• Tidak ada hasil yang ditemukan

«ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫНЫҢ» БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАДІРІ ХАҚЫНДА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "«ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫНЫҢ» БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАДІРІ ХАҚЫНДА"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz Қ. Кемеңгер Астана қ., Қазақстан

«ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫНЫҢ»

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАДІРІ ХАҚЫНДА http://www.enu.kz

Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым-қатынас іздерінің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына тиген Ақселеу Сейдімбектің

«Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбек – алдымен, тарихшыға, содан соң әдебиеттанушыға, тілшіге, ӛнертанушыға, ӛлкетанушыға, саятшыға, саяхатшыға, саясаттанушыға, әлеуметтанушыға бірдей қажет әрі тарихи, әрі этнографиялық, әрі философиялық пайымды туынды. Рухани ӛмірімізде үлкен жаңалық болып саналатын

«Қазақтың ауызша тарихы» – біріншіден, қазақтың ӛзіне, одан кейін, елімізде мекен ететін барша ұлт ӛкілдеріне, Қазақстан деп аталатын мемлекетке керек дүние.

Данышпан Абай ӛзінің отыз тоғызыншы қара сӛзінде былай жазады: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы тӛмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен» 1, 210 б.. Қай заманда да ойшылдар ӛзіне дейінгі дәуірге шолу жасап, ӛмір тынысын, қоғам мұңын түсінгісі келген. Ол ӛткен ӛмірдегі ата-баба тірлігі мен ӛз дәуірінің шындығын салыстыруға тырысқан. Ӛзі ӛмір сүретін ортаның дертін тауып, соны емдеудің жолдарын кӛрсетуге жолдар іздеген. Ұлы Абайдай ұлт қамын, ел мен жер тағдырын ойлап, Ақселеу Сейдімбек те ӛзінің соңғы кітабында терең пайымдаулар жасап кетті.

Қазақ ұлтының біртұтас бӛлінбейтін этнос екендігін құрамындағы рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы кӛз жеткізген Ақселеу Сейдімбек ӛзінің фундаменталді зерттеуінде трайболизм секілді етегімізге жабысқан кеселдің тамырына балта шапқандай болады. Бүгінгі таңда рушылдық пен жүзшілдіктің отын үрлеуге тырысып жүрген кейбіреулердің бейшара әрекеттеріне аталған ғылыми дәйекті кітап тосқауыл болады. Себебі қазақ үшін рулық, тайпалық қоғамда ӛмір сүру табиғаттың ӛзінен дарыған нәрсе. Осы жӛнінде алаш оқымыстысы Қошке Кемеңгерұлы былай деп жазады: «Ресейге бағынбай тұрғанда таңбасыз тайға, енсіз қойға ие болған қазақ елі – киіз үйді ғана мекендеген, толық кӛшпелі еді. Жекелену, хатте үй ішіне бӛліну мүмкін болмаған кӛшпелі тұрмыстың арқандалған кіндік қазығы – ру еді. «У жесең – руыңмен»,

«Ордалы құлан ақсағанын білмейді» деп ақсақал аузына қараушы еді. Кӛшіп қону, кек алу, жаудан қорғану, кӛптен құн алып, құн тӛлеу, немеурін қосу, жылу жинау бір рудың ішінде міндет еді... Бір рудың ішінде талас-тартыс болмаған, бір рудың ішінен ӛзара қыз алдырмау – жанжал шығармау мақсатынан еді. Қазақтың жеті атадан беріден қыз алмауы, бір руға жеті атаға шейін ӛрбігендердің кіргенін кӛрсетеді. Және әр руды бір атадан ӛрбіген қан жақындығымен байланысқан деп қарауға болмайды, ӛйткені руынан кемдік кӛргендерден, жауда қолға түскендерден басқа руға мүше болып кеткендер кӛп.

Сондықтан қазақтың руын – саяси-шаруа ұйымы деп қарау керек» 2, 38 б..

Этнолог ғалым, шежіреші Ақселеу Сейдімбектің кітабынан кӛкірегінде санасы бар кез келген адам қазақтың түбі бір атадан, бар қазақ бір-біріне бауыр, бәріне ортақ тіл мен дүниетаным, салт-дәстүр бар екендігін мойындайды. «Қазақтың ауызша тарихынан» жер жаһандағы он бес миллионға жақын әр қазақ ӛз атасын, айналып келгенде түп негізін табады, бар қазақтың құрылымын түсінеді. Қазақты құрайтын рулар мен тайпаларды жіліктеп кӛрсеткенде, ғалым ұлтымыздың сыртқы формасын, композициялық құрылымын танытады. Ал осы рулар мен тайпалардың мекен еткен ареалын, таңбасы мен ұранын, негізгі ата кәсібін, қоршаған дүниеге кӛзқарасын, ӛмір жайлы танымын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, жырлаған жырын, тыңдаған ертегісін, шырқаған әнін, күмбірлеткен күйін, жыл құсымен бірге жүрген әсем кӛшін кӛркем тілмен суреттегенде Ақселеу Сейдімбек

(2)

http://www.enu.kz қазақ деген халықтың жанын, оның ішкі мазмұнын жайып салады. Сондықтан қазақты түсінгісі келген адам «Қазақтың ауызша тарихын» оқығаны ләзім.

Кітаптың ұлт үшін құнды болатын тұсы – ол сол ұлтты ұйыстыруға, бар қазақтың басын біріктіруге үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда қазақстандық ұлт идеясын насихаттап жүрген саясаттағы шолақ атқамінерлерге бұл еңбек тойтарыс береді.

Қазақстан мемлекетін мекен ететін басқа ұлт ӛкілдеріне де аталған еңбектің пайдасы зор деп білеміз. Себебі олар Ақселеу Сейдімбектің кітабынан мемлекеттің титулдық ұлты – қазақтың болмыс-бітімін, ӛзіндік ерекше сипатын, мәдениеті мен дүниетанымын жете түсінеді. Олар қазақ жайында орыс, кеңес тарихнамасы арқылы айтылып келген кейбір жалған түсініктің сырын ашады. Жеті атаны білу институты мен жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің қыр-сырын ұғады. Ағайын арасындағы сыйластық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қалай болғанына кӛздері жетеді. Сондықтан аталған еңбекті алдымен орыс пен ағылшын тілдеріне, одан кейін ӛзге тілдерге аударып, кең насихаттағанымыз міндет.

Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектерінде қазақтың түп тарихы туралы таңбаланып қалған тарихи деректер бертінгі заманда алаш қайраткерлерінің зерттеулерінде біршама тиянақталып жазылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ тілінде кітап шығару ісі жандана түскен кезеңнен ауызша сақталып келген тарихи дерек бірте-бірте қағазға түсе бастады. Әрине, оған дейін де кітапқа жазылған кейбір тарихи мәліметтер болды. Алайда олардың мазмұны мардымсыз, саны аз еді. Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Кӛпейұлы, Ә.Бӛкейхан, А.Байтұрсынұлы, О.Әлжанұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы, С.Асфендиярұлы, М.Шоқайұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, С.Садуақасұлы сынды қазақ оқымыстыларының еңбектерінде тӛл тарихымызға қатысты құнды дүниелер мол жинақталды.

Кітап шығару ісінің жанданғаны елдің сауатын ашып, оқу-білімге ұмтылған жастарға игі ықпалын тигізді. Дей тұрғанмен, осы заманауи жаңалық, бір жағынан, кӛшпелі мәдениеттің құлдырауына, соның ішінде тарихи дүниені жадымызда сақтап, оны ауызша таратуға келгенде шешендіктен қала бастағанымызға себеп болды. Ендігі заманда қағазға жазылған дүние ғана ақиқат шындық болып, сӛзге тоқтаған, бір рулы елдің тағдырын бір ауыз сӛзбен шешкен дәурен келмеске кетіп жатты. Кӛшпелі мәдениетпен бірге қазақтың тарихын ауызша тарататын, шежіресін жетік білетін, жыр-дастандарын таңды-таңға қосып айтатын сұңғыла ділмарлары мен шешендері, данагӛй қариялары бірге кетіп бара жатты. Сондықтан Ақселеу Сейдімбек – тағдырдың жазуымен соңғы кӛштің соңғы арбасына мініп үлгерген, соңғы киіз үйінде тал бесікке тербеліп, бесік жырын ана сүтімен бірге сіңірген, дала данышпандарының ділмар сӛзін тыңдап қалған ескінің кӛзі, келмеске кеткен кӛшпелі мәдениеттің ӛзі іспетті. Сондықтан «Қазақтың ауызша тарихын»

басқа біреу емес, Ақселеудей сол мәдениеттің соңғы тұяғы әрі телегей теңіз білімі бар ғалымның жазғаны заңды дүние. «Ақселеу Сейдімбекті елтануға алып келген феномен – қалайда, Арқада туып, қаймағы бұзылмаған ата жұрт салтын арда емуі. Оны ата салтымыздың адвокатына айналдырған да сол перзенттік парыз, терең тамыр» 3,- деп дәл жазады белгілі қаламгер Смағұл Елубай.

Қазақ даласының кей тұстарында ӛзінің сән-салтанатымен жарасқан кӛшпелі мәдениеттің ХХ ғасырдың ортасына дейін сақталып келгені тарихи шындық. Бейбіт елді отарлауға келген патша үкіметі, оның заңды жалғасы кеңестік империя асқақ рухты далалықтарды бағындырудың жалғыз жолы ғана барын түсінді. Олар табиғат аясында табиғатпен бірге тіл табысып, беймарал тірлік кешкен кӛшпелі қазақ елін отырықшылдыққа тарту керек деп ұйғарды. Қазақты ата кәсібі мен тӛл мәдениетінен айырсақ, ат үстінде күн кешкен қайсар мінезді халық жуасиды, рухы жаншылады. Бірте- бірте тілі мен дінінен, ақыр аяғы жерінен де жат қыламыз деп жоспарлады сұрқия саясатын отарлаушы ел. «Отырықшылдық адамдардың ӛмір-салтын ӛзгертті. Бұрынғыдай, жыл құсы сияқты кӛктем мен жазға ілесіп, жазыла кӛшіп, желпіне қонып, табиғатпен тіл

(3)

http://www.enu.kz табыса жүріп тіршілік құратын заман кӛрген түстей болған. Енді табиғатпен жағаласатын, табиғаттың бермесін тартып алатын заман туған... Күні кешелер ғана кӛшпелі ӛмірдің дәмін татқандар үшін отырықшылдық деген бейне бір сау басына сақина тілеп алғандай, қарап жүріп аққұла бейнетке ұрынғандай болып кӛрінетін» 4, 692 б.,- дейді Ақселеу Сейдімбек. Жазушы қиналған қауымның ортасында болып, елге келген зауалдың ащы дәмін ӛзі де татып кӛрді.

Ғалым еңбектің екінші тарауында қазақтар арасындағы бір ғана туысқандық атаулар жүйесін бүге-шігесіне дейін таратып, әрқайсысының ішкі мазмұнын кӛркем тілмен тамаша түсіндіріп береді. «Дәстүрлі қазақ қоғамында туысқандық жүйе деген, әрбір жеке адамды тұтас этножаралыммен сабақтастыратын, жай ғана сабақтастырып қоймай, әрбір жеке адамға этностың бір мүшесі екенін терең сезінетін, сол арқылы жалпы этникалық туысқандық жүйені әркімнің жақсы білуін ӛмірлік мұқтаждыққа айналдыратынын, нәтижесінде «қарға тамырлы қазақ» деп аталатын біртұтас этнос аясындағы барша тіршілік-әрекетті реттеп отыруға тегеурінді ықпал ететін және әлеуметтік қатынастардың барлық деңгейлері мен типтеріне бірдей қатысы бар этноақпараттық кеңістік екені ілгерідегі тараушаларда біршама сараланды» 4, 181 б.,- деп жазады. Қазақ түсінігіндегі туыстық атаулар жүйесінің этномәдени, саяси-әлеуметтік сипаты бар екендігін Ақселеу Сейдімбек осы еңбегінде дәйекті дәлелдеп береді.

Кітаптың «Қазақтың қария сӛздері» атты үшінші тарауында этнограф ғалым ел аузында сақталған ескі сӛз арқылы қазақтың даналығын кӛрсететін мысал келтіреді.

«Тарбағатай жағына қалың жылқыны апарып, аман сақтап қаламын, биылғы жылы жұт болады деген Алтайдан жылқы иесі Ішпекбай жұттың боларын қайдан білдің дейді. Сонда Алтай: «Биыл ең тӛлшіл құс – бозторғай атаулы жалқы жұмыртқадан салды; шӛп буыны ерте қатты; маусымда шешек ататын бұдыр мия гүлдемеді, гүлдемеген соң, бұршақ қабына дән бітпеді; жыл құстары жылдағыдан ерте қайта бастады; ай жиі қораланатын болды; жылқы біткен жарау тартып, шілде айында ыққа қарап жусайтынды шығарды;

айғырлардың жал-құйрығы ұйысып қалды; бӛгелек сиреп кетті» 4, 257 б.,- деп жұттың он бір белгісін айтып береді. Мұндай мысалдар кітапта мол ұшырасады. Яғни, еңбектің құндылығы білімімізге білім қосатын танымдылығында, терең мағлұмат беретін ерекшелігінде дер едік. Сонымен қатар, «Қазақтың ауызша тарихының» бағасының биік болатыны – дәстүрлі қазақ мәдениетін дәріптейтін үлкеніміз бен кішімізге бірдей тәрбие беретін дидактикалық туынды екендігінде.

Зерттеу еңбегінің «Шежіре және тарих», «Қазақтың туысқандық жүйесі»,

«Қазақтың қария сӛздері», «Шежірелік айғақтар» атты тарауларында Ақселеу Сейдімбек қазақтың ауызша тарихының теориялық анықтамасын береді, ауызша тараған, онда орнаған дала заңдарын түсіндіреді. Кітаптың «Қазақ болмысы» деген соңғы бесінші тарауы «Этнографиялық түйін» атты тараушадан тұрады. Онда жазушының қазақтың жанын жайып салатын тарихи негізі бар оймақтай әңгімелері беріледі. Оларды біз ілгерідегі тарауларға жасалып отырған түйін, ой қорытындысы деп бағалаймыз. Былайша айтқанда, теориялық оқулықтың хрестоматиясы іспетті мысалдар.

Тұрғындарының сана-сезімі космополиттеніп бара жатқан қалалық ортада шаң басып кӛмескіленуге айналған байырғы салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың нұсқаулығындай, адамдар арасындағы бауырмалдық қарым-қатынастарымыздың, атадан қалған туған мәдениетіміздің анықтамалығындай бола алатын «Қазақтың ауызша тарихы»

әр қазақтың отбасында болғаны абзал.

ӘДЕБИЕТ

1. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.

2: Ӛлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сӛздер – Алматы: Жазушы, 1995. – 384 б.

2. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Алаш, 2005. – 320 б.

(4)

http://www.enu.kz 3. Смағұл Елубай. Қазақтану // Алты Алаш, № 3, 2009.

4. Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 бет.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақтың ҧлттық тілі ала-қҧлалығы елеусіз, ортақтығы басым тіл, сол себепті қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі сӛйленіс аталып, сӛйленістер тобына бӛлінеді.Аймақтық лексикада қазақтың