«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»ШЖҚ РМК Физика-техникалықфакультеті
«Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасы
Ғылыми тағылымдама жоспарына сәйкес атқарылған жұмыс түрлері, нәтижелердің маңыздылығы
Ғылыми тағылымдама 18.03.2018ж. Берлинде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталды.
Магистранттарды тіркеу (бейджиктерді алу, тағылымдама бағдарламасымен танысу, университеттің интернет желісіне қосылу, ақпаратын алу) өтті, тағылымдама бағдарламасына және Берлин Техникалық университеті жайлы шолу жасалды.
Профессор А.Штеренхарздың «Магистратурада жаңа ғарыш технологияларын қолдану» тақырыбы бойынша дәрісі өткізілді.
Қала бойынша жалпылама шолу экскурсия барысында Рейхстаг, Бранденбург қақпасы және т.б. көрнекті ғимараттар мен жерлер көрсетілді. Ғимараттардың тарихымен жалпылама таныстырылды.
Профессор А.Штеренхарз «Магистратурада жаңа ғарыш технологияларын қолдану» тақырыбында тәжірибелік сабақтар өткізді. Тәжірибелік сабақ өту кезінде қазіргі заманғы қолданылатын ғарыш технологияларының техникалық сипаттамаларын айқындады.
. Профессор М.Орловтың ТРИЗ бойынша «Ғаламдық инновациялар және креативті ойлау» жөніндегі семинары өткізілді. Семинар келесідей кезек бойынша өтті:
1. ТРИЗ бағдардамасына кіріспе;
1. Келтірілген ойдың айқын қолданылуы және оның нәтижелері.
Семинар кезінде ТРИЗ бағдарламасының қолдану саласы жайлы ақпараттар берілді, профессор Орлов өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Профессор М.Орловтың ТРИЗ бойынша «Ғаламдық инновациялар және креативті ойлау» жөніндегі семинарының жалғасы төмендегідей жоспар бойынша өткізілді:
1. Баламалы шешімдерді іздеу және шешім қабылдау үдерісін жетілдіру стратегиясы
2. ТРИЗ өнертабысының мета-алгоритмі
Семинар соныңда берілген білім нәтижелерін тексеру мақсатында өзіндік жұмыс берілді. Өзіндік жұмыстың мақсаты бойынша әрбір білім алушы белгілі бір объектті таңдап, ТРИЗ бағдарламасымен талдау жүргізуі тиіс болды. Қорытынды ретінде профессор Орлов әрбір жұмысқа өз пікірін білдірді.
Семинар сабағында және тәжірибе сабақта келесі тақырыптар қарастырылды:
Vivado дизайн ағынын түсіну, HDL конструкцияларын жасау және өңдеу, FPGA құрылғысын конфигурациялау және аппараттық әрекетті тексеру, сәулет шебері арқылы Clock Manager сияқты FPGA архитектурасының мүмкіндіктерін қарастыру, есептерді пайдаланып, дизайндағы қиындықтарды белгілеу, өнімділікті жақсарту үшін синтез баптауларын қолдану, чипті тексеруді орындау үшін логикалық анализаторды пайдалану.
Vivado бағдарламалық пакетін пайдаланып FPGA тізбектерін бағдарламалау бақылау жұмысы ретінде орындалды.
«Кәсіпкерлік, шығармашылық және құмарлық: ғарыштық технологиядағы мифтер, миссия және көзқарас, маркетингтік зерттеулер, бизнес-модельдер» тақырыбында Sophie Thiebaut семинарөткізілді.
Қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік түсінігі – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Тәжірибе сабағы барысында нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Ғарыштық технологиядағы кәсіпкерлік, ақша динамикасы: үзіліссіз нүктесі, маркалар, қаржыландыру және өсу семинары толықтай ашық оқытылды.
Надежда Куницынамен «Ғарыштық технологиядағы инновациялық стратегияны басқару»
тақырыбында семинар. Технологиялық –жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа сату нарықтарының немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық- кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа тұтыну топтарының пайда болуы, ұйымдастырушылық кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс-тәсілдері туралы толық қарастырылды.