• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДА МИКРОКРЕДИТТЕУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМТТІК-ЭНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДА МИКРОКРЕДИТТЕУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМТТІК-ЭНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Д. АЗАНҰЛЫ, Д. ЖЕНСХАН

ҚАЗАҚСТАНДА МИКРОКРЕДИТТЕУ ЖҤЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМТТІК-ЭНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды- инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды. Осы мақсатта Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамытудың эномикалық маңызы зор екендігі белгілі.

Микроқаржыландыру - халықаралық таным бойынша, кедейлік деңгейін төмендету, халықтың өмірін жақсарту, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, бастапқы бизнеске, яғни банктік қызмет көрсетулерге қол жеткізуге мүмкіншіліктері жоқ клиенттерге қаржы ресурстарын беру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бірден-бір тиімді құрал болып табылады.

Микрокредиттеу жүйесін дамытудың экономикалық тұрғыда маңыздылығы кередит жүйесін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы мен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады.

Экономикалық әдебиеттерде микрокредиттеу жүйесін жүзеге асырудың екі бағыты қарастырылған.

1. микрокредиттік ұйымдарды құру

2. жұмыс жасап тұрған микрокредит ұйымдарын кредиттеу Микроқаржыландыру экономикалық дамуа өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады.

Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру;

қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері

—кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту;

(2)

өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған жіктерін қаржыландыру.

Микроқаржыландыруды және микрокредит беруді зерттеу халықтың аз қамтылған санатына қаржылық қызметтер көрсететін микроқаржылық институттар қызметінің жалпы үлгерімділігін көрсетеді. Микроқаржыландыру үй шаруашылығы мен жеке дара кәсіпкерліктің жыл сайынғы табысының деңгейін біртіндеп көтере отырып кедейшіліктің тамырын жоюға ықпал етеді.

Микроқаржыландырудың халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер етуінің негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:

Қарыз алушылардың ұтқырлығын арттыру;

Олардың экономикалық қауіпсіздігі;

Олар жасайтын сатып алулар мен тұтынатын қызметтерінің көлемі мен құнының өсімі; Отбасындағы беделінің өсуі;

Әртүрлі әлеуметтік-саяси бағдарламаларға және т.б. тарту.

Микрокредит берудің басымдықты мақсаты экономикасы көшпелі елдердегі сияқты, Қазақстанда да кедейшілікпен күресу емес, керісінше халықтың экономикалық белсенді санатындағыларының кәсіпкерлік бастамашылықтарын қолдау болып табылады.

Осыған байланысты, Қазақстан микрокредит секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның жұмыс істеуіне жағдай жасау, орнықтылығын арттыру, шағын кәсіпкерлік пен халықтың қаржылай қолдау көрсету қызметтермен қамтылуын кеңейту қажеттілігі маңызды аспект болып табылады.

Қазақстан жағдайында микроқаржыландыру жүйесін дамыту мен оны практикада қолдануда әр елдегі халықаралық микрокредиттеу тәжірибелері неізге алынды.

Қазақстан Республикасында микрокредит беру жүйесі 1990-шы жылдардың ортасында пайда болды. Халықаралық жобалар шеңберінде құрылып, кейіннен қоғамдық қор болып қайта құрылған коммерциялық емес ұйымдар бірінші микроқаржы ұйымдары болған. Олар кедейшілікті жеңу және жобалық аймақтардағы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді алдарына міндет етіп, шектеулі аумақта халықтың белгілі бір мақсатты тобына халықаралық донорлар дереккөздерін пайдаланып, микрокредит берумен айналысқан.

(3)

Шағын бизнесті дамыту және микроқаржы ұйымдарын көлеңкелі сектордан алып шығу мақсатында, 2003 жылдың 6–

наурызында «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР заңы қабылданды. Оның басты мақсаты Заңның бірінші редакциясында анықталғандай, микроредитті алушылар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы керектігіне байланысты, кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдіруші тұлғаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болатын. Қазіргі уақытта осы шектеулі талаптар заң жүзінде алынып тасталды.

2011 жылғы 28 қаңтарда Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолауында: еліміздегі ауылдық елді мекендердің жоғары әлеуетін қамтамасыз ету мен ауылдық инфрақұрылыдарды дамыту, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, кәсіперлік жаңашылдықтарды оқытуды ұйымдастыруда микрокреиттік бағдарламаның маңызды екендігін және олардың оң нәтиже көрсете бастағандығын атап өткен болатын. Дегенмен, Елбасы қазіргі кездегі микрокредиттік мекемелердің басым бөлігінің тұтыну мақсатындағы қызметтер көрсететіндігін және болашақта бұл мекемелердің қызмет ету бағытын өзгертуі арқылы олардың ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталуы керек екендігі баса айтылды.

2010 жылдың ақпан айында Қазақстан Респбликасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко микрокредиттік мекемелердің жұмысы туралы мәселе қозғады. Онда қаржылық бақылау агенттігі мен Ұлттық банктің бұл секорды бақылаудан бас тарта отырып, олардың дамуы үшін кәсіпорындарға уақыттың қажет екендігі айтылды.

356

730

1086

1712 1780 1769

0 500 1000 1500 2000 2500

2006ж. 2007ж. 2008ж. 2009ж. 2010ж. 2011ж.

(шілде)

Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік мекемелердің саны

(4)

Микрокредиттік мекемелердің тіркелу тенденциясын ескере отырып, олардың қызметтеріне 2006-2009 жылдар аралығында сұраныстың өте жоғары болғандығын байқауға болады.

Қазақстан Респбликасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылдың шілде айында еліміздегі тіркелген микрокредиттік мекемердің саны 1769 болды. Егер 2006 жылы микрокредиттік мекемелердің саны 356 болса, 2007 жылы-730, ал 2008 жылғы жағдай бойынша 1086 микрокредиттік ұйымдар, 2009 жылы 1712 ге артып отыр, бұл шамамен жылына 300 микрокредиттік мекемеге артып отырғандығын көрсетеді. Ал 2010 жылы елімізде тек 68 микрокредиттік мекеме ғана тіркелген.

Демек, бұл мәліметтер 2010 жылға қарағанда 2011 жылдың шілде айына дейінгі тіркелген микрокредиттік мекемелер санының 11 ге аз екендігін көрсетеді. Жалпы алғанда келтірілген мәліметтер микрокредиттік мекемелер санының соңғы екі жылда төмендегендігін көрсетеді.

ҚР микрокредиттік мекемелер қызметін талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіншілік береді: Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолауында айтылып өтілгеніндей, микрокредиттік мекемелердің басым бөлігінің тұтыну бағытында қызмет көрсетіп қана қоймай, олардың қызметінің халықты өзін–өзі жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталуы, еліміздегі микрокредиттік мекемелердің қызметін реттеу тетіктерін жетілдіріп, бақылау шараларын арттыру қажет екендігін айқын көрсетеді.

Дегенмен бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік сегменттерінің заем қаражаттарына қол жеткізушілік проблемасы әлі де болса орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде көрінеді.

Микрокредит беру секторының сапалы дамуына кедергі болып отырған көптеген проблемалар осы уақытқа дейін шешусіз қалып отыр, атап айтқанда:

- микокреиттік ұйымдар үшін берілетін қарыздың жетіспеушілігі және пайыз мөлшерлемесінің жоғарылығы;

- микокреиттік ұйымдардың өз қаражатының жеткіліксіздігі;

(5)

- микокреиттік ұйымдар үшін білікті мамандардың жетіспеушілігі;

- әдіснаманың және микрокредит беру жүйесіне қатысушыларға оқыту бағдарламаларының жеткіліксіздігі;

- микокреиттік ұйымдар техникалық базасының төмендігі;

- микрокредит беру мүмкіншіліктері мен шарттары жөнінде халықтың аз ақпараттандырылуы.

Сол себепті Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен еліміздегі микокреиттік ұйымдарды әрі қарай қолдау, оның ішінде халықтың жұмыспен қамтылушылығы сияқты халықтың кәсіпкерлік бастамашылығын қолдау мақсатында микрокредиттеудің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шараларға баса көңіл бөліп, мемлекет есебінен қолдау көрсету қажеттілігі туралы тапсырмалар берілген.

Аталмыш факторлар Қазақстан Республикасындағы микрокредит беру жүйесін әрі қарай дамыту жөніндегі жаңа бағдарламаны әзірлеу қажеттілігіне негіз болады. Ол Микрокредит беретін субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы. Бұл бағдарлама «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасындағы микронесиелік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008 – 2012 жж. арналған шаралар бағдарламасы негізінде жүргізілуде.

Бағдарламаның іске асырылуы келесідей нәтижелерге мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.

Экономикалық нәтижелер:

- 2008-2012 жж. аралығында Қор жылсайын МКҰ (микрокредиттік ұйым) қаржы ресурстарына 10%-дан көбірек қажеттілігін қанағаттандыратын болады;

- қаржы ресурстарына қол жеткізген клиенттер саны өсетін болады, және осы Бағдарламаның іске асырылуынан ғана кемінде 287 000 микрокредит берілетін болады.

Әлеуметтік нәтижелер:

- МКҰ әдеттегі клиенттері орташа есеппен кәсіпкерлік бастамашылығы бар жеке тұлғалар болатынын есепке алатын болсақ, кемінде 140 000 жұмыс орны құрылылатын және құпталатын болады.

Микрокредиттік секторды:

- микрокредиттік ұйымдардағы ақпараттық технологияларды дамыту;

(6)

- оқытатын бағдарламаларды іске асыру;

- МКҰ қызметінің заманауи стандарттарын енгізу арқылы институттық күшейту.

Осылайша, Бағдарламаның іске асырылуы Қазақстанның барлық аймағын қамтитын микрокредит берудің тұрақты және орнықты жүйесін құруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар:

экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қолжеткізуін кеңейтеді; шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту есебінен халық табысының ұлғаюына, халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылушылығын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, қаржы нарығында бәсекелестіктің дамуын ынталандыруға ықпал етеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз».- Астана, 2011.

2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы:

Жеті жарғы, 2011. — 368 бет.

3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасындағы микронесиелік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008 – 2012 жж. арналған шаралар бағдарламасы — Астана: — 2007.

4. Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы — Алматы

— 2007:

5. www.pressclub.kz/news.

6.www.prodengi.kz/.../amfok_schitaet_nuzhnym_usilit_goskontrol_

nad_mk

7. Қазақстан Республикасының әлеуметік-экономикалық дамуы. // ҚР Статистика агенттігі.-2011.

Referensi

Dokumen terkait

Корниенко ОБРАТНАЯ СВЯЗЬ КАК ИНСТРУМЕНТ ПОВЫШЕНИЯ КАЧЕСТВА ПРЕПОДАВАНИЯ РАЦИОНАЛЬНОЙ ФАРМАКОТЕРАПИИ Медицинский университет Караганды Караганда, Республика Казахстан Статья

3299 22 Антимонопольного закона организации вправе не согласовывать сделки по слиянию, если один из участников сделки является собственником 50 или более процентов голосующих акций