• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӚЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӚЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

УДК: 349.41(574)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӚЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна , [email protected] Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ-і Заң факультетінің 3 курс студенті , Астана,

Қазақстан Ғылыми жетекші – А.З. Каскеева

Қазақ тілі – біздің ана тіліміз, туған тіліміз, анамыздың сҥтімен бойымызға сінген тіл. Бабаларымыз найзаның ҧшымен, білектің кҥшімен айқаса жҥріп бізге жеткізген қҧнды мҧрамызды сақтау, қҧрметтеу, ҽлемге паш ету – біздердің, Бҥгінгі Жастардың негізгі парызы, міндеті. «Ҿзге тілдің бҽрін біл, ҿз тіліңді қҧрметте» деп Қадыр Мырза Али айтқандай , орыс , шетел тілдеріне еліктемей, қаны қазақ, ойы қазақ Жастар болып туған тілімізде сҿйлейік.

Тҽуелсіздігіміздің тҧғырлы жиырма екі жылы ҿтті. Ата – баба арманы орындалып, қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі деп жарияланды. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында мыналар атап кҿрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.»[1] .Конституцияға сҥйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сҽйкес 4-бапта:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бҥкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жҥргiзу жҽне iс қағаздарын жҥргiзу тiлi»[3]. Бірақ осы қағиданы ойдағыдай жҥзеге асырып отырған мемлекеттік органдардың ҽрекеті жеткіліксіз болып отыр. Парламенттің жҧмыс істеп отырғанына міне 20 жыл болса да, Ҥкімет дайындаған мыңдаған заң жобаларының саусақпен санаулылары ғана қазақ тілінде ҧсынылды. Республиканың заң шығарушы органдарында заңдар, қаулылар жҽне басқа да нормативтік – қҧқықтық актілер мемлекеттік жауапты адамдардың тікелей араласуымен, ой – толғаныстарымен жазылмай, орыс тілінде дайындалады. Мҥмкін нормативтік – қҧқықтық актілердің орыс тілінде жазылуының себебі қазақ тілінде заң терминологиясының жоқтығында болар? Осы жайлы бір сҿз қозғайық[2].

140

(2)

Ҽр елдің тҿл сипаты мен ҿзіндік ерешеліктерін ескере отырып, қоғамдық қатынастарын реттейтін заңнамасы оның тҽуелсіз дамуының іргетасы болып табылады.

Егемен елімізде де Тҽуелсіздікке қол жеткен 20 жыл ішінде Ата Заңымыздан бастап, жҥздеген тҿл заңдарымыз жазылып, қолданысқа енгізілді[5].

Заң ҽрқашан тіл арқылы бейнеленеді, тілдің кҿмегімен халықтың еркі мен санасына ықпал етеді. Алайда заңның мазмҧнына тікелей ҽсер етпегенімен, тілдің байлығы, жетіктігі мен бҧрмаланбауы заңның айқындылығы мен ҧғынықты болуына ҽсер ететіні сҿзсіз.

Қазір қазақ заң терминологиясы қайта тҥлеу ҥстінде. Бірақ осы ҥрдіс жиырма жылға созылып кеткені жаман. Тҥлегені тҥлеп, керегін алып, кебегін тастайтын уақыт ҽлдеқашан ҿтіп кетті. Ҽрбір жаңа жҽне жаңарған ҥғымдарға бір-бір сҿз телініп, ол қоғамдық санада калыптасуы қажет. Егер осынау ҥрдіске болашақ биігінен қарасақ, затына аты сай келмейтін терминдер қалыптастырған біздер келер ҧрпақ алдында айыптымыз деп кесіп айтуға болады. Ҿйткені, бҥгінгі бір кҥн ертеңгі екі кҥніңмен ҿлшенеді.

Терминология мҽселесін қозғағанда біз терминдерді ҧлттық заңнама шеңберінде қарастыратынымызды бірден айтып ҿтуіміз керек. Ҿйткені заңдар қоғам ҿмірінің барлық саласын реттейтін жоғары қҧқықтық акт болып табылады. Сондықтан заңнама терминдері қоғамның тіршілік-тынысының барлық саласын қамтиды.

Қҧқықтық нормалардың тілінде заң шығарушының еркін дҧрыс жҽне дҽл білдіруге қажетті қандай да бір кҽсіптік ҧғымдарды бейнелейтін заңи терминдердің жетілген жҥйесі болуға тиіс.

Мҽселенің тҥйіні нормативтік қҧқықтық актілер жобаларын қазақ тілінде ҽзірлеуде жатыр. Сонда ғана бірнеше сатыда алуан тҥрлі мамандар талқысынан ҿткен ҽмбебап терминдер қалыптасар еді[6].

Ҿкінішке қарай, тілді білгенімен, кҽсібін терең меңгермеген, кҽсібін білгенімен, қазақ тілін жетік білмейтін заңгерлер бар. Соның салдарынан заң шығармашылығы мен қҧқықтану саласындағы қазақ тілінің қолданысында кҿптеген кемшіліктерге жол беріліп жатады. Бізде кейбір жоғары білімді заңгерлер кҽсіби тіл тҥгілі, қазақтың қарапайым сҿйлеу тілін де жақсы меңгермегендіктен, оны қызметінде мҥлде пайдаланбайды. Сондықтан да, олар мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығына араласып, заң тілінің дамуына ҿз ҥлесін қосып, оның кемелдене тҥсуіне атсалыса алмайды. Бҧл – ҥлкен мҽселе. Ғылыми кадрлар мен жоғары білімді, қазақ тілді мамандар даярлауға басымдық берілуі тиіс. Заң тілінің кемшіліктерін уақтылы тҥзетіп, жетілдіріп, терминдер қорын дамытып отыру заңгерлер мен тіл мамандарының кҽсіби міндеті. Ал, осы міндетті мҥлтіксіз атқару ҥшін, тілін жетік меңгерген, кҽсіби дайындығы жоғары мамандар шоғыры қалыптасуы керек. Бізде тілге жетік, мамандығының майын ішкен жекелеген білгір мамандар болғанымен, еліміздегі бҥкіл заң шығармашылығын, сот ісін, ішкі істер, ҽділет, прокуратура, тергеу сияқты арнаулы салалардың қолданысын тҧтастай қамтамасыз ете алатын білікті қазақтілді заңгерлер қауымы қалыптаспаған. Қашаннан «кҽсібім –нҽсібім» деген халық едік, қазір дипломды ҽйтеуір атақ ҥшін жинап, нҽсіпті кҽсіпті меңгермей-ақ табуға болады деуге кҿштік. Бҧл бҽсекеге қабілетті ҧлт болам дейтін жҧрттың тірлігі емес. Етікшімен сиыршыны емес, етікшімен етікшіні, сиыршымен сиыршыны бҽсекелестірсек қана, шынайы бҽсекелі орта қалыптасады. Жақсы етікші мен сиыршы да сондай ортада қалыптасып, етті, сҥтті сиыр да, ҽдемі де сапалы етіктер де сонда ғана тігіледі. Бҧл

141

(3)

қарапайым қағидат осы заң саласына да қатысты[4]. Бҥгінде заңдарымыздың барлығы орысша жазылып, сосын қазақ тіліне аударылатыны ешкімге

де жаңалық емес. Заң мҽтіндерінің қазақша нҧсқасы орысшаға байлаулы екені ащы да болса шындық. Аударма сҽйкестігін қамтамасыз етеміз деп аты қазақша заты орысша мҽтін тҥзіп жатамыз. Оған аударма барысында орын алып жататын кемшіліктерді, терминдердің

жарыспалылығын қосыңыз. Кейде заң мҽтіндерін, тҥрлі нормативтік-қҧқықтық қҧжаттарды жақсы тҥсіну ҥшін оларды бірнеше рет қайталап оқуға тура келеді. Орыс тілінің кҿсемшелі оралымдары мен сҿйлемінің қҧрылымын қайталап тҧрған қазақ мҽтінін – тіл маманы мен қазақшаға жетік заңгерлердің ҿздері де ҽрең тҥсініп оқиды. Осындай аударма ретінде мысал келтіретін болсақ , Қылмыстық жҽне Қылмыстық іс жҥргізу кодекстерін алайық.Заң бойынша бҧл кодекстер қазақ тілінде жазылып, орыс тіліне аударылуы тиіс, іс жҥзінде бҽрі де керісінше.

Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық жҽне Қылмыстық іс жҥргізу кодексіндегі қателер екі бағытта ҿрбиді. Біріншісі – терминологиялық қателер, екіншісі – мағыналық қателер.

Терминологиялық қателерге тоқталатын болсақ, кеңес дҽуірі кезеңінде бҧл терминдер біршама қалыптасқан болатын, бірақ тҽуелсіздік алғаннан соң бҧл терминдерді қолданысқа енгізбей, орнына жаңадан терминдер қалыптастырды. Мысалға,

«Хищение» термині бар, оны ҚазКСР Қылмыстық кодексі «талан-тараждау» деп аударып, қоғамдық санада қалыптастырып ҥлгірген болатын. Талан-тараждың ҧрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бҿтеннің мҥлкін иеленіп алу не ысырап ету деген бес тҥрлі нысаны бар. Қазақстан Республикасының ҚК-і талан таражды «ҧрлау»

деп аударды да қарапайым халықты шатастырды, олар ҧрлық пен ҧрлауды бҿлек деп қарамайды. Мысалға, ҚК 175-б. «Ҧрлық, яғни бҿтен мҥлікті жасырын ҧрлау» десе, 178- б. «Тонау, яғни бҿтен мҥлікті ашық ҧрлау» деді, ал 177-б. мҥлде тҥсініксіз кейіпке тҥсті.

Жаңа терминдер қолданысқа енгенімен, халық оны дҧрыс тҥсіне қойған жоқ жҽне қазақ заң терминологиясының қалып тасуы ҿзінің тоқ етеріне жетпеді[8].

Ал мағыналық қателері мҥлдем ойға қонымсыз. Мысалға, ҚІЖК 162-бабынан басталатын 20-тарауын алайық. «Тікелей қылмыс арқылы немесе есі дҧрыс емес адамның қоғамға қауіпті ҽрекеті арқылы келтiрiлген мҥлiктiк жҽне моральдық зиянды ҿтеу туралы… азаматтық талаптары қаралады» деп жазудың орнына олар «есi кiресiлi- шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi ҽрекетiмен келтiрiлген мҥлiктiк жҽне моральдық зиянды ҿтеу туралы… азаматтық талаптары қаралады» деп

«тҽржіме» жасаған. Сонда талап тек есі дҧрыс еместерге қойылады деп тҥсінік шығарып , ҿздері «есі кіресілі-шығасылы адамның» қылығын жасап тҧр.

Одан ҿзге, Қылмыстық іс жҥргізу кодексінің (ҚІЖК) қазақша нҧсқасында 326- бабы 2-бҿлігінен «сот отырысының хатшысы» деген сҿз, 327-бабы 5-бҿлігінен

«прокурор» деген сҿз, 7-бабы 38-тармағынан «органдарының» деген сҿз атымен тҥсіп қалған. «Свидетельді» – ҚІЖК 82-бабы «Куҽ» дейді, 286-бабының 3-бҿлігі «куҽгер»

дейді, ал «Понятойды» – ҚІЖК 86-бабы «куҽгер» дейді, 222-бабының 5-бҿлігі «куҽ»

дейді. Сонда қайсысы «понятой», қайсысы «свидетель»?[7]

Тіпті орысша жазылып, қазақшаға аударыла берсін,бірақ аудармалар қатесіз болуын қадағалау керек. Бірлі-жарым қате ханның қызында да болады емес пе, біздің айтайын деп отырғанымыз тырнақ астынан табылған кір емес, шиқаны шығып, басы жарылып, оқысаң қазақша бір кісідей білетін біздің ҿзіміз тҥсінбейтін заңдардың

142

(4)

қазақшасы туралы. Аталған заңдарда орыс тілінің грамматикалык ерекшеліктерін ескермеуден жҧрт санасын сарсаңға салатын тҧстар ете кҿп.

Заңды мемлекеттік тілде жазатын адам жоқ деп, ауызды қу шҿппен сҥртіп, ҽрекетсіз отыра беру – оңай, ал жоқтан бар жасау қиын, ҽрине. Қандай да болсын жаңа іс ҿмірге оңайлықпен жолдама ала алмайды, сондықтан бҧл іске соны серпін беріп, бір арнаға салу ҥшін жҧрт болып жҧмылуымыз керек. Ҥкімет тарапынан заң жобаларын ҽзірлеуші мемлекеттік органдар заң шығару ісіне оның қыр-сырын, заң техникасын жетік меңгерген, белгілі заңгерлерді тартып, оларға қазақтың тілін жетік білетін, бас- аяғы бҥтін сҿйлем қҧра алатын мамандарды қосып берсе, бҧл істен кҥш пен қаржыны аямаса, тап осындай кҥйде отырмас па едік деген де ой келеді.

Ал осы ойды жҥзеге асыру ҥшін келешек ҧрпақ, бҥгінгі жастар, бір адамдай еліміздің болашағы ҥшін ат салысуы тиіс. Заң терминологиясы бҥгін қағазда жазылса , ертең қарапайым қазақтың ҿмірін таразыға салады. Сондықтан Ата Заңымызда жазылғандай, басты қҧндылығымыз адам , оның ҿмірі мен денсаулығын сақтау ҥшін, қазақ заң терминологиясының тоқсан ауыз сҿзінің тобықтай тҥйініне жеткізейік.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.

2. Дҽуітҽлі Омашҧлы. - Заң қай тілде жасалып жатыр? - Егемен Қазақстан 2010 ж.

3. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңы.

4. Шерубай Қҧрманбайҧлы. .Заң тілінің терминдер қорын дамыту заңгерлер мен тіл мамандарының міндеті.. - Заң газеті. № 141 (2146). 20 қыркҥйек 2012 жыл.

5. Алмас Ж. Қылмыстық заңдардағы қателер. 12сҽуір 2012 жыл. www.namys.kz 6. Болат Райыс. Қазақ тілінің заң терминологиясы қалыптасқан ба?

www.abai.kz

7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жҥргізу Кодексі 1997 жыл 13 желтоқсан.

8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 1997 жыл 16 шілде.

Referensi

Dokumen terkait

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: 1 барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi; 2 мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен

[email protected] Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, Заң факультетінің магистранты Ғылыми жетекші – Ж.Бұсұрманов Бұл мақала әйелдердің саяси құқығы және олардың ерлермен саяси тең құқығы