ҚАЗІРГІ МАЖАРСТАН (ВЕНГРИЯ) ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҤРКІ ЕСІМДЕРІ
Беркінбаев Олжас Уәлиханҧлы Студент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ
Ғылыми жетекші – ф.ғ.к, профессор, Искакова Кульзира
Тҥркі тілдес елдерінің арасында соңғы уақыттарда кӛптеген жер, су, мекен атауларының шығу тегіне,олардың қҧрлымдық мағынасына назар аударылуда. Соның бірі тҥркі халықтарымен тарихы тығыз байланысты мажар халқы екені даусыз. Оған дәлел – ең алдымен жер – су, адам атаулары.
Венгриядағы жер су атаулары осы уақытқа дейін тҥркілік мағынаға ие болса да кӛптеген евроцентристік кӛзқарастардың ықпалында қалып келді. Алғаш рет Венгриядағы тҥркілік жер су атаулары жайлы ХХ ғасырдың 80 жылдары Иштван Қоңыр Мандоки зерттеп,
«Мажарстандағы қыпшақ тілінің ескерткіштері» атты тақырыпта ғылыми жҧмыс жазған. Одан басқа осы тақырыпта жетпіске жуық мақалалары жарыққа шығарған. Тағы да осы бағытта ғылыми еңбектерімен ерекшелене тҥскен ғалым - этнограф Юлия Бартаны ерекше атап ӛту орынды, оның кун фольклорының шығыспен байланысы, тҥркі халықтарының этнографиясы туралы жазған «Шығыстық зерттеулер» (1995 жылы), «Куншаг халық мәдениетінің шығыстық белгілері» (2002 жылы) деген еңбектері осы тақырыпты қамтиды.
Венгрия жерінен бӛлек кӛптеген Еуропа және Азия елдерінен тҥ ркілік жер атауларын кездестіруге болады, мысал ретінде айтып ӛтсек:
Венгрия - Мажарстан, Польша - Леһистан, Болгария - Бҧлғарыстан, Дунай - Дҧна, Дон - Тен, Германия - Жәрмен, Грузия - Гҥджістан, Лезгін – Ілезік[1].
Ал осы тҥркілік атауларға себеп болған мажар халқы Европаға қалай барған, және қай жылы, деген сҧрақтарға қысқаша тарихи шолу жасап кетсек. Мажарлардың тарихи аңызы мажарлар мен ғҧндарды Магор (Мадияр) мен Хунор(Хуннулардан) таратады. Ал хуннуларды Л.Н.Гумилев тҥ ркілердің тӛ рт тармағының бірі ретінде қарастырған. Мажарлар аңызындағы
257
ғҧндарға байданысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысы сонау есте жоқ ескі замандардан басталғанын ғҧн патшасы Аттиланың Дунайдан атын суарып, ордасын Карпат бассейніне тіккенін айтады. Ғҧндардан кейін келген аварлар, қыпшақтар кӛптеген мәдени, тарихи ескерткіштер қалдырды.
Мажарлар Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударған. 1996 жылы осы оқиғаға 1100 жыл болғанын тойлады. Еуропаға қоныстанғаннан кейін мажар монахтары ескі атамекендерін іздеуді бастаған. Атажҧртты іздеу ХІХ ғасырда мажарлардың ҧ лттық сана сезімдерінің жаңғыруына байланысты қайтадан ӛрбіді. Осы кезден бастап жер-су аттары да қалпына келтіріле бастады.
Кӛшпенділердің ішінде ең соңғы болып Мажарстанға келген халық қыпшақтар.
Қыпшақтарды Мажарстанда кундар, кумандар деп атаған. Ғылыми әдебиетте кун атауы жиі қолданады. Осы кун, кумандардың қҧрметіне қойылған Мажарстанда екі жер атауы бар ол жерлер шығыстағы ӛлке Надькуншаг(Ҧлықыпшақ жері), Дунай ӛзені мен Тиса арасы Кишкуншаг(Кішіқыпшақ жері) деп аталады. Қарсақ (мажар тілінде Карцаг) қазіргі Мажарстандағы қыпшақтар астанасы.
Осы атаулар қалай пайда болды сҧ раққа жауап ретінде келесі жағдайларға кӛңіл аударайық. ІХ ғасырда қыпшақ деген атпен белгілі болған халық моңғолдардың 1239 жылғы қайталанған шапқыншылығынан Мажарстанға қашады. Кӛтен хан ІV Белаға елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен кӛ шіп баруға рҧқсат сҧрайды. Рҧқсат алған соң 1239-1240 жылдары 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқымен кӛшеді. Еркін кӛшіп қонуға, ескі салттары бойынша ӛмір сҥруге лайықты аумақтарға, жазық далалы жерлерге қоныстанады. Елдің сыртқы жаулардан қорғанысы ҥшін де қыпшақтардың маңызы зор болады. Сондықтан кӛсемдері ақсҥйектермен тең артықшылықтарға ие болды. Осыған байланысты кӛптеген жер атаулары қыпшақ, тҥ ркі атауларымен аталды.
Осы кезде Мажарстанға барған қыпшақ тайпалары мыналар:
1.Береш(беріш).
2.Черкес(шеркеш).
3.Қалаш(алаш).
4.Тоқсоба(қыпшақ тоқсобалар).
5.Тазлар(таздар).
6.Шортан.
7.Еней рулары[3].
Ал белгілі тҥрколог Иштван Қоңыр Мандоки бҧдан бӛлек Мажарстанда кеңінен жайылған географиялық атаулар жиынтығының бҧрынғы анықталмаған біразының қҧпиясын шешеді соны таратып кеңінен айта кетсек: Atkar(Atgar - Атқар) - адам есімінен шыққан мекен атауы;
Bajandur (Bajandur - ол бай) ру аты, бірақ бҧл адам есімі ретінде қолданылған; Csivag - Шивак (Cuvag) адам есімінен шыққан атау.
Erbuga(Er Buga, - ер бҧтағы) адам есімінен шыққан мекен атауы.
Karabuka - қара бҧқа.
Katoncsa (қатын, қатынша) - мажарша Asszonyszallas.
Nyogevcse - нь ӛ герче (жолдас, серік). Kocser - (қошқар, батыр, ер),
Tugel (қҧманша - тҥгел) бҧл сӛз тҥ ркі тектес печенек тілінен шыққан деген де болжам бар.
Tokol - адам есімінен шыққан мекен атауы,
Pecsene (кішкене сҧңқар) секілді кӛптеген адам есімінен шыққан жер су атауларының тҥркілік атауын байырғы қалпына келтірді.
258
Тағы да осы жер су атауларының тҥркілік мағынасы туралы Мажарстанда елші болған С.Т.Тҧрсынов Қазақ Әдебиеті газетінің 01.13.2006 жылғы берген сҧхбатында Мажарстандағы кӛптеген жер атауларының тҥ ркілік екенін айтып кеткен:
Ӛттӛмӛш(қазақша Ӛтеміс), Сатьмаз(қазақша Сатпас), Карцаг(қазақша Қарсақ), Қарқакӛтен(қазақша
Арқакӛтен), Кечкемет(қазақша Ешкіемет), Қалаш(қазақша Алаш), Надьшеркеш(қазақша Ҧлышеркеш),
Шенгеле(қазақша Шеңгелді)[2].
Ал бҥ кіл ӛмірін Мажарстандағы қыпшақ тіл ескерткіштерін зерттеуге арнаған Иштван Қоңырдың «Кун тілінің Мажарстандағы ескрткіштері» (1993 жылы) атты еңбегі Иштван Вашари айтқандай «Баспаға ӛзі тапсырып ҥ лгермеген, Мажарстандағы қыпшақ тілінің ескерткіштері туралы кітабы - ӛмірінің ең басты еңбегі. Соңынан қалған жалғыз қалың кітап болғандығы ҥшін емес, ең алдымен ғылыми жаңалығы ҥшін».
Қоңыр осы еңбегінде мажар тіліндегі:
Arkany – арқан Boza - боза
Ontok - ҧнтақ Akos – ағыс Barag – барақ Csollak - шолақ Daksi - жақсы Kangyik - қанжыға Orso – ҧршық Bicsa - пышақ Csanak - шанақ Csanaky – соқа Koboz – қобыз Kobak – қабақ
Tozeg - тезег Kopenyeg – кебенег Ozon - ӛзен Koldok – кіндік Nyoger - нӛкер
Karambel – қалампыр[4]. т.б сӛздердің қыпшақ – тҥркілік екенін жазып кетеді.
Қазіргі Мажарстан ономастикасында орын алған тарихи тҥркі есімдері туралы мәліметіміз осы шеңберде болды. Тақырыптың ғылыми қҧндылығына байланысты келешекте оны әрі қарай зерттейтінім сӛзсіз
Әдебиеттер
1. Лениншіл Жас(Жас Алаш), - 1984 жыл, 4 желтоқсан 2. Қазақ Әдебиеті, - 2006 жыл, 1 қаңтар
3. Білім және Еңбек, - 1986 жыл, шілде 4. Қазақстан Әйелдері, - 2003 жыл