WWW.ENU.KZ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
Аллабергенова Б.Қ.
3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент З.Н.Жуынтаева
Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласы
Фразеологизмдер тіл байлығымызды арттыратын бірден-бір лексикалық бірлік болып табылады. Фразеология термині тіл білімінде екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.
Фразеология лексикологияның арнаулы бір саласы бола отырып, тұрақты сӛз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын зерттейді.
Тіл-тілдегі сӛздер ӛзара бір-бірімен тіркесіп қолданылады да, олардан сӛз тіркестері жасалады. Еркін сӛз тіркестерінде сӛздер мағына ыңғайына қарай әр түрлі сӛздермен тіркесе береді, еркін тіркестің құрамындағы бір сӛздің орнына сәйкес басқа сӛзді қолданып айтуға болады.
Ал фразеологизмдерде, яғни, тұрақты фразеологиялық тіркестерде сӛздер бұлай кез келген сӛздермен тіркесе бермей, тек белгілі бір сӛздермен тіркесіп айтылып, әбден қалыптасып, тұрақты сӛз тіркесі болып келеді. Мысалы, ит ӛлген жер деген тұрақты сӛз тіркесінің құрамындағы сӛздер сол тіркестің ішіндегі сӛздермен тіркесіп барып қана тұрақты фразеологиялық сӛз тіркесін жасап тұр. Егер ондағы ит сӛзінің орнына мысық сӛзін қойып, мысық ӛлген жер деп қолдансақ, онда тұрақты тіркес бұзылып, фразеологиялық тіркес болудан қалады. Мұнымен қатар фразеологиялық тіркес құрамындағы сӛздердің орын ретін ауыстырып қолдануға да болмайды. Сонымен тұрақты фразелологиялық сӛз тіркестері деп әбден қалыптасып, нық орныққан, ӛзгертуге келмейтін тұрақты сӛз тіркестерін айтамыз [2; 88].
Фразеологизмдер – құрамы жағынан тұрақтылығымен, «дап-дайын»
күйде кездесетіндігімен, кез келген тұста қолдана беруге болмайтын талғампаздығымен, мағына-мазмұн тереңдігімен, бейнелілігімен ерекшеленіп тұратын тілдік құбылыс. Фразеологизмдер жеке сӛздердің эмоционалды, экспрессив баламасы ретінде де қызмет етеді: дӛрекі – түйеден түскендей;
тату – тонның ішкі бауындай т.б.
Фразеологизмдердің ӛз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.
Тілдегі фразеологизмдер құбылтуға кӛнбейді, біртұтас даяр күйінде жұмсалады және сол қалпында сӛйлемнің құрылымына енеді.
Фразеологизмнің бәрінде белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді,
WWW.ENU.KZ оларға тәуелсіз [4; 181]. Мына үй қожаңның тауы шағылып, жаны жасып қалды білем(Ғ.Мүс.). Тауы шағылу деген тұрақты тіркестің сӛздіктегі мағынасы сағы сынып, беті қайтты, үміт-тілегі үзілді дегенді білдіреді.
Бұл фразеологиялық тіркес тауы және шағылу деген сӛздердің тіркесіп келіп бір мағынаны, ұғымды білдіруінен құралған. Осындағы тауы деген сӛздің орнына еркін тіркестегідей басқа бір ӛзені немесе сайы деген сӛздерді ауыстырып қолдана алмаймыз. Я болмаса сӛздердің орнын ауыстырып, шағылып тау деп те қолдану мүмкін емес. Фразалық тіркес білдіріп тұрған үміті үзілді сӛзімен тауы не болмаса шағылу сӛздерінің арасында мүлде мағыналық байланыс жоқ. Бұл фразеологиялық тіркестің тіркес тиянақтылығымен, даяр қалпында жұмсалуымен тікелей байланысты.
Тиянақты сӛз тізбегіндегі сӛздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Ӛзара тығыз жымдасып орналасқан сӛздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олардың бірін басқа сӛзбен алмастыруға немесе тұрақты орын тәртібін ӛзгертуге келмейді.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сӛз сан алуан сӛздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сӛз бірді-екілі сӛзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы, жоғарыдағы тіркестердегі қабақ, сӛз, тамақ, таңдай сӛздері бірнеше сӛздермен еркін тіркесе береді. Ал фразеологиялық мағынадағы айбар, ай, айшықты, ақ, бал сӛздері мұндай тіркесімділік қасиетке ие емес, ӛте санаулы сӛздермен ғана тіркесу қабілетіне ие. Және фразеологиялық тізбектің беретін мағынасы мен құрамындағы сӛздердің мағынасының арасында алшақтық байқала қоймайды. Мысалы, ай қабақ фразалық тізбегінде сӛз қабақ туралы, оның айға ұқсастығында.
Біздің мақсатымыз Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаевтың «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» еңбегіне басты еңбек ретінде сүйене отырып, фразеологизмдердің шығу арналарын, пайда болу негіздерін қарастыру болып табылады. Бұл ғалымдар еңбегіндегі шығу арналарының топтарын кӛркем шығармадағы мысалдармен кӛрсетіп ӛтейік.
1. Кӛптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақты бейнесі негіз болған.
Батыр оны алаң қылсын ба, мырс етіп күледі де, қасында келе жатқан Кейкі деген жігітке иек қағады(Ғ.Мүс.). Ымдады, белгі берді, ишара етті, бірдеңеге нұсқады. [3; 300]. Бұл тұрақты тіркес адамның іс-қимылынан, ым- ишара білдіруден келіп шыққан. Мағынаға адамның дене мүшесі болып табылатын иек сӛзі негіз болған. Адамның иегін қозғау арқылы жұмсауын образдап айтудан келіп шыққан. Біреуді жұмсауды бейнелейді.
Жылқышы ӛлі ме, тірі ме, - кӛңілімізде кӛлеңке де қалған жоқ(Ғ.Мүс.).Ойда күдік қалмады. [3; 354]. Мұнда тіпті, тым болмағанда кӛлеңкесі де қалған жоқ деген ұғымда, кӛңілде ӛткен оқиғадан мүлде із
WWW.ENU.KZ қалмағаны айтылады. Тұрақты тіркес құрамындағы кӛңіл сӛзі тура мағынасында айтылып, мағынаға негіз сӛз болып тұр. Күдік сӛзін әсерлі, бояулы жеткізу үшін кӛлеңке сӛзі алынған.
Терімізге сыймай, қабағымыздан қан жауып тұрған бізде жұмысы да жоқ, шешесі қызын, қызы шешесін жұбатып ӛзді-ӛзі болды да қалды(Ғ.Мүс.).Қатты ашуланып қаһарланды, кектенді [3; 387]. Бұл тұрақты тіркестің Қабағынан қар жауу деген де варианты қолданылады тілімізде. Қан сӛзі адамның жауыздығының, қаталдығының белгісін білдіреді. Мағынаға негіз сӛз – қабақ сӛзі. Фразалық тіркестің негізінде адамның қаһарланғандағы бейнесі – қабақ шытып кәрленуі жатыр.
Қазір жүрегін аттай тулатып, соншалық қуантып, еркін алған кӛрінісі(М.Ә.). Қатты толқыды [3; 277].Тулау сӛзі жылқы малына, атқа байланысты айтылады. Ал жүректің соншалықты бұлқынғанын, бұлқынысының шегіне жеткенін кӛрсету үшін аттың тулауын алып отыр.
Адамның қатты толқығанын, жүрегінің қатты бұлқынуын аттың тулауына теңеу арқылы әсерлеп, образдап жеткізуден келіп шыққан.
Осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере кӛрме!.. Тас бауырлығын бере кӛрме!..(М.Ә.).Ит иттігін жасайды деген тіркес бар халқымызда. Сол иттің ұнамсыз мінезінің адам бойынан кӛруінен немесе иттің ең ұнамсыз мінездерін адамға теңеуден келіп шыққан. Ал, тастың негізгі қасиеті – жібімейтін қаттылығы. Адам да бауырына немесе жалпы адам баласына жаны ашымай, дәл осындай, тастың қаттылығындай соншалық қатігездік, қаттылық кӛрсетуі мүмкін болғандықтан, адамның сол мінезін тасқа теңеудің негізінде пайда болған.
2. а) уақыт,мерзім ӛлшемдері: Күн найза бойы кӛтерілген кезде не қалың жауға, не қалың жылқыға кездесерміз... (Ғ.Мүс.). Ұясынан шыққан күннің кӛмкеріле кӛтерілу мӛлшері [5; 429]. Уақытқа байланысты сағат, минут, секунд деген ұғымдар мен олардың атаулары бірден пайда болмаған. Бұл ұғымдар мен олардың атаулары жоқ кезінде белгілі бір іс-әрекеттің белгілі мерзім ішінде ӛтуі уақыт ӛлшемі ретінде пайдаланылған. Осыдан қазақ тілінде кӛптеген мезгілдік мағынаны білдіретін сӛз тіркестері пайда болған [1; 242]. Күннің ұясынан жаңа шыққан мерзімін күн найза бойы кӛтерілгенде деген тіркеспен айтатын болған.
ә) ұзындық ӛлшемдері: Тағы да қозы кӛш жер кеттік(Ғ.Мүс.). Қозы ӛрісіндей қашықтық [3; 441]. Қозы кӛш деп ертеде жақын қашықтықтағы жерді айтатын болған. Қазақ халқының ертедегі негізгі шаруашылығының түрі мал шаруашылығы болғандықтан қозының ӛрісіндей аса алыс емес қашықтықтағы жерді кеңістік ӛлшемі ретінде қолданудан келіп шыққан.
3. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысты: Сұрастырсам, біз секілді құрым түндіктен басқаның кӛбі-ақ баласын босатып алған екен(Ғ.Мүс.).Жұпыны деген мағынада айтылады [3;
481]. Құрым деп күн қақтап, ыс сіңіп, қарайған киізді айтады. Ертеде қазақтар киіз үйде тұрғаны белгілі. Түндік сол киіз үйдің бір бӛлшегі. Жарлы, жұпыны адамдардың үйінің түндігі құрым киізден де жасалады. Сол бір ғана
WWW.ENU.KZ түндіктің сапасы қандай материалдан жасалғанын айту арқылы жалпы материалдық жағдайды айтып ӛтуден келіп шыққан.
Ӛзегіңнен үзіліп түскен балаң үшін қалай отқа түспессің?(Ғ.Мүс.).Қандай іске болсын барды, жанын аямады [3; 562]. От сӛзіне байланысты бізде ислам дінінде тозақ оты деген ұғым бар. Отқа түсу адам баласы үшін ең ауыр азап болып саналады. Барлық қиындықтарға кӛнудің ауырлығы адам баласы үшін отқа түсумен тең екендігінің негізінде пайда болған тіркес. Мұнда тозақ оты деп айтылмаса да, астарында аздап болсын отпен байланысты діни ұғым да кӛрініс береді адам санасында.
Мақал-мәтелдерде отан үшін отқа түсу деген тіркес бар.
– Ойбай, бауре - ем! Ойбай, буре - ем, – деп ат қойып келе жатыр(Ғ.Мүс.). Ескі дәстүр бойынша қаралы үйге еркектер алыстан атпен шауып, «ой,бауырымдап» келіп, лап беріп шаба жӛнелетін болған. Осы дәстүрдің негізінде пайда болған тұрақты тіркес.
4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, ӛткен тарихи оқиғалар негіз болған.
Байлауын айтуға, баталасуға шақырыпты(М.Ә.).Құдай, Құран атымен баталасу, серттесу [5; 114]. Адамдар ортақ келісімге келген жағдайда, сол шешімге разылық білдірудің белгісі ретінде баталасу рәсімі жүзеге асырылатын болған. Осы рәсімнің негізінде адамдардың бір нәрсеге серттесуін атаудан шыққан.
Жүгініп алып, кӛлденең жатқан немересінің кеудесінің үстіне теріс батаның алақанын жайып тұр(М.Ә.).Қолды теріс қаратып айтылатын лағынет [5; 801]. Ата-анасы баласына немесе кез келген адам қатты наразы болған, разылық кӛрсетпеген жағдайда келесі бір адамға теріс батасын береді, теріс тілектерін айтады. Адамдардың осы қарғыс айту іс-әрекетінің негізінде пайда болған.
Тіліміздегі фразеологизмдер қалай болса солай пайда бола салмаған.
Фразеологизмдердің пайда болуына адам ойында қорытылған құбылыстардың бейнесі, уақыт, мерзім ӛлшемдері, ұзындық ӛлшемдері, діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптар, аңыздар мен түрлі ұғымдар негіз болатынын байқадық.
Пайдаланылған әдебиет
1. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы – Алматы: Мектеп, 1976. – 115 бет.
2. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы – Алматы: Дәуір, 2003. – 245 бет
3. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сӛздік – Алматы: Арыс, 2007. – 797 бет.
4. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 965 бет.
5. Аханов К. Тіл білімінің негіздері – Алматы, 2002. – 662 бет.