• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ Манақбаева Айгерім Бӛкейханқызы Л.Н.Гумилев

атындағы Еуразия Ҧлттық университетінің 4-курс студенті Ғылыми жетекшісі - с.ғ.к., доцент Смағамбет Б.Ж.

Елбасы ӛзінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»

атты халыққа Жолдауында әлеуметтік жаңғырту мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін айта отырып, мемлекеттің басты міндеттерінің бірі халықтың әл-ауқатын нығайту, қазақстандықтардың ӛмір сапасын жақсарту сияқты маңызды мәселелерді кӛрсеткен болатын [1]. Әлеуметтік мәселелерді шешу дәстҥ рлі тҥрде мемлекеттің міндеті деп есептелінеді.

Нарықтық қарым-қатынастар дамуының бастапқы кезеңінде мҧндай ҧстаным Қазақстан Республикасына ғана емес, сонымен қатар басқа елдерге де тән болатын.

Мемлекеттің басты қҧндылығы – адамдар болуы себепті, оның басты міндеті де ӛз азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту екені белгілі. Қазақстан Республикасы ӛз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ осы басты қағиданы жіті назарда ҧ стап келеді.

Ел экономикасының нақты мҥмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртҥ рлі жағдайда болғаны рас. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бҧл мәселе аса кҥрделі болатын. Соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін кӛрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына ерекше назар аударып, осы салаларға жҧмсап жатқан қаражатының ӛ суі бҧл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жҧ мыстың қарқындылығын байқатады. Елбасы Нҧрсҧлтан Назарбаевтың жҥргізіп отырған салиқалы саясатының нәтижесінде жыл ӛткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола тҥ сіп, біз ТМД мемлекеттері арасында кӛшбасшылар қатарындамыз.

Елде тҧ рақты даму мен халықтың хал-ауқатын қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторының бірі – қазіргі заманғы ӛркениетті кәсіпкерлікті қалыптастыру.

Әлемнің кӛптеген елдеріндегі сияқты Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар кӛзі іспеттес экономиканы әртараптандырудың кілті - кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп отыр. Оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы –қоғам ҥшін маңызды.

(2)

Әйелдер кәсіпкерлігі бәсекелес нарықтық ортаны қҧ руға мҥмкіндік туғызады, нарықты тауарлар және қызметтермен қанықтырады, сҧраныстың ӛзгерістеріне икемді жауап береді және тәуекелді жобалар мен жаңалықтар енгізеді, мамандарды, капиталды, негізгі сондай-ақ, қосымша материалдарды толықтыру кӛзі болып табылады.

Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы еңбекке қабілетті халықтың жҧмыс бастылық деңгейін және олардың ӛ мір сҥру сапасын арттыруға ӛз септігін тигізеді. Бҧл феноменді әйелдер кәсіпкерлігін зерттеп жҥрген америкалық ғалымдар Р.Петерсон мен К.Вермейер «әлемдік масштабтағы тыныш революция» деп кӛ рсетіп, тәуелсіз кәсіпкерлікке деген әйелдердің қызығушылығын осылай тҧжырымдады. Ал бҧл қҧбылысты қазіргі заманғы кәсіпорындағы әйелдер рӛлінің ӛзгергенін талдай келе америкалық ғалым Д.Нэсбит «жаңадан пайда болған мҥмкіндіктер жарылысы» деп бағалады [2. 158-б].

Әйелдердің экономика саласында динамикасы – мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі.

Мемлекет басшысы айқындаған негізгі бағыттардың бірі де – әйелдерді экономикалық жағынан ілгерілету. Әйелдер республикадағы 8,5 миллион экономикалық белсенді тҧрғындардың ішінде 4,2 миллионды қҧрайды. Сонымен қатар, 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықта ЖІӚ қҧраудағы әйелдер ҥ лесі 36-дан 39% дейін ӛ скен. Ерлер мен әйелдердің жалақыларының балансы бойынша оң серпін байқалады: соңғы жылдары 61-ден 66% дейін кӛтерілген [3, 5 б].

Әйелдердің экономикалық белсенділік деңгейінің аз ғана ӛсу ҥрдісі бар, алайда ерлермен салыстырғанда тӛмен, бҧл бірінші кезекте, әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығуымен, осының салдарынан еңбек қызметінен олардың ерте кетумен байланысты.

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы мен дамуы қоғам ҥшін тиімді қҧбылыс. Елдегі әйелдер кәсіпкерлігінің жағдайы мен перспективасын, жалпы әлеуметтік- мәдени сипаттамаларын анықтау мақсатында автор әлеуметтанулық зерттеу (сҧ рау салу) жҥргізді. Зерттеуге Астана қаласының шағын және орта кәсіп иелері - 60 кәсіпкер-әйел қатысты. Іріктеу жиынтығы негізінде қызмет кӛрсету, денсаулық сақтау, білім беру, сауда, азық-тҥлік ӛнеркәсібі сияқты салалардағы кәсіпорындарды басқаратын әйелдер мен қыз- келіншектер сҧралды.

Әйелдер кәсіпкерлігін кӛптеген әлеуметтанушы-ғалымдар гендерлік тҧ рғыда зерттеп жҥр. Кәсіпкер әйелдер мен ерлердің салыстырмалы ғадетіне қатысты кӛптеген зерттеулер кӛрсеткендей, еркіндік, мақсатқа бағытталу, бастамалық, ӛзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделу деңгейі сияқты іскерлік қасиеттердің негізгі критерийлері бойынша ерлер алдыңғы қатарда. Дегенмен, іскерлік салада әйелдер мынадай артықшылықтарға ие: оларда аса менмендік жоқ, кәсіпорынның стратегиясын дайындауда ҥлкен жауапкершілік танытады, адамдармен сыпайы, жақсы қарым-қатынаста болады, ӛзінің интуициясын белсенді пайдаланады, әлеуметтік жауапкершілігі мол. Осы қасиеттерінің арқасында кәсіпорын міндеттерін іске асыруда ерлерге қарағанда біршама артықшылықтарға ие болады. Мҧ ның бәрі әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігінің маңызды әлеуетін сипаттайды.

Әйелдер кәсіпкерлігінің бҧ рыннан әйелдер қызмет етіп келе жатқан, ӛздеріне ыңғайлы салаларда дамуы байқалады. Ол салалар қатарында тҧрмыстық қызмет кӛрсетулер, қоғамдық тамақтану, сауда, білім беру, әлеуметтік кӛмек кӛ рсету, денсаулық сақтау, қонақ ҥй шаруашылығы және басқалар бар. Ал әйелдер тарапынан аз игерілген салалар қҧ рылыс, транспорт, шикізат ӛ неркәсібі болып табылады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әйелдер кәсіпкерлігінің ер адамдар кәсіпкерлігіне қарағандағы ерекшеліктері зерттеу нәтижелерінде дәлелденді. Сауалнамада респонденттер басқару стилі, мейірімділік, эмоциялық сияқты негізгі әлеуметтік индикаторларды таңдаған (1-кесте).

(3)

Кесте 1 Әйелдер кәсіпкерлігінің ер адамдар кәсіпкерлігіне қарағандағы

ерекшеліктері

Жауап нҧсқалары Пайыздық кӛрсеткіштер

Басқару стилі 62%

Қаржыландыру кӛздері 26%

Желілік байланыстар қҧрылымы 12%

Мотивация және жетістіктер 42%

Тапқырлық, жаңашылдыққа ҧ мтылу 46%

Мейірімділік, эмоциялылық 10%

Қосындысы 100%-ға тең емес, ӛйткені респонденттер жауаптың бірнеше нұсқаларын белгілеуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаннан бері орын алған жағымды ӛзгерістер ретінде әйелдер тҧрақты кіріс, әлеуметтік-материалдық, отбасылық жағдайдың жақсаруы, ӛз бетінше шешім қабылдай алатын еркін және тәуелсіз болу, кӛ лік сатып алу, шетелде демалу, ӛз ісінің нәтижесін кӛру, достары мен таныстарының кӛбеюі, белсенділіктің жоғарылауы, бос уақыттың кӛбеюі сияқты факторларды кӛ рсетеді. Бҧл баламалар кәсіпкер әйелдердің ӛз қызмет тҥ ріне кӛп жағдайда риза екенін аңғартады. Сондай-ақ, қазіргі кездегі кәсіпкер-әйелдердің әлеуметтік кӛңіл-кҥйлері мен жағдайы позитивті екені зерттеулер нәтижесі кӛрсетіп отыр. «Сіз бүгінгі ӛмір сүру деңгейіңізге, Отбасыңыздың қалай ӛмір сүріп жатқанына қаншалықты ризасыз?»

деген сҧ раққа респонденттер толық ризамын (36%) және ризамын деген дұрыстау (64%) деп жауап берді. Әйелдердің дәл қазіргі кездегі ӛмір сҥру салтына, сапасына осылай шҥкіршілік, ризашылық білдіруі – адам табиғатындағы ділдік ҧстанымдар мен әлеуметтік оптимизм кӛріністері. Ең бастысы, елдегі тҧрақтылық пен даму белгісі ретінде халықтың әлеуметтік кӛңіл-кҥйінің оң дәрежесін кӛрсетеді.

Кӛптеген экономикалық-әлеуметтанулық әдебиеттерде кәсіпкерліктің ғылыми тҥсіндірмесі белсенді тҥ рде қарастырылып, экономикалық анықтамасымен қатар, мәдениет қҧбылысы, әлеуметтік жаңғырту қҧралы, ӛнегелік-этикалық қҧ ндылықтар жҥйесі сияқты сипаттамаларда кӛ рсетіледі. Бҧ л сипаттамаларға әйелдер кәсіпкерлігі толығымен сәйкес келеді. Себебі, кәсіпкер әйелдер осы қызмет тҥрімен айналысу арқылы тек экономикалық қана емес, сондай-ақ рухани, әлеуметтік-мәдени игіліктерге қол жеткізуді мақсат тҧтады. Мҧны респонденттердің жауап нҧсқаларынан байқауға болады - әйелдер еңбек ету арқылы табысқа, байлыққа жетуді (17%) ғана кӛздемейді. Олардың басты мотиві жеке капиталға ие болу арқылы қоғамда жақсы бала тәрбиелеу, мықты отбасын қҧру (29%) болып табылатыны анықталған. Ал келесі кезекте ӛзін қауіпсіздікте сезіну, қысым кӛрсету қаупін сезінбеу деген жауап нҧсқасы берілді (2-кесте). Бҧл кәсіпкер-әйелдердің индивидидуалдық бағытын айқындайды.

Әйелдер ділімізге, дәстҥрімізге сәйкес, адамгершілік, сыпайылық, инабаттылық сияқты адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді игерген, сонымен қатар, қазіргі жаһандану заманындағы нарықтық қарым-қатынастар негізінде «экономикалық адам» тҧжырымдамасына сәйкес, дамыған экономикалық белсенділік, эгоистік, рационалдылық, мансапқа ҧмтылушылық сияқты сипаттамаларға ие болып отыр. Әйелдер денсаулық, отбасы, бақыт, махаббат, діни сенім сияқты байлықтарды адамның ӛміріндегі басты маңызды қҧндылықтар деп тҥ сінеді. Әйтсе де, қазақстандық іскер әйелдердің қҧндылықтық қалаулары кӛп жағдайда анық прагматикалық пен рационалдылық кӛрініс табады. Олар ҥшін білім, ақша, мансап, яғни материалдық жағдай негізгі қажеттіліктер болып табылады. Еңбектің, жҧмыстың, мансаптың қажеттілігі кҥннен- кҥнге жоғарылауда. Себебі жҧмысқа ынталану – ӛмірге ынталанудың бір бӛлігі.

(4)

Кесте 2 Жеке капитал иемденудің қажеттігі

Жауап нҧсқалары Пайыздық кӛрсеткіштер

Ӛмір сҥ ру ҥшін 15%

Баю ҥшін 17%

Қоғамда әлеуметтік мәртебе мен беделге ие болу 10%

Ӛзін қауіпсіздікте сезіну, қысым кӛ рсету қаупін 19%

сезінбеу

Жақсы бала тӛрбиелеу, мықты отбасын қҧру 29%

Экологиялық таза ортада ӛмір сҥ ру 10%

Елімізде әйелдер ӛздеріне тән шығыстық икемділікті, батыстық ынталылық қасиеттерді бірдей қабылдайды. Бойына екі бірдей ӛ ркениеттің барлық жаңалықтарын бірден сіңіре алады.

Қазақстандық әйелдер ӛзіндік жетістіктерге қол жеткізу, қоғамға пайдалы болу, қиындықтарға қарамай тез шабыттанып, жақсы ӛмір сҥруге және алға ҧмтылу сияқты керемет қасиеттерге ие және олардың бҧ л болмысы бҧ рынғыдан да кҥ шейіп келеді.

Әйел бизнесі жылдан жылға салаланып, қҧрылымданып жатыр, әйтсе де Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігі шетелдегі кәсіпкерлік деңгейімен салыстырғанда серпін алмай отыр және енді дамып келе жатқанын аңғартады. Сҧралған кәсіпкер әйелдердің ішінде кәсіпкерлік әрекетпен 12 жылдан кӛп айналысқандары және айналысқанына әлі бір жыл толмағандары 10%-дан, ал 5 жыл шамасында айналысқандары 32%. Шағын кәсіпкерлер - 82%, ал орта кәсіпкерлер - 18%-ды қҧрады.

Зерттеуге қатысқан кәсіпкерлердің когорталық сипаттамалары: ең тӛменгі жас шамасы - 20 және ең жоғары жас - 55 жастағы аралығындағы қыз-келіншектер мен әйелдер. Кӛптеген зерттеулердің және біздің зерттеудің нәтижелері қазақстандық кәсіпкер-әйелдің жасы орташа есеппен 36-38 жасты қҧ райды, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысу ӛтілі орташа есеппен 5-7 жылды қҧ райтыны байқалды.

Қоғамның әлеуметтік қҧрылымындағы ӛзіндік белсенді топ ретінде кәсіпкер-әйелдердің әлеуметтік портретін айқындау барысында олардың білім деңгейіне, біліктілігіне, іскерлік қабілеттеріне мән беру қажет. Біздің зерттеуімізге қатысқан кәсіпкерлердің кӛп бӛ лігі жоғары білімді мамандар - 64%. Оның ішінде 4% ғылым кандидаты деген ғылыми дәрежесі бар екенін кӛрсетті. Ал сҧ ралғандардың 20% арнайы орта білімді мамандар. Респонденттердің кәсіби статусын анықтай келе, мынадай мамандық иелері екені кӛрсетіледі: техникалық – 26%, гуманитарлық – 18%, педагогикалық – 16%, медициналық – 12%, экономикалық – 14%, қҧқықтық – 10%, ауыл шаруашылықтық – 4%. Бҧл зерттеу нәтижесінен бизнеске қабілеттері мен мҥ мкіндіктерімен қоса, арнайы даярлығы бар білімді мамандардың ҥлкен жауапкершілікпен келетіні байқалады. Респонденттердің пікірінше, жоғары білімнің болуы – ӛмірдегі біршама табыстарға жетудің алғышарты. Кӛп еңбектену және кҥш-жігердің болуы табысқа жеткізеді деп санайды. Материалдық игілік кәсіпкер бизнесінің дамуын, оның мҥмкіндіктері мен іскерлік қасиеттерінің сәттілігін оның серіктестері мен тҧтынушыларына, қоршаған адамдарға паш етуінің маңызды кӛрсеткіші болып табылады.

Жоғары материалдық жағдайға жетудің басты белгілері – білім және ақша. Кәсіпкерлік ортада ақша іс-әрекеттің нақты бір кәсіпорынды қҧру, жаңа идеяның жҥзеге асуы сияқты мақсаттарына жетуінің маңызды қҧ ралы болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық экономика мен бәсекелестік орта іскер әйелдерді әрдайым барлық нәрсе жӛнінде қосымша білім алып отыруға итермелейді. Сол себепті адамның білімі мен біліктілігі - стратификациялық мобилдік пен жоғары материалдық әл-ауқат және игіліктерге жетудің маңызды әрі негізгі арнасы, сондай-ақ қҧ ралы болып табылатын басты қҧндылықтар.

(5)

Кәсіпкер әйелдердің пікірінше, кәсіпкерліктің дамуына кӛбінесе этникалық, ҧлттық факторлар кӛп әсер ете қоймайды. Сонымен қатар, елдегі кәсіпкерліктің дамуына ӛңірлік- аумақтық факторлар әсер ете ме деген сҧ раққа әйелдердің 40%-ы «иә», ал 54%-ы «жоқ» деп жауап берген. Бҧ л кӛрсеткіштің себебі ретінде мынадай жауап нҧсқалары кӛрсетілген:

бизнестің дамуынының әр тҥрлі мҥмкіндіктері, әр тҥрлі бизнес-климат, тҧ тынушылар мен клиенттердің әлеуетінің деңгейі, тауарлардың ӛ тімділік қарқыны. Бҧл кӛрсетілген жауап нҧсқалары елдегі кәсіпкерлік әлеуеттің аймақтық деңгейге (қала мен ауыл) байланысты кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын кӛрсетеді.

Әйтсе де, кәсіпкерлер адамның бизнес заңдылықтарына икемді келуі оның ҧлтына, дініне, тҧ рған жеріне байланысты емес, ӛз бойындағы жеке қабілеттері мен қасиеттеріне байланысты деп бағалайды. Бҧл тҧжырымды В.В.Радаевтың «экономикалық адам» ҥ лгісіне сәйкес тҥсіндіруге болады. Адамның экономикалық іс-әрекеті оның ҧлты, діні, әлеуметтік ҧстанымдары, қҧндылықтары және басқа да белгілеріне қарамастан, ҧтымды және жеке даралығын мойындататын әрекетте болуы ықтимал. Бҧ л адам ҥлгісі – жеке қалауларына негізделіп дербес шешім қабылдайтын атомдалған жеке адам, бірінші кезекте ӛз мҥддесін ойлайды және жеке пайдасын ҧмтылуға тырысады, алға қойған мақсатына біртіндеп жетуге тырысады, оған жетудің қандай да бір қҧралын таңдауда салыстырмалы тҥ рдегі шығындарға кӛңіл аударады, сондай-ақ ӛз қажеттіліктерін біліп қана қоймай, оны қанағаттандырудың қҧралдары жайлы қажетті ақпаратқа ие болады [4.] Қазіргі жаһандану мен экономикалық интеграция ҥ рдісінде адамдар, әсіресе эконмикалық агенттер «экономикалық адам» ҥлгісінде сипатталады. Бҧл ҥрдіс кәсіпкер-әйелдерді қамтуы да таңғаларлық мәселе емес. Сол себепті, іскер әйелдерді рационалды, тәуелсіз, ӛзімшіл және ақпараттанған деп бағалау артық болмайды. Әйтсе де, адамдардың ӛзара әрекеттесуі барысында туындайтын және бір-біріне қоғамдық ӛмірдегі қҧбылыстар мен процестер әр тҥрлі қатынастар барысында әлеуметтік әрекет кӛрінеді. М.Вебер экономикалық мінез-қҧ лықты әлеуметтік мінез-қҧ лықтың ең ҧтымды тҥрі деп қарастырады.

Әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік тҧрғыдан зерттеу бҧл феноменнің әлеуметтік аспектілерін жан-жақты қарастыруды талап етеді. Кәсіпкерлер әлеуметтік тобы қоғамда ӛзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, заманауи қоғамда маңызды рӛл атқаратын қоғамның жігі болып табылады. Әйел кәсіпкерлер қазіргі нарықтық заманда белсенділік танытып, олардың кҥш-қуаты, энергиясы экономикалық садаға бағытталған, тіпті «басқалардан ҥздік болу» принципіне ҧмтылады. Еліміздегі әйел кәсіпкерлігінің әлеуметтік портретін жасау ҥ шін олардың қҧндылықтары, білімі мен интеллекті, шығармашылық қабілеттері, кәсіби шеберліктері, бизнестегі мотивтері, сонымен қатар, басқа әлеуметтік-мәдени, психологиялық сипаттамаларын толыққанды зерттеу қажет. Әлеуметтік портретін сипаттау арқылы мынадай нәтижелерді ҧ сына аламыз: елде кәсіпкер әйелдер білімді, ӛз ісіне тиянақты қарауға және ӛзін әрқашан жетілдіріп отыруға ҧмтылатын, әлеуметтік жауапты, қоғам мҥддесіне қызмет ететіні анық.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ӛркениетті экономиканың, саясаттың, қоғамның фундаменталды қҧндылықтарының бірі, кӛптеген кәсіпорындар ҥ шін бірінші орында тҧ рған басымдық. Кәсіпкерлер бизнестің тҧ рақты және ҧзақ мерзімді дамуы, кәсіпорынның мәртебесі, бизнестің инвестициялауға тартымдылығының жоғарылауы, бизнестің билік пен қоғаммен ӛзара әрекеттестігі сияқты мәселелерді ҧғына отырып, әлеуметтік жауапкершілік – ӛз ісінің міндетті атрибуты екенін тҥсінеді. Зерттеу барысында кәсіпкер әйелдер ҥшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды фактор екені айқындалды. Елдегі экономикалық белсенді, шағын және орта кәсіпорындарды басқаратын әйелдер қолынан мҥмкіндігінше әлеуметтік кӛмек кӛрсетуге талпынады. Зерттеуге қатысқан респонденттерге әлеуметтік жауапкершілікті бизнесті жҥргізудің 10 белгісі ҧсынылды:

1). Қоғамға сапалы тауарлар мен қызмет кӛ рсетулерді ҧ сыну;

(6)

2). Салық тӛлеу; 3). Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу ҥ шін жҧмыс орындарын ашу;

4). Қоғамның дамуына кӛмектесу;

5). Қоршаған ортаны қорғау саласында саясатты қолдау;

6). Персоналға қатысты адамгершіліктік саясат ҧ стану; 7). Кәсіпорынның ішкі және сыртқы қатынастарында этикалық нормаларды сақтау; 8). Заңнаманың барлық нормаларын орындау;

9). Ӛндіретін ӛнімнің мҥмкін болатын жағымсыз нәтижелері туралы шынайы ақпарат жеткізу;

10). Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (қайырымдылық іс-әрекет пен қорларды, меценаттықты қолдау, білім беру, мектеп, балаларға кӛмек кӛрсету, кедейлер мен әлеуметтік кӛмекке мҧқтаж адамдарға кӛмектесуді қолдау).

Жоғарыда кӛрсетілген белгілердің ішінде респонденттердің пікірінше, ең маңыздысы ретінде мыналар анықталды:

1. Қоғамға сапалы тауарлар мен қызмет кӛрсетулерді ҧсыну;

2. Персоналға қатысты адамгершіліктік саясат ҧ стану;

3. Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (қайырымдылық іс-әрекет пен қорларды, меценаттықты қолдау, білім беру, мектеп, балаларға кӛмек кӛрсету, кедейлер мен әлеуметтік кӛмекке мҧқтаж адамдарға кӛмектесуді қолдау).

Қоғамның дамуына кӛмектесу, салық тӛлеу, ҧлттық экономикаға ҥлесін қосу және қоршаған ортаны қорғау – маңызды, бірақ қосалқы факторлар.

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапты болуы – қоғамның тҧрақтылығы мен ӛркениетті даму динамикасының негізгі кӛрсеткіші Соның нәтижесінде әйелдер бизнесіне мемлекеттен қолдау кӛрсетіліп, ілгері дамуы мен институт болып жетілду ҥрдістері жҥріп жатыр.

Сонымен, республикада баяу болса да байыпты, жаңа әлеуметтік феномен – әйелдер кәсіпкерлігінің табанды да табысты дамып жатқанын айта аламыз. Бҧл ҥрдіске жоғарыда атап ӛткеніміздей, қоғам да, мемлекет те мҥдделі. Кәсіпкерлік қызметті дамыту арқылы негізгі біршама қоғам ҥ шін маңызды жетістіктер мен игіліктерге қол жеткізе аламыз. Бҧ л идеяны жҥзеге асырудың негізінде халықтың жҧмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату, жҧмыссыздық деңгейін тӛмендету, ҥкіметтік емес ҧйымдардағы әйелдер қызметін жандандыру, әлеуметтік жаңғырту, мықты орта тапты қалыптастыру, нарықтық бәсекелестік орта қҧру, т.б. жатыр.

Әйелдер кәсіпкерлігінің мынадай мҥмкіндіктері бар: біріншіден, әйелдер қозғалысын дамыту саласында орын алады; екіншіден, әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік-қҧқықтық қолдауда және әйел-кәсіпкердің белсенді рӛлінде ӛ зін әйелдер қозғалысына қатыстылығын және оның демократияландыру процесін дамытудағы азаматтық қоғамның қалыптасуындағы, экономиканың нығаюындағы проблемаларға қатысы бар екендігін сезінуі [5. 31-б].

«Кез келген елдің болашағы әйелдердің қоғамдағы орнына байланысты болады. Біз бҧған ҥлкен мән береміз» деп Елбасының айтқаны бар. Бҥгін де Қазақстан қоғамында әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын, экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әр тҥрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, ӛздерінің біліктіліктері мен іскерліктерін танытып келеді.

Әдебиеттер

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа Жолдауы

2. Состояние гендерных исследований в Казахстане: политика, образование, культура. – Алматы, «Қазақ университеті, 2010.

3. Қазақстан әйелдері мен ерлері. Статистикалық жинақ //Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі. – Астана, 2010.

4. Радаев В.В. Экономическая социология. – М.:Аспект Пресс, 1997.

(7)

5. Әлеуметтану. - Алматы, «Қазақ университеті» – 2004.

Referensi

Dokumen terkait

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес,

Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны алға ілгерлегенімен, халықтың саны мен табиғи ӛсуі, туу және ӛлім мӛлшері, олардың денсаулығы,