http://www.enu.kz ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕТІП ОҚЫТУ
Сыздықова С.С.
Қазақстан Республикасы Астана қаласы № 3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
http://www.enu.kz
Қазіргі ӛркениетті елдерде және ӛркениетті елдер қатарына қосылуға талпынған мемлекеттердің кӛпшілігі, ең алдымен, білім ордаларына назар аударуда.
Республикамызда білім беру ісінде демократияландыру мен ізгілендіру жаңартудың негізгі принциптері ретінде анықталған орта білім жүйесін дамытудың тұжырымдамасы мен стратегиясы, Заңның негіздері және орта білімнің бекітілген жалпы міндеттері стандарттары бар. Білім беру жүйесін реформалаудың принциптері оқытудың әдістемелік жүйесінің (оқыту мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен құралының) біртұтас және жүйелі ӛзгеруін кӛздейді. Сондықтан қазіргі дидактиканың кӛкейкесті мәселесі – мектеп пәндерін, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіснамасын қазіргі талаптарға сай жаңарту.Деңгейлеп оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды сабақта қолдану орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін үйренуіне ӛте тиімді.
Ӛйткені мектеп оқушыларының зейіні, қабылдауы, есте сақтау қабілеті әр түрлі деңгейде.
Деңгейлеп оқыту жеке тұлғаның ӛздігінен дамуына жағдай жасайды [1, 40 б.]. Ең маңыздысы, әрбір жеке тұлға ӛзінің деңгейіне сай тапсырмалар орындау барысында шығармашылығын шыңдай алады. Осы жаңа технологиялардың ішіндегі, ӛзімнің негізгі тақырыбым «Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту» технологиясына тоқталайын.
Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, кӛзқарасы шыққан түп- тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат ӛз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының басты ерекшеліктеріне тоқталайық. Біріншіден, барлық оқылатын тақырып бойынша кӛзделген мақсатқа жетіп,оқушының толық білім алуына 100% кепілдік бере алады және бұл процесс мемлекеттік стандарттың барлық талаптарын орындайды. Екіншіден, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды меңгеру барысында оқытудың дамыту принципі жүзеге асырылады. Бұл дарынды балалардың кӛбеюіне әсер етеді. Үшіншіден, бақылау және бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу арқылы білім берудің демократия және ізгілендіру принципі сақталады. Бұл принциптің арқасында оқушы ӛзін-ӛзі бақылап үйренеді [1, 45 б.]. Ендеше, осы ерекшеліктерді орындаудағы технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану – заман талабы. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту» технологиясын таңдап алу мақсатым, ӛз бетімен дами алатын, әр түрлі ӛмірдің қиындықтарына тӛзе білетін, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы тәрбиелеу. Деңгейлеп оқыту дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ӛйткені ол оқушының ойлауын,елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына кӛмектеседі. Әр оқушының мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар:
- әр оқушы ӛздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
- әр бала ӛз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы ӛз бағасын біліп отырады (1-деңгей – «3», 2- деңгей – «4», 3 –деңгей – «5»)
- даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата-анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады;
http://www.enu.kz - бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;
Деңгейлеп-саралап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау, кәсібі бағдар бойынша топтау; сынып ішінде саралау. Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бӛлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың саралануы материалды меңгерудің тӛменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей.
Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Сонымен бірге оқушының тӛменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуын қамтамасых етеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігін,оны компьютерлік жүйеде қолданудың тиімділігін айта отырып, енді осы технологияны қазақ тілі сабақтарында қалай қолданылатынына тоқталайын [2, 35 б.].
Оқытушы ең алдымен оқушыларын зерттеп, олардың білім деңгейлерін толық білуі қажет. Бұл технологияның жүйесін мынадай элементтерге бӛліп кӛрсетуге болады:
қажеттілік-мотив-мақсат-әрекет. Осы берілген элементтерден деңгейлеп саралап оқыту технологиясының суъектідегі іс-әрекет жасауды талап ететіні байқалады. Іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оқытылатын әр тақырыптың құрылымын үш кезеңге бӛлу керек. Бұл үш кезеңде білім алушы тӛрт деңгей бойынша тапсырмалар орындайды. Әр деңгейдегі тапсырмалар күрделеніп отырады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламасында белгіленгеніндей, мектептерде оқытуды электрондық жүйеге ауыстыруда. Осы технологияны қазақ тілі сабағына енгізе отырып, алдымызға мынадай мақсат қойуымызға болады. Біріншіден, оқушының жас ерекшелігін ескеру, екіншіден, оқушылардың деңгейлік қабілетін анықтай отырып, ӛз бетімен жұмыс жасауға үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру, даму мониторингін құрып оқушының дамуын қадағалай отырып, ата-анасымен байланысты нығайту арқылы әр оқушының стандарт кӛлемінде тиянақты білім алып шығуына кӛңіл бӛлу.
Бала оқытудағы алдыма қойған міндеттерім мен мақсаттарымды жүзеге асыру үшін, яғни сынып оқушыларын егеменді еліміздің білімді де саналы азаматы етіп тәрбиелеу мен оқытуда ӛз тәжірибемде деңгейлеп оқыту технологиясы әдісін қолданып жүрмін. Профессор Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту әдісі сынып оқушыларының білім деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін анықтауға үлкен кӛмегін тигізеді. Сабақ барысында ӛзіме керек мәліметтерді жинақтағаннан кейін барып деңгейлеп оқыту әдісінің элементтерін бірте-бірте енгіздім. Қазақ тілі сабағын тӛмендегі жоспар бойынша ӛткіземін. Оқушыларға үйге тапсырма келесі ӛтетін сабақтың тақырыбына байланысты беріледі, оқушылар үйде ӛз беттерімен дайындалады. Сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тірек тапсырмалармен жұмыс ӛтілген тақырыпты қайталау, естеріне түсіру. Бұл кезең ауызша ӛтеді. Кӛбінесе топтық жұмыстар жүргізіледі. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған білімдері ортаға салынады. Екінші кезеңде оқушылар мұғалімнің басшылығымен жаңа материалды меңгереді, ӛздері ой қорытып шығарады. Жаттап алуға ыңғайлы ережелер айтылады. Оқушылармен жұптық, жекелей жұмыстар ауызша жүргізіледі. Соңғы екі тапсырма оқушылардың шығармашылығын шыңдауға беріледі. Әр оқушы, яғни сыныптағы барлық бала тапсырманы 1 деңгейден бастайды. Бұл деңгейде тапсырмалар саны 2-3-еу және жеңіл беріледі. Орындап болған оқушы келесі деңгейдің тапсырмасын орындауға кіріседі. Осылайша 4-інші деңгейге жетеді. Егер үлгермесе оқушылардың тапсырмаларды үйге аяқтауына болады. Бірақ, онда баға 1 ұпайға тӛмен қойылады. Сабақ соңында әр оқушы ұпайын санайды, бағалайды. Үйге тапсырма сыныпта ӛткен материалды пысықтауға, қайталауға және келесі сабақта ӛтілетін жаңа тақырып кӛлемінде беріледі (кӛбінесе шығармашылық жұмыстар). Егер оқушы міндетті деңгейдегі
http://www.enu.kz жеңіл тапсырмаларды орындап, қиыннан күрделіге талпынса, мұғалім оның білімін, мүмкіндігін, сұранысын және қабілетін анықтай алады. Нәтижесінде дарынды, ізденімпаз, қабілеті бар оқушыларды анықтап, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындауына қарай қойылады. Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға ӛз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға кӛп кӛңіл бӛлу қажет. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы қазақ тілі пәнінен, тӛмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2.Алдыңғы сабақта жаңадан менгерілген білімнің ӛңін ӛзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. 3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және ӛмірмен байланысты болуы керек [3, 17 б.]. Қазақ тілі пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында тапсырмалар құру арқылы орындалады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше кӛңіл аударуы керек. Екінші деңгейдегі тапсырмалар: 1. Ӛтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар ӛзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрыңғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Қазақ тілінде мұндай іс- әрекетке келтірілген тапсырмалар мәтінмен берілген тексеру тапсырмалары, т.с.с. 2.
Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.
Бұлар логикалық жаттығулар, ребустар мен сӛзжұмбақтар. Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз тӛмендегідей топтастырдық: Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгергені алғашқы қарапайым білімдерін жітілдіріп, тереңдетумен қатар ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, ӛзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай тапсырмаларды шешу барысында оқушылар жаңа тапсырмаға тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны орындау үшін оқушы ізденуі керек. Тӛртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1.Оқушылардың жинаған ӛмірлік тәжірибесі мен қалыптастырылған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген, (оқулыққа сүйенбей мұғалімнің кӛмегінсіз кӛрсетіп шығару);
2.Олимпиадалық тапсырмалар; 3. Берілген тақырыпқа ӛз бетімен реферат, баяндама дайындау [4, 37 б.]. Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар: бірінші деңгей үшін – игерілгенді пысықтау мен қайталауға арналған тапсырмалар.
Сонымен: технологияның принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, ӛздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және ӛздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, ӛзін-ӛзі жетілдіріп ӛсіруші, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен.Ӛздігімен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат-жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.
Айтылғандар жаңа педагогикалық технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжерибемізден анықтай беретінімізге сенеміз.
Әдебиет
1. Қараев Ж.А. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы».
2. Кобдикова Ж.У. «Орта мектепте білім алуды технологияландыру» (Саралап деңгейлеп оқыту), 2002 ж.
http://www.enu.kz 3. Ӛмірбаева Қ. «Деңгейлік тапсырмалар», Ақтӛбе, 2001 ж.
4. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».