• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ Мұсабекова Алдан Алтайқызы,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана қ.,Қазақстан Қазақ білім Академиясының баяндамалары: – Астана, – 2010. - №3.

Аннотация

В данной статье затрагивается теория и методика обучения государственного языка в русской аудитории на основе текстов литературных произведений видных деятелей казахской литературы.

Мусабекова А.А. к.ф.н., доцент

Кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, ул.Мунайтпасова 5,

корпоративная почта: [email protected]

Abstract

This article is about the theory and methodology of state language in Russian audience on the basis of literary composition texts of famous Kazakh literature.

Ключевые слова: тіл, мәдениет, ұлттық болмыс, мұра, борыш.

Елімізде ӛмір сүретін түрлі ұлт ӛкілдерінің мемлекеттік тілде сӛйлеп, оның бірыңғай қарым-қатынас құралына айналуын қамтамасыз ету күні бүгінге дейін толық шешімін таппай отырған мәселелердің бірінен саналып отыр. Сондай-ақ, орыс мектептерінде дәріс алып, ӛзінің ана тілінде еркін ойлап, шешен сӛйлей алмайтын қазақ азаматтарымыз да баршылық. Бұл да ел тұрғындарының тұтастай мемлекеттік тілде сӛйлеп кетуіне кедергі келтіріп отырған жағдай екені айқын. Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруінің белгіленген мерзімде жүзеге аспағандығынан, үстіміздегі жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы қайта ұсынылып отырғаны белгілі. Демек, қазір біз қазақстандық азаматтарға мемлекеттік тілді үйретудің екінші, аса маңызды және шешуші кезеңіне келіп отырмыз. Осынау мемлекеттік маңызы жоғары ӛзекті мәселе тӛңірегінде болып жатқан әңгіме ұшан-теңіз, жарық кӛріп жатқан оқулықтарда да сан жоқ.

Мемлекеттік тілді оқытудың сан алуан тәсілдері мен жолдары да ұсынылуда.

Жекелей алсақ, мемлекеттік тілді үйрету бүгінгі тәжірибемізде үш салада жүзеге асырылып отыр: олар – мектеп, жоғары оқу орны және түрлі курстар мен жеке оқулар.

Бұлардың қайсысында болмасын, тіл мамандарының алдында тұрған басты талаптардың бірі – әрбір тыңдаушыға мемлекеттік тілді шет тілі ретінде үйретумен қатар, оларды қазақ ұлтының тӛл мәдениетімен таныстыру және қазақтың ұлттық идеясын олардың бойына жете дарыту болмақ. Бұл үрдіс негізінде ұлтаралық байланыс және тіл үйренушінің екі мәдениетті (орыс, турік т.б. және қазақ) салыстырып, қатар қоюы арқылы мәдениетаралық компетенциясы жүзеге асады. Мәдениетаралық компетенция - мәдениетаралық қарым- қатынасты жүзеге асыратын факторлардың бірі. Сондықтан да мәдениетаралық коммуникацияға қатыса алатын тұлғаны қалыптастыру ӛзге ұлт ӛкілдеріне қазақ тілін үйрету әрекетінің басты мақсаты болып табылады.

Біз, жоғарыда атап кеткендей, қазақ тілін тіл ретінде үйрету кезеңін бастан кешірдік. Ал, қазір қазақ тілін киім, тамақ, күнделікті тұрмыс, ӛмір т.б. мағынадағы тілдік компетенция ғана емес, сол тілдің иесі болып отырған елдің мәдени ерекшеліктерін білу

(2)

жолдары ретінде (адамдар арасындағы қарым-қатынас, бала тәрбиесі, қарттарға деген кӛзқарас т.б.) оқытуымыз керек. Ұлттар арасындағы кейбір қарым-қатынастар (киім кию үлгілері, ас дайындауда т.б.) ұқсастықтар болғанмен, әр ұлттың дүниеге кӛзқарасының ӛзіндік ерекшеліктері, әсіресе басӛқа ел мәдениетін ӛз мәдениеті тарапынан қабылдау бұл мәселені шешуде үлкен қындықтар әкеледі. Сол себепті мәдениетаралық коммуникация ӛздігінен тиімді бола бермейді, оған нақты жолдармен үйретіп отыру қажет. Ол үшін оқыту материалдары мақсатқа сәйкес болғаны жӛн. Сол жағдайда ғана тіл үйренуші бағдарламалық материалды меңгеріп қана қоймай, ӛзіне бейтаныс мәдени құндылықтармен танысады, бұл олардың ұлт мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады.

Қазіргі таңда адамзат баласы түрлі елдердің, халықтардың ӛзара байланысының арқасында дамып отыр. Бүгінгі адамның мәдени деңгейінің жоғары болуы оның халқының тұтастығы мен мәдени бейнесінің сақталуына және дамуына жағдай жасайды.

Демек, ӛзара тығыз байланысты және біртұтас адамзат ӛзінің мәдени қырларын жоймайды, қайта ұлттардың бірін-бірі ұғынуы бұрынғыдан да жетіле түседі.

Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың рӛлі осы мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде жоғары болып келеді, ол тілді білу қазақстандық азаматтың әлеуметтік компетенциясын арттырады. Ғалымдардың: «адам мәдениетаралық қарым-қатынас барысында неғұрлым кӛп тіл білген сайын оның сол елдің мәдени ерекшелігі мен ұлттық менталитетін білуі жеңілдей түседі, ... ӛзінің ӛмірдегі орнын табу мүмкіндігі арта түседі»,- деген пікірімен келісеміз [1].

Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ежелгі Грекияда адам бойына «ақсүйектік» және

«азаматтық» тәрбие дарытатын тек білім ғана болып саналған. Білімі бар бала ғана афин қоғамының толық құқылы мүшесі болып есептелген. Білім беру арқылы адамның қоғамдық ӛмірге белсене араласуы үшін ережелер мен талаптар қойып отырған және оларды «даналық табыстар» - нома (заңдар) деп атаған. Бұл - адамды ойлауға және ӛз пікірін айтуға, пайымдылық, салихалық, эстетикалық сезімдерді игеруге баулыды деген сӛз. [2,42]. Осындай мәдени құндылықтар адамдар арасындағы мәдени қарым- қатынастардың философиялық бастауы болды. Осы негізде адам санасында мәдениет жайлы ұғым қалыптасты.

«Мәдениеттілік» деген ұғыммен сабақтас келетін «ӛнер» ұғымы - адамның шығармашылық әрекетінің баламасы. Осы «ӛнер» ұғымын алғаш рет жүйелеген - Жүсіпбек Аймауытов. Ол «оқымыстылардың ӛнерді сӛз (словесность), суретшілік (живопись), мүсіншілік (скульптура), үй ішілік (архитектура), ән-күй (музыка) деп бес түрге бӛлетінін» айта келіп: «Бес түрлі ӛнердің артығы – сӛз. Сӛздің артықшылығы - ӛзге тӛртеуін сӛзбен суреттеп айтуға болады. Басқа ӛнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сӛзді суреттей алмайды. Қазақтың «Ӛнер алды – қызыл тіл» дегені терең тәжірибемен айтылған сӛз»,- деп сӛздің артықшылығына айрықша тоқталады [3].

ХХ ғасырдың белгілі философы М.Хайдеггер бұл тұрғыда былай деген:

«Человеческая деятельность понимается и организуется как культура. Культура теперь – реализация верховных ценностей путем культивирования высших человеческих достоинств. Из сущности культуры вытекает, что в качестве такого культивирования она начинает в свою очередь культивировать и себя, становясь таким образом культурной политикой» [4].

Ғалымдар мәдениетті қоғамның белгілі бір қасиеті, кӛрінісі, сипаты дей келіп, осы ұғымдардың негізінде қоғамдағы мәдениеттің бірнеше қызметін айқындайды. Олар:

1.Мәдениеттің адамды қалыптастыру қызметі (мәдениеттің нәтижесінде адам ӛзін-ӛзі ӛзгерте де алады).

2. Жалғастық және мәдениет мұрагерлік қызметі (ата-бабадан келе жатқан мәдени мұралады игеру).

3. Танымдық қызметі (мәдениет пен білімнің ӛзара қарым-қатынаста болатыны).

(3)

4. Реттеу қызметі (мәдениетте әдеттегіден гӛрі үлгіге, идеалдыға кӛбірек кӛңіл бӛлу).

5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет (мәдени болмыстың тірегі – қарым-қатынас) [5,27].

Адамзат дамуында пайда болған мәдениеттің таусылмас қазынасы – ол оның тілі.

Жоғарыда аталып ӛткен мәдениет қызметтерінің қайсысы болмасын тек тіл арқылы ғана жүзеге асады. «Тіл – қоғамның ӛмір қажеттілігін ӛтейтін, қоғам мүшелерінің ӛзара түсінісуінің, пікір алысуының, олардың барлық іс-әрекеттерінің құралы. Сонымен қатар, ол мәдениетке, әдебиетке, ғылымға, ӛнер-білімге және олардың дамуына, оқу-ағарту, тәлім-тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарына қызмет етеді»,-деген проф. М.Балақаев [6].

«Алыстан сермеп, жүректен тербеген», сӛйтіп барып «шымырлап бойға жайылған» ата- баба мұрағаты – қасиетті ана тіліміздің таңғажайып сұлулығын жайлы қанша айтсақ та артық болмайды. Ӛзге ұлт ӛкілдері тек тіл арқылы ғана ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарымен етене таныс бола алады. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» 3-мақсаты «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталынады да, оған қол жеткізу «шешендік ӛнерді дамыту, қазақ жазуын жетілдіру мен толерантты тілдік орта құру арқылы тіл мәдениетін жетілдіру болып табылады» делінген [7]. Бұл тіл үйренушілер арасында сӛйлеу және жазу мәдениетін жетілдірумен, қазақы ұғым мен түсінікті қалыптастырумен тығыз байланысты мәселелер.

Ӛзге ұлт ӛкілдеріне қазақ тілін оқытудың мәдениетаралық аспектілері ретінде біз танымдық, тәрбиелік және оқыту аспектілерін атай аламыз. Кез келген халық тәрізді, қазақ халқының да ӛмірінің мәдени мазмұны ӛте бай. Мемлекеттік тілді үйренушілер бұл халықтың рухани байлығын меңгеруі керек. Ол үшін олар алдымен халқымыздың ұлттық мәдени құндылықтары жайлы мағлұмат алады, келесі кезекте ӛз бетінше әрекет жасайды, ал, үшінші және соңғы кезеңде мәдени құндылық жайлы пікірі қалыптасып, оны ӛзінің тӛл мәдениеті деңгейінде ұғына алады. Бұл, әрине, ұзақ та болса, еліміздің даму перспективасында жүзеге асуы мүмкін болатын процесс (кеңес одағы кезінде қазақтардың орыс мәдениетін «жетік» меңгергенін еске алсақ жеткілікті).

Тіл оқытудың тәрбиетік қуаты пайдаланылатын материалдың мәдени-ағартушылық мазмұнына мазмұнымен тығыз байланысты. Оқытушы қазақтың ұлттық мәдени құндылығын жеткізуші ретінде қызмет етеді. Ал, оқыту аспектісі тіл үйренушінің қарым- қатынас құралы болып табылатын айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым сияқты тілдік дағдыларды құрайды. Тілдік дағдылардың қалыптасуы дегеніміздің ӛзі тұтастай тілдік механизмнің қалыптасуы , ал, тілдік механизмнің қалыптасуы – тұлғаның қалыптасу үрдісі болмақ. Бұл аспектінің әлеуметтік мазмұны да бар,ӛйткені оның нәтижелері адамның әлеуметтік қажетіне - басқа социумда қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ана тілімізді ӛзге тілді аудиторияға мемлекеттік тіл ретінде оқытып-үйретуде кӛптеген тәжірибе жинадық. Олардың арасында сәлемдесуден ары бара алмайтын азаматтар да, шала-шарпы сӛйлей алатындар да, сондай-ақ тұсаулы аттай кібіртіктеп тұратын ұлты қазақ азаматтар да баршылық. Алғашқы екі категорияған оқулықтар мен оқу құралдары жеткілікті жазылды десек артық айтқандық емес. Осы Астана қаласының ӛзінен ғана алсақ, соңғы жылдары қолданыста жүрген проф.

З.Күзекованың, «Руханият» орталығынан шыққан үш деңгейлі, бес деңгейлі қазақ тілі оқу құралдарының, күні кеше жарық кӛрген Г.Әлімбектің, мақала авторының бастауыш топта тіл үйренушілерге арналған оқу құралдарының тіл үйрету әдістемесі кӛңілге қонымды деп айта аламыз. Жалпы алғанда, жарық кӛріп жатқан оқу құралдарының арасында тәжірибеде қолдануға лайықты, сапалы оқулықтардың қатары кӛбейіп келе жатқаны кӛңіл қуантады.

Бірақ бұлар мемлекеттік тілді жаңадан ғана үйрене бастағандар үшін тиімді. Ал, орыс мектебін тәмамдап, қазақ тілін отбасылық аралас-құралас қатынас тілі деңгейінде ғана меңгерген, әдеби тілдің мәйегін ұғынғысы келетін, ана тілін тереңдетіп үйреніп, шешен

(4)

сӛйлегісі келетіндер қазақтар үшін лайықталып жазылған оқулық жоқтың қасы. Бұған қоса қазақтың майталман жазушыларының танымал шығармаларын оқымаған, сол шығармалар арқылы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді, ұлттық болмысымызды ұғынып ӛспеген азаматтардың жағдайы тым мүшкіл.

Қазақ тарихында орны айрықша тұрған Абай, Ыбырай, Шоқандар мен халықтың азаттығын аңсап, саяси жол бастаған алаш қайраткерлерінің шығармалары ұлттық идеяның шоқтығы биік кӛрінісі дерлік. Олардың шығармалары - әрдайым ойымыздың да, оқулығымыздың да кӛркі болмақ. Сол себепті ұлттық болмысымыздың әлгіндей кемістігін толықтыру мақсатында әрі қазақ тілін оқытудың жоғарыда атап кӛрсеткен мәдениетаралық аспектілеріне сай әрекеттерді жүзеге асыру үшін қазақ тілін үйретудің жоғары деңгейінде бірнеше ақын-жазушыларымыздың кӛркем туындыларынан үзінді- мәтіндер талдауды ұйғардық. Талдау барысында ұлт мәдениетін танып-білудің танымдық, тәрбиелеу мен оқыту мақсатындағы аспектілерді қамтуды кӛздедік. Мәтін талдау негізінен үш түрлі бағытта жүргізіледі, біріншісі – ойталқы сұрақтар қойып, оған нақты жауап табу, екіншісі қазақтың салт-дәстүрінен мағлұмат беріп, нақты мысалдармен ұғындыру, үшіншісі – талдау барысында тест сұрақтарына жауап беру арқылы мәтін мазмұнын бекіту. Сӛздік жұмысын мәтін талдау барысында жүргізіп отырдық.

Мысал келтірейік. «Бірінші сабақты» Абайдың шығармашылығына арнадық. Ұлы ойшылдың «Бірінші сӛзінің» мәтінін бердік. Алдымен «Алысып, жұлысып, айтысып, тартысып», «Жер ортасы жас», «Қылып жүрген ісіміз», «Баянсыз, қоршылық» сӛздері мен сӛз тіркестерінің мағынасын аштық, Бұл әрекет барысында тіл үйренуші қазақ сӛздерінің ескіше қолданыс түрімен, ақынның жазу, сӛз қолдану стилімен танысады. Бұдан кейін қарасӛз мәтіні бойынша екі тест сұрағы беріледі:

1-сұрақ: Абайдың ӛмірі қалай ӛтіпті?

А) жеңіл;

Б) жоқшылықта;

В) қуанышты;

Д) қайшылықта.

2-сұрақ: Сӛйлемді толықтырыңыз.

Өмірін ... өткізем деген адам Абайдың қарасөздерін оқиды.

А) баянды;

Б) байлықта;

В) софылықпен;

Д) қызықты.

Келесі кезекте Абайға ұнамайтын мақалдар беріліп, олардың ұнамау себебі анықталады.

 «Түстік ӛмірің болса, кештік мал жи»;

 «Ӛзіңде жоқ болса, әкең де жат»;

 «Малдының беті – жарық, малсыздың беті - шарық»;

 «Қарның ашса, қаралы үйге шап»;

 «Мал – адамның бауыр еті».

«Түстік ӛмір» (жить до полудня); «Шарық» (точило); «Қаралы үй» (дом, где поминки); «Бауыр еті» (плоть от плоти его) деген жаңа сӛздермен таныстырып, тӛмендегі тест сұрақтарын бердік:

1-Сұрақ: Адам не үшін ӛмір сүруі керек?

А) мал жинау үшін;

Б) тамағын тойдыру үшін;

С) ғылым-білім үшін;

Д) сәнді ӛмір сүру үшін.

2-Сұрақ: Сӛйлемді толықтырыңыз.

(5)

Тек қана тамағының тоқтығын ойлаған адам ... бірдей.

А) аурумен;

Б) ақымақпен;

С) жас баламен;

Д) қарт кісімен.

Келесі кезекте Абайдың «Он бесінші қарасӛзінен» берілген үзіндіні қазақ тіліне аударып, мағынасын түсініп алу тапсырылды.

Между умными и глупыми людьми, по-моему, есть существенная разница.

Родившись на свет, человек не может жить, не увлекаясь интересными вещами. Дни увлечений и поисков остаются в памяти самыми светлыми днями его жизни...

Желаешь быть в числе умных людей, спрашивай себя раз в день, раз в неделю, или хотя бы раз в месяц: как ты живешь? Сделал ли ты что-нибудь полезное для своего образования, для земной или потусторонней жизни, не придется ли тебе потом испить горечь сожаления? Или же ты и сам не заметил, не помнишь, к а к и ч е м жил?

1-Сұрақ: Ақынды не толғандырады?

А) қызықты оқиғалар;

Б) ұмытылмайтын күндер;

С) жастық шақ;

Д) пайдалы істер.

2-сұрақ: Сӛйлемді толықтырыңыз.

Адамның әрбір орынды істі ..., ... орындағаны жөн.

А) қызығып, құмарланып;

Б) қызығып, асығып;

С) қызығып, қызғанып;

Д) қызығып, мастанып.

Бұдан кейін Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінді келтіріліп, «мағынасы алдыңғы қарасӛздің мағынасына ұқсай ма?» деген сұрақ қойылады.

- Бұл адам кӛз сүйегі, - деді ханға, - Тоя ма адам кӛзі мың мен санға?

Жеміт кӛз жер жүзіне тоймаса да, Ӛлсе тояр кӛзіне құм құйылғанда.

Кәпір кӛздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тояр ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, ӛлген күні Ӛзге кӛзбен бірдей-ақ болады екен.

Ендігі кезекте тіл үйренушіге адамдарға сипаттама беру тапсырылады:

1. Баянсыз, байлаусыз, мақсатсыз ӛмір кешкен адам - ... . 2. Тек қана тамағының тоқтығын ойлаған адам - ... . 3. Ӛз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адам - ... . 4. Ақыл, ойды мал-дәулеттен жоғары қоятын адам - ... . 5. Қолында бар нәрсені ылғи азырқанып тұратын адам - ...

Тыңдаушы «надан», «жауапкершілігі мол», «ақылды», «білімді», «оқымысты»,

«ойымсыз», «қанағатсыз» т.б. сын есімдерді атайды.

(6)

Тіл үйренушіге тӛмендегі сұхбат ұсынамыз. «Абай «Жиырма үшінші сӛзінде» бір қуаныш пен бір жұбанышты ұнатпаған. Себебі не, ұғындырыңыз».

Қуанышы: қазақ «Құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза емеспін бе?» - деп.

1-Сұрақ: Мұны кәсіби біліктілік бойынша қалай ұғындырасыз?

2-сұрақ: Бұл ойды Абайдың «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген ӛлең жолдарымен салыстыра айтыңыз.

Жұбанышы: «Жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, кӛппен кӛрген - ұлы той, кӛппен бірге болсақ, болады дағы»,-дейді.

Сұрақ: Бұл ойды кәсіби қызмет жағынан қалай түсінуге болады?

Бұл ойдың «Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес» деген мақалмен мағыналық ұқсастығы бар ма?

Абайдың мына ғибраттарын келесі бағандағы анықтамалармен нақтылаңыз.

1 Кӛңілдегі кӛрікті ой ауыздан

шыққанда ӛңі қашады. Еліңнің қамын ойла.

2 Әкесінің баласы – дұшпаның, адамның баласы – бауырың.

Жұмысты орынды атқар.

3 Ӛзің үшін еңбек қылсаң, ӛзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.

Шыдамды болу керек.

4 Егер ісім ӛнсін десең, ретін тап. Адамның бәріне қызмет қыл.

5 Жамандықты кім кӛрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық.

Жақсы сӛз – жарым ырыс.

Адам бойындағы Абай ұнатпайтын қасиеттерді нақтылайтын сӛз тіркестерімен сӛйлемдер құраңыз..

Үлгі: Біреуге қаскүнемдік жасасаң, бір уақытта алдыңнан шығады.

Қаскүнем болу; бірінің тілеуін бірі тілеспеу; рас сӛзі аз болу; қызметке таласу;

жалқау болу; қорқақтық пен қайратсыздық; мақтаншақтық; ақылсыз, надан; арсыз, жалқау, сұрамсақ; ӛнерсіз.

Берілген сӛз тіркестерімен сӛйлем құрау барысында тіл үйренуші адамның жағымсыз қасиеттерінің мағынасын жете ұғынып, олардың ақ, адал ғұмыр үшін сыйымсыз екендігіне шынайы баға береді.

Байқап отырғанымыздай, осы бір ғана сабақтың барысында біз ұлы бабамыздың шығармашылығы негізінде оның дүниетанымдық ой ӛрісін, ӛмірлік ұстанымы мен бағытын айқындадық. Сабақ барысында қазақ халқының мәдени үлгісі тәрбиелілік, адамгершілік, еңбеккерлік, кӛрікті ой мен сәулелі сӛз екендігі нақтылана түседі. Ал, оқыту материалы тұрғысынан алғанда, тіл үйренуші қазақ тілінің шұрайлы да бай табиғатын тамашалай алды. Сӛз мағынасының астарлылығына, тереңдігіне кӛз жеткізеді.

Ең бастысы, Абай адамдарды ӛнімді еңбекке («Егер ісім ӛнсін десең, ретін тап»), жарқын болашаққа («Жамандықты кім кӛрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық»), халық үшін еңбек етуге (Ӛзің үшін еңбек қылсаң, ӛзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың), досық пен бауырмашылыққа («Әкесінің баласы – дұшпаның, адамның баласы – бауырың») жетелейді.

Оқу материалында бұрын орыс тілді аудиторияға таныс болмаған Шәкәрімнің

«Шын бақыттың айнасы», Мағжанның «Шолпанның күнәсі», Ж.Аймауытовтың «Қызыл

(7)

отау», «Нағима» әңгімелері, М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», Мұстафа Шоқайдың ӛмірі жайлы жазылған «Отанға шынайы махаббат» атты мақала оқып талдауға ұсынылды.

Қазақ халқының еңсесі енді ғана кӛтеріліп келе жатқан кезеңінде тәуелсіздік пен туған тіліміздің қадір-қасиетінің жоғарылығын дүйім жұртқа жар салып ардақтай білген азаматтарымыздың баға жетпес құнды дүниелері біздің ұлттық болмысымыз бен мәдени мұрамыздың мән-мағынасын асқақтатып, ұлттық мақтанышымыз болды десек, оларды бүгінге дейін тереңдеп ұғынбаған қандастарымызға жеткізу әрдайым азаматтық борышымыз болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Грущевицкая Т.Г., Попков В.Д., Садохин А.П. – Основы межкультурной коммуникациии. М: Юнита-Дана, 2003 г.

2. Жураковский Г.Е.. Очерки по истории античной педагогики. Москва, 1940.

3. Аймауытов. Ж. «Абай»журналы.1918, №3,8-9.

4. Хайдеггер М.. Время картины мира // Новая технократисческая волна на западе. – М., 1986. –С.93.

5. ҒабитовТ., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Алматы, «Раритет». – 343б.

6. Балақаев М.. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987. – 272б.

7. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». // ЕҚ 30.07.2010 ж.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаушылардың бірі, кҿрнекті ғалым Сҽрсен Аманжоловтың ХХ ғасырдың 30-50 жылдары жазған ғылыми мақалаларын қамтыған ―Қазақ тілі теориясы негіздері‖