• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ОЧЕРКІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ОЧЕРКІ"

Copied!
48
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ

АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ОЧЕРКІ

(Библиографиялық көрсеткіш)

Астана - 2005 КҮЛТЕГІН

(2)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы

Бас редактор филология ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҰҒА академигі Р.НҰРҒАЛИ Жауапты редактор филология ғылымдарының

докторы,

профессор А.СЕЙДІМБЕК

Құрастырушы филология ғылымдарының кандидаты,

доцент М.ШЫНДАЛИЕВА

Қазақ очеркі. Библиографиялық көрсеткіш.

Астана, Күлтегін. 2005. 122– бет.

Бұл библиографиялық көрсеткіште қазақ әдебиетінің очерк жанры туралы қысқаша мәлімет беріліп, әр жылдарда жарияланған қазақ ақын-жазушыларының очерк кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарияланған

(3)

очерктер әліпбилік ретімен беріліп отыр.

Библиографиялық көрсеткіш студенттерге, оқытушыларға, ғылыми қауымға арналған.

АҢҒАРТУ

ҚАЗАҚ ОЧЕРКІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК

Сөз жоқ кез-келген жанр туралы ұғымда белгілі дәрежеде шарттылық болады. Мұндай қасиеттен очерк жанры да шет емес. Олай болса бұл тақырыптың мән-мағынасын саралап тануға дәс беретін очерк жанрының табиғаты туралы ұғымды орнықтырып алу қажет. Ғылыми әдебиеттердің басым көпшілігінде очеркті әрі көркем әдебиеттің, әрі публицистиканың жанры ретінде тану бел алып жатады.

Көркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде де очерктің төл қасиеті деп, оның дерекшілдігін (документальность, подлинность) атап өткен жөн. Бұл ретте, очерктің белгі-нышандарын жазу мәдениеті орныққан кез-келген тарихи- әлеуметтік ортадан шырамытуға болады.

Өйткені, жазу атаулы ой-дерек көрінісі. Ал, ой- дерек болса белгілі бір әлеуметтік ортаның болмысын танытуға негізделеді. Олай болса, әлеуметтік өмір көріністерін тәптіштеп таңбалаған Шумердің сына жазуларынан

(4)

бастап, байырғы түркілердің эпикалық сарынға толы тасқашау жазуларына дейін, ортағасырдағы жылнамашыл жазбалардан бастап, бүгінгі жазбалардағы жаңалықтар тасқынына дейін, баршасынан нақтылы бір әлеуметтік ортаның айғақ-дерегін табуға болады. Бұл тұрғыдан келгенде очерк жанрының бастау тегін (генезисін) тым-тым байырғы замандағы жазба жәдігерліктермен сабақтастырып зерттеудің де қисыны бар.

Әрине, бұл мәселе өз алдына бөлек арна тартатын ғылыми ізденіс саласы. Оның үстіне, очерк жанрының бүгінгі қалыптасқан болмысы, мағыналық қасиеті және категориялық сипаты өзінің жанрлық табиғатына жауап беретін материалдар төңірегінде ғана ой өрбітуді қажет етеді. Ал, очерк жанрының бүгінгі қалыптасқан болмысы ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы қоғамдық қатынастардың алмасу кезеңімен тұспа-тұс келеді деп айтуға болады.

Жалпы очерктік шығармашылықтың бел алуы, әсіресе ұлттық әдебиетте, негізінен, қоғамдық қатынастар өзгеріске түсетін, жаңа өмір салттар орныға бастайтын тарихи өтпелі кезеңдерде айрықша айқын байқалады. Яғни, очерк жанрын уақыт сұранысы дүниеге келтіреді.

Қоғам өміріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістер кезінде, ескі тоқырап, жаңа үрдістер өктемдікпен өмірге ене бастағанда, нәтижесінде құндылықтарды жаңаша парықтау қажет болғанда очерк жанрының өмірлік сұранысқа ие болатынын аңғару қиын емес. Мұның айғағын, алысқа бармай- ақ, ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы орыс қоғамынан (крепостниктік тоқырау кезеңі), ХХ

(5)

ғасырдың 20-30 жылдарындағы кеңестік жүйеден (социалистік құндылықтардың орныға бастаған тұсы) немесе ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Кеңес Одағының тарихи тоқырай бастаған кезеңінен айқын аңғаруға болады. Бұл сияқты тарихи-әлеуметтік күрделі кезеңдердің қай- қайсысында да көркем-публицистикалық сипаттағы очерк жанры қоғам болмысының қыр- сырын қаузай сөз етіп отыратыны айқын байқалады. ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде В.Г.Белинский “Повестің төменгі және жеңілдеу түрі болып саналатын, әдебиетте бұрыннан келе жатқан әңгіменің үстіне енді қоғам тұрмысының түрлі жақтарын сипаттайтын физиологиялық очерктер берік орнықты” - дейді.Көркем – публицистикалық жанр ретінде очерк болмысында әдебиеттің көркемдеу құралдары мен публицистикалық элементтердің қатар өріліп, шендесіп жататынын пайымдауға болады. Ал, очерктану – әдебиеттану саласының бір түрі. Шынында да очерк – әдебиеттің төл сипатты жанры. Ол көркем шығарма мен оған қойылатын талаптар мен шарттарға да белгілі дәрежеде жауап береді.

Очеркке берілген анықтамалардан аңғарылатыны, очерк – өзінің табиғатында өмірдегі өзгерістерге тез бейімделетін жанр.

Әдебиеттану терминдерінің қысқаша сөздігінде: “Очерк – эпикалық, суреттеушілік әдебиеттің бір түрі, ол басқа түрлерден

(роман, повесть, әңгіме) айқын

мағлұматтарымен ерекшеленеді, яғни очеркте нақты өмірде болған оқиғалар белгілі дәрежеде дәлірек бейнеленеді, оған қатысушылар өмірде болған адамдар” - дейді.

Ал, Г.Поспелов “Әдебиет теориясында”:

(6)

“Бірыңғай көркемдік міндет атқаратын новелла мен әңгімеге қарағанда, очерк баяндау тұрғысындағы шығарма, оның мақсаты – бейнелі түрде елестете баяндау, әрі бейнелі хабарлау” деген тоқтамға келген.

Қазақ әдебиеттануының негізін салушылардың бірі академик Зейнолла Қабдолов: “Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әртүрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс”- дейді. Профессор

Тауман Амандосов: “Көркем –

публицистикалық жанрлардың бір түрі – көркем очерк. Очерк үгіт пен насихаттың жауынгер де әсерлі формаларының бірі екендігін өмірде дәлелдеген, дәлелдей де беретін көркем-публицистиканың алғы шептегі жанры болып қалыптасты. Бұл жанр өмір шындығының құбылыстары мен оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен шағын “сурет” салып береді” деген тұжырым жасайды. Міне, очерк теориясын зерттеушілердің қай-қайсысы болсын очеркке көркем-публицистикалық жанр деп баға береді.

Әсілі, очерк – шын оқиғаны қысқаша суреттейтін, көлемі шағын, әдеби көркем шығарма. Егер осындай анықтамаға ден қоятын болсақ, онда қазақ очеркінің пайда болуы, қалыптасуы ХІХ ғасыр аясынан бастау алады деуге негіз бар.

(7)

Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптаса бастауы Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин шығармашылықтарымен тікелей байланысты. Олар көркем очерк саласында өшпес мұра қалдыра білді. Шоқан Уәлихановтың “Шығыс Түркістан, саяхат күнделігі”, “Жоңғария очерктері”, “Қырғыздар туралы жазбалар” атты шығармаларының композициялық құрылысы, көркемдік компоненттері тұрғысынан келгенде очерк жанрында жазылғаны күмән туғызбайды.

Ыбырай Алтынсариннің әдеби

туындылары - ХІХ ғасырдағы қазақ ауылының тіршілігін қаз-қалпында суреттеген очерк үлгілері. Оның “Қыпшақ Сейітқұл”,

“Надандық”, “Бай баласы мен жарлы баласы”

т.б. шығармалары өмір құбылыстарын қаз- қалпында суреттеу әдісімен жазылған. Демек, автор көркем очерктің маңызды шарттарын ұстанған.

ХХ ғасырдың басындағы мерзімді басылымдар: “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты”, “Қазақ” газеті мен “Айқап”

журналында жарық көрген қазақ

қаламгерлерінің очерктері үлкен қоғамдық- әлеуметтік мәселелерді қозғаған. Қазақ әдебиетіндегі Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Ерубаев, Б.Кенжебаев, Ж.Арыстанов, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Сланов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин,

(8)

З.Шашкин, Қ.Сатыбалдин, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, С.Бақбергенов, Ә.Сәрсенбаев, Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, Ғ.Орманов, С.Шаймерденов, Ғ.Қайырбеков, Ә.Нұршайықов, М.Әлімбаев, Н.Ғабдуллин, О.Бөкей, Ә.Кекілбай, Ш.Мұртаза, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, Р.Нұрғали, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Қ.Салғара, К.Смайылов, Қ.Уәлихан, Т.Жұртбай, Ж.Аупбаев, Ә.Асқаров т.б. қатарлы сөз зергерлерінің өнегелі мектебі очерк жанрының толыса орныққан өресіне жан- жақты айғақ. Бұл авторлардың қай- қайсысының да очерк жазуда өмір құбылыстарын қалай жинақтағанын, көркемдік элементтерді шебер пайдаланудағы әдістерін тәптіштеп, тілдік, стильдік жақтарын да саралаудың мән-маңызы айрықша зор.

1920-1930 жылдардағы қазақ

зиялыларының мерзімді баспасөзде жарық көрген очерктері, бесжылдықтар мен Ұлы Отан соғысы, тың жерлерді игеру жылдарындағы, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының өмірін паш ететін талай очерктер өмірге келді, келе де бермек. Қазақ әдебиетіндегі бүгінгі негізгі міндеттердің бірі осы очерктердің жеткен жетістіктерін, оның жанрлық ерекшеліктерін, жаңадан бастау алған түрлерін, әрбір жазушы мен журналистің шығармашылық ізденістерін дөп басып, талдап отыру болса керек. Басты назар аударатын мәселе очерктің көркем – публицистикалық жанр екендігін дәлелдеу.

Очерк қаншалықты нақты, адресі бар шығарма болғанымен, одан эстетикалық ләззат алуға

(9)

болады. Очеркшінің міндеті – өмірді көркем нақышпен бейнелеу. Очеркте оқиғалар мен фактілер жаңа мазмұнға ие болады, көркем образға кенеледі. Егер очеркте образдылық болмаса хабар, корреспонденциядан айырмашылығы болмас еді. Очеркті образды публицистикадан бөліп қарауға келмейді.

Оның әңгіме, повесть, романнан басты

айырмашылығы – публицистикалық

элементтерінің басымдығында. Очерк өмір шындығын көркем құралдардың көмегімен (образдылық, портрет, сюжет, композиция, пейзаж т.б.) сонымен қатар публицистикалық элементтердің (публицистикалық жинақтау, тарихи параллель, анологиялық цитата, цифр, құжат, қаулы-қарар, өлең-жыр т.б.) көмегімен жеткізетіні мәлім.

Түптеп келгенде, очерк - шындықты саяси-әлеуметтік зерделеу тұрғысынан қорытатын жанр. Оқырман очеркті оқып отырып одан адамдардың аты-жөнін, лауазымын емес, фактінің “психологиясын”, оның ішкі жан-дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейтіні тағы талассыз. Очерктің негізгі түрлеріне талдау жасау міндетті де маңызды мәселе.

Қазақ әдебиетінде очерктің қалыптасқан, бір жүйеге түскен түрлері мен формалары бар.

Әдебиет пен өнердің басқа жанрлары сияқты очерктің түрлері де тыңнан туып, дамып, өзгеріп, жаңғырып отырады. Мұны, әрине, жеке авторлар ойлап тапты деу қиын.

Қоғамның дамуына, экономика мен мәдениеттің өсуіне сәйкес очерктің жаңа

(10)

түрлерінің белең алуы, бұрыннан бар түрлердің жаңғыра шыңдалуы заңды құбылыс.

Очерк түрлері жайында күні бүгінге дейін әдеби-зерттеу еңбектерде әрқилы пікірлер айтып жүр. Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының өсу, өркендеу, даму кезеңдерін зерделей отырып, очерктің жеке түрлерін жүйелеуге, оларға белгілі бір сипаттама беруге толық мүмкіндік бар. Қазақ әдебиетінде көркем очерк жанрының зерттелмей келе жатқан бір қыры – очерктің көркемдік элементтері, табиғаты десе орынды. Очерктегі табиғат көрінісі, портрет жасау шеберлігі, көркем образ, типтендіру, шегініс, диалог, авторлық пайымдау (“вымысел”), тіл мен стиль мәселелері байсалдылықпен парықтауды қажет етеді. Мәселен, автор пейзажды суреттей отырып, өзінің, кейіпкерінің табиғатқа көзқарасын білдіреді. Пейзаж очерк мазмұнымен, оқиға желісімен қабысса, адам характерін ашуға ұрымтал пайдаланылса ғана автордың шеберлігі ретінде ден қойдырады.

Сол сияқты адам портретін – кейіпкердің өмірге көзқарасын, бет-әлпетін, сөйлеу мәнерін, мінезін суреттеу барысында да очеркшінің шеберлік-шалымы айрықша қажет.

Очерктегі ойдан қосу, фактографияның рөлі жөнінде де әртүрлі пікірталастар бар. Автор тарапынан шығармашылық ой қосу, қиялға берілу, қосымша сипаттаулар, түптеп келгенде фактіні күшейту үшін ғана емес, очерктің сюжеттік-композициялық желісін ширату үшін де керек әдістер.

(11)

Бір шындықтың басы ашық, әр очеркшінің өзіне тән мәнері, суреткерлік тегеуріні бар. Мысалы, Сәбит Мұқанов баяндау тәсілін жиі қолданады. Ғабит Мүсірепов очерктерінде ұшқыр ой түйіндеулер, шешендік сөздер көп. Мұхтар Әуезов табиғат суреті мен адам бейнесін мүсіндеуге ұста. Әзілхан Нұршайықовта оқиға желісі белгілі бір жүйемен өрбіп отырады. Сәуірбек Бақбергенов қазіргі мен өткенді шендестіру арқылы түйін жасайды.

Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік ерекшелігі арналы әңгімеге арқау. Образ көркем шығармаларға ғана тән, очеркке тек нақтылық керек деген пікірде біржақтылық бар. Очеркшіге өмірдің қайнаған ортасында жүрген, сол ортаның елеулі де қалаулы тұлғасы ретінде танылған, болмыс-бітімі үлгі- өнеге боларлық кез-келген адам кейіпкер бола алады. Қаламгер үшін очерк кейіпкерінің мінезін, рухани жан-дүниесін, мақсат- мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен суреттеу - образ жасаудағы, характер ашудағы басты мұрат болса керек. Очеркте экспозиция, оқиғаның өрбуі, шарықтау шегі, шешуі, т.б.

болады. Кейде сюжетке құрылған, оқиға желісі қою, бұған қоса көркемдік шеберлікпен жазылған очеркті әңгімеден айыру қиын. Бұны Бейімбет Майлиннің “Борамбайдың бірінші адымы”, Мұхтар Әуезовтің “Түркістан солай туған”, Әзілхан Нұршайықовтың “Алыстағы ауданда” очерктерінен айқын аңғаруға болады.

(12)

Қазақ әдебиеті тарихында очерк жанрына ден қоя зерттеген ғалымдар санаулы ғана. Тек кейбір ғалымдар мен жазушылар әр кездері очерк туралы ойларын жол-жөнекей ортаға салып, мақалалар, зерттеулер жазған.

Әрине, уақыт пен әлеуметтік ортаның, адам мен қоғамның «жанды» шежіресі ретінде очерктің рухани мәдениет аясындағы мән- маңызы айрықша зор. Бұл тұрғыдан келгенде очерк жанрына қоғамды шыңдайтын, талғамды жетілдіретін мәдени-рухани ықпалды «құрал» деп қарап, оның эстетикалық және ағартушылық қасиеттеріне ғылыми зердемен ден қойып отыру қажет.

Бұған қазақ топырағында туындаған очерктер сандық та, сапалық та өресімен әбден лайық.

Бүгінгі таңда қазақ очеркінің 300-350 томдай болатын мәтіндік материалдары бар. Бұл – мәдени-рухани толымды қазына. Ал, оның көркемдік-эстетикалық болмысын ғылыми зердемен парықтау – тарихи міндет. Бұл тараптағы зерттеу еңбекке қазақ қоғамы да зәру екенін ескеріп, осы библиографиялық көрсеткішті құрастырдық. Рас, оқырман

назарына ұсынылып отырған

библиографиялық еңбекте қазақ

әдебиетіндегі очерк жанрының бәрін қамту және оларды түбегейлі тізіп беру мүмкін емес.

Алайда, қазақ топырағында туындаған очерк жанрының тек-тамыры мен қалыптасу жолдарына ден қоя отырып, очерктің толысқан үлгілерін ғылыми зердемен саралау- реттеу бұл библиографиялық еңбектің өзекті мақсаты болмақ. Библиографиялық көрсеткіш

(13)

аңғарту, очерк жанрында жарық көрген кітаптар, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген очерктер және авторлар мен очерк жинақтарының әліпбилік көрсеткішінен тұрады.

Филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Меңдігүл Шындалиева

(14)

ҚАЗАҚ ОЧЕРКТЕРІНІҢ БИБЛИОГРАФИЯСЫ

КІТАПТАР

1. Ақышев З. Біздің шамшырақтар. – Алматы. - 1961. – 98-б.

2. Ақтаев Сарбас. Ханзаданың қасіреті. – Алматы. – Жібек жолы. – 1999. – 160-б.

3. Алаштың ардагер азаматтары. / Құрастырған: Қ.Баймұқанов. – Алматы. - 1996.

– 120-б.

4. Алдашев А. Заманым, ортам, өмірім:

[Әр жылдар туралы ой-толғаныстар]. - Алматы.

– Ғылым. – 1997. – 90-б.

5. Алғы шептегілер: [Очерктер]. – Алматы.

– ҚМБКӘБ. – 1960. – 162-б.

6. Алтайский М. Алыптардың алға басуы.

– Қызылорда. – 1930. – 64-б.

7. Алтын діңгек: [Очерктер жинағы]. – Алматы. – Қазақстан. – 1983. – 144-б.

8. Алыптар туралы аңыз: [Очерктер]. – Алматы. – ҚМКӘБ. – 1960. – 268-б.

9. Аманжолов Қ. Шығармаларының толық жинағы. ІІ том. – Алматы: - ҚМКӘБ. – 1956. – 568-б.

10. Америка үкіметі туралы очерктер / Ред:

Ш.Жамықаев. – Алматы. – 1995. – 84-б.

11. Арғынбаев. Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы. – Ғылым. – 1969. – 168-б.

12. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы. – Ғылым. – 1973. – 328-б.

13. Ар өлшемі: [Очерктер]. – Алматы. – 1984.

– 136-б.

(15)

14. Арынғазиев Б. Әнуар Әбутәліпов:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. –1973. – 28-б.

15. Арынов Сағат. Іскерлік: [Очерктер]. – Алматы. – Қайнар. - 1989. – 201-б.

16. Арылу: [Очерктер мен әңгімелер].

Алматы. – Жалын. – 1986. - 200-б.

17. Арынұлы Сағат. Ақиқаттың жолы алыс: [Естеліктер, очерктер, өлеңдер, толғаулар]. – Тараз. – Сенім. – 2001. – 395-б.

18. Арыңды жасыңнан сақта: [Мақалалар, очерктер, әңгімелер]. – Алматы. – Жалын. – 1989. – 158-б.

19. Асқаров Әлібек. Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын: [Жолжазба очерктер]. – Астана. – Елорда. – 2004. – 188-б.

20. Аспандияров С. Д. Қазақ тарихының очеркі. – Алматы. – Қазақстан. – 1935. – 92-б.

21. Ауыл тынысы: [Очерктер]. – Алматы. – Қайнар. – 1973. – 140-б.

22. Аупбаев Жанболат. Жанарымда – туған жер. – Алматы: - Қайнар.- 1984.

23. Аупбаев Жанболат. Отқа тосылған от жүрек. – Алматы: - Қазақстан. – 1985.

24. Аупбаев Жанболат. Сырымды саған айтамын. – Алматы: - Жалын. – 1990.

25. Аупбаев Жанболат. Әулет: [Алаштың абзал азаматтары туралы очерктер]. – Алматы.

– Жалын. – 1992. – 52-б.

26. Аупбаев Жанболат. Таңғажайып тағдырлар. – Алматы: - Қазақстан. – 1998.

27. Аупбаев Жанболат. Бізге беймәлім бейнелер. – Астана: - Елорда. – 2000.

(16)

28. Аупбаев Жанболат. Мынау ғажап дүние: [Очерк - диалогтар]. - Алматы. – 1984. – 143-б.

29. Аупбаев Жанболат. Ғұмыр – дария:

[Очерк, сұхбат, эссе]. – Алматы. – Санат. – 1997. – 256-б.

30. Аяшев Ж. Жолдас Сүлейменов:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1975. – 28-б.

31. Әбдікәрімов Сейілғазы. Белес, белес, белестер: [Әдеби мақалар мен очерктер]. - Алматы. – 1993. – 256-б.

32. Әбдіразақов Байжігіт. Армандастар:

[Очерктер]. – Алматы. – 1968. – 101-б.

33. Әбдірахманқызы Тұрсынхан. Замана сазы: [Өлеңдер, әдебиет туралы мақалалар, өмірбаяндық толғам]. – Алматы. – Ана тілі. – 2000. – 399-б.

34. Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы. – Қазақстан. – 1966. – 258-б.

35. Әбуталиев Н. Боран Нысанбаев: [Очерк.

Ұлы Отан соғысының батырлары]. – Алматы. – Жазушы. – 1971. – 24-б.

36. Әбуталиев Н. Сахара сыйы:

[Очерктер]. – Алматы. – 1973. – 130-б.

37. Әзизов М. Жиллар вә ойлар. – Алматы.

– Жазушы. – 1972. – 57-б.

38. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған: [Очерктер жинағы]. Алматы. – Қазақстан. - 1966. – 141-б.

39. Әлиев Мұхтар. Үш томдық жинақ:

[Өмір жолдары туралы очерктер]. – Алматы. – Кітап. – 2000. – 352-б.

(17)

40. Әлімбаев Мұзафар. Көңіл күнделігінен. Алматы. – Жалын. – 1980. – 238- б.

41. Әлімбаев Мұзафар. Көргендерім көңілде: [Деректі эссе-очерктер]. – Алматы. – Қайнар. - 1992. – 334-б.

42. Әлімбаев Мұзафар. Өмір. Өнер.

Өнерпаз. – Алматы: - Өнер. – 1990. – 460-б.

43. Әлімгереев Өтепберген. Күй күмбез:

[Құрманғазы мектебінен тәлім алған күйші, домбырашылар туралы эсселер мен очерктер].

– Алматы. - Өнер. – 1997. – 144-б.

44. Әлімқұлов Е. Әбдәлиев Қарақозы:

[Очерк. Ұлы Отан соғысының батырлары]. – Алматы. – Жазушы. – 1969. – 32-б.

45. Әлімов Қ. Сейітхан Темірбаев: [Очерк.

Ұлы Отан соғысының батырлары]. – Алматы. – Жазушы. – 1975. – 24-б.

46. Әлішев Ә. Үрмәш Түктібаев. [Очерк.

Ұлы Отан соғысының батырлары]. – Алматы. – Жазушы. – 1969. – 28-б.

47. Әріпов Бейсенбі, Әріпов Дүйсенбі.

Маңғыстау - маңғаз мекенім: [Естелік, мақала, очерк, ой-толғамдар]. – Алматы. – Нұрлы әлем. –2001. – 488-б.

48. Әубәкіров Төлеген. Өмір өткелдері:

[Очерктер]. – Алматы. – Зерде. – 2002. – 280-б.

49. Әуезов М. «Түркістан» солай туған:

[Директор туралы очерк]. – Алматы. – 1956. – 64-б.

50. Әуезов Мұхтар. Сапарлар, кездесулер, әсерлер: [Очерктер жинағы]. – Алматы. – Қазақстан. – 1966. – 260-б.

(18)

51. Әуезов Мұхтар. Шығармалар. 12 томдық. 3 том. [Повестер мен әңгімелер, очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1967. – 485-б.

52. Әуезов Мұхтар. Шығармалар. 12 томдық. 2 том. [Очерктер, «Өскен өркен»

романы]. – Алматы. – Жазушы. – 1967. – 401-б.

53. Әуезов Мұхтар. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 7 том. – Алматы. – Жазушы. – 1980. – 472-б.

54. Әуезов Мұхтар. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 8 том. – Алматы. – Жазушы. – 1980. – 456-б.

55. Әуезов Мұхтар. Индия очерктері:

[Көріністер]. – Алматы. – ҚМКӘБ. – 1958. – 130- б.

56. Әуезов Мұхтар. Шығармаларының елу томдық жинағы. 10 том. [Мақалалар, зерттеулер, очерктер, әңгімелер, аудармалар, құжаттар. 1932-1936ж]. – Алматы. – Ғылым. – 2003. – 456-б.

57. Әуезов Мұхтар. Шығармаларының елу томдық жинағы. 10 том. [Мақалалар, зерттеулер, очерктер, әңгімелер, пьесалар, әдеби нұсқа. 1935-1937ж]. – Алматы. – Ғылым.

– 2003. – 440-б.

58. Әшімханұлы Д. Самырсын сазы. – Астана: - Елорда. 2000. – 368-б.

59. Бабалықов Ж., Тұрдыбаев А.

Қырандар. – Алматы. – Қайнар. – 1983. – 276- б.

60. Байғұт Мархабат. Серт пен сенім:

[Академик Оразалы Сәбден туралы очерк]. – Алматы. – 1997. – 104-б.

(19)

61. Байжанов Сапар. Жастық шақ:

[Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1968. – 136-б.

62. Байжанов Сапар. Үш қиян - үш даңғыл: [Жолжазба очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1978. – 177-б.

63. Байжанов Сапар. Ұлыма хат:

[Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1984. – 176-б.

64. Байжанов Серік. Сұңқар көңіл самғайды: [Очерк, публицистика, эссе]. – Алматы. – Жазушы. – 1980. – 440-б.

65. Байхонов Серік. Сал үстіндегі маусым:

[Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1988. – 288-б.

66. Бақбергенов Сәуірбек. Біздің колхоз:

[Очерктер]. – Алматы. – ҚМКӘБ. – 1960. – 142-б.

67. Бақбергенов Сәуірбек. Алтынемелден асқанда: [Очерк және әңгімелер]. – Алматы. – ҚМКӘБ. – 1961. – 123-б.

68. Балтағұлов Ізбасар. Өмір – дастан:

[Очерктер]. – Алматы. – Мерей. – 1995. – 100-б.

69. Бангерская Г. Наталья Геллерт:

[Очерк]. – Алматы. – Қазақстан. – 1981. – 24- стр.

70. Барлаушылардың батырлығы:

[Очерктер]. – Алматы. – 1942. – 30-б.

71. Барто А. Заставада: [Очерк]. – Алматы. – ҚМКӘБ. – 9-б.

72. Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі / Құрастырған Ж.Бекенов. – Алматы. – Ғылым. – 1995. – 374-б.

73. Баялиев Кәрім. Жер тынысы:

[Очерктер]. – Алматы. – Қайнар. – 1972.

152-б.

(20)

74. Баянбаев Қастек, Ләмбеков Сапарғали. Қыр қырандары: [Очерктер]. – Алматы. – Қайнар. – 1970. – 96-б.

75. Бәкірұлы Омар. Нәубет жылдарында:

[Очерктер мен әңгімелер]. – Алматы. – Қазақ университеті. – 1997. – 87-б.

76. Бегалин Сапарғали. Телбасылар:

[Очерктер жинағы]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1948. – 119-б.

77. Бекбергенов Кәрмұхан. Ер бақыты – еңбек: [Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1978.

– 112-б.

78. Бекбергенов М. Сөз зергері:

[Ғ.Мүсіреповтің прозалық шығармалары туралы очерк]. – Алматы. – Жазушы. - 1967. – 132-б.

79. Бекетұлы Ғалымжан. Өмір белестері:

[Очерктер]. – Қостанай. – ҚБҮ. – 2002. – 366-б.

80. Бекмұхамедов Ғазиз. Ұрпаққа сөз:

[Очерктер]. - Алматы. – Раритет. –2002. – 184-б.

81. Бекназаров Р. Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі. – Алматы. – Ғылым. – 1976. – 329-б.

82. Бектұров Жайық. Жол жоралғысы:

[Очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1977. – 85-б.

83. Бейсенова Ш. Тағлымды тағдырлар. – Астана. – Елорда. – 2002. – 238-б.

84. Берік болсын босаға: [Деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар]. – Алматы. – Жалын. – 1988. – 246-б.

85. Бодаубаев Б. Жас жүректер:

[Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1977. – 167-б.

86. Ботев Христо. Көктен келген әмір. – Алматы. – 1955. – 75-б.

(21)

87. Боқаев Қуанбек. Өнерлі өрге жүзер. – Алматы: - Қазақстан. – 1980. – 224-б.

88. Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім: [Очерктер, көсемсөздер, эсселер].

Құрастырған А.Бөкеева. – Алматы. – Санат. – 1995. – 304-б.

89. Бөкей О. Қайдасың, қасқа құлыным. – Астана: - Елорда. – 1999. – 325-б.

90. Бөкейханов Әлихан. Шығармалар. – Алматы. – Қазақстан. – 1994. – 382-б.

91. Бөкейхан Әлихан. Таңдамалы. – Алматы. – Қазақ энциклопедиясы. – 1995. – 478-б.

92. Бұлқышев Б. Заман біздікі. – Алматы. – ҚБМБ. – 1943. – 31-б.

93. Бұлқышев Баубек. Шығармалар жинағы. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1948. – 191-б.

94. Бұлқышев Баубек. Өшпес өмір.

[Әңгімелер, очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1965. – 144-б.

95. Бұлқышев Баубек. Адамзатқа хат. – Алматы: - Жалын. – 1977. – 205-б.

96. Бұлқышев Байбек. Заман біздікі. – Алматы: - Алматы: - Жалын. 1990. – 510-б.

97. Бұлқышев Б. Заман біздікі. – Алматы. – Жалын. – 1985. – 231-б.

98. Біздің колхоз: [Очерктер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1961. – 141-б.

99. Гельдыев Б. Түркмен ССР-і:

[Әлеуметтік-экономикалық очерк]. – Алматы. – Қазақстан. – 1972. – 76-б.

100. Горбатов Б. Жауынгерлік абырой мен жауынгерлік атақ: [Очерк]. – Алматы. – 1942.

– 19-б.

(22)

101. Ғабдуллин М. Майдан очерктері. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1959. – 216-б.

102. Ғабдуллин М. Алтын жұлдыз: [Майдан өмірінен жазылған әңгіме, очерктер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1948. – 136-б.

103.Ғабдуллин Мәлік. Жаңа таныстар:

[Очерктер жинағы]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1955. – 136-б.

104. Ғабдуллин Н. Өмір күйі: [Очерктер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1961. – 124-б.

105. Ғабдуллин Н. Біздің Мәлік: [Советтер Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин туралы өлең, әңгіме, очерктер жинағы]. – Алматы. – ҚБМБ. – 1943. – 95-б.

106. Ғани Мұратбаев: [Очерктер]. / Құрастырғандар ҚапашевЛ., Махронов Д. – Алматы. – Арыс. – 2002. – 304-б.

107. Ғиясидинова Гулсум. Сехи кәлбләр:

[Очеркләр]. – Алматы. – Жазушы. – 1988. – 155- б.

108. Ғиясидинова Гулсум. Бар бол, ана:

[Очеркләр]. – Алматы. – Жазушы. – 1998. – 352- б.

109. Дауымов Сатыбалды. Тауқыметті тағдыр: [Алма Оразбаеваның ғұмырнамасы туралы очерк]. – Алматы. – Өлке. – 2001. – 132- б.

110. Дәрмағамбетов Ш. Менің

замандастарым: [Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1967. – 104-б.

111. Дәстүр: [Қазақ халқының ерлері мен Ұлы Отан соғысында, тылда еңбегімен көрінген батырлары туралы очерктер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1943. – 76-б.

(23)

112. Дәуренбеков Жақау. Шұғылалы шақ:

[Очерктер]. - Алматы. – Жалын. – 1980. – 140-б.

113. Дербісәлиев Әбсаттар. Мың бір түн елінде: [Очерктер мен әңгімелер]. – Алматы. – Жалын. – 1986. – 184-б.

114. Домбыра күйі – ақиық: [Очерктер мен повестер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1958. – 252-б.

115. Досанов Сәбит. Қайырлы таң:

[Очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1966. – 148- б.

116. Досжан Дүкенбай. Таңдамалы шығармалар. 5 том. [Роман. Хиқаят, очерктер]. – Алматы. – Білім. – 2002. – 352-б.

117. Дүйсенбаев Ысқақ. Ғасырлар сыры:

[Қазақ әдебиеті тарихынан очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1970. – 192-б.

118.Дүйсенбек Әділ. Менің Шерағам. – Алматы: - Өлке. – 2002.

119. Екпінді еңбек күндері: [Очерктер]. - Алматы. – Жазушы. – 1986. – 76-б.

120. Елеукенов Ш. Сұлулыққа іңкәрлік:

[Толғай, эссе, очерктер]. – Алматы. – Білім. – 1999. – 325-б.

121. Елеусізұлы Тұрсын. Иван Шадрин:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. 1973. – 24-б.

122. Елтай Нұрмахан. Қияға қонған қыран:

[Молдалиев С өмірі туралы очерк]. – Алматы. - Нұрлы әлем. – 2003. – 128-б.

123. Елтұтқа: [Ел тарихының әйгілі тұлғалары туралы очерктер]. Авторлары М.Жолдасбеков, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. – Астана. – Күлтегін. – 2001. – 358-б.

(24)

124. Елшібек Жанат. «Шағалалар жылай ма осы?...» [Очерк, көсемсөз, деректі әңгіме].

– Алматы. - Қайнар. – 1996. – 400-б.

125. Ертіс жағасында: [Очерктер]. – Алматы.

- ҚМБКӘБ. – 159. – 147-б.

126. Еңбек өрендері: [Очерктер]. – Алматы. – ҚМБ. – 1960. – 320-б.

127. Ерғали Хамит. Жақсыдан шарапат:

[Эссе, очерк, көсемсөз]. – Алматы. – Қайнар. – 1996. – 240-б.

128. Ерғалиев Х. Өмір өрнегі: [Эссе, очерк, публицистика]. – Алматы. – Жалын. – 1986. – 384-б.

129. Ерғалиев Х. Шындық шырқайды:

[Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1966. – 184-б.

130. Еркелетші еркеңді: [Деректі әңгіме, очерк, мақалалар]. / Құрастырған Д.Ахметова.

– Алматы. – 2002. – 160-б

131. Ермекбаев Төлеубай. Тұлпар – тағдыр:

[Деректі танымдық очерктер]. – Қарағанды. – Болашақ- Баспа. – 2002. – 160-б.

132. Ерімбетов Мылтықбай. Аманат: [Очерк, эссе, естеліктер]. – Алматы. – Аманат. – 1991. – 288-б.

133.Ерубаев Саттар. Мәңгілік өмір. – Алматы: - Жазушы. – 1994. – 544-б.

134.Жангелдин Т. Жолданбаған хаттар:

[Очерктер, хаттар]. – Алматы. – Жазушы. – 1968. – 144-б.

135. Жансүгіров Ілияс. Жол аузында:

[Очерктер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1935. – 163- б.

(25)

136. Жанұзақов Т. Азаматтар: [Очерктер жинағы]. – Алматы. – Қазақстан. – 1974. – 88-б.

137. Жанысбай Сүйіндік. Өкініш: [Милиция жайлы әңгімелер мен очерктер]. – Қарағанды.

– 1995. – 126-б.

138. Жаңа белесте: [Очерктер жинағы]. – Алматы. – 1961. – 43-б.

139. Жаңа таныстар: [Очерктер]. – Алматы. – ҚМБКӘБ. – 1955. – 136-б.

140.Жас қайрат: [Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1986. – 160-б.

141. Жас қайрат және бесжылдық:

[Очерктер]. – Алматы. - Жалын. – 1986. – 120-б.

142. Жас қайрат және бесжылдықтар:

[Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1987. – 96-б.

143.Жастықтың жанартаулары: [Очерктер].

– Алматы. – Жалын. – 1984. – 160-б.

144.Жастықтың жанартаулары: [Очерктер].

– Алматы. – Жалын. – 1985. – 128-б.

145.Жастықтың жарқын келбеті:

[Очерктер]. – Алматы. – Жалын. – 1986. – 104-б.

146.Жауынгер достар: [Очерктер]. – Алматы.

– ҚМББ. – 1942. – 122-б.

147.Жәмішев Ә. Дала шұғыласы:

[Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1969. – 181-б.

148.Жекеев Наурызғали. Ұрпағым мұны білсін деп... [Естеліктер мен очерктер]. – Ақтөбе. – 1995. – 132-б.

149.Жетекші жүгі: [Очерктер мен деректі әңгімелер]. – Алматы. – Жалын. – 1989. – 160-б.

150.Жолдасбеков А. Әке қуанышы:

[Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1969. – 104-б.

(26)

151.Жолдасбеков М. Ел тағдыры – ер тағдыры: [Танымдық очерктер]. – Алматы. – Санат. – 1997. – 688-б.

152.Жолдыбай Орынбек. – Замана келбеті.

– Астана: - Елорда . – 2004. – 198-б.

153.Жолдыбай Кенжеболат. Бұл жылдардың мен де бір куәсі. [Ой - толғамдар]. – Астана. – Елорда. – 2001. – 144-б.

154.Жұлдызы жанған ғұлама: [М.Қозыбаев туралы естеліктер мен очерктер]. – Алматы. – Атамұра. – 2002. – 288-б.

155.Жұртбаев Тұрсын. Замандасым сырласым: [Очерктер]. – Алматы: - Қайнар. – 1977. – 140-б.

156.Жұмабаев Әбілмәжін. Кездесулер күнделігінен: [Естеліктер, мақалалар, очерктер]. – Алматы. – Дидар. - 1999. – 213-б.

157.Жұмалиев Қ. М.Өтемісұлы: [Өмірі мен шығармашылығы туралы очерк]. – Алматы. – Академия баспасы. – 1951. – 17-б.

158.Жүнісұлы Ахмет. Пәниден бақиға дейін. – Алматы. – Жазушы. –2001. – 296-б.

159.Жүнісұлы Оралбек. Сағынатын күн туар: [Әңгіме, очерк, мақала]. – Қарағанды. – 2002. – 171-б.

160.Зайсан асулары: [Зайсан ауданының құрылуына 70 жыл толуына арналған тарихи- публицистикалық очерктер]. – Алматы. – Баспа. – 1998. – 191-б.

161.Залевский В. Көктем көркі трактор. – Алматы. – 1952. – 76-б.

162.Замандастар: [Очерктер мен әңгімелер].

– Алматы. – ҚМБКӘБ. –1958. – 252-б.

(27)

163.Замандастар: [Очерктер мен мақалалар].

- Алматы. – Қайнар. - 1977. – 140-б.

164.Зханқызы Сағат, Дөрбетханқызы Бақыт. Ұрпақтар тоғысы. – Астана. – Елорда. – 2001. – 144-б.

165.Ибраев Мерғали. Құтты қайнар:

[Очерктер жинағы]. – Алматы. –1984. – Қайнар.

– 145-б.

166.Ибрагимов Ә. Нағыз қайнар: [Очерктер].

– Алматы. – Қазақстан. – 1972. – 92-б.

167.Иманжанов М. Өркен: [Очерктер]. - Алматы. – Жалын. – 1979. – 248-б.

168.Имашев М. Серікқазы Бекбосынов:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1972. – 32-б.

169.Исабеков Дулат. Ай – Петри ақиқаты:

[Әңгімелер мен очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1990. – 312-б.

170.Исабаев Қалмұхан. Берлин

«Абайштрассе»: [Очерктер]. – Алматы. – Қанағат. – 2002. – 128-б.

171.Исқақов М. Халық календары. – Алматы. – Қазақстан. - 1980. – 318-б.

172.Исмагұлов Ж. Адам мерейі: [Очерктер].

– Алматы. – 1968. – 113-б.

173.Кәкімов Тұрсынбай. Достық қайнары:

[Очерктер]. – Алматы. – Қайнар. – 1962. – 96-б.

174.Кәкішев Т. Қызыл сұңқар:

[ С.Сейфуллин туралы әдеби-тарихи очерк]. – Алматы. – Қазақстан. – 1968. – 288-б.

175.Кәкішев Т. Садақ: [Эсселер мен очерктер]. – Алматы. – 1986. – 264-б.

176.Кәкішев Т. Ұштасқан үш өзенмен. – Алматы. – Жалын. – 1978. – 80-б.

(28)

177.Кекілбаев Ә. Ұйқыдағы арудың оянуы.

– Алматы: - Қазақстан. – 1979. – 168-б.

178.Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: [ Ой- толғамдар, очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1996. – 590-б.

179.Келіншектау: [Очерктер жинағы]. – Алматы. – Қазақстан. – 1971. – 116-б.

180.Кәмалашұлы Б. Монғолиядағы қазақтардың дәстүрлері. - Өлгей. – 1995. – 342-б.

181.Кемпірова Г. Рекордқа жол:

[ Очерктер]. – Алматы. – Жалын. - 1985. – 104- б.

182.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына.

Жиған-терген. 1 кітап. – Алматы. – Ана тілі. – 2002. – 135-б.

183.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына.

Жиған-терген. 2 кітап. – Алматы. – Ана тілі. – 2002. – 135-б.

184.Кенжелин Жұмабек. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз: [Деректі әңгімелер мен очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1998. – 239-б.

185.Коллектив өз үйім: [Очерктер]. – Алматы.

– Жалын. – 1985. – 116-б.

186.Комсомол жетекшілері: [ Очерктер жинағы]. – Алматы. – Жалын. – 1976. – 444-б.

187.Курганов О. Ана. – Алматы. – 1942. – 13- б.

188.Күрделі заманның қайсар қайраткері:

[Жұмабай Шаяхметов туралы естеліктер мен очерктер]. / Құрастырғандар Мұқаметқалиев Қ., Зәңгіров Е. – Астана. – Аударма. – 2002. – 216-б.

(29)

189.Қаһарман қыздар: [Совет Одағының батыры атаған алған қыздар туралы очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1965. – 768- б.

190.Қаһарман Нұрғиса: [Эсселер мен очерктер, поэмалар]. Құрастырған С.Әбдірайымұлы. – Алматы. – Санат. – 1999. – 352-б.

191.Қадыров Айбар Қабыкенұлы. Ақындық әлем: [Шәкір Әбенұлының өмірбаяны туралы очерктер]. – Семей. - Семей университеті баспасы. – 2001. – 186-б.

192.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: [ Очерктер]. Ред. К.Ақышев, Х.Асылбеков. – Алматы. – Дәуір. – 1994. – 448-б.

193.Қайдар Әбдуәли. Ғылымдағы ғұмыр.

[Эсселер мен очерктер]. – Алматы. – Атамұра. – 2000. – 320-б.

194.Қалиев С. Төлебай Әжімов: [Очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1973. – 32-б.

195.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы.

– Рауан. – 1998. – 128-б.

196.Қалиұлы Баянқол. Біз – Таушелектенбіз.

– Алматы. – Білім. – 2001. – 288-б.

197.Қамбаров Қ. Туған жер: [ Очерктер]. – Алматы. – 1974. – 127-б.

198.Қамбаров Қ. Ақ жалын: [ Очерктер]. – Алматы. – 1969. – 100-б

199.Қамбаров Қ. Таудағы қала: [ Очерктер].

– Алматы. - 1961. – 75-б.

200.Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы. -

Қайнар. – 1977. – 102-б.

(30)

201.Қасиманов. С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы. – Қазақстан. – 1969. – 275- б.

202.Қатарда жүр қарт солдат: [ Очерктер жинағы]. – Алматы. – Қайнар. – 1985. – 176-б.

203.Қаратаев Мұхаметжан. Көңілдегім мен көргендерім: [Очерктер мен естеліктер]. – Алматы. - Жалын. – 1982. – 265-б.

204.Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаев:

[Қысқаша очерк]. / Құрастырғандар:

Н.Ғ.Аюпов, Д.Ө. Құсайынов т.б. – Алматы. – АлМУ-дың баспасы. – 1997. – 23-б.

205.Қаупынбайұлы Төлен. Бауыржан батырға барғанда: [ Эсселер, очерктер]. – Алматы. – Толғанай. – 2000. – 216-б.

206.Қаупынбайұлы Төлен. Суырылған семсер: [ Эсселер, очерктер]. – Алматы. – Толғанай. – 1999. – 240-б.

207.Қаупынбайұлы Төлен. Бабалар аманаты: [Тарихи эсселер, очерктер]. – Алматы. – Жалын. 1996. – 256-б.

208.Қашқынов Ж. Қазыбек Нұржанов:

[ Очерк]. – Алматы. – Жазушы. –1972. – 24-б.

209.Қибасов Мейрамбай. Аман бол, ата жұртым: [ Эсселер мен очерктер]. – Алматы. – Жазушы. - 1999. – 351-б.

210.Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет: [ Зерттеулер, мақалалар, очерктер].

– Алматы. – Ғылым. – 2001. – 448-б.

211.Қозыбаев Оразалы. Тыңдағы күндер: [ Ардагер жазбалары, очерктері]. – Алматы. – Атамұра. – 1995. - 144-б.

212.Қозыбаев С. Төртінші майдан.

[Очерктер]. – Алматы.- Жалын. –1983. – 88-б.

(31)

213.Қойшыбаев Бейбіт. Әлихан Бөкейханов: [Ғұмырнамалық очерктер]. - Алматы. – Жеті жарғы. – 2001. – 160-б.

214.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы. – Мектеп. – 1962. – 212-б.

215.Қоңыратбаев Әуелбек. Керуен:

[Очерктер мен деректі әңгімелер]. – Алматы. – Жалын. – 1989. – 212-б.

216.Құдайқұл Жазит. Атыңнан айналайын Қарабатыр. – Қостанай. – Қостанай баспа үйі.

– 2000. – 239-б.

217.Құдайқұлов Мәулен. Өмір - өнеге:

[Ғұмырнамалық очерктер]. –Алматы. - Өркениет. – 2000. – 312-б.

218.Құлиясов Табыл. Жалмауыз:

[Сатиралық әңгімелер, очерктер]. Алматы. - Өнер. – 1995. – 240-б.

219.Құрманғалиев Қ. Қайырғали Смағұлов:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1975. – 32-б.

220.Қыдырбекұлы Балғабек. Маздаған шырақ: [Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1971. – 152-б.

221.Қыдырбекұлы Балғабек. Қым - қиғаш жылдар: [Очерктер, публицистика, эссе]. – Алматы. – Санат. – 1998. – 304-б.

222.Қыдыров Қ. Есен Орақбаев: [Очерк]. – Алматы. – Жазушы. - 1974. – 24-б.

223.Қыдырханов У. Хамит Көбіков: [Очерк].

– Алматы. – Жазушы. – 1968. – 28-б.

224.Қылмысты құтылмады: [Деректі әңгіме, очерктер]. – Алматы. –Қазақстан. –1985. – 191- б.

(32)

225.Қыстаубаев З. Ережепбай Молдабаев:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1973. – 20-б.

226.Лекеров А. Ой көзімен: [Очерктер]. – Алматы. – 1965. – 220-б.

227.Лұқпанов Ермағамбет, Сембаев Мағауия. Жауынгер қыздар: [Очерктер]. / Ред. басқарған Қ.Ә.Аманбаев. – Қарағанды. – 1995. – 144-б.

228.Лұқпанов Ермағамбет. Арқа ардақтылары: [Очерктер мен новеллалар]. – Қарағанды. – 1998. – 80-б.

229.Майдан: [Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелер мен очерктер]. – Алматы. – 1961. – 394-б.

230.Майлин Бейімбет. Ел сыры: [Повестер, әңгімелер, очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1994. – 352-б.

231.Мәдиев Баянжан. Өрендер: [Очерк, әңгімелер]. / Құрастырған, алғы сөзін жазған Рахметолла Ыдырысов. – Алматы. – Қазақстан.

- 1970. –178-б.

232.Мәуленов С. Сұлтан Баймағамбетов:

[Очерк]. – Алматы. – Жазушы. – 1965. – 28-б.

233.Мәуленов С. Үркер төбеде тұр:

[Очерктер]. – Алматы. – Жазушы. –1971. – 216- б.

234.Мәуленов С. Биіктіктен биіктікке:

[Очерктер жинағы]. – Алматы. – Жалын. – 1982.

– 201-б.

235.Мәметқұлов С. Яшлиқ нахишлари. – Алматы. – Жазушы. – 1968. –80-б.

236.Мәметова Айман, Әліпқали Тихон.

Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр:

(33)

[Очерктер]. – Орал. – Полиграфсервис. – 2002. – 132-б.

237.Мәшуров Сейітахун. Беапа пәләк:

[Хатирилар, очеркләр]. – Алматы. – 2002. – 160- б.

238.Медведов Д. Ровно маңында болған оқиға: [Очерктер]. – Алматы. – Қазақстанн. - 1951. – 674-б.

239.Мен бәріне де жауаптымын:

[Мақалалар мен очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1985. – 224-б.

240.Меңдібаев Сәлім. Еменнің айыр бұтағы: [Журналист жазбалары, очерктер]. – Қостанай. - Б.б. – 2001. – 195-б.

241.Мизамбеков Т. Безродный Г:

[Очерктер]. – Алматы. – Жазушы. – 1973. – 30-б.

242.Момышұлы Бауыржан. Ұшқан ұя:

[Жолсапар очерктері]. – Алматы. – Жазушы. – 1975. – 384-б.

243.Мусин Ж. Таң нұры: [Очерктер]. – Алматы. – Қазақстан. – 1974. – 108-б.

244.Мұртазаев Шерхан. Не жетпейді?

[Очерк, эсселер]. – Алматы. – Жазушы. – 1990.

– 260-б.

245.Мұқанов С. Очерктер, саяхаттар. – Алматы. – Жазушы. – 1978. –368-б.

246.Мұқанов С. Туған жердің тыңында:

[Очерктер]. – Алматы. ҚМКӘБ. – 1955. - 136-б.

247.Мұқанов С. Тыңда тұнған байлық:

[Очерктер]. - Алматы.- ҚМБ. – 1957.- 318-б.

248.Мұқанов С. Қазақтың ХҮШ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. – Алматы. – 1942. –245-б.

Referensi

Dokumen terkait

ҚАЗАҚ АҢШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ Қазақ халқының тарихы мен этнографиясы патшалық Ресей саяхатшылары, шенеуніктері, әскери офицерлері және зерттеушілері тарапынан әртүрлі мақсатта

Мақала соңындағы әдебиеттер тізімінен кейін библиографиялық мәліметтер орыс және ағылшын тілінде егер мақала қазақ тілінде жазылса, қазақ және ағылшын тілінде егер мақала орыс тілінде