• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Қ.Қ.ҚАЙЫРҒАЛИ .

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ

ЖОҒАРЫЛАУЫНА ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН

ОРНЫ

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңында кәсіпкерлік азаматтардың ӛз меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген азаматтардың ӛзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін ӛз мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген [1].

Шет елдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік жаңа кәсіпорынды құруда жауапкершілік пен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын, жеке қасиеттерді бағалаудың итеративті процесін жүзеге асыру барысында кәсіпорынды басқару үшін кәсіпкерлік менеджменттің негізгі тәсілдері мен әдістерін білуді, ӛсім процесінің барысында кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін жекелеген тәуелсіз құрылымдарды анықтауды қажет ететін қызмет деп түсініктеме береді.

Біз “Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік” кітабында кәсіпкерлікке берілген анықтамаға қызығушылық білдіріп отырмыз. Онда кәсіпкерлік табыс алу мақсатында ӛзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет делінген [2].

Кәсіпкерлік қолданып жүрген заңдар шеңберінде, азаматтардың ӛз меншігінің немесе мемелекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген азаматтардың ӛзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін ӛз мойнына алып, ӛзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілсе дұрыс болар еді деп ойлаймыз. Біздің кӛзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің бұл анықтамасы кәсіпкерліктің тек қана белгілі бір қызметпен айналыса алу қабілеттігін ғана сипаттамай, экономикалық категория ретінде белгілі бір қызмет түрі екендігін анықтайды.

Мемлекеттің кәсіпкерлік процеске араласуына шектеу қойып, кәсіпкерлік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде белгілі бір мүмкіндіктер жасалу қажет.

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың болуы.

Қорларды басқаруда шағын кәсіпорындардың негізгі ӛндіріс қорларының үлкен бӛлігін сатып алуымен байланысты емес, ал жалға алуымен

(2)

қамтамасыз етілетін ең аз мӛлшердегі қолармен жоғары нәтижелікке жету кӛзқарасын ұстану ұсынылады [3].

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік процесті қозғалысқа келтіретін іргелі күштер толығымен қамтылған жағдайда кәсіпкерлік қызмет қалыптасып, дамуы нәтижесінде еліміздің, оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауына әсерін тигізеді.

Сурет 1 - Кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету мүмкіндігі

Нарық негізінен кӛп миллионды айналымы бар үлкен кәсіпорындар үшін тиімді, ал шағын кәсіпорындар үшін тиімсіз деген пікірдің қалыптасуының басты себебі жақсы жабдықталған ірі компаниялар мен шағын кәсіпорындардың бәсекеге түсе алмайды деген аргументіне негізделеді. lрі кәсіпорындар жаппай ӛндіріс пен бұйымдардың номенклатурасының тұрақты жағдайында қызмет етіп, кӛтерме сатушылармен жұмыс істейді. Ал шағын кәсіпорындар ӛндіріс қалдықтарын екіншілей шикізаттарды пайдаланып, белгілі бір нарықтық сегментте сатушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға, ӛнімдерді аз партиямен ӛндіруге бағытталады. Әр қайсысы ӛздерінің қызметтерін атқара отырып, олар бірін-бірі толықтырады. Шағын кәсіпорын нысандары ірі фирмаларға қарағанда қызметі әлде қайда жоғары болатын салада жұмыс істейді. Оларға

Кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуінің мүмкіндігі

Жеке меншік

Экономик алық еркіндік

Бәсекелі нарықтар

Экономи калық ынталан дыру

Мемлекеттің ролі

Беру құқығы Иелдену құқығы

Пайдалану құқығы

Жұмысты тоқтату мүмкіндігі Кез-келген ресурстард ы алу құқығы

Кез-келген ӛнімді ӛндіру құқығы

Кез-келген-техниканың пайдалану құқығы

Инвестицияларды бағыттау құқығы

Нарыққа еркін кіру Нарық тан еркін шығу

Ынтала ндыру Санкция лар

Нормативті- құқықтық нормалар мен заңдылық актілер

Салық саясаты

Отандық кәсіпкердің басымдылығы

(3)

сауда, сервистік қызмет, материалдармен жабдықтау сияқты жұмыстар жатады. Автомобиль ӛндірісімен ірі кәсіпорындар айналысса, ал оларды жӛндеу, техникалық қызмет кӛрсету жұмыстарын шағын кәсіпорын нысандары әлдеқайда тиімді орындайды. Шағын кәсіпорын нысандары ӛнім номенклатурасын жылдам ӛзгерте алуы мен технология, қызмет ету саласында жаңалыққа бейімділігімен ерекшеленеді.

Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер етуші кедергілердің ішінде салық жүйесі кӛп уақыт бойы басымдыққа ие болып келеді.

Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі болушы салық жүйелерінің кемшіліктері қызмет салаларына байланысты ерекшеленеді.

Шағын ӛндірістік кәсіпорындардың басшылары мұндай жағдайға себеп болатын екі негізгі шарттарды атап кӛрсетті.

Біріншіден, кәсіпкерлердің салық заңдылықтары жағынан білімдерінің таяз болуынан, салық заңдарындарында кӛрсетілген міндеттерді толық орындау мүмкін емес.

Екіншіден, бір қызмет саласына бағытталған, бір мезгілде жүзеге асырылатын және тіпті бір-біріне қарсы келетін заң актілерінің кӛптігі.

Ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін бірінші орында нормативті заң актілерінің жиі ӛзгеруі орын алған. Бұның себебі ауылдық жерлерге, қалаға қарағанда ақпарат кеш жетеді, әсіресе шалғай аудандарға. Сонымен бірге ауылда кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдаушы, ақпараттық кеңес беруші объектілер құрылмаған. Осы фактролар ауыл кәсіпкерлерінің қызметін қиындатады.

Сауда және қызмет кӛрсету саласында негізгі кедергі салық салу ерекшілігіне байланысты салық ставкасы және салық жинау болып табылады. Бірақ, кейбір салық ставкаларының тӛмендеуі жағдайды жақсы жаққа ӛзгертуде.

Кӛбінесе кәсіпкерлер салық органдары қызметкерлерімен белгілі бір

“келісімге” келіп отырған. Осылайша, бұл мәселенің маңызы жойылып кетеді.

Қарастырылып отырған мәселенің туындауының негізгі себептері:

1. Кәсіпкерлердің салық заңдылықтарын жеткілікті білмеуі, кейде бастаушы кәсіпкерлерде мұндай білімнің мүлде болмауы.

2. Салық органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің кейбірінің кәсіби дәрежесінің тӛмендігінен олар салық тӛлеушілерге толық және дұрыс ақпарат бере алмайды.

3. Салық қызметтерінің кәсіпкерлер үшін “жабықтығы”. Салық комитеттері кәсіпкерлерге беретін кеңес беру қызмет жүйесін ақшалай болса да дұрыстау керек, сонымен бірге тематикалық оқытушы семинарлар жүргізуді қарастыру керек. Бұл кедергіні жою үшін ӛзгерістер жүргізу керек.

Ең алдымен салық қызметін ұйымдастыру жүйесінде, сонымен бірге шағын кәсіпкерлер нысандарына кеңес беру және оқытудың инфрақұрылымын құрып, ары қарай дамыту.

Жаңа салық кодексінде жыл ішінде салық базасындағы салық түрлеріне және ставкаларына, бюджетке тӛленетін басқа да тӛлемдер мен

(4)

салық сандарын ӛзгертулерді шектеу туралы заңды бекітулер қарастырылған.

Егер заң актілері сол баяғы жылдамдықпен жиі ӛзгеретін болса, әсіресе шағын кәсіпкерлік нысандарына арналған арнаулы режимді салық түрлерін реттеуде жиі кӛрініс беретін болса, бұл заңды бекітулер ӛз күшін жояды.

Қазақстанда тұрақты заңдылық базасын құру шағын кәсіпорын басшыларының сауаттылық дәрежесінің жоғарылауына, жиналатын салықтың ӛсуіне, салық қызметіндегі қиыншылықтарды қысқартуға және шағын кәсіпорындардың дамуына жақсы жағдай туғызар еді.

Салық ауыртпалығы жеңіл және тамақ ӛнеркәсібіндегі қосымша құн салығын тӛлеу жеңілдіктерінің алып тастауынан ӛсті, себебі шағын ӛндірістік кәсіпорындардың басты бӛлігі осы салаға бейімделген.

Салық заңдылықтарындағы соңғы ӛзгерістер яғни бірнеше салық ставкаларын тӛмендету жалпы салық ауыртпалығын тӛмендетіп, салық салу базасының кеңеюі мен салықтан жалтару сияқты кері әрекеттердің қысқаруына алып келеді.

Ӛндірістік шағын кәсіпорындар тӛлейтін тӛлемдер саны ең жоғарғы болып табылады. Ӛндірістік сала ірі кәсіпорындар мен импортты тауарлар жағынан бәсекелестері жоғары болып шағын кәсіпкерлік үшін шиеленісті сала екені онсызда белгілі. Кәсіпкерлердің ойынша ӛндіріс саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындарға тӛлемдер саны аз және есеп берулер саны аз қарастырылатын арнаулы салық режимін ойлап шығару қажет.

Қазіргі кезеңде елімізде шағын кәсіпкерлік нысандары үшін салық салудың арнайы салық салу тәртібі қарастырылған, яғни ол патент және оңайлатылған декларация негізінде жүргізілуде. Кәсіпкер бұл арада ӛзінің қызметінің меншігінен, алатын табыс мӛлшеріне байланысты осындай немесе басқа да түрін қолдануға құқылы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа фермер қожалықтарынада арнаулы салық режимі бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Мұның ӛзі шағын бизнестің дамуына мүмкіндік берілген деген мағына береді.

Бірақ дегенмен шағын кәсіпкерліктің салық салуын жетілдіру жӛніндегі мүмкіндігі бар ұсыныстарды қалай жүргізу керектігі де ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

Осы арада мынадай ұсыныстарға да кӛңіл аудару керек:

1. Шағын кәсіпкерлік нысандары үшін салық ставкаларының диференсациясын қарап, олар ӛндіретін ӛнімдер мен кӛрсетілетін қызметтердің, қосымша құнының деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып қызмет түрлері бойынша жүргізу.

2. Жалдамалы қызметшілердің еңбек ақы қорының деңгейіндегі бастапқы мәнін арттыра отырып, табыс салығының сомасын азайту бойынша есептесуге қабылдайтын әрбір жалдамалы қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең тӛменгі еңбек ақы мӛлшері бойынша еңбек ақыны жою жолымен алмастыру.

3. Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7, 0,5 %-ға дейін есептелген табыс салығын азайта отырып, жеңілдік нормасын тӛмендету.

4. Индустриялдық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру аясында жаңа жоғары технологиялық ӛнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми

(5)

зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстарын жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.

Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді. Мұның бәрі де айналып келгенде шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыта түсуге мол мүмкіндіктер бермек.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы заңы” N 154 З-ХП 4 шілде 1992 жыл.

2. Окаев К.О. Предпринимательство в республике Казахстан. и др, - Алматы: Экономика, 2000. - С. 7

3. Аскаров Е. Перспективы развития машиностроения //

Промышленность Казахстана. -2005. - №2(29). - С. 42-45

Referensi

Dokumen terkait

2005 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруының модернизацияның жедел даму жолында» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ҚР Білім және ғылым

Cапардың қорытындысы бойынша ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Жапония Экономика, сауда және индустрия министрлігі арасындағы Экономикалық ынтымақтастыр туралы