• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 327 (524)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Ҥміталиева Әйгерім Студент. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті. Астана қаласы

Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Даркенов Қ.Ғ.

116

(2)

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ҧмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сҧхбат жҥргізуге талпынысымен және кӛпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз ӛзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты кӛп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, кӛршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртҧтастығын кҧрметтеу принципіне негіздеп жҥргізіп келеді. Қазақстанның ӛзге мемлекеттермен тең қҧқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас қҧруға дайындығы оның бҥгінгі кҥні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының кӛптігімен дәлелденіп отыр.

1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Кӛптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.

Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансҧлттық корпорациялардың, ӛзге мемлекеттердің ҥлкен қызығушылығына ие. Бҧл тҥсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы кӛшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мҥмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бҥгінгі кҥні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы кӛршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең қҧқылы қарым-қатынас қҧруга бағытталып отыр. Бҧл тҧрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мҥддeciнe қатысты бірталай маңызды қҧжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай тҥсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен кӛршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге кӛтерілді деуге болады.

Қазақстанның сыртқы саясатына шолу жасасақ:

- Қазақстан дҥние жҥзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты және халықаралық 64 ҧйымға мҥше болды;

- Қазақстан 1300-ден астам халықаралық және ҥкіметаралық келісімшарттар мен келісімдер жасады;

- Қазақстанда шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ҧйымдардың 70-тей ӛкілдігі тіркелген;

- Шет елдерде Қазақстанның 50-ден астам елшілігі, дипломатиялық миссиясы мен консулдығы бар;

Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:

- Мемлекеттік мҥдделерді қорғау;

- Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту ҥшін қажет ӛте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету;

- Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең қҧқықты ҥзеңгілестік пен қызметтестікті дамыту;

- Жаһандық және аймақтық кірігу ҥдерісіне белсенділікпен қатысу;

- Жаһандық және аймақтық тҧрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ӛркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті дамыту;

- Халықаралық ҧйымдармен қызметтестікті дамыту.

Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері:

- Әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ҧйымдар тарапынан Қазақстанның егемендігінің мойындалуы;

- Кӛп бағытты сыртқы саясат жҥргізу;

- Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның халықаралық беделінің артуы;

- ҚР Президенті Н.Назарбаев кӛтерген кірігу жобаларының жҥзеге асырылуы;

- Халықаралық аренада Қазақстанның оң сипатты имиджін қалыптастыру;

(3)

- Қазақстанның экономикалық потенциалы мен инвестиция салуға тартымдылығын ілгерілету;

- Ҧлттық саясат пен экономикалық мҥдделердің шет елдерде қорғалуын қамтамасыз ету.

Қазақстан сыртқы саясатында басты ҥш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мҧхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты ӛркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты кҥшейте отырып, алдыңғы қатарлы ӛркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі кӛрші мемлекеттермен, солтҥстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Орталық Азия мемлекеттерімен де ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Қазіргі кезде Қазақстанның кӛп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген кӛршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр[1,124-125]. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша кӛршілес елдермен тығыз қарым- қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты.

Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ қҧру идеясын алға тартып отыр. Бҧл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Ӛзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Тҥркменістан сияқты мемлекеттер де кipyi мҥмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси- экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бҧл қҧжаттар Қазақстанның кӛршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта тҥсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жҥзеге асыру ҥшін айтарлықтай серпін беріп отыр.

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады[2,24]. Бҧл мемлекетпен біздің ел кӛп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Ӛзара бӛлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ҧзындығының ӛзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының ӛзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, кӛлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс ӛнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртҧтас спектрі кӛптеген екі жақты қҧжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы кӛптеген аймақтық ҧйымдар шеңберінде ӛзара белсенді әрекеттесуде. Сӛз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ҧйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей ӛзара дипломатиялық қарым-қатынас қҧрғанының 20 жылдығын атап ӛтеді.

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір кӛршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму ҥстінде. Бҧл - Кытай Халық Республикасы. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жӛніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жҥргізілді. Бҧл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мҧнда негізінен - шекараларды бҧзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркҥйекте Алматыда болған келіссӛздің нәтижесінде – Батыс

(4)

Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мҧнай қҧбырын жҥргізу жӛніндегі шартқа қол қойылды. Қытай ҥкіметі бҧл жҧмысқа 9,5 млрд.доллар жҧмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы ӛсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында кӛптеген ipi жобалар жҥзеге асырылып отыр. Ҧдайы қарым- қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.

Оған қоса Қазақстанның Америка Қҧрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая тҥсуде[3,202]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая тҥсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сҧхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен кҥрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Казақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық ӛндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей тҥcyi турасында 2006- 2007 жылдар аралығында бҧл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап ӛтуге болады.

2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайтты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бҧның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге кӛтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бҧл біздің ел Президентінің араб және мҧсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бҧл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ҧлы ғҧламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бҥгінде Дамаскеде жерленген ҧлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сҧлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мҧраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сҧлтан Бейбарыстың кесенесінде жӛндеу жҧмыстарын жҥргізуге қаржы бӛліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бҥгінгі кҥні республикамыз әлем ауқымындағы ӛзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мҧсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бҧл сыртқы істер министрлері деңгейінде жҥзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сҧхбат кҧруға мҥмкіндік берген ӛзінің халықаралық тәжірибесіне сҥйене ортаға салуда. Бҧған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда ҥш рет ӛткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҦҦ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сӛйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҦҦ аясында ӛткізілуі туралы ҧсыныс жасады.

Соңғы жылдары Казақстан Еуропа Одағына мҥше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бҧл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО ҥштігі - Орталық Азия елдері»

диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап ӛту қажет. «ЕО ҥштігі - Орталық Азия елдері»

аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың кӛктемінде Казақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында ӛтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тҧсаукесер рәсімі ӛтті.

Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының ӛcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Тӛрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте ӛткен G-8 саммитіне қатысуға мҥмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және

(5)

аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сҧхбат барысында екі жақты және кӛпсалалы ынтымақтастыққа байланысты кӛптеген мәселелерді талқылады.

Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бҧрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бҧрынғы КСРО республикаларының басым бӛлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да тӛрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Тӛраға ретінде Қазақстан ТМД ҧйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мҥше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде ӛткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте ӛткен Достастыққа мҥше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ҧсынысы республикамыздың ТМД ҧйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық кӛшбасшылары жылына бip кӛкейкесті мәселені қарастыруды ҧсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ ӛзекті мәселе кӛші- қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Тӛрағасы ретінде Қазақстан кӛлік және коммуникация мәселесін талқылауды ҧсынды. Бҧрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мҥше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ҧйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мҥше. Олар Ресей, Ӛзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мҥмкіндіктері мен белсенділігі бҧл ҧйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жҥргізудегі республика басшылығының кӛрегендік шешімдерімен мҥмкін болды. Бҧл тҧрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тҧру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас қҧру мәселелерін атап ӛтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мҥддесі турасында халықаралық аренаға ӛз бастамаларымен шығуға мҥмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ҧйымына (ЕКЫҦ) бҧрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің кӛшбасшысы ретінде тӛрағалық етуге 2003 жылы ӛз кандидатурасын ҧсынуын атап ӛтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Тӛрағалыққа ҧсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған кӛптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҦ-да тӛрағалық етуге ӛз кандидатурасын ҧсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ҧйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi кӛбейіп келе жатқан тҥрлі қауіпке тӛтеп бере алатын кҥшті, әpi тиімді ҧйым ету болып табылады.

Қазақстанның ЕКЫҦ тӛрағалық етуге ҧмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында ӛткен ЕКЫҦ-на мҥше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бҧл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҦ тӛраға болуда. Мадрид қҧрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бҧл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ҧйымның тӛрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ӛзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ҧсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде ҥлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҦ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Ӛйткені ЕКЫҦ -на тӛрағалық ету - бҧл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жҥйесіне интеграциялануының, ҧйымның бас мҥшелерімен жалпы еуропалық ӛзекті мәселелерді шешу турасындағы тең қҧқықты сҧхбатты жалғастыру мҥмкіндігі болып табылады.

(6)

Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Ӛзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жӛніндегі Кеңесті (АӚСШК) жию идеясының жҥзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бҧл кезден бepi Қазақстан АӚСШК мҥше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте ӛткізіп ҥлгерді. Бҧл басқосулар халықаралық деңгейде ҥлкен бағаға ие болды.

2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында ӛткен АӚСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ҧйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӚСШК-не азиялық 20 мемлекет мҥше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ҧйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жҧмысы Азиядағы тҧрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бҧл ҧйым бейбіт сҧхбат және Азия кҧрлығындағы кҥрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды.

ЭСКАТО-ға мҥше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында ӛткен Азия мен Тынық мҧхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҦҦ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бҥкіл Орталық Азия ҥшін маңызды шараға айналды. Бҧндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тҧңғыш рет ӛткенін атап ӛту қажет.

Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ҧйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ҧйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымы болып табылады (ШЫҦ)[4,346-347]. 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ҧйымын (ШЫҦ) қҧру бастамасына ат салысты және де дәл осы ҧйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҦ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Ӛзбекстанның басын қосып отыр, ал бҧл ҧйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Ҥндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҦ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда- экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша кӛптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сҧхбат жҥргізу мҥмкіндігіне ие және де бҧл ҧйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен кҥресуде кҥш жҧмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҦ саяси тҧрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рӛлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ҧйымға айналуына септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жҥргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын кӛрсетіп отыр.

Бҧл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дҧрыс және тиімді жҥргізуіне байланысты мҥмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. кӛлемінде тікелей шетелдік инвестиция қҧйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тҧрақты кӛбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының кӛлемі 9 есеге кӛбейіп, ҚР Статистика жӛніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. қҧраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бҧл республика жҥргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бҥкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Тҥркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бҧл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында кӛшбасшы. Кеңейген экономикалық мҥмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар кӛз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тҧрақтылық экспортері» ретінде бҥкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бҧл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мҥмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мҧнай мен газдың ҥлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жҥйесінде маңызды рӛл атқаратын әлемдік нарыққа кӛмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мҥмкін.

(7)

Әдебиеттер

1. Внешняя политика Республики Казахстан: Учебник /Под общ.ред.

К.И.Байзаковой.

–Алматы: Қазақ университеті, 2006. -306 с.

2. Дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. – А.: «Дом печати «Эдельвейс», 2004. -544 с.

3. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. Астана: «Елорда», 2001. -552 с.

4. Аяган Б.Г., Абжанов Х.М., Селиверстов С.В.., Бекенова М.С. Современная история Казахстана. – Алматы: Раритет, 2010. – 432 с.

Referensi

Dokumen terkait

Шаң мен құмды дауылдар – бұл Орталық Азия мен Қазақстанның шөл мен шөлейт аймақтарында, әсіресе оңтүстік аймағында, әртүрлі шөлдермен жабылған табиғи минералды және тұзды