• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚТЫҢ АС БЕРУ ДӘСТҮРІНІҢ САЯСИ МАҢЫЗЫ АУЫЗША ДЕРЕКТЕРДЕ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚТЫҢ АС БЕРУ ДӘСТҮРІНІҢ САЯСИ МАҢЫЗЫ АУЫЗША ДЕРЕКТЕРДЕ"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

Е.М. Смағұлов Балқаш қ, Қазақстан

ҚАЗАҚТЫҢ АС БЕРУ ДӘСТҮРІНІҢ САЯСИ МАҢЫЗЫ АУЫЗША ДЕРЕКТЕРДЕ

http://www.enu.kz

Ас–қазақ дәстүрінде кӛпшіліктің басын қосатын жиын, саяси, экономикалық, мәдени, шетелмен байланыс мәселелерін шешетін ең үлкен қоғамдық шара. Кӛшпелі елдің бір уақытта, бір жерге жиналуы қиын болғандықтан ас ұлы жиналыс, оның шешімі ұзақ уақыттық маңызы бар шешім. Шешімдер арнаулы адамдар, билік иелері арқылы ел ішіне таратылып, іске асырылып, қадағаланып отырылған. Қазақ мемлекетіндегі ішкі қоғамдық саяси жағдайды реттеп отыратын институттарының салт-дәстүрге сай реттеліп отыруын арнайы жүйелеп, Ата заңдық (конституциялық) дәрежеде алғаш бекіткен Қасым ханның

«Қасқа жолы», кейіннен Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

заңдық кодекстерінде ас ӛткізу, мал, мүлік, жер дауы, кісі ӛлтіру, жесір дауы, шешендік, құн, тұлпар ат, халықаралық қатынас т.б. мәселелер қатарында мемлекеттік дәрежеде қаралған [9, 541б.; 13, 318б.].

«Айман-Шолпан» жырының мазмұнын арқау етіп осы мәселелерді талдап кӛрелік.

Жыр негізінен ӛмірде болған тарихи оқиғалар желісіне құрылған, оның басты

кейіпкерлерінің кӛпшілігі ӛмірде болған трихи тұлғалар (Кӛтібар, Арыстан) [6, 207б.].

Кіші жүз шӛмекей руының бір белгілі атақты адамына арналып берілген асқа ӛз

дәрежелеріне сай сән-салтанатпен – ӛңшең нарға артқан тоғыз саба қымызымен таманың байы Маман келеді, қант-шай алып және тоғыз атанға бауырсақ артып шектінің батыры әрі кӛрнекті ру жетекшісі Кӛтібар да ас берген ауылға ат басын тірейді. Күтіп алған ас иелері Маман байды алтындаған ақ боз үйге түсіреді. Ал ӛзіне тігілген жадағай үйге кӛңілі толмаған Кӛтібар жанжал шығарып ас үстінде үлкен дау, қақтығыс туады. Ара

ағайындыққа шамалары жетпеген шӛмекейліктер дауды шешуді даукестердің ӛз құзырына қалдырады. Алайда Маман Кӛтібарға:

… дәулеті бар немедей,

Жүр еді осы шекті кезі келмей.

Үй таңдап біздің елден не қылады, Су артқан Қаратаудан қума кедей,- деп менменсісе, Кӛтібар ӛз кезегінде:

Ауылыңа жеті жүз қол жүргізбесем, Шектіні таң сәріден тигізбесем.

Кӛтібар менің атым жерге кірсін,–

Айманды жайдақ нарға мінгізбесем,–

деп, ант етеді. Ол артынша-ақ осы антын орындайды да, Маманды шауып алады, оның екі қызын Айман мен Шолпанды жайдақ нарға мінгізіп әкетеді [7, 142–144бб.].

Астың әлеуметтік мәні, саяси рӛлі әсіресе «Манас» жырының бір бӛлігі

«Кӛкетайдың ертегісінде» керемет жырланған. Бұл жайт асқа сауын айтылған кезде анық кӛрінеді. Әкесі Кӛкетайдың орнына хан болған былжыр Боқмұрынға кӛңілі толмаған кейбір Сарыарқа, Ертіс, Алтай, Сыр, Жайық т.б. ӛңірлерді мекендеген кӛптеген елдердің

(2)

ӛкілдерінің асқа келмеуі мүмкін деген қауіппен Боқмұрын күш кӛрсете отырып шақырады. Бұл жайт тек қана Ер Тӛстік, Манас, Айқожа сияқты күшті ел басыларына байланысты ғана қайталанбайды. Ал Манас тіпті Боқмұрынды менсінбей Кӛкетайдың асы

«ала күшік арам сідік Боқмұрын мен сасық айран, кӛп іркіт Баймырза билейтін аспа

екен?» –деп кеуде кӛрсетеді. Дереу қасындағы қырық шорасына асқа дайындалуға бұйрық бергенмен, сес кӛрсету мақсатымен асқа тез келе қоймайды, оның бұл қылығы

Боқмұрынды қатты мазаландырады. Ақырында олМанастыңасқа келіп жетуін күтпей, оның алдынан мол тарту-таралғымен шығады, әрі күллі астың ӛткізілу билігі Манасқа тапсырылады [16, 283–302бб.]. Астың алғашқы күні-ақ асқа сауын айтып шақырылған қалмақ, қытай елдерінің ӛкілдерінің: «еттің піскенін пісідей, шикісін шикідей омысып, қашып»[16, 293б.]– берекені алғаны, қалмақ ханы Месқара, Ер Қосайға: «алпаңдаған анауың кім, күзгі қосқан бурадай, бұрқылдаған анауың кім, күзгі қашқан қошқардай, күржеңдеген кісің кім?»– деп ел ағаларын бір қорлап ӛтсе, ендігі бір жерінде:

Қарапшысын байланып Қалдай мінер ат екен Белдемшесін байланып

Пежін мінер ат екен–деумен кермедегі тұлпарға кӛз салады, ақырында:

Етті қалай тартуға, Атты қалай шабуға, Бәйгені қалай беруге,

Ер Жолайдан жауап алсаңшы–деп шектен шығуы, әрі ат бәйгесінде Жолайдың бәйгеге таласып зорлық жасауы үлкен дауға айналып, соңы екі ел арасындағы соғысқа ұласады [16, 326–344бб.].

1876 жылы Ерейментауда болған керей Сағынайдың асында да бәйге шабу кезінде, күндестік кесірінен Ақан серінің аузымен құс тістеген, осы асқа дейін қатысқан бес аста бас бәйгені межені жалғыз сызып бәйгеден бәйге қоймай күллі Атығай-Қарауылдың абыройын асырып жүрген Құлагері бәйгеге қосылған 300-ден астам аттың алдында жеке дара келе жатқан жерінде ақынның ӛзі айтқандай Алтай Қуандықтың Батырашының Жүсіп деген ұлының қолынан мерт болады. Астың шырқы бұзылып, дау туғанмен ас иесі Паң Нұрмағамбеттің тегеурінінің арқасында бас бәйге Ақанға беріледі, ал салт-дәстүр тәртібін бұзған Батыраш, Қотыраштар ас аяқталмай халық қаһарынан сескеніп, қашып кетуге мәжбүр болады. Бұл даудың аяғы осы оқиғадан кейін үш жылдан кейін Байдалы би, Алшынбайұлы Түсіп пен Телғозыұлы Шоңның билігімен, олардың Ақанның аяғына жығылып, Құлагерге құн кесілуімен бітеді [15].

Қазақтың ас беруі Потанин Г.Н. сӛзімен айтқанда «рудың мейрамы», демек біз жоғарыда айтып ӛткендей астың абыройлы ӛтуі ӛлген адамның артын күтуші қауымның күш-қуатына тікелей байланысты. Асты кез келген отбасы ғана емес, тіпті кішігірім рулардың да ӛткізе алуы екі талай болған. Бұл жерде біз келтіріп отырған материалдық шығындардың орасандығы ғана асты ӛткізуге қолбайлау болуы мүмкін емес, ол үшін асты ӛткізуші елдің (рудың) руаралық қарым-қатынастар барысындағы саяси бекемдігі, беделі астың тәртібінің салт-дәстүрге сай бұзылмай ӛтуінің басты кепілдіктің бірі болған. Олай болмаған күнде ұлттық рух қожырауға ұшырайды, елдің іргесі шайқалады. Сондықтан да кейбір аз рулар астың абыройлы, дау-дамайсыз ӛтуін қамтамасыз ету үшін, ӛзінен үлкен, күш-қуаты мол, ірі руларға арқа сүйеп отырған. Әрі бұл асты басқаруды әдетте ең беделді, қолынан іс келетін билерге тапсыратын.

(3)

Мәселен, 1885 жылы Баянауыл ӛңірінде Қаржас руының ӛкілі Мұса Шормановқа берілген асты Ерейментаудан келген қанжығалы–Саққұлақ би мен қаржас Жәпек Шоңмұрынұлы басқарады. Бұл асқа Қарқаралы, Ақмола, Кӛкшетау, Павлодар уездерін мекендеген Орта жүз рулары түгел қатысқан. Омбыдан арнайы империялық әкімшілігінің елшілері де (делегация) келген. Осы аста жоғарыдағы сӛзімізді дәлелдейтін бір уақиға болып ӛтеді. Ереймендегі Қанжығалы елінің күлік руында кеткен (ұрланған) бір айғыр қысырағы болыпты. Бұған күші тасыған күлік руы теңдік бермей жүрген болса керек.

Қанжығалы елін бастап келген Кәрібай болыс ас беретін ауылға түспей, адамдарын бір тӛбенің басына иіріп, ас иесі қаржас еліне кісі жіберіп, күлік руында кеткен есесін қазір айдап келіп алдына салмаса үйге түспейтінін айтып қыр кӛрсетеді. Мұндай қатаң

талаптың артында «астың шырқын бұзам» деген ишарат жатқаны белгілі екенін түсінген асты ӛткізуші қаржас жағы күлік жағының әкімі Әкімбек Елеубекұлына келіп

ақылдасыпты. Әкімбек дереу ӛз елінің адамдарын жинап, сӛзге кӛнбеген жағдайда Кәрібай жігіттерін түгелдей байлап алу жағын ойластырып алып, Қанжығалы жағынан келген елші жігітке: «Кәрібай маған сенсе ас ӛткен соң есесін ӛзім қайтарамын, үйге түссін, ал сенбесе не істеймін десе де ӛзі білсін», деп жауап қайтарыпты. Тегеурінді елдің мұндай жауабын естіген Кәрібай жігіттерімен үйге түсіп, астан соң есесін алып бітіссе керек [1, 130б.].

Керей мен Қанжығалы рулары бір–бірімен жайлаулас болса керек. Керейлер бір-екі үйір жылқысы бар Саққұлақ ұялмай бізбен жайлауға несіне жарыса кӛшеді екен?–деп, кемсітіп жүрсе керек және Саққұлақты керейдің асына «Ошақ қазарына», ақсақалдар кеңесіне шақырмаған екен. Саққұлақ сонысын кектеп: «Шақшан болсын, Ақкӛл болсын, Ереймен болсын,–Қанжығалы атаулы біздің Қама, Жапар, Бӛкенбайға келіп, асқа сонан соң барсын!»–деп, Қанжығалы біткенді соңына ертіп келіп, айдалаға отырып алыпты.

«Арғының жолаушысының аты құрлы жылқысы жоқ неме байлық айтады! Қанжығалыға екі жүз-үш жүз тіксін үйді! «Толыбайлап» ұран шақырсақ, бір жерден табылғандай

болайық!» – десе керек. «Керей сонда-басы Жӛкен Айдарке баласы болып, қасқа-жайсаңы Мұса мырзаға (Мұса Шорманов) келіп: «Мал-жанның билігін қолыңызға бердік. Ас–сіз атқа мінсеңіз, ас болады!»–деген соң, Мұса мырза атқа мінді. Айдаболдан-Секербайды, Тінәліден-Айдапкелді, Алтай-Тоқадан-Бекқожаны–әр топтан сондай жақсыларды қасына алып, бұрынғы орнығып отырып қалғандарды, екі үйдегіні, бір үйге кіргізіп, Саққұлаққа екі жүз үй даярлатып, Сағынайдың Сарыжорға атын тұлдатып, ақ жүген, құйысқан, ер- тоқымын түгелдеп, қасына бірнеше жақсыларды қосып, Темірболат-Ақпанбаласына жетектетіп, Сақаңның алдына кӛлденең тартуға жіберген. Сонда Саққұлақ би: «–Құтым келді ғой! Енді бармасақ асқа болмас–деп келсе керек» [5, 426 б.].

Ел аузындағы аңыз бойынша Тобықтының кӛсемі Құнанбай Ӛскенбайұлының әкесіне ас беру оқиғасы былай суреттеледі. Құнанбай әкесінің асын ӛткізу қамымен, астың

ӛткізілетін орны ретінде Қаракесектің Кӛкшетау (Қарқаралының шығыс қапталындағы жайдақтау тау) деген жерін таңдап алып, ас беретін ауылды тіге бастайды. Мұны естіген Қаракесектің азулы биі атағы үш жүзге танымал Қазыбектің ұрпағы Алшынбай би «қу соқырдың бұл қай басынғаны, асты кӛшіремін» деп, қасына жүз жігіт ертіп аттанады.

Бәрін бақылап, аңдысын-аңдып отыратын сұңғыла Құнанбай да мұны ести сала қасына екі-ақ жігіт алып, Алшынбайдың алдынан шығады. Ашуы басына теуіп, бұлығып келе жатқан Алшынбайды кӛргенде Құнанбай жӛн бойынша атынан түсіп, сәлемдескен екен де

«Ау, Алшеке, мен жер таба алмай келген жоқпын, алты бақан, алауыз Тобықтыдай емес, мәйегі шайқалмаған іргелі ел ғой, Момынның бір ұлының құрмалдығын кӛтерер деп келдім. Мына ағаңның тойын ӛзің басқарып ӛткізсең де, кӛшіріп жіберсең де ӛзің біл», деген екен. Сонда әлі де атынан түспей ірілік кӛрсетіп тұрған Алшынбай «жер иесінен рұқсат сұрамай әкеңнің асын ортамызға алып келген сенің айыбыңнан да менің ат үстінде тұрып сәлем алған менің айыбым асып кетті-ау. Жігіттер, бір екеуің елге хабар беріңдер, жабдығымен дереу жетсін. Қалғандарың астың аяқшы табақшысы болыңдар» деп, асты ӛзі

(4)

басқарып, ӛзі ӛткеріпті, әрі осы аста Құнанбай мен Алшынбай құйрық-бауыр жесіп, құда болыпты деседі ел аңызы [2]. Әрине, аңыз желісіне арқау болған оқиғаның ас үстінде орын алуы әбден мүмкін, бірақ оның қоғамдық-әлеуметтік мәндегі саяси қойылым

ретіндегі сценариі басқаша болуы мүмкін, бірақ негізгі мақсаты біреу. Ол қоғамдық-саяси және әлеуметтік статустар межесін белгілеу, әрі осы қатынастарды бекітетін тетіктердің ӛміршеңдігін тексеру. Келтіріп отырған аңыздың межесінен (финалынан) кӛріп

отырғанымыздай осы ситуациялық (арнайы «қойылған») жағдайда қоғамдық-әлеуметтік, саяси бірлік пен осы бірлікті тұтастандырып тұрған тетіктерінің арасындағы гармониялық тепе-теңдік, сәйкестік кӛрініс тапты, «қолдан жасалған» дағдарыстық (кризистік)

ситуациялық «қойылым» аяқталды.

Қазақ қоғамының саяси қатынастар жүйесін сараптағанда осы әлеуметтік қарым- қатынастар жүйесінің байланыстық, анықталу қағидасының ӛзгеше екеніне кӛз жеткіземіз.

Әлеуметтік тұлғалану қазақ қауымында оның ерекше патриалхалдық-рулық қатынастарға негізделген, таптық жіктеленуден ұжымдық-ынтымақтастық психологиялық қағидалардан туындайтынын кӛреміз. Ру–оның әр мүшесінің әлеуметтік-саяси статусын жиынтық түрде бекітіп, тұлғаландырады. Біз жоғарыда келтіріп отырған астарда дәл осы жағдай кӛрініс береді. Мәселен «Айман-Шолпан» жырында Кӛтібар-Маман бай арасындағы даудың шығуына бір себеп, ас иесі шӛмекейлердің мойынға алған міндетті ақырына дейін орындай алмауы да–дау шыққан кезде ӛздері ара ағайындық жағдайға жарамай, әлсіздік кӛрсетуі–осы дағдарыстық ситуациялық жағдайдың тууына себепші болады, тығырыққа тірелген жағдай пайда болады. Бұл жағдай–шӛмекей руының жалпы руаралық қарым- қатынастар иерархиясында Кӛтібар бастап барған шекті, Маман байдың қолдаушысы тамалардан әлдеқайда тӛмен тұрғанын анықтап, ас осы ақиқатты тек ашып кӛрсетеді, тек осы жай анықталғаннан кейін-ақ дау-шар бітіп, (ас аяқталғаннан кейін) әлеуметтік, қоғамдық-саяси қатынастардағы гармониялық қалыпты тұтастық қалпына келеді–Айман, Арыстан, Әлібек сияқты тұлғалардың іс-қимылы нәтижесінде ел арасы бітісіп, табысады.

Ал Кӛкетайдың асында осы дисгармониялық ситуация басқаша сценариймен

ойналады. Ел тұтқасы Кӛкетайдың жеке ақыл парасатына тәуелді болып тұрған ел бірлігі оның әлжуаз, саяз ойлы мұрагері Боқмұрынның тұсында түгелдей қожырауға ұшырайды.

Бұл жайт Боқмұрынның тұсында ас беруге сауын айту кезіндегі ӛз қол астындағы елдерге дӛң-айбат кӛрсете сӛйлеген кезінен-ақ бастау алады – Кӛкетай ӛлгеннен кейінгі қоғам ӛміріндегі дағдарыстық кезең бірден бейнеленеді. Ол Манастың сауыншыға жауабынан, қалмақ-қытай тобы басшылары Қоңырбай, Олжай, Месқаралардың ас үстіндегі іс-

қимылынан, осыған байланысты қалмақ-қытайлардың қылығына қарсы қояр қайраты жоқ, қуаты қайтқан тоқсан бестегі қазақ батыры Ер Қосайдың «атаның арман күні бұл, жалаң аяқ жер бассақ, жер солқылдар жас күн-ай» – деп налитын шарасыз қалінен анық кӛрінеді.

Қауымдық бірлік, тұтастықтың, ынтымақтастықтың бұзылуы әсіресе Жолаймен соғысқа дайындық кезінде бірлестікке шақырған Манасты қолдаудан бас тартқан Ер Қосай, Ер Тӛстік, Ер Кӛкше және басқа да батырлардың әрекеттерінен анық кӛрініс табады, ақыр бұл соғыстың аяғы Манастың ӛлімімен бітеді [8].«Кӛкетайдың асы–кӛк жанжалдың басы»

деген сӛз осыдан қалған.

Сағынайдың асын қазақтың «у ішсең руыңмен», «жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас», – деген даналық сӛзге құлақ аспай Кіші жүз Қабылдың асына кеткен Атығай- Қарауыл елінен жырылып ел ағаларының қолқасына мойынұсынбай жалғыз келген Ақан ақыры ӛз білместігінің, салт-дәстүрді бұзған бірмойындығының құрбаны болады,–ел күллі Атығай-Қарауылға олжа салған, намыс туы Құлагерден айырылады, саяқ жүргеннің таяқ жейтінін меңзеген ӛз туыстарының ақылына бой ұсынып, кӛптен, елінен жырыла

қашпағанда ол бұл жағдайға ұшырамас еді.

Баянауыл округінің дуанбасысы болған бӛрі Қазанғаптың асында болған дау-жанжал тарихта белгілі. Негізінен бәсентиіндер мен сүйіндіктер қатысқан бұл асты Қазанғаптың кенже баласы Момын басқарады. Бежу (Бекжан) Итемгенұлы Құлаторысын бәйгеге

(5)

қосқан. Бәйгенің алдында Бежудің Құлаторы аты келе жатса керек. Бір мезетте тыстан сары ат қосылып кӛмбеге бірінші болып келеді. Бежу–мына сары ат түптен шапқан ат емес. Бәйге менікі! – деп жар салады. Сары аттың иесі Нӛке (Нӛкербек) Қазанғаптың ортаншы баласы оңайлықпен кӛмбейді. Сонымен айтыс-тартыс басталып кетіп, ашу үстінде Нӛке Бежуге қамшы жұмсайды. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған Бежу сапысын суырып-ап Нӛкенің астындағы сұр жорғасының қарнын жарып жібереді. Дау ұшығып, астың аяқталуына дейін әділдік шешіп, тӛрелігін айтуды Бәкі шешенге жүктейді. Бәкі сүйіндік елінің білгір ат сыншыларына аттарды сынатады. Олар аттың терлерін тілімен жалап, салыстырып, т.б. амалдарды қолданып, Сары аттың бәйгеге кейін қосылғанын анықтайды [14, 228б.]. Бұл әдіс тәсілдерді сол кездегі криминалды экспертизаның бір түрі десек қателеспейміз. Бежу бас бәйгені алатын кезде Бәкі шешен екі жақтың даугерлеріне сұрақ қояды:

–Бәсентиін, баласы, бауырларыңызға қандай айып тағасыз?–дейді ақтілестерге қарап.

Сонда ақтілестер жағы:

–Исі бәсентиіннің кӛсемі, арқа сүйер кемеңгеріміз Қазанғаптың асында жанжал шығарғаны үшін, жасы үлкен адамға қамшы үйіріп, қол тигізгені үшін Нӛкеге 25 шыбық дүре соғуды сұрайды. Бәкі шешен енді бӛрілер жағына қарап, сұрағын қайталағанда, олар ақтілес бауырларына мынандай айып тағады:

–Қазанғаптың асында оның баласы Нӛкенің астындағы атына пышақ сап, жанын жаралағаны үшін Бежудің Құлаторысы Сұр жорғаның тӛлеуіне берілсін. Бұл әңгімені естіген Бежу бәйгіден келген атын қашырып жібереді. Даудың аяғының шешілуі қиындай түседі. Бӛрілер:

–Құлаторы берілмесе дүре де берілмейді,–деп тұрып алады. Бәкі шешен екі жақтың келісімі бойынша даудың тӛрелігін айтуды Жақсыбай абызға береді. Сонда Жақсыбай:

–Ең әуелі әкесінің асында бәйгенің тәртібін бұзған, жанжалды бастаған, сӛйтіп ел арасына іріткі салған тентек айыбын тартуы керек. Одан кейін ӛлген аттың құны тӛленсін.

Егер де дүрені екі жақтың келісуімен жеңілдету керек болса онда ӛлген аттың құны да ӛзгереді дейді. Соңында Жақсыбай абыз бен Бәкі шешен екеуі мынандай үкім шығарып жиналған жұртқа жариялаған екен:

Бәйгенің бас жүлдесі Бежеудікі.

– Бежеуге қол кӛтеріп, қамшы жұмсағаны үшін Нӛке бір тоғыз айып тӛлесін, қыз беріп құда болсын.

– Нӛкенің атына пышақ салғаны үшін Бежу ат-шапан айып тӛлесін деген екен. Осы үкімге риза болған жұрт татуласып тарасса керек [14, 229б.].

Кӛріп отырғанымыздай кей сәттерде астың ӛз ішінде де дау-шаралар шығып қалып отыратын, бұл жағдай әсіресе астың соңғы күні болатын елдің елдігі, бірлігі мен рухани тентелігі сынға түсетін аламан бәйгеде кӛрініс беріп отыратын. Бір таңғаларлығы аламан бәйге ешқашан да даусыз ӛтпеген сияқты, бірақ олардың әділ де тура шешімі әрқашан сол ас үстінде-ақ кӛп ұзамай халық кӛңіліне сай, дәстүрлі-салт жолымен табылып, шешіліп отырған. Сағынайдың асындағы Ақан сері Құлагеріне байланысты жағдай да, кейбір мезеттерінің ерекшеліктеріне қарамастан (Құлагердің ӛлімі) шешімі сәтті аяқталған даудың ішіне жататын оқиғалар қатарына жатқызуға болады. Бұл жерде аламан бәйгенің тек ойын-сауық түрлерінің бірі ғана емес, оның ырым-жоралық қалыптағы семантикалық рӛлі кӛрініс беретінінде. Астың соңғы күні болатын осы бір салт-дәстүрлік ұлттық

ойынның орындалуының негізгі мәні де, мақсаты да бәйгенің тек ойын-сауық түрі түсініктен тереңде жатқаннан хабар береді. Дәл осы ойын түрімен біріншіден, ас

салтанатты аяқталады, екіншіден, әрі ұлттық дүниетанымдық-руханият тұтастығы соңғы қоғам ӛміріндегі саяси-қоғамдық-институтционалдықжүйесіндегі жоғары институтциялық орнына сәйкес тура әділ шешім қабылданады, үшіншіден, ел бірлігі бекітіледі [12, 40б.]

(6)

Жалпы астың саяси рӛлін атап, зерделегенде оның негізгі дүниетанымдық міндеті–ел бірлігінің, рухани құндылықтар жүйесінің сынға түсуі, бекітілуі болып табылады, осы құндылықтар бағамының ата-баба аруағының алдындағы қасиетті міндетті атқару үстіндегі дәйектелуі, аруақ кепиетімен қастерленіп, бұлжымайтын құқықтық-нормалық қағидаларға айналуы. Аста қаралатын, шешімін табатын мәселелер оның

институтциональдық-саяси статусына сәйкес қоғам ӛмірінің әр салаларында әртүрлі ситуациялық жағдайлардың күрделене түсуіне қарамастан, оларды тегіс қамтып отыратын. Жер дауы, жесір дауы, құн тӛлеу, ант беру, бата беру, т.б. толып жатқан жағдайлар тіпті ең жоғары мемлекеттік-саяси мәселе хан кӛтеру тәрізді инвеституралық жағдайларға шейін шешімін тауып отырған. Мәселен, Кенесары Қасымұлы 1841 жылы Ырғыз ӛзенінің жоғары ағысындағы Қарашатау деген жерде Орта және Кіші жүзбен, Ұлы жүздің Дулат руының рубасы, батырларының қатысуымен ӛткен әкесі Қасымның асында қазақ хандығын қалпына келтіріп, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша ақ киізге кӛтеріліп құрбандыққа боз биені шалып, қазақтың үш жүзіне хан болып сайланады [ҚРОМА 4 қор, 1 тізім, 1997-іс; 274, 251б.].

Жалпы қазақ халқы алла, тәңірден кӛрі ӛмірдегі әртүрлі жағдайға байланысты ата- баба аруағына жиі табынып, медет тілеп отырған. Олар басына қауіп тӛнгенде,

мұсылмандардың әулие-әмбиелеріне табынатын, аруағын кӛмекке шақырады. Ӛмірдегі барлық сәттілікті аруақтардың кӛмегі жебеді деп түсінеді. Аруақ алдында анттасады, егер оны (антты) бұзса, «аруақ атады», «аруақтың қарғысына ұшырайды» деп сенген.

Сондықтан да, Кенесары Қасымұлы қозғалысының дәйектілігі мен тегеурінділігі, оның қамтылуы жағынан қазақ халқының XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық кӛтерілістерінің ішіндегі ең ауқымдысы болуы да осы аруақ алдындағы анттастықтың әсері болса керек.

Ӛйткені Кенесарының хан кӛтерілуі шарасына қатысқан Орта, Кіші жүз бен Ұлы жүздің Дулат тайпасының халқы кӛтерілістің ақырына дейін аруақ алдындағы анттарына адал бола білді. Ал, Ұлы жүздің Жетісудың солтүстік-шығыс ӛңіріндегі асқа қатысып, аруақ алдында сӛз бере алмаған рулары Кенесары кӛтерілісіне белсене қатыса қоймады, әрі қатысқандары соңғы, қырғыздармен шайқаста Кенесарыны тастап шықты. Әрине, Кенесары хан кӛтерілісінің себептері бұдан да тереңде жатыр, объективті тарихи даму заңына сәйкес бұл кӛтеріліс жеңілуге тиісті болатын. Смирнов Кенесары кӛтерілісін зерттей келе: «Аруақ басында ант бергеннен кейін, мүмкін қазақ тарихында ең күшті ұлт- азаттық кӛтеріліс болды ма деп ойлаймын» деген қорытындыға келеді [11, 6–7бб.].

Кенесарының әкесі Қасым тӛренің асындағы аруақ алдындағы қасиетті сӛз, кепиетті анттың әсерімен ұлттық тұтастыққа қол жеткізіліп қабылданған шешім-кесімдер толық іске асырылса (салыстырмалы түрде болса да, абсолюттік нәтижеге қол жеткізуге қалыптасқан тарихи жағдай (отарлық) жол бермеді).

Жалпы, Еуразия құрылығындағы белгілі бір экологиялық-географиялық жағдайға негізделген, әртүрлі экономикалық-идеологиялық санаттағы ӛркениетті жасаушы халықтардың арасындағы қарым-қатынастар аумағы мен мазмұны, олардың

ӛркениетаралық қарым-қатынастар дәрежесін де осы аталған құндылықтар аясында жүргізуге әсер етпей қойған жоқ. Бұндай ӛркениеттердің тепе-теңдік жағдайда қарым- қатынастар жасау үрдісі әрине тек белгілі бір тарихи кезеңдер аралығында ғана осы екі ӛркениет ӛкілдерінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерге байланысты қалыптасқан геостратегиялық мәдени, экономикалық-саяси қарым-қатынастар тәртібін белгіледі.

Кӛшпелі Дала халықтарының рухани-дүниетанымдық, салт-дәстүрге негізделген, қағазда қатталмаған заңдық-құқықтық нормаларын жақсы білген кӛршілес Қытай,

кейіннен Ресей империясының ӛкілдері осы далалық-кӛшпелілік заңына сәйкес әрекеттер жасап, үлкен халықаралық мәселелердің шешімін табуда да соған сәйкестендіріп

отырған.Мәселен, Күлтегін, Білге қағандарға берілген астарда Таң империясы тарапынан ұлы аруақтар рухына кӛрсетілген құрмет, ӛз кезегінде кӛшпелілер тарапынан да жауап саяси шаралар жасауға алып келеді–екі империя арасындағы кӛп уақытқа созылған саяси

(7)

тұрақтылық, бейбіт қарым-қатынас орнайды, әрине бұл сырттай қарағанда екі ел арасындағы бейбітшілік жылдары болғанмен, бұл жағдайды екі империя екі түрлі жағдайда, екі түрлі мақсатпен пайдаланды.

Астың ата-баба аруағына кӛрсетілер соңғы құрмет деп қана сипатталатын діни ырым- жоралық жосынынан әлдеқайда кең ауқымдығы мемлекеттік саяси-институционалдық статусын, астағы қабылданған шешімдерінің құқықтық-заңдық нормалар тұрғысынан бекемделуі, осы нормалық міндеттіліктің орындалуы мен іске асырылуынан жақсы хабардар қытай билеушілері шебер дипломатиялық жеңістерін қамтамасыз ете алды.

1770 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай сұлтан қазақ халқының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды. 1771 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қасында Әбілмәмбет ханның асы берілген. Бұл аста Түркістан мен Ташкент арасындағы ел күтуші болған және осы аста қазақ халқының дәстүрі бойынша Абылайды Үш жүздің ӛкілдері хан тағына отырғызады [10, 272–273бб.]. Орта жүздің Ресейге

тәуелсіздігі 1771 жылы Абылай үш жүздің ханы етіп жарияланғаннан кейін ерекше айқын кӛрінеді. Ресей әкімшілігі ӛте қиын жағдайда қалады. Абылайдың хан атағын танымау оны Ресейден алыстатуы мүмкін еді. Ал, Цин империясы Абылайды қазақтардың жоғарғы билеушісі деп ресми түрде таныған болатын. Ресей болса Абылайдың барлық үш жүзге билігімен келісе алмады. Ал Абылай керісінше қыр кӛрсетіп, Ресейдің ӛкімет орындарына ӛзін тану туралы ӛтініш жасамады. Ш.Ш. Уәлиханов бұл туралы: По мере сближения с Цинским Китаем Абылай, явно стал избегать России; еще в 1771 г., когда он был избран Главным правителем казахской земли, отказался ехать на русскую границу для

подтверждения прежней присяги–1742 г., говоря,что он «давно утвержден в своем достоинстве народным собранием (аста–Е.С.) и грамотою сына неба» деп Ресейден қорықпауының себебін нақты кӛрсетеді [4, 115б.]. 1781 жылы Абылай Түркістанда қайтыс болды. Осы жылы күз айында Қызылжар ӛңірінде Қараой деген жерде Абылай ханға ас беріледі. Ас тӛрт күнге созылады. Осы аста Абылай ханның орнына Уәлидің хан сайлануы да кӛне салт-дәстүр бойынша іске асырылды. Абылайдың асы да тек қана, үш жүздің ӛкілдері ғана қатысқан ұлы жиын болған жоқ – асқа кӛршілес қырғыз, қарақалпақ, қытай, орыс елдерінен де үлкен арнайы делегациялар қатысады. Бұл жерде әсіресе қытай, Ресей елдері арнайы ӛкілдерінің белгілі бір мақсатпен келгені белгілі-олар үш жүз ӛкілдері түгел басын қосқан ұлы жиында қазақ мемлекетінің ішкі саяси-әлеуметтік даму ахуалы мен сыртқы саяси қатынастар бағытын болжауды мақсат етті, әрі осы екі империяның қазақ мемлекетіне қатысты саяси кӛзқарасы анықталады–бұл олардың асқа келу жосығынан да кӛрініс табады. Мәселен, халықаралық қатынастар жасау тәжірибесі бірнеше мыңдаған жылдарға созылатын, соның нәтижесінде ӛзіндік дипломатиялық дәстүрді

қалыптастырған қытай мемлекеті осы бай тәжірибесіне байланысты Абылай хан асына қазақ қоғамының салт-дәстүрін сақтай отырып асқа қатысады.

Ас–кӛріп отырғанымыздай қазақтың тұнып тұрған күллі әдет-ғұрып дәстүрі, сондықтан да қоғамдық мәні терең рухани дүниетанымдық құбылыс екені кӛрініп тұр.

XIX ғасырдың соңына қарай ғасырлар бойы қазақ кӛшпелі қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-шаруашылық қатынастар жүйесінде ерекше саяси-әлеуметтік

институционалдық мәнге ие болып келген ас беру дәстүрі бірте-бірте ӛз мәнін жоғалтып, қоғам ӛмірінен ығыстырыла бастайды. Оның себебін Қ.Халид: «1883 жылы шамасы, арғын мен алшын рулары бұл ғұрыпты тоқтатып, содан кейін найман рулары да асты азайтты. Ас азаюына басты себеп болыстық талас, осы үшін ел арасы алауызданып, ел бірлігі кете бастады, болмаса мал кеміп, заман айныған жоқ.

Ас кемуіне молдалар да себепкер болды. Сонша мал, ақшаны текке сарп еткенімен ӛлікке пайдасы жоқ, онан құрам-хатым шығартқан абзал деп азғырып ӛз ризықтарын ойлап әуре. Себебі, ас беру 15-20 жыл ішінде жоғалып бара жатыр. Ендеше бірер ғасырда- ақ бұл дәстүр уақыты келген күні ӛзінен-ӛзі жоғалады» – деген қорытынды жасайды [17, 184б.].

(8)

Ә. Бӛкейханов ислам дінінің қазақ рухани ӛміріне тереңдеп ене бастауы астың қазақ қоғам ӛмірінен жоғала бастауының бір себебіекенін: «По многим причинам, главную из которых составляет водворение в степи зачатков русской гражданственности,

способствующей успокоению степи, цементирующее влияние рода исчезает,–одна из функций рода приходит в упадок; крупные асы делаются все реже. В Каркаралинском уезде за последние 10 лет был только один крупный ас Агыбая, одного из подвижников Кенесары»–дәл кӛрсетеді [3]. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының Ресей империясының құрамына енуінің толық аяқталуына байланысты империялық ӛкіметтің қазақ даласының дәстүрлі әкімшілік-территориялық басқару жүйесін ӛзінің ішкі саяси- әкімшілік жүйесі мен территориялық бӛлініс принциптеріне сәйкестендіру мақсатындағы реформалары қазақтың дәстүрлі тіршілік қалыбына үлкен ӛзгерістер енгізді.

ӘДЕБИЕТ

1. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи этнографиялық шолу) – Алматы: Ғылым, 1973

2.Балташұлы Е. Би ұлының кенжесі // Орталық Қазақстан. –2002. –№31, 32.

3.Букейханов А.Н. О киргизских поминках // Дала уәлаяты газеті. Адам, қоғам, табиғат.

1888–1902 жж .) / Құраст.Ү . Субханбердина. –Алматы: Ғылым, 1994. –711–715бб.

4.Валиханов Ч.Ч. Аблай // Валиханов Ч.Ч. Собр. соч.: в 5-и томах. –Алма-Ата, 1985. Т.4.

5.Кӛпеев М.Ж. Таңдамалы шығармалары: Екі томдық. –Алматы: Ғылым, 1992. –Т. 2.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1 том. Айтыс ӛлеңдері. –Алматы: Қаз. ССР ҒА баспасы, 1948.

–Т. I . Фольклор.

7.Лирикалы поэмалар / Алғысӛзін жазған Қ. Жұмалиев. –Алматы: Қазкӛркемәдеббас, 1939. –Т.1 .

8.Манас (Қырғыз халқының батырлық дастаны): Тӛрт томдық. –Алматы:

Қазмемкӛркемәдеббас, 1962. –Т. 2.

9. Марғұлан Ә.Х. «Қасым ханның қасқа жолы» // ҚСЭ. –Алматы, 1975. Т.6. –542–543бб.

10. Омари Жамбыл. Бұхар жырау (он екі тарих). –Қарағанды, 1994.

11.Смирнов Е. Султаны Кенесары и Садык. –Ташкент, 1889

12.Смағұлов Е.М. Ас берудің астарлы сипаттары // Қазақ тарихы. 2004. –№3. – 35–40–бб.

13. Токарев С.А. Ранние формы религии. –М.: Политиздат, 1990 14. Тілеке Ж. Шежіре. Ертіс-Баянаула ӛңірі. –Павлодар, 1995

15. Тұрғанбекұлы Ж. Сағынай асы: айтылмаған ақиқаттар // Сарыарқа самалы. –Павлодар, 1996. –№ 49. 30 сәуір.

16.Уәлиханов Ш. Ш. Кӛкетайдың ертегісі // Уәлиханов Ш.Ш Таңдамалы. 2-бас. –Алматы:

Жазушы, 1985. –259–346бб.

17. Халид Қ. Тауарих хамса (Бес тарих) / Ауд. Б. Тӛтенаев., А. Жолдасов. –Алматы:

Қазақстан, 1992

Referensi

Dokumen terkait

Ӛйткені, білім берудегі жаңашылдық және педагогикалық процестің жүйелілігі, синергетикалық амалдар, білім беру философиясы да, жалпы ғылыми әдіснама да, белгілі бір пәнді оқытуға

[email protected] Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, Заң факультетінің магистранты Ғылыми жетекші – Ж.Бұсұрманов Бұл мақала әйелдердің саяси құқығы және олардың ерлермен саяси тең құқығы