• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Таким образом, теория является сложным, многоаспектным развивающим- ся целым и исследование ее как основной формы развития современного науч- ного знания является важной методологической задачей науки.

Литература

1. Пиаже Ж. Избр. психологические труды. – М., 1969.

2. Никитин Е.П. Теория и эмпирия. Проблемы разграничения //

Позитивизм и наука.

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ РУХАНИ БОЛМЫС ҰҒЫМЫ М.М.Матаев, Б.Қожамберлиев

Қызылорда қ., Қазақстан Біз бүгінгі кезде өзге өркениетті дүниеден оқшау өмір сүре алмаймыз, себебі бүкіл адамзат баласы біртұтас кеңістік пен уақытқа байлаулы болады. Біздің уақытымыз әлемдік техникалық талас пен тұрмыс құпиялары арқылы сипаттала- ды, деп жазған еді белгілі философ М.Хайдеггер. М.Хайдеггер болмыс атамасын бізге сол арқылы біздің тірлігіміздің мәнісі және тірліктің өзі айқындала бастай- тын «ішкі сәулені» белгілеу үшін қолданады. Сәуле бізге біз тірі жан екендігімізді тануға мүмкіндік береді. Біз сол арқылы өз-өзімізді тани бастайтын адам болмы- сы ретінде тірлік ете бастаймыз. Адам өз-өзін өмір негізінен, болмыстан ізденуге тиіс. Сондықтан да біз рухани болмыс философиялық мәнін, өлшемдерін қазіргі бұрынғы Шығыс дәстүрлері мен Батыс жаңашылдығы синтезімен байланы- стырып айқындай аламыз. Біз жоғарыда адамның рухани дүние болмысының деңгейлеріне тоқталған едік. Ал енді рухани болмыс өлшемдеріне тоқтала кел- сек:

Бірінші өлшем - әлемдік тартыстың біртұтастығын тану және оның мәнін түсіну болып есептеледі. Себебі, дәуірдің рухани даму деңгейі «тарихты біртұтас етіп көрсетуінен аңғарылады» деген К.Маркс пікірімен келіспей болмайды.

Шығыс әлемінде рух абсолютті болмыспен біртұтастыққа жету үшін ішке қарай ұмтылса, Батыста сол рух жайлылыққа, әлемдегі тіршілік қауіпсіздікке жету үшін сыртқа қарай ұмтылып жатады. Ал енді қазіргі заман талабы біздің алдымызға Батыс өркениеті, ғылымы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, философиясынан қол үзбей, назарды Шығысқа аудару міндетін қойып отыр. Біз үшін рухани жағынан бай адам болу Батыстың да, сонымен қатар Шығыстың да адами қасиеттерін бойға сіңіру, демек біртұтастық адамзаттылық өркениетке жету болып табылады.

Екінші өлшем, яғни осыдан келіп шығатын өлшем – Шығыстың бай рухани тәжірибесін игеру және Батыстың рухани мәдениеті биігіне көтерілу.

Бұл үшін біз әлемдік рухани мәдениет шыңдарына қол созуымыз қажет. Әлемдік парасаттылықтың биік шыңдарын игеру, адамның өзін-өзі ұлт ретінде танудың, әлем мен адамға деген өзіндік көзқарасты қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осыдан келіп рухани болмысының Үшінші өлшемі – адам ойының дербестілігі, еркіндігі, яғни ұлттық сана болмысының өзіндік қалыптасу қажеттілігі келіп туындайды. Әрине мұның бәрі де жеткіліксіз. Себебі, рухани болмыс қалыптасу барысында ой барлық мәндерді түгелдей қамти алмайды.

Мұндай жағдайда адамға өзіне тән сезімталдық, ерік-жігер сенімді көріністердің бәрін де жұмылдыру қажет болады. Адам мәдениет әлемімен сұхбатқа түсу

(2)

процесінде өзгелердің пікірлерін өзінше игеріп қана қоймайды, сонымен бірге өз көзқарасын да білдіреді. Бұл оның өзін-өзі тұлға ретінде қайта өзгертуге, өзгелерді де өзгертуге ықпал ететін жалпыға ортақ, рухани дүние кеңістігін құруға ықпал етеді. Осыдан келіп рухани болмыстың төртінші өлшем, туындайды–яғни өзін- өзі тұрақты түрде өзгертіп отыру нәтижесінде, адамзаттық тұлға жасау шарты.

Рухани болмыстың даму мүмкіндігін көрсететін жаңа бір құбылыс–ол адамның өзіндік позициясының қалыптасуы, олардың санасының өзгеруіне, рухани болмысының жаңару процесстеріне жетелейді. Міне, сондықтан да болар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму бағдарын белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында адам мен қоғамның рухани жаңаруына ерекше мән беріледі. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді–делінген аталған бағдарламада–бірақ мемлекет өзгерістер процесін, объективті тенденцияларды түсінуді, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүние танымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады». Адамдардың рухани жаңару процесі күрделі сипатта әсер ететіндігін ашып көрсете келіп Елбасы бұл процестің қазіргі таңда қалай өтіп, жүріп жатқандығына да баға береді.

«Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бер- мей, құндылықтарды саналық өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түрін дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік – дейді Н.Ә.Назарбаев–

біз тәуелсіз ел болдық, азаттық алдық, дамыған елдердің қатарына қосылдық.

Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алма- суы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті». Бұл жерде ескертіп қоятын жағдай, Елбасы мемлекет тәуелсіздігімен қатар, азаттық мағынасын адамдардың рухани бостандығы мағынасында қолданып отыр. Ал адамдардың рухани бостандығы, ой еркіндігі, ұлттық философия мен тарих, қазақ ұлтының сонай көне заман- нан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ұлы жолын өркениеттік әдіс тұрғысынан тереңірек зардалеу қазіргі жағдайда ғана мүмкін болды.

Біз тәуелсіз ел болғанда ғана өз жерімізде сүрген ғұлама ойшылдар Қорқыт Ата, Әл Фараби, Қожа Ахмет Иасауи т.б. көзқарастарын, жүйелі зерттеуімізге, халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық санамызды қалыптастыруға мүмкіндік алдық. Сондықтан да алдымызда тұрған міндеттердің бірі халқымыздың рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, рухани дүниемізді философиялық тұрғыдан зерттеп, жүйеленген ұлттық тарихымызды жасап шығару және дамыту болып табылады. Ұлт тарихын ұлы ойшылдар мен жеке тұлғаларсыз көзге елестету мүмкіндік емес. Себебі ерте заманнан бері халқын өрге сүйреп, өркениет жолымен алға сүйреген де жеке тұлғалар болған. Осы тұрғыдан келгенде ұлы ойшылдарымыз Қорқыт Атаның, Әл-Фарабидің, М.Қашқаридің, Асан қайғының, Бұқар жыраудың, Абайдың, Шәкәрімнің шығармаларының бүгін ұрпақтар игілігіне айналып отырғандығы рухани дүниеміздің жаңаруының бір сипаты сияқты. Рухани болмыс туралы мәселе көтерілгенде, болмыстың ру- хани тамырларын анықтамай, оларға кете алмаймыз. Адамның рух санасын, оның тарихқа деген көзқарасын тарихи зерделілік ұғымымен сипаттаймыз. Та- рихи зерделілік - әрбір адамның тарихи ортада өзін сезінуі, жалпы адамзаттың

(3)

тегін, оның рухани түп салаларын білуге ұмтылуы, сана сезімінің оянуы. Бұл адмның рухани мәдениетінің жоғары сатыға көтерілу белгісі болып табылады.

Қазақ халқының қазіргі кездегі өзінің өмір кешкен тарихи жолын білуге деген құштарлығы жәйдан пайда болып отырған емес. Себебі, біздерді тоталитаризм жүйесі кезіндегі саясат, өктемдік тәртіп қазақ халқының рухани және әлеуметтік дамуына мүмкіндік бермеді. Біздің рухани мұраларымызға балта шабыл- ды. Өткен мен болашақтың байланысы үзілді. Ал қазіргі кезеңдегі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі қоғамға үлкен құрметпен қарау, рухани мұраларымыздың сабақтастығы,ұрпақтарымыздың тарихи жақындастығынығ қажеттілігінен ту- ындап отыр. Оны жақын білуге деген құштарлық болашаққа жол ашып отыр.

Жеріміздің бір екендігін, мәдениетіміздің бір тарихи негізі бар екендігін қазіргі таңда адамдар сезіп отыр. Егер де біз бүгінгі күнімізді терең түсінгіміз кел- се, тар өрістіліктен аулақ болуымыз қажет. Өткеніміз бен болашағымызға зия- лы, зерделі көзімізбен қарауымыздың қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Рухани дүние болмысының жаңаруы рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну - өткенге құрметпен қарау. Бұл жалпы халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы. Заман қазіргі кезде адамзатқа тән игіліктерді алға қойып отыр. Жалпы адамзатқа тән дегенде біз жан- жақтылығы, сырттай қарағанда өте қарапайым қасиеттерді айтамыз. Бұл ұлттық немесе жандық мүддеден гөрі жоғары және адамзатқа біріктіруге бағытталған терең де тұңғұйық рухани болмыс игіліктері.

Халықтың рухани болмысы, байлығы сол халықты толық сақтап қалатын және өмір сүру құқын дәлелдейтін қайнар бұлағы болып есептеледі. Тарихты алып қарасақ, әр халықтың рухани негізі түрлі қиындықтарға кездеседі, алайда рух бар жерде халық та бар. Рухани байлық дегеніміз саналы да, санадан тыс, сезім мен ақыл бірңктңретін халық тұрмысының әдептілік игілігі. Бұл ұлттық немесе тоқтық мүддеден гөрі жоғары және адам затты біріктіруге бағытталған тереңде тұңғиық рухани болмыс игіліктері. Әрине, рухани көріністер де әр түрлі формалы, ол қарапайым саналық пен ырымшылдық, халық санасның жалпы бағдарын төменнен, тереңнен бағышталуы, интеллектуалдар мен ақындардың арман қиял абстракциясының ең биік формасы ретінде байқалуы мүмкін. Жеке адамдардың мәнін, орнын естен шығармасақ та, біз бұл жерде рухани өмір, ой мен қиял туралы айтқанда нағыз ұлы тұлғалардан болатыны сөзсіз екенін атап көрсетеміз келеді. Халық болмысының руханилығы - оның өмірлік құндылықтарының қайнар көзі ғана емес, жалпы адамзаттың құндылықтарын біріктірудің ерекше бір әдісі. Сондықтан да әр халықтың, ір ұлттың рухани даму сатыларында, баршаға ортақ ұқсастықтарды іздеу мүмкіндігі бар екенін дәлелдейміз. Сонымен біз әр халықтың ұлттық өзіндік рухани дүние болмысы ерекшелігін де атап өтуіміз қажет. Тағы бір мәселе, халқымыздың рухани мұрасынтарихымыздың ұзақ кезеңдрімен байланыстырып, жан-жақты кең түрде зерттеу қажеттілігі. Себебі, рухани болмысымыздың тарихи-әлеуметтік негіздерін ұғыну бүгінгі өзімізді өзіміз ел есебінде сезіну жағдайында, өткен мен болашақ алдында, аталарымыз бен ұрпақ алдында жауапкершілікті ұғыну болып табылады.

Жалпы рухани болмысымыздың, рухани мәдениетіміздің өткеніне тереңірек үңіле қарасақ, еліміздң тарихи феномені өз басына түскен ауыртпалықтар мен

(4)

қатерлі сындардың қай-қайсысы болсын төтеп бере алатындай жағдайда сияқты.

Жалпы, тарихи дамуды алып қарасақ, қазақ халқының рухани дүние болмысы, көшпенділер мәдениеті болмысының бір саласы ретінде өз дамуында ширығу, шынығу кезеңдерін басынан кешірді. Қазақ ұлты – адамзаттың бір бөлігі.

Ұлтымыз қазір күрделі бұрылыс кезеңінде тұр. Нарықтық қатынастар ұлт психологиясына менталитетіне елеулі әсерлерін тигізуде. Нарық қатынастары психологиясының әсерінің өрістеуінің арқасында және адамның адамгершілік, ізгілік сияқты қасиеттерінің заттануы, ұлттық этиканың орнына құбылмалы, ынғайлы этиканың келуі жағымсыз жағдайларға, құбылыстарға итермелеуі мүмкін. Нарық кезінде ұмтымыздың рухани өміріне мән берілмесе ұлтымыз моральдік-этикалық келбетінен айырылып қалуы мүмкін. Сол ебепті ұлттың моральдік деградацияға түсуіне жол берілмеуі керек. Сапаның төмендеуі адамдарды дарақылық пен тоқмейлсіесушілікке, арзан, жылтырақ тіршілік өмірге әкелуі мүмкін. Өнер мен әдебиетте постмодерн деген атпен көрініс беріп келе жатқан ғаламдық рухани дағдарыстың біздің ұлттық кеңістігімізде де орын алып қалуы ықтимал. Қазақ қоғамын, қазақ қоғамының рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалпы адамзаттың ақыл-ойын азапты да, күрделі даму контекстінде қарамайынша, оның ішкі заңдылықтарын, даму бағытын аңғару мүмкін емес.

Кейбір этно-саяси оқиғалардың өзі де қазақ халқының жігерлігін мұқата алмады.

Ал енді, кешегі кеңес дәуірінде, тоталитарлық жүйе кезеңінде қалыптасқан өмір санамызды, тұрмыс тіршілігімізді мүлде өзгерту мен халқымыздың дүниетанымын жаңа арнаға түсіруге арналған іс-шаралар қазақ ұлтының басына түскен ауыр сындардың бірі болды. Осы тарихи сындарлы кезеңде қазақ халқы өзінің төл рухани мәдениетінің асыл мұраларын сақтай отырып, жаңа мәдени құндылықтарды игере білді. Қиын-қыстау кезеңдерде мұқалмай рухани биліктен көріне білген қазақ халқының рухани дүниесіндегі жетістіктердің қомақты болуы да, халқымыздың болмысының ерекшелігін аңғартса керек. белгілі қазақ философы Ғ.Есім «Хаким Абай» атты іргелі еңбегінде қазақтың рухани мәдениетінің қай уақытта болса да мерейінің үстем болғандығын былай сипаттайды «Жиырма бір ғасыр ішінде бірнеше ренессандық жағдайлар болған. әдебиетте ренессандық жағдай міндетті түрде екі компоненттен тұрады. Бірі – жаңа өркениеттілік сапалық өзгеріске ұшырау болған. әдебиетте ренессандық жағдай міндетті түрде екі компоненттен тұрады. Бірі – жаңа өркениеттілік сапалық өзгеріске ұшырау, екіншісі – алдағы өткен мәдени дәстүр мүлдем жойылмайды, даму эволюциялық жолмен жүреді» /1/. Көп уақытқа дейін рухани-әлеуметтік мәдениеттердің араластық, бірыңғайлық мәселесі бір жақты қарастырылып келді, соның нәтижесінде көшпенді халықтардың, оның ішінде қазақ халқының да әлемдік өркениеттер аясында алатын орнына тарихи шындық тұрғысынан баға берілмеді.

Өткенді былай қойғанда қазіргі заман ғылымында да «ең жоғары мәдениетті жасайтындар егіншілікпен, қол өнермен, құрылыспен шұғылданатын отырықшы халықтар ғана» деген кереғар пайымдаушылық қалыптасқандығын айта кетуіміз керек /2/. Мысалы: Англияда шыққан әлемдік картада Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің аттары айшықталып жазылыпты да, «Қазақстан» атауы

«Қырғыз даласы» деп қана беріліпті. Германияның Лейпциг университетінің профессоры, неміс геологиясының атасы Ф.Райцельдің әлемдік мәдениеттердің ішкі байланыстылығын жоққа шығарып, олардың ара-қатынастарын алшақ

(5)

көрсеткіші келген теориясы баршамызға белгілі. Қазақ рухани мәдениетінің ірі өкілі Ш.Уәлиханов ұлттық ар-намысымызды жан-тәнімен қорғап, көшпенділік тұрмыс-тіршіліктің нәтижесінде оқу-білімнен кеш қалған, қазақ халқының рухани дүниесінің өте бай, жаңалық атаулыға мейлінше құштар және дарынды да, өнерпаз халық екендігін ғылыми шындық тұрғысынан дәлелдеп берді. Шоқан қазақ халқының мәдениетін өркениеті дамыған елдердің тарихымен сабақтастыра отырып былай деп жазады: «Европа осы уақытқа дейін көшпелі тайпаларды қанішер ордалар, тәртіпсіз тағылар, одан қалды... мал тәріздес варварлар түрінде көрсетуге тырысушылық белең алған. Бірақ осы варварлардың өзінің төл мәдениеті, әдеби мен аңыздары, жазуы және т.б. бар екендігі олардың ойына да кірмейді» /3/. Қазақ дүниесінің рухани әлемін жандандыруға ұлы ойшыл Шоқанның қосқан үлесі, Шоқанның рухани-әлеуметтік көзқарасы әлемдік өркениетте өз орнын алатындығын атап өтуіміз керек. бұл жерде белгілі мәдениеттанушы ғалым Т.Ғабитовтың пікірі қонымды: «Шоқан қазақтың рухани мәдениетін биік деңгейге көтерген ойшыл ғалым» /4/. Қазақ ұлты – адамзаттың бір бөлігі. Ұлтымыз қазір күрделі бұоылыс кезеңінде тұр. Нарықтық қатынастар ұлт психологиясына менталитетіне елеулі әсерлерін тигізуде. Нарық қатынастары психологиясының әсерінің өрістеуінің арқасында және адамның адамгершілік, ізгілік сияқты қасиеттерінің заттануы, ұлттық этиканың орнына құбылмалы, ыңғайлы этиканың келуі жағымсыз жағдайларға, құбылыстарға итермелеуі мүмкін. Нарық кезінде ұлтымыздың рухани өміріне мән берілмесе ұлтымыз моральдық-этикалық келбетінен айырылып қалуы мүмкін. Сол себепті ұлттың моральдік деградацияға түсуіне жол берілмеуі керек. сапаның төмендеуі адамдарды дарақылық пен тоқмейлісесушілікке, арзан, жылтырақ тіршілік өмірге әкелуі мүмкін. Өнер мен әдебиетте постмодерн деген атпен көрініс беріп келе жатқан ғаламдық рухани дағдарыстың біздің ұлттық кеңістігімізде де орын алып қалуы ықтимал. Қазақ қоғамын, қазақ қоғамының рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалпы адамзаттың ақыл-ойын азапты да, күрделі даму контекстінде қарамайынша оның ішкі заңдылықтарын, даму бағытын аңғару мүмкін емес.

Жиырмасыншы ғасырдағы ақыл-пайымдау философиясының негізгі нысаны адам, адамның рухани өмірі, болмысы, өмір сүру, мәні болуы жайдан жәй емес.

Қоғамдағы әлеуметтік дағдарыстар адамның қоғаммен ара-қатынасының қайшылығына әкеліп соқтыру мүмкін. Сол себепті адам болмысының көкейтесті мәселелерінің шешімін таппай қалуы өмір мәнділігі философиясының өзегі болып табылады. «Дүниеге таза адамшылық сипаты, таза мінездердің күші жетпейді» – деп жазған еді қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов, – олардың әлі аз, өрісі жоқ. Дүние мәңгілікке орнап қаларлық адамшылық ақиқат жеке ғана мінезге сүйеніп тұра алмайды. Бұған ең бір күшті діңгек бар – ол адамның көкірегіне сіңген толғаулы терең ой. Сол себепті философия адам баласының жан тәрбиесінің, адамшылығының, адамгершілігінің, парасаттылығының өрлейтін басқышы» /5/.

Адамның әуелгі аязы аз, ақылының туғызған қараңғы нанымын, меңгеру нанымдығын философия кетірген. Адам тегі материалдық дәулетке қол жеткізумен бақытты бала алмайды. Дәулетті адам бүгінгі күні бақытты болмақ десек ұлы Абай айтқандай «тыныш, тоқмейілсіп өмір сүрер еді», яғни қандай дәулеттілік кезінде де адам тірлігінің трагедиясы біткен емес, олай болса адамның өмір сүру мәні жойылады. Адамның рухани болмысы – өткен мен бүгінгінің

(6)

теңділік пен теңсіздігінің, даралық пен біртұтастықтың, өзгермелік пен тұрақтылықтың ерекше байланысқан бірлігі. Қазіргі уақытта етек жайып, белең алып бара жатқан жан жадаулығына қарсы қоятын бірден-бір әлеуметтік нәрсе – бұл рухани болмыс мәселелері өзінің мағызды үш қырынан көрініп отыр.

Біріншіден, рухани болмыстың мәдениетіміздің қазіргі қалыптасу жағдайы.

Осыған байланысты қазіргі кезеңде бір-біріне қарама-қарсы екі процесс қатар өрбуде: бір жағынан, халықтың сана-сезімін, психологиясын, саяси белсенділігін арттыруда бағытталған рухани өрлеу. Бұл үрдіс тарихи – ғылыми ізденістердің жаңа бағыттарында, саяси мәдениеттің алғашқы нышандарында орын алып отыр.

Екінші жағынан, көзбояушылықтың, мансапқорлық, атақққұмарлық, бір сөзбен айтқанда рухани құлдырауға апаратын жол. Қазақ елінің, қоғамымыздың болашағы, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайы осы екі үрдістің қайсысының басым болуымен тығыз байланысты.

Екіншіден, еліміздің саяси-экономикалық егемендігінен туындайтын рухани-әлеуметтік қатынастардың бүгінгі жағдаый. Себебі, қоғамда бұрын соңды болмаған жаңа бағыттағы қарым-қатынастар жүйесі қалыптасуда. Яғни, олар әлеуметтік құрылымға, әртүрлі әлеуметтік топтарға, іс-әрекет аясында өзгеріс енгізуде. Үшіншіден – тұлғаның рухани өзіндік дамуы мен жетілуі. Қазақстан қоғамының қазіргі даму жағдайында адамдар қиын да күрделі қоғамдық ахуалді басынан кешіріп отыр. Тарихи танымнан, баба дәстүрінен тіпті алшақтап қалып қойып отырған қазіргі адамға әр түрлі тәсілдер арқылы (діни, үгіт, музыка) басқа мәдени-тарихи өмір дәстүрі, салты, яғни жат стандарттар ұсынылуда.

Бұл неге әкеліп соқтырады. Бұндай жол жас ұрпақты «рухани мәңгүрттікке»

әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол себепті, қазақ халқының тарихи болмысындағы қалыптасқан рухани құндылықтары оның даму процесінің негізі болуы қажет.

Туыстықты, адамгершілік қарым-қатынастарды барынша ардақтап, жүйелі сөзді өмірінің заңы еткен бірден-бір халық–қазақ халқы деп білеміз.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Есим Ғ. Хакім Абай. – Алматы: «Ғылым». – 111 б.

2. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – Алматы: «Наука». – 190 б.

3. Уалиханов Ш. /Т.ш.ж./ – Алматы: «Жазушы» – 390 б.

4. Ғабитов Т. Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. – Алматы: «Қазақ университеті».

– 204б.

5. Әуезов М.О. /Т.ш.ж./ Алматы, «Жазушы», 280 б.

6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – Егеменді Қазақстан , 15.12.2012 ж.

СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ТЕОРИИ ПОЗНАНИЯ

Шермухамедова Н. А.

г. Ташкент, Узбекистан Проблемы теории познания в достаточно строгой форме разработал Ари- стотель. Он уделял большое внимание анализу выводного знания. Силлогистика Аристотеля на многие столетия определила развитие логики. Группа логических работ Аристотеля уже в древности была объединена и получила название «Орга- нон», т. е. инструмент для получения истинного знания.

Referensi

Dokumen terkait

Кеңестік драматургия мен ұлттық әдебиеттегі осы жанрдың қалыптасуы мен даму арналарын, оның авторлары мен танымал туындыларын да тиісінше еске алады.. Ал,Ғ.Мүсреповтың драматургияға 30-

Оларға мыналарды жатқызуға болады: - сөзжасам әрекеттерінің алдындағы және соңындағы сөзге талдау жасау білігі; - жаңа сөздердің семантикалық интерпретациялау дағдыларын меңгеруі; -