• Tidak ada hasil yang ditemukan

ШЫҒЫС АЗИЯ ЖАҺАНДЫҚ ЖҼНЕ АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ШЫҒЫС АЗИЯ ЖАҺАНДЫҚ ЖҼНЕ АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

УДК 327

ШЫҒЫС АЗИЯ ЖАҺАНДЫҚ ЖҼНЕ АЙМАҚТЫҚ

ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ Кулешова Б., [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекші – аға оқытушы Р.С. Жанбулатова

Қазіргі танда Шығыс Азия аймағы ҿзіне ерекше назар аудартып отыр.

Шығыс Азияны кездейсоқтықтан ХХІ ғасыр аймағы деп атамайды. Аймақ негізгі жаһандық геоэкономикалық жҽне геосаяси орталықтардың бірі болып саналады.

Шығысазиялық державалардың, ҽсіресе Қытай, Жапония сияқты ірі елдердің, экономикалық күшеюі олардың ҽлемдік саясатта ҽсерін бірден ҿсірді. Қазіргі кезде бұл

55

(2)

аймақ елдерінің экономикалық ҿсімі айқын басым қарқын алуда. Сондықтан, Шығыс Азия аймағы халықаралық интеграциялық үрдістердің рҿлін кҿрсетуге мүмкіндік береді, ҽсіресе интеграциялық үрдістердің мемлекеттердің экономикалық дамуына түрткі болатынын кҿрсетеді. Сондай-ақ, бұл аймақтың интеграциялық ҿзара ҽрекеттесуінің тҽжірибесі мен артықшылықтарын біздің елдің даму стратегиясында ескеру керек.

Аймақтық ҽріптестікті дамыту — экономикалық ҿркендеудің тірегі. Осы орайда Шығыс Азиядағы интеграциялық үдерістердің ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ, ҽлемдік жҽне аймақтық интеграциялық ҿзара ҽрекеттесуді АҚШ - Қытай қатынастар шеңберінде сипаттау маңызды болып табылады. Сонымен бірге, экономикалық интеграция ескі түйіндердің шешілуіне ҽрдайым жеткізумен қатар жаңа бағыттарға жол ашады. Тұрлаулы экономикалық ҿсуге қол жеткізудің маңызды шарты Шығыс Азия кеңістігінде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ Шығыс Азия – бұл тек ҽлемдік экономиканың аса маңызды бҿлігі ғана емес, ұлы ҿркениеттер мен ҽлемдік діндердің аумағы ғана емес, Азия континентінде, ҽлемдегі қай жерге қарағанда да, қақтығыстық ҽлеует жоғары. Осыған байланысты заманауи сынақтар мен қатерлерге қарсы күрес ісінде Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН) мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының маңызды рҿлін атап ҿту керек. Осы тұрғыда АСЕАН-ның қауіпсіздік жҿніндегі аймақтық форумына (АРФ) мүшелікке Қазақстан берген ҿтініш аймақаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатыны жҽне қауіпсіздіктің АРФ-АҾСШК-ЕҚЫҰ ―еуразиялық белдеуін‖ одан ҽрі құру үшін оңтайлы жағдайлар туғызады [1].

90 жылдардың II жартысынан бастап шығысазиялық интеграция Еуропадан кейінгі ҽлемде екінші интеграция жүйесіне айналды. Шығыс Азия елдерінің жоғары даму динамикасы, олардың ҿзара жҽне сыртқыаймақтық державалармен сҽтті, нҽтижелі диалогы Шығыс Азия аймағын бұрынғы Еуропа сияқты ҽлемнің экономикалық жҽне саяси тартылысының негізгі орталығына айналдырады. Мҽселен, 90 жылдары аймақта 15 ресми жҽне бейресми интеграциялық үлгідегі ұйымдар жұмыс жасады. Олардың негізгісі – АСЕАН (1967ж.). Бұл Оңтүстік-шығыс Азияның 10 елі мүше болатын субаймақтық ұйым. «10+1» схемасы бойынша аймақтан тыс серіктестермен (АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, ЕО) жылдық постминистрлік кездесулер тұрақты сипатқа ие болды, яғни асеандық «ондық» жҽне серіктестердің бірі. Мҽселен, 2010 жылы АСЕАН+Қытай еркін сауда аймағының қалыптасуы Оңтүстік-Шығыс Азияның экономикалық ҿміріне Қытайдың экономикалық ресурстарын қосуға мүмкіндік берді. Мұндай аймақтың құрылуы аумақтық даулар шиеленісе қалса немесе ҽскери-саяси мҽселелер туындай қалса күшті амортизатор рҿлін атқарады. Осындай түсіністік шеңберінде АСЕАН инвестиция жҽне еркін сауда аймағын қалыптастыруды тездетуді, АСЕАН-ның ескі жҽне жаңа мүшелерінің арасындағы экономикалық алшақтықты азайтуға кҿңіл бҿлуді, ірі аймақтық маңызды жобаларға назар аударуды («Үлкен Меконг» жобасын дамыту, Сингапур – Куньмин теміржол магистралінің құрылысы) шешті. Сонымен қатар, 2012 жылға дейін АСЕАН - Жапония еркін сауда зонасын құру жайында келісімге қол қойылды [2].

ХХ ғасырдың соңына қарай ҽлемде кҿпжақты ұйымдармен қатар (1995 ж.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымы) АТМА-да интеграциялық үрдістерде мүше-мемлекеттер үлкен үміт артқан аймақтық ұйымдар пайда бола бастады (1989 ж. Азия- Тынықмұхиттық Экономикалық Қауымдастық, АТЭҚ форумы). АТЭҚ – жалғыз ғана мемлекетаралық сипаттағы жалпыаймақтық экономикалық ұйым. Оның мақсаты – 2010 жылы индустриалды дамыған елдер үшін, 2020 жылы АТЭҚ-ке мүше дамушы елдер үшін сауда жҽне инвестицияда ашық жҽне еркін аймақ құру.

1996 жылы Сингапур ұсынысымен аймақаралық ынтымақтастықтың түрі ретінде Азия - Еуропа диалогы (Asian Europe Meeting, ASEM) шеңберінде тұрақты кездесулер ҿткізіле бастады.

(3)

1997 жылдан бастап «ондық» басшыларының Қытай, Жапония жҽне Оңтүстік Кореямен («10+3») кездесулер ҿткізіле бастады. Олар АТМА-да сауда-экономикалық блок құруға тырысатын Малайзиямен ұсынылады. Куала-Лумпурдың ойынша, оның құрылуы Шығыс Азияның ЕО жҽне НАФТА тҽрізді аймақтық бірлестіктермен диалог құру барысында позицияларды теңестіру тиіс еді. 2000 жылдың қарашасында мүше мемлекеттер басшылары бірыңғай экономикалық кеңістік құру жоспарын жасасуға келісті. Бұндай жоспарды іске асыру белгілі бір қиындықтарға тап болатыны, бірақ кейін ұйымның ҽлемдік нарықтағы позицияларын күшейтетіні анық.

2005 жылдың желтоқсанында Куала-Лумпурде АСЕАН+3 форматы шеңберінде оған кейін Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей мен АҚШ- тың қосылу мүмкіндігі бар бірінші Шығыс Азия саммиті ҿтеді (ШАС). Шығыс Азия еркін сауда аймағын құру жобасы бойынша жұмыс басталды (АСЕАН, Қытай, Жапония мен Корея Республикасымен). Шығыс Азиялық ЕСА-н құруда басты кедергілер - аймақ елдерінің экономикалық даму деңгейі мен адам басына шаққанда орташа табыстағы ерекшелік, ҽлемдік нарықтарда тауарлар бҽсекелестігінің қиындауы, кейбір елдердің экономикаларындағы тұрақсыздық, қаржылық-экономикалық саясатта келісімнің болмауы. Саяси факторлар да бар – Жапония мен Қытай арасындағы аймақтағы басшылық үшін бҽсекелестік жҽне Австралия мен Жаңа Зеландияның бұндай аймақты құруға қатысты кҿзқарастары. Бірақ та жаһандық жҽне аймақтық мҽселелер (қаржылық дағдарыс сабағы, ҽлемдік ланкестік қауіпі, стихиялық дағдарыстар мен эпидемиялар, энерготасымалдаушылар бағасының ҿсуі) мемлекеттерді экономикалық интеграцияға түрткілейді. Шығысазиялық қауымдастық ҿзіне тҽн белгілерге ие болып, ҽлемдегі ең күшті интеграциялық бірлестіктерге айналуда.

Қалыптасудың қиындығына қарамастан Шығыс Азияны қамтитын кҿпжақты экономикалық форматтар – АТЭҚ, АСЕАН, АСЕАН+3, АСЕАН+Қытай, АСЕАН+Жапония, АСЕАН+Оңтүстік Корея, АРФ, ШАС – тұрақтандырушы саяси рҿл ойнайды.

Аймақтық деңгейдегі кҿпполярлылық Шығыс Азия елдерінің ҽлемдік үрдіске жақындасуын анықтайды. Қытай ҽлемде халықаралық қатынастардың кҿпполярлы құрылымын қалыптастыру тұжырымдасының беделді насихаттаушысы болып есептеледі.

Қытай ҿзінің экономикалық күшінің ҿсуі негізінде жаңа жаһандық жҽне аймақтық саяси орнын нығайтуға ұмтылушы, аймақтағы «тыныштықты бұзушы» ел болып отыр.

Қытайдың жаңа халықаралық саяси белсенділігі Азиядағы оның басты ҽріптестері, сонымен қатар қарсыластары – АҚШ жҽне Жапониямен қарым-қатынасын ҿзгертуге ҽкеледі. Ара-қатынастың қайшылығын жҽне барлық ауыртпалығын сақтай отыра, АҚШ жҽне Қытай арасындағы «ҽріптестік жҽне бҽсекелестік», «жалпы қауіп бойынша ҿзара ҽрекеттілік пен ҿзара тҽуелділік» қатынастарында қытай-американдық жақындасу үрдісі қарастырылуда. Қытай АҚШ-пен қарым-қатынасты сыртқы саясатта бірінші орынға қойып, Вашингтонның ҽлемдік кҿшбасшылығын мойындап жҽне қызығушылықтары түйіскен жағдайда ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты. Есесіне Қытайды сынға алу – адам құқығы, қытай қоғамының демократизациясы, сҿз жҽне дін еркіндігі, Тибет мҽселесі, қытай ұлттық валютасының курсы жҽне т.б. мҽселелер – қытай-американдық қатынастарда екінші орынға ығыстырылды [3].

Алайда соңғы жылдарда АТМА-дағы ұлы державалардың Оңтүстік-Шығыс Азияда үстемдік ету үшін күресінде жаңа үрдістер орын алды. Бұл күреске қатысушылардың құрамы белгілі: бір жағынан Жапония мен АҚШ, екінші жағынан – Қытай. Бұл ұлы елдер ОША-да үстемдік орнату арқылы бүкіл АТМА-дағы орталық күшке айналғысы келетінін түсінуге болады. Осылайша, АСЕАН елдерінің аймақтағы ұлы державаларының мүдделі векторына айналуы ұйымның халықаралық қатынастардағы күннен күнге ҿсіп келе жатқан беделін қуаттайды [4]. Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, ҽлемдік экономикалық дағдарыс аяқталуына қарай, АҚШ емес ендігі кезекте Қытай ҽлемдік

гегемон рҿліне ұмтылатын болады. Зерттеушілердің пікірінше, Қытайдың 57

(4)

экономикалық даму қарқыны мен ондағы шетелдік салымдардың жоғары кҿрсеткіші алдағы екі онжылдықта Қытайдың АҚШ жҽне ЕО-қа тең келетін державаға айналу

мүмкіндігі жоғары [5]. XXI ғасырдағы Қытайдың сыртқы саясат доктринасы мемлекеттің позициясын ҿзгертетін негізгі үш ҿзгерісті кҿздейді. Бірінші мақсат Қытайдың Шығыс Азияда кҿшбасшы рҿл ойнауы. Кейіннен АТМА -да бірінші орынға шығуы. Содан кейін ҽлемдік деңгейдегі қуатты державаға айналу. Ерекше кҿрсету керек, Қытайдың аймақтық саясатында басымдық Оңтүстік –Шығыс Азия аймағына ықпал етуге бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін Қытай тікелей қарулы қақтығыстардан алшақ болу керек жҽне инвестиция мен технологияларды тарту үшін, сондай-ақ, жаңа нарықтардың ашылуы үшін ҿзінің экономикалық даму қарқынын ҽрі қарай жалғастыруы керек. Бұл стратегия шеңберінде Қытай дипломатиясы үшін маңызды обьект кҿрші мемлекеттер мен аумақтар болып саналады. Қытай дамушы мемлекеттерге ықпал ету үшін дипломатияны, халықаралық кҿмекті, инвестицияны, сауда преференцияларын жҽне мҽдениетін пайдаланады.

Қытай ОША аймағында интеграцияның дамуына мүдделі, себебі бұл аймақта ҿз позициясын нығайтуға жҽне антиқытайлық кейіпті ҽлсіретуді кҿздейді. Бұл аймақ арқылы Қытай ҽлемдік кҿшбасшылық үшін күресте ҿзінің саяси ықпалын кеңейтіп қана қоймай оны ҽрі қарай нығайта алады. Соңғы онжылдық ішінде Қытай елі АСЕАН үшін отызға жуық жобалар жасаған. Салыстырмалы түрде Вашингтон соңғы отыз жыл ішінде тек қана сегіз жоба жасаған болатын. Сонымен қатар, аймақта ҿз позицияларын нығайту үшін Пекин АТЭҚ форумы елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысуда.

Аймақтың бұрыннан келе жатқан кҿшбасшысы – Жапония аймақтағы рҿлін нығайтуға ҽлі де күш салуда. Ғасырдың басында аймақта экономикалық

интеграцияның тиімді құрылымдарын құру бұл мемлекет үшін басты мақсатқа айналды. «Шығыс Азиялық қауымдастық» концепциясын іске асыру Токио үшін ҿз стратегиялық мақсаттарына жетудің ең қысқа, ҽрі рационалды жолы ретінде қарастырылады. Жалпы, кҿшбасшылық үшін күресте Жапония аймақтағы түрлі экономикалық жҽне саяси интеграциялық топтастықтарға қатысуда.

Жапонияның интеграцияға осындай тырысулары, оның Шығыс Азияда рҿлінің тҿмендеуімен түсіндіріледі. Себебі, Жапонияда экономикалық даму қарқының тҿмен болуы сақталса, Қытай бірнеше жылдарда Шығыс Азия аймағында доминантты рҿл атқаруы мүмкін [5].

АҚШ Қытайдың ықпалының Шығыс Азия аймағында кеңінен тарауынан жҽне оның негізгі жауына айналу мүмкіндігінен қатты мазалануда. Сонымен қатар, АҚШ- тың шығысазиялық аймаққа ерекше назар аудару себебі Ресейдің шығыс азиялық стратегиясының орындалуына кедергі жасау. Ҿйткені АҚШ Ресейдің Шығыс жҽне Оңтүстік – Шығыс Азия аймағында 1990-шы жылдары жоғалтқан геосаяси орнын қайтаруына мүдделі емес. Үшіншіден, АҚШ ҿзінің Корей жартыаралындағы стратегиялық плацдармынан айрылып қалуға қорқады. АҚШ-тың шығысазиялық аймаққа қызығушылық танытып отырған тағы бір себебі - бұл АҚШ-тың осы аймақтағы сенімді стратегиялық ҽріптесі Жапониямен тұрақты қарым –қатынастарын сақтап қалу.

Жалпы, XXI ғасырдың басында АҚШ Шығыс Азиядағы саясатын барынша белсенді түрде жүргізуге тырысты. Себебі халықаралық қатынастардың жаңа аймақтық кезеңінде АҚШ бұл аймақтағы ҿзінің ықпалын нығайтуға мүдделі болды.

АҚШ саясаты үшін ең маңыздысы - осы жердегі ҿзінің ҽскери жҽне саяси ықпалын сақтап қалу жҽне Америкаға жау болып саналатын күш орталықтарының ҽрекетін бейтараптандыру үшін ықпалын нығайту қажет болды. Бұл АҚШ дипломатиясы үшін ҿте күрделі тапсырма, ҿйткені «суық соғыстың» аяқталуымен жҽне биполярлы жүйенің күйреуімен Шығыс Азия мемлекеттерінде АҚШ-қа деген жауластық идеология қалыптасты. Сондықтан да АҚШ «бҿліп ал да билей бер» қағидасын

(5)

ұстанатын болады, бір жағынан аймақтағы негізгі ойыншыларға АҚШ-қа қарсы тұру үшін бірігуге жол бермеу, екінші жағынан аймақ мемлекеттерін бір –бірімен емес, керісінше АҚШ-пен бірігуге мҽжбүрлейтін жасанды шарттар жасамақ.. Бұл жағдайда Вашингтон Корея мен Қытай арасындағы, Қытай жҽне Жапония, Жапония жҽне Корея, Қытай жҽне Ресей арасындағы қарама –қайшылықтарды қолданады.

Вашингтон ҽкімшілігі ойынша, Шығыс Азия аймағындағы мемлекетаралық қақтығыс мүмкіндігі ҽлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда жоғары болып табылады. Мҽселен, Корей жартыаралын, немесе Тайваньды ғана есептегенде, бұл қайшылықтар аймақтық емес ҽлемдік сипат алу да мүмкін. [7].

Сонымен қатар, АҚШ 2006 жылы ШАС-қа қарсы жаңа интеграциялық жобаны ұсынған еді. Жаңа ұйымға - Транстынықмұхиттіқ стратегиялық ҽріпттестікке АҚШ Жапонияны белсенді тартуда. Бұл жоба Шығыс Азияда Қытайдың үстемдігіне қарсы бағытталған. АҚШ үшін де, Қытай үшін де Жапониямен қатынастың маңыздылығы ҿсуде.

Ол Қытай үшін ҽріптес те, бҽсекелес те болып қала береді. Қытай Жапониямен тығыз қарым-қатынас орнатып, инвестиция да тартып жатыр. Бірақ, Қытай аймақтық ҽскери жҽне саяси салада ҿзінің экономикалық күшін пайдалануға ұмтылып отыр, бұл дегеніміз – белгілі бір дҽрежеде Жапонияның аймақтағы ұмтылысына қарсы тұру. Жапония – АҚШ үшін маңызды одақтас, соңғы кездері бұл екі держава арасындағы қатынас тығыз жҽне ҽртарапты болып отыр. Жапония кез-келген американ-қытайлық жақындасуға үреймен қарайды, себебі ол АҚШ пен Жапония арасындағы қауіпсіздік қатынастарға кедергі болып, аймақтағы оның экономикалық басымдылығын нығайтуды қиындатады. АҚШ Шығыс Азиядағы жетекші орынды Қытайға береді деп Жапония қорқуда. ХХІ ғасырдың басында Қытай ҿзінің ҽскери потенциалын ҽлдеқайда күшейтті. Сенкаку аралдарындағы екі мемлекет арасында аумақтық даудың туындауы жҽне Қытайдың ҽскери-теңіз күшін модернизациялауы Пекин мен Токионың потенциалды бҽсекелестік қайшылықтары туралы айтуға мүмкіндік береді [8].

Шығыс Азиядағы жағдайдың динамикасының жаңа факторы болып осы геоэкономикалық жҽне геосаяси кеңістікке Үндістанның шығуын атап ҿтуге болады.

Үндістан ҿзінің Үнді мұхитындағы ҽсер етуін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дамып жатқан үдерістерге қосылу есебінен кеңейтуге тырысып жатыр. Осы кеңістік арқылы болашақта толықтай Шығыс Азияға жол ашылады. Бірақ қазіргі танда үнділік фактордың ҽсері үлкен емес.

Шығыс Азиядағы интеграциялық үрдістерді сараптай келе, 2005 жылдың 14 желтоқсанында басталған жыл сайынғы Шығыс Азиялық саммиттердің рҿлін ескеру керек. Егер бұл жоғарғы деңгейдегі кездесулер Шығыс Азиялық Қауымдастықтың негізі ретінде қалыптасса, АТМА-дағы интеграциялық үдерістердің орталығының Шығыс Азияға ауысқаның, ал АТЭҚ жҽне ТТСҼ негізінде жүзеге асқан тынықмұхиттық интеграциясының екінші орынға ығыстырылғаның, яғни АҚШ жоспарларының іске аспауын кҿруге болады.

Жалпы, Шығыс Азия аймағындағы интеграциялық үрдістер қарқынды дамып жатыр деуге болады, бірақ Еуропа жҽне Солтүстік Америка үлгілерінен ҿзгеше болып келеді.

Бұнда ҽлі де ресми түрде жалпы аймақтық кедендік одақтар немесе интеграциялық үдерістерді реттеудің бірыңғай саясаты жоқ. Шығыс Азия аймағындағы интеграциялық үдерістердің еуропалық интеграциядан ерекшелігі интеграцияның экономикалық алғышарттары пайда болу үшін біршама саяси шаралардың қолданылуында. Мҽселен, АСЕАН жұмысы басында саяси салада тиімдірек болды [6]. Сондай- ақ, Шығыс Азияның аймақтық интеграциясы «субаймақтық экономикалық зоналар» (ресми кедергілерді

шектеулі түрде алып тастау) үлгісі негізінде жұмыс істеуде, яғни аймақтағы ерекшеліктердің біріне экономикалық ынтымақтастықтың жаңа динамикалық формасының - экономикалық даму аймақтарының пайда болуын атап кетуге болады.

Сонымен қатар, интеграциялық үдерістердің жоғары қарқыны Солтүстік-Шығыс Азияға қарағанда, аймақтың оңтүстік-шығыс бҿлігінде кҿрініс алады. Жалпы, Шығыс Азиядағы

59

(6)

бірігу үрдістерінің негізгі орталығы, яғни интеграцияның ядросы Оңтүстік-Шығыс Азия немесе АСЕАН болып табылады, ал басқа беделді аймақтық бірлестіктермен институттар осы ұйым «кеңістігінде» қызмет етуде. Олар АСЕАН тетіктеріне негізделіп, ресми түрде аталған ұйымның құндылықтарын бҿліседі. Шығыс Азия аймағында интеграциялық идеялармен тұжырымдамалар бір-бірімен араласып, ұлттық, аймақтық жҽне жаһандық деңгейде үлкен рҿл ойнауда [9].

Ерекше аталуы тиіс келесі жайт да: аймақ елдері сыртқы экономикалық қатынастарда ҽр қайсысының рҿлін арттыратын сыртқы нарықта ҿз қызығушылықтарын қорғайтын ұжымдық позицияны қалыптастыруда. Жалпы, аймақта интеграция мҽселелерін шешуде кешендік ҽдіс қолданылады, яғни мемлекеттердің ҿзара ҽрекеттесуі сауда-экономикалық қатынастармен шектелмейді.

Қорытындылай келе, басымды үрдістерді бағалай отырып, белгілі бір жағдайларда ШАС уақыт ҿте келе АСЕАН+3 үдерісінің табиғи жалғасы жҽне «кҿпқабатты»

шығысазиялық регионализмнің бҿлігі болуы мүмкін. Мұнда да біржақты айтуға болмайды, себебі аймақтық үдерістерге тағы бір азиаттық гиганттың – Үндістанның қатысуы Шығыс Азиядағы интеграциялық дискурсқа жаңа динамика ҽкелді. Сонымен қатар, ең бастысы, бұл үдерістерге АҚШ белсенді түрде қосылса, кез-келген сценарий ҿзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. АСЕАН в начале 21 века: Актуальные проблемы и перспективы. М, 2010, 49б.

2. The State of U.S.-ASEAN Relations [Электронный ресурс]. – http://www.eastwestcenter.org/news-center/east-west-wire/the-state-of-us-asean-relations.

3. Бергер Я. Эволюция геополитических взглядов в Китае // Проблемы Дальнего Востока.-2010.-№4.- 63б.

4. Жанбулатова Р.С. Аймақтық интеграцияның қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері.

Астана-2012,155-170б.

5. Лебедева И. П. Роль Японии в экономическом развитии Восточной Азии// Новое восточное обозрение// www. neo.com.

6. Локшин Г. АСЕАН: на новом этапе интеграции// Проблемы Дальнего Востока.-2008.-

№2.-С. 73-82.

7. Мосяков Д. ЮВА в поисках консолидации и внешнеполитического равновесия// Азия и Африка сегодня.-2008.-№8.-С.33-36.

8. Мосяков Д. Новый Китай в АТР// www. neo.com.

9. Хейфец Б. Селихов Д. Китай: инновационное развитие в условиях экономического кризиса// Проблемы Дальнего Востока.-2010.-№1.-С.51-60.

Referensi

Dokumen terkait

Міне осы аталған негіздер жҽне тағы да басқа кҿркемдік жҽне танымдық детальдарды басты назарда ҧстай отырып ―Кҿне жҧрт‖ ҽңгімесін талдап, жан- жақты қырынан саралауды жҿн кҿрдік..