қоймайды. ―Жал-қҧйрығы кҥлтеленіп, ертең арғымақтың ҿзіне айналып шығады‖ -деген баяндауда, жылқының болашағы туралы оптимистік кҿзқарасқа жетелейтін ой оқырман кеудесіне ҧялайды. Ал, оның дҿнен шығып бҽйгелерден топ жарып, аузына қҧс тістеген тҧлпарға айналған тосы кҿркем бейненің кемелденген шағы. Бҧл – ҽңгімелегі мейілінше реалистік сипаттар. Осы жылқының толғағы кеп, босана алмай жатқан ҽйел жатқан ҥйге басын сҧғып, кісінеген сҽтте ҽйелдің босануы магиялық сипатқа ие. Қасиет қонған киелі жылы екендігін автор осы сюжет арқылы айқындайды. Оқиға басталғанда жас қабір басында аза тҧтып тҧрған жылқы бейнесінде суреалистік ҽдіс ҧтымды қолданылған, себебі логикаға қарсы, арман мен сана-сезімнің ой-ҿрісін бейнелеуде тосыннан болған қҧбылыс кейіпкердің кие қасиетіне иелілігін асқақтатады. Кҿркем бейненің жҧмбаққа толы қалпын ашу ҥшін шығармада постмодергистік бағыттың интертекстік детальіле пайдаланылған [8,271].Сҿзімізге дҽлел, иесінің қабіріне келіп аза тҧтқан жылқының бойындағы адам нанғысыз жайтты адам сенетіндей етіп жеткізу ҥшін, копазицияда қҧрғашылық болған елге жаңбыр жауғызу ҥшін қҧрбан болған ҽуле оқиғасы қиуластырылған. Тағы бір суреализмнің белгісі, ҽңгіме желісінде Жалғас биіктен қҧлап, ауыр жарақат алып қалған сҽтінде қолданылады. Қалаға барар жолдың ауа райына байланысты жабық болуына байланысты, ҥйде тҿсек тартып жатып қалады. Сонда ҿрісте жҥрген Айқыркісі ҥйірімен ҥйге кеш бата келіп, Айналшықтап кетпей қояды, бір тҥн ҿткен соң, Жалғас сауығып кетеді,ал ҥйірдегі жиырма жылғы сол тҥні қҧлын тастайды.

Бҧл да – қҧрбандық мотиві. Жалпы ҽңгіме бойында ҥш тҥрлі қҧрбандық кездеседі. Біріншісі, ҽуленің қҧрбан болуы; екіншісі, жиырма биенің қулын тастауы; ҥшіншісі, иесінің жас қабіріне келіп, қабірді қоршаған темірге жҥрек тҧсынан, қолтықтың астынан ҿз-ҿзін қҧрбан еткен Айғыркісінің ҽрекеті. Соңғы қҧрбандық – символдық белгі. Сонан ықылым заманда, жылқыны ҿлген иесімен жерлеу салты болғандығын археологиялық қазба жҧмыстары дҽлелдейді. Ал, бҥгінгі ҿмірдегі жылқының ҿз-ҿзін қҧрбан етуі филосовиялық тереңдікке қҧрылған ҽдеби конденсация.

Ҽңгімедегі жақсылық пен жамандықтың мазмҧнын ашатын Есқҧл мен Бҧлди. Жазушы жақсылықтан жаны аулақ Бҧлди мен адамдықтың туын ҧстаған Есқҧлдың іс-ҽрекеттерін қатарласа баяндап, оқиға желісін шымырландыра тҥсу арқылы, жақсылық пен жамандықтың бітіспес тартысын ҽңгіме мазмҧнына дарытады.

Бҧлди –жаңа заманның, капиталстік қоғамның кейіпкері ретінде суреттелген. Бҧлди - материалдық қҧндылық ҿмірдің басты қҧндылығы деп тҥсінетін, рухани қҧндылықтардың тҥкке тҧрмайды деп ойлайтын бҥгінгі кейбір пенделердің философиялық атрибуты. Есағам қойнауға биесімен бірге тҥнеп жҥріп қиялиға айналып барады, болмаса мына алақандай кеудемізге қойнау тҥгілі, ішек-қарнымыз зорға сыйып жҥрген жоқ па демесін бе…[4,158]. Міне, ішіп-жеп, қарынды қампайтды ойлайтын мастанған тоғышар психологияны жазушы ащы мысқыл, уытты кекесінмен айшықтайды. ―Бҧлди ауылдағы бар баладан басқа болып ҿсті. Ҥшінші,тҿртінші класта-ақ қоян ҿсіріп, оларды жаз жайлауда отырған қойшыларға апарып тарту етіп, қозы-лақ жинап, ен салып,

(6)

қора ішінен ҿз меншігін бҿліп, қоршап алып, ҿзге тҥгілі ҽкесін таң қалдырған.‖[4,160] - деп, материалдық қҧндылыққа кейіпкер бала кҥнінен қызығуы мен оның боашағының арасына втор алтын кҿпір жасайды. ―Сосын айтқаны, баяғыда ҿткен-кеткен, сҥйегі қурап қалған нҽрсе. Қайта келмейді. Бҥгінмен бол. Кімде дҽулет бар, бҥгін – соныкі. Дҽулет сҿйлейді, дҽулет ҧтады, дҽулет озады. Дҽулетің бар ма, ештеңені кҿктегі Қҧдайдан да, жердегі адамнан да сҧрамайсың. Тҥгел пішту!‖ [4,171]. Міне, кҽсіпкер, бизнесмен дейсіз бе, Бҧлдиың-ыздың жандҥниесіндегі байлықтың мҿлшері осы. Бҧл ой қазіргі заман адамының психологиясына айналғалы қашан.

Бҧлдиша ойлайтындар жетіп артыларлық. Бҧлдилар қарапайым халық ішінде де, мемлекеттік қызмет ішінде де ҿріп жҥр. Олар ҽртҥрлі мамандық, кҽсіп иелері де. Бҧлдиша ойлау жҥргізушіге де, заңгер, дҽрігер, мҧғалім, банкир тіпті сенаторға да тҽн. Бҧлдилардың аты затына, заты атына сай. Бҥгінгі заман психологиясын айнытпай танытатын Бҧлдилық сана. Автор қазіргі дҽуір психологиясын мейлінше дҽл кҿрсетуде кейіпкердің болмыс- бітімін нақты айқындаушы ретінде олардың есіміне де кҿңіл бҿлген. Бҧлди – бҧлғақтау, бҧлғақтату. Бҧлғақтау да, бҧлғақтану да, бҧлғақтату да қазіргі заман адамының мінезі. Бҧлдилану – бҥгінгі ҿмір ағысы, аурасы.

Айғыркісіні жабағы кҥнінен сатуды армандаған кейіпкер ақыры мҧратына жетіп тынады. Бірақ, сол мҧраты оны ҿмірдегі ең қымбат қазынасы баласынан айырады. Осы қарама-қайшылық арқылы автор дҥниеқоңыздық пен пайдакҥнемдіктің соңында кеткен кейіпкерінің тағдырын тҽлкекке салады.

Талдауға арқау болған ҽңгімеде, жазушы кейіпкерлер болмысын танытуда ҿмірдегі анық та, айқын тҥсініктерден алшақ болса да ойдан шығарылған ҚаҺарман (Айғырксісі) арқылы эмпатия тудыруды мақсат еткен.

Кҿркем шығармаға қойылатын басты талап - шығарманың поэтикасы. Ҿнер туындысы ретіндегі оның образдылығы. Несібек Дҽуітайҧлының ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінің тілі анық, мірдің оғындай сҿздері ойды нысанаға дҿп тиегізеді. ―Кекілі қалың кер бие, тымық тҥн, қаратҿбел айғыр,ҿлі топырақ, қаракҿк кҿз‖[4]

эпитеттері кҿркем бейнелердің айырықша белгілерін ҽсем сипаттап тҧр. ‗Терісі бетіне жабысып қалған қарасҧр жҥзі қаракҿлеңкеленіп кҿрінеді, қара бҧл, қара аспан, қара жаңбыр‖ эпитеттеріндегі қара сҿзінің қолданысы сжеттер орын алған мистикалық, постфольклорлық сарынды кҽдеге жарату ҥшін ҧтымды қолданылған.

―Қойнаудың тымық тҥндері – пейіш‖ сияқты, қҧбылыстар мен заттарды айшықты бейнесіне байланысты сҿздермен ауыстыра қолдануда ҽңгімеде шебер қолданылған. Жазушының шымыр да, ширақы тілі ҽңгіменің эстетикалық қҧндылығын арттырған ҥстіне арттыра береді.

Қорытынды. Несіпбек Дҽуітайҧлы ―Айғыркісі‖ ҽңгімесінде халықтың ҿткені мен бҥгінін шендестіре баяндай отырып, халықтық сананың, ҧлттық болмыстың ҧмытылып бара жатқан тҧстарын оқырманның ойына салуды мақсат етеді. Жануар мен адам арасындағы тілсіз байланысты суреттеу арқылы ҧлттық танымдағы кие ҧғымын айшықтайды. Тартымды сюжет пен қиюласқан композиция арқылы мазмҧнға жаңа пішін дарытады.

Кедей бай болсам,бай қҧдай болсам дейтін кҿзқарастардан адамдардың оқып жеп қалатын тҥстары барын меңзейді. Ҽңгімені талдай отырып, жазушының кейіпкерлерінің дҽрменсіздік есктетикасын аңғаруға болады.

Фольклорлық сарындар мен мифтік детальдарды оқиға желісіне кіріктіру арқылы тақырып мен идея толығады, кҿркем бейнелер дараланады. Рухани қажеттіліктерді сезіндіру ҥшін тотемистік нанымнан бастау алған, магиядан туған оқиғалар ҽңгіме мазмҧнымен ҥндесе байланысқан. Жақсылық пен жамандыққа негізделген кҿркем шығармадағы мҽңгілік тақырып та авторлық концепция тҧрғысынан бағаланады. Рухани қажеттіліктерді сезіндіру ҥшін тотемистік нанымнан бастау алған, магиядан туған оқиғалар ҽңгіме мазмҧнымен ҥндесе байланысқан.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: ―Аң арыс‖ баспасы, 2009 ж.

2 Қазіргі әдебиет және фольклор. Алматы: ―Арда‖, 2009-480- б.

3 Дәуітай Н. Кісі иесі: повестер мен әңгімеле.-Астана: Фолиант, 2018.-240 б.

4 Жанұзақова Қ.Т. Әдебиеттануға кіріспе. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы: ―Мерей‖ баспасы, 2015. -276 б.

5 Гришман М.М. Избранные статьи. Художественная целостность. Ритм.Стиль.Дииалогическое мышдение.- Донецк, 1996. – 11 с.

6 https://Kazakadebieti.kz/22888/ltty-oj-sanany-bejneleudegisuretkerlik-sheshim

7 Әдебиет теориясы:Антология. 4-том./Джули Ривкин мен Майкл райнның редакциясымен. – Алматы:

―Ұлттық аударма бюросы‖ қоғамдық қоры, 2019. -452 б.

8 Майтанов Б.Қ. Мұхтар әуезов және ұлттық әдеби үрдістерр: зерттеулер, эсселер. – Алматы: ―Жібек жолы‖ баспа үйі, 2009.- 544 б.

References:

1 Kazakstan jazusylary: AnyKtamalyK/Kurastyrusy: Kamsyger Saiat, Jumaseva Kaiyrnisa - Almaty: ―An arys‖

baspasy, 2009.

2 Kazırgı Adebiet jAne folklor. Almaty: ―Arda‖, 2009. -480b.

3 DAuıtai N. Kısı iesı: povester men Angımele.-Astana: Foliant, 2018.-240 b.

4 JanuzaKova K.T. Adebiettanuga kırıspe. Filologia fakultetterı studentterıne arnalgan oKu Kuraly.-Almaty:

―Merei‖ baspasy, 2015. -276 b.

(7)

5 Grisman M.M. Izbrannye stati. Hudojestvennaia selostnost. Ritm.Stil.Diialogicheskoe mysdenie.- Donesk, 1996. – 11 s.

6 https://Kazakadebieti.kz/22888/ltty-oj-sanany-bejneleudegisuretkerlik-sheshim

7 Adebiet teoriasy:Antologia. 4-tom./Juli Rivkin men Maikl rainnyn redaksiasymen. – Almaty: ―UlttyK audarma burosy‖ KogamdyK Kory, 2019. -452 b.

8 Maitanov B.K. Muhtar Auezov jAne ulttyK Adebi urdısterr: zertteuler, eseler. – Almaty: ―Jıbek joly‖ baspa uiı, 2009.- 544 b.

МРНТИ 17.07.41 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.41 Қaбылов Ә.1

1Ш.Есенов aтындaғы Кaспий технологиялaр және инжиниринг университетi, Aқтaу, Қaзaқстaн

ОСПAНХAН ӘУБӘКIРОВ СТИЛIНДЕГI ИРОНИЯ Aңдaтпa

Қазіргі ғылымда басымдық алып отырған антропоцентризм тенденцияларына байланысты адам психологиясы мен оның эстетикалық жҽне философиялық танымындағы барша кҥрделі қҧбылыстарға назар аударуда даралық стиль проблемасының маңызы артып отыр. Суреткердің даралық стилін арнықтайтын маңызды стильтҥзуші қҧрауыштардың бірі ирония болып табылады. Қaзaқтың кҿрнектi сықaқшысы Оспaнхaн Ҽубҽкiровтiң сaтирaлық-юморлық ҽңгiмелерiндегi тиiмдi қолдaнылaтын кҿркемдiк қҧрaлдaрдың бiрi – ирония.

Ирония – сҿйлеудiң экспрессивтiлiгiн кҥшейтетiн ҽрi сыншылдық-бaғaлaушылық мҽн ҥстейтiн қҧрaл. Мaқaлaдa сaтирaлық шығaрмaлaрдың эстетикaлық жҽне кҿркемдiк жҥйесiндегi мaңызды қҧрaл ретiнде иронияның жaзушы шығaрмaлaрындaғы қолдaнысы қaрaстырылaды. Жaзушының юморлық ҽңгiмелерiндегi aвторлық жҽне персонaждық иронияның тҥрлерi нaқты мысaлдaрмен дҽлелденедi. Кҿркем шығaрмaлaрдaғы aвтор мен кейiпкерлер тaрaпынaн берiлетiн ирониялық aйтылымдaрдың сипaттaры мен ерекшелiктерi тaлдaнaды. Сондaй- aқ aвтордың кейбiр ҽңгiмелерiндегi иронияның сюжеттiк деңгейдегi кҿрiнiстерi кҿрсетiледi. Сол aрқылы ирониялық мaғынaның лингвистикaлық жҽне мҽтiндiк тҥрлерiнiң ерекшелiктерi пaйымдaлғaн.

Тҥйiн сӛздер: ирония, сaтирa, юмор, aвторлық ирония, персонaждық ирония, aвторлық дҥниетaным, иронияның қолдaнылу жолдaры

Kabylov A.1

1Caspian University of Technology and Engineering named after Sh.Yessenov, Aktau, Kazakhstan

IRONY IN THE STYLE OF OSPANHAN AUBAKIROV

Abstract

In connection with the prevailing trends of anthropocentrism in modern science, the importance of the problem of idiostyle increases in focusing on increasingly complex phenomena in human psychology and its aesthetic and philosophical cognition. Irony is one of the most important stylistic components that emphasize the individuality of the artist. One of the most effectively used critical and evaluative artistic means in the satirical and humorous stories of the outstanding Kazakh humorist Ospankhan Aubakirov is irony. The article deals with the implementation of irony in the works of the writer as an important tool in the aesthetic and artistic system of satirical works. Types of author's irony and irony from the character in humorous stories of the writer are proved by concrete examples. The author analyzes the nature and features of ironic statements conveyed by the author and characters in works of art. The author also examines the manifestations of irony at the plot level in some of the author's stories, as well as the peculiarities of linguistic and textual types of ironic meaning.

Keywords: irony, satire, humor, author's irony, irony from the character, author's worldview, ways of using irony

Кaбылов A.1

1Кaспийский университет технологии и инжинирингa имени Ш.Есеновa, Aктaу, Кaзaхстaн

ИРОНИЯ В СТИЛЕ ОСПAНХAНA AУБAКИРОВA

(8)

Aннотaция

В связи с преобладающими в современной науке тенденциями антропоцентризма возрастает значение проблемы идиостиля в акцентировании внимания на все более сложные явления в психологии человека и его эстетическом и философском познании. Ирония является одной из важнейших стилевых составляющих, подчеркивающих индивидуальность художника. Одним из нaиболее эффективно используемых критико- оценочных художественных средств в сaтирическо-юмористических рaсскaзaх выдaющегося кaзaхского юмористa Оспaнхaнa Aубaкировa является ирония. В стaтье рaссмaтривaется реaлизaции иронии в произведениях писaтеля кaк вaжного инструментa в эстетической и художественной системе сaтирических произведений. Виды aвторской иронии и иронии от персонaжa в юмористических рaсскaзaх писaтеля докaзывaются конкретными примерaми. Aнaлизируются хaрaктер и особенности иронических выскaзывaний, передaвaемых aвтором и персонaжaми в художественных произведениях. Тaкже рaссмaтривaются проявления иронии нa сюжетном уровне в некоторых рaсскaзaх aвторa, особенности лингвистического и текстуaльного типов иронического смыслa.

Ключевые словa: ирония, сaтирa, юмор, aвторскaя ирония, ирония от персонaжa, aвторское мировоззрение, способы применения иронии

Кiрiспе. Кҿркем ҽдеби шығaрмa жaзушының ҿмiр шындығын тaнуы мен бейнелеуiнiң нҽтижесi болып тaбылaды. Бiздi қоршaғaн дҥниенiң бейнесiн жaсaу, кейiпкерлердiң iшкi кҿңiл кҥйлерiн жеткiзу мен оқырмaндaрғa эмоционaлды ҽсер ету ҥшiн aвтор қaшaн дa ҿз шығaрмaсындa тiлдiң суреттеме жҽне кҿркемдiк қҧрaлдaрын пaйдaлaнып отырaды.

Жaзушылaр кҿркем шығaрмaдa сҿздiң экспрессивтiлiгiн aрттыру ҥшiн троптaрды қолдaнaды, олaр сҿздiң обрaздылығын кҥшейтедi, сҿздер мен тҧтaс қолдaныстaр aйтылымғa жaңa мaғынa ҥстеп, реңк-бояуын aжaрлaндырa тҥседi. Тiлдегi жaңaшa aйтылымдaр мен мaғынaлaрдың пaйдa болуы жaңa ҧғым-тҥсiнiктердi белгiлеу ҥшiн ғaнa емес, эмоционaлды бейнелеушiлiк қaжеттiлiгiнен де болaды. Сҿздердi aуыспaлы, келтiрiндi мaғынaдa қолдaнып, шындықты қҧбылтa бейнелеп aйтaтын троптaрдың метaфорa, aллегория, метaнимия, кейiптеу, синекдохa, гиперболa мен ирония секiлдi тҥрлерi бaр. Сҿздiң экспрессивтiлiгiн тудырудың ең мaңызды бiр тҥрi – ирония. Кҿркем мҽтiнде иронияны қолдaну – жaзушының жеке шығaрмaшылық ҽрекетi ҽрi дҥниенi субъективтi қaбылдaуының нҽтижесi. Белгiлi бiр шығaрмa aясындaғы иронияны қaрaстыру – aвтор мен оның кейiпкерлерiнiң кҿркемдiк ҽлемiне енiп, олaрдың мiнез-қҧлықтaрын тaлдaуғa, дҥниетaным ерекшелiктерiн тҥсiнуге мҥмкiндiк бередi. Сaтирaлық шығaрмaлaрдaғы негiзгi суреткерлiк мaқсaт қоғaмдaғы немесе жеке aдaмдaр бойындaғы кемшiлiктер мен мiндердi кҥлкi ету болғaндықтaн, ондa сaтирa, юмор, ирония, сaркaзм, шaрж, кaрикaтурa секiлдi тҥрлi кҥлкiмен бейнелеу элементтерi aрaлaсып, ҿзaрa жымдaсып жaтaды. Сaтирaлық шығaрмa жҽне юморлық шығaрмa деп жiктеп жaтaтынымыз олaрдaғы сaтирa мен юмордың қaйсысының бaсымдық aлaтынынa қaрaй ҽшкерелеушiлiк немесе жaнaшырлық кҥлкiнiң aрaсaлмaғынa бaйлaнысты болсa, солaрдың қaй-қaйсысындa дa ирония сыншылдық ҽрi бaғaлaушылық сипaтымен ҿзiндiк ҿрнек ҥстеп отырaды.

Әдiстеме. Иронияны aйтылғaн мaғынaсының жaсырын мaғынaсынa қaрaмa-қaрсы болуынa негiзделген троп тҥрi ретiнде де, сонымен қaтaр, кҿркем мҽтiннiң бҥкiл қҧрылымымен бaйлaнысты жҽне aвтордың бейнеленушi шындыққa қaтынaсын жҧмбaқтaп жеткiзетiн концептуaльдық кaтегория ретiнде де қaрaстырудың бaстaулaры ерте зaмaндaрғa бaрып тiреледi, қaзiргi қоғaмдық ғылымдaрдың (ҽдебиеттaну, мҽдениеттaну, лингвистикa) зерттеулерiнде де кеңiнен қолдaныып келедi.

Ҿзiнiң ҧзaқ тaрихы мен кең тaрaлғaндығынa қaрaмaстaн ирония феноменi ҽлi де жaн-жaқты зерттеу объектiсi болып отыр. Ҽдеби шығaрмaдaғы тiлдiк қҧрaл ҽрi кҿркемдiк ҽдiс ретiнде иронияның ҽлеуметтiк сипaтын қaрaстыру дa мaңызды.

Ирония шығaрмaдa бейнеленетiн оқиғaлaр мен кейiпкерлерге қaтысты aвторлық позицияны тaнытaтын ең бiр пҽрмендi стильдiк қҧрaл ретiнде оқырмaнның дa кҿркем мҽтiндi қaбылдaу aрқылы бaғaлaуынa мҥмкiндiк бередi. Ирония ҽдейi қолдaнылғaн нaқты aйтылым мaғынaсының ойдaғы турa мaғынaғa керiсiнше келуi aрқылы келекелеу, мaзaқ қылу, кекетудi бiлдiредi. Яғни кҿркем шығaрмaдa ирония сҿйлеушiнiң терiстеушiлiк, сондaй- aқ кейде қҧптaушылық тa тҥрлiше сезiмдерi мен эмоциялaрын беруге қaбiлеттi.

Сaтирaлық прозaдaғы иронияның тҥрлерi мен қолдaнысын кҿрнектi қaзaқ сықaқшысы Оспaнхaн Ҽубiкiровтың сaтирaлық-юморлық ҽңгiмелерiнiң мысaлындa қaрaстырмaқпыз. Ҽйгiлi сaтириктiң кҿптеген ҽңгiмелерiнде ирония кҿркем мҽтiн тҥзудiң мaңызды элементi болып келедi: ол кҿркем мҽтiннiң сҿздiк, тaқырыптық жҽне қҧрылымдық деңгейлерiнен кҿрiнiп отырaды.

―Ирония – жaзушы шығaрмaлaрындaғы ҿнiмдi тҽсiлдердiң бiрi. Оспaнхaн ҽңгiмелдерiнде иронияны бейнелi де шебер қолдaнaды. Aстaрынa мҽтiндiк мaғынaғa қaрaмa-қaрсы мaғынa бҥгiп, сыртқы қҧптaушылық сипaтын жоққa шығaрaтын сaтирaлық тҽсiл ретiнде ирония aвтор позициясын оқырмaнның тҥсiнiп қaбылдaуын қиындaтпaйды, қaйтa ҿзiмен бiрге жымитып, кесiрлiктi келекелетiп отырaды‖ [1,136].

Нәтиже. Шығaрмaдaғы иронияның aвтордың немесе оның кейiпкерлерiнiң тaрaпынaн aйтылуынa бaйлaнысты aвторлық ирония жҽне персонaждық ирония (кейiпкер тaрaпынaн aйтылaтын ирония) деп жiктеп қaрaстыру дҽстҥрi бaр. Ирониялық контекстiң тҥрлi типтерiнде олaрдың эмоционaлдық реңктерiнiң диaпaзоны мен ерекшелiктерiн кҿре aлaмыз. О.Ҽубҽкiров ҽңгiмелерiндегi aвтор мен кейiпкерлер тaрaпынaн берiлетiн ирониялық aйтылымдaрдың сипaттaры мен ерекшелiктерiн тaлдaп кҿрелiк. Сонымен қaтaр, иронияның тiлдiк

Referensi

Dokumen terkait

A trademark or brand is a concept that represents a symbol of trademark associated with the image of the product in the perception of the buyer.. Only in the presence of a trademark we

Транскрипция мҽселесі араб ҽріптерімен жазылған мҽтіндерді тілімізге сай ауыстыруда ҿте маңызды болып табылады.. Шағатай тілі ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып