• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫН БАСҚАРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫН БАСҚАРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

1

Б.С.МЕДЕТОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫН БАСҚАРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Кез-келген дамушы ел тәрізді Қазақстан Республикасы әлеуметтік- экономикалық жетістіктерге қол жеткізуде 1992 жылдан бастап сыртқы қаржы көздеріне сүйене бастады.

Басқа да дамушы елдер тәрізді Қазақстан да құралдарды дамуға ресми көмек шеңберінде алушы болып табылады. Дамуға ресми көмек шеңберінде Қазақстан бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарымен – ХВҚ, ХҚҚДБ, Азия даму банкі, Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі, Ислам Даму банкі және донор елдер үкіметімен – Жапония, Германия, АҚШ, Австрия және тағы басқа елдермен қаржылық ынтымақстастықты дамытуда.

Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кіруі мен еліміздің тәуелсіз несие рейтингінің жақсаруы және шетел инвестициясының көп көлемін тарту, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің валюта режимін ырықтандыру бойынша жоспарлары Қазақстан Республикасының тұрақты дамуында маңызды шешуші орын алады.

Экономикамыздың ашық деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ұлттық банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету және борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша бірқатар жобалар мен шаралар қабылдауға алынып келеді [1].

Біріншіден, бұл қаржы секторы тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі.

Екіншіден, бұл мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу мәселесі.

Халықаралық тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және мемлекеттік сектор борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығына куә болып отыр.

Шет елдердің тәжірибесінде көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын дамыту деңгейімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтік реттеу шараларының

(2)

2

сапасымен, реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің несие қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады [2, 115 б.].

Мемлекеттік қарызды басқарудың классикалық үлгісі қарызқорлық және ақша-несие саясатының байланысы туралы мәселені қозғамайды. Ол мемлекет активтеріне қарызға алу мен жұмсалымдар көмегімен тұрақты салықтарды уақыты бойынша қайта бөлгенде оңтайлы серпінді салық салу үдерісін сипаттайды. Егер қазыналық өкіметтің салықтық жүктемені таңдап алудың нақты мүмкіндігі болғанда, бұлай қойылу заңды. Шындығында, онымен бірге өтпелі экономикаларда ғана емес, тұрақты салық салу деңгейі қазыналы өкімет тарапынан тиімді әсер ету объектісі бола алады. Ол қоғамдық таңдап алу тетіктерінің іс-қимылымен анықталатын немесе лоббистік мүдделер тобының ойын нәтижесі болып табылатын саяси- экономикалық тепе-теңдікті сипаттайды. Бұл секілділер айтарлықтай шамада мемлекеттік шығынды қалыптастыру деңгейіне де жатады. Сондықтан салық жүктемесі деңгейін тек шарттылықтың үлкен дәрежесімен мемлекеттін макроэкономикалық саясатының құралы ретінде қарастыруға болады.Осыған орай қарызды басқару міндетін қою баламалырақ көрінеді, онда бюджет профициті көрсеткіштерінің тізбектілігі экзогенді берілген. Мұнда мемлекет тапшылықты инфляциялық қаржыландыруға жол беретін, бірақ ұзақ уақытты ысырапты мейлінше азайтатын қарызқорлық саясатты таңдап алады.

Мемлекеттік қарызды басқаруды талдауға мұндай тәсіл инфляция мен қарыздың өзара байланысына ерекше назар аударады. Біз қарыздың уақытша және валюта құрылымын таңдап алу проблемасынан дерексіздендірілеміз, сондықтан ақша эмиссиясын қазыналық саясаттың негізгі құралы ретінде қарауымызға болады. Егер инфляциялық өктемдіктің басқа бағыттарын, мысалы, өндірісті ынталандыру әрекеттерін немесе банк секторын қолдауды есепке алмасақ, онда инфляцияға мұндай тәсілді қолдану құқыққа сәйкес болады.

Қазақстан Республикасының жалпы және мемлекеттік қарызының дамуына жүргізілген зерттеу, неғұрлым жинақталған сыртқы қарыз ауыртпалықты болса, соғұрлым үлкен шамада оның қызмет көрсетуі бүкіл ұлттық экономиканың және оның қаржы саласының атқарылымдығымен өзара іс-қимылға тартатындығын көрсетті. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік бюджетке, ақша-несие жүйесіне, елдің несиені өтеу қабілетіне әсер етеді.

Мемлекеттік бюджет үшін сыртқы қарыздың шамадан тыс өсуінің қолайсыз салдарлары негізінен оның өтеу кезеңімен байланысты. Ағымдағы бюджеттік кезең үшін жаңа қарыздар, керісінше, салық және басқа әдеттегі кіріс көздеріне түсетін жүктемені азайту мүмкіндігін дәмелендіреді, бюджеттік үдерістің барлық кезеңдерінде икемдірек оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сол уақытта сыртқы қарыз жөніндегі төлемдер кестесі қолайсыз болуы мүмкін. Кез келген жағдайда өзара іс-қимылдың дәрежесі мен салдарлары негізінен жинақталған сыртқы қарыздың салыстырмалы шамасына байланысты болып келеді.

(3)

3

Мемлекет, қарыз алуды мемлекет немесе жеке кәсіпорындар жүзеге асыруына тәуелсіз сенімді қарыз алушы беделін сақтап қалу үшін басқа елдер алдында өз субъектілерінің қарыз бойынша бақылауын жоғалтпау керек [3, 66 б.].

Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасын экономикалық мақсатқа сай негізде құру қажет. Ақылы техникалық көмекті пайдаланудан және халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік банк, ЕЖжДБ және басқалары) үшін мемлекеттік кепілдік беруден бас тартуы мүмкін. Бағдарлама деректері мемлекттің сыртқы қарызын «ауырлатады», мұнда бағалы қағаздар нарығының дамуына және бенчмарк – құралдарын құрмай мүмкіндік жасамайды және эталон қарыз алушы ретінде елдің беделін көтеруге сәйкес мүмкіндік жасамайды. Бұл бағдарламаларды не ішкі ресурстарды пайдаланумен не қарызқорлық қаржы құраладырның жаңа түрлерін жасауға, қор нарығының өтемпаздығын арттыруға және ішкі эмитенттер үшін бенчмаркты орнатуға көзделген сырттан қарыз алудың тиімді бағдарламаларымен ауыстыру қажет. Мемлекеттік қарызды басқарудың тиімді тетіктерін құру мемлекеттік емес қарыз алушылардың сыртқы қарыздарының көлемі бірітіндеп төмендейтін, ал сол уақытта ішкі қарыз алу көлемі артатындай жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл валюта бағамдарының ауытқуын төмендетеді және ішкі институционалдық инвесторлар үшін құралдардың қажетті нарығын қамтамасыз етеді.

Елдің борышын басқарудың тиімді жүйесін құру үшін мемлекеттік борышты, мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышын, мемлекеттің шартты міндеттемелерін басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау қажет.

Мемлекеттік сектордың борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу жүйесін құру шеңберінде ел үшін ықтимал шекті мән болатын орта мерзімді перспективаға арналған жалпы сыртқы борыштың салыстырмалы көрсеткіштерін айқындау қажет, олардан асып кетуге жол бермеу үшін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде белгілі бір шектеу шараларын қолданады. Ел борышын басқару тиімділігін арттыру мақсатында көрсетілген шекті мәні сыртқы борыштың көрсетілген жаңа құрылымы бойынша айқындалған бағыттар бөлігінде де анықталатын болады.

Жалпы сыртқы борыштың, сондай-ақ оның жеке бағыттары бойынша шекті мәні Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен елдің әлеуметтік- экономикалық даму саясатын, жеке бағыттар бойынша сыртқы борыштың өзгеру қарқындарын, қаржылық күйзелістерге және тәуекелдерге ұшырау дәрежелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге анықталады.

Жалпы сыртқы борыштың жоспарланып отырған параметрлеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар пруденциалдық шаралармен ғана шектелмеуі тиіс деп ойлаймын. Қаржыландырудағы экономиканың нақты секторларының сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті қаржы ресурстарын

(4)

4

тарту үшін несие капиталының ішкі нарығында балама көздерді дамыту үшін жағдай жасау дұрыс болар.

Республиканың сыртқы қарызының абсолюттік көрсеткіште де, салыстырмалы көрсеткіште де қарқынды өсуі, құралдардың үлкен мөлшерінің қарызға қызмет көрсетуге аударылуы сыртқы берешек мәселелерін шешуде біршама шиеленістер туғызуда [1].

Сыртқы қарыз алу стратегиясын республика ішінде жүргізілетін экономикалық саясатпен үйлестіру қажеттілігі туындап отыр. Яғни, айқын мақсаттардың дұрыс қойылуынсыз және оларды жүзеге асыру үшін қажет механизм құрылмай сыртқы қарызды сыртқы қарызды тиімді басқару мүмкін емес. Мұны экономикалық саясаттың, шешілуі сыртқы қарызға қызмет көрсету бойынша бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік беретін және жаңа қарыздар тарту саясатын оңтайландыратын басым мәселелерінің бірі ретінде санау жөн.

Сыртқы қарыздың мәселесі қазіргі заманның жалпы, ғаламды мәселелерінің біріне айналды. Ақиқатында сыртқы қарыз тиімді пайдалана білмеген жағдайда көптеген дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қандай да бір дәрежеде тежейді және ондағы әлеуметтік-саяси даулардың шиеленісуіне мүмкіндік туғызады. Дер уақытында шешілмеген жағдайда сыртқы мәселеге айналып кетеді. Сондықтан да экономикада сыртқы қарызды тартумен қатар тиімді қолданудың маңызы зор.

Демек тұжырым жасай келе, борыш міндеттемелерінің туындауы өздігінен мәселе көзі болып табылмайды. Тек несие алушы елдің несие беруші ел алдындағы борыш міндеттемелері өз уақытында қайтарылмай, жинақталып қалған күнде ғана сыртқы қарызды өтеу мәселесі туындайды.

Жалпы сыртқы қарызды басқарудың жетілмегендігінің негізгі мәселесі шетел капталының қолдану саясатында табанды стратегиялық және тактикалық бағдар ұстанбанғадығы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама туралы Қазақстан Республикасы Президентіің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 234 Жарлығы

2. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы». Оқу құралы, Алматы 2005 ж.

3. Мемлекеттік қарызды басқару жүйесін теориялық негіздеу //

«ТУРАН» Университетінің хабаршысы.- 2007.

Referensi

Dokumen terkait

Материалдар мен тәсілдер Кәсіпорынды басқару ақпараттық жүйесі үшін қолданбалы модульдерді әзірлеу барысында MongoDB және .NET CORE технологиялары пайдаланылды.. MongoDB - кесте

[email protected] Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, Заң факультетінің магистранты Ғылыми жетекші – Ж.Бұсұрманов Бұл мақала әйелдердің саяси құқығы және олардың ерлермен саяси тең құқығы