• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан 2030: ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың рөлі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан 2030: ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың рөлі"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

1

М.Б.Шындалиева

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан Қазақстан 2030: ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге

асырудағы ақпараттық саясаттың рөлі

Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады.

Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды. Тәуелсіз мемлекетімізде қажетті мемлекеттік институттар тәжірибиесі мен біліктілігі күн сайын артып келеді. Соның ішінде ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ұстанып отырған ақпараттық саясаттың мәні зор. Ел Президентінің «Қазақстан -2030» Жолдауы жарияланғанынан бері ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылықпен егіз ұлттық біртұтастық сақталып нығаю үстінде. Ішкі саяси тұрақтылықтың сақталуы қоғамның негізгі бірлігі және қазақ елінде өмір сүріп жатқан жүздеген ұлт өкілдері мен қазақ халқының өзара байланысы, қарым- қатынасы бұрынғыдан да күшейе түсіп отыр. Еліміздегі демократиялық жүйенің қалыптасуында айтарлықтай алға басушылық бар, әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң нәтижелерге қол жетуі халықаралық беделіміздің бұрын-соңды болмаған дәрежеде шарықтап өсуінің себебі болса керек. Біріншіден, елімізде этникалық топтардың құқықтары тең болуы қамтамасыз етілген, екіншіден, әр кезеңдерде туындаған әлеуметтік проблемалар дер кезінде шешіліп отырады, үшіншіден, әртүрлі конфессиялар арасында сенімді қарым-қатынас орнаған.

Қазақстан Орта Азия елдері ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтау саясаты жағынан алда келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясатты жүзеге асырып отыр. Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі ақпараттық саясатқа негіз бола отырып, Қазақстанда барлық мүмкіндіктер толыққанды қамтамасыз етілу жағы қарастырылған. Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін ақпаратқа еркін қол жеткізу, мемлекет пен масс-медиа арасындағы байланыс және елімізде коммуникацияларды дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда өзара ажырату мақсатында Қазақстан өз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету үшін Елбасы Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту туралы» тұжырымдамасын бекітті. Мұнда заманауи ақпараттық қоғам құру көзделіп, электронды үкімет, сандық телевидение және интернет жүйесін кеңінен қолдану жан-жақты қарастырылған. Шалғайдағы елді мекендердің әр тұрғыны қажетті ақпаратқа және бүкіләлемдік ғаламтор қызметіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау жолдары кеңінен қарастырылған.

Көптүрлі ақпарат көздерін пайдалану арқылы халықтың дүниеге көзқарасы

(2)

2

кең түрде қалыптасып, жан-жақты мәлімет алады. Қазақтілді басылымдардың саны мен сапасы жылдан жылға көтеріліп келеді, «Айқын», «Жас қазақ», «Алтын Орда» сияқты басылымдардан оқырман көп нәрсе үйренуіне болады. Ал ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясатты жүргізуде республикалық «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Түркістан», «Нұр - Астана» басылымдары белсенділік танытып, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастыруды, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етіп, анағұрлым байыппен, сындарлы және ашық талқылап жүр.

Қазақстан өмір сүріп жатқан халықтарды қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулуды жүзеге асыруды еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырып отырғаны күмәнсіз. Оның ішінде «Қазақстан -1»

ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыруда қомақты істер атқарып келеді.

Қазіргі БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, ақпараттық кеңістігімізді өзгеден қорғау үшін қазақстандық БАҚ-тың мәселелері мемлекеттік

дәрежеде шешіліп отыр деуге толық негіз бар.

Біздің мемлекеттің өз ақпараттық саясаты, мүддесі бар. Ақпараттық заманда бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық мүмкіндігі мен полиграфиялық деңгейін, материалдық жағдайын жақсартып, журналистердің табысын көтеріп, нәпақа үшін біреуге тәуелді болмауын, өз еліміздің мүддесіне жұмыс істейтіндей жағдай жасау жағы да қарастырған. Ақпараттық саясат заңдық тұрғыда реттелген жағдайда ғана қоғам өкілдерінің ақпаратқа біркелкі қол жеткізе алуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі қоғам өкілдерінің, ақпарат алушы мен ақпаратпен қамтамасыз етуші арасындағы өзара ықпалдастықтың нәтижесінде ғана қамтамасыз етіледі. Бұл жерде негізгі ақпарат жалғастырушы ролін бұқаралық ақпарат құралдары атқарады.

Қазақстан заманауи ақпараттық қоғам құруды көздеп отыр. Сондықтан оның негізі - электронды үкімет, сандық телевидение, интернетті кеңінен қолдану және ақпаратқа жедел қол жеткізу болып табылады. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінде сөз сөйлеген Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдегені белгілі.

Министріміздің Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту жөніндегі баяндамасын көпшілік қауым жоғары бағаланды.

Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адамның саяси өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым – қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде саяси сана мен ақпараттық саясат істерінің оңға басуына жол ашты. Қоғамдағы шынайылықтың объективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. «Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспаралар

(3)

3

қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр.

Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат қалыптастыру және нақты іске асыру мәселелелері шектен тыс көп қырлы. Кез-келген қоғамда демократияның пайда болуының қажетті алғышарты — онда азаматтық саяси мәдениет пен онымен тығыз байланысты демократиялық ақпараттық саясаттың өмір сүруі болып табылады. Қазіргі таңда қоғамымызда демократиялық ақпараттық саясат қалыптасып орнықты.

Ақпараттық саясаттың мақсаты қоғамдағы жағдай мен өзгерістерді дер кезінде азаматтарға жеткізіп, демократиялық саясат туралы ақпараттарды тарату, осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі дербес мемлекеттік ақпараттық саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың өзекті мәселелерін төмендегідей қажеттіліктерден туындап отыр:

- ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың рөлі ерекше;

- ақпараттық саясаттың рөлі жастардың саяси білімін қалыптастыруына ықпал ететін негізгі фактор;

- Қазақстанның саяси тұрақтылығының қалыптасуы мен дамуына ақпараттық саясат қызмет етеді.

Ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат нақтылы саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсіндіруді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады. Ақпараттық саясат ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейді.

Ақпараттық саясатты қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекетпен қатар ақпараттық саясатты қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Ақпараттық саясатты қалыптастыруда елеулі рол атқаратын бұқаралық ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми- техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгін әлемде, өз елінде болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы көзімен көре алады. Сондықтан ішкі жөне сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізе отырып, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі сөзсіз.

Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асыру мен ақпараттық саясат қалыптастырудағы нақты қадамдар болашаққа бастаған Елбасының жасампаз да жарқын жолы екені сөзсіз.

Referensi

Dokumen terkait

Алайда, орталық дегейде, Астана және Алматы қалаларында партиялық саяси ықпал жоғары болғанмен, саяси таңдамалардың басты бағыт- бағдары партия көшбасшылары мен белсенді мүшелері болып

Астана/Қазақстан ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЛЕКСИКАНЫҢ БАҒАЛАУЫШТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының маңызды міндеттерінің бірі – адамзат қауымының әлеуметтік өмірінің, оның түрлі