Бактыбаева М.А., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының
аға оқытушысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҰЛТТАР ТЕҢДІГІНІҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ.
В данной статье были рассмотрены основные направления и гарантии равенства народов Республики Казахстан. Автор, проанализировав конституционные нормы, предлагает свое видение в развитии Казахстана как демократического государства.
Ключевые слова: демократия, Ассамблея народов Казахстана, конституционная реформа.
This article discussed the main directions and guarantees the equality of peoples of Kazakhstan. The author analyzed the constitutional norms, offers his vision in the development of Kazakhstan as a democratic state.
Keynotes: democracy, the Assembly of Peoples of Kazakhstan, the constitutional reform.
Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл толып отыр. Конституция əрбір тəуелсіз, егеменді елдің Негізгі (Ата) Заңы, яғни кез-келген мемлекет басшылыққа алып өмір сүретін басты құжат. Еліміздің Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызында қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын, сол арқылы Қазақстан халқы өзінің егемендік құқығын баянды етті. Міне, содан бері Конституция күні бүкіл ел болып республика көлемінде атап өтетін жалпымемлекеттік мейрам ретінде қалыптасқан. Қазақстан мемлекеті Ата Заңының кіріспесі: «Біз, ортақ тарихи тағдыр қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік жəне татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», 1 – деп басталуында үлкен мəн-мағына жатыр. Осы Ата Заңды қабылдай отырып Қазақстан халқы өзінің жəне келер ұрпақтың болашақтарын, еліміздің бағыт-бағдарын, даму жолында ұстанатын принциптерін айқын белгілеп алған еді. Конституциямыздың алғашқы бабы саяси жəне идеологиялық
1 Қазақстан Республикасы Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 3 б.
түрғыдан алғанда аса маңызды бөлігі, себебі онда Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негізі қаланған, жоғары дəрежедегі құндылық ретінде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары бағаланатындығы айқын көрсетілген. Ата Заңда қарастырылғандай, азаматтардың еркін өмір сүруіне, жетілуіне ешқандай шектеу қойылмаған, дініне, түріне қарамастан барлық адамдарға тең құқық берілген. Бұл өз кезегінде саяси жəне жалпы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде зор рөл атқарады. Олай болса, басты мəселе – еліміздің əрбір азаматы Ата Заңның маңызын, мəнін өз лайықты дəрежесінде түйсінуінде Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын бүгінгі қолданыстағы Конституция Қазақстанның төртінші Ата Заңы (1937, 1978, 1993,1995). Соңғы екеуі Қазақстанның жаңа тарихында елеулі орын алатын айрықша оқиғалар, себебі онда тұңғыш рет еліміздің тəуелсіздігі, егемендігі, мемлекеттік құрылысы, азаматтардың құқықтық мəртебесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі заңдық тұрғыдан толық бекітілген.Тарихқа көз жүгіртсек, тəуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28- қабылданды, алайда оның ішкі ресурстарының жоқтығынан, ең басты саяси миссияны, яғни қоғамды біріктіре алатындығына күмəн туды. Сол себепті 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды, сол уақыттан бастап мемлекеттің барлық салаларында құқықтық реттелудің қарқынды үдерісі басталды. Жаңа Ата Заңымыз күшіне енген уақыттан бастап құқықтық мемлекеттің негізі қаланып, заңдылықпен тəртіп нығайып, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ауқымды жəне күрделі жұмыстар атқарылды. Дей тұрғанмен, елімізде болып жатқан оң өзгерістер:экономикалық реформалардың көлемді жүргізілуі, саяси тұрақтылық, тұрғындардың əл-ауқатының артуы, əлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіруге ұмтылысымыз, демократияны күшейту жайлы шешімдеріміз Ата Заңымызға тағыда толықтырулар мен өзгерістер енгізуге түрткі болды. Сол себепті 2007 жылдың 21 мамырында Елбасының ұсынысымен конституциялық реформа жүзеге асырылды.
Сөзсіз, бұл маңызды оқиға қоғамымыздың дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы, яғни Қазақстанды демократияландырудың жаңа сападағы сатысы деуге толық негіз бар.
Аталмыш Ата Заңымыздың елеулі ерекшелігі онда Қазақстанды мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстарға тең жағдай жасалынғандығында.
Оның мəні мемлекеттік игілігімізді көпұлтты халқымыздың бəрі бір кісідей тең пайдалануында. Билік ұлтаралық келісімді сақтап, дамытуда жəне қазақылық кеңшілікті танытуда аянған емес. Сондықтан Қазақстанда келісім мен ұлтаралық татулықты қазақ ұлтының есебінен, мүддесін шектеу арқылы қалыптастыруға еш бір болмайды, керісінше барлығы қазақтардың төңерегінде топтасып, өз тілдері мен салт-дəстүрін қазақтың
төл мəдениетімен ұштастыра отырып дамытулары тиіс, «ал кейбір маргиналдар қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығын əлсіздік пен жалтаңдықпен шатастырып түсінуде». Осындайда жазушы, тəуелсіз
«Тарлан» сыйлығының иегері Дулат Исабековтың: «... ортақ (қазақстандық) ұлт қалыптастыру мүмкін емес, өйткені Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың қазақ жерімен шынайы байланыстары жоқ, ол олардың уақытша мекен ететін территориялары, кез келген жағдайда олар өздерінің тарихи Отандарына қайтып кетуі ғажап емес» – деген сөзі еске түседі2 . Сондықтан ұлтаралық келісімнің қандайда бір үлгісі, бастамасы немесе реформалары болмасын бірінші кезекте жергілікті ұлттың яғни қазақтың ұлттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
2007 жылғы Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстандағы демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы деп қабылдау қажет. ҚР Конституциясына енгізілген нақты ұсыныстардың ең негізгісі – Парламенттің рөлін арттыру бастамасы.
Конституциялық реформаға сəйкес Мəжіліс депутаттары пропорционалдық сайлаужүйесі бойынша сайланатын болды, мəжілісмендер саны 107-ге дейін ұлғайып, оның 9-ы Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан өкілдік ететін болды. Сенат депутаттарының саны президенттік квота есебінен 7-ден 15 депутатқа дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесінің президенттіктен президенттік-парламенттік жүйеге ауысуына, Парламенттің Үкімет қызметіне бақылау жасау жөніндегі өкілеттігі күшеюіне, саяси партиялардың рөлін арттыруға алғышарт жасалды.
Конституция қабылданған күннен бастап, демократиялық жүйе қалыптастыруда алға жылжып, əлеуметтік-экономикалық дамуда оң нəтижелерді иелендік, құқықтық мəдениеттің іргесі қаланды, тəртіп нығайып, жеке азаматтардың құқықтары қорғалды, жас мемлекетіміздің халықаралық беделі көтерілді.
Конституциямызда бекітілген нормалар елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық топтардың бірге бейбіт қатар өмір сүруін толық қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде барлық Қазақстан азаматтарының мемлекетімізді өркендету, көркейту мақсатында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдай жасалғандығының айқын дəлелі.
Қазақстанның көпұлтты, көпдінді халқының достығын нығайту, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қаматамасыз етуде Ата Заңның рөлі айрықша екендігі даусыз. Ата Заң кешегі өтпелі кезеңде елдің бірлігін сақтап, түрлі ұлыстардың ұюына ұйытқы болды. Сол 1995 жылы елімізде ұлт саясатын іске асырудың əлемде баламасы жоқ, бірегей тетігі –
2 Козыбаев И.М. Некоторые аспекты гармонизации межэтнических отношений в Казахстане.
//Казахстанская модель межэтнического согласия: проблемы и перспективы: Сб. мат. науч.-практ. конф.
— Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2007.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяның мəртебесін одан əрі жоғарылатты, сол арқылы басқа этностардың еліміздің дамуына қосатын үлесіне зор жауапкершілік жүктеді.
Сонымен Қазақстан қоғамы бүгінде əлем сусап отырған ұлтаралық татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр деп сенімді айта аламыз. Мұндай ұстаным тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық- мəдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, əрі дамытудың мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстанда шағын ұлттардың тілі мен мəдениетіне оңтайлы жағдай жасалып отыр. Олардың мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Заңының қабылдануы, парламенте Ассамблея атынан 9 өкілдің депутат болып отыруы осының дəлелі. Əлемдік қауымдастықта еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық, дінаралық татулықтың, тұрақтылықтың аралы ретінде,тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулыққа өз үлесін қосып, əрдайым бейбітшілік пен татулық принциптерін ұстанатындығымен танылған. Мұның бəрі Конституцияда бекітілген мемлекет қызметінің басты қағидаларын қоғамдық жəне саяси өмірде нық ұстанудың нəтижесі. Алайда, ұлтаралық мəселе – бұл күнделікті тыңғылықты жұмыс істеуді талап ететін сала, əсіресе бүгінгі қалыптасқан жаһандану кезеңінде ұлтаралық, дінаралық татулықты нығайту мен қамтамасыз ету бағытында жаңа тың идеялар, ұлтаралық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік ішкі саясатқа да оң өзгерістер мен серпілістер қажет. Күн тəртібіндегі Ұлттық бірлік доктринасын жасауда бүгінгі қоғамдағы жəне бүкіл əлемде қалыптасқан жағдай мен объективті факторларды мұқият сарап- тап, Қазақстан халқының саналы бірігуінің жəне сапа жағынан дамуының алғышарттары мен жолдары айқындалуы шарт3.
Ата Заңымыз бүгінде тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қызмет етіп келе жатқан басты құжатқа айналды. Жалпы қоғамдық пікірде Ата Заңға байланысты алуан түрлі көзқарастар қалыптасқан. Біреулері Ата Заңымызды адам құқықтарына толық жауап беретін, барлық демократиялық қағидаттар сақталған Конституция ретінде қарастырса, кейбіреулері əрбір қазақстандық үшін Конституцияны құрметтеу, одан таймауды ұлттық идея деңгейіне көтеруді ұсынады, сондай-ақ,заңдар қабылданады, алайда қағаз жүзінде қалып қояды деген жаңсақ пікірлер де жоқ емес. Алайда, соңғылары заңдардың өз деңгейінде орындалуы көп жағдайда өзімізге байланысты екендігін əсте ұмытпағаны дұрыс болар.
Осы мақсатта əр азамат өз құқықтары мен міндеттерін заңдық тұрғыдан біліп, заң талаптарына немқұрайлы қарамай, керісінше, оны қатаң сақтауға
3 Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. – Алматы: «Эдельвейс». – 104 б.
міндетті болғаны жөн. Əрине, Конституция барлық қоғам мүшелерінің көңілінен толық шығуы мүмкін емес, алайда бүкіл халық болып Ата Заңды қабылдағаннан кейін, оны орындау, құрметтеу – барлық Қазақстан азаматтарының міндеті.
Конституция – мемлекетің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам əрдайым заңсыс болған емес.
Сондықтан адам үшін маңызды заңның бірі Ата заңымыз Конституция.
Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пəнінің бірі етіп оқытады. Заң сыйламайтын, білмейтін маман ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді.
Дегенмен де қазақ даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, сол XIII-XV ғасырдан бері бізге белгілі, Алтын орда дəуіріндегі Шыңғысханын «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тəуке хан тұсында «Жеті жарғы» пайда болды. Қасым ханның заңында «қанға қан» принцип болса, Тəукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды.
Конституция бүгінгі күн мен болашаққа арналып жазылада, қабылданады. Конституциясыз мемлекет тіршілік жүргізе алмайды, Ата заңсыз мемлекет болмайды, Конституция – тірек заңымыз. Ал осы заңның негізінде басқа заңдар қабылданып, тармақталып жатады. Мемлекеттің болашағы, тағдыры қабылданған Конституция қағидаларына байланысты.
Осы ебептен Ата заңды – Конституцияны құрметтеу қажет.
Жақында 30 тамызда біз өз еліміздін Конституциясының 15 жылдығын атап өттік. Соған арналған конференцияда Ел басымыз Н.А.Назарбаев Конституцияны дамыту тұралы шарын айтты.
Конституцияның басты идеясы – адамның құқығын сыйлау. Барлық заңдар Конституцияға сай болу қажет. Заң біздің күнделікті жүріс тұрысымызды бір қалыпқа келтіріп отырады. Біздің біреуден жəбір көрмеуімізді жəне біреуге жамандық жасаумызды қадағалмайды.
Конституция – азаматтарымыздың отаншылық сезімін күшейтеді.
Оқу орындарында, басқа да мекемелерде Конституция күнінің маңыздылығы туралы үнімі түсіндіріліп отыру керек. Қазақстан халқын біріктіретін, құқықты орындататын ол Ата заңымыз – Конституция.
Кəзіргі таңда қоғамда Конституциялық мəдениет қалыптасып келеді. Адам болғасын заң бұзушылықтар болып тұрады, бірақ оны заңмен реттейтін институттар, органдар бар. Солардың жұмысын жетілідіру қажет. Соның бір жетістігі, жуырда Елбасымыз қабылдаған құқықтың реформа.
Жалпы алғанда, жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, еліміздің Ата Заңы ғасырлар бойы қалыптасқан адамзат құндылықтарын, яғни адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтарын,билік институттарын демократиялық жолмен дамыту, еркін демократиялық жəне азаматтық қоғам құру туралы либералдық
идеяларды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға сай, Батыс елдерінің озық тəжірибесіне сүйене отырып жасалғандығы көпшілікке айқын.
Қорыта айтқанда, Конституция күні – құнды құжаттың қабылданған күні барлық қазақстандықтар үшін ерекше қасиетті мереке, олай дейтініміз, еліміздің толыққанды демократиялық-құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін, азаматтардың өз қарым-қабілетіне қарай еңбек етіп, еркін өмір сүруі үшін Ата Заңда барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Осы маңызды ойды дұрыс қабылдаған əрбір Қазақстан азаматы тəуелсіз еліміздің шаңырағын биікке көтеріп, мемлекет пен қоғамды өркениетті елдердің қатарына қосу міндетін жоғары дəрежеде атқаруға ат салысса, Қазақстанның жарқын болашағына сенім зор болар еді. Сондықтан, бүгінгі таңдағы басты міндет – еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін Ата Заңды бұлжытпай орындап, жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың жəне мемлекеттік органдардың ҚР Конституциясына қатысты құрметін арттыру.