• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Алманиязова Х.Э., Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ- нің заң факультетінің 1-курс магистранты ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Данная статья посвященна причинам возникновения ядерного оружия, его дальнейшего развития, а также роли ООН и других международных организаций в соглашениях о его нераспросстранении и неприменении.

Ключевые слова: «холодная война», гонка вооружений, ядерная политика, договор о ядерном нераспространении,международное право.

This article is devoted to the reasons of nuclear weapon appearing, its next development, also the role of the UN and other international organizations in this global problem.

Key words: cold war, armament race, nuclear policy, treaty of nuclear disarmament, international law.

XX ғасырдың екінші жартысында ядролық қару сияқты жойқын қару түрлерінің пайда болуы мен оны жетілдіруге байланысты адамзат өркениетінің құрып кету қауіпі сезіліп, ол еселене түсті. Хиросима мен Нагасаки қасіретінен сескенген адамзат ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы ойлана бастады. Аталған мәселе айырықша өткір талқыланып, маңызды рөлге ие болды. Мемлекеттердің өзара байланыстылығы мен тәуелділігі жағдайында қандай да бір жанжалдың ушығуы, жалпы дүниежүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке келеңсіз әсер ететінін түйсіну үшін әлемдік қауымдастыққа біраз уақыт қажет болды.

АҚШ пен бұрынғы КСРО басшылық еткен, ешқашан бітіспес жүйелердің блоктық ядролық тайталас заманында "ықтимал дұшпанды тежеу" немесе "кепілді құртып жіберу"

құралы ретінде жер бетіндегі тіршілікті түбімен талай рет жойып жіберуге жететін ядролық қарудың орасан зор арсеналы жиналды. Ядролық қару халықаралық қатынастарда саяси бопсалау құралына айналды. Күш тепе-теңдігінің "өлшемі" нақ ядролық қару болатын.

Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық қатынастардың көпжақты қауырт трансформациясы байқалады. Бұрынғы биполярлы қатынас орнына әлемде мемлекеттердің, мемлекет түсті институттардың, мемлекеттік емес ұйымдар мен қозғалыстардың қарым-қатынастарының басқа принциптері мен модельдеріне негізделген әлдеқайда күрделі құрылым орнады.

Осыған орай, ядролық саясатта да жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туды. Себебі, әлемдегі саяси күштердің қайта құрылуының негізгі мәселелерінің бірі болып жаңа әскери-саяси жағдайдағы ядролық қарудың ролін анықтау саналады.

Әскери немесе саяси қажеттіліктер туындаған кезде мемлекеттердің ядролық қаруды алу немесе жасау мүмкіндігі жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қауіпті Үшінші дүниенің бірқатар мемлекеттеріндегі жағдайдың тұрақсыздығы батысқа қарсы көңіл-күйдің пайда болуы НАТО-ның Югославияға және АҚШ-тың Иракқа қарсы сияқты іс-қимылдардың құрбаны болудан сақтану сияқты факторлар күшейтіп отыр.

Қазіргі кезде ядролық қаруға ие болу және оны алу мен жасауға қабілеттілік қана емес, мемлекеттердің ядролық қару жасау туралы саяси шешімнің декларациясы барған сайын үлкен мәнге ие болуда. Бұған 2002-2003 жылдардағы Солтүстік Корея дағдарысына байланысты халықаралық жағдайдың тұрақсыздануы мысал бола алады.1

1 Договор о нераспространении ядерного оружия от 1968 года // Сборник документов по международному праву. - Алматы, 1998. - Т. 1. - С. 253.

(2)

Бүгінде ядролық қарудың таралу қаупін азайту іс-қимылдары даулы аймақтардағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін қолданылатын әскери күш жолымен емес, дипломатиялық және экономикалық жолмен жүзеге асыруы тиіс.

Бұған Солтүстік Корей басшыларының 2003 жылы КХДР-дің АҚШ тарапынан қысым болған жағдайда, қатаң шаралар қолданатыны туралы мәлімдемесі мысал бола алады. Бұл мәлімдеме Пентагон әскері Парсы шығанағындағы 120 мыңға жетіп, Иракта соғыс жүргізілетіні белгілі болған кезде жарияланған болатын.2

Осылайша, мемлекеттер ғаламдық және аймақтық дәрежедегі ядролық қаруландыру саяси, әскери, геостратегиялық, мәдени, тарихи тағы басқа шарттарға байланысты қарастырылады. Мұны қалыптасушы жүйені бағалауда есепке алуы керек.

Ядролық қаруды жасаудан «бас тарту» мүмкін емес, ал оған тыйым салу немесе жою аз уақытта қолдан келмейді. Осы себепті, ядролық қару алдағы болашақтағы әлемдік саясаттың маңызды элементі болары анық. Осыған орай, ядролық көпполярлылық халықаралық қатынастардың тұтас жүйесін құрайтын маңызды құрамдас бөлігі деп санауға негіз бар.

Әр түрлі елдердің ядролық бағдарламасын талдаулар көрсеткендей, ядролық қаруды құру үшін кемінде экономикалық және ғылыми-техникалық база, сондай-ақ, саяси және әскери-техникалық сипаттағы себептер болу керек.

Жалпы алғанда, қазіргі әскери-саяси жүйеде ядролық қаруға қатысты мүдделерге ие мемлекеттерді бес топқа бөлуге болады:

Біріншісіне ресми ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай (ЯҚТК арқылы 1968 жылы белгіленген).

Екінші топ - ЯҚТК-не мүше емес, бірақ ядролық қаруға ие мемлекеттер – Үндістан, Пәкістан және Израиль. Оларды «мойындалмаған» ядролық мемлекеттер деп атауға болады.

Үшіншісі - ядролық қаруды жасауға және қолдануға экономикалық және технологиялық күші бар, сондай-ақ, ядролық қаруды құру мақсатын көздейтін мемлекеттер: Иран, Ирак, Ливия және Солтүстік Корея. 2002 жылы АҚШ президенті олардың ішінен мейлінше қауіпті үш мемлекетті – Ирак, Иран және КХДР-ды бөліп көрсетіп, оларға «зұлымдық ошағы» деген атау берді.3

Төртіншісі - ядролық салада сынақтар өткізген немесе өз территориясында ядролық қаруға ие болған, бірақ кейін одан бас тартып, 90 жылдары ЯҚТК-не қосылған мемлекеттер: Алжир, Аргентина, Белоруссия, Бразилия, Қазақстан, Румыния, Украина, ЮАР.

Бесінші топқа дамыған индустриалдық базаға ие, 60-70 жылдары ядролық зерттеулер жүргізген, ал қазіргі кезде ядролық емес мемлекет ретінде ЯҚТК-не мүше мемлекеттер жатады.

Ядролық қаруды таратпау ісінде және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ядролық қарудан азат аймақтар (ЯҚАА) құру үрдісінің зор маңызы бар. Ядролық қарусыз аймақ идеясы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және жалпы қарусыздану шарасы ғана емес, сондай-ақ бұл аймақтық қақтығысты жағдайларды бәсеңдетудің елеулі факторы ретінде қабылданады.

Осы орайда мынадай нәрсені айтқымыз келеді: ядролық қарусыз аймақ, оған қатысушы мемлекеттерге ядролық қаруды таратпау туралы шартпен (ЯҚТШ) салыстырғанда нақты жағдайларға қатысты кейбір артықшылықтар береді. Олар ядролық державаларға тиісті ядролық қаруды орналастыруға тыйым салып, ядросыз мәртебесін толық орнатады (бұл ЯҚТШ-да ескерілмеген); ядросыз аймаққа қатысушылар, бұдан

2 Есали, А, Төлепберген, М. Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан бүкіл әлемге өнеге:

Еуразиялық медиа-форум 2007// Егемен Қазақстан.- 2007.- 21 сәуір.- 3 б.

3Жебин А.З. «КНДР: традиции и совремменость» // Восток/Orients. - №2. -2003. – c.56

(3)

басқа, қалыптасқан тәжірибеге сәйкес ядролық державалар тарапынан заң жүзінде міндетті қауіпсіздік кепілдіктерін алады (ЯҚТШ-на қатысушы ядросыз елдер мұндайдан құралақан).

Халықаралық қауымдастық ЯҚАА құру туралы идеяны әрқашанда жойқын қарудың таралуымен күрестегі ең пәрменді де тиімді құралдарының бірі деп санайды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) 1968 жылы 12 маусымда қуаттап, оны сол жылдың 1 шілдесінде Мәскеуге, Вашингтонға және Лондонға қол қоюға ұсынды.4 Құжат депозитарий мемлекеттер – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да 40 ел ратификациялы грамотоларын сақтауға тапсырғаннан кейін, яғни 1970 жылғы 5 наурызда күшіне енді. Шартқа Франция мен ҚХР 1992 жылы қол қойды. Бүгінде 1970 жылғы 5 наурызда күшіне енген шартқа қазір 180-нен астам мемлекет мүше болып табылады.

Таратпау режімін қамтамасыз етуде аталған құжатқа ерекше рөл беріледі. Оның міндеті ядролық қару мен қару технологияларын таратуды болдырмау арқылы барлық елдердің қауіпсіздігін нығайту және ядролық энергияны халықаралық қауымдастықтың қатаң бақылауымен бейбіт мақсатта пайдалану ынтымақтастығына қолдау көрсету болып табылады. Бұл – ядролық қарусыздандыру мақсатында ядролық қаруы бар мемлекеттердің міндеттемелерін мүлтіксіз орындауларын талап ететін жалғыз көпжақты акт.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1968 жылғы 19 маусымдағы қарары мен үш ядролық держава – КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның Шартқа мүше ядролық қарусыз мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесі жөніндегі ұқсас мәлімдемелері құжаттың маңызды қосымшасы болып табылады.

Ядролық қаруды таратпауды бақылау Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің көмегімен жүзеге асырылады. 1994 жылғы ақпанда Атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) мүше бола отырып, Қазақстан сол жылдың шілдесінде МАГАТЭ- мен Кепілдіктер туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады.

1994 жылғы 5 желтоқсанда Будапештте өткен ЕҚЫҰ саммитінде Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылғанына байланысты Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды. Кейін Қазақстанға мұндай кепілдікті Қытай мен Франция да берді. Бұл құжатқа қол қою халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару туралы міндеттемелерін толық және мүлтіксіз орындады деп танығанын білдіреді.

Қазақстан ЯҚТШ-қа қол қойғаннан бастап, оның міндеттемелерін қатаң сақтап келеді.5 Біз ЯҚТШ-қа мүше ядролық қаруы бар және ядролық қаруы жоқ барлық мемлекеттердің міндеттемелерін орындау арқылы ядролық қарусыздануды кезең- кезеңімен әрі мүлтіксіз жүзеге асыруын қолдаймыз.

Ядролық қарудан азат аймақты құру – әлемдік ядролық қауіпсіздікке жетудің ең тиімді құралы. Қазіргі таңдағы бес ядролық қарудан азат аймақ 100-ден аса мемлекетті қамтиды. Ең алғашқы ядролық қарудан азат аймақ 1967 жылы Латын Америкасы мен Кариб теңізі өңірінде ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (Тлателолко Шарты) қол қою нәтижесінде құрылған болатын. Бұл оқиға өңірдегі қару-жарақты бақылау ісінде жаңа

4Любецкий В. «Эволюция ядерной политики США в 1989-2000 гг.» // Мировая экономика и Международные отношения. - №9. -2001. –c. 45

5Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.

- Алматы, 1992. -14 6.

(4)

жетістіктерге әкелді. 2002 жылы оны Куба ратификациялағаннан кейін ядролық қарудан азат Латын Америкасы мен Кариб аймағына өңірдің барлық мемлекеттері кіреді. Осы келісімнен ЯҚТШ құру туралы кейін тағы үш Шартқа қол қойылды. Олар: Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде (1985 жылғы Раротонга шарты), Оңтүстік-Шығыс Азияда (1995 жылғы Бангкок шарты) және Африкада (1996 жылғы Пелиндаб шарты). Осы құжаттардың арқасында барлық оңтүстік жарты шар ядролық қарудан азат аймаққа айналды. Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы (ОАЯҚААҚТ) бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында және осы ұйымның қолдауының арқасында іске асырылды. БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру идеясын қолдап, бірнеше қарар қабылдаған болатын. 2006 жылғы қазан айында және 2008 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы көпшілік дауыспен ОАЯҚААҚТШ-ны қолдап, қарар қабылдады.

“Әлемде іс жүзінде халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына қайшы келетін ахуал қалыптасып отыр: біреулерге қаруының болуына және оны жетілдіруге рұқсат етіледі, басқаларға – олардың болуына, тіпті әзірленуіне тыйым салынады. Бұл дұрыс емес, әділ емес, тепе-теңдік жоқ. Ядролық қаруды басқа елдер әзірлеуге тиіс емес екенін, таратылмауы тиіс екенін айта отырып, ядролық державалардың өздері өз тараптарынан өздерінде бар ядролық арсеналды қысқарту үлгісін көрсетуі тиіс. БҰҰ аясында бұл мәселенің шешімі жаһандық шаралар, барлық мемлекеттердің, ең алдымен барлық ядролық мемлекеттердің ядролық қаруды қысқарту және олардың арсеналдарын біртіндеп жою жөнінде жауапкершілігі жағына қарай қайта қаралуы тиіс.

ЯҚТШ-ға байланысты 2000 және 2005 жылдары өткен конференцияларда ядролық қаруы бар және ядролық қаруы жоқ елдердің келісе алмауынан шарттың бірде-бір ережесі бойынша ортақ шешім табылмады.

2010-шы жылдың мамырында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) жөнінде кезекті Шолу конференциясы өтеді. Бұдан бес жыл бұрынғы конференциядағыдай осынау шарттың болашағы шешілетің болады.

Ядролық қарусыз дүнеге жасалған маңызды қадамдардың бірі, ядролық қарусыздану саласындағы соңғы үрдістерді тұжырымдап, әлемдік пролетариат көсемінің белгілі сөзін сәл өзгертіп келтірсек, бүгінде былай деп айтуға болар еді: “Нұрсұлтан Назарбаев көптен бері айтып келе жатқан нәрсе жүзеге асты”. Ал жүзеге асқан нәрсе шын мәнінде елеулі оқиға, оны революция демесек те, тым болмаса, ядролық қарусыздану саласындағы түбегейлі прогрестің беташары деп атауға болар еді.,

2009 жылы алтыншы шілдеде Мәскеуде Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама өздерінің ядролық арсеналдарын одан әрі қысқарту туралы өзара түсіністікке қол жеткізгені жөнінде мәлімдеді, бұл арсеналдар осындай қарудың әлемдік қорының 95 пайызын құрайтыны белгілі.

Саны мен қуаты жағынан зор арсенал жинаған Ресей мен АҚШ-тың ядролық қарулары басқа елдерге ең көп қауіп төндіретіндіктен, осынау қару түрлерін жою жөніндегі екіжақты келіссөздерді жалғастыру аса маңызды міндеттердің бірі болып қала бермек. Иә, Ресей мен АҚШ “қырғи-қабақ соғыс” кезеңімен салыстырғанда өз арсеналдарын айтарлықтай қысқартты, енді одан әрі қысқартуға баратын ниеттері туралы мәлімдеп отыр, ал мұндай ұмтылысты барынша қолдау қажет. Алайда бұл тұрғыда басқа ядролық державалар әзірге үнсіз қалып отыр. Бірақ болашақта бүл үрдіске басқа да ядролық мемлекеттердің қосылып, атсалысулары қажет.

Қарусыздану ісінің белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, ядролық қатерді жоюдың табанды жақтаушысы болып отыр. .

Бүгінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелерінде Н.Ә.Назарбаевтың және Қазақстанның көшбасшылығын халықаралық қауымдастық мойындады.

(5)

Н. Назарбаев: «Қазақстан...бірінші кезекте ядролық қаруларды, болашақта толық жою мақсатымен қысқартуға, қолдануға және оны жасауға жәрдемдесетін материалдар мен технологияларды сыртқа шығару (беруге) жол бермеуге қол жеткізе беретін болады"- дейді.6 Осы тұжырымдаманы іс жүзінде дәлелдеп, еліміз ядолық қарудан ерікті түрде бас тартты. Ядролық қарудан азат аймақ жасауда бастамашылардың бірі болғандығын ескерсек, бұл мәселенің Қазақстан үшін саяси өзектілігі арта түседі.

Біз «ядролық қаруданазат әлемге қадам басу керектігі» туралы адамзатқа талай рет үндеу тастадық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың (ЯҚТШ) тиімділігін қамтамасыз ету және оның ережелерін ядролық қаруды таратпау режимін нығайту мақсатында қазіргі заман ақиқатына лайықтандыру жөніндегі шараларды БҰҰ шеңберінде қабылдау керектігіне» ядролық державалардың назарын БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында аударған болатын.

Сонымен қатар Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шарттың (ЯСЖТС) мүмкіндігінше тез арада күшіне енуін және ыдырайтын материал өндірісіне тыйым салу туралы Шартты (ЫМӨТШ) әзірленуін қалайды. ЯСЖТС-ті дайындау комиссиясы аясында Жаһандық бақылау желісін жаңадан құру және жергілікті инспекциялар құқығын нығайту мәселелері бойынша отандық дипломатия аталмыш құрылыммен белсенді түрде бірлесе жұмыс істеуде.

Ядролық қаруды таратпау ісіне Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің іс жүзінде қосқан тағы бір қомақты үлесі - Орталық Азияда ядролық қарудан азат Аймақ туралы Шарттың биыл Ұлыстың ұлы күнінде күшіне енгені. Бұл бұрын ядролық қару орналасқан аумақты қамтып, Солтүстік жартышардағы алғашқы және бірден-бір жалғыз аймақ. Тағы бір маңызды ерекшелігі - екі ядролық державамен шектеседі және сондай қаруы бар Үндістан мен Пәкістанға да жақын орналасқан.

Ядролық қаруды таратпау ІСІНЕ Қазақстан мен көршілес мелекеттердің іс жүзінде қосқан тағы бір қомақты үлесі – Орталық Азияда ядролық қарудан азат Аймақ туралы Шарттың 2009 жылдың 22 наурызында күшіне енгені. Бұл бұрын ядролық қару орналасқан аумақты қамтып, Солтүстік жартышардағы алғашқы және бірден-бір жалғыз аймақ. Тағы бір маңызды ерекшелігі – екі ядролық державалармен шектеседі және сондай қаруы бар Үндістан мен Пәкістанға да жақын орналасқан.

2009 жылдың 8 қыркүйегінде Семейде тарихи оқиға болды: Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Тәжікістан мен Түркменістан Орталық Азияда ядролық қарудан азт аймақ құру туралы келісімге қол қойды.

Әлем тарихында бұл – ядролық қарудан азат аймақ туралы бесінші келісім. МАГАТЭ бас директорының орынбасары Юрий Соколовтың айтуынша, бұндай аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Тыңық мұхит өңірінде және Оңтүстік-Шығыс Азияда құрылған. Ал Антарктика туралы келісімге сәйкес қарусыздандырған Антарктиканы қоса есептегенде, ядролық қарудан азат аймақ Жер аумағының барлық құрлығының жартысынан артығын қамтып жатыр.

Ядролық қаруды таратпау тетіктерін түбегейлі өзгертуін ерте түсінген Елбасымыз таратпау және қарусыздану жүйесіне байланысты жаңа бастамаларын жария етті.

Бұлардың қатарына 29 тамызды «Ядролық қарудан азат әлем жолындағы Халықаралық күн» етіп жариялау және ядролық қаруды таратпау туралы жаңа әмбебап Шартты әзірлеу идеясын жатқызуға болады. Жақында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында болған кездесулер барысында көптеген халықаралық әріптестерім аталмыш бастамаларға өзінің қолдауын білдірді.

Өзінің ЯҚТШ пен таратпау режимін жалпы күшейтуді көздейтін ұсыныстарын қазақстандық дипломатия өткізілуі 2010 жылға жоспарланған ЯҚТШ-ты орындау бойынша Шолу конференциясына орай әзірлеу барысында. Біз ұсынып отырған жаңа

1. 6Choi Soung-Ah. “Seoul, Washington reaffirm cooperation on North Korea nuke stand off” //

Korea now. March 6, 2004 p. 13

(6)

шарт – қалыптасып қалған жағымсыз жағдайдан шығу мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Жаңа шарттың мазмұны соған мүдделі барлық елдер тарапынан түсер ұсыныстарға тәуелді.

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелері сияқты ЯҚТШ-ға қатысты келесі 2010 жылы өтетін конференция кезінде Шарттың тиімділігін арттыру жөнінде шешімдер қабылданады деп сенеді7.

Қазақстан ЯҚТШ-ны жаңа нақтылықтарға бейімдеуді жақтайды, АҚШ пен Ресей оны күшейту қажеттігі туралы айтады. Бұл шартпен және тұтастай алғанда ядролық қару- жарақты бақылаудың тиімсіз болып шыққан жүйесімен не істеу қажеттігін әртүрлі атауға болар, алайда, Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, бір нәрсе айқын: барлық мемлекеттердің таратпау және ядролық қарусыздану саласындағы өзара қатынас және жауапкершілік қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап ететін адамзаттың ең жаңа тарихында шешуші сәт туды.

Соңғы қырық жыл бойына Ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың негізгі міндеті – жалпыға ортақ әмбебаптығы сол шешілмеген күйі қалуда. Ол өз төңірегіне бүкіл ядролық державалар мен осы мәртебеден үміткерлер мемлекеттерді біріктіре алмағаны былай тұрсын, сонымен бірге ядролық қаруды жетілдіруге тыйым да сала алмады.

Сондықтан:

1)Әлемдік қоғамдастық Ядролық қаруды жалпыға ортақ көлбеу және тіктеп таратпау туралы жаңа әмбебап шарт жасауға тиіс.

2) Жаңа шартты қалыптастыруға және сақтауға ядролық қаруға ие елдердің шағын тобы ғана емес, баршаның – ядролық та, сондай-ақ ядролық емес те мемлекеттердің халықаралық қоғамдастықтағы қатысуы тиіс.

3) Бұл шарт сондай-ақ қолда бар ядролық арсеналдарды кез келген түрде жетілдіруге тыйым салуы керек.8.

Өйтпесе жаңа, ендігі жерде "ядролық жанталастың" технологиялық өрістеуінен құтылуға болмайды.

Қазақстан ядролық державаларды әлемдік қоғамдастық алдындағы өз жауапкершілігін танытуға және, сайып келгенде, өз арсеналдарын сандық және сапалық қыскарту жөніндегі міндеттемелерін орындауға шақырамыз.

Осыған байланысты АҚШ Президенті Барак Обаманың әлемдегі барлық мемлекеттердің ядролық қаруын толық жою қажеттігі туралы мәлімдемесі орынды айтылған.

Биылғыі жылы АҚШ өздерінде бұл саладағы бүкіл мәселелер кешенін талқылау үшін ядролық қауіпсіздік жөнінде жаһандық саммит өткізуді жоспарлауда. Бұл халықаралық форум стратегиялық қару-жараққа бақылау саласындағы аса маңызды оқиғалардың бірі болатыны сөзсіз, онда жаһандық қауіпсіздіктің қағидаттық тұрғыда жаңа архитектурасының сұлбасы белгіленуі мүмкін. Ядролық қарусыздану мәселелеріндегі өзінің мойындалған көшбасшылығына сүйене отырып, Қазақстан осынау сирек мүмкіндікті ядролық қару-жарақтан ада әлемді өзінің қалай көретінін тиімді де нақтылы ілгерілету үшін пайдалана алады және пайдалануы тиіс. Сонымен:

Қазақстан Ресей мен Құрама Штаттар президенттерінің ядролоқ қарусыздану және стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту саласындағы жуырдағы бастамаларына қолдау білдіреді.

Халықаралық қауіпсіздік проблемасы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты басымдықтарының бірі болады.

7Тәжин, М. Жаһандық қауіпсіздіктің маңызы факторы: Әлем және Қазақстан// Егемен Қазақстан.- 2009.- 21 наурыз.- 4 б.

1. 8 Халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін тез арада қайта қарауға кірісуі тиіс – Н.Назарбаев.// «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігі. - . 01.07. 2009 ж.

(7)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Договор о нераспространении ядерного оружия от 1968 года // Сборник документов по международному праву. - Алматы, 1998. - Т. 1. - С. 253.

2. Есали, А, Төлепберген, М. Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан бүкіл әлемге өнеге: Еуразиялық медиа-форум 2007// Егемен Қазақстан.- 2007.- 21 сәуір.- 3 б.

3. Жебин А.З. «КНДР: традиции и совремменость» // Восток/Orients. - №2. -2003. – c.56

4. Любецкий В. «Эволюция ядерной политики США в 1989-2000 гг.» // Мировая экономика и Международные отношения. - №9. -2001. –c. 45

5. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. - Алматы, 1992. -14 6.

6. Choi Soung-Ah. “Seoul, Washington reaffirm cooperation on North Korea nuke stand off” // Korea now. March 6, 2004 p. 13

7. Тәжин, М. Жаһандық қауіпсіздіктің маңызы факторы: Әлем және Қазақстан//

Егемен Қазақстан.-2009.- 21 наурыз.- 4 б.

8. Халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін тез арада қайта қарауға кірісуі тиіс – Н.Назарбаев.// «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігі. - . 01.07.

2009 ж.

Referensi

Dokumen terkait

Ғылыми сөйлеу тілінің мәнмәтініндегі тілдік бірліктер бір ғана жалпы функционалдық-семантикалық мәндер негізінде өзара байланысты болады да, осы арқылы біртұтас функционалдық-

Осы тұрғыда тілдік тұлға мәселесі қазіргі орыс тіл білімі мен қазақ тіл білімінде тӛмендегідей бағыттарда қарастырылып келеді деп шартты түрде белгілейміз: 1 нақты тұлғаның тілін оның