• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ТІЛІ. ӘДІСТЕМЕЛІК КӚМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ТІЛІ. ӘДІСТЕМЕЛІК КӚМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ"

Copied!
166
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Құлманов Қуандық Сәндібекұлы Құлманова Әсем Құрмашқызы

ҚАЗАҚ ТІЛІ. ӘДІСТЕМЕЛІК КӚМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ (Студенттердің ӛздік жұмысына арналған)

Астана, 2013

(2)

2

ӘОЖ 811.512.122 (075.8) ББК 81.2 Қаз я 73

Қ 74

Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

Күзекова З.С. - филология ғылымдарының докторы Ӛтегенова Ә.А. - филология ғылымдарының кандидаты

Қ 74 Құлманов Қ.С., Құлманова Ә.Қ.

Қазақ тілі. Әдістемелік кӛмекші оқу құралы

(студенттердің ӛздік жұмысына арналған). – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. – 168 б.,www.enu.kz

ISBN 978-601-7321-72-7

Бұл әдістемелік кӛмекші оқу құралы оқу жұмыс бағдарламасына сай физика-техникалық факультеті студенттерінің ӛздік жұмысына арнала отырып, түрлі тақырыптармен жүйелі түрде жұмыс істеу мақсатында құрастырылған. Жоғары оқу орындарының орыс тілді аудиториясында білім алып жатқан студенттерге және ӛздігінен білім-біліктілігін жетілдіруші қауымға арналады.

ӘОЖ 811.512.122 (075.8) ISBN 978-601-7321-72-7 ББК 81.2 Қаз я 73

© Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013 © Құлманов Қ.С., Құлманова Ә.Қ., 2013

(3)

3

Алғы сӛз

Әдістемелік кӛмекші оқу құралы жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі бойынша орыс тілді топтарда қазақ тілі пәнінен білім алып жатқан физика-техникалық факультетінің студенттеріне арналады. Әдістемелік кӛмекші оқу құралының мақсаты – білімгерлердің практикалық және оқытушылардың басшылығымен жасалатын студенттердің ӛздік жұмысындағы берілген тапсырмаларды студенттердің ӛздік жұмысында дамыта оқыту.

Еңбекте түрлі тақырыптарды қамтыған мәтіндер топтамасы жүйелі түрде берілген және мәтінді меңгеру үшін, студенттер тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды орындай отырып ӛз ойларын еркін баяндау жағы қарастырылады.

Кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес оқу жұмыс бағдарламаларында практикарық сабақ, оқытушылардың басшылығымен жасалатын студенттердің ӛздік жұмысы және студенттердің ӛздік жұмыстарына арнайы сағат бӛлінген. Сондықтан студенттердің ӛздік жұмысын жүргізу мақсатында түрлі тақарыптарды рет-ретімен беріп және ондағы тапсырмаларды түрлендіре берумен қатар, оларға бағыт-бағдар сілтейді.

Аталмыш еңбекте: отансүйгіштік, еңбек, табиғат, адамгершілік, экология, мамандық тақырыбындағы мәтіндер қарастырылады. Берілген мәтіндер: оқылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім, жазылым сияқты тілдік қатынастарға сай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мәтіндер білімгерлерді отансүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейді деген ойдамыз.

Сонымен қатар, қазіргі білім беру жүйесінде тестілеу кең кӛлемде қолданылуда, соған байланысты білімгерлердің білімін анықтау мақсатында тестік тапсырмалар берілді. Студенттер тестегі сұрақтарға жауап беріп, ӛздерінің алған білімдерін бақылап, тексеріп отырады. Еңбекте тест сұрақтарының кілті берілмеді. Авторлар тест жауабы кілтінің берілмеу себебін ескерді.

Еңбекте студенттер мерзімді баспасӛз беттерінде жарияланып жүрген ӛз мамандықтарына қатысты мақалалармен де танысып, ӛз ойларын жан-жақты жеткізе алады деген сенімдеміз. Әдістемелік еңбекте кәсіби сӛздер де кең кӛлемде қамтылған. Оқытушы студенттердің мәтінді қабылдау қаблетіне байланысты тапсырмаларды күрделендіре де, дамыта да түсулеріне болады.

(4)

4

Әдістемелік кӛмекші оқу құралы орыс тілді аудиториясында білім алып жатқан студенттердің білімдерін шыңдай түсуге септігін тигізер деген ойдамыз.

(5)

5

Студенттердің ӛздік жұмысына арналған тапсырмалар:

1 – апта

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Жақын - близко.

Қымбат - дороже.

Қан - кровь.

Сезім - чувство.

Тіл жеткісіз – непередаваемое.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Ана

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді. Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің-ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол - ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол - ана.

Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа, ана деген сӛздің ӛзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі-қазақпын дейтін қара кӛз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

( Баубек Бұлқышев)

3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5 – тапсырма. Тіл ӛнері мен ой пікір туралы мақал-мәтелдерді толықтырыңыз.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса, … 2. Айтылған сӛз - ...

(6)

6

3. Ақынның тілі қылыштан ӛткір, ...

4. Тіл буынсыз, ...

5. Бал тамған тілден, ...

6. Бас кеспек болса да, ...

7. Ойнап сӛйлесең де, ...

8. Сӛз сүйектен ӛтеді, таяқ ...

9. Жақсы сӛз - ...

10. Піл кӛтермегенді ...

11. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ...

12. Тіл - ...

Керекті сӛздер мен сӛз тіркестері: тілі ортақ, тіл кеспек жоқ, ой түпсіз, атылған оқ, қылдан нәзік, бас жарады, у тамар, ойлап сӛйле, еттен ӛтеді, тіл кӛтереді, тиексіз, жарым ырыс.

6 - тапсырма. «Ана тілі-ардағым» тақырыбына байланысты эссе жазыңыз.

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Жаратылыс - природа.

Мұңды - печальный.

Жалаң - голый.

Лағыл - рубин.

Дәуір - период.

Серт - обещание.

Бейне - образ.

Ілтипат - любезность.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Ӛмірдің сәні – арулар

Тегінде қазақ халқы – әдемілікке, сұлулыққа жаны құмар халық. Дүниенің ағысы мен бітім-болмысындағы болар-болмас, жай кӛзге аңғарыла бермейтін ӛте нәзік нәрселерді байқағыш-ақ, аңғарғыш-ақ. Оларға адам мен табиғаттың арасындағы тепетеңдік құбылыс ерекше әсер еткен: Шолпанның нұрлы сәулесі, маралдың мұңды үні, жалаң қия жартастан кӛтерілген күннің алғашқы шұғыласы, алыстан ағараңдап кӛрінген мұз таулары, аспандағы

(7)

7

аққумен ән қосқан ақын-жыршылардың даусы. Солардың арасында, әсіресе, қыздардың сұлулығы мен әдемілігі ерекше дәріптелген.

Тамаша талай ақындар кӛркем қыздардың кескін-келбетін раушан гүлге, інжу-маржан, лағыл тастарға, күн мен айға, құндыз бен жұлдызға теңеген. Соның ӛзінде қыздарға дәл теңеу таба алмадық деп ӛкінген ақын, әншілер кӛп болған.

Қазақтың кӛшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Олар – ӛмірдің сәні мен салтанаты, әр адамның ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Қыздардың есімдерін жарық жұлдыздарға, айға теңеп атаған, анаға тіл тигізілмесін деп серт айтылған.

Қазақ халқы – балажан халықтың бірі. Халқымыз қыз балаларын ерекше еркелеткен, сәукеле, сәнді киімдер кигізген.

Ақбаян, Айман, Шолпан, Қыз Жібек, Қарлығаш, Гүлбаршын, Назым, Ақжүніс, Ақтоты, Айторы деп табиғаттағы сұлулықтың бейнесін білдіретін әдемі атаулармен атаған. Кім біледі, қыздардың алдағы уақытта кӛретін кейбір қиыншылықтарын алдын-ала іштей сезе ме, әйтеуір, ӛз шаңырағында жүргенде қыздың ата-аналары баласының қас-қабағына ілтипатпен, сүйіспеншілікпен қараған, жалғыз қызын үкідей ұстап, еш уақытта бетінен қақпаған.

(Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5 - тапсырма. «Ана - ӛмір гүлі» атты тақырыпқа шығарма жазыңыз.

Студенттердің ӛздік жұмысы 2 - апта

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Жұмсақ - мягкий.

мамық - пух.

риза болу - удовлетворен.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

(8)

8

Не тәтті?

Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып алдынан қарсы кездескен балалардан:

-Дүниеде бәрінен не тәтті?-деп сұрайды.

Сонда бір бала:

-Бал тәтті,-деген екен.

-Ал жұмсақта не жұмсақ?

-Мамық жұмсақ.

-Қаттыда не қатты?

-Тас қатты.

Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала "Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп кӛрейін, рұқсат етіңіз",-деп ӛтінеді.

-Ал айта ғой, балам, не тәтті?-дейді Жиренше шешен.

-Ананың сүті,-деп жауап беріпті бала.

-Не жұмсақ?

-Ананың қолы!

-Ал енді не қатты?-деп сұрағанда:

-Атаның жүрегі, -деген екен.

Шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.

(Б.Адамбаев "Ел аузынан" )

3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5-тапсырма.Ӛздік есімдіктерін жекеше және кӛпше түрінде септеңіздер

Жеке түрі (В единственном числе)

Септіктер (Падежи) І жақ ІІ жақ ІІІ жақ

Атау (Именительный)

Ӛзім (сам)

Ӛзің (Сам) Ӛзіңіз (Сами)

Ӛзі (Сам) Ілік (Родительный)

(9)

9

Барыс (Дательно-напр.) Табыс (Винительный) Жатыс (Местный) Шығыс (Исходный) Кӛмектес (Творительный)

Кӛпше түрі (во множественном числе)

Атау (Именительный)

Ӛзіміз (Сами)

Ӛздерің (Сами) Ӛздеріңіз

(Сами)

Ӛздері (Сами)

Ілік (Родительный) Барыс (Дательно-напр.) Табыс (Винительный) Жатыс (Местный) Шығыс (Исходный) Кӛмектес (Творительный)

6-тапсырма.‖Ӛз‖, ‖Ӛзім‖, ‖Ӛзіңіз‖, ―Ӛзі‖ сӛздерімен сӛйлем құрастырыңыздар.

7-тапсырма. Біреу‖, ‖Кейбіреу‖, ‖Әркім‖ белгісіздік есімдіктеріне сӛйлем құрастырыңыздар.

8-тапсырма. ‖Никто‖,‖Ничто‖, ‖Ничего‖, ‖Никуда‖,

‖Никакой‖ деген болымсыздық есімдіктерін қазақшаға аударыңыздар.

(10)

10

9-тапсырма. ‖Біз‖, ‖Барлық‖, ‖Әрбір‖, ‖Әр‖жалпылау есімдіктерін қатыстыра отырып, бірнеше сӛйлем жазыңыздар.

10-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Ӛз елің - алтын бесік.

 Кісі елінде сұлтан болғанша, Ӛз еліңде ұлтан бол.

 Ӛз елім- ӛлең тӛсегім.

 Ӛзі тойса да кӛзі тоймайды.

 Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

 Әркімнің шыққан тауы биік.

 Әркімнің ӛз жері- Мысыр шаһары.

 Біреуді қор тұтсаң , қор боларсың, Біреуді зор тұтсаң , зор боларсың.

 Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді.

 Әр кемістікке - бір жетістік.

11 - тапсырма. «Мейрімді ана» тақырыбына эссе жазыңыз.

Студенттердің ӛздік жұмысы 3 – апта

Кітапхана – қоғамның даму дәрежесін кӛрсететін басты кӛрсеткіш Кітапханалардың жағдайы мен оған деген адамның кӛзқарасы кез-келген қоғамның даму дәрежесін кӛрсететін басты кӛрсеткіш.

Ӛйткені, кітапхана атты рухани ордада әрбір азамат білім-ілім іздейді, алған нәрсесін одан әрі дамытады. Сондықтан болар ӛркениетті

елдерде бұл салаға деген назар қашан да жоғары. Француз ойшылы Пьер Буаст: «Шын мәнінде сарқылмайтын бір байлық бар. Ол – кітапхана»-деп атап ӛткен кітапханалардың біздің елдегі жағдайы қандай, оларды қалай дамытуға болады?

Кітапхана – киелі мекен. Қазақ даласындағы кӛненің кӛзі саналған қаншама кітап қоймаларын айтпағанның ӛзінде бүгінгі қарашаңырақ саналатын Ұлттық кітапхананың ӛзі 85 жасқа толды.

Қойнауында әлем халықтарының 50 тіліндегі 5,7 миллион дана

(11)

11

әртүрлі басылымы бар бас кітап ордасының бұл белесін де ұлттық мәдениетіміздің бір бӛлшегіне балаған дұрыс.

(С.А.Қамаева, А.Б.Нұржанова «Кәсіби қазақ тілі») 1-тапсырма. Мәтінді сӛздікпен аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Нәресте - ребенок.

Жастар - молодежь.

Мұқият - внимательно.

Тұтас - целый.

Омыртқа - позвонок.

Ӛкпелеп қалады - обижается.

Думан - празднество.

Таң атқанша - до рассвета.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Шілдехана

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Шілдеханаға кӛбінесе жастар жағы жиналады. Оған шақырумен де, шақырусыз да бара береді.

Кӛлігі бар кӛрші ауылдың жастары шілдехана тойына атқа мініп сән-салтанатпен келеді. Олар тойға әндетіп келіп, әндетіп қайтады. Жан-жақтан келген жұрттың бас-аяғы жиналған соң, оларға қымыз беріліп қошаметпен қарсы алынады. Жастар шілдеханада таң атқанша айтысып, домбыра тартып, ән салып кӛңіл кӛтереді. Үйге сыймағандар ӛнерлі жастардың ән-күйін тамашалау үшін киіз үйдің жабағынан (үзектің етегін кӛтеріп) сығалап қарайды.

Жастар осындай думанмен отырғанда шілдехананың дастарқаны жайылады. Қойдың етімен бірге оның он екі омыртқасы бірге келеді. Оны отырғандардың ішіндегі ең бір шебері қолына алып, етінен барлық адамға кішкентайдан болса да татырады. Егер біреу татпай қалса, ол адам ӛкпелеп қалады. Ӛйткені омыртқаның етінен татқан адам осы үйдің қызығындай қызық кӛреді деген ұғым бар.

(12)

12

Мойын омыртқа мұқият мұжылғаннан кейін оны тұтас күйінде тобылғыға немесе жіпке ӛткізіп, биік жерге (мысалы, керегенің басына) іліп қояды. Бұл – нәрестенің мойыны бұлғақтамай, тез бекісін дегені. Қалжаға сойылған малдың етін, омыртқадан басқасын, жас босанған әйел түгел жеу керек. Сонда ғана босанған әйел тез ширайды деген ұғым бар. Сӛйтіп, шілдехана да – ӛмірге келген нәрестеге қуанудың ерекше бір белгісі.

(Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5 - тапсырма. Салт - дәстүрге байланысты шығарма жазыңыз.

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Кӛсем - вождь.

Ақылгӛй - мудрый.

Жетесіз - неразумный.

Тӛлқұжат - паспорт.

Салдары - последствия.

Кемтар - инвалид.

Берік - прочно.

Араластыру - смешивать.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Жеті ата деген не?

Қазақтың ел басқарған кӛсемдері, ақылгӛй ақсақалдары әрбір жеткіншектің жеті атасын білуін міндеттеген. «Жеті атасын білмеген жетесіз»,-деп қатты сӛгіп, ал жеті атасын білгендерді «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»,-деп артына аталы сӛз қалдырған.

Жеті атасын білдіру дәстүрі күні бүгінге дейін әрбір қазақ отбасында сақталып келеді. Жеті ата – дала тұрғындарының ата-тегі жазылған тӛлқұжат, сондықтан әрбір ата-ана баланың тілі шыққаннан оған жеті атасының атын үйреткен. Мәселен, қазақ арасында сіңіскен монғолдар мен арабтар ертеректен «қанымызды қара қазақпен араластырмаймыз»,-деп балаларын бір-біріне үйлендіре беретін.

Осының салдарынан олардың саны ӛспей, азайып кеткені кӛпшілікке мәлім. Күні бүгінге дейін туыстас ӛзбек, ұйғыр, түркімендер жақын

(13)

13

туыстарына үйлене салады. Жақын туысқандардың үйленуінен дүниеге ӛлі сәби келіп, тірілері «кемтар» болып жатқанын олар қазір ашық айтып отыр.

Әлемде осындай салт-дәстүрді берік ұстаған басқа да халықтар кездеседі. Мысалы, грузиндер мен армяндар туыстық араға сегіз ата салып үйленсе, қырғыздар тӛрт атаға дейін қыз алыспайды.

(Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5 - тапсырма. Жеті атаңызды білесіз бе?

6-тапсырма. Әңгіменің мазмұнын баяндаңыз.

Әдептілік

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сӛйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі ӛтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді.

Оған қарсы әлгі оқымысты да онан тӛменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып:

-Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сӛйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? –деп сұрапты. Сонда ғалым кісі тұрып:

-Ешбір ғалым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілік кӛрсеткенде, менің оған әдепсіз болып кӛрінгенім лайықсыз болған болар еді, -депті.

(Ы.Алтынсарин) 7-тапсырма. Сіз әдептілікті қалай түсінесіз?

8-тапсырма. Әңгіменің мазмұнын баяндаңыз.

БАЙЛЫҚ

Бұрынғы ӛткен заманда бір дана кісі ӛлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: ―Шырағым, жер астына кӛмген қазынам

(14)

14

бар, соны алсаң, қарының аш болмас, киімсіз болмассың ‖, - депті.

Әкесі ӛлгеннен соң, жетім баласы үйінің айналасындағы жерді

ертенді-кеш еңбек етіп қазады, кӛп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.

Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір кӛп

жасап, кӛп кӛрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің үгіт-насихатын, ӛзінің кӛп әуре болғанын баяндайды, енді не қылсам екен дейді.

-Балам, сен әкеңнің ӛсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай:

әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында ӛнімін тӛкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, кӛп байлыққа душар боласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, - депті - Сонда бала басын қасып, әкесінің ӛзіне айтқан ӛсиетіне енді ғана

түсініп, оны орындауға кіріскен екен.

(Ы. Алтынсарин)

1. Әкесі ӛлер алдында баласына не деді?

2. Бала данышпан қарияға не үшін барды?

3. Қария балаға қандай ақыл айтты?

4. Бала қандай шешімге келді?

Сӛздік:

Бұрынғы ӛткен заманда - в давние времена Дана кісі - мудрый человек

Үгіт, насихат - агитация, пропаганда Ӛлерінің алдында - перед смертью Мирас - наследство

Қазына - клад

Еңбектену - трудиться

Қарның аш болмас - не будешь голодным Душар болу - подвергнутся

Байлық - богатство

(15)

15

Студенттердің ӛздік жұмысы 4 - апта

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Әлем-мир.

Тартылып қалған - опустилось.

Есептеулер бойынша - по расчетам.

Түбінен - со дна.

Ауру деңгейі - уровень болезней.

Кедейлік - беднота.

Тепетеңдік - баланс, равновесие.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Аралды қорғау

Жер бетіндегі әлем кӛлдері арасында Арал теңізі 4 орын алатын еді. Бүгінде Арал теңізі ауыр халде. Бұл бірнеше Орта Азия республикаларының аудандары мен Қазақстанның Қызылорда аумағын енгізетін территория тұрғындарына кері әсерін тигізуде.

Арал теңізі кейбір жерлерде бұрынғы жағасынан жүздеген километрге тартылып қалған. Теңіз деңгейі 18 метрге тӛмен түскен, ӛмірге жарамды территория үш есеге кеміген. Теңіздің бұрынғы су кӛлемінің 60% ғана қалған. Теңіздің орташа тұздануы 2,5 есе артты, бұл балықтың ӛліміне әкеліп, теңізден балық аулау аудандары ӛз мағынасын жоғалтты. Алдын ала есептеулер бойынша ашық қалған теңіз түбінен жел ондаған миллион акустикалық соданы кӛтеріп, 400- 500 километрге жаюда. Ол суармалы ауыл шаруашылық оазисті құрту қаупін тудыруда. Орташа есеппен Орал жерінің бір гектарына 520 кг құм мен тұз түседі. Экологиялық апат осы ауданда тұратын адамдардың ауру деңгейінің ӛсуіне қауіпті демографиялық жағдайға, жұмыссыздық пен кедейлікке әкеліп соқтырды.

1989 жылы белгілі ғалымдардан тұратын арнаулы Үкімет комиссиясы құрылды. Арал теңізі бассейнінде экологиялық тепетеңдікті қалпына келтіру бағдарламасын жасау үшін Халықаралық Қоғамдық Кӛмек Қоры тағайындалды. 1996 жылы жергілікті басқарушылар Кӛкарал бӛгетін қалпына келтіруді бастады.

(16)

16

Арал аймағына бұл бӛгетті салудың орасан зор экономикалық және экологиялық маңызы зор.

(Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы»)

3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5 - тапсырма. Экология мәселесіне қатысты эссе жазыңыз.

6 - тапсырма. Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар жіктеу есімдіктерін жекеше,кӛпше түрде септеңіздер.

7-тапсырма. Наше отечество – независимый Казахстан.

Бескрайная степь зовет тебя в будущее. Высокие горы, глубокие озера и реки, чистые пруды, хрустальные родники не только богатство нашей земли, они придают красоту местности. Казахстан богат полезными испокаемыми. На юге республики выращивают хлопок, овощи, фрукты, сахарную веклу.На севере республики растет пшеница.

8-тапсырма. Жаттап алыңыздар және оның мағынасын түсіндізіңіздер.

Ақ қайыңдар, емендер, Қарағайлар, теректер.

Жерге кӛрік беретін, Ағаштар бұл кемеңгер.

(«Жасыл әлем» Айнұр Байғабылова) Сексеуіл шӛл далада,

Итмұрын сай-салада, Жабайы ӛскен кӛсіліп, Бұталы бұлар-ӛсімдік.

(«Жасыл әлем» Айнұр Байғабылова)

Қошқаргүл мен түймедақ, Жауқазын мен қызғалдақ.

Ӛсе-тұғын жайқалып, Кӛп болса екен саябақ.

(«Жасыл әлем» Айнұр Байғабылова)

(17)

17

9-тапсырма. Мына әңгіме бойынша түсінігіңізді айтыңыз.

Орманшының баласы

Орманшының баласы ат қылып мініп, шапқылау үшін бір жас шыбықты сындырмақ болады. Сол кезде ол ағаштардың мынадай әңгімесін естиді:

Аққайың айтыпты:

- Мен ӛскенде бесік болам. Кішкентай бӛбекті тербетем. Бесік жырын естіп, рақатқа батам. Бақыт деген осы емес пе?!

Ал Теректің жас шыбығы:

- Мен ӛскенде түрлі-түрлі ойыншық болам. Балаларды ойнатам. Азаннан кешке дейін ойнаймыз. Қызыққа батамыз, - депті жапырағы жайқалып.

- Мен ӛскенде түрлі-түрлі жиһаз болам. Адамдар шаршағанда маған отырып, демалады. Сӛрелеріме кітаптарын, заттарын қояды, - депті Емен.

Ұзын бойлы Қарағай:

- Мен ше, мен үлкен үй болам. Бәрің менің ішімде тұрасыңдар. Адамдар қыста тоңбайды, жазда ыстықтамайды. Үй болған қандай жақсы, - депті шаттана.

-Ал мен кім болам? – депті сонда орманшының баласы олардың айтқандарына қызығып.

- Сен бе, сен, - депті Үйеңкінің жас шыбығы ойлана, - сен ӛскенде ағаш шебері бол. Сонда біз осы айтқан армандарымызға жетеміз.

- Мақұл! –депті орманшының баласы қуана. Жас шыбықтарды сындырмапты. Ат қылып мінбепті.

Сол орманшының баласы ӛскенде атақты ағаш шебері болыпты. Әлгі ағаштарды арманына жеткізіпті.

(М.Әбдірашева) 10-тапсырма. «Менің елім – тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпқа шығарма жазыңыз.

(18)

18

Студенттердің ӛздік жұмысы 5 - апта

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Бӛлінген - подразделен.

Бабаларымыз - предки.

Құрғақ - сухой.

Ылғал - влажный.

Айырмашылық - отличие.

Құбылыс - явление.

Күйдіру - обжигать.

Ғұлама - ученый.

Уқалау - массаж.

Әдіс - метод, способ.

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Қазақ халық медицинасы

Қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бӛлінген. Табибия – диагностика, дәрігерлік-фармакология, емшілік- терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың ертеде озық дамыған алдыңғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз. «Тәуіп» - дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы). Бабаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар науқасты организміндегі ӛзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп тӛрт топқа бӛлген.

Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары ӛмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы – Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай бӛледі: «Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организмдегі тӛрт шырын: қан, сілікей, сары ӛт, қара ӛттің қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол тӛрт шырынның негізін табиғаттың тӛрт құбылысы – жылы, салқын, құрғақ, және ылғал болуынан» - деп пайымдайды. Әйгілі ғұлама – Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес бұрын кӛп жыл бойы сақтар ішінде (қазіргі қазақтардың бабалары) болғандығын атап ӛтеді. Гиппократ былай деп жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын.

Ӛйткені сақтар күйдіру жолмен емдеуді бірінші орынға қояды».

(19)

19

Қазақтың дәрі-дәрмектен ӛзге емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уқалау, сипалау, ыстық ӛткізу, суық басу, күйдіру, оңашалау (карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр.

(Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

5 - тапсырма. Экология мәселесіне қатысты эссе жазыңыз.

Студенттердің ӛздік жұмысы 6 – апта

1- тапсырма. Сӛздермен жұмыс істеңіздер.

Конституция – Ата заң

Бодан болу – бағынышты болу.

Танылу – белгілі болу, мойындау Ӛршіл – рухы биік

2 – тапсырма. Ӛлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Ата заңым Конституция – ол менің Ата заңым, Арайланып онымен атар таңым.

Жаныма нұр құйғандай әсері бар, Оқи бергім келеді әр тармағын.

Бодан болған бір кезде бел бүгіле, Тәуелсіз ел - қазағым енді, міне.

Қасиетті Ата заң аясында,

Еркін ел боп танылдық жер жүзіне.

Керіп бүгін дем алып кеудемізді, Кемел сезім құлаштап ӛрге жүзді, Заңды сыйлап, қастерлеп орындаумен, Ұзартатын кез келді кӛрпемізді.

Бүгін ӛршіл халқымның ұл-қыздары, Ӛркениет – талабы, ұмтылғаны

Ата заң тұр сол биік бастауында,

Жарассын деп барлық ұлт ынтымағы!

(Әнуарбек Жүнісәлі)

(20)

20

3 – тапсырма. Ӛлеңнің мағынасын түсіндіріңіз.

4 - тапсырма. Сіздің пікіріңіз қалай?

Мария деген жас әйел қиын жағдайға душар болады. Ӛзін ақтап, қорғап шығу үшін жақсы адвокатты тауып кӛмектесуді сұрайды. Адвокаттың жұмысы кӛп екен. Ол Марияны кездесуге шақырып, кешікпеуді сұрайды. Мария таксимен бармақшы болып, кезекке тұрады. Кезегі келгенде бір әйел оның кезегіне қарамай, бұза – жара таксиге отырмақшы болады. Мария оның костюмінен тартып, итеріп жіберіп, жолын босатады. Сӛйтіп күшпен таксиге отырады. 15 минут бұрын келеді. Белгіленген уақытта оны адвокатқа шақырады.

Бӛлмеге кіргенде, Мария тоқтап қалады. Сұмдық, адвокат бағана ӛзі таксиден итеріп тастаған әйел екен. Не істеу керек?

(«Ұрпаққа ұлағат» кітабынан. 100 б.) Студенттердің ӛздік жұмысы

7 – апта

1- тапсырма. Сӛздермен жұмыс істеңіздер.

теріс айналу – тыңдағысы келмеу деген мағынада сездіру – ұғындыру,білдіру

сіңдіру – дарыту(впитывать) қаражат – қаржы,ақша

кӛкбӛріні бейнелеу – изображать волка толғаныс – тебіреніс(волнение)

жігер – күш, қайрат сезім – чувство

салу –класть(вкладывать) меңгеру – осваивать

таң-тамаша болу – быть удивленным құлшыну – одухотворяться

2 - тапсырма. Оқыңыз.

Бүгінгі мақсат ұлттық тәрбие

Францияда жүргеніңізде қандай болмасын дүкенге кіріп, ағылшын тілінде бір зат сұрасаңыз, сізге бірде-бір сатушы жауап бермейді және сізден теріс айналып кетеді. Кӛшеде де солай.

Ағылшын тілінде берген сұрағыңызға ешқандай да жауап ала

(21)

21

алмайсыз. Оларды сіз ағылшын тілін білмейді деп ойламаңыз, олар ағылшын тілін жақсы біледі. Тек сізге, Франция жерінде жүргеніңізді, француз тілін қадірлеу қажеттігін сездіреді. Ағылшын тілін шетел тілі ретінде меңгерген болсаңыз, онда француз тілін де меңгеру қажеттігін ештеңе айтпай-ақ түсіндіреді. Ана тіліне деген осынша құрметті барлық француз халқының бойына кім сіңдіріп отыр? Бұл барлық француздардың ӛз еліне деген патриоттық сезімдерінің жоғарылығынан деп ойлаймыз.

Мен Германияда 4 жылдай болдым. Онда тұратын кӛптеген түрік азаматтарын білемін. Олар сонда жүрсе де, ӛздерінің барлық жиған қаражаттарын Түрік елінің банктеріне салады. Себебі, олар ӛздерінің тапқан ақшалары түрік еліне еңбек етуі керек деп есептейді.

2001 жылы Түркияда ӛткен Түрік халықтары мен елдерінің

қауымдастығына қатынастым. Сонда мынадай жайды байқап, таң- тамаша болдым. Әр түрлі жағдайларға байланысты күніне бір немесе екі рет Түрік елінің Әнұраны орындалып тұрды. Әнұран орындала бастағаннан-ақ түрік азаматтары орындарынан кӛтеріле, екі қолдарын жоғары кӛтеріп, саусақтарымен кӛкбӛріні бейнелеп, оған құлшына

қосыла орындап тұрды.

Осы уақытта мен олардың бойынан ерекше бір толғаныс, жігер және осы елдің азаматымын деген тебіреніс сезім байқадым.

Сонда менің білгенім, тек Германияда ғана емес, дүние жүзінің барлық елдерінде жүрген түрік азаматтары ӛздері тапқан қаражаттарын Түрік елінің банктеріне салады екен. Ал сол қаражат, елдің экономикасының дамуының басты бір кӛзі болып табылатын.

(Асқарбек Құсайынов. “Бүгінгі мақсат ұлттық тәрбие” // “Қазақ әдебиеті”, (2902), 14.01.2005)

(«Қазақ тілі» З.С.Күзекова) 3 - тапсырма.Сіздің пікіріңіз

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.

1.Францияда жүргеніңізде ағылшын тілінде берген сұрағыңызға жауап ала аласыз.

2. Франция дүкендерінің сатушылары ағылшын тілін білмейді.

3. Олар Сізге Франция жерінде жүргеніңізді, француз тілін қадірлеу қажеттігін сездіреді.

4. Олар француз тілін де меңгеру (освоить) қажеттігін ештеңе айтпай-ақ түсіндіреді.

(22)

22

5. Француздардың ӛз еліне деген патриоттық сезімдері жоғары.

6. Германияда тұратын кӛптеген түрік азаматтары ӛздерінің барлық жиған қаражаттарын Түрік елінің банктеріне салады.

7. 2001 жылы Түркияда Түрік халықтары мен елдерінің қауымдастығы ӛтті.

8. Түрік елінің Әнұраны орындалғанда түрік азаматтары оған құлшына қосылады.

ОБЪЕКТІЛІК ҚАТЫНАСТАР

4-тапсырма. Сӛйлемдерді салыстырыңыз.Ақпарат кӛзі болған объектінің тұлғасын анықтаңыз. Қай септікте?

1. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады.

(Ұлы іс Отанын шын сүйген адамнан туады.)

2. Ал отаншылдық ӛз үйіңнен басталады. (Отаншылдық ӛз отбасыңнан басталады.)

3. Патриотизм осыдан басталады.(Отаншылдық ӛз еліңді, ӛз үйіңді сүюден басталады.)

5 - тапсырма. Кӛп нүктенің орнына ақпарат кӛзі – объектіні қойып жазыңыз.

Тілінен айрылған халық міндетті түрде ...айрылады.(ұлттық қасиетінен, ұлттығынан)

Әр адамда ӛз ... басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті тӛрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі –сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі. (М.Шаханов) (анасынан) Патриотизм ... басталады.(осыдан, еліңді сүюден)

Кеше Бекнұр мен Райыл ... келді. Ауылдағы ... шӛп жинауды үйреніпті.(ауылдан, ағатайларынан)

6 - тапсырма. Ұлағатты сӛздерді ұғып алайық:

Ӛз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

Халық мақалы

(23)

23

Жат елде сұлтан болғанша, ӛз еліңде ұлтан бол.

Халық мақалы Отанын ауыстырған адам жүрегін де ауыстыруға тиіс.

Венгер халық мақалы.

Ӛз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды.

Д.Байрон

Ӛлмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау.

П.Буаст 7 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

8 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

9- тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.

Кішкене қыздың ерлігі

Бұл оқиға Ұлы Отан соғысының ауыр жылында болып еді.

Колхозшылар кӛктем шығысымен егіс басына қос тікті. Осындай қостардың біріне күйеуі соғыста жүрген Күлән үш баласымен кӛшіп келді. Жеті жастағы Жібек кішкене інілерін қарайтын. Шешесі жұмыста.

Бір күні Жібек қостың ішін сыпырып жатқанда, далада ойнап жүрген

Нұржан:

- Жібек, Жібек! От! От! – деп жүгіріп келді.

- Жібек үрейленіп тысқа шықты. Ӛршіген ӛрт сүйір тілдерін сумаңдатып жерді жалап, жалмап келеді. Жібек Нұржанды арқалап алып суға қарай жүгірді. Баланы батпақты суды кештіріп қойды, ӛзі қосқа қарай бет алды.

Қосқа жете бергенде жалын тілі бетін шарпып кеткендей болды. От лебі бет қаратар емес. Бірақ шыр-щыр еткен Біржанның дауысын естігенде, қостың ішіне қойып кетті. Түтінге шашалып, бақырып, еңбектеп жүрген сәбиді қолынан тарта жӛнелді. Сыртқа шыға бергенде, кӛйлегінің етегін от шарпыды. Жібек оны тӛбесіне қойып жүгірді. Суға жете бере Біржанды жерге түсіріп, ӛзі суға қойып кетті. Күйген жерлері ашып, қиналды. Ол есінен танып құлағанда, үлкендер де жеткен еді.

(24)

24

Сол бір қыздың ерлігі әлі де кӛз алдымда тұрғандай.

(С. Сауытбеков) 1. Бұл оқиға қай уақытта болған еді?

2. Нұржанның жүгіріп келу себебі неде?

3. Жібек Нұржанды құтқару үшін қандай әрекет жасады?

4. Кішкене қыздың жасаған ерлігін қалай бағалайсыздар?

Сӛздік Оқиға – событие

Ұлы Отан соғысы - Великая Отечественная война Егіс – посев, поле

Сыпыру – подметать Жүгіріп келу – прибежать

Үрейленіп – сильно испугавшись

Шаршап кеткендей болды – вспыхнув Шашалу – поперхнуться

Сәби – малыш, ребенок

(25)

25

Бақылау тест

1. Ауыспалы мағынада қолданылған сӛз тіркесін табыңыз А) алтын сақина

Ә) алтын тіс Б) алтын жүрек В) алтын ыдыс

2. Тәуелдік жалғауы бар сӛзді анықтаңыз.

А) балада Ә) үйімде Б) мектептер В) баламын

3. Антоним сӛздерді белгілеңіз.

А) биік, кең

Ә) ұнатпау, жамандау Б) ата - ана

В) ет, май

4. Фразеологизмдерді кӛрсетіңіз.

А) тіс тазалау Ә) тісті кӛрсету Б) тісті салу В) тіс жармау

5. Қай сӛйлемде «ма» бӛлек жазылады?

А) Сен ойла(ма)

Ә) Ол кеше бар(ма)ды Б) Ол жақсы бала(ма) В) Бала(ма) айт

6. «взрослый» деген сӛздің аудармасын анықтаңыз.

А) қарт Ә) үлкен Б) ересек В) жас

(26)

26

7. Берілген сӛйлемнің мағынасына сәйкес келетін сӛйлемді белгілеңіз.

Менің досым - ӛте ақылды адам.

А) Досымның қабағынан қар жауып жүреді.

Ә) Досым - аузын ашса, ар жағынан жүрегі кӛрініп тұратын адам.

Б) Досым қой аузынан шӛп алмас.

В) Досым тас жүрек болып шықты.

8. «Қорықты» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыныз.

А) жүрегіне тиді

Ә) жүрегі тас тӛбесіне шықты Б) жүрек жұтқан

В) жүрек жалғады

9. Қай сӛйлемде етістіктің бұйрық райы бар?

А) Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр.

Ә) Кешке дейін үйде болғым келеді.

Б) Егін жақсы шықса, халық тоқ болады.

В) Болған істің бәрін айтып берсін.

10. «алыс», «шалғай» деген сӛздер нені білдіреді?

А) заттың атын Ә) мезгілді Б) мекенді В) санды

11. Ауа – райыны байланысты қолданылатын сӛздерді кӛрсетіңіз

А) дәмді, дәмсіз Ә) арзан, қымбат Б) желді, желсіз В) ақылды, ақылсыз 12. Демеуші деген кім?

А) рухани кӛмек беруші

Ә) қаражатпен кӛмек беруші адам немесе ұйым Б) театрда жұмыс істейтін адам

В) бастық

13. Ауыспалы мағынада қолданылған сӛз тіркесін табыңыз.

А) кӛзі ашық Ә) ашық есік Б) ашық терезе

(27)

27

В) ашық бӛлме

14. Термин сӛздерді белгілеңіз.

А) антоним, сӛйлем мүшесі Ә) аула, кӛше бойы

Б) үлкен, кең В) дәптер, кітап

15. Болжалды келер шақтағы етістігі бар сӛйлемді табыңыз.

А) Студенттер сабақта тыныш отырады.

Ә) Енді олар Астанаға бармақ Б) Түбінде ол мақсатына жетер

В) Олар келесі жылы ауылға барады 16. Қай сӛз тіркесі дұрыс емес?

А) биік қарындаш Ә) биік ағаш

Б) биік үй

В) биік ғимарат

17. Қалау райдағы сӛзді табыңыз.

А) барып келді Ә) айтқысы келеді Б) ертең келеді В) келсе келеді

18. Тәуелдікті қай септік білдіре алады?

А) жатыс Ә) барыс Б) ілік В) шығыс

19. Қай сӛз тіркесі дұрыс?

А) сәлем сал Ә) сәлем қой Б) сәлем кӛр В) сәлем айт

20. Фразеологизмді кӛрсетіңіз.

А) тіс тазалау Ә) тіс кӛрсету Б) тіс салу В) тіс жармау

21. «аты ел аузында» деген сӛз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) ашық Ә) белгілі

(28)

28

Б) жылдам В) анық

22. Омоним бола алатын сӛзді табыңыз А) жүр

Ә) жан Б) алақай В) жоқ

23. «қорқақ» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді кӛрсетіңіз.

А) ит ӛлген жерде Ә) аузы ашық Б) қоян жүрек

В) қас пен кӛздін арасы

24. Білім сӛзімен қай сӛз тіркеспейді?

А) сапалы Ә) терең Б) жоғары В) лас

25. «қолы ашық» деген сӛз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) ашық Ә) анық Б) жылдам В) жомарт

(29)

29

Студенттердің ӛздік жұмысы 8 - апта

Қала мәдениетін қалай дамытамыз?

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Мәдениет» деген сӛзге сіз қандай анықтама берер едіңіз?

2. «Қала мәдениеті» дегенді сіз қалай түсінесіз?

3. Ел экономикасы мен мәдениетінің бір-біріне әсері қандай болуы мүмкін?

2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Қала мәдениеті, қала тұрғыны, тұтыну және қызмет кӛрсету мәдениеті, халықтың жүріс-тұрысы, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

Париж – қонақжайлықтың қаласы, сән әлемінің астанасы. Рим – мәңгілік қала. Женева – іскерліктің, Рио де Жанейро – карнавалдың қаласы. Тарихы тереңге бойлаған, соған қарай мәдениеті қалыптасқан әлем қалаларын осылайша тізбелеп шығуға болады. Ал, бізде ше?

Біздің де тарихы тереңде жатқан Түркістан сынды шаһарымыз, егемендік алғалы ӛсумен келе жатқан елордамыз – Астана мен орны қашанда жоғары тұратын Алматымыз бар. Астананы Еуразияның жүрегі дейміз, ал Алматыны экономикалық бизнес орталығына айналдырғымыз келеді. Бірақ, ең бастысы, ӛзге жұрт соны мойындайтындай, біз қандай қадамдарға баруымыз қажет? Бұл қала мәдениетімен тығыз байланысты. Себебі адамзат ӛркениеті – қаланың ӛркениеті. Халықтың жүріс-тұрысы, мәдениеті, қарым-қатынасы, бәрі, бәрі ӛмір сүріп отырған шаһардың бет-бейнесін қалыптастырады.

Қала халқының бір-бірімен адамгершілік, құқықтық негізінде саяси мәдениет, еңбек мәдениеті, экономика, тұтыну, қызмет кӛрсету мәдениеттері қалыптасады.

Кез-келген қаланың бет-бейнесі мен мәдениеті – мемлекеттің даму дәрежесін кӛрсетеді. Әлемдегі Лондон, Париж сияқты кӛптеген қалалар ӛздерінің мәдени ӛмірімен бүкіл туристерді тартып отырғанын баршамыз білеміз. Ендеще, еліміздің де, әрбір қала тұрғынының да мәдениетті болуы басты міндет. Ал, бізде қала мәдениеті қаншалықты қалыптасып үлгерді?

(С.А.Қамаева, А.Б.Нұржанова «Кәсіби қазақ тілі»)

(30)

30

3-тапсырма. Тиісті жалғауларды жалғаңыз.

1. Лондон (-ның, -да, -ды) автобустар міндетті түрде қызыл болады.

2. Қоқыс тастап, ластағандар (-дың, -ға, -ды) айыппұл салу қажет.

3. Қазақ қаласы (-ның, -нда, -нан) кескін-келбеті ұлттық тұрғыда болуы тиіс.

4. Қала мәдениетін қалыптастыру кез-келген адам (-мен, -нан, -ның) басталады.

1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

алаң – площадь, поляна.

тӛсегіш – газон.

жылыту жүйесі – система отопления.

құрылғы – оборудование.

тосын оқиға – неожиданное происшествие.

ӛрт сӛндірушілер – пожарники.

Қорғаныс министрлігі – Министерство Обороны.

2-тапсырма. Оқыңыз.

«Астана-Арена» жабық стадионы

Астана қаласындағы қазіргі кезде Еуропаның 5 жоғары деңгейдегі, барлық халықаралық талаптарға сай келетін ―Астана- Арена‖ стадионы бар.

2011 жылы осы жерде VІІ Қысқы Азия ойындардың ашылу рәсімі ӛтті. Бұл стадион бекерден таңдалып алынған жоқ. Ӛйткені стадион Еуропаның ең әдемі деген, барлық халықаралық талаптарға жауап беретін, техниканың қай жағынан алсаңыз да толығымен жарақталған 5 стадионның бірі болып табылады. Стадионның футбол алаңы италиялық тӛсегішпен тӛселген, ал оның инфрақұрылымы жағынан мұнда керекті нәрсенің бәрі бар. Мәселен, стадионда сахна қойып, концерт ӛткізуге болады. Бассейн, екі табло, теледидар және радио хабарларын тарату үшін қазіргі заман талаптарына жауап беретін жүйелер, жарық беретін соңғы үлгідегі прожектор, демалыс орындары, бокс рингтері, фитнес клуб, күрес залы және басқа да қажетті орындармен жабдықталған. Ал стадионның ең басты ерекшелігі – оның үстіне 17-20 минӛт ашып-жабылатын арнайы құ-

(31)

31

рылғы орнатылған. Әлемде мұндай құрылғылар біздің стадионмен қоса есептегенде санаулы елдерде ғана бар.

Стадионға 30200 адам сыяды. Егер тосын оқиға бола қалса, ха- лық 10-15 минӛттің ішінде стадионнан шыға алады. Әр кезде бұл стадионда болуы мүмкін ӛрт және басқа да тосын оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше рет оқу-жаттығу ӛткізеді. Оған аудандық, қалалық, республикалық ӛрт сӛндірушілер қатысты.

Тағы стадионда автономды жылыту жүйесі орнатылған. Ол белгілі бір температураны ұстап тұрады. Барлық салтанатында стадионның температурасы 10-12 градус жылылықты кӛрсететін бо- лады. Сондықтан ештеңеге уайымдамаңыздар, әр түрлі ойындардың ашылуы жоғары деңгейде ӛтіп, халық суықтан тоңбайды. Қазір стадион Қорғаныс министрлігінің балансында.

Стадионның жанында велотрек пен коньки тебу стадионының құрылысы жүріп жатыр. Осы үш нысанға бір ортақ қонақ үй керек сияқты. Әйтпесе біздің спортшылар жаз шыға спорт алаңдарының жанында қонақ үйлердің болмауынан Түркия мен басқа да елдерді жағалап кетеді. Осындай тілегім бар.

(www.city.kz)

3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4 - тапсырма. Мәтіннен етістіктерді табыңыздар.

5 - тапсырма. Спорт тақырыбына байланысты ӛз ойыңызды баяндаңыз.

1-тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер.

Діни - религиозный.

Жобалау - проектировать.

Ғибадатхана - храм.

Кӛлденең - поперѐк.

Мұнара - вышка, башня.

Қабат - этаж, уровень.

Сапаршы - путешественник.

Бау-бақша - сад.

Бағана - столб, колонна.

Кӛрме - выставка.

Тӛзімділік - терпимость, выносливость.

Referensi

Dokumen terkait

Əрбір тілді қарастырайық: • Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, бұл тіл халқымыздын басқа xалықтан ерекшелігін сақтап қалу үшін бізге қажет.. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің