• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘТІНДЕРІН КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘТІНДЕРІН КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘТІНДЕРІН КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ

Кульманова Зульфия Бекбулатовна Магистр, Алматы Экономика және Статистика Академиясы, Алматы қаласы

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық және компьютерді қолданудың кибернетикалық- дидактикалық теориясы, оның әлеуметтік мәні синтезделіп, әдістемелік жаңа теория жасалуына негіз болады. Әдістеме теориясының табиғаты зерттеу нысанының әлеуметтік мәнін ашу арқылы анықталады. Қазақ тіліндегі мәтіндерді компьютер арқылы меңгертудің әлеуметтік мәнін мына қатысымдық модель арқылы кӛрсетуге болады.

Берілетін білім мазмҧны.

Мҧғалім Оқушы 1-сурет – Дәстҥрлі сабақ моделі

Берілетін білім мазмҧны

Мҧғалім Оқушы

2-сурет – Компьютер арқылы берілетін сабақ моделі Қатысым (коммуникация) – адамдардың, топтың, халықтың, мемлекеттердің ӛзара

байланысын іс жҥзіне асыра отырып, адамдар арасында ақпарат, ой-сезім, бағалаулар, мән- мағыналар, қҧндылықтар алмасуын мҥмкін етеді. Қатысымсыз әлеуметтік топтастықтардың, әлеуметтік жҥйелердің, ҧйымдардың қҧрылуы мҥмкін емес және тҧтас әлеуметтік ортаның болуы да мҥмкін емес. Қатысым - кӛптеген ғылымдардың: әлеуметтанудың, психологаяның, саясаттанудың, қатысым теориясының зерттеу нысаны болып табылады. Компьютер арқылы оқушыларға қазақ тілі мәтіндерін оқыта отырып, олардың қатысымдық қабілеттерін дамытуды мақсат етіп отырғандықтан, катысымның жан-жақты ерекшеліктерін қарастыру керек. Егер дәстҥрлі сабақ берудегі қатысымдық ҥрдісте мҧғалім тек кана ақпарат беріп, оқушы ол қатысымдық ҥрдіске белгілі бір жағдайларға байланысты кіріге алмайтын болса, компьютер арқылы берілетін сабақта оқушы мҧғаліммен ҥнемі қатысымдық әрекет жасап, екі жақты байланыс жҥзеге асады. Компьютерді қолдана отырып, казақша мәтіндерді ӛзге

22

(2)

ҧлт мектебінде оқытуда оқушының алатын білім мазмҧны оның санасында әлем картинасын қалай жасайтынына, ол картинаның адамгершілік және дамытушылык қасиеттерге толы болуына тікелей әсер етеді.

Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің психофизиологиялық негіздері.

Компьютермен жҧмыс жасау барысындағы оқушының психофизиологиялық ерекшеліктері анықталды. Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінде сӛйлесім әрекетінің бес тҥрі де «оқушы - компьютер» :диалогында қолданылды. Зерттеу жҧмысында оқушының компьютермен жҧмыс жасау барысындағы әрекеттері психофизиологиялық тҧрғадан жан-жақты қарастырылды. Адамның психофизиологиясы туралы ғылым - адам ағзасының рухани психикалық және физиологиялық функцияларының ӛзара тығыз байланыстылығын зерделеу негізінде адамның іс - әрекетін зерттейді. Компьютерді қолдана отырып казақ тілін оқыту әдістемесі де сенсорлық сигналдардын қызметін тануды, оларды оқыту ҥрдісінде ескеруді, солардың қызметіне орайласқан әдістер мен тәсілдерді тиімді қолданудың жолын іздеуді талап етеді. Оқушылардың мҧғалімнің басшылығымен және компьютер арқылы ӛз бетімен қазақ тілін басқару мен оны тиімді нәтижелерге жеткізуді ҧйымдастыру ҥшін мына бағыттар анықталуы тніс: компьютерге енетін қазақ тілі материалдарын қолданатын оқушылардың жеке жас ерекшеліктері; компьютермен жҧмыс жасау режимдері мен нәтижелерін тексеру және бақылау барысының психофизиологиялық ерекшеліктері; компьютермен оқушының тапсырмаларды орындауын сыныпта және ҥйде (ӛз бетімен) жҥргізуді ҧйымдастырудың психофизиологиялық ерекшеліктері; мәтінге байланысты тапсырмалар мен жаттығулардың, жҧмыс тҥрлерінің сатылай ӛсе отырып орындауын мҧғалімнің басқару ерекшеліктері. Компьютерлік білім беру барысында оқушының зейіні, есі, қиялы, ойы мен тілі дамытылады. Ойын талаптарын орындау барысында оқушының тҥрлі рӛлдерді атқара алуы (ойнаушы, оқушы, тексеруші ӛзін -ӛзі тексеру барысында, бағалаушы т.б.) және соған сәйкес мінез, сӛйлеу формаларының дамытылуы - оқушының жалпы психологиялық кҥйіне ықпал етеді. Сӛйтіп, мәтіндерді компьютер арқылы оқыта отырып, оқушының оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін белсендіруге психофизиологиялық тҧрғыдан келудің маңызы зор екені анықталды.

Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздері.

Мҧнда дидактикалық заңдылықтар мен компьютерлік оқыту бағдарламаларынын тҥрлері, компьютермен окыту ҥрдісінің дидактикалық талаптары қарастырылды. Қазақ тілін оқытуда екі мақсат кӛзделді: біріншісі - практикалық білік-дағдыларды игерту; екіншісі - қазақ тілі туралы ғылыми мәлімет беру. Осымен байланысты қазақ тілін ӛзге тілді аудиторияда оқытудың дидактикалық ҧстанымдары басқа пәндерден (химия, математика және т.б.) ӛзгеше болды. Дидактиканың негізгі қарастыратын нысаны - мҥғалім, оқушы және тҧтас оқушылар ҧжымы ерекшеліктері және «оқушы - мҥғалім», «оқушы - және білім мазмҧны», «мҧғалім - білім мазмҧны» қатынастары екені белгілі. Қазақ тілін мәтіндер арқылы окытуда, ол мәтіндерді компьютер арқылы меңгертудің дидактикалық аспектісін қарастыруда дадактиканың қазіргі заман концепциялары алынды. Дидактиканың дамуында ҥлкен орын алған инновациялық-авторлық мектеп авторлары: Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, Қ.Бітібаева, Қ.Қҧсайынов. Қазақстандық жаңа педагогикалық жҥйелердін оқу-тәрбие ҥрдісіне енуіне теориялық және практикалық негіздеме жасаған Ж.Дараев, Қ.Қабдолқайырҥлы, Н.Нҧрахметов, Ф.Ш.Оразбаева, К.А.Абдығалиева, Т.Т.Галиев, Г.К.Нҧрғалиева, Қ.Қадашева, М.Р.Ковжасарова, М.М.Жанпейісова, Г.Д.Аулъбекова, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, Н.Қҧрманова т.б. ғалымдардың зерттеулері болды.

Қазақ тілін оқытуда компьютерді қолдану оқушылардың тек кӛру сезіміне ғана сҥйеніп қоймайды. Компъютердегі дыбыстық, қозғалыс жасау, тҥрлі анимациялық мҥмкіндіктер оқушылардың сезімдік дамулары арқылы ақыл-ой қызметінің де белсендірілуіне жайлы жағдайлар жасайды. Мультимедияның ӛзіне тән мҥмкіндіктерін бай әрі мол етіп қолдана отырып, мәтінді оқытуда оны тҥрлі әдіс-тәсілдер арқылы кеңейте

23

(3)

аламыз. Қазақ тілін оқытуда компьютерлік диск (СD) арқылы оқу материалын оқушыға жеткізу -кӛрнекіліктің жаңа сатыдағы тҥрі. Персоналды компьютер (ПК) қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертуде оқушыға ӛз бетімен жҧмыс жасауға, ізденуге, қазақ тілін индивидуалды тҥрде ҥйретуге мол мҥмкіншіліктер жасайды. Қазақ мәтіндерін компьютер арқылы оқытуда басшылыққа алынатын жол программалап оқыту идеясы болып келеді.

Компьютер арқылы мәтінді оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік материалдар ӛзара ерекше мазмҧндағы жҥйені қҧрайды. Компьютерді қолдану барысында оқушылардың компьютерлік сауаты дами тҥседі, қазақ тілін оқытудың кӛптеген міндеттері компьютерге

«жҥктеледі».

Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнаулы мынадай программалар бар: А) Уордсток (сӛздікпен жҧмыс жасау программасы); Ә) Мэтчмастер (сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған программа); Б) Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын программа); В) Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған программа); Г) Кроссводмастер (кроссвордтарды толтыруға ҥйрететін программа); Д) Юнисаб (сӛз немесе сӛз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдыландыру программасы); Е) Юнилекс (Мәтін бойынша сӛздікпен жҧмыс жасау программасы); Ж) Гэпмастер (жіберілген бос орындарды толтыруға дағдыландыру программасы); 3) Пинпойнт (іздену, шешу, табу дағдыларын қалыптастыруға арналған программа); И) Спидрид (оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыратын программа); К) Сториборд (мәтінмен жҧмыс жасауға арналған программа); Қ) Тестмастер (сҧрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған программа).

Дидактикада оқыту процесіне сәйкес маңызды орын алатын - кері байланыс. Кері байланыс, әсіресе, оқушы ҥшін маңызды. Осы жол арқылы ғана оқушы ӛзінің білім алу әдістерін қалай меңгергенін керсете алады. Оқушының компьютерді қолдана отырып қазак тілін ҥйренуі мҧндай кері байланыстың жедел және белсенді ӛтілуіне мҥмкіндіктер жасайды.

Қазақ тілі мәтіндерін оқытатын компьютерлік бағдарламаның мазмҧны.

Ғалымдардың кӛрсетуінше, тілшді оқытудағы компьютерлік модельдеу мынандай кезеңнен тҧрады: 1 кезең – функционалды-алгаритмдік кезең, 2 кезең – оқу-әдістемелік кезең, 3 кезең – программалық-математикалық кезең, 4 кезең – инженерлік-прагматикалық кезең. Компьютерді қолдана отырып, оқушының мәтінді игеру тҥрлері тӛмендегідей болып келеді: мәтінді оқушының ӛзінің оқуы; мәнерлеп оқыған дауысты тыңдауы; музыканы тыңдауы; лексика-грамматикалық анықтағышпен жҧмыс жасауы; ӛзінің білімін компьютер арқылы ӛзі тексеруі. Осы айтылғандардың барлығы жҥйелі тҥрде талданды. Ең алдымен, қазақ тілін мәтіндер арқылы компьютер жҥйесімен оқытудың арнайь сценарийі жасалынды.

Ол сценарийде компьютер арқылы оқытуда кӛзделетін мақсаттарға сай міндеттер кӛрсетіліп, алгоритмдер белгіленді. Алынған алгоритмдер біртҧтас сценарийге тҥсірілген соң, электрондық мәтіндер жинағы мен олармен жҧмыс жасау әдістері жҥйеге тҥсірілді. Ол ҥшін осы электрондық оқулыққа арналған анықтама жазылды. Ол анықтамада электрондык қҧралдың мақсаты, міндеттері, мазмҧны мен қалай, не ҥшін қандай операциялар орындау керектігі кӛрсетілді. Жеке мәтінді оқытуға арналған сабақта мәтіндермен жҧмыс жасау жолдарын арнайы тҥсіндіретін әдістемелік нҧсқау жасалынды. Ол арнайы тҥсініктеме тҥрінде электрондық қҧралдың алғашқы парақтарында берілді. Эксперимент жасаушы мҧғалімдер мен оқушыларға арнайы тҥсініктеме беріліп отырды. Ондай кеңес- тҥсініктемелерді беру эксперимент барысында жақсы нәтижелерге жеткізді. Әр мәтінмен жҧмыс әр сабақтың жоспарына лайықталып, сабақтың әдістемелік сиенарийі ретінде кӛрсетіліп отырды.

Сабақтағы жҧмыс. Сабақ мәтінмен танысудан басталады. Әр сабақтың мәзірі келесі режимде болады.

Сабақтың мазмҧны. Бҧл бӛлім сабақтың мазмҧнымен, орындалатын тапсырмалармен таныстырады.

Тапсырмалар жиынтығы:

(4)

Мәтінмен жҧмыс. Мәтіннің мазмҧны дауыстап, мәнерлі тҥрде жазылған, яғни мәтін компьютерде мультимедиялық жҥйе аркылы берілген. Бҧл бӛлімде компьютердің дыбыстық, кӛру мҥмкіншіліктері іске косылып, оқушының кӛру, оқу, есту, тыңдау әрекеттері арқылы мәтіннін мазмҧнымен танысуы басталады. Одан соң оқушылар компьютердегі мәтіннің оқылуына еліктеп, ӛздері солай оқуға дағдыланады. Мҧғалім ӛзінің шеберлігіне сай бҧл бӛлім бойынша сабақта тҥрлі әдістер қолдана алады.

Лексикалық тапсырмалар. Бҧл бӛлімде бағдарламада кӛрсетілген фамматикалық тақырыптар бойынша мәтінмен жҧмыс жҥргізіледі. Жаттығулар мен тапсырмалардың мазмҧны грамматикадан ӛтілетін ережелерді қамтиды. Оның ӛзі іштей 3 денгейлі болып ҧйымдастырылды:

Грамматика - 1. Бҧл бӛлімде оқушыға арналған мәтін бойынша тапсырма бар.

Тапсырма мәтіннен белгілі сӛздерді табуға нҧсқайды және дҧрыс табылған сӛздер жасыл тҥсті, ал дҧрыс болмаған сӛздер қызыл тҥсті болып жанады.

Грамматика 2.1 - сӛздерге берілген жҧрнақтарды кӛрсетіп, сӛзге сай келетін жҧрнақтарды табу керек.

Грамматика 2.2 - сӛйлемдердің ішінен сӛз тҥсіп қалған, берілген сездерді анықтап, сӛйлем мазмҧнына сай келетін сӛзді табу керек.

Сӛздік. Әр сабақтың соңғы бӛлімі сӛздіктен тҧрады, бҧл сӛздікте сабаққа қажет 10 сӛз қамтылған.

Шығу. Программамен жҧмыс барысын тоқтату ҥшін қызмет етеді.

Компьютермен байланысты осындай әдістемелік жҧмыстардан соң қазақ тілі бағдарламасы бойынша берілген сағаттар санына орайластыра отырып, авторлық бағдарлама жасалынды. Оның мазмҧнында оқулықта берілген мәтіндерге қоса ӛзіміз іріктеп алған жаңа мәтіндер жҥйесі берілді. Эксперименттік бағдарламада мәтіндермен бірге оқушылар меңгеру тиісті грамматикалық тақырыптар кӛрсетілді.

Қазақ тілін оқыта отырып, сол сабақта интернет арқылы шетелдермен байланыс қҧрғызу және оқушылардың ӛзара ақпарат алмасуын мҥмкін ету арқылы баланың оқу- танымдық қызметінің қаншалықты қарқындай тҥскенін қарапайым сӛзбен тҥсіндіру қиын болар еді.

Ойымызды жинақтай келгенде, қазақ тілін оқытуда компьютерді қолданудың ӛзекті тҧсы – интернетті сабаққа алып келу деп ойлаймыз. Осы ҥлкен мәселенің жан-жақты ерекшеліктерін әлі де терең тани, талдай тҥсу керек.

Әдебиеттер

1. Выготский Л.С. Полное собрание сочинений. 1982, т1, 115стр.

2. Bruer J.Schools for Thought. MIT Press, Cambridge. 1993.

3. Children and Media. Goteborg: UNESCO & NORDICOM, 2001, p. 152.

4. Jean Piaget Society. 2001. [Online] URL: http://www.piaget.org/

5. Landow, G. & Paul Delany (eds) (1991) "Hypertext, Hypermedia and 6. Literary Studies: The State of the Art‖. Hypermedia and Literary Studies.

7. Cambridge MA: MIT- March; T. (1998). On line: www.ozline.com

8. Полат Е.С. Новые педагогические технологии.

http://scholar.urc.ac.ru/LANG=ru/courses/Technology/index.-html.ru

9. Recommendations Addressed to the United Nations Educational Scientific and Cultural Organization UNESCO. In: Education for the Media and the Digital Age. Vienna: UNESCO, 1999, p.273-274.

10. Salomon G.(Ed.). Distributed cognitions: Psychological and educational considerations.

Cambridge University Press. 1993.

11. 9. Scott Windeatt, David Hardity, David Eastment. The Internet. Oxford 12. University Press. 2008. www.oup.com/elt

13. UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. p.19–20

(5)

Referensi

Dokumen terkait

Мақаланың маңыздылығы ӛткен дәуір прозасында талданбай кеткен Жұмекен әңгімелерінің тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін талдау болса, ӛзектілігі сол кезеңдегі әңгімелерден

Шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирредентеріне қазақ тіліндегі ҽдебиеттер, қазақша фильмдер мен қазақ тілін үйрететін электронды оқулықтар жеткізу жҽне қазақ диаспорасы бар ҽр