• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН КІРМЕ СҾЗДЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҾЗЕКТІЛІГІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН КІРМЕ СҾЗДЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҾЗЕКТІЛІГІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҼОК 801.316.3[811.111'361.1'512.122]

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН КІРМЕ СҾЗДЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҾЗЕКТІЛІГІ Досжан Г. А., [email protected]

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Н. Шаймердинова

Жаһандану процесінің қарқын алып, ҽлем халықтарының саяси-экономикалық жҽне мҽдени-гуманитарлық байланыстарының кҥшеюі тіларалық қатынастардың артуына ҿз септігін тигізіп отыр. Осы ретте ҽлемдік тілдердің кҿшбасшысы саналатын ағылшын тілі халықаралық қатынастардың барлық деңгейінде қолданылуымен қатар, кҿптеген елдердің Конституциясына сҽйкес мемлекеттік немесе ресми тіл мҽртебесін иеленумен қатар, бірқатар мемлекеттердің қоғамдық қатынастар жҥйесінде жоғары сҧранысқа ие тілге айналып отыр.

Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін ҽлем елдеріне шапшаң тарай бастаған ағылшын тілі ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың, инновация мен технологияның, ақпараттық жҽне мҽдени кеңістіктің тіліне айналып ҥлгерді. Қазіргі таңда нарықтық экономиканың талабына сҽйкес қызмет атқаратын кез келген жҧмыс беруші, ҽсіресе ҧлттық жҽ не трансҧлттық компаниялар мен холдингтер ҿз қызметкерлерін жҧмысқа қабылдаудың негізгі шартарының бірі ретінде ағылшын тілін жоғары деңгейде білу талабын қойып отыр. Міне, осы ретте ағылшын тілі қазіргі адамның білім жҽ не іскерлік деңгейінің кҿрсеткішіне, тіпті бҽсекеге қабілеттілігінің ҿлшеміне айналғанын мойындауға тиіспіз.

Соңғы 20 жыл кҿ лемінде ағылшын тілі Тҥркі ҽлемінің тілдік-коммуникативтік кеңістігінен де орын ала бастады. Жер бетінде 200 миллионнан астам тҥркілер ҿмір сҥ реді десек, оларды этногенез, менталитет, тіл, тарих, ҽдебиет, рухани жҽне материалдық мҽдениет, тҧрмыс салты мен ҽдет-ғҧрыптар, салт-сана ортақтығы біріктіріп отыр. Алайда, мҽдени бірегейлену мен жаһандану процестері тҥркі ареалына кіретін, ҽсіресе, «саны аз»

халықтардың ҧлттық жҽне рухани болмысына қауіп тҿндіруде. Қазіргі ҽлемдік мҽдениет пен империалистік тілдердің кҥшеюі жағдайында тҥркі халықтары тілдерінің толық жойылу қаупі де жоқ емес. Осы ретте ғаламдық тіл – ағылшын тілінің тҥркі халықтарының тілдік дҥ ниетанымына, лексикалық жҽне терминологиялық жҥйесіне ҽсерін зерделеу – қазіргі филология ғылымының алдында тҧрған іргелі міндеттердің бірі болып табылады.

9

(2)

2007 жылғы 28 ақпанда Елбасы Нҧ рсҧлтан Ҽбішҧлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа ҽлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің ҥштҧғырлығы»

мҽдени жобасын іске асыруды ҧсына отырып: «Қазақстан бҥкіл ҽ лемде халқы ҥш тілді пайдаланатын мҽдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бҧлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ҧлтаралық қатынас тілі жҽне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» [1] деп атап кҿрсеткен болатын. Президент ҧсынған осы жобаға сҽйкес Қазақстанда ағылшын тілін ҥйренушілердің қатары кҿбейіп, білім жҽне ақпарат кеңістігінде ағылшын тілінің рҿлі арта тҥсті.

Ҽлемдік тіл тарихына ҥңілсек, тілдердің дами алмауы мен қолданыстан шығып қалуының басты себептерінің қатарында сол тілді қолданатын негізгі ҧлттың ҿз тілін толық дҽрежеде пайдалана алмауы, тілдің ҧрпақаралық сабақтастығының ҥзілуі, тілдің лексикалық жҽне терминологиялық қорын байытуға жеткілікті кҿңіл бҿ лмеуі секілді факторларды атап айтуға болады.

2011 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру жҽне жҥйелеу міндеті қойылып, осыған сҽйкес қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының ҥлесін 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%-ға жеткізу кҿзделіп отыр [2]. Бағдарламада кҿзделген осы межеге жету ҥшін қазақ тілінің ҧлттық лексикалық қорындағы шетел кірме сҿздерін, оның ішінде соңғы жылдары жиі қолданысқа еніп жатқан ағылшын кірме сҿздерін зерттеп, зерделеудің маңызы зор. Ал қазақ тілінің жалпы терминологиялық қорын реттеу ҥшін, ең ҽуелі, салалық терминологияны жҥйелеу керектігі дау тудырмайды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Нҧ рсҧлтан Ҽбішҧлы Назарбаев «Қазақстан-2050»

стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында қазақ тілінің дамуы тікелей терминологиямен қатысты екендігін алға тартып: «Кез келген тіл ҿзге тілмен қарым-қатынасқа тҥскенде ғана ҿсіп, ҿркен жаятынын ҽрдайым есте сақтаған жҿн. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сҿздер қҧ раса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дҽуірде кҥн сайын дерлік ағылшын тілі дҥние жҥзі халықтарының тілдеріне жаңа сҿздер мен ҧ ғымдар арқылы батыл ену ҥстінде. Бҧл ҥдерістен біз де тыс қалмауымыз керек.

Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық ҿмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек.

Біз қазақ тілін жаңғыртуды жҥ ргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай ҥйлестіріп, терминология мҽселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, ҽбден орныққан халықаралық жҽне шет тілінен енген сҿздерді қазақ тіліне аудару мҽ селесін біржола шешу қажет. Бҧ л мҽселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Ҥкімет мҧ ны реттегені жҿн.

Бҥкіл ҽлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады. Біз ҿмірді ҿ зіміз кҥрделендіре тҥсеміз, тҥсінбестікке бой алдырып, ақыл-ойды сапырылыстырамыз, кҿнерген сҿздердің шырмауынан шықпаймыз. Мҧндай мысалдар аз емес» [3] – деген болатын.

Халықаралық байланыстардың негізінде тіларалық қатынастардың кҥ шейетіндігін ескерсек, оның негізгі индикаторларының біріне, сҿз жоқ, кірме сҿздер жатады. Кез келген тілдің сҿздік қоры, бір жағынан, сол тілдің ҿз мҥмкіндіктерін саралап пайдалану, іштен тҥлеу жолымен дамып, молайып отыратын болса, екінші жағынан, ҿзге тілдерден кірме сҿздерді қабылдау арқылы толығады. Осы орайда, айта кетер бір жайт, соңғы жылдары тҥркі тілдеріне ағылшын тілінен кірме сҿздер мен халықаралық терминдер кҿптеп енуде.

Ҿкініштісі сол, ағылшын тілінен тҥркі тілдеріне енген кірме сҿздер мен терминдердің ассимиляциялану деңгейі ҽр тҥ рлі. Соңғы жылдары ағылшын сҿ здері мен терминдері тҥркі тілдеріне кҿптеп иенуіне байланысты оларды игеру жҽ не ҧлттық тіліміздің фономорфологиялық заңдылығына сҽйкес бейімдеп, қолдану жағынан кҿптеген олқылықтар орын алып отыр. Соның салдарынан тҥ ркі тілдеріндегі ағылшын сҿздерінің мҽні мен

10

(3)

мағынасы тҥпнҧсқасынан едҽуір алшақтауда. Сондай-ақ тілімізді шеттілдік элементтерден тазартамыз деген себеппен кҿп мағыналы ағылшын сҿздері мен терминдерін ғылыми негізсіз аудару салдарынан олардың лексика-семантикалық ҿ рісі тарылып, ой жҧтаңдығы кҿрініс беруде. Дҽл осындай ҽсіре пуристік ҽрекеттер салдарынан тҥркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің терминологиялық қоры жҥйеленбек тҥгілі, керісінше ғылыми нақтылығынан айырылып бара жатқанын аңғару қиын емес.

Тҥркі тілдерінің лексикалық қорына ағылшын тілінен еніп жатқан кірме сҿздердің басым бҿ лігін бизнес лексемалары қҧ райды. Мҽ селен, бір ғана қазақ тілінде армрестлинг (armwrestling), аукцион (auction), аудит (audit), банк (bank), аутсорсинг (outsourcing), бизнес (business), бизнесмен (businessman), бизнесвумен (business woman), брокер (broker), бюджет (budget), дилер (dealer), дисконт (discount), дефольт (default), джиринг (gearing), дистрибьютор (distributor), доллар (dollar), еуро (euro), инжиниринг (engineering), кемпинг (camping), клайм (claim), клиринг (clearing), консалтинг (consulting), контанго (сontango), концерн (concern), левередж (leverage), лизинг (leasing), лобби (lobby), лоббизм (lobbyism), локаут (lock out), маркетинг (marketing), менеджер (manager), менеджмент (management), импорт (import), промоутер (promoter) т.б. мыңдаған бизнес сҿздері мен сҿз тіркестері кездеседі. Алайда, дҽ л осы бизнес лексемаларды қазақ тілінде мағынасын дҧрыс тҥсінбей қолдану немесе теріс, жағымсыз реңкте қолдану секілді семантика-прагматикалық қателіктер жиі орын алуда. Осы ретте белгілі терминолог ғалым Шерубай Қҧрманбайҧлы

«Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының ҽр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сҿздердің тҥ рліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мҽселе сияқты кҿрінбеуі де мҥмкін. Ал шын мҽнінде бҧған елеусіз қалдыра салатын ҧ сақ-тҥйек нҽрсе деп қарауға да болмайды. Ҿйткені, дҽл сол атаулар арқылы ҧлт зиялыларының, ғылыми жҧ ртшылықтың, кҿпшілік қауымның кірме сҿздерге берген бағасын кҿруге болады. Ҿзге тілден енген терминдердің мҧндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тҧр. Бҧл ҽлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тҧрғыдан қарастыруды, арнайы мҽн беруді қажет ететін тіл ҥшін маңызды мҽ селе» [4] - деген ой тҥйеді.

Жаһандану процесі қарқынды тҥ рде ҿріс алған сайын ҽлем елдері тіл тазалығы процесіне мҽн беріп жатыр. Біздің елімізде де бҧл бағытта атқарылып жатқан жҧмыстар аз емес. Тілдің шырқын шет тілінен енген сҿздер бҧзады деген ҧстанымға мойынҧсынушылық та жоқ емес. Алайда, бҧл кірме сҿздер мен термин сҿздерді тіпті тілдік қолданыстан алып тастау дегенді білдірмесе керек. Себебі, тілге кірме сҿздердің енуі – кҿп жылдық ҥрдіс. Біз кей ғалымдардың ҿзге тілден енген сҿ здерді тҥбегейлі қолданыстан алып тастау жҿніндегі пікірімен келіспейміз. Ҿйткені, тіл ҽлемдік сананың, адамзат ақыл-ойының, бҥкіл ғаламдық ғылымның дамуымен қатар жҥретін қҧбылыс.

Ҽлемдік ғылымға қосылған жаңалықты бҥкіл ҽлем қалай пайдаланса, сол ғылыми жаңалықпен бірге енген жаңа сҿздерді де солай пайдаланған абзал. Мҽселен, «компьютер»,

«инновация»» «технология», «кластер» т.б. шетел сҿздерін ҿгейсініп, тілімізге жат сҿ з деп алып тастау - ҽбестік. Бҧған ҽлемдік тіл білімі де қарсы. Осындай ой айтуымызға кейбір ғалымдардың пікірі ҽ сер етті. Мҽселен, Абылайхан атындағы Қазақ ҧлттық халықаралық қатынастар жҽне ҽлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Байынқол Қалиев ҿзінің «Қазақ терминдерін жасау мен реттеудің жҽне оны қалыптастырудың кейбір мҽ селелері» деген мақаласында былай дейді: «Терминдерді реттеп, жҥйелеп отыру сҿзсіз қажет. Қажет қана емес, ол – міндетті тҥрде істелініп тҧруға тиісті іс. В.И. Лениннің ҿ зі бастап орыс тілін жат сҿздерден тазартуы, Ф. Миттеранның басшылығымен француз зиялыларының француз тілін ағылшын сҿздерінен тазартуға ҽрекеттеніп жҥ ргендері (француз тілінде 3500 ағылшын сҿзі бар екен), міне, сол тазартудың қажеттілігін сезгендіктен болған нҽрсе. Егер ондай мақсатты істер болмаса, яғни тілді жат сҿздерден дҥркін-дҥркін тазартып отырмаса, тілдің кірленіп, бҧлғанып кетуі ғажап емес» [5, 47].

Ғалымның тіл тазалығын сақтауға шақыруы гуманистік тҧ рғыдан жақсы бастама болғанымен, тілді қайтіп тазарту керектігі - ҿз алдына бір мҽ селе. Біз ойымызды қазақша

(4)

сҿйлеген кезде жҿн-жосықсыз орысша, не ағылшынша араластырып айтпағанда ғана ҧтамыз. Ал, жалпы тілді жат сҿздерден тазарту дегенді қалай ҧғуға болады? Қазақ тілінің қолданыс шеңберіндегі мыңдаған, миллиондаған сҿзі татар, араб, қыпшақ, шағатай, латын, грек, орыс, ағылшын, неміс, тҥ рік, ҧйғыр, француз, португаль, жапон, т.б. тілдерден енген сҿздерден тҧ рады. Бҧлардың барлығы қарап тҧрсақ кірме сҿздер. Егер оларды жатсынсақ, қазақ тілінде толық ой жеткізе алатын бір сҿйлем қҧраудың ҿ зі қалай болар екен?! Біздің айтқымыз келгені тілді тазарту дегеніміз – ҿзге тілден енген жаргон, не қазақ тілінде баламасы бола тҧра, жат сҿздерді араластырып сҿйлеуден, тілді қалай болса, солай шҧбарлаудан сақтану керек деген ҧстаным. Бҥгінгі таңда ешкімге ешкім «былай сҿйле, олай емес, былай айт» деп, тілдік тҧрғыдан ҽмір жҥргізе алмайды. Ҿ йткені, тіл бостандығы – ол ой бостандығы. Тіл тазалығы қоғамдық мҽ селе болғанымен, айналып келгенде, ол - жеке адамдардың санасына, мҽдениеті мен біліміне тікелей қатысты шаруа.

Тіл білімінде ҽлем бойынша тілдің терминологиялық лексикасының қалыптасуының 2 қайнар кҿзі бар. Біріншісі – ҧлттық тіл, екіншісі - ҿ зге елдің тілі. Алғашқысы – терминжасамның ішкі кҿзі, ал кейінгісі – сыртқы кҿзі деп аталады. Кей ҽдебиеттерде терминологиямыздың 70-80 пайызын кірме терминдер қҧ райды деген дерек кездеседі.

Ҿкініштісі сол, кірме терминдер мен қазақ тілі негізінде жасалған терминдердің ара -жігі ҽлі де анықталмаған. Оны анықтап, терминологияны жетілдіру ҥшін терминологиялық лексика компьютерге енгізіліп, ҽр терминнің шығу тегі, қай тілдер арқылы енгені кҿрсетілуі керек.

Ғалымдар жоспарлап отырған бҧл жҧмыс компьютерде арнайы базалық ҽдіспен кҿ рініс табуы ҥ шін ҽуелі елімізде кірме сҿ здер мен терминдердің толық этимологиялық сҿздігі жасалу керек деп білеміз.

Қазіргі таңда ғылымда терминдену процесінің қарқын алғанын кҿ ріп отырмыз. Ал,

«терминдену дегеніміз, - Л.А. Капанадзенің айтуынша, - сҿздің лексикалық мағынасын

«кесіп», оған дефиницияны «таңып беру» - дегенді білдіреді екен [6, 152] .

Ғылымның белгілі бір саласына арналған терминдерді – салалық терминдер дейміз.

Тіл білімінде терминді тек терминолог, филолог, не журналист аударып, баламасын тапсын деген тҥсінік жоқ. Қазақ тілінің, жалпы қара сҿздің қадір-қасиетін, мҽн-мазмҧнын терең тҥсінетін, не белгілі бір салада ҧзақ жҧмыс істеп, сол салаға қатысты заңдылықтар мен қҧбылыстарды бес саусағындай жете білетін азаматтар араласқанда ғана термин ҿзінің сҽтті баламасын табады. Ҽсіресе, интернационалдық мҽнге ие терминдерді аударуда бір мағынаға ие сҿздердің ҽ р тҥрлі тілде сыртқы тҧ лғасы жағынан ҧқсас болып келетіндігі белгілі.

Интернацоналдық сҿздер кҿбіне қандай да бір шет тілінен ҿзге тілдің қатысуымен кірігіп келіп, тілдік қорымызға қосылады. Мҽселен: ағ: accumulator (аккумулятор); ағ: alpha (альфа); ағ: alphabet (ҽ ліппе); ағ: ampere (ампер); ағ: atlas (атлас); ағ: atom (атом); ағ: banjo (банджо); ағ: barbarism (варваризм); ағ: benzol (бензол); ағ: billiards (биллиард); ағ: bulldog (бульдог); ағ: cafeteria (дҽмхана); ағ: catastrophe (апат); ағ: energy (қуат); ағ: legal (заңды).

Осы тҽ різдес ағылшын тілінен еніп, ҿз кезегінде кейбір термин сҿздер ҿздеріне қазақша балама тауып жатса, кейбір ағылшын термин сҿздері еш ҿзгертілместен сол кҥйінде қалған.

Мысалы: ағ: accumulator (аккумулятор); ағ: alpha (альфа); ағ: ampere (ампер); ағ: atlas (атлас); ағ: atom (атом); ағ: banjo (банджо); ағ: barbarism (варваризм); ағ: benzol (бензол); ағ:

billiards (биллиард); ағ: bulldog (бульдог); ағ: chaos (хаос); ағ: dynamo (динамо); ағ: economic (экономикалық); ағ: electric (электрлік); ағ: element (элемент); ағ: film (фильм); ағ: minimum (минимум); ағ: philosopher (философ) т.б. сҿздер бҥгінде ағылшын тілінде сҿйлейтіндерге ғана емес, жалпы қауымға ортақ таныс сҿздер. Бҧл сҿздер интернационалдық сипатқа ие болғандықтан, қазақшаға аударған кезде де тҧлғалық жағынан кірме тілдегі кҥйінде қалады.

Біз термин, не кірме сҿздерді аударған кезде ҽуелі орыс тіліндегі нҧсқасына мҽн беретініміз белгілі. Себебі, ағылшын тіліндегі терминдердің кҿбі ҽуелі орыс лексикасына сіңісіп барып, кейінірек қазақ тіліне енеді. Кейде біз ағылшын тілінен орыс тіліне енген терминдерді қазақша тҽржімалауға ерініп, не қиынсынып, орыс тіліндегі баламасын

12

(5)

қолданып жҥре береміз. Ал бҧл ҿз кезегінде қазақ тіліне орыс лексикасының заңдылықтарын кҿ шіргенмен бірдей қҧбылыс.

Тіл саласының мамандары шет тілінен қазақ тіліне енетін сҿздерді аударған уақытта қазақ тіліндегі баламасын қолдануға ҽлі біршама уақыт керек деп, орыс тіліндегі баламасын ҧ сынып, оны ҿ з қолдарымен ҿміршең етіп жатқандығын байқай бермейді.

Мҽселен, аудитория сҿзі ағылшын тілінен енген. Ағылшын тіліндегі жазылуы – auditorium. Орыс тіліндегі бҧ л сҿз аудитория читателей, аудитория слушателей (оқырмандар аудиториясы, тыңдармандар аудиториясы) деген тіркесімділікке ие бола отырып қолданылса, ағылшын тіліндегі осы мағынаны беру ҥшін мынадай эквиваленттер қолданылады: the readership; the reading audience; the readers т.б. Біз де ағылшын тілі тҽрізді сҿзді қҧбылтып, мағынасын сақтап қолдануымызға болады. Мҽ селен, аудитория сҿзін бертініректе – «дҽрісхана» деп қолданып жҥрміз. Ал осы сҿ зді басқа мағынада қалай қолдануға болады? Айталық, журналистика саласындағы «зрительская аудитория»,

«целевая аудитория», «исследовательская аудитория» деген тіркестерді кҿптеген тілшілер мен оқытушылар «кҿрермендер аудиториясы», «мақсатты аудитория»,

«зерттеушілер аудиториясы» деп аударып, қолдануда. Бҧлайша қазақшалау барынша сҽтті шыққан деп айту қиын. Мҽселен «кҿ рермендер аудиториясы» деген сҿздегі 2 сҿз де бір мағынаны береді емес пе? Бҧл тіркесті «кҿ рермендер» деп бір ғана сҿзбен берсек ештеңеден де ҧтылмаймыз.

Лингвистика ғылымында тҥркі тілдеріндегі ағылшын бизнес лексемаларының семантикалық жҽне прагматикалық ерекшеліктері кешенді тҥрде зерттелмеуі салдарынан аталған тілдердегі ағылшын бизнес сҿздерінің орынсыз, қисынсыз немесе екіҧ шты мағынада қолданылуы мен тілдік-коммуникативтік тҧрғыда дҧрыс бағаланбауы немесе қабылдануы орын алуда. Міне, ағылшын бизнес лексемаларының тҥркі тілдеріндегі семантикалық жҽне прагматикалық аспектілерін қазақ жҽне тҥрік тілдері бойынша социолингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомҽдениеттану, терминология тҧ рғысынан жан-жақты зерттеу осы тақырыптың ҿзектілігін кҿ рсетеді.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ҽ. Қазақстан халқына арнаған «Жаңа ҽлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы. 28.02.2007. www.akorda.kz

2. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. www.mki.gov.kz

3. Назарбаев Н.Ҽ. Қазақстан халықана арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы:

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. 14.12.2012.

www.akorda.kz

4. Қҧрманбайҧлы Ш. Халықаралық терминдер туралы. «Терминологиялық хабаршы» № 4

(10). - Астана, 2004 ж. - 12 б.

5. Қалиев Байынқол. Қазақ терминдерін жасау мен реттеудің жҽне оны қалыптастырудың кейбір мҽселелері. «Терминология: теория жҽне тҽжірибе».

Астана: «Ақмола полиграфия» баспасы, 2001 ж. - 47 б.

6. Капанадзе Л.А. Функционирование терминов науки. «Русский язык и советское общество». Москва, 1968. - с. 152.

Referensi

Dokumen terkait

xv PENERAPAN STRATEGI PEMBELAJARAN INKUIRI UNTUK MENINGKATKAN HASIL BELAJAR SISWA PADA PELAJARAN AKIDAH AKHLAK KELAS IV MI QUR'ANIYAH BATU KUTA LOMBOK BARAT TAHUN PELAJARAN