И 63
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ
Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі;
Жарлыгасов Женис Бахытбекович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Скударева Галина Николаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мәскеу облысындағы МОУ «Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті» ректорының м.а.; Ресей Федерациясының жалпы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ресей;
Бережнова Елена Викторовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мәскеу халықаралық мемлекеттік қатынастар институты, Ресей;
Ибраева Айман Елемановна, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жетекшісі;
Онищенко Елена Анатольевна, «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесінің Қостанай қаласындағы филиалының директоры;
Демисенова Шнар Сапаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі;
Утегенова Бибикуль Мазановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры;
Смаглий Татьяна Ивановна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, педагогика ғылымдарының кандидаты; педагогика және психология кафедрасының қауым.профессоры;
Жетписбаева Айсылу Айратовна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ы.Алтынсарин атындағы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
И 63
«Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары»: 2023 жылдың 17 ақпандағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. I Кітап. – Қостанай:
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023. – 1081 б. = «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков»: Материалы международной научно- практической конференции, 17 февраля 2023 года. I Книга. – Костанай: Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023. – 1081 с.
ISBN 978-601-356-244-5
Жинаққа «Инновация, білім, тәжірибе-білім беру жолының векторлары» атты Алтысарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілген.
Талқыланатын мәселелердің алуан түрлілігі мен кеңдігі мақала авторларына заманауи білім беруді жаңғырту мен дамытудың, осы үдерісте қазақ ағартушыларының педагогикалық мұрасын пайдаланудың жолдарын, мұғалімдерді даярлаудың тиімді технологиялары мен форматтарын әзірлеу мен енгізу мәселелерін, ақпараттық қоғамдағы білім беру кеңістігінің ерекшеліктерін айқындауға, сондай-ақ педагогтердің инновациялық қызметінің тәжірибесін жинақтауға, педагогикалық үдеріс субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауға мүмкіндік берді.
Бұл жинақтың материалдары ғалымдарға, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерге, педагог-психологтарға, магистранттар мен студенттерге қызықты болуы мүмкін.
В сборнике содержатся материалы Международной научно-практической конференции Алтынсаринские чтения «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков». Многообразие и широта обсуждаемых проблем позволили авторам статей определить векторы модернизации и развития современного образования, использования в данном процессе педагогического наследия казахских просветителей, вопросов разработки и внедрения эффективных технологий и форматов подготовки учителей, специфики образовательного пространства в информационном обществе, а также обобщения опыта инновационной деятельности педагогов, психолого-педагогической поддержки субъектов педагогического процесса.
Материалы данного сборника могут быть интересны ученым, преподавателям вузов и колледжей, учителям школ и воспитателям дошкольных учреждений, педагогам-психологам, магистрантам и студентам.
УДК 37.02 ББК 74.00
© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2023
© Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова, 2023
Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ ОБРАЗОВАНИЯ
ҼОЖ 37.034
ҦЛЫ ҦСТАЗДАР ҤНДЕСТІГІ
Сүйінкина Биалаш Балтақызы арнайы пәндер оқытушысы Қостанай педагогикалық колледжі Қостанай қаласы, Қазақстан Е – mail: [email protected];
Ахметбекова Ләззат Кӛжеғарақызы қазақ тілі мұғалімі Рудный қ. №3 ОМ мектебі Рудный қаласы, Қазақстан Е – mail:[email protected] Аңдатпа
Мақалаға қазақтың ұлы ағартушы – педагогі Ы.Алтынсарин мен педагог – жазушы С.Кӛбеевтің педагогикалық мұрасындағы үндестік арқау етіп алынды.Бұл тақырып осынау ұлы ұстаздардың ӛнегесі мен тәжірибесінен нақты мысалдар келтіру негізінде ашылады. Ұлы тұлғалардың пікірінше, мұғалім беделі мен мәртебесі ӛсуінің негізгі шарты – ұдайы оқып – үйрену, іздену қағидасын басшылыққа алу.
Түйінді сөздер: ұстаз, жақсы оқытушы, шәкірт, оқып – үйрену, тәжірибе, мамандыққа адалдық , мұғалім мәртебесі.
Аннотация
В основу статьи заложена мысль о созвучии педагогических наследий великого казахского педагога – просветителя И.Алтынсарина и педагога – писателя С.Кубеева. Эта тема раскрывается на основе приве- дения конкретных примеров из их жизни и деятельности. По мнению великих личностей, одним из главных условий роста престижа и статуса учителя – руководство принципом «учиться в течение всей жизни».
Ключевые слова: учитель, хороший преподаватель, ученик, обучение, опыт , верность профессии, статус учителя.
Abstract
The article is based on the idea of the consonance of the pedagogical heritage of the great Kazakh teacher – educator I.Altynsarin and the teacher – writer S.Kubeev. This topic is revealed on the basis of specific examples from their lives and activities. According to great personalities, one of the main conditions for the growth of the prestige and status of a teacher is to follow the principle of "learning throughout life."
Key words: teacher, good teacher, student, learning, experience, loyalty to the profession, the status of a teacher.
Ыбырай Алтынсарин жҽне Спандияр Кҿбеев. Ҧстаздықтың шыңына шыққан қос тҧлға. Бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында, екіншісі ХХ ғасырдың бірінші жартысында жарқырай кҿрінді.Қазақ тарихында бірі тҧңғыш ағартушы – педагог ретінде ҽспеттелсе, екіншісі кҿрнекті педагог – жазушы ретінде танылды. Ыбырай – ҧстаз, Спандияр – шҽкірт. Себебі ол Ыбырайды кҿрді, оның мектебінде білім алып, ҧстазы таңдаған жолға тҥсті. Бҧл турасында С.Кҿбеев былай деп жазады:«...Екі жолдың айырығында тҧрдым: бірі – уезде іс басына тҧрып, шен іздеу немесе ауылда қалып, ел билеу мҽселесіне араласу еді, екінші жол Ыбырай аға ҿсиет еткен ғылымның ҧзақ сҥрелі сары жолы еді.
Бірақ ҽкем мен шешем ҥшеуміз ақылдаса отырып, Ыбырай ағаның жолына тҥсуді ҧйғардық.
Келешегім айқындалып, ҽрі қарай оқи беруге бел будым» [1, б. 42].
«Ҧстаздардың ҧстазы» атанған Ыбырай салған ізді оның шҽкірті Спандияр лайықты жалғас- тыра білді. Ол жарты ғасырдан астам оқытушылық қызметінде ҿзі пір тҧтқан Алтынсарин тағылымын басшылыққа алып, мамандыққа адалдық танытты. Мамандық демекші, Ыбырай бабамыздың арнайы педагогикалық білімі болған жоқ. Талапты да талантты жастың биік лауазымды қызметтер атқаруға икемі болса да, оны, ҿзі айтқандай, тек «оқу – ағарту ісі тартты да тҧрды». Мҧғалімдік қызметті Ыбырай 1860 жылы 19 жасында, ал екі жылдық педагогикалық курсты бітірген Спандияр бала оқытуды 1901 жылы 23 жасында бастады.Бозбала Ыбырайға ҥлкен жауапкершілік жҥктеліп, бала оқыту ісі қалай тапсырылғанын ыбырайтанушы Серікбай Оспанҧлы былайша баяндайды: « Ыбырай сол 1860 жылдың 18 қарашасында И.Ильминскийге жазған хатында бекініске барғанын, алайда мектептің ҽлі салынбағанын, бекініс бастығы Баронға ресми тҥрде балаларды оқытатын бір пҽтер босатып бер деп ҿтініш жазғанын, бірақ оның оған немқҧрайдылау қарағанын айтып: «Дегенмен қазір ҥш шҽкіртім бар, олар менімен бірге тҧрады» дейді(» [2, б. 26]. Ы.Алтынсарин мҧғалімдікті алғашқы жылы 3–4 баланы оқытудан бастаса, С.Кҿбеев 10–15 бала оқытқан.
Ҿмірінің ақырына дейін екеуі де сҥйікті ісінен ажыраған емес. Айталық, Ыбырай 1889 жылғы 15 маусымда В.Катаринскийге (Орынбор оқу округінің инспекторы) жазған хатында «...ауруымнан жазылсам, мен тамыз айының аяқ шенінде облысты аралап қайтпақпын. Егер Сіз бізге тамыз айының 20–сы шамасында келе қалсаңыз, онда біз Торғай, Ырғыз арқылы, онан ҽрі Орынборға дейін бірге барар едік» деп жазады. Бҧл хатты Ыбырай қайтыс боларынан бір ай бҧрын ғана жолдаған екен. Осы
бір хат жолдарынан – ақ ауыр халде жатқан қайран бабамыздың сҥйікті ісіне деген адалдығын айқын аңғарамыз. Сондай – ақ ҧстаздық қызметіне мейлінше берілген С.Кҿбеев те жасы жетпіс екіге келсе де, мектептен, жас достары – оқушылардан қол ҥзгісі келмейтінін айтып, былайша жазады: «Мен ҿмірімнің ақырғы минутына дейін ардақты халқыма қызмет ете беруді арман етем. Менің мақсатым да, мен ҥшін рахат та, лҽззат та осы» [1, б. 159].
Қос ҧстаздың ҧқсас қырлары кҿп – ақ, алайда бір мақала кҿлемінде олардың бҽрін қамту мҥмкін емес. Ҧстаздықтың шыңына шығып, кейінгі ҧрпақтарға ҿшпес ҿнеге қалдырған алып тҧлғалардың кҽсіби қырларының, тағылымды тҧстарының кейбіріне, нақтырақ айтсақ, мҧғалім тҧлға- сына, оның кҽсіби ҿсуіне қатысты ақыл – кеңестеріне ғана тоқталып кҿрелік. Қос ҧстаз – мҧғалімнің абыройлы болуы, мҽртебесінің жоғары болуы оның ҿз қолында деп санап, жақсы оқытушыны қолдады. Ҧлы ағартушы – педагогтің «Мен жақсы мҧғалімді дҥниедегінің бҽрінен де қымбат кҿремін»
деуінің сыры осында болса керек. Ҧлы ағартушы – педагогтің жақсы оқытушылар қатарының кҿбейгенін қалап,кҽсіпқой мамандарды ҧдайы қолдағанын онымен қызметтес болған ҽріптестерінің, ыбырайтанушы – ғалымдардың жазбалары мен зерттеулерінен айқын аңғарамыз. Мысалы, Ыбыраймен қызметтес болған оқытушы Ф.Соколов: «Ол (Ыбырай) мектепті шын ниетіңмен сҥюге, ҿз міндетіңді орындауға бар кҥшті салуға ҧмтылдыратын...Халық мҧғалімдеріне Алтынсарин қатаң талап қоятын, жҧмысқа ҧқыптылықты талап ететін, ал жауапсыз қарағандарды қатаң бақылауға алатын. Ҿзі оқу ісін қалай беріле сҥйсе, қарауындағы мҧғалімдердің де солай болғанын қалайтын. Кҿпшіліктің алдында бізді кҿтермелеп, мҧғалімдерге тиісінше қадірлеп қарауды айтатын, жҧрт алдында мҧғалімдерді адал, пайдалы еңбекшілер деп мақтаныш ететін» [3, б. 321] деп жазса,белгілі ыбырайтанушы ғалым Ҽ.Дербісҽлин зерттеуіндегі мына бір:«1881 жылы Ыбырай кҿтерген ҥлкен мҽселелердің бірі мҧғалімдер жҿнінде болды. Ол ағарту ісінің жақсы мамандары қажеттігін айта- тын.Біліксіз адамдар негізін қалаған істен жақсы нҽтижелер кҥту мҥмкін емес деп, маман мҧғалімдерді қайдан болсын шақырып, олардың еңбекақысын артығымен тҿлеуді дҧрыс санайтын» деген жолдардың ҽр педагог ҥшін тағылымдық мҽні зор екені айқын [4, б. 217].
Ыбырай ҿзіне сын кҿзбен қарап, «менің білімім ҿте аз» деп, кҿп оқып, кҿбірек білуді мҧрат тҧтқан. Ол Орынбор шекара комиссиясының тҿрағасы, шығыстанушы В.В.Григорьевтің қарамағында тілмаш бола жҥріп, жҧмыстан бос уақытында басшысының бай кітапханасынан орыс тіліндегі кітап, журналдарды оқып, ҿзіне тҥсініксіз терминдер мен кірме сҿздердің аудармасын сҧрап, қалың дҽптеріне жазып отырғаны кҿпшілікке мҽлім болар, себебі бҧл турасында жиі жазылды. «Осылайша орыс тілін меңгерген Алтынсарин алған білімін ҧстаздық қызметінде пайдаға жаратты: қазақ балаларына орыс тілін оқытты, орыс тілі оқу қҧралын, яғни «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш қҧралы» атты оқу қҧралын жазды» [5, б. 41]. Кейін оның ҿз ҥйінде де кітапханасы болғанын Ыбырайдың жақын шҽкірті, оқытушы Ғабдолғали Балғымбаевтың естелігінен алынған мына бір ҥзік айғақтайды: «Ы.Алтынсариннің ҥйінде кітапханасы да бар еді. Л.Толстой, Н.Гогольдің, Ф.Достоевский- дің, В.Белинскийдің, И.Крыловтың, Шекспир, Байрон, Гегельдің шығармалары, сондай – ақ шетел жҽне орыстың танымал педагогтері туралы том – том кітаптар да тізіліп тҧратын» [3, б. 368]. Кітаптың адамның дҥниетанымына, ой ҿресінің кеңеюіне, маман ретінде шыңдалуына тигізер пайдасының мол екенін ҧғынған Ыбырай кітапхана ашуды ойластырады. Бҧл турасында Ҽнуар Дербісҽлин былай деп жазады: «Бҧл кезге (1883 жылға) дейін Ыбырайдың ҿз кітапханасы едҽуір дҽрежеге жетіп қалған еді.
Ыбырай мектеп кітапханалары жҿнінде іздене жҥріп, ең алдымен жҧмысты жаңадан ашылатын мектеп ҥйлерінен арнайы кітапхана бҿлмесін салудан бастады». Демек, Ыбырай бабамыз қазақ топырағында кітапхана желісінің де қанат жайып, кеңейе тҥсуіне алғашқы болып ҥлес қосты деуге толық негіз бар.
Кітапқа ҽуес болу ҽрбір азамат ҥшін оның ҿмір салтының ажырамас бҿлшегіне айналар болса, ҧтылмайтыны айдай анық. Ҽсіресе, ҿзгелерге білім нҽрін себетін мҧғалім ҥшін пайдасы мол.
Педагогтің жан – жақты білімді, абыройлы, табысты, мҽртебесі биік болуының бір шарты – ҥзбей оқу, іздену, ҥйрену. Неге десеңіз, ҿмір бойы оқып – ҥйрену қағидасы мҽңгілік ҿзекті, оның мҽні, ҽсіресе, ғылым – білім дамыған қазіргі заманда арта тҥскендей. Ҽйтсе де кҽсіпқой маман болып қалыптасуға апаратын жол – ҿздігінен білім алу, ҿзін – ҿзі дамыту екенін, ҿкінішке қарай, кҿпшілік мҧғалімдер мойындай бермейді. Мҧндай жағдай Ыбырай заманында да орын алған. Олай болмаса, Ы.Алтынса- рин: «Мҧғалімдер – педагогтер ҧсынған оқу қҧралдарымен еш уақытта таныспайды, бҧл кітаптардың бірін де ақырына дейін оқып шықпайды...» [3, б. 319] деп жазбас па еді. Алтынсарин оқытушылардың ҿз бетінше білімін толықтырып, білгенін жаңғыртып отыруы тиістігін ҥнемі ескертіп отырған. Бҧл турасында ыбырайтанушы Ҽміржан Сыдықов былайша жазады: «Алтынсарин мҧғалімдер методика- лық ҽдебиеттер мен педагогикалық журналдарды пайдалануға міндетті деп санайды. Торғай облысының мҧғалімдері ҥшін «Семья жҽне мектеп», «Халық мектебі» деген журналдар алғызып тҧрды. Мектеп кітапханалары ҥшін Бобровскийдің «Педагогика», Коменскийдің «Халықтық оқу ҽдебиетін ҥнемі шолу», «Ҧлы дидактика», Бунаковтың «Ана тілі» жҽне т.б. кітаптарды алдырды.
Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жҧмыста барлық іс мҧғалімнің оқытудың ең жақсы тҽсілдерін табуда, балармен дҧрыс сҿйлесе білуінде» [3, б. 327].
Ҧстазы Ыбырай сияқты Спандияр да мҧғалімнің қадірі оның білім жҽне білік деңгейімен ҿлшенетінін ҧғынып, оқып – ҥйрене беруді мақсат тҧтады. Сондықтан мамандығына қатысты игерген
Ы.АЛТЫНСАРИН МЕН С.КУБЕЕВТІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ СОЗВУЧИЕ ПРОСВЕТИТЕЛЬСКИХ ИДЕЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА И С.КУБЕЕВА СОВРЕМЕННЫМ ТРЕНДАМ ОБРАЗОВАНИЯ
білімімен шектелмей, білімін ҽрдайым жан – жақты толықтырып отыруға мҽн береді. Бҧған дҽлел ретінде педагог – жазушының ҿз сҿзін келтірейік: «...Ҽлі де кҿп оқу, кҿп ҥйрену, кҿп ізденіп, жетіле беру керек сияқты еді. Мен ҿз тҧсымнан оқып, білімімді толықтыра берейін деген ойға келдім. Бҧрын қолымнан тҥспейтін кітаптар: Пушкин, Лермонтов, Крылов, Салтыков – Щедрин, Толстой, Чернышевс- кий, Белинскийдің шығармалары болса, енді солармен қатар орыстың ҧлы педагогі К.Ушинскийдің, П.Лесгафтың еңбектерін оқыдым» [1, б. 117].
Спандияр кҿпшілік ҽріптестерінің ҿз бетінше білімін толықтыруға мҽн бермейтініне қынжылып, былай дейді: « Кейбір оқытушылар ҿз тҧсынан оқып, білімін арттыруға «жағдай жоқ» деген сияқты тҥрлі сылтау айтып, ҿздерінің білімін толықтырғысы келмейді. Біздің заманымызда оқытушылардың ҿз тҧсынан оқып, білімін арттыра беруіне жақсы жағдай бар. Жергілікті жерлердегі мҥмкіншіліктерді (кітапхана, партия оқуы, т.б.) сарқа пайдалану, радио арқылы беріліп отыратын ҽр алуан лекцияларды тыңдаудың ҿзі, газет, журналдардағы ҥлгі мақалаларды оқу – оқытушының ой ҿрісін кеңейтіп, білімін арттыра беруіне мҥмкіншілік береді».Тҽжірибелі ҧстаз ретінде ол оқытушы ҽржақты білімі бар адам болуы керектігін, қазіргі заманда білімі таяз, ҿз дҽрісінен басқаны білмейтін тҧйық оқытушы тек оқушылардың алдында ғана емес, жалпы еңбекшілердің алдында да беделді бола алмайтынын ескертеді.
Педагог Спандияр Кҿбеевті маман ретінде алға жетелеген ерекше бір қасиеті – ҿз қызметінде, шығармашылығында жеткен жетістіктерін саралап, ҿзіне – ҿзі есеп беріп отыруы деуге ҽбден болады.
Мҽселен, 1913 жылы былай деп жазады: «Оқытушылық қызметіме 13 – 14 жыл. Жазушылықпен айналысқаныма да 5–6 жыл болған.Жас отыздың тҿртеуіне келді. Демек, бҧл ақыл орнығып, дҥние танып қалған шақ еді, ҿткен ҿмірге кҿз жіберіп қарасам, талай – талай бел – белестен ҿткен сияқтымын. Бір кездегі кҿшпелі елдегі қараңғы ауылдағы сауатсыз, езілген кедей шаруалардан шыққан «жаман» Кҿбейдің «ынжық» баласы бҧл кезде ҽрі оқытушы, ҽрі жазушы болыпты. Қадірлі ағамыз, баға жетпес қамқорымыз Ыбырайдың:
«...Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегені алдыңнан
Іздемей – ақ табылар» деуінің себебі осы екен деген қорытындыға келдім (117–бет). Спандияр – Ыбырай ісін лайықты жалғастыра білгенін мақтаныш етті. Оның педагогикалық тҽжірибесіне ҧдайы жҥгініп отырғанын, тіпті «Ҥлгілі бала» кітабын жазуда Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» ҥлгі еткенін «Орындалған арман» кітабында жазады. Айтып ҿтелік, С.Кҿбеевтің Ыбырайды ҧстаз тҧтып, ҿнегесін ҿз тҽжірибесінде табысты пайдаланғаны – жеке бір тақырыпқа ҿзек боларлық ҽңгіме.
Қазақ қоғамында білім беру ісінің кҿшбасшысы ретінде танылған Ы.Алтынсарин мен оның шҽкірті, талантты педагог С.Кҿбеев тағылымы – қай заманда да педагогтер ҥшін ту етіп ҧстап, басшылыққа алар қҧндылық. «Болмасаң да, ҧқсап бақ...» демекші, ҧлы ҧстаздар ғибраты, ҽсіресе, қазіргі кезеңде айрықша маңызды. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында: «Ҽділетті Қазақстанды қҧру ісінде мҧғалімдердің рҿлі айрықша екені сҿзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ҧстаз мамандығының абырой – беделін арттыру ҥшін кҿп жҧмыс жасалды. Дегенмен бҧл бағытта ҽлі де біршама ҿзгерістер жасау қажет» деген болатын[6,3]. Олай болса, жаңа Қазақстанды қҧру жолында мҧғалімдер қауымына жҥктелер жауапкершілік жҥгінің жеңіл болмасын ҽр педагог сезініп, білімді де саналы, азаматтық ҧстанымы жоғары, мемлекетшіл ҧрпақ тҽрбиелеуді ҧстаздықтың басты мҧраты санауы тиіс. Ыбырай, Спандияр сынды ҧлы ҧстаздар ҿнегесіне жҥгінудің, тағылымынан нҽр алудың маңызын ҧғынып, нҽтижеліі еңбегімен педагог мҽртебесін биіктете тҥсуге мҥдделі болғаны абзал.
Қос ҧстаз да ҧдайы ізденіс, тынымсыз еңбек биік белестерге бел буғызып, зор жетістіктерге жетелейтінін ҿздерінің ҿмірі жҽне қызметімен дҽлелдеп кетті. Ҿнер – білім бар жҧрттардың бҽсі басым болатынын насихаттаумен болды. Спандияр ауылына жол тҥскен бір іссапарында Ы.Алтынсарин тҧрғындардың алдында сҿз сҿйлеп, оқудың пайдасы жҿнінде айтқан мына бір сҿзін педагог – жазушы жадында мҽңгі сақтап қалады: «Заман ҿнерлі, білімді болуды талап етеді. Сауатсыз, қараңғы ел озық елдің қатарына қосыла алмайды» [1, б. 22]. Ҧлы ҧстаздың осынау сҿздері мҽңгілік ҿзекті. Неге десеңіз, жеке тҧлғаның да, тҧтас елдің де бҽсекеге қабілеттілігі оның білім жҽне біліктілік деңгейімен ҿлшенеді.
Білімі мен ғылымы, технологиялары барынша дамыған елдердің оза шауып, қуаты артатынына ҽлемнің бҥгінде кҿзі жетті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Спандияр Кҿбеев. Орындалған арман. Алматы Москва, 1951 г.
2. Серікбай Оспанҧлы. Ыбырай жолы.Қостанай, 2021 г.
3. Ыбырай Алтынсарин. Ҿмірі мен қызметі. Қҧрастырған Арлақ Мҧқашева.Алматы, 2013 г.
4. Ҽнуар Дербісҽлин. Ыбырай Алтынсарин. 1–том. Алматы, 2015 ж.
5. Б.Сҥйінкина. Ы.Алтынсарин – кҽсіптік білімнің негізін салушы.Қостанай, 2017 ж.
6. Қ,Тоқаев. «Ҽділетті мемлекет. Біртҧтас ҧлт. Берекелі қоғам» Жлдауы. 02 қыркҥйек 2022 жыл.
«Егемен Қазақстан» газеті