Д. Махат Астана қ., Қазақстан ҰЛТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕ АУЫЗША ТАРИХ ДЕРЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ:
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР http://www.enu.kz
Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын- жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында сақталып бүгінгі күнге жетті. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине, ерекше жаралғандықтан немесе артта қалғандықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігімен, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында кӛшпелі ӛмір салты болуымен салыстырған жӛн» [1, 31 б.] – деп жазады. XX ғасырдың 20-жылдарына дейін кӛшпелі ӛмір салтына бағынған қазақ халқы, халықтың тарихи жады міндетін атқарған шежірелер мен аңыздарды, батырлық жырлар мен діни дастандарды кӛзінің қарашығындай сақтады. Онда ӛзгелер сезіне бермейтін халықтың рухани әлемі жинақталды. Ол турасында Шоқан Уәлиханов: «Қазақ ӛзінің кӛне аңыздары мен сенім- нанымдарын қайран қаларлықтай тазалықта сақтай білген. Одан да ӛткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе, ӛлең-жырлар еш ӛзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Кӛшпелі, сауатсыз ордадағы ауызша тараған үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық» [1, с. 390] десе, ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жӛнінде былай дейді: «Ауызша тарих түбегейлі ӛзгерістердің құралы болмауы мүмкін, алайда бәрі оның қолданылуына байланысты. Соған қарамастан, ауызша тарих тарихтың мәні мен маңызын, сонымен бірге мақсатын да ӛзгертуі мүмкін» [2] – деп жазады. Қазақ қоғамында кеңестік билік орнағанға дейін ауызша тарих айту дәстүрі білімдік мәнге ие болып, ӛткен дәуір кезеңдерінен мәлімет беретін топонимикалық, этноәлеуметтік және танымдық (кӛрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы) дерек кӛзі міндетін атқарды. Оның жазба деректерден ӛзгешелігі сонда – күнделікті ӛмірдегі болған істі кӛзімен кӛрген адамдардың баяндауы.
«Даланың ауызша тарихы» ұғымы бірінші рет Ӛтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбеті – Рашид-ад дин, Мұхамед Хайдар Дулати, Әбілғазы Баһадүр- хан, Қадырғали Жалайыр, Құрбанғали Халид, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мәжһүр-Жүсіп Кӛпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан және басқа да түркі-қазақ ғұламалары еңбектерінде жан-жақты кӛрінген. ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А.
Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ.
Кемеңгеров, Т. Шонанов және ӛткен ғасыр ортасында тарих ғылымында ӛшпес із қалдырған Е. Бекмаханов ауызша тарих деректерін ӛз зерттеулерінде кеңінен пайдаланды.
Е. Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деп аталатын монографиясында М.Ж. Кӛпеев, Ә. Диваев және басқалардан жазып алған халық мақал- мәтелдерін және фольклорды маңызды дерек кӛзі ретінде кеңінен қолданып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан деректанулық талдау жасады. Қазақ халқының рухани мәдениетін ғылыми тұрғыдан терең әрі кең ауқымда зерттеген ғалым – Әлкей Марғұлан даланың ауызша тарих айту үлгісін жинастырып, оларды кезеңдерге бӛліп кӛрсетті [3]. Қазақ ғалымдарының 1948 жылы қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбегі қолжазба күйінде сынға ұшырады. Кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынды. Кеңестік тоталитарлық жүйенің саяси қысымының үдей түсуі салдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 70 жылдардың басында кеңестік методологияға сәйкес келетін зерттеулерге баса назар аударылып, ұлттық тарихи білімнің даму
ерекшеліктерін, қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрін ден қоя зерттеуге мүмкіндік болмады.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдары жазушылар Іляс Есенберлиннің «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Алтын Орда», Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран», Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері», Софы Сматаевтың «Елім-ай»
тарихи романдары жазылып, олқылықтың орынын толықтыруға ӛз үлестерін қосты.
Жоғарыдағы еңбектер қазақ әдебиетінің қоржынын тарихи шығармалармен толықтырып қана қоймай, қазақ тарихының дерегіне айналды. Тарих ғылымы большевиктік партияның насихат құралы ролін атқарып, сол кезеңнің елеулі оқиғаларының жылнамасын жасаумен, таптық-партиялық концепция аясында тарихты біржақты баяндаумен айналысуы қоғамның рухани сұранысын қанағаттандыра алмады және ол тарих сол дәуірде ғана ӛмір сүріп, одан кейінгі кезеңнің сынына ұшырады. Оған қазіргі тарих ғылымының ахуалы дәлел бола алады. Кеңес билігі кезінде жазылған ресми тарих пен халық жадында сақталған оқиғалар тізбегін салыстырар болсақ, тарихи оқиғалар туралы кеңестік кезеңде жазылған еңбектер мен халықтың жадындағы оқиғалар алшақтығын аңғарамыз. Ауызша тарихқа идеология мен саясаттың ықпал етіп отыратынын да жоққа шығаруға болмайды.
Ауызша тарих – деректі зерттеушінің ӛзі жасауымен ерекшеленеді. Дерек беретін адамды ӛзі табады, одан алатын жауаптарының сауалдарын ӛзі құрастырады. Кеңестік кезеңде де
ауызша тарих айтушылар болды. Олар үшін маңызды нысан 1941-1945 жылдардағы дүниежүзілік соғыс тақырыбы болатын. 1929-1931 жылдардағы шарулар кӛтерілісі, 1932 жылғы ашаршылық, қазақ зиялыларын саяси тұрғыдан айыптап қуғындау, аграрлық шаруашылық мәселелері (кәмпеске, отырықшыландыру, ұжымдастыру) партиялық концепцияға сәйкес жазылды, сондықтан аталған мәселелер туралы ресми тарих пен халық жадында сақталған деректер арасында үлкен сәйкессіздік пайда болды.
Ұзақ уақыт бойы тарихнамада жазба деректер маңызды болып келгені белгілі. Мұрағаттардан анықтамалар, есептер, партия шешімдерін, оны іске асыру жолдарын табамыз, ал әр бір тарихи кезеңнің шынайы ахуалынан хабар беретін адамдардың жеке басына, жеке ӛміріне қатысты деректерді (күнделік, мемуар, автобиография, хат) сирек кездестіреміз. Кеңестік тоталитарлық жүйе қоғамдағы ӛзгеше ойлайтын адамдармен күрес жүргізді, олардардың жеке ӛміріне қатысты деректерді жинақтауға мүмкіндік те бермеді.
Соңғы жылдары әлемдік гуманитарлық ғылымда әр түрлі әлеуметтік топтардың жеке және ұжымдық естеліктеріне ерекше назар аударылуда. Соның нәтижесінде менталитет тарихы, күнделікті тарихпен байланысты тарихи антропология, тарихи мәдениеттану, интеллектуалды тарих, жаңа биографика, микротарих, т.т. [4] пайда болды.
Ауызша тарих, тарихнамалық және методологиялық тұрғыдан қазіргі қазақ тарихнамасына 1990 жылдардан ене бастады. Алайда ауызша тарих айту оның теориясы мен методологиясы мәселесі біздің елде кенже қалып келеді. Ресей мемлекетінде 1989 жылы Д.П. Урсудың [5]
ауызша тарихтың методологиялық мәселелеріне арналған мақаласы жарияланғаннан бергі кезеңде шетел ғалымдарының аудармалары [6], күнделікті ӛмірге байланысты теориялық жұмыстар батыс еуропалық, ресейлiк зерттеушiлер еңбектері, конференция материалдары мен ғылыми мақалалар [7] жарияланды.
Ауызша тарих айту – дәуір оқиғалары туралы әркімнің жеке танымын, басынан ӛткізген оқиға туралы түсінігін береді. Сондықтан оның субъективтілігі ескерілуі тиіс. Ауызша тарихты алуда қолданылатын сұхбаттасу әдісі, яғни «тарихи сұхбат» - жекелеген адамдардың ӛмірде кӛрген-білген білімдерінің субъективті жиынтығы, объективтіліктің болмауы ауызша деректің бӛлінбейтін бӛлшегі, оның ӛзіне тән ерекшелігі болып табылады. Мынаны айта кеткен орынды кеңестік кезеңде жасалған жазба деректердің ӛзіне де сын кӛзімен қараған дұрыс, онда мемлекеттік басқару аппаратында отырған белгілі бір топтың мүддесі ескеріліп жасалған деректер де баршылық. Осы кезеңді қамтитын ауызша деректердің бір артықшылығы адамдардың ӛз тарихын, күнделікті ӛмірін, менталитетін баяндай отырып тарих ақтаңдақтарының орынын толықтыруға мүмкіндік беретінінде, яғни «тарих теориясының биігінен ... жерге түсу, оның (тарих теориясының) негізі қарапайым адамдар ӛміріне оралу» [8].
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы мен 90-жылдардың басында ауызша тарих айту КСРО-да болған саяси қуғын-сүргін, аштық, еңбекпен түзету лагерлері тарихын зерттеуде қажет бола бастады. Кеңестік жүйе тарихының ақтаңдақ беттерін ашатын деректер жабық болған кезеңде ауызша деректер күйрей бастаған тоталитарлық жүйенің қылмыстарын ашуға, ақиқатты қалпына келтіруге үлес қосты. Аталған кезеңде тарихты білуге, жазуға
құлшыныс ерекше болғаны белгілі. Тарихи ақпаратты жинауға кәсіби тарихшылармен қатар басқа да гуманитарлық сала мамандары ерекше белсене кірісті. «Кеңестік тоталитарлық жүйе», «КСРО-дағы еңбекпен түзету лагерлер жүйесі», «саяси қуғын- сүргін» мәселесінің ӛзі жүйелі зерттеу нысаны бола қоймаған бұл кезеңде мәселенің мақсат-міндеттерін нақты қою, зерттеуді неден бастау керек мұның бәрі бұлыңғыр еді.
Жоғарыда айқанымыздай зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері айқындалмай тұрғанда жиналған ауызша деректер бүгінгі күні нақты бір мәселені зерттеуде толымсыз болып жататыны бар. Сондықтан ауызша дерек жинағанда, зерттеу нысанының мақсат- міндеттеріне сәйкес, тақырыпты мүмкіндігінше толық ашатындай деректер алуды ойластыру керек.
Ауызша тарих екі адамның зерттеу нысаны етіп алған мәселе жайлы сұхбаттасып әңгімелесуі. Сұхбат - ӛзіндік ерекшелігі бар, дербес адамның әңгімесі болып табылады.
Оны қағаз бетіне немесе арнайы таспаға түсіру арқылы тарихи оқиғаның немесе күнделікті ӛмір тарихының ауызша тарихи дерегі жасалады. Сұхбат алушы оқиғаны еске түсіру мақсатында нақты, жүйелі сауалдар қойып, әңгімені ӛрбіте отырып, ұсақ нәрселерге де мән бергені жӛн. Сұхбат берушінің кӛңіл-күйіне мұқият әрі кейбір жан тебіренісіне түсіністікпен қарай отырып, болған оқиғаның ақиқатын іздеуге, сол кезеңге талдау жасауға да мүмкіндік беретін сауалдар қоюға ұмтылуы тиіс. Сұхбат алушы әңгіме барысында ӛткен тарихи оқиғаны интерпретациялауға, қарапайым адамдардың әлеуметтік тарихын білуге, ділін ұғынуға, ресми тарихта айтылмайтын мәселелерге кӛз жеткізуге мүмкіндік туатындай сұхбат берушіден күнделікті ӛмір (медицина, баспана, киім-кишек, азық-түлікпен қамтамасыз етілу, балалар үйіндегі сәбилер ӛмірі, бір-біріне жазған хаттары, кӛңіл-күйлері мен отбасы ахуалы) жайлы да сауалдар бергені дұрыс.
Сұхбаттың мазмұнды, құнды дерек кӛзін ала алатындай болуы сұхбат берушіге де байланысты болады. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметте болғандар, мәдени-рухани салада қызмет жасағандар, ғалымдар саяси мәселелер жайлы сӛз қозғап, ӛте құнды, мазмұнды мәселе айтуы мүмкін. Зерттеуші ӛзі зерттеп отырған кезеңді басынан ӛткерген әр түрлі әлеуметтік топтағы респонденттерден дерек алуға ұмтылғаны жӛн. Мәселен, ӛткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақ қоғамында орын алған оқиғаларды, осы аласапыран кезеңді кӛзі кӛрген, қазақ жерінде еңбек еткен, ӛмір сүрген немесе түрмеде отырған адамдардың берген деректері арасында отбасылық тарихи жинақ (нарратив), ән жанры, фольклор, «тиым салынған әндер», мақал-мәтелдер т.т. болуы мүмкін. Саяси қуғын- сүргінді, ашаршылықты кӛзі кӛргендердің айтқандары бір-біріне ұқсас болып келетін кездері жиі болады. Ол қайталаулар осы кезеңнің келбетін ашуға, ашаршылықтың немесе саяси қуғын-сүргіндердің себебі мен билік саясатын айқындауға жол ашады. Мысалы:
1990 жылы «Жалын» баспасынан жарық кӛрген «О чем не говорили» деген деректі әңгімелер мен очерктер жинағындағы жазушы Жайық Бектұровтың Сәкен Сейфуллиннің жары Гүлбахрам Батырбековадан жазып алған естелігі, осы жинақтағы Виктор Диктің
«Карлаг» туралы жазғандары, 1993 жылы «Ӛнер» баспасынан шыққан «Қызылдар қырғыны» (Құрастырғандар: Захардин Қыстаубаев, Балжан Хабдина) деген кітаптағы ашаршылық туралы естеліктер бірін-бірі толықтыра отырып 1920-1930 жылдардағы ел келбетін кӛз алдымызға әкеледі.
Ашаршылықтың ауқымы туралы мәселе ерекше назар аударуды талап етеді.
«Қызылдар қырғыны» (Құрастырғандар: Захардин Қыстаубаев, Балжан Хабдина) деген кітаптағы ашаршылық туралы естеліктерге назар аударайық. Ақтӛбе қаласының тұрғыны А. Ағыбаевтың «Ауыр күн естен кетпейді!» деген естелігінде: «Үш жасымда шешем ӛліп, жетім қалдым. Жас та болсам ӛз отбасымыз, тума-туыстарым, ағайын-жекжаттарымыз кӛрген таршылық, ашаршылық оқиғалары есімде. ... ӛзімнен жасы үлкен Ақмолдин Сисен, Жолдыбаев Оразалы, Басжанов Махамбетқали ағалардан 1928-1937 жылдар аралығында біз қалай болдық деп кӛргендерімді анықтап алу үшін әңгімелестім» [9, Б. 10] - деп жазады. А. Ағыбаев ӛз естелігінде бала кезінде ашаршылықты басынан ӛткізгені, қорқыныш, құтылу, аға, апаларының тағдыры, ӛлу себептері, ӛз тегі, туыстары туралы,
ӛмір сүргендердің тіршілік кӛзі, жер-су аттары туралы дерек береді. Аталған естелікте:
«Қыс ӛтіп, жазға ілінген адам тышқанға жетіп, тышқан жеп тірі қалды», осы кітаптың 12- 19 беттеріндегі Зейтін Ақышевтің «Білсін мұны ұрпақтар» деген естелігінде: «Шұбырып жатқан кӛппен бірге біз де тарттық Қарағандыға. Жол бойындағы азығымыз – тарының қалғаны. Оған қоса тарғыл жуа, шалғын жуа. Жолдан бұрылып отыра кетіп жуа теріп жейміз. Біраз жүрген соң құстың ұясы кӛзге түсе бастады. Оларда аппақ болып жатқан бір ұя жұмыртқаны кӛргенде қуана ұмтыламыз. Жұмыртқасын алған соң, ұясына тұзақ құрып, қаз-үйректің ӛзінде ұстап алып, бордақыға байлаулы ту қой сойғандай боламыз» - дейді.
Бұл күн кӛрістің әдеттегі түрі, яғни жемістерді, жабайы шӛптің тамырын, жәндіктерді теріп жеу т.т. Сондай-ақ осы жылдары күн кӛрістің ауытқыған (аномальные) түрі, яғни тірі адамды ұстап жеу, ӛлген адамды жеу жағдайы кездескені туралы деректер хабар береді. Аталған жинақтағы Ғалым Ахмедовтың берген дерегінде: «кӛрші әйел тауығын іздеп жүріп, әлгі әйелдің қорасының тесігінен қараса, үй иесі әйелдің адам сойып жатқанын кӛріп, ойбайлап қаша жӛнеледі». 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты зерттеуде, ауызша деректердің ақиқаттығы туралы мәселе туындайды. Бұл деректердің ерекшелігі тек ашаршылық туралы мәлімет беріп қана қоймай, оның мәнінде аша түседі.
Ашаршылық естеліктері – фактілер қоймасы емес, ол сол кезеңді түсінуге мүмкіндік беретін құнды дерек. Кез-келген дерек кӛзін сыннан ӛткізген сияқты ауызша деректі де басқа деректермен салыстыра талдап ақиқаттығына кӛз жеткізу керек. Мұрағат құжаттарымен зерттеу жүргізуге дағдыланған кеңестік кезең тарихын зерттеуші үшін ауызша деректердің ақиқаты кейбір тұстарда күмән туғызуы мүмкін, алайда ауызша деректі айтушы оқиға болған кезеңді еске түсіріп, оған белгілі бір түр береді. Кей жағдайда ең маңызды деген дерек олардың үнсіз қалған немесе ықылассыз, амалсыз айтқан тұстарында жатуы, сӛздерінде әдебиеттен, мерзімді басылымдардан естігендері де әсер етіп жатуы мүмкін. Сондықтан отандық және шетелдік тарихи антропологияның тәжірибесіне (тарихи құбылыстың түріне сипаттама, әлем келбеті, стереотиптер мен менталитет) сүйенген дұрыс. Мысалы Францияның «Жаңа тарих ғылымында» ашығып ӛлуді ұжымдық сезіну (коллективное чувство страха голодной смерти) [10] деген зерттеу аспектісі дәлелденген. Ашаршылық тарихын зерттеуде тарих ғылымын (тарихи- салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-психологиялық және басқа) зерттеу методикасын біліп қою жеткіліксіз, этнография, социология ғылымдардың зерттеу методикасын игеру маңызды.
Сұхбат алушы сұрақ қойғанда ӛте мұқият болуы тиіс, тақырыпты зерттеуде дерек берушіге деген құрмет, оның айтқандары зерттеушінің кӛзқарасымен қарама-қайшы болса да ықыласпен ден қоя тыңдау қажет. Ауызша деректерді жинау ізденушінің үлкен дайындығын қажет етеді, зерттеу нысанына қатысты тарихи еңбектерді оқумен қатар, методикалық және этикалық дайындығы болуы тиіс. Қоятын сауалдарын түсінікті етіп алдын-ала дайындап алғаны дұрыс. Сценариден ауытқып кетуге тура келетін жағдай да болуы мүмкін, оған да зерттеуші дайын болуы тиіс. Сауал алатын орын қолайлы жерден (ақпарат берушінің үйі немесе ауласы) белгіленуі және сұхбат алатын адамның әр сӛзі салмақты, сенімді алынатын ақпараттың маңыздылығына кӛз жететіндей болуы керек.
Адамның кӛңіл-күйі де басты назарда болғаны жӛн. Ақпарат беруші ашуланып, жылап, біржақты жауап бере бастаса сауал алуды тоқтатып, келесі күнге немесе басқа бір бос уақытқа ауыстырған жӛн. Сауалды бір, бір жарым сағаттан асырмаған дұрыс. Әңгіменің қызығына елтіп, жасы ұлғайған адам шаршағанын байқамауы, артынан қан қысымы кӛтеріліп немесе жүрегі ауырып қалуы ықтимал.
Ауызша тарихты дерек кӛзі ретінде сақтаудың да ӛзіндік ерекшелігі бар. Әр аудиокасета нӛмірленіп, тақырыбы жазылып, мүмкіндік болса сандық түрге түсіріп алған жӛн. Аудиожазбаны қағазға түсіргенде ондағы тыныс белгілер, кӛңіл-күй ескерілуі тиіс.
Бір мақаланың кӛлемінде ауызша тарих айтудың кейбір мүмкін болған методологиялық мәселелеріне тоқталдық. Тарихшының міндеті – ұлт тарихына қатысты ауызша деректерді талдап қоюмен шектелмек емес, ұлттың бай тарихына қатысты жазба
деректерін халықтың тарихи жадында сақталған деректермен байытып, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін шынайы тарихи тұжырыммен толықтыру, тарих сабақтарынан тағылым алу болып табылады
ӘДЕБИЕТ
1. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. – Астана; Фолиант, 2008. – 728 б.
2. Томсон Пол. Устная история. – Москва: Издательство «Весь мир», 2003. – 368 с.
3. Маргулан А.Х. Эпические сказания казахского народа: дис... док. филол. наук:
10.01.10. – Москва, 1945. – 563 с.
4. Румянцева М.Ф. Теория истории. – М., 2002.
5. Урсу Д.П. Методологические проблемы устной истории // Источниковедение отечественной истории, 1989. М., 1989.
6. Хрестоматия по устной истории / Пер., составление, общ. Ред. М.В. Лоскутовой.
СПб., 2003; Томпсон П. Голос прошлого. Устная история / Пер. с англ. М., 2003.
7. Феноменологический конструктивизм: вклад А. Щюца // В кн.: Новые социологии / Пер. с фр. Е.Д. Вознесенской и др. – СПб., 2002; Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирование реальности. – М., 1995; Бродель Ф. Структура повседневности:
Возможное и невозможное // Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. XV-XVIII вв: В 3-х т. – Т. 1. – М., 1986. Людтке А. Что такое история повседневности? Еѐ достижения и перспективы в Германии // Социальная история:
Ежегодник 1998/99. – М., 1999 и т.д.), Бердинских В.А. Народ на войне. Киров, 1996; Его же. Крестьянская цивилизация. М., 2001; Кринко Е.Ф. Устная история, еѐ проблемы и возможности // Вопросы теории и методологии истории. Майкоп, 2001.
Вып. 3; Еремеева А.Н. Устная история в изучении историко-психологических особенностей советского научного сообщества // Психологические свойства современного исторического знания / Под ред. С.С. Минц. Краснодар, 2003;
Хлынина Т.П. Устная история и еѐ возможности в постижении этоса традиционной культуры Итоги полевых фольклорно-этнографических исследований на Кубани:
прошлое и современность / Под ред. Н.И. Бондаря и В.В. Воронина. Краснодар, 2005; Власкина Т.Ю. Гражданская война на Дону в устноисторической традиции //
Мир Шолохова: История и культура. Ростов-на-Дону, 2005; Еѐ же. К вопросу о воздействии тюремного и лагерного опыта на носителей традиционной культуры донских казаков // Человек на исторических поворотах XX века / Под ред. А.Н.
Еремеевой, А.Ю. Рожкова. Краснодар, 2006 және басқа.
8. Томпсон П. Голос прошлого. Устная история / Пер. с англ. – М., 2003
9. «Қызылдар қырғыны» (Құрастырғандар: Захардин Қыстаубаев, Балжан Хабдина). – Алматы: «Ӛнер», 1993. – 256б.
10. Делюмо Ж. Ужасы на Западе / Пер с фр. Я. Епифановой. М., 1994. С. 144.