• Tidak ada hasil yang ditemukan

УДК 633.11:631.52.581 СӘБІЗДІҢ ӨЗЕКТІК ПА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "УДК 633.11:631.52.581 СӘБІЗДІҢ ӨЗЕКТІК ПА"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Секция «Современная биотехнология»

УДК 633.11:631.52.581

СӘБІЗДІҢ ӨЗЕКТІК ПАРЕНХИМАСЫНЫҢ КАЛЛУСОГЕНЕЗ БЕЛСЕНДІЛІГІ Алмаганбетов Ж.С., Мурсалимов А.А., Жанаева А.Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Ӛсімдік клеткасына тотипотенттік қасиет тән. Тотипотенттік дегеніміз – жекешеленген клеткалардың кӛбейе ӛсіп, толыққанды бүтін организмге айналу қабілеті.

Кӛп клеткалы организмдердің әр клеткасында толық нәсілдік мағлұматтар жиынтығы болады. Тотипотенттік осыған негізделген. Кез келген ӛсімдіктің оқшауланып алынған мүшелері мен ұлпаларын қолайлы жағдайда ӛсіргенде олардан маманданбаған клеткалар тобы-каллус түзіледі. Каллус деп клеткалардың пролиферациялану нәтижесінде түзілген ұлпаларды айтады. Дедифференциация процестің негізінде гендердің диференциалды белсенділігі жатады. Клеткалардың құрылымы мен қызметі гендердің ырықтығына байланысты. Организмдегі клеткалардың құрылымы мен атқаратын қызметінің ӛзгеруіне себепші әр түрлі гендердің экспрессиясы болып табылады. Яғни, клеткалардың мамандануы кӛптеген гендердің әрекеттесуіне байланысты. Организмнің барлық клеткалардында гендері бірдей болса да олардың бәрі бір мезгілде әрекеттенбейді. Әдетте гендердің біразы ғана (5 %) белсенді болады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты сәбіздің ӛзектік паренхимасының каллусогенез белсенділігіне 2,4 Д мен казеин гидролизатының тигізетін әсерін зерттеу болып табылды.

Қоректік орта ретінде Мурасиге-Скуг (МС) ортасы дайындалды. Орталардың құрамына мг/л 2,4 Д; 1 мг/л 2,4 Д + 100 мг/л казеин гидролизаты; 2 мг/л 2,4 Д қосылды.

Экспланттарды каллус ұлпасы түзілгенге дейін температурасы 25±20С, қараңғы камераға орналастырады. Ауаның ылғалдылығы 55-60 % болуы тиіс.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде экспланттардың каллус түзу қабілетіне 1 мг/л 2,4 Д + 100 мг/л казеин гидролизаты қосылған орта оптималды болды. Бұл ортада каллустың түзілу белсенділігі 100±0,9 % құрады. Ал казеин гидролизаты қосылмаған орталарда (1 - 2 мг/л 2,4 Д) каллусогенез белсенділігі тӛмен, яғни 65±0,6 %, 60±0,5 % болатыны анықталды. Тәжірибе варианттарына қарағанда бақылау ортасында (гормонсыз МС ортасы) каллус түзу белсенділігі анағұрлым тӛмен, яғни 49±0,4 % құрады.

Тәжірибе варианттарында каллустардың түзілуі 2-ші аптада басталды. Бақылаудың 4- 6 –ші апта аралығында каллустардың ӛсу қарқындылығы жоғарылап, ал 7-ші аптада олардың ӛсу қарқындылығы стационар фазаға кӛшті. Тәжірибе варианттарын ӛзара салыстырғанда казеин гидролизаты қосылған ортада каллустырдың ӛсуі қарқынды жүрді.

Ал бақылау вариантында каллустың түзілу белсенділігі 3-ші аптаның басында байқалды, сондай-ақ олардың ӛсу белсенділігі баяу жүрді.

Түзілген каллустар қоректік ортаның құрамына қарай ӛзара (түсі, ылғалдылығы, тығыздығы) бойынша ерекшеленді. Гормонсыз МС ортасында: каллус сарғыш-сұр, құрғақ, тығыз; 1 мг/л 2,4 Д қосылған МС ортасында сарғыш-жасыл, борпылдақ, түйіршікті, арасында қызғылт-қоңыр аудандары бар, орташа ылғалды; 1 мг/л 2,4 Д + 100 мг/л казеин гидролизаты қосылған ортада түзілген каллус ұлпалары сарғыш-жасыл, шашыраңқы, орташа ылғалды; 1 мг/л 2,4 Д қосылған МС ортасында түзілген каллус ұлпалары сары, орташа тығыз, орташа ылғалды қасиетке ие болды.

Қорыта айтқанда, сәбіздің ӛзектік паренхимасының каллусогенез белсенділігіне 1 мг/л 2,4 Д + 100 мг/л казеин гидролизаты қосылған МС ортасы оптималды әсер етті.

(2)

Ғылыми жетекші - б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш.

Referensi

Dokumen terkait

Барлығы білетіндей, 6 еңбек бар: алдыңғы үлкен еңбек - ол маңдай және төбе сүйек арасында орналасқан, артқы кіші - төбе және шүйде сүйектер арасында жатқан және 4 бүйір еңбек - 2

Сфералық құлдырау цилиндрлік ыдыстың ортасында биіктігі h және базалық радиусы r1 1 сурет орталығында орналасқан, ось өз гравитациялық жеделдету векторына және электр өрісінің векторына