• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ЕҢБЕККЕ ҚАТЫСУЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ЕҢБЕККЕ ҚАТЫСУЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

Журунова М.К.

Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық іс жүргізу, жер және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ЕҢБЕККЕ ҚАТЫСУЫ

БҰҰ-ның әйелдердің саяси құқықтары туралы құжаттары зерттеулер мен іс-әрекеттердің бастапқы маңызды тұғырнамасы қызметін атқарады.

Әйелдердің саяси құқығы туралы конвенция, әйелдер құқығы саласындағы бірінші халықаралық құжат бола отырып, әйелдер құқығын жаппай құрметтеу мен сақтауға қол жеткізуде әлеуметтік-экономикалық деңгейлері әр түрлі мемлекеттер ынтымақтастығы мүмкіндігінің дәлелі болды. Ынтымақтастықтың құқықтық негізі ретінде де конвенция осы салада қазір де өзекті болып отыр.

БҰҰ-ның құжаттары бойынша, фин социологы Анна-Лиза Сисихарьдің зерттеуі жалпы мемлекеттік сайлауларда дауыс беру құқығына әйелдердің қол жеткізгенін айғақтайды:

1. 1893-1916 жж., Бірінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін – 6 елде (Австралия, Финляндия, Дания, Исландия, Жаңа Зеландия мен Норвегияда);

2. 1917-1920 жж. – 15 елде (Австрия, Канада, Чехословакия, Германия, Венгрия, Ирландия, Люксембург, Нидерланды, Польша, УССР, БССР, РСФСР, Англия, АҚШ, Швецияда);

3. 1921-1944 жж. – 14 елде;

4. 1945-1950 жж.- 21 елде (ең бастысы, дамушы елдерде);

5. 1951-1967 жж.- 57 елде (дамушы елдерде).

Бұдан әйелдер өздерінің саяси құқықтарына біртіндеп ие болған деген қорытынды шығады.

Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге араласуы туралы ойлағанда, біз міндетті түрде: әйелдер үшін қоғамдық-саяси өмір деген не? Оған қалай қатысуға болады? Мұндай қатысу әйелдер үшін қандай артықшылықтар мен келеңсіз салдарға әкеп соғады? деген сұрақтар қоямыз.

Әйелдердің саяси құқығы және олардың ерлермен саяси тең құқығы мәселелерімен Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссия айналысқан. Бұл ретте әйелдерге саяси құқық беру мәселесі басым түсті.

1950 жылы Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссия Әйелдерге ерлермен бірдей саяси құқық беру туралы конвенция жобасын әзірлеуге БҰҰ-ның Бас Хатшысына өтініш білдірді. 1952 жылы Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқығы туралы конвенцияны қолдады [1].

КССР кезінде-ақ әйелдердің саяси құқығы мәселесіне жоғарғы лауазым мен қызметтегі әйелдердің санын көбейту талабы ретінде ғана қарауға болмайды деп есептелетін. Әйелдердің сыртқы және ішкі саясат мәселелерін шешуге қатысуын кеңейту мәселесі күн тәртібіне қойылды.

(2)

Әлем неғұрлым күрделі әрі өзара тәуелді болған сайын, біз де жер шары тұрғындарының жартысының іскерлігі мен дағдыларын ескермеуге жол бере алмаймыз. Әрине, әйелдер барлық сұрақтардың жауабына билік етпейді, дегенмен, жер халқының жартысын құрай отырып, олар осы сұрақтардың жартысына жауап бере алады. Біздің саяси институттарымыз өз құрамына әйелдердің 50 %-ын қоспайынша, шын демократияның болуы мүмкін емес.

Әйелдің саясаттағы рөлі қоғамда үстемдік етуші идеологияға, сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшелігіне байланысты болады.

1985-1991 жж. Қайта құру саяси сипаттың жаңа үлгілерінің қалыптасу, сайлауға жаппай саяси қатысу кезеңі болды. Қоғамның саяси белсенділігі Қазақстанның тәуелсіздік алып, тұңғыш президенттің басшылығымен жаңа мемлекеттің құрылуына байланысты сол деңгейде уақытша ғана қолдау тапты. Алайда, одан кейінгі кезеңде саяси белсенділіктің, саяси қатысуға деген қызығушылық пен саяси билікке деген сенімнің төмендеуі сипат алды.

Ол, сондай-ақ, әйелдің саяси қатысуы кеңестік дәуірдегі сияқты, айрықша болып қала беретіндігін көрсетті.

Пікірсайыс, конгресс, конференцияларда үнемі мынадай сұрақ қойылады: "Әйелдің толық құқылы түрде саясатты меңгеріп алуына, оның қалыптасуы барысында лайықты әріптесі болуға не кедергі?". Ең алдымен, мына сұраққа жауап берген жөн: қоғам ауқымында, шешім қабылдау деңгейіне қатысудың төменгі деңгейі қандай мөлшерде өткеннің мұрасы болып табылады және оның қайнар көздерін қазіргі күрделі болмыстан қаншалықты мөлшерде іздеу керек. Мұнда өзінің сипаты, қайнар көзі, шығу уақыты әр түрлі факторлар кешенінің бар екендігі сөзсіз. Олардың ең бастыларын қарастырайық:

1. Саясат — әйелдің ісі емес деп қарайтын патриархалдық бұқаралық сана тұрақты стереотип пен әйел үшін әлеуметтік еріксіздіктің қос өлшемін қалыптастырды. Әйел ең алдымен күйеуіне, ер адамға, одан кейін мемлекеттің қамқорлығына бағынышты, тәуелді болды. Жыныстық тегіне байланысты теңсіздік, шын мәнінде, ұлттық дәстүрге айналды.

2. Саяси жүйені реформалау қоғамның әйелге деген қатынасының «қос стандартын» барынша айқын танытты: заңнама актілері мен әлеуметтік тәжірибені іске асыруда. Әйелдер мен ерлер құқығының заңды теңдестігі теңдесі жоқ мүмкіндік екендігін көрсетті. Бір жағынан, заңды норма мен ресми риторика, екінші жағынан күнделікті өмірлік тәжірибе арасындағы зор айырмашылық анықталды. Әйелдерге іс жүзінде саяси қызметтегі өз құқығына қайтадан ие болу қажеттігі туындады.

3. Бұрынғы саяси қатысу тәжірибесі сондай-ақ, әйелдердің ынталы әрі саяси белсенді болмауының қазіргі жарым-жарты түсініктемесі болуы мүмкін. Қазіргі жағдай — бұл әйелдерге ұсынылған рөлдерге, бастан кешкен

«екі жақты езгіге» жауап. Күшті экономикалық дағдарыс жағдайында үйдегі әйел шаруасының жүгі де ауырлады, халыққа көрсетілетін ақылы қызмет жүйесі толығымен күйреді немесе бағаның жоғарылауына байланысты қол жетімсіз болды, мектепке дейінгі мекемелерге, жергілікті және отбасы

(3)

демалысының әр алуан түрлеріне қол жеткізу мүмкіндігі азайды. Саяси белсенділік танытуға әйелдердің қазір уақыты аз. Дегенмен, сонымен қатар, дәл осы жағдай әйелдерді ұйымдарға, өз мүдделерін білдіруге және талап етуге итермелеуі мүмкін.

4. Көпшілік санасында қалыптасып қалған әйелге деген кертартпа-

патриархалдық таптаурын қатынастың беті ашылып, жойылды.

М.Горбачевтің "әйелдерді өздерінің табиғи міндетіне қайтару" деген патриархалдық тезисін көпшілікке танымал саясаткерлер жиі қағып алатын.

Оның осы күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, әйелдердің белгілі бір тобында, парламент қызметкерлері мен үкімет мүшелерінің арасында да өз жақтастары бар. Әйелдерге деген патриархалдық көзқарас бүгін де барлық жерден көрініс тауып жүр. Мұны әйелдерді жоғарғы билік органдарына ұсынатын квота жүйесін алып тастау; балалар мекемесі мен қызмет көрсету салаларының санын және оларды қаржыландыруды қысқартуға байланысты үй шаруасындағы міндет пен жұмысты үйлестіру мүмкіндігін шектеу; әйелді жұмыстан гөрі отбасына бейімдейтін отбасы туралы жаңа заңнама;

жезөкшелік, анайы шығармашылық пен әйел тәнін сауда мақсатында пайдаланудың өсуіне әкеп соғатын мәдени саясаттағы өзгерістер; Сайып келгенде, дін рөлінің күшеюінен, фундаментализм мен ұлтшылдықтың қауіпті көріністерінен көреміз.

5. Әйелдерден биліктің жоғарғы сатыларын күштеп тартып алудың басты себебі әйелдердің өздерінің жүріс-тұрыс стильдерінің жаңа саяси жағдайларға сай болмауына байланысты болды. Олар белгілі бір саяси мәртебеге кепілдік беретін қоғаммен көлгірсіген жүйедегі қатынасқа

"әдеттеніп қалған". Ол жойылған жағдайда өткенді аңсау белгілері көрінді, олар өздерінің саяси құқықтарын, атап айтқанда — өзін-өзі көрсету, ұзақ та қажырлы күрес жүргізу, өз мүдделерін қорғап қалу құқықтарын пайдалана алмады. Қазір мәселе былай қойылды: әйелдердің өздері өз саяси міндеттерін қалыптастыра ала ма, әлде саяси үдерістің субъекті емес, объектісі болып қала бере ме.

6. Әйелдердің алға басуынан сөзсіз көрінген маңызды фактор партиялар жүргізген саясат болды. Олар әйелдердің билікке ұмтылуына іс жүзінде бірауыздан қарсы болды. Бұл бағдарламалық құжаттардан да, сондай-ақ әйелдер арасындағы саяси жұмыстан да көрінеді.

7. Әйелдердің саясатқа баруды қаламауының басқа да себептері бар:

• әйелдер саясат рөлінен гөрі, ана мен әйел рөлін анағұрлым артық деп есептейді;

• әйелдер өзінің кәсіби жоғарылауына мансап нұқсан келтіреді деген күйеулерінің бағдарын көбірек қолдайды;

• әйелдер үй шаруасына, отбасын асырап сақтау проблемасына көбірек жақын;

• саясат - "лас іс", әйелдер оған араласпауы керек;

• саяси науқандарды (мысалы, сайлау) және т.б. жүргізу үшін әйелдердің ресурсы жеткіліксіз [2].

(4)

Әйелдердің саясатқа араласуы мәселесі жөніндегі қоғамдық пікірді зерттеу қызық жағдайларды анықтайды. Әйелдердің арасында саясат — әйелдің ісі емес деген пікірдің басым екендігі анықталды. Сонымен, 1996 ж.

Қазақстанның Даму институты жүргізген әлеуметтанушылық сауалдамада әйелдердің тек 6% ғана өздерінің мемлекет саясатына араласуды қалайтындығын айтса, 2000 ж. бұл сан 12,5 %-ға дейін артқан.

Қазақстанның ЕЫҚҰ-да төрағалық етуі қарсаңында елімізде адамзаттың тамаша жаратылысының елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуының өсу үрдісі байқалады.

Еліміздің парламенті мәжілісіндегі әйелдер саны өткен бірлескен шақырумен салыстырғанда екі есе артқан және 20-ға жуық пайызды құрайды;

барлық деңгейдегі мәслихаттарда – 17 пайыз. Облыстық мәслихаттағы ең көп әйелдер саны Қостанай облысында – 36 пайызға жуық. Әйелдер атқарушы билік органдарына белсенді барады – 64000 әйел, немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 58 пайызы. Сонымен, бүгінгі таңда республикамызда кәсіпкер-әйелдердің жобалары 16 млн. долларға қаржыландырылған.

2004 жылғы сайлауда саяси партиялар бір мандаттық округтер бойынша 45 әйелді және партия тізімі бойынша – 24 әйелді ұсынған. 1999 жылғы сайлаумен салыстырғанда – бұл сан екі еседен аса артқан. Алайда, 1999 жылы қанша әйел өтсе, бұл жылы да парламентке сонша әйел өткен. Тек 2,6% респондент-әйелдер ғана саяси ойындарға қатысуға ұмтылыс білдірген, қоғамдық-саяси қозғалыста - 3,8 % [3].

Қазіргі кезде әйелдер саясатқа белсенді араласады, саяси өнерге үйренуде және шын мәнінде саясаттағы әйел емес, саясаткер-әйел болуды қалайды.

Қазақстандық саяси элитаны жаңарту саяси сауатты және қоғамдық істе белсенді әйелдердің қатысуымен іске асуы тиіс. Осыған байланысты, әйелдердің жүріс-тұрыс мәнерін, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын және т.б. жетілдіруге көмектесуге қабілетті арнайы мектептер құру қажеттілігінің кезі келді. Көшбасшы-әйелдерді дайындауда әйелдердің қоғамдық бірлестігі маңызды рөл атқарады. Қоғамдық ұйымдардағы жұмыс әйелдер үшін жақсы мектеп болып табылады, олар үшін өткізілетін семинар, тренинг, курстар мен сынақ істерін де жоққа шығаруға болмайды. Шешім қабылдаудың жоғарғы деңгейіне көтеру үшін әйел кадрларды дайындау — көп баспалдақты, көп қырлы жұмыс, бұл — шаралардың тұтас жүйесі. Оны басқарушы кадрларды дайындаудың жалпы жүйесінен бөлуге болмайды, бірақ, дегенмен, бар стереотип, психология, жұмыс тәжірибесімен байланысты айқын ерекшеліктерді ескеру керек. Бұл ретте әйелдердің саясатта алға жылжуына күшті фактор ретінде мойындалған бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады.

Мұның Еуропа немесе Орталық Азия екендігіне қарамастан, қоғам өміріндегі әйелдердің саясатқа араласуы мәселесі шешімін таппаған деген қорытынды шығаруға болады. Әйелдерге ерлермен бірдей елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне араласуға мүмкіндік беру керек.

(5)

Қазақстан әйелдерінің әлі де толық сұранысқа ие бола қоймаған зияткерлік және адамгершілік әлеуеті ерлердің, әйелдер мен балалардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге жол ашады; бейбітшілік пен молшылық, қоғамдық даму біздің республикамызды мықты, гүлденген елге айналдырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Дмитриева Г.К. К созданию Конвенции о политических правах женщин// СЕМП 1969.-М, 1970.-с.301

2. Р. Сарсембаева «Политическое лидерство женщин: механизмы вхождения во власть, препятствия, пути преодоления».

3. Национальный план действий в области прав человека в РК на 2009- 2012 годы.- Астана: 2009.

Referensi

Dokumen terkait

Мысалы, туншыгу жэне ток жаракаты тетенше жаFдайлары бойынша такырыптар; жабык бас ми жаракаты жэне жаралар жаракат нэтижес1нде дамыFан к1д1р1сс1з жаFдайлар бойынша такырыптар жэне