• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

И.А. Тұтқышбай, Б.М. Тағаев Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ Академиялық инновациялық университеті

ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-ӛрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана кӛк туын желбіретіп шаңырақ кӛтерген егемен елімізді ӛркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бӛлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.

Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты ӛзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп ӛмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, ӛмірге деген кӛзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, тӛзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді ӛзінің ӛмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Адам баласы үшін шынайы ӛмірдің мәні ғылым-білімді игеруде жатыр.

Ал, ӛзінің үйренген нәрсесін басқаларға үйретуден қол үзгендер - тіршілік етіп жүрсе де жансыз адам деп айтуға тұрарлық. Неге десеңіз, адамның жаратылыс мақсаты –кӛріп білу, үйренгенін басқаларға үйрету. Сондықтан Ғылым –тура жолға салатын маңызды құрал. Қазіргі таңда жаңалық ашушылардың емес еліктеушілердің қатары кӛбейіп кетті. Сол себептен бәрін ӛзгертетін рухы қайсар жандар қажет.

Ғылым игерудегі мақсат –білімнің адам баласына жӛн сілтеп, бағыт- бағдар кӛрсетуі, Адам рухына сіңбеген ғылым –арам тер болып арқалаған ауыр жүкпен бірдей пайдасыз. Ал адамды жоғарғы мақсатқа жетелемеген таным-жүрек пен ойға артылған салмақ.

Осы орайда Түрік ақыны Жүніс Әміре былай деген:

Ғылым, білім, ізденіс - Ӛз-ӛзіңді тануың.

Танымасаң ӛзіңді

Не пайда оқып жарығым?!

Сан салалы ғылым мен ӛнердің қай саласы да адамға пайдалы.

Дегенмен оның бәрін бірдей игеріп, дәріптеуге пенденің ғұмыры келте, мүмкіндіктері шектеулі. Сол себепті әр адам ӛзі үшін, ұлты үшін қажеттілерін ғана үйреніп, іске асыруы тиіс.

Білім беру-жай ғана оқыту емес. Адамадардың кӛбісі мұғалім болғанымен, ал нағыз педагог ұстаздардың саны жоқтың қасы. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, мұғалімдер мен ұстаздар жаңалықтарды

(2)

таратушы және шеберлікке шыңдаушы, ал нағыз ұстаз, - ол оқушының ӛзін – ӛзі тану қабілетін жетілдіріп, жеке дара ойлау мен қорытынды жасай білуде оқушының мінезін қалыптасуы мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеуі, тӛзімділік пен жауапкершілігін сезіну сияқты қасиеттерді бойына дарытуда жол кӛрсетуші адам. Ал тек жалақы үшін оқытып, шәкірттерінің мінезінің қалыптасуына қызығушылық танытпайтындарды ол соқырларды бастайтын кӛр соқыр деп атайды. Сондықтан ұрпақтың және ұлттың келешегі мұғалім ӛзін – ӛзі жетілдірудегі негізгі мақсатын айқындап алуы тиіс.

Сонымен қатар адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рӛлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Осы орайда:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы, –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сӛзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сӛйлеген сӛзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп,ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз ӛсіреді... Ӛмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар- ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше ӛз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, ӛмірге ӛзі де бақытты болып, ӛзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жӛні де, жолы да бӛлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ж.Ж.Руссо айтқандай Ұстаз болу - ӛз уақытын аямау, ӛзгенің бақытын аялау.

Ал Ы.Алтынсарин бабамыз айтқандай егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған ӛзін кінәлауға тиіс.

Мұхтар Әуезов Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

Ғабит Мүсірепов Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.Ал Мәлік Ғабдуллин Мұғалім ӛзінің

(3)

білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Жүсіп Баласағұни Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық ӛнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық ӛнерге ерекше баға берген.

Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қӛзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ.

Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, тӛзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен ӛлшенеді. Енді осы түсініктерге тоқталайық.

Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар ӛздері жақсы кӛретін мұғалімдер оларға дауыс кӛтеріп сӛйлесе де кӛңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс кӛтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер кӛзге ілмей, ӛтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап кӛңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Ӛздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.

Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Ӛйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі.

Сенім. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. А.С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі тӛніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға ӛзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.

Балалар ӛздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды.

Олар ересектердің бағасына, әсіресе ӛздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда ӛте сақ болғандары жӛн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш.

Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар кӛбіне кӛп: “әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, кӛңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.

Мұғалімге “әділетсіз” деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса ӛз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақтамауы

(4)

оның айнымалы мінезінен немесе ӛзіне-ӛзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтіндігінен болуы да мүмкін.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез кӛрсетсе, оқушылардың кӛңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.

Тӛзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті кӛп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, ӛртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сӛз емес. Ондай жағдайларда оған ӛзін ақылға жеңдірмей болмайды.

Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, ӛзін-ӛзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп ӛсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар ӛз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда кӛрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Адамның ӛзіне-ӛзі ӛмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын.

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.

Бұл, түбінде, «адам затын, адам атаулыны құрмет тұту парыз» деген пәлсәпалық қағидадан бастау алса керек. Бұл қасиеттен ада мұғалім балаға

«кішкентай ойыншық», «әлі адам емес,есейгенде адам болады» деп, немесе нақты «пәленшенің баласы» деген ӛте қушық та саяз, пендешілік кӛзқараспен қарайды. Кӛзқарас қандай болса, тірлігі де сондай болады. Мұндай мұғалім баланың ӛз мінез-құлқын, бейім-дарынын, тұлғалық ерекшеліктерін айқын кӛре алмайды. Ӛйткені ол , шын мәнінде, балаға жансыз затқа қарағандай,

«сырттай сипай» немесе «тым мәнсіз» кӛз тастап, оны кӛріп тұрып, кӛрмейді.

Оған баланың ішкі жан дүниесіне қарай жол түбегейлі жабық.

Мұғалімнің екінші қасиеті – ақыл-парасат. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан мұғалім ең нәзік те мӛлдір, бірақ, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы Әлемнің ішінде, осы Әлеммен қатар, үндесе ӛмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мӛлдір Әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет.

Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек.

Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық»деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.

(5)

Мұғалімнің үшінші қасиеті – білім мен шығармашылдығы. Мұғалім ӛзінің терең білімімен ғана баланың таза жан дүниесіне шырақ жағып, оған мәнді мазмұн енгізеді. Ал білім – шексіз мұхит. Сондықтан «білемін» деген бос сӛз, үздіксіз ізденіс, тынымсыз шығармашылық - мақсат. Шығармашыл ізденістің ӛзі білімдіден келіп шығады. Әсіресе дарынды да мінезді бала білімді мұғалімге жарыққа ұшқан кӛбелектей бар кӛңілімен ұмтылады, білімге сусап тұрады. Білімді бала білімді ұстаздан екені тағы аян.

Мұғалімге қажет білімнің ӛзі ауқымды. Баламен табысу үшін психология мен педагогика, биология мен анатомия, ӛз пәні бойынша ғылым, баламен айқын қарым-қатынас үшін жетік тіл мен мәдениет, анық ойлап, анық басу үшін математика, дүниетаным үшін философия мен физика және т.с.с.

Шығармашылықсыз бұл білімнің барлығын игеру және жӛнімен пайдаланудың ӛзі мүмкін емес.

Мұғалімнің төртінші қасиеті – жігерлілік пен еңбекқорлық. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал мұғалімде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім.

Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Мұғалімнің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, ұстаз оның ойындағы надандықпен күреседі,

«бабамыз маймылдың» жабайылығынан алып қашады. Осы ауыр жауапкершілікті қабылдаған мұғалім күндіз-түні тыным таппасы анық. Оның мұқалмас жігері балаға бұйрық беруге жұмсалмасын деңіз. Ұстаз жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы ӛзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен кӛрінеді. Оны, әсіресе, ақыл-парасаты бар мінезді бала бірден-ақ сезіп, бойына сіңіріп, ӛзі де жігерленеді. Бойына білім тасқыны бұйырған баланың жанарлары жарқырап, санасында жанған шырақтың сәулелері нұрланып жүзіне шыға келеді.

Болашақ жас маман мұғалімнің қалыптасуы, жетілуі ӛзінен ӛзі болмайды.

Ол үздіксіз еңбектің нәтижесі екені баршамызға мәлім. Мұғалімнің мамандығына құмарлануы оның ӛзінен де, тәрбиешілерінен де зор күш қуатты қажет етеді. Санамалай берсек, мұғалімнің тұлғасына жарасымды асыл қасиеттер легі таусылмайды. Оның барлығын қорытындылай, тоқетерін айтсақ

Білімді бала білімді ұстаздан, мінезді бала мінезді ұстаздан.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы. – 2005. - №5 Б.55-56.

2. Тараз Ә. Ұстаздар – асыл тұлғалар: //Алматы ақшамы. – 1997. – 29 қазан 3. Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов. Под ред. В.Д. Симоненко. Москва. 2005

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматривается роль интеллигенции а также значение их творчества и современные требования, которые предъявляются к профессиональной подготовке будущих учителей.

(6)

SUMMARY

This article examines the role of intellectuals as well as the value of their creativity and modern requirements that apply to the training of future teachers.

Referensi

Dokumen terkait

Сондықтан білім берудің талаптарының бірі – оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу десек, осы арқылы білім алушының шығармашылық құзіретін дамы- ту,