Т.ӘБДІКОВТІҢ «ӚЛІАРА» ПОВЕСІНДЕГІ АНТОНИМ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Хұсанова А.К.
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.З.Қазанбаева
Е.А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласы
Кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде ӛте күрделі категориялар қатарынан орын алған. Сӛйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика салаларында ӛзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңынан” бастау алады.
Тілдегі антонимия құбылысы психолингвистикалық, семантикалық, гносеологиялық аспектлерде кеңінен зерттелді. Тұрақты сӛз тіркестері де антоним қасиетіне ие бола алады. Тіл біліміндегі қарсы мәнді фразеологизмдердің туындауына адамның ой-санасында объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарсы қою секілді қабілеті әсер еткен. Дегенмен, антоним фразеологизмдер лингвистиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниесі.
Антоним фразеологизмдер - мән- мағынасы жағынан бір-біріне қарама- қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер.
Қазақ тіліндегі қарсы мәндес мағынадағы тіркестердің жасалу жолдарының тӛмендегідей үш түрін ұсынамыз:
1. Тұрақты тіркестердің бір немесе екі компонентін тіркестен тыс жеке алғанда ӛзара қарсы мағыналы болу керек: жақсы атты кӛріну – жаман атты болу;
2. Қарама-қарсы мәнде жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға ӛзек боларлық бір сӛз қайталанып келіп отырады: ант ішті – антын бұзды;
3. Тұрақты тіркестердің компоненттерін антонимдік мағына түгел қамтуы керек: ындыны кепкен – бейілі тоқ.
Антонимдік қатарлар негізгі қызметінде жұмсалумен қатар, ӛздеріне қосалқы міндет те жүктейді. Ол - жай нәрсенің астарына қосалқы міндет те жүктейді», - дейді ғалым Б.Шалабай [1].
Қазақ тіл білімінде антоним фразеологизмдерді зерттеудегі ӛзекті мәселелердің бірі – олардың контексте кӛрінуі. Сондықтан фразеологиялық бірліктердегі антонимияны контексте қолданылу аясына қарай анықтау маңызды деп танимыз. Контекст – тұрақты тіркестердегі қарама-қарсылықты анықтаудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Антоним фразеологизмдерді контекст ауқымында қарастыру, олардың стилистикалық
қасиетін анықтауға, фразеологиялық бірліктердің арасында болуы мүмкін антонимдік ӛзара қатынастардың формаларын ажыратуға негіз бола алады.
Фразеологизмдердің антонимдік қатынасын кӛркем шығарма тілінде айқын және нақтырақ болып келеді. Контексте антоним фразеологизмдерді ұтымды қолдана білу жазушы шеберлігімен тығыз байланысты. Біз, антоним фразеологизмдерді Тӛлен Әбдіковтің «Ӛліара» шығармасында кӛптеп кездестірдік. Жазушының кӛркем шығармада антоним фразеологизмдерді қолданылуына қатысты мысалдарды топтастыра келе, олардың контексте қолданылу формалары екі жағдайда кӛрінеді.
Контексте антоним фразеологизмдер бір ғана сӛйлем ішінде немесе іргелес сӛйлемдерде беріледі. Түн бойы кірпік ілмей, таңға жақын көз шырымын алған Асқар тағы да күн шықпай оянып алды. Асқар қаншама ағынан жарылдым дегенде де әлде бірдеңелерді бүгіп қалған. Есік көргенді алма, бесік көргенді ал дегенді есітіп ӛстік қой! [2; 10-32]. Осындай бірінші сӛйлемде кірпік ілмеу-көз шырымын алу ұйықтамады-ұйықтап алу мағыналарын білдіріп тұрған қарсы мәндегі фразеологизмдер бір сӛйлемнің ішінде қатар қолданылған. Екінші сӛйлемде де дәл солай ағынан жарылу – бүгіп қалу фразеологизмдері „бір нәрсені бүкпесіз айту‟ немесе „жасыру‟
деген қарама-қарсы қасиетке байланысты айтылып, бір ғана сӛйлем ішінде антонимдік жұп болып тұр. Екінші жағдайы контексте антоним фразеологизмдер абзацта, шағын мәтін ішінде беріледі. Мыс, :
Ит үріп, желдегі құлындар тыпырлап, жылқылар үркіп ауыл іші азан- қазан болды. Құлаққа ұрған танадай ӛлі тыныштықты ат тұяғының дыбысымен бұзған жалғыз жолаушы қара кӛлеңке кӛше бойымен жоғары ӛрлеп, қақпасы батысқа қараған қорған секілді биік кірпіш үйдің қасына келіп тоқтады. Сенің-ақ бет моншағың үзіледі де тұрады екен. Ӛмірдің сипаты ӛзгергеннен кейін, сана ӛзінен-ӛзі ӛзгереді,- деді Нұрбек беті шіміркпей дауды жалғастырып. Мұнда жазушы оқиға желісіне орай қарсы мәнді фразеологизмнің бір сыңарын, : “азан-қазан болу”, «бет моншағы үзілу» абзац басында қолданса, қарсы мәнін абзац соңында : “құлаққа ұрған танадай тыныштық” «беті шіміркпеу» фразеологизмдері у-шу болып шулау-жым-жырт,тып-тыныш, ұялу-ұялмау деген мағынада жұмсалған антоним фразеологизмдерді ұтымды пайдалана білген. Ӛкінішке орай, мағыналары қарама-қарсы фразеологиялық бірліктерді алсақ, олардың бір контексте қолданылуы сирек кездесетін жағдай екенін зерттеу нәтижесінде кӛз жеткіздік. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің антонимдік ерекшеліктері контексте айқын кӛрінеді.
Антоним фразеологизмдердің қолданылу сипатын контекст аясында айқындай аламыз. Кӛркем шығарма тілінде антоним фразеологизмдердің жиі кездесуі, алдымен жазушы тілінің шеберлігін білдірсе, кейде кейіпкердің түрлі мінез-құлқын, қасиеттерін, дүниедегі түрлі құбылыстарды қарама- қарсы қоя отырып салыстыруда таптырмайтын кӛркемдік әдіс болып табылады. Контексте берілу ыңғайына қарай, антоним фразеологизмдер бір сӛйлем ішінде кездесуі сияқты т.б. формаларда қолданылады. Сондай-ақ,
жеке тұрғанда антонимдік жұп құрмайтын фразеологизмдердің контексте антоним ретінде жұмсалуы да кездеседі.
Антоним болмайтын сӛздер мәтінде қарама-қарсы қойылып стилистикалық антонимдер тудырады. Осы антонимдер толып жатқан стильдік мақсатта қолданылады. Антонимдердің стильдік қызметі ӛте күшті.
Қарама – қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді.
Әңгіменің ушығып бара жатқанын кӛріп, біреулер ара ағайын болды.
Әйелін кім сабамай жатыр, бірақ ӛлетін бала молаға қарай жүгіреді деп, Бӛкен ет қызуымен әйелін соның алдында ғана прокурор келіп түскен ауылнайдың үйіне қарай қуалап, ешбір жанға араша бермей, алдынан шыққан прокурорды салып жібере жаздап, есін әрең жиған. Тіпті арғы ата- бабам да аузы асқа жарымады, несін жасырайын. Үкімет кедейдікі дегесін, енді жарылқанатын шығармыз, аузымыз майға тиер деп жүрген кӛп дәменің бірі мен едім [2; 5-9].
Антонимдер кейіпкерлер тілінде ерекше бір түсініктілік беру үшін қолданылады. Осы кезде кӛмекке мағыналары қарама-қарсы сӛздер келеді.
Бұл тәсіл психологиялық тұрғыдан да дұрыс деп саналады: адамдар бір затты, не нәрсені, не құбылысты ӛзара қарама-қарсы қойып салыстыру тыңдаушыға ерекше әсер етеді деп ойлайды. Бұл бір реттен дұрыс қағида.
Антонимдердің бірден-бір ерекше стилистикалық қызметінің бірі антонимдік жұптарды үстемелеп, бірінен соң бірін қатар жұмсау ұтымды болып саналады.
Назар, шырағым басқа қонған бақ қой бұл ӛзі. Сен кеткелі басымнан бағым тайып, жалғыздық қайда барсам да бір туған бауырымдай қасымнан бір қалмай қойды. Жоғарыда келтірілген мысалдар антоним фразеологизмдердің ӛз ішінде компоненттердің алмасуы арқылы берлген.
Антонимдердің стилистикалық функцияларының бірі - күшейту мен нақтылау. Нақтылаудың бір негізгі түрі – бірінші антонимді келесі сӛзбен нақтылау, конкреттеу. Осындай нақтылау оқырмандардың әр түрлі нәрсе, құбылыстар, заттармен біртіндеп танысуға септігін тигізе отырып, салыстырмалы түрде жеткізуге қолайлы.
Емін-еркін иемденіп, әркім ӛзінің ойына келгенінше атады...Маған ат қойып, айдар тағып алды емес пе?Ол – ауылдың ешкісін бағатын,бертінге дейін «Сәдірмек» атанып, азан шақыртып қойған өз атына жақында ғана қолы әрең жеткен белгілі жынды «жетек соққан» Бӛкен ғой [2; 18]. Ат қойып айдар тағу(лақап аты) – азан шақыртып қойған аты(ӛз аты) бір-біріне қарама-қарсы мағына үстеп тұр.
Содан кейін Асқар өлі сүйектей жер бауырлап, тӛсек тартып жатып алған. Сәтібек елулерді алқымдап қалған ӛзін осы атаның еті тірілерінің бірімін деп есептейтін, ірі сӛйлегенді жақсы кӛретін шақарлау кісі
(ебедейсіз-ширақ, пысық). Хадиша жерге тимес үшін кқйлегінің етегін сәл кӛтере, бұдан әрі сӛйлесудің реті жоқ дегендей, бұрылып қарамастан, Бәйтен бірнеше күн бойына кӛз алдына елестеткен суретті дәл қайталап, одан сырт айналды. Бәйтен абдырап, есі шығып, алғашқы ашуынан тез қайтып оны бауыр тартты (араздасу-жақын тарту). Басына қан шапшып, жүрегі от боп жанған Бәйтен: - Не бетіңізбен сӛйлеп тұрсыз?-деді сыбырлап. Тұла бойы алып ұшып қалыңдық әкелуге бара жатқан адам «су шақырды екен» деп қарап отыра ма? (қайғыру-қуану)[2; 56-110].
Тӛлен Әбдіков ӛз шығармасында фразеологизмдерді молынан пайдалана отырып, шығарма тіліне мәнерлегіштік, бейнелегіштік нәр берген. Жазушы фразеологизмдерді талдап, таңдап кейіпкердің образын сомдауда, мінезін ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық кӛркемдік жақтарын жетілдіруде тағы басқа толып жатқан мүмкіндіктеріне сай етіп, белгілі бір стильдік мақсатпен қолданады.
Фразеологизмдерді жазушының ӛз қажетіне сай талғап жаңғыртып қолдануы, оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қоғамдық-саяси, философиялық кӛзқарасына сәйкес болып келеді. Жазушы халық тілінің бар байлығын, сӛз айшықтарын ӛз шығармасында творчестволық тұрғыда жұмсай отырып ӛзіне ғана тән стиль құрады.
Тӛлен Әбдiков адам жанының суреткерi бола бiлдi. Суреткердің дүниенi танудағы ешкiмге ұқсамайтын ӛз жұмбағы бар. “Ӛлiара” романында жазушының ӛмiрдi танудағы сол жұмбағы асқан шеберлiкпен сомдалған.
Суреткер ретінде ӛмірдің қарама-қайшылығын тану бір басақа да, ал жазушы ретінде сол ӛмір құбылыстарында орын алған қайшылықтарды сӛз иірімдеріне арқау етіп үндестіре білу бір басқа.
Қорыта айтқанда, тілдегі қарама-қарсы мәнді фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде қызметі ерекше байқалатын, сан ғасырлар бойында пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл даму кезеңдерінің тілдік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бӛлігі. Сол себепті де әр жазушы да ӛз керегіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін, керегін алады да, ӛз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Жалпы, тіліміздегі контраст мәнді фразеологизмдердің түрлерін, олардың кӛпті- аздығын зерттеу барысында әр жазушының фразеологизмдер аясындағы қазынаны қаншалықты игергендігін және қаншалықты жаңа түрлерін ұсынғандығын, ол арқылы әдеби тілге қосқан үлестерін айқындауға болады.
Антонимияға қатысты “қарама-қарсылық” “қайшылық” ұғымдарының мәнін ашып саралай келе, қарама-қарсылық универсалды тілдік категория, қарама-қарсылық тек ұғымда ғана емес, табиғатта да, болмыста да болатын объективті құбылыс екеніне кӛз жеткіздік.
Сапа мен қасиет бірдей емес, сондықтан қарама-қарсы мағына уақытша категория, ал мағына қарама-қарсылығы нақты категория болып табылады.
Пайдаланылған әдебиет
1. Шалабаев Б. Кӛркем проза тілі. – Алматы, 1994. -320 б.
2. Әбдіков Т. Ӛліара. – Алматы: Жалын, 1985. – 352 б.
3.Жүсіпов А. Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың стильдік қолданыстағы мағыналық ӛрісі. Оқу құралы. - Кӛкшетау, 2004.-130 б.
4.Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тлінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Алматы: «Сӛздік- Словарь», 2006. - 264 б.
5.Қожахметова Х. Фразеологизмдердің кӛркем әдебиетте қолданылуы. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1972. – 111 б.
6.Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі/ Жалпы редакция басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
7.Кеңесбаев І. Фразелогиялық сӛздік. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 800 б.