Қазақ тілін оқыту әдістемесін модернизациялау ізденістерінен
Ерменбаева Л.
ҚМЭБИ (KIMEP) (Қазақстан) Проблемы модернизации методики обучения казахскому языку. В этой работе делается попытка представить потенциальные производные из использования интернета и мультимедиа применения как образовательных ресурсов или как дополнительную помощь в обучении, или как материал для самоподготовки в свете он-лайн деятельности которая позволяет студентам автономно сконструировать значение и играть более активную роль в их учебном процессе (Chun & Plass 2000).
Важность этого исследования определяется необходимостью создания теоретически и методически обусловленного, аргументированного мультимедиа материала в обучении казахскому языку, как второму и иностранному языку.
Problems of modernization methodic of teaching of the Kazakh language. This Paper attemts to present the potential derived from the usage of Internet and multimedia applications as educational resources applications as educational resources, either as additional teaching help or as self-access language material in the design of online activities which allow students to construct meaning autonomously and play a more active role in their learning process (Chun & Plass 2000). The urgency of our research is defined by necessity of creation theoretically and methodically proved, discursive multimedia of materials in teaching of the Kazakh language as Kazakh as the second and a foreign language.
Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер, жаһандану процесі қазіргі білімге құштар жастарға арнап ағылшын тілін және басқа да халықаралық тілдерді оқыту және танымал ету үшін алуан түрлі оқу-әдістемелік ӛнімдерді бүкіл әлемге таратуда. Аудио және бейне материалдарға кӛпшіліктің қолдары жетерлік, ал Интернет сайттарының ӛзі кӛз сүріндірерлік екені белгілі. Бүкіл медиа (радио, телевизия, интернет, газет-жорналдар және т.б.) тіл үйретуге жұмылдырылған. Сан салалы білім беруге арналған теле және радио арналары тағы бар.
Қазақстандағы жағдай басқаша.
Қазіргі кезде тіл үйрету саласында жаңа ақпараттық және қатысымдық технологияларды қолдану қажеттігі бүкіл әлемнің білім беру жүйесінде ӛзекті мәселелердің бірі. Осыны ескере отырып, ЮНЕСКО-ның 1998 жылғы «Оқытушылар мен оқыту ісі шапшаң ӛзгермелі әлемде» атты баяндамасында және ЮНЕСКО-ның 2005 жылғы «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқытушыларды даярлау ісінде» тақырыбындағы баяндамасында дәстүрлі білім беру үрдісіне ақпараттық және қатысымдық технологияларды енгізудің мақсаттары мен оның салдары талданған. [10]
Жаңа технологиялардың пайда болуымен тілдерді оқыту әдістемесіндегі оқытушының ролі басым дәстүрлі дәрістік бағыттан студентке бағытталған интерактивті оқыту ортасын жасау қажеттігі туды делінген. (UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. p.19–20)
«Жаһандық біліктілік қоғамы» делінген баяндамада келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
• әлемдік қоғамдастық туғызған білім мӛлшері әр 2-3 жыл сайын екі есе ұлғаяды;
• күн сайын әлемде 7000 ғылыми және техникалық мақалалар жарыққа шыға
• Жердің жасанды серіктері арқылы жеткізілетін ақпараттың екі апта ішіндегі мӛлшері 19 миллион томды құрайды;
Индустриалды дамыған елдерде орта мектеп бітіретін оқушылар ата-әжелерінің ӛмір бойы алатын ақпаратын алып шығады деген түсінік бар.
Канада ұлттық мектептер кеңесі ассоциациясының жүргізген зерттеулерін алатын болсақ, келесі отыз жылдықта күтіліп отырған ӛзгерістер кӛлемі жағынан соңғы үш ғасырда болған ӛзгерістермен тең болады. (National School Board Association, 2002).
Осы сияқты құжаттарды басшылыққа ала отырып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде ең алдымен, осы саладағы оқытушылардың медиа сауаттылығы мен медиа біліктілігін дамыту мәселесі қолға алуды қажет етіп тұрғаны ӛз ӛзінен белгілі.
Қазақ тілі оқытушыларына бір факторды жақсы түсіну керек, ол – бір ғана медиамәтіннің медиа саласында сауаты жоқ адамнан гӛрі белсенді және медиа сауаттылығы бар адамға берері мол екенін түсіну. Сондықтан қазақ тілін екінші тіл ретінде және қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың мультимедиа құралдарды тиімді қолдану әдістемелерін қалыптастыру мәселесі қазіргі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесін жалпы модернизациялауға апаратын бірден бір жол.
Адам баласы қашанда жаңа технологиялар диапазонын ӛздері мен дүниеден алған сезімдік әсерлері арасындағы дәнекер ретінде пайдаланып келгені белгілі. Статистиканың құрғақ сандары
мен зерттеулердің нәтижесі сананың эмоционалды механизмдеріне тиіспейді. Ал біздің ішкі санамыз эмоционалды еместің бәрін маңызды емес деп білетіні белгілі болды.
Жазу, баспасӛз, электронды пошта, радио, телевизия мен компьютер күнделікті ӛмірде қатысымды жақсартуға және тілдік қатысымның тӛрт психологиялық әрекеттерін (тыңдау, оқу, сӛйлесу, жазу) дамытуда кӛмекші болып табылатыны да аян.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде және қазақ тілін шетел тілі ретінде оқыту әдістемесіндегі негізгі бағыт, ол - интерактивтілік. Бұл біздің қарым-қатынастар орнату мен оларды қолдау үшін қолданатын тіліміз. Бұл әдетте, мазмұны хабардан тұратын іскерлік тілмен салыстырғанда, мақсатқа жету тілі болып табылады. Ӛзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сӛз сӛйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады.
Сонымен, қазақ тілін ӛзге ұлт ӛкілдеріне болсын, ана тілін белгілі бір емтихандар алдында қайталап алу үшін, дайындалу үшін немесе жалпы ӛз біліми-танымдық деңгейін кӛтеру үшін және т.б. толып жатқан мәдени-ғылыми мұқтаждықтар үшін болсын, мультимедиа материалдар арқылы алатын білім аса тиімді әрі нәтижелі.
Мультимедиа форматындағы құралдар (аудио және бейнемәтіндер және т.с.с.) ерекше методологиялық үлгілерден және лингвистика мен әдістеме теорияларына сай тілді оқыту мақсаттарына байланысты сұрыпталып алынады. Қатысымдық біліктерді дамыту үшін сұрыпталып алынған материалдың мақсаттары анық болуы тиіс.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін алатын болсақ, осы тілде кӛркем фильмдерді қарап, сол тілдік ортаға еніп, тілді сіңіру жұмысы аса тиімді.
Кӛркем фильмдердің кӛрсетілім ұзақтығы орташа есеппен бір жарым сағатқа созылатындықтан, әрі ӛте үлкен тілдік материалды қабылдау қиынға соғатын болғандықтан, сабақта фильмді толық кӛру тиімді емес деп есептейміз. Студент я
оқушы қажетті фильмді Интернет жүйесі арқылы да немесе арнайы тілдік лабораторияда сабақтан тыс уақытта ӛз бетімен кӛре алады. Ал оқытушы ӛз тарапынан сол кӛрілген ақпаратты студенттің коммуникативтік біліміне айналдыру
үшін алуан түрлі тапсырмалар кешенін сауатты дайындай алуы тиіс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде компьютер тек қана студент-оқушының Интернет арқылы
уақыт пен кеңістік шегінен шыға алуға мүмкіндік береді. Электрондық пошта, асинхронды қатысым, чат немесе синхронды қатысым жалпы тілдік қатысымның ең
жоғары деңгейі болып табылады. Зерттеулер кӛрсеткендей, компьютердің оқыту үрдісіндегі құндылығы: студент мәтінмен жұмыс істейді. Ал мәтін ӛз алдына тіл үйренушінің тілдік формаға деген назарын аударып, студенттің ӛзіне ыңғайлы, агрессивті емес ортаны таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа оқыту ортасын жасау мәселесінің қаншалықты маңызды екендігін тӛмендегі салыстырма кестеден кӛруге
болады: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа стратегиялары Дәстүрлі оқыту орталары Жаңаша оқыту орталары
Оқу үрдісі оқытушыға бағытталған Оқу үрдісі оқушы\студентке бағытталған Қабылдаудың тек бір ғана модальділігін
белсендендіру Қабылдаудың бірнеше
модальділігін белсендендіру
Жалпыға ортақ білім беру траекториясы Жеке тұлғаның ерекше сұраныстарына арналған білім беру траекториясы
Оқулық және дәптермен жұмыс Мультимедиа объектілермен жұмыс Оқушы-студенттердің жеке жұмысы Оқушы-студенттердің бірлескен жұмысы
Ақпарат беру Ақпарат алмасу
Пассивті оқу Іздену-зерттеушілік тұрғыдағы белсенді оқу
Фактілер мен теорияны меңгеруге негізделген оқу түрі
Сыни ойлауды және ойлаудың сан алуан түрлерін дамыту және дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету
Оқу үрдісінде пайда болатын жағдаяттарға постфактум әрекет жасау
Оқу үрдісінде пайда болатын жағдаяттарды болжау, (де-факто) алдын ала әрекет ете алу
Ақиқатпен байланысы жоқ жасанды жағдайлар
Аутентті жағдайлар, ӛмірмен байланысты нақты
жағдайларды талдау, талқылау
Мультимедиалық оқытуда ақпарат ӛте кӛрнекті түрде ұсынылады. Лексиканың аудармасыз семантикасын, яғни табиғи, натуралды әдісті оп-оңай жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар.
Тағы бір маңызды құрал ол: Интерактивті тақта (IWB). Интерактивті тақта – бұл компьютер мен проекторға қосылған үлкен интерактивті кешен болып табылады. Оқытушы мен тіл үйренуші оқушы я студент материалды кӛрсету компьютер арқылы басқарылады.
Мысалы, белгілі бір сӛздің фонемалық символының айтылуын тексереді, аудармасыз сурет арқылы лексикалық қорды байыту жұмысын іске асыруға болады және тағы сол сияқты толып жатқан оң мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың артықшылықтары: сабақтағы уақыттың үнемделуі, сабақ материалының мейлінше тығыз ұсынылуы, аз уақытта кӛп ақпарат кӛзіне қол жеткізе білу және т.с.с.
Әр жаңа технологияның артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болуы әбден заңды.
Сондықтан интерактивті тақта қолданылып ӛтілетін сыныптарда кӛп жұмыс мұғалімге байланысты болғандықтан, жиі сынға ұшырауда. Демек, бұл да ғылыми-әдістемелік зерттеулерді қажет ететін тың бағыт.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде ӛте маңызды бағыт: мультимедиалық презентациялар.
Мультимедиа алуан түрлі ақпараттық объектілердің бірлігінен, мысалы, мәтін, графика, бейне (video) анимация және дыбыстан тұрады. Қазақ тілінде презентациялар дайындағанда студенттер жоспарлау, жобалау және мультимедиалық ӛнімді жасау үрдісінде жаңа білім мен білікке ие болады. Мультимедиалық презентациялардың кейбіреулері, мәселен, Интернет сайт жасау, бейнефильмдер түсіру, фильмді монтаждау, гипермедиалық құрылымдар жасау, радио, телевизия бағдарламаларын қолдану, мультимедианы қолданып, презентациялар дайындау және тағы сол сияқты. Сӛйтіп, трансляциялық оқытудан интерактивті оқытуға кӛшу мүмкіндігі ӛз-ӛзінен шешіледі деп ойлаймыз. Бірақ бұл ретте мотивацияның ролін де жоққа шығаруға болмайды.
Сонымен қатар маңыздылығы артып келе жатқан әрекет түрі – ол қашықтықтан оқыту әдістемесі. Мысалы, қашықтықтан бірлескен жобалық жұмыс жасау әрекетін алуға болады. Оны ағылшынша telecomputing деп атайды. Бұл оқыту үлгісі дүниежүзілік ӛрмек арқылы бір оқу орны мен басқа бір оқу орнының оқу байланысын іске асыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Осы жұмыстың нәтижесінде
пікір алмасу;
тәжірибе алмасу;
ақпарат алмасу;
мәселелер шешу әдістерімен алмасу;
жеке және бірлескен жобалар нәтижелерімен алмасу
және тағы сол сияқты сан алуан амал-тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады.
Әртүрлі қатысым құралдарын пайдалана отырып, студенттер мен ұстаздар сарапшылармен және ӛз қатарластарымен чат, электронды тақталар, электронды пошта араласа алады. Нақты реалды және виртуалды уақыт жағдайларында араласу қатысушыларға еш кедергісіз ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Әңгіме шегерілген уақытта да ӛтуі мүмкін. Ондай жағдайда ойланып- толғануға уақыт болады, уақыт айырмашылықтарын ӛтеуге де болады.
Ішкі сана сырттан келіп түскен ақпаратты эмоцияға айналдырады. Осы «эмоциялық архивтің» негізінде аз ғана секундтің ішінде әрекет етудің қарапайым да шұғыл шешімдерін интуитивті түрде береді.
Осы дана, тиімді сезімдер тілі жүйесіне біраз уақыт ғалымдар сенбей келді. Берлиндік ғалым, психолог Герд Гигеренцер осы жайында былай дейді: «Біздің миымыз ғасырлар бойғы эволюцияның нәтижесінде азғантай ғана ақпараттан шапшаң әрі дұрыс шешімдер шығаруға үйренген». Шешім қабылдау қазақ тілі әдістемесінде рольдік ойындар арқылы жүзеге асатын және тіл үйрену үрдісін белсендендіруші стратегия болып табылатынына тәжірибеде кӛз жеткізілді.
Выготскийдің теориясы бойынша, адамның үйреніп жүрген тілін дамыту үшін оны сол әлеуметтік ортаға орналастыру керек. (Выготский, 1982, т 1, 115б). Ал қала жағдайындағы студенттер үшін қазақ тілді табиғи орта жоқтың қасы. Ал медиақұралдар тіл үйренушіні сол әлеуметтік және әдеби тілдік ортамен тиімді қамтамасыз ете алады деп есептейміз.
Мультимедиа қорларды пайдаланып оқыту үрдісіне деген жаңа қөзқарастардың теориялық негізін не құрайды:
мәдени-әлеуметтік теория;
оқу үрдісінің конструктивистік үлгілер теориясы;
таным үрдістерінің жағдаяттық үлгілері;
«таратылған сана-сезім» үлгісі (Salomon және басқалары, 1993);
проблемалық бағытталған оқыту теориясы (ЮНЕСКО қабылдаған Вандербильт университеті ұсынған «Сана мен технология» үлгісі);
«шебер және шәкірт»үлгісі;
танымдық икемділік теориясы;
рефлексивті оқу;
белсенді зерттей оқу және т.с.с.
Қазақ тілін үйретуге арналған медиа құралдардың кемшілігі неде?
Интерактивті тәртіпте бағдарламалауға болмайтын шынайы қатысымның болмауы
Электрондық қордың аздығы: алуан түрлілікке қол жеткізбегеніміз
Олардың ролінің қосымша құрал ретінде ғана болуы
Сапасының сын кӛтермейтіндігі
Лексика-грамматикалық бағытта болуы
Дизайнының кедейлігі
Қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспауы
Мультимедиа құралдар жасау тәжірибесінің жоқтығы.
Медиа білімді тек қазіргі техникалық құралдарды (компьютер, Интернет, видео, DVD және т.б.) оқу үрдісінде қолдану деп қана түсінуге болмайды. Нағыз медиа біліктілік түрлі жанрлардағы медиамәтіндерді сыни тұрғыдан талдай білмейінше мүмкін емес екенін ескеру жӛн.
Әдебиет
1. Выготский Л.С. Полное собрание сочинений. 1982, т1, 115стр.
2. Bruer J.Schools for Thought. MIT Press, Cambridge. 1993.
3. Children and Media. Goteborg: UNESCO & NORDICOM, 2001, p. 152.
4. Jean Piaget Society. 2001. [Online] URL: http://www.piaget.org/
5. Landow, G. & Paul Delany (eds) (1991) "Hypertext, Hypermedia and 6. Literary Studies: The State of the Art”. Hypermedia and Literary Studies.
7. Cambridge MA: MIT- March; T. (1998). On line: www.ozline.com
8. Полат Е.С. Новые педагогические технологии.
http://scholar.urc.ac.ru/LANG=ru/courses/Technology/index.-html.ru
9. Recommendations Addressed to the United Nations Educational Scientific and Cultural Organization UNESCO. In: Education for the Media and the Digital Age. Vienna: UNESCO, 1999, p.273-274.
10. Salomon G.(Ed.). Distributed cognitions: Psychological and educational considerations. Cambridge University Press. 1993.
11. 9. Scott Windeatt, David Hardity, David Eastment. The Internet. Oxford 12. University Press. 2008. www.oup.com/elt
13. UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. p.19–20