ӘОЖ 331.556(574)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК КӚШІ-ҚОНЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Абдуллаева А.Ш.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҦУ студенты, Астана қаласы Ғылыми жетекшісі – г.ғ.к. Ауэзоа З.Т.
ХХІ ғасырдың басында дҥние жҥзі елдерінің, соның ішінде Қазақстан мемлекетінің де ҧлттық қауіпсіздігі мен жаһандық мәселелер орын алды. Қақтығыстарды аумақтандандыру ҥрдісінде Орталық Азияда Қазақстан Ресей мен Еуропа және Орта Азияның бҧрыңғы кеңестік елдері мен Ауғанстан арасындағы ӛтпелі аймақ болды. Аймақтағы геосаяси жағдай республиканың ішкі жағдайына әсер ете ме, әлеуметтік-экономикалық процестерге, еңбек нарығының орналасуына, кӛші-қон қозғалыстарына ықпал ете ме?
Бҧл бір-біріне ықпал етуші екі процесс Қазақстанның егеменді дамуында одан әрі кҥшейе тҥсті. Бір жағынан, дҥниежҥзілік экономиканың объективті процестері, оңтҥстік және оңтҥстік-шығыстағы кедей елдерден солтҥстік және солтҥстік-батысқа қарай иммиграция: АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдеріне Қазақстан арқылы ӛтетін заңсыз еңбек кӛші-қонының дамуына ықпал етеді. Республиканың геосаяси жағдайының ӛзі, яғни Еуропа мен Азияның аралығында орналасуы елді заңсыз мигранттар кесіп ӛтетін транзитті мемлекетке айналдырды. Ал екінші жағынан, ішкі саясаттың нәтижесінде – экономикалық және заңды реформалардың жҥргізілуі, шет елдерге шығуға мҥмкіндік беретін шекараларды ашу таяу және алыс шет елдерінің арасындағы миграциялық алмасу кӛлемі ҧлғайтылды.
1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс кӛші-қон қозғалыстарының тҧрақсыздығын және стихиялық тҥрде ӛтуін кҥшейтті [1,3].
Қазақстандағы қазіргі еңбек кӛші-қондары – бҧл стихиялық кӛп бағытты ҥрдіс. Еңбек кӛші-қонының жаңа тҥрлері қалыптаса бастады: коммерциялық кӛші-қондар, негізінен Ресей, Қытай, Германия, Тҥркия елдеріне; алыс шет елдерге жалға жҧмыс істеу, шетелдік жҧмыскерлердің лицензиялық еңбектері; стихиялық тҧрақсыз иммиграция және Орталық Азия республикаларынан (Қырғызстан, Тәжікстан, Ӛзбекстан) заңсыз жҧмыс бастылық. 1990 жылдары ауылдық елді мекендерден қалалық елді мекендерге ішкі кӛші-қондар жҥріп жатты.
Соңғы он жылдықтардағы еңбек кӛші-қон тҥрлерінің ішіндегі ең кӛп таралғаны – бҧл коммерциялық кӛші-қондар, жалға жҧмысқа тҧру, басқа елдегі маусымдық жҧмыстар, т.б.
Транзитті кезеңде еңбек кӛші-қонының масштабтылығына байланысты еңбек және кӛші-қон процестерін қҧқықтық бақылау және тәртіптеу қажеттігі туындап отыр. Қазіргі таңда еңбек кӛші-қонын қҧқықтық тҧрғыдан бақылау қазақстандық заңдылықтарда шешілмеген мәселелер кӛп. ТМД елдерінде бірыңғай еңбек рыногын қҧру, экономикалық серіктестіктің дамуы, қандай да болмасын елдің ҧлттық қауіпсіздігін бекіту кӛші-қон саясатын қалыптастырмай, кӛші-қон процестерін басқаруды дамытуда заңдылықтарды жасау арқылы, ТМД елдері және алыс шет елдерімен екіжақты немесе кӛпжақты келісімдерсіз мҥмкін емес.
Қазіргі таңда еңбек социологиясында және демографияда қазіргі жағдайларға байланысты еңбек кӛші-қонының типологиясы мен анықтамалар жҥйесі толық ӛңделмеген.
Қазақстанның мемлекеттік органдары Халықаралық еңбек ҧйымының (ХЕҦ) және кӛші-қон
80
бойынша Халықаралық ҧйымның (КХҦ) анықтамалар жҥйесін пайдаланады. Халықаралық еңбек ҧйымы еңбек етуші мигранттарды «экономикалық қызмет атқару мақсатында ӛз елінен басқа елге жҧмыс істеушілер» деп анықтама береді.
Экономикалық иммиграция кәсіби немесе іскерлік мақсатта және оқу мақсатында кӛшіп келушілерді қҧрайды. Иммиграция еліне тӛмендегілер жіберіледі:
ӛнеркәсіпте немесе жалдаушыға жеке немесе белгілі бір топ қҧрамында белгілі бір мақсатта жҧмыс істеушілер: қайталанатын жҧмыстар; ӛндіріс немесе қызмет кӛрсету саласындағы қарапайым жҧмыстар; маусымдық жҧмыстар.
ӛнеркәсіпте немесе жалдаушыға жеке немесе белгілі бір топ қҧрамында бір жобаны орындау мақсатында (канал, кӛпір салу, т.б.) жҧмыс істеуші кәдімгі жҧмыскерлер, менеджерлер, мамандар.
ӛнеркәсіптің трансҧлттық аясында ауысу тәртібінде (кӛлемі ауқымды жобамен байланысты арнайы жҧмыстарды атқару мақсатында) жекелеген жалдамалы жҧмысшылар.
қарапайым жҧмыс бастылық және қоныстану мақсатында мамандандырылған және мамандандырылған емес жҧмыскерлер, инженерлік-техникалық жҧмыскерлер мен басқа да жоғары мамандандырылған жҧмыскерлер мен қызметкерлер[1,2,3].
Елге кіргеннен кейін жҧмыс орындарын қҧрған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлар жіберіледі:
жекелеген адам жеке меншік немесе мемлекеттік ӛнеркәсіпке қайта даярлау мақсатында уақытша жіберіледі.
Халықаралық еңбек бӛлімінің «Шетелдік еңбек етушілердің жҧмыс бастылығы»
кітабының авторы В.Р.Бенингтің айтуынша коммерциялық кӛші-қон еңбек кӛші-қоны тҥрлерінің ішіндегі ең кӛп тарағаны. В.Р.Бенингтің айтуынша, коммерциялық мигранттар – бҧлар ҧсақ саудагерлер, «заңсыз тҥрде аз кӛлемде және тӛменгі сапалы тауарларды сатып алу және сату мақсатында ӛз елінен қысқа мерзімге кетушілер» болып табылады. В.Р.Бенинг Тҥркия, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мысалында зерттеулер жҥргізе отырып, 1980 жылдардан бастап, әсіресе СССР-дің ыдырауынан кейін коммерциялық сапарлар кӛбейе бастады. Зерттеудің нәтижесінде мынаны кӛрсетті: «бҧл ҧсақ саудагерлер тек кәсіпкерлік экономикалық мақсатта ғана елдерінен қысқа мерзімге кетеді, әрине екі жақ та бҧл саудагерлердің әлеуметтік қамтамасыздандырылуын, еңбек ақысына жауапкершілігін атқармайды, олар әлеуметтік және экономикалық қауіп-қатерге душар болады». Ал сол саудагерлердің тауарларының сапасы тӛмен болады, яғни ӛз бағасына сай, кейде тӛменгі бағамен жоғарға сапалы тауарларды да ӛздері білмей сатып жатады, бҧл саудагерлердің технология саласы бойынша хабарларының тӛмендігін кӛрсетеді.
ТМД елдерінде еңбек кӛші-қоны қалыпты жағдай. Бҧған басты себеп болып еңбек кӛші-қоны адамның жҧмыс орнының және оған қажетті жағдайлардың: табиғи-климаттық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени, ҥй-тҧрмыстық, т.б. болатын басқа жерге қоныс аудару параметрлерін оң жаққа қарай ӛзгертуден туындайды деп есептелінген. Бірақ қазіргі еңбек кӛші-қондары «жҧмыс орнының параметрлерін ӛзгерту» мақсатында туындап отырған жоқ, бҧл кӛші-қонның негізгі даму себебі – жаппай жҧмыссыздық. Ал «басқа жерге қоныс аударуға» келетін болсақ, қазіргі еңбек кӛші-қонының қоныс аудару уақыты қысқа, әрі тҧрғылықты емес және ол процес кӛбінесе заңсыз тҥрде ӛтеді. Кӛші-қонның сыртқы себептеріне климаттық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлармен қоса негізгі себеп әлеуметтік-экономикалық себеп болып табылады.
Тарихта және ӛтпелі жаңа кезеңде еңбек кӛші-қоны жаңа тҥрлер мен формаларға ие болды. Тӛменде Қазақстан мен ТМД елдерінде кездесетін еңбек кӛші-қонының тҥрлеріне сипаттама беріледі [1,4,5].
Мемлекет шекарасын еңбек мигранты кесу ӛлшемі бойынша еңбек кӛші-қонының негізгі тҥрлері анықталады – ішкі көші-қон (ішкі және облысаралық) және сыртқы көші-қон (эмиграция және иммиграция); ҧлттық заңдылықтар, халықаралық қҧқықтық қҧжаттар мен жекелеген елдер арасындағы келісімдер негізінде еңбекті қҧқықтық тәртіптеу мен қадағалауға келетін болсақ еңбек кӛші-қоны заңды және заңсыз деп ажыратылады. Еңбек
81
кӛші-қонын еңбек ету уақыттарының ҧзақтылығына байланысты қайтымсыз және қайтымды (маусымдық, жиіліктік) немесе уақытша және тҧрақты болып ажыратылады. Кейбір зерттеушілер жекелеген кезеңдерде қосымша жҧмысшы кҥшін қажет ететін экономика саласын жҧмысшы кҥшімен қамтамасыздандырудан туындайтын экономикалық маусымдық кӛші-қондар (ауыл шаруашылық саласында егін егу мен жинау науқаны кезінде) мен әлеуметтік мәдени кӛші-қондар (білім алу, демалу, емделу, туризм және т.б.) тҥрлерін де ажыратады.
Дегенмен Халықаралық еңбек бӛлімінде шетелдік жҧмысшы кҥшінің жҧмыс бастылығының экономикалық тҧжырымдамасында оның қысқа мерзімдік немесе уақытша мерзімдік сипаты жӛнінде нақты айтылмаған. Әр ел шетелдіктермен келісімге әрқалай келеді, жҧмыс уақыты 6 айға, 12 айға немесе 2 жылға дейін баруы мҥмкін. Табиғаты жӛнінен экономикалық сҧраныс бағыты мен ҧзақтығы бойынша ҧзақ мерзімдік, қайталана беретін, тҧрақты, уақытша болуы мҥмкін. Еңбекке деген сҧраныс пен уақыты жекелеген жағдайларда бір-біріне сәйкес келуі мҥмкін, ол белгілі бір жобаны салумен (канал, кӛпір салу,т.б.) байланысты, нақты уақытқа негізделген маусымдық іс-әрекет пен жҧмыс. Ал қалған жағдайларда шетелдіктерді жҧмыс орындарына жалдау қысқа мерзімдік, тҧрақты немесе тҧрақсыз сипатқа ие болу мҥмкін. Бҧдан шығатын қорытынды, еңбек кӛші-қоны тек жҧмыс уақытына ғана байланысты емес, әр тҥрлі мигранттарға жҧмыс істеу әрекетін талап ететін экономикалық қажеттілікке де байланысты[1,6].
Еңбек әрекетінің сипатына байланысты еңбек кӛші-қоны бірнеше тҥрге ажыратылады.
Мысалға, жалға жҧмыс істеуші еңбек мигранттары кеңестік заманда да қиын жағдайларда сырт елдерде еңбек еткен. Қазіргі жалдамалы жҧмысшылардың мамандықтары да әр тҥрлі – менеджерлер мен инженерлер, мҧғалімдер мен аудармашылар, сатушылар мен жҥргізушілер, аспазшылар т.б. 1992 жылдардан бастап Қазақстанда еңбек кӛші-қоны тҥрлерінің ішінде «дәстҥрлі» маусымдық жҧмыстар немесе жалға жҧмыс тҥрлерінен басқа коммерциялық кӛші-қондар етек ала бастады. Бірақ коммерциялық кӛші-қон еңбек кӛші- қонының бір тҥріне жата ма деген сҧрақ туындайды, ӛйткені бҧл мигранттар шет елде ӛте қысқа мерзімде (бірнеше кҥн) болады, ӛз еңбек кҥштерін сатпайды және де ешқандай ӛнім ӛндірмейді. Сондықтан коммерциялық мигранттарды жеке бір категорияға жатқызып, уақытша мигрант ретінде қабылдау керек. Коммерциялық мигранттар сыртта сауда бизнесімен айналыса отырып, басқа қалалар мен елдерден табыс табу мақсатында тауарларды сатып алады. Ӛз іс-әрекеттеріне ӛздері жоспар жасай отырып, ӛздеріне кӛмек ретінде жҧмыскерлерді жалдап немесе тауарларды сатумен ӛздері де айналысуы мҥмкін.
Коммерциялық мигранттардың ең негізгі белгісі іс-әрекеттерінің «заңсыз тҥрде» жҥргізілуі, олар айналысып жатқан сауда бизнесі мемлекеттік органдарда ресми тҥрде тіркелмеген.
Уақыт-кеңістік ӛлшемдері бойынша фронтьерлік (ағылшын сӛзінен frontier - шекаралық деген мағынаны береді) кӛші-қонды ажыратуға болады. Фронтьерлер- жҧмыскерлер бҧлар кӛрші мемлекетте жҧмыс істеу ҥшін мемлекеттік шекараны жиілікті – кҥнделікті, апта сайын т.с.с. кесіп отыратын мемлекет азаматтары. Ҥлкен ортақ шекаралары бар Қазақстан мен Ресей мемлекеттері сияқты елдерде фронтьерлік миграция жақсы дамыған, ол еңбек сапарлары тҥрінде де, әлеуметтік-мәдени және тҧрмыстық байланыстар мақсатында да жҥреді [1,7].
Еңбек мигранттарының санын нақты анықтаудың сенімді әдісі жоқ. Олардың жекелеген топтары мен категориялары әр тҥрлі мемлекеттік органдар мен жеке меншік мекемелерде әрқалай тіркеледі – еңбек және әлеуметтік сақтандыру Министрлігі, Статистиканың мемлекеттік органдары, ҧлттық санақ жҥйесіндегі Ҧлттық банктер, жҧмысқа орналастыру жӛніндегі мемлекеттік немесе жеке меншік агенттіктер, туристік фирмалар мен агенттіктер, шекаралық бақылау пунктері т.б. Осы есептелінетін топтар негізінде еңбек мигранттарының негізгі тҥрлерін, олардың санын, табыс кӛлемін және кӛші- қонның әлеуметтік-экономикалық ӛмірге әсерін анықтауға болады.
Әдебиеттер 1.
Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.
82
Ауезова З.Т., Астана, 2010.
2.Қазақстанның Экономикалық Әлеуметтік географиясы. Қожахмет М.Қ., Қарағанды ,2006.
3. www. supcourt. kz 4. www. unesko. kz 5. www. google. kz 6. www. google. ru 7. www. yahoo. ru