145
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ДӘУІР
Куандыков Е. Ш., Маслов Х. Б.
Астана қ., Қазақстан Ғылыми теорияның қалыптасуы немесе құрылуы Жаңа Дәуірмен байланыстырылады. Алайда оған дейін де бұл процесс мүлдем TABULA RASA деңгейінде болған емес. Айталық, XYII ғасырдың ортасындағы ағылшын буржуазиялық революциясынан өз бастауын алатын Жаңа Дәуірге дейін ақ басталып кеткен XIV ғасырдың басындағы ерте итальян Қайта Өрлеуін неге еске алмасқа? Және әңгіме тек поэзия мен драманың алыптары Данте, Петрарко немесе Боккаччо туралы емес. Сөз алдымен жаратылыстануда байқала бастаған жаңа үрдістер, ғылыми теорияның қалыптасуы мен одан әрі дамуына өлшеусіз үлес қосқан даналар турасында болмақ. Бомбарда яки зеңбіректің я болмаса жаңа су диірмендері мен алғашқы мылтықтың ойлап табылуы көптеген революциялық өзгерістерге алып келгендігі баршаға мәлім. Алайда қайталап айтамыз, ерте Жаңа дәуірді теориялық негізде дайындауға сүбелі негізде үлес қосқан осы кезең, XYII ғасырға дейінгі теоретиктер де назардан тыс қалмауы керек.
Енді осы Жаңа Дәуір әлі толығымен өз күшіне енбеген шақтағы негізінен философиялық ой жетегінде болса да алхимиямен айналысып, шама-шарқынша жаратылыстану дамуына да, оның ішінде оның теориялық тұрғыдағы негіздерін қалауға да өз үлестерін тамаша негізде қоса білген Томас Мор мен Жан Боденнің философиялық – жаратылыстанулық және әлеуметтік дүниетанымдарына толығырақ тоқталып өтелік.
Томас Мор 1477 әлде 1478 жылы Лондонда ауқатты отбасында дүниеге келіп, Оксфорд университетін тамамдады. 18 жасында Августиннің «Құдай қаласы»
жөнінде тамаша сәтті баяндамасымен көзге түсіп үлгірді. Бұрынғы корольге ұнамағанымен жаңа король Генрих VIII-ші оны өзіне жақындатып, шерифтің көмекшісі етіп тағайындайды [1,115]. 1520-шы жылы ол немістің папаға қарсы реформаторы Лютермен пікірталасқа түсіп, өзінің папа тағының жақтаушысы екендігін танытады. Алайда кейіннен Генрих VIII-ші папаның Испания королінің қарындасымен некесіне рұқсат етпеуіне байланысты онымен кикілжіңге келіп қалады. Міне, нақ сол кезеңде ол ағылшын шіркеуіне реформация жүргізіп, өзін ағылшын шіркеуінің (протестанттық бағыттағы англикан шіркеуі) басшысы етіп жариялайды. Т. Мор мұнымен келіспей 1532 жылы Лорд-канцлер қызметінен бас тартады. Ал 1533 жылдың шілде айында «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен өлтіріледі.
Басты еңбегі қысқартып айтылғанда «Утопия» 1516 жылы жарық көрген еді [2]. Жалпы Т.Мор көшбасшысы Роттердамдық Эразм болып табылатын солтүстік гуманизм өкілдеріне жатады. Т.Мордың былық пен парақорлыққа белшесінен батқан католик діндарларына, олардың Жаңа Дәуір жаратылыста- нуы мен ғылымдағы жаңалықтарға деген теріс көзқарастарына қарама-қайшы ал кейбір әзірлерде атеистік ойлармен үндесетін пікірлер айтып кеткендігі белгілі.
Сонымен бір мезгілде ол алғашқы христиандардың идеалдарына да қатты на- зар аударғанға ұқсайды. Сондықтан да оның ойында ежелгі гректер мен Платон шіркеу атасы Августинмен қатар жүреді. Мордың діни көзқарасында бәрі де
146
алдын ала белгілі провиденциализм жоқ. Ол қатып семіп қалған схоластик те емес. Діни көзқарастың жетегінде болса да Т.Мор жаратылыстану өркендеп дами бастаған өз дәуірінің қоғам туралы ойының негізін қалаған аса ірі прогрессивті тұлғасы.
«Утопия» ұлы жағрафиялық ашылулар жүріп жатқан кезеңде жазылды.
Заманының құрдастары жаңа жерлер туралы армандарын белгілі бір тұрғыларда сәнге айнлдырғандығын ескере келе Т.Мор да өзінің басты кейіпкерін саяхат- шы әлпетінде көрсетеді. Рафаил Гитлодей беймәлім бір арал Утопияға тап бо- лады. Шығармадағы кейіпкерлер мен жер су атаулары да ирониялық, ал кейбір әзірлерде пессимизмге толы. Мәселен, Утопия ешқайда жоқ жер. Астанасы Амо- рот - елес қала. Анадрис өзені – сусыз өзен. Князь Адемосттың есімі – халқы жоқ билеуші, ал ежелгі грек тілінде Гитлодей есімі не болса соны шатып, бұтатын көкмылжыңды білдіреді.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Гитлодей өз қоғамын сынға алады және ол қоғамды еуропалық немесе француздық деп атайды. Алайда бұл турасында Роттердамдық Эразм, Томас Мор ағылшын қоғамын келеке етіп отыр дейді. Ағылшындық нышан әкімшілік құрылым мен табиғатты суреттейтін екінші бөлімінде де қатты аңғарылады.
Гитлодейдің аузымен Т.Мор аристократияның жатыпішерлігін, дін өкілдерінің арамтамақтығын, пайдасы жоқ көптеген қыметшілердің өмірлерін аса мысқылмен суреттейді. Осынау келеңсіз қылықтардың басты себебін ол жеке меншіктен іздейді.
Утопия аралында жеке меншік жоқ, жеке адамдардың арасындағы ақша айналымына тиым салынған, мүліктік негізде адамдар арасында толығымен теңдік орнаған. Кез келген байлық пен оған мақтаныш атымен жоқ. Қайсыбір шығармшылық өкілдерінен басқа қоғамның қай мүшесі болса да еңбекке тартылған.
Утопиядағы ұжымшылдық идеалды негізде платондық қарауылшыларды көзге елестетеді. Жеке меншікке деген ұмтылысқа жол бермес үшін отбасылар әрбір он жылда жеребе бойынша үйлерін алмастырып тұрады. Утопияның саяси құрылымы демократиялық. Филарх пен сифогранттан бастап барлық қызметтер сайланбалы негізде бөлінеді. Принцепс болса өмір бойғы мерзімге сайланады, алайда орнынан алынуы мүмкін, егер қызметін тиранияға айналдыра бастаса.
Одан басқа өте сыйлы азаматтардан тұратын сенат та бар.
Формальды түрде утопиялықтардың конституциялық тәртібін аралас билеу формасына да жатқызуға да болады. Алайда ақсүйектер мен монархиялық элементтер өте әлсіздігін танытады. Олар тек дәстүр үшін ғана қызмет ететін сияқты. Ал демократиялық элементтер толыққанды басымдылығын танытып отырғандай [3,26].
Міне осының бәрі де Жаңа Дәуір ойшылы Т.Мордың ерекше бір идеалдарға жүгінгендігінен хабар береді. Алайда Т.Мор да коммунизмге принципиалды түрде қарсылар тарапынан түрлі сындарға ұшырады. Өйткені оның суреттеген қоғамы жеке бас бостандығын шектейді және т.б.
Келесі бір ерте Жаңа Дәуір алыбы Жан Боден (1530 – 1596) Франциядағы абсолютизм идеологы ретінде көбірек танымал. Саяси көзқарасына үңілсек ұлттық мемлекетті орталықтандыру мақсатын көздеген. Заң ғылымымен шұғылданған Ж.
Боден Тулуз университетінің профессоры, Парижде адвокат және Лионда король
147
прокуроры болып қызмет атқарды. Ол католиктер мен гугеноттар арасындағы бітімгершілік жолды таңдады. «Тарихты жеңіл зерттеудің әдісі» атты еңбегінде (1566) ол діни-схоластика мен Рим правосын ескі деңгейде сараптаудан үзілді кесілді бас тартты. Ең бастысы Жан Боден жаратылыстану дамуындағы барлық жаңалық атаулыларды тұрақты түрде қолдаумен болды.
Келесі бір «Мемлекет туралы алты кітап» (1576) атты көлемді еңбегінде мемлекет пен құқық мәселелері жеріне жете талданып, әбден тиянақталды.
Адам қоғамындағы құқықтық негіз мемлекетпен тығыз байланысқан дүние болып табылады. Мемлекет – отбасылардың жиынтығы. Ал отбасы - әлеуметтік- қоғамдық алғашқы клетка. Тек отбасы иесі ғана мемлекеттің азаматы бола алады. Ежелгі Римнің мысалымен отбасының берекесінің кетуінің салдарынан мемлекеттің деградацияға ұшырағандығын шебер көрсете біледі.
Оның саяси көрегенділігі мемлекет суверенитеті хақындағы теориясынан айқын аңғарылады. Суверенитеттің бірлігі мен бөлінбейтіндігін Ж.Боден биліктің тек бір адамның қолында болғандығымен байланыстырады. Осы негізде мемлекеттің аралас формалары қабылданбайды. Суверенитеттің кімнің қолын шоғырланғандығына орай ол мемлекеттің үш формасын атап өтеді. «Демократия – баршасы немесе азаматтардың басым бөлігі, қалай біріккендігіне қарамастан бәрінің үстінен билейтін қоғам болып табылады.
...Аристократия тұсында мемлекеттегі азаматтардың ең бір аз бөлігі ғана қалған азаматтардың басым бөлігіне немесе түгеліне билік етеді.Ал монархияда жоғарғы билік тек бір адамның қолында» [4,123].
Боден сонымен бірге өкіметтің үш формасын қарастырады. Олар жоғарыдағыдай: демократия, аристократия және монархия. Алайда олардың формасы жөнінен міндетті түрде сәйкес болуы шарт емес. Монархия билігі кезінде (суверенитет иесі) аристократиялық және демократиялық өкімет те болуы әбден кәдік. Өз қолына жоғарғы билікті шоғырландырған демократия билікті бір адамға (монархиялық нышан) сеніп тапсыруы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттегі тұрақтылықты Боден орта тап өкілдерінің көбеюімен байланыстырады. Ол үшін алыпсатарлық пен мұрагерлік сияқты факторларды заң жүзінде орнына қоя білген дұрыс. Сонда қоғамдағы қайыршылық пен теңсіздікке қарсы тетіктерге жетуге болады. Жер мен байлық ат төбеліндей ғана олигархтардың қолдарына шоғырланбауы керек.
Ж.Боден Францияның алғашқы парламенті дерлік Бас штатардың жұмыстарына терең баға бере білді. Бұл орган дін өкілдерінің, дворяндардың және үшінші сословиенің мүдделеріне қызмет етіп, жоғарғы биліктің зорлық зомбылыққа ұрынып бетімен кетпеуін қадағалаушы тамаша құрал болу мүмкіншілігіне ие бола алады.
Ж.Боденнің пікірінше платондық мемлекет «Құдай мен табиғат заңына мүлдем қайшы келеді». Заңға сүйенген қоғамда қан араластыру, жеңіл жүріс, әке өлтіру, ортақ әйелдер немесе ұрлықтың кез келген түрі атымен болмауы тиіс.
Патриархалдық қоғамға тән мүлік ортақтылығы жеке меншікке қол сұқпауы тиіс...
Қорыта айтқанда Жаңа Дәуірдегі ғылыми теорияның құрылуы мен дамуына Т.Мор мен Ж.Боден сияқты ерте Жаңа дәуір мен Қайта Өрлеу заманының алыптарының тигізген әсері шексіз мол болды деуге негіз бар.
148 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.История политических учений: Учебник для вузов // Под общ. ред. проф.
О.В.Мартышкина – М.: Издательство НОРМА (Издательская группа НОРМА – ИНФРА – М), 2002.-912б.
2.Мор Т. Утопия.-М., 1976.
3.Фромм Э. Здоровое общество // Мужчина и женщина.-М., 1998.
4. История политических учений: Учебник для вузов // Под общ. ред. проф.
О.В.Мартышкина – М.: Издательство НОРМА (Издательская группа НОРМА – ИНФРА – М), 2002.-912б.
SELF-DEFENSE AGAINST ACTS OF TERRORISM
Leila Urekenova PhD Candidate Graduate Institute of International and Development Studies, Geneva, Switzerland Introduction
Over the course of the 20th century, there has been a gradual shift in the traditional system of international relations that existed prior to the two World Wars. This shift, however, became all the more pronounced after the collapse of the Soviet Union, and the breaking of the bipolar world that existed until 1991. New actors have come into play, existing and operating alongside the traditional – State – actors: international organizations, non-governmental organizations, and individuals constitute the notable innovation witnessed by the international community over the past several decades.
It is true that this new development does not in fact substitute or seriously undermine the traditional interstate relations, as some authors would maintain: states remain to this day primary actors of international law. However, it is not to be denied that new actors on the international arena have been steadily gaining in importance, which has negative, as well as positive, implications.
Of the negative developments there is perhaps none as grave and dangerous for the international community as the increased destructive role terrorist networks play at the present moment. Evasive, difficult to track down, acting from the shadows and performing horrendous acts impossible to attribute to any given state, these organizations disrupt the very nature of the Charter-incepted regime of global security, rendering issues of use of force by, self-defence, and responsibility much more obscure than previously.
However, within the context of this, albeit highly negative, development it is becoming impossible to pretend to maintain the traditional, state-centered world order that had existed for centuries since the Peace of Westphalia was concluded, thinking in the old, outdated terms.
Traditional concept of self-defence under international law
The traditional concept of self-defence flows smoothly and logically from the premise of states as the sole and principal subjects and actors of international law, taking actions against one another, cooperating, concluding defence pacts and peace