• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗОР МҰРАСЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗОР МҰРАСЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Сыдықов Е.Б. – т.ғ.д., профессор,

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗОР МҰРАСЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНДЕГІ

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында ӛз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.

Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Сондай-ақ, шығыстану саласындағы аса кӛрнекті ғалым.

Кӛшпенді халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына кӛтеріліп, Россия ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география, фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар. Жас ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор. Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырған болатын. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сӛзінде академик Н.И.

Веселовскйй былай деп жазды: «...Шоқан Уалиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз ӛлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті».

Бұл – Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді.

Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек ӛз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Ӛзі билеуші таптың қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын кӛре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің ӛзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.

Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай- монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді. Сондықтан да дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды. Ол жалпы дін атаулының прогреска бӛгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты.

Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.

«Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: « дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет ӛмірінің дамуына келтіретін зияны туралы кӛп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да

(2)

теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі».

Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық кӛзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады. Ол мұсылман мектептері орнына, «ой мен сезімнің ӛсуіне бӛгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер» ашуды талап етті.

Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой ұрып, қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын күшейтетіндігіні мұның ӛзі игілікті іс екендігін кӛргендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды ол ӛзінің бір мақаласында,- оның заң-законын да білмейді».

Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды. Мысалы, осындай феодалдық ӛмірдің басты мерездерінің бірі - барымта екендігін, оның жұрттың кӛпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай

«кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады.

Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жӛнінде дұрыс қорытынды жасады.

Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік тенденция басым. Бұл оның кӛптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы,

«Записка №1» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға, әсірісе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады деген пікір айтады. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші рӛлін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске жетуі материалдық ӛмір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады. Осыған орай адамдардың мінез-құлқы мен әдет- ғұрыптарының қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың рӛлін Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды.

Шоқан ғұмыры бар жоғы отыз жыл ғана болса да, оның бейнесі біздің жүрегімізден еш уақытта да ӛшпек емес. Ол жазып қалдырған толағай туындылар мен кӛкейкесті мәселелерге толы еңбектер, зерттеулер қазір де ӛз мән-мағынасын жоғалпай, жаңа ӛмірмен үндестік тапқан сайын ғұлама ғалым жӛніндегі әсерлі естеліктер де біздің жадымыздан берік орын ала бермек.

(3)

Дерек көздері:

1.Ахметова А. Комментарии – В кн.; Чокан Валиханов в воспоминаниях современников.

А.–А., 1964, с 192

2.Валиханов Ч.- Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч..: т.4 – А-А, 1968 стр 589-592.

3. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР. 1961-1978.

4. Марғұлан Ә. Ш.Ш.Уәлихановтың ӛмірі мен қызметінің очеркі шығ. жин. Алматы, 1961, 1-том,21 бет

5. Марғұлан Ә.Х. «Шоқан және Манас» Алматы 1971.

Referensi

Dokumen terkait

Maple – широко распространенная система компьютерной математики, предназначенная для автоматического решения математических задач в различных областях науки, образования и техники..

Шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирредентеріне қазақ тіліндегі ҽдебиеттер, қазақша фильмдер мен қазақ тілін үйрететін электронды оқулықтар жеткізу жҽне қазақ диаспорасы бар ҽр