• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢНАМАНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢНАМАНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

5107

Қылмыс субъектісінің жас ерекшелігі туралы айтқанда, нақты оның жасының ӛзі емес, сол жастағы қылмыс тұлғасы типінің ерекшелігі ескерілуі тиіс. Қылмыскер жасы оның ойы мен мінез-құлқын анықтауда септігін тигізеді. Адам дамуының түрлі кезеңдері бір уақытта тұлғаның бойындағы биологиялық, психикалық және психологиялық ӛзгерістерді бейнелейді. М.Н.

Гернеттің пайымдауынша, адам күшінің, ой-ӛрісінің, қызығушылығының даму деңгейі белгілі бір жас ерекшелігімен байланысты болып келуі, кейбір қылмыстарды жасауда физикалық тұрғыдан мүмкіндігі басымдырақ болады.

Ресми статистика және жүргізілген зерттеулер адамды ұрлау қылмысын жасайтын ересектер кӛрсеткіші 92%, ал ересектердің қатысуымен кәмелетке толмағандардың үлесі 8%

құрайтынын кӛрсетеді. Ең жоғарғы криминалдық белсенділік 25-30 жастағы топтарда (34,4%), бұндай белсенділік сәл бәсеңдеу болатын тұлғалар тобы 18-24 жас (32,8%), 31-40 жас (22,9%) кӛрсеткіштерін айқындайды. Сондай-ақ, 40 жастан кейін қылмыс белсенділігі тӛмендеп, 50 жаста жоққа жуықтайды. Осы айтылғандар адам ұрлау қылмысын жасайтын тұлғалардың жалпы сипатына тән. Жас шамасына қарай топтастыру адам ұрлау қылмысын жасаушы тұлғаның жеке санаттарына байланысты бірдей болмауы мүмкін. Мысалы, зорлау мақсатында әйелдерді ұрлайтын тұлғалар тобы жасының үлесі: 18-24 жас аралығында – 35%, 25-30 жас – 20%, 31-40 және одан жоғары жастағы – 30% құрайды екен.

Қорытындылай келе, адамды ұрлау қылмысы субъектісіне криминологиялық сипаттама беруде жоғарыда мазмұндалған қылмыскер тұлғасының типологиясы мен топтастырудың және басқа да зерттеу әдіснамасының талаптарына сай жүргізілгені жӛн.

Қолданылған әдебиет:

1. Кириллов С.И. Личность преступника (проблемы типологии). Курск, 1998. С. 13.

2. Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация преступ-ного поведения.

Горький, 1974. С. 10 – 12.

3. Побегайло Э.Ф. Особенности тяжких насильственных преступлений М., 2006. С. 72.

4. Сахаров А.Б. Личность преступника и типология преступника // Социалистическая законность, 1973, № 3.

5. Кириллов С.И. Личность преступника (проблемы типологии). Курск, 1998. С. 19-20.

6. Берекашвили Л.Ш. Криминологическая характеристика женщин, совершающих преступления. М., 1976.

УДК 343.3/.7

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЛ СҦҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ҤШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ КӚЗДЕЙТІН ЗАҢНАМАНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ

Қаражанов Малик Дулатҧлы [email protected]

Қазақстан, Семей, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қылмыстық- құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ елінің қалыптасуы орын алған кезеңде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар жалпы экологиялық ретінде есептелген, себебі қазақ халқының негізгі байлығы жер болғандықтан осыған байланысты талас тартыстар кӛптеп болып тұрған еді.

XIV ғасырдың аяғында Шынғыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын құрады. Олар алғашқы болып қазақ жерлерін біріктіріп қазақ елінің пайда болуына әкелген қолбасшылар болған еді. Барлық рулар арасындағы талас-тартыстарды тоқтату үшін қатаң тәртіп керек болды. Сӛйтіп, олар «Адат» нормаларын пайдаланды.

(5)

5108

Кейін Қасым хан Адат нормаларын есепке алып, «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағын шығарады. Ол бес тараудан тұрады: бірінші тарау – сот, жер, отбасылық қатынастар, құн тӛлеу және салық сұрақтары ашылған; екінші тарауда – қылмыстық жауапкерлішік сұрақтары; үшінші тарауда – сот қызметі мен тәртіп; тӛртініш тарауда – дипломатиялық қызмет және этика; бесінші тарауда – халық дәстүрі мен салты қарастырылған [1].

XVI ғасырда келесі қазақ ханы Есім хан «Есім ханның ескі жолы» аты құқықтық актімен белгілі болып ел тұрақтылығымен жерін сақтап қалу үшін Бұхар хандарымен талас-тартысты шешті [2].

Осы екі акті туралы тек Тәуке ханның «Жеті жарғысы» толықтай мұра ретінде білдіреді.

Тәуке ханның билікте болу уақытында (1680-1715 жылдары) қазақ тарихында: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған уақыт», - деп айтылған [3].

Жеті жарғының ролі туралы заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.Д. Бұсұрманов ӛз пікірін былай білдірген: «Қазақтардың кӛшпенді ӛркениеті, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы, ӛмір сүрудің нормалары, ережелері, кӛшпенді шаруашылығы – бұлардың барлығы «қоршаған ортамен байланыста ӛмір сүру», үнемді шаруашылық жүргізу, ерекше мәдениет пен дәстүрді білдіреді. Осындай кең аумақты қамтыған кӛшпенді қазақ даласын байланыстыратын ерекше құжат «Жеті жарғы болған еді» [4].

«Жеті жарғы» XVII ғасырдың басында қазақстың атақты билерінің қатысуымен дайындалған болатын, онда жеті тарау кӛзделген. Онда жер даулары, қылмыстық заң нормалары пайда болды. Әсіресе, құдықтарды ластағаны, малдарды қырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қаралған [5].

«Жеті-жарғы» заңдарымен қазақ даласында ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Біздің заманға дейін «Жеті-жарғы» заңдарының бӛліктері А. Левшин этнограф жазып келген түрде қалыптасты, оны Ш. Валиханов «Қазақ халқының Геродоты» деп атаған [50, 334 б.].

Ең ауыр қылмыстар: адам ӛлтіру, ұрлық, тонау, зорлау, қан араластыру, бӛтеннің әйелін оның келісімінсіз ұрлау – ӛлім жазасына әкелген [6].

«Жеті жарғы» заңына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа, сонымен қатар, экологиялық қылмыстар жасағанда да жазаға дербес кінәлі адам тартылатын, сонымен қатар, рудың ұжымдық жауаптылық қағидасы да қолданылатын. Егер жауапты адам сотқа келіп құнын тӛлемесе, онда рудың барлығы оны жинап беруге тиіс болған. Осындай жағдай орын алғанда ру мүшелеріне жауапты адаммен ӛздерінің қалауы бойынша пайдалануға мүмкіндік берген. Бас бостандығынан айыру сияқты жаза болмаған, себебі арнайы түрмелер болмаған ғой. Зерттеуші- тарихшылар пікірінше, қазақ қылмыстық құқығы ізгі болған деп сипаттайды. [7].

1845 жылғы «Қылмыстық және түзету жазалары туралы» Ережелерінде нақты табиғат объектілерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайтын жеке баптар болды. Мұндай объектілер ретінде: жабайы жануарлар, балықтар, құстар, ауа, су, орман мен жер табылды. Алайда, Ережеге қатысты табиғат қорғау қылмыстық заңнама жүйесі туралы әлі де ерте болатын. Жеке табиғат объектілеріне қол сұғушылық үшін жауаптылықты кӛздейтін баптар таза экологиялық деп айту қиын, себебі онда кейбір баптар бойынша жауаптылық экологиялық емес әрекеттер үшін де кӛзделген болатын. Сонымен қатар, жеке табиғат объектілеріне қол сұғушылықты кӛздейтін баптар әлеуметтік бағыттылығы бойынша меншік иелерінің (мемлекет, жеке тұлғалар) құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Мәселен, мұндай баптар қазыналық ормандар мен жеке меншік жерлерде заңсыз ағаш кесу, жабайы жануарларды жою үшін жауаптылықты кӛздейтін нормалар болып табылады [8].

1864 жылғы «Әлемдік соттармен тағайындалатын Жазалар туралы» Жарғыда келесі экологиялық болып келетін баптар бар: 52 бап – ӛзендерді, каналдарды, бұлақтарды оларға тас, топырақ және соған ұқсас нәрселерді тастау арқылы, судың бүлінуіне әсер етпей ластау (жазасы

(6)

5109

10 сомға тең ақшалай айыппұл), 57 бап – рұқсат етілмеген жерде, рұқсат етілмеген кезде, рұқсат етілмеген түрде немесе жазылған ережелерді сақтамай аң аулау, сондай-ақ, балық және т.б аулау, құстардың ұясын бұзу, жабайы құстарды сату (25 сомға дейін ақшадай айыппұл), 77 бап - каналдар мен ӛзендер арқылы ағаштарды ағызу (50 сомға дейін ақшалай айыппұл); порттағы кеме тоқтайтын жерге, кеме жүзетін арнаға, айлаққа балласт тастау (100 сомға дейін айыппұл, қайталаған жағдайда 30 күнге дейін қамауға алу немесе 300 сомға дейін айыппұл), 85 бап – балықшылардың ӛзендер мен каналдарды ластауы немесе жағаны ластауы (25 сомға дейін ақшадай айыппұл), 111 бап – ауыз суды зығыр мен сора малу арқылы ластау, халықтың денсаулығына залал келтіруді ойламай, лас немесе зиян нәрселерді лақтыру немесе құю (7 күнге дейін қамау немесе 25 сомға дейін ақшалай айыппұл), 112- малдардағы пайда болған індетті жасыру немесе малды індеттен сақтаудың алдын алу шараларын сақтамау (1 айға дейін қамау немесе 100 сомға дейін айыппұл), 154 бап – ӛздігінен орман ағаштарын кесу (кесілген ағаштың екі есе құны, екінші рет қайталанған жағдайда сол айыппұл мен 1 айдан 6 айға дейін қамауға алу) [9].

Қазақ елінің алғашқы жазылған «қылмыстық кодексі» деп атасақ болады, ресми құжат 1885 жылы Қарамолада Шар ӛзенінің жағасында жасалып, Орта Жүз қазақтарының съезіне жүзге жуық билер жиналды. Ресми билік органдарымен қазақ даласының ӛміріне сәйкес келетін заң жобасын жасау керек болды. Осы кезде ӛз халқын жақсы білетін, еуропалық білім бар адам керек болды. Осындай адам болып Абай табылды. Ол Заң жобасын қарап оны толықтай ӛзгертіп 73 баптан тұратын «Абайдың заң ережелері» немесе «Қарамолада жазылған ереже» деген атпен белгілі кодекс қабылдады. «Қарамолада жазылған ереже» деп атау себебі Семей облысында орналасқан Қарамола деген жерде қабылданды. «Қарамолада жазылған ереже» - бұл алғашқы қазақ тілінде жазылған нормативтік-құқықтық актілер жинағы. Бұл актіде материалдық және процессуалдық құқық сұрақтары қаралады. Кӛптеген баптар неке-отбасы қатынастарына арналған. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа қатысты тек Ереженің 34 бабы арналған: «қылмыстық жауаптылық бұлақ кӛздерін, суы бар құдықтарды бұзғаны үшін пайда болады және құны бір атпен немесе 15 сом мӛлшерінде айыппұлмен жазаланатын» [10].

Қазақстанда да күші болған 1903 жылғы Қылмыстық Ережелерде, 9-11 тарауларда келесі құрамдар қарастырылған: 220 бап - суды ішуге жарамсыз ететін заттарды суға салу, лақтыру, құю арқылы ішуге арналған немесе суаттағы суды бүлдіру (1 айға дейін қамау немесе 500 сомға дейін айыппұл), 243 бап – үй жануарларының жұқпалы, жаппай індет ауруларын жасыру, ауыл шаруашылық ӛсімдіктер, отын немесе жидек ағаштарын бүлдіретін жануарлар мен құрт – құмырсқалардың пайда болғанын жасыру (1 айға дейін қамау немесе 100 сомға дейін айыппұл), 244 бап - заңда бекітілген немесе міндетті қаулыдағы ауылшаруашылық ӛсімдіктер немесе отын немесе жидек ағаштарында пайда болған жұқпалы ауруларды уақытында жеткізу міндетін атқармау (100 сомға дейінгі ақшалай айыппұл), 246 бап – рұқсат етілмеген жерде, рұқсат етілмеген уақытта, рұқсат етілмеген түрде немесе жазылған ережелерді сақтамай балық және т.б аулау (25 сомға дейін айыппұл, кәсіби себептерде кәсіби түрдегі әрекет немесе улау, жару – 1 айға дейін қамау немесе 100 сомға дейін айыппұл ), 247 бап – аң аулау - 1) бекітілген аң аулауға арналған куәліксіз, 2) басқа біреудің аң аулау куәлігімен, 3) сол уақытта рұқсат берілмеген құсты аулау, 4) рұқсат етілмеген түрде (1 бойынша 25 сом айыппұл, 2,3,4 – 100 сом), 248 – тыйым салынған құстар ұясын бұзу немесе ұясынан жұмыртқаларды алып тастау (25 сомға дейін айыппұл), 250 бап – жабайы ӛгізді немесе ұрғашы бұғы, марал, жабайы ешкіні немесе осылардың бұзауларын аң аулау кезінде сою (әр жабайы ӛгізге - 500 сомнан айыппұл, әр ұрғашы бұғы, марал үшін – 50 сом, жабайы ешкіні немесе осылардың бұзаулары үшін – 25 сом), 254 бап - тыйым салынған теңіз мысықтарын теңізде аулау немесе құрғақ жерде осы кәсіппен айланысу (қамау), 255 бап - орман қожайыны немесе орманды басқаруға берген адамның заңмен

(7)

5110

тыйым салынған жағдайда ӛсіп тұрған орман ағаштарын кесуі, ағаштың түбін аршу немесе жазылған ережелерді бұзу (жергілікті орман бағаламасына сәйкес кесілген немесе аршылған орман бағасына тең ақшалай айыппұл) [11].

Қылмыстық Ережелердің 11-тарауы күшіне толықтай енген жоқ еді, ол тек 1917 жылы енді, осы кезең аралығында 1845 жылғы «Қылмыстық және түзету жазалары туралы» Ереже қолданылып келді. Сонымен қатар, алғашқы рет 1903 жылғы Қылмыстық Ережелерде экологиялық қылмыстар жүйесі қалыптаса басталды. Осы кезеңде ғалымдар мен заңшығарушының экологиялық қылмыстар жүйесін жобалау бойынша үлкен жұмыс жасағанын анғару қиын емес. Қазан тӛңкерісінен кейінгі алғашқы жылдары жаңа мемлекет табиғат қорғау бойынша бірінші заң актілерін дайындай бастайды. Мәселен, 1918 жылдың 27 мамырында ормандарды қорғау туралы декретке қол қойылды, онда оның су қорғау, экономикалық және мәдени маңызы кӛзделген. Осы уақытта сонымен қатар, аз кездесетін аңдар мен балықтарды ысырап ету және жоюдан сақтап қалу мақсатында аң аулау және балық шаруашылығын реттеу туралы декреттер қабылданды. 1922 жылғы Қылмыстық кодекс бекітілгенге дейін табиғаттың құнды орындарын оның ӛсімдіктері мен жануарларын қорғауды ұйымдастыру жӛнінде шешім қабылданды, осы мақсатта елдің әртүрлі аудандарында қорықтар құру туарлы декреттер қабылданды. 1922 жылғы Қылмыстық кодекс табиғатты қорғайтын екі бапты ғана кӛздеген. 8 бӛлімде Қылмыстық Ережедегі сияқты «Халық әл-ауқатын шектейтін қаулыларды бұзу туралы»

атты атаумен заңмен немесе міндетті қаулымен белгіленген аң және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықты кӛздеген (220-а бабы). Осы Қылмыстық кодекстің 2 тарауында

«Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар туралы» атпен ормандарды ұрлық пен жоюдан қорғау мүддесіне қатысты шығарылған заңмен немесе міндетті қаулымен белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жауаптылық (99 баптың 1-бӛлігі), сондай-ақ орман шаруашылығында белгіленген жоспарларды бұзумен немесе жер қойнауын жобалау ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық кӛзделген (99-баптың 3-бӛлігі). 1922 жылғы Қылмыстық кодексте экологиялық қылмыстар, соның ішінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар жүйесі болған жоқ [12].

1927 жылдың 1 қаңтарынан 1926 жылғы Қылмыстық кодекс күшіне енді, оны қабылдау республикалардың қылмыстық заңнамасын КСРО қылмыстық заңнамасына сәйкестендіру қажет болды. Бұл қылмыстық кодексте 1922 жылғы Қылмыстық кодекстен аса айырмашылықтармен ажыратылған жоқ еді. Мұнда да ормандарды қорғау, тыйым салынған су ӛндірістері, жер қойнауын заңсыз қазбалау, заңсыз аңшылық туралы қаулыларды бұзғаны үшін жауаптылық жӛнінде баптар болды. Қылмыстық кодекстің бұл баптары бірнеше рет ӛзгертілді және толықтырылды. Мәселен, 85 бап алғашқы редакциясында 99 бапты сӛзбе-сӛз сипаттайтын (ормандарды қорғау туралы). Кейіннен, елдің орман байлықтарын қорғау туралы жаңа қаулы шығуына байланысты 85 бап бірнеше рет ӛзгертілді: осы қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негіздері және жазалау шаралары ауысты [12].

1959 жылдың 22 шілдесінде Қазақ КСР-дің Қылмыстық кодексінің қабылдануына әртүрлі даулар, оның ішінде оның құрылымына, қылмыстық-құқықтық тыйым салулар кӛлеміне, нақты іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық негіздеріне, қылмыс құрамының белгілеріне, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарға да қатысты даулар да алғышарт болды.

Осы кезеңде қылмыстық құқық ғылымында Кодексте табиғи байлықтарды сақтау мен үнемді пайдалануға қол сұққаны үшін жауаптылықты кӛздейтін жеке тарауды бӛлу жӛнінде пікірлер айтылған болатын. Осындай даулы мәселе кӛтерілсе де, осындай тарау талқыланатын жобаларда да болмаған еді.

Осыған қатысты үлкен даулы мәселе тек 1977 жылы КСРО Конституциясы және 1978 жылы Қаз КСР Конституциясы қабылданғаннан кейін басталды. Мәселен, Қаз КСР Конституциясында жер оның қойнауын, су ресурстарын, ӛсімдік және жануарлар дүниесін

(8)

5111

үнемдеп пайдалану, су мен ауаны тазалықта сақтау, табиғи байлықтарды қайта ӛңдеуді қамтамасыз ету және адамды қоршаған ортаны жақсартуды қатаң қорғау және ғылыми дәлелдеу қажеттілігі кӛзделген (18 бап) [13]. Бірақ та Конституцияның қабылдануына дейін әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдарында жеке тарау: «Табиғи байлықтарға қарсы қылмыстар» тарауы бӛліне бастады, оған қоршаған табиғи ортаның барлық негізгі объектілеріне қол сұғушылықтар кірді.

1959 жылғы Қылмыстық кодексте табиғатқа қол сұғу үшін жауаптылық жӛніндегі баптар әртүрлі тарауларда орналасты. Кӛпшілік баптарды заңшығарушы алтыншы тарауға

«Шаруашылық қылмыстар» тарауына енгізген (156-1.-160, 161-163-1 баптары) [14].

Бірнеше бап «Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке және халық денсаулығына қарсы қылмыстар» тоғызыншы тарауында орналасқан (210, 212-1, 213-баптар). Осы қылмыс құрамдарына бірнеше рет ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

1959 жылғы Қаз КСР-дің Қылмыстық кодексі қоршаған ортаға қол сұғушылық үшін жауаптылық жӛніндегі баптарды бірнеше тарауларға орналастыру олардың объектілері әртүрлі анықталатынын білдіреді. Бұл жағдай қылмыстық заңнамада бірыңғай экологиялық қылмыстар жүйесін құруға кедергі жасады. Алайда, қылмыстық құқық ғылымында осындай жүйе ӛткен ғасырдың 80-90 жылдары қалыптасқанын білдіреді. Осы жағдай 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылданғанда ескерілді.

Реформалау кезеңі ӛткен ғасырдың 80-90 жылдарын қамтып, шетелдік қылмыстық заңнамаларда жеке тараудың пайда болуына әкелді. Мұнда экологиялық қылмыстар бір тарауда немесе бірнеше тарауда бӛлініп орын алды.

Мәселен, РФ Қылмыстық кодексінде 26 тарау, Польша Республикасының Қылмыстық кодексінде 3-4 тараулар, Испанияның Қылмыстық кодексінде 6-7 бӛлім және басқалар. Бұл қылмыстық заңнамаларда тараулар «экологиялық қылмыстар» ұғымын қамтиды: Германияда –

«Қоршаған ортаға қарсы қылмыстық әрекеттер», Испанияда - «Жаратылыс ресурстары мен қоршаған ортаға қарсы қылмыстар», Латвияда – «Табиғи ортаға қарсы қылмыстық әрекеттер», ҚХР-да – «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар» [15].

Шетел мемлекеттерінде болған реформа кезеңінде қоршаған ортаға қатысты қылмыстар қылмыстануы орын алды. Қылмыстық кодекстерге жаңа экологиялық қылмыстар құрамдары енгізілді.

Экологиялық заң бұзушылықтардың қауіпті түрлерімен күресу шараларын анықтайтын Қылмыстық заңнама біздің ел аумағына қазіргі таңда 16 шілде 1997 жылы қабылдаған еді.

Қазақстан Республикасы ҚК енгенше, кейбір баптар қылмыстық заңнаманың әр жерінде болған:

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін экологиялық қылмыстар ӛндіріс кәсібі туралы ережелерді бұзу туралы заңнамаға, ал содан кейін мемлекеттің табиғат шаруашылық мүддесін бұзатын қылмыстарға жатты. [16]. Негізінен табиғи ортаға зиян келтіретін қылмыстардың жиынтығы «Шаруашылық қылмыстары» тарауында, сондай-ақ, алдыңғы Қылмыстық кодекс табиғи байлықтарды олардың материалдық аспектісіне кӛңіл аудара отырып тонаудан қорғауға негізделген [17]. Экологиялық және жағымды қоршаған ортада ӛмір сүру мүдделерінің экономикалық басымдылығын сипаттайды. Шаруашылық, әскери, ғылыми және т.б сұрақтарды шешкенде кӛбінесе адам денсаулығын қорғайтын, халықтың аман-саулығын қорғайтын заңнамалар еленбей қалады [17].

Қазақстандық қылмыстық заңнама тарихында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бірінші рет жеке «Экологиялық қылмыстар» тарауы пайда болды. Бұл заңшығарушы қоршаған ортаға қылмыстық қол сұғудың қоғамға қауіптілігін бағалап, адам ӛмірінің негізі мен елдің саулығын ойланбастан құртып жатқан адамдардың қылмыстық әрекетінің алдын алу шараларын қолға алғанын кӛрсетеді. Экологиялық қылмыстар жүйесі 18 қылмыс құрамынан тұрады. Оның ішінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарға бес қылмыс құрамы

(9)

5112 жатады: ҚР ҚК-нің 277-280, 294 баптары.

Сонымен, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар үшін жауаптылықты кӛздейтін заңнаманың келесі тарихи кезеңдерін бӛлуге болады:

1. Алғашқы жазбалы емес заңдар кезеңі (біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтан бастап – 1885 жылды қамтиды).

2. Алғашқы жазбалы заңдар кезеңі (1885 жылдан бастап «Қазақтың алғашқы қылмыстық кодексі» қабылданды – 1927 жылға дейін кезеңді қамтиды).

3. Жазбалы заңдар кезеңі (1927 жылы 1 қатңтарынан бастап КСРО Қылмыстық кодексі қабылданған кезеңнен бастап – 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің кезеңіні қамтиды).

4. Реформалау кезеңі (1959 жылдан бастап 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін уақытты қамтиды).

5. Экологиялық қылмыстар тарауының қалыптасу кезеңі (1 қаңтар 1998 жылдан бастап қамтиды).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Артықбаев Ж.О. «Жеті-жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні) – Алматы: Жеті жарғы, 2012. – 192 б.

2. Ахметова Н.С., Қожахметов Г.З. «Жеті Жарғы» - қазақ әдет - ғұрып құқығының ecкepткiші //ikitap.kz/book/tauke_han_jeti_jargy/files/assets/basic-html/page34.html

3. Бусурманов Ж.Д. Права человека в постсоветском государстве: вопросы теории и практики обеспечения: дис. ... док. юрид. наук. – Алматы, 2006. – 337 с.

4. Жанайдаров О. Степная Конституция хана Тауке // Мир закона. - 2001.- №2-3.- C.38- 39.

5. Законы хана Тауке. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней): в 5 томах. - Алма-Ата, Наука, 1979. – Т. 2. - С. 334-341.

6. Кульбаев Э. Законы степи - история края //mangistauneft.kz/historyoftheregion/

7. История Республики Казахстан: учебник для ВУЗов / под ред. А. Кузембайулы, Е.

Абыл. - 5-е изд., перераб. и доп. - Астана: Фолиант, 2001. // tarikh.kz/kazahskoe-hanstvo- feodalnaya-razdroblennost/zheti-zharg-y-zakony-hana-tauke/

8. Уложение о наказаниях уголовных и исправительных. – СПб., 1845. – 592 с.

9. Лопашенко Н.А. Экологические преступления: науч.-практич. комментарий. – СПб.:

Пресс, 2002. – 802 с.

10. Карамолада жазылган ереже. // Абай. – 1992. - № 3. - С.70-77.

11. Малыгина М.Г. Основания уголовно-правового запрета экологических преступлений:

дис. ...канд. юрид. наук. - Караганда, 2004. – 188 с.

12. Курс уголовного права в пяти томах: особенная часть / под ред. Г.Н. Борзенкова, В.С.

Комисарова. М.: Зерцало, 2002. – Т.4. – 662 c. // www.studylaw.narod.ru/kursup4/kursup4_5_2.htm 13. Конституция (Основной Закон) Казахской Советской Социалистической Республики от 20 апреля 1978 года // www.worldstatesmen.org/Consitution_of_KazSSR-1978.

14. Уголовный Кодекс Казахской ССР от 22 июля 1959 года //

epravo.kz/urist/detail.php?ELEMENT_ID=403.

15. Дубовик О.Л. Уголовно-правовая охрана окружающей среды: история, развития, задачи перспективы (влияние идей В.В. Петрова на формирование и реализацию. //Проблемы теории экологического права. - 2009. - №2-3. - С.23-28.

16. Крастиньш У.Я. Преступления против природных богатств: учеб. пос. – Рига: ЛГУ, им. П. Стучки, 1987. – 71 с.

17. Правовое регулирование прироохранительной деятельности: учеб. пос. /под ред. А.Я.

Сухарева, В.Д. Ермакова. – М.: Юрлит., 1998. – 253 с.

Referensi

Dokumen terkait

Сондықтан да, программалық қамтаманың сенімділігін арттыру үшін жобалау кезінде келесі әдістер қолданылады [3]:  қателердің болуының алдын алуәдістері, қатені болдыртпайтын немесе