269 Литература
1. Идрис Шах. Суфизм. – М.: Клышников, Комаров и Кº, 1994. – 446 с.
2. Ибн Халдун. Введение (Фрагменты) // Избранные произведение мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока (1Х- Х1У в.в.). Составители С.Н. Григорян и А.В.
Чагадеев. Под ред. С.Н.Григоряна. – М.: АН СССР, Институт философии; Изд-во соц.- экон. лит.-ры, 1961. – 610 с. - С. 559.
3. Советы путнику, включающие в себя основы тариката Накшбандийа. – Казань:
Типография м. Черковой, 1897.
4. Гегель Г.В.Ф. Лекции по истории философии. Кн. 3. - СПб., 1994.
5. Петрушевский И.П. Ислам в Иране в VII-XV вв. - Л., 1966.
6. Nicholson R.A. A Literary History of Arabs. - L., 1998, p. 384.
7. Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. – Алматы: Институт фило- софии МН-АН РК, 1997. – 196 с.
8. Тюркская философия: десять вопросов и ответов. – Алматы: Институт филосо- фии и политологии МОН РК; Университет «Кайнар», 2006. – 142 с.
9. Ергали И.Е. Философия как духовная деятельность. – Астана: Академия госу- дарственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. – 283 с.
ҚАЗІРГІ МӘДЕНИЕТТЕГІ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ БЕЙНЕСІ
Адаева Г. А., Пірімбекова Ж. М.
Астана қ., Қазақстан Қазіргі мәдениет жаһандану және ұлттық ренессанстың қатар жүруімен си- патталады.Бұқаралық мәдениеттің пайда болуы және дамуы әйелдің мәдениетте алатын дәстүрлі орны мен бейнесін түп нұсқасынан өзгертті. Бұқаралық мәдениет дүниесінде әйел тек қана материалдық субъект ретінде көрінеді. Бұл туралы XX ғ. 80-ші жж. екінші жартысында батыс әншісі Мадонна орындаған көпшілікке та- нымал «I am material girl» деген хитінде айтылған. Бұқаралық мәдениет тұсында әйел бүкіл индустрияның – әйелге бағытталған индустриялық объектісіне ай- налды. Сән, макияж, киім, іш киім, шұлық, косметика,гигиеналық құралдар, аяқ киім, аксессуарлар, зергерлік бұйымдар– бұлардың бәрі әйелдің сымбаттылығын жетілдіру үшін өндірілетін тауарлардың индустриясы. Өндіріске ер адаммен тең қатысып жүріп, әйел бұқаралық мәдениет тұсында ләззат өндіру индустриясының орталығында орын алып отыр. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына әйелдің ықпалын күшейтеді.
Бұқаралық мәдениеттің іргелі белгілерінің бірі – ювелинизация. Жастық шақтың, әсіресе жас дененің (жас рухтың емес) құндылығы жоғары саналады.
XX ғ. олимпиялық қозғалыстың қайта өрлеуі, спорттың жаһандық шоу-бизнеске айналуы кездейсоқтық емес. Бұқаралық мәдениетте дененің сұлулығы әйелдің басты қасиетіне айналып келе жатыр. Дене сұлулығы гипертрофияланып, әйел тұлғасының психологиялық, рухани мазмұнын шетке ығыстыруға ұмтылды.
Жастық шақ эстетикалық басымдылыққа, мансап шартына айналды. Имиджді қалыптастыру индустриясы ювелинизацияға бағытталған: культуризм, аэробика, спорттық туризм, пластикалық операция , стилистің өнері және т.б. Бұлардың бәрі, біріншіден, имидж модасына, гендерлік сұранысқа сәйкестенген. Екіншіден, бұқаралық мәдениеттерде келесі ұрпақтың өміріне қажетті білімді қолдаушылар ретіндегі кәриялар институты қызмет етпейді, өйткені негізгі оқытушы арна
270
ретінде масс-медиа немесе субъекттің әлеуметтік тобы қызмет атқарады. Әйел бейнесінің жанында оның кәрі бейнесі түгіл, баланың да бейнесі жоқ [ 1].
Бұл жаһандану жағдайындағы мәдениеттің басты белгілері болып табылады. Біз қазіргі мәдениеттегі қазақ әйелінің бейнесіндегі дәстүрлілік пен модерндіктің арақатынасын анықтау мақсатымен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізген болатынбыз. Жаһанданудың қазақ әйелінің бейнесінің қалыптасуына ықпалын жоққа шығаруға болмайды, сауалнамада бүгінгі қазақ әйелінің сипаты деген сұраққа «бүгінгі қазақ әйелі вестернделген» деген жауаптың біраз пайыз құрайтынын да байқадық, бірақ қазақ әйеліне анықтама берген кезде барлығы дерлік «ана» деген сөзді атаған. Сонымен қатар, «қартаюдан қорықпайсыз ба»
деген сұраққа қазақ қыздарының басым бөлігі «әр жастың өз қызығы» бар деген жауапты белгілеген. Және қазақ қыздарының көбісі «кәрі қыз» атанудан қорқатынын байқадық. 48,5 пайызы «Қатты қорқамын» деп жауап берген. Алайда
«Еркіндікке не жетсін» деген жауапты алғандар да біршама (33,8%). Яғни, қазіргі мәдениеттегі замандастарымыз үшін, отбасын құру, өмірге бала әкелу, бала тәрбиелеу сияқты дәстүрлі құндылықтарымыздың маңызды екенін анықтадық деуге болады.Сонымен қатар, респонденттердің басым бөлігі идеал отбасы ретінде ата- әже, ата-ана, балалардан тұратын, яғни кеңейтілген отбасын атаған.
Бұл да қазіргі мәдениетте келесі ұрпақтың өміріне қажетті білімді қолдаушылар ретіндегі кәриялар институты қызмет етпейді, деген тұжырымға қайшы келеді.
Сауалнамадан азаматтық некеге қазақ қыздарының дені теріс көзқараста екенін, оны «қыз үшін қорлық» деп санайтынын байқадық. Бұл жастардың арасында дәстүрлі құндылықтардың маңызын жоғалтпағанын көрсетеді. Қазақ қыздарының барлығы дерлік өмірдегі басты мақсаттары ретінде отбасын құру, ана болуды көрсеткен.
Сонымен қатар, жоғары білім алу да қазақ қыздары үшін бірінші орын- да тұрғанын байқадық. «Қазақ қызына анықтама беріңіз» деген сауалға респонденттердің басым бөлігі «білімді» деп көсеткен. «Тұрмысқа қай жаста шыққан дұрыс» деген сұраққа қыздардың бәрі дерлік «жоғары білім алғаннан кейін» деген жауапты алған.
Тағы да айта кететін жай, Батыс және АҚШ пен салыстырғанда Азия мемлекеттерінде дарынды қыздар өте көп, математикада олар ұлдармен бір деңгейде. Бұл жерде мәдениет ықпал ете ме, әлде Азия мемлекеттерінде ата- аналардың қызға көп көңіл бөлуінен бе, бұл талданбаған нәрсе [2].Бұл жағдайға қатысты, шығыс қыздарының табиғатына тән шыдамдылық, табандылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттер оң ықпал ететін болар деп топшылаймыз. Са- уалнамада да «Әйел үшін қандай қасиеттер ең қажетті?» деген сұраққа қазақ қыздарының жауабында бірінші орынға «Шыдамдылық, еңбексүйгіштік, қажырлылық» деген нұсқа, екінші орынға «Ақыл, білім» деген нұсқа шыққан.
Осыған қатысты тағы бір айтарымыз, қазақ дәстүрлі мәдениетінде қазіргі ғылым этосының басты құраушысы универсализмге (ғылым нәтижесін бағалаудың ғалымның жасына, жынысына, ұлтына т.б. тәуелді болмауы) ұқсас қағидаттың бар болғаны. Дәстүрлі қоғамдағы қазақ қыздарының, жалғыз деуге боларлық интеллектуалдық саласы ақындар айтысына балауса, жасы 14-18 арасындағы тұрмыс құрмаған кезінде, көбінесе, өзінен әлдеқайда ересек, тәжірибелі ер ақындармен түсуі және көп жағдайда жеңіске жетуі таңқалдырады. Айтыс нәтижесін бағалағанда ақындардың жасы да, жынысы да есепке алынбаған.
271
Экономика мен саясаттағы әйелдердің рөлінің жоғарлауы қазіргі кездегі тарихи кезеңнің даму заңдылығы. Швеция, АҚШ, Австралия, Финляндия, Канада, Бельгия, Дания сияқты елдер өз дамуында осы сипатта тұрақты болып келеді.
Қазіргі қазақ әйелдерінің бірқатары еркіндік пен өзгеріс лебін сергек сезініп, өздері үшін бейтаныстау, тосындау бизнес әлеміне именбей енуді жөн санады.
Әлеуметтанушылардың пайымдауынша, «олардың мұндай романтикалық құлшыныстарына жаңаға қызығушылық, өзіне және айналасындағыларға өз басының маңыздылығын дәлелдеу, сонымен қатар экономикалық дағдарыстар мен қиындықтар кезеңінде еркектердің жанынан табылып, оларға қол ұшын беруге ұмтылыстары түрткі болды» [3].
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда бизнестегі әйелдер саны 40%- ті құрайды. Іскер әйелдің бүгінгі бетбейнесін анықтау үшін «Қазақстанның іскер әйелдері» анықтамалығына енген 86 қыз-келіншектің әлеуметтанушылар дайындаған сауалнамаға берген жауаптарын, сондағы деректерді саралай келе, іскер әйелдерге қажетті қасиеттер деп мыналарды атауға болады: еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, шығармашылықпен ойлау қабілеті, өзіне де, өзгелерге де қатаң талап қою, табандылық, тәуекелшілдік, қайтадан басынан бастауға дайын болу, қиындық, кедергіден қорықпау, тәуелсіз болу, сенімділік, алдағы күнді болжай білу т.б. [4].
Біздің сауалнамадағы «Егер жұбайыңыз материалдық тұрғыдан жеткілікті қамтамасыз ете алса, онда Сіз немен айналысар едіңіз?» деген сұраққа қазақ қыз- келіншектерінің 35,4%-ы «Өмірге көп бала әкеліп, солардың тәрбиесімен» десе, 29,3%-ы «Бизнеспен» деп жауап берген. Бұдан кейінгі орында «Қайырымдылық қорын ашамын», «Үй шаруашылығымен», «Шығармашылықпен» деген жауаптар тұр. «Өзімді күтем, фитнес, шопинг» деген жауап та соңғы орында емес. Сауалнама шартына сәйкес бұл сауалға екі жауапты белгілеуге болады.
Өмірге көп бала әкеліп, солардың тәрбиесімен айналысқысы келетіндер екінші орынға «Қайырымдылық қорын ашамын», «Үй шаруашылығымен»,
«Шығармашылықпен» деген нұсқаларды қойса, бизнеспен айналысқысы келетіндердің көпшілігі «Өзімді күтем, фитнес, шопинг» депті. Жоғарыдағы аталған «Сіздің пікіріңізше, идеал отбасы қандай болуы керек?» деген сұрақтың Отбасындағы биліктің түріне байланысты деген бөлімі бойынша 62%-ы:
«Отбасының асыраушысы ері де, әйелі де; үй шаруашылығымен де екеуі бірдей айналысады» деген жауапты таңдаған. «Отбасының асыраушысы-ері, ал әйел үй шаруашылығымен, бала тәрбиесімен айналысады» деген жауапты 32,9%-ы алса,
«Отбасының асыраушысы - әйел, ал ері үй шаруашылығымен, бала тәрбиесімен айналысады» дегенді 1,3%-ы таңдаған (бұл жауапты алғандар қала тұрғындары екен).
«Басқа ұлт өкілімен отасуға келісер ме едіңіз?» деген сауалға қыздарымыздың 78,8 пайызы «жоқ» деп жауап беріпті. «Ал егер ұлтты таңдау берілсе, қай ұлттың өкілі болып келер едіңіз?»деген сауалға еліміздің қыздарының 90 пайызы «қазақ» деген жауапты алған.«Егер таңдау берілсе, өмірде қай жынысты болғыңыз келеді?» деген сұраққа қазақстандық қазақ қыздарының 73,5 пайызы
«әйел» деген жауапты алған , Қытайдағы қазақ қыздарының ішінде де өмірге ер жынысты және басқа ұлт өкілі болып келгісі келетіндер бар екен (Қытайдағы қазақ диаспорасының арасында да осы сауалнамаларды жүргізген едік). Екі
272
жақтағы қазақ қыздарының барлығы дерлік өмірдегі басты мақсаттары ретінде отбасын құру, ана болуды көрсеткен (дені көп балалы болғысы келеді).
«Егер ел басына күн туса, қолыңызға қару алар ма едіңіз?» деген сұраққа қазақ қыздарының 81,7 пайызы (батыс өңірінде бұл сан 92,7 пайызды құрайды)
«Иә, елді қорғау біздің де борышымыз» деген жауапты алыпты.Осы арада есіңе қазақтың «Асыл әйел-өзі әйел, өзі ер» деген нақыл сөзі келеді. Көптеген шет елдік сарапшыларды кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі дағдарыстан Қазақстанның шығуы таң қалдырады (нарықтық экономикаға өту кезеңі ). Бұл феноменді бір фактормен ғана түсіндіруге болмайды.Алайда бұл жағдайдағы ерекше орынды әйелдерге, ала қап арқалап, саудаға шыққан әйелдерге берсек, бұл солардың арқасы десек қателеспеспіз. Және тарихқа көз жіберсең, ылғи да осылай. Ел басына күн туғанда , қазақ әйелі атқа да қонады, қолына қару да алады, елді де қорғайды, жерді де қорғайды; басқаша айтқанда, қажет жерінде ел бастайды, қол бастайды, шаршы топтың алдында сөз де бастайды. Және бір айта кетеріміз,
«Сіздің нағыз әйел деген түсінігіңізге лайықты деп есептейтін әйелдерді атаңыз (шынайы өмірдегі, болмаса кинофильм, көркем әдебиет кейіпкерлері)»
деген сұраққа берілген нұскалардың арасында Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова жоғары орындардың қатарында; ең жоғары орында, қазақстандық қыздарымыздың жауабында, Баян Есентаева болса (респонденттің өзінің анасынан кейін), ал қытайлық қазақ қыздарының жауабында-Қызай. Қызай- Найманның ішіндегі ірі рудың аты, ру анасы Қызайдың атымен аталады, бұл рудың ұраны да-Қызай. «…Жоғарыдағы Матайдың үш баласы Аталық, Кенже, Қаптағай Аталықтың қатыны Қызай дегеннiң атымен тұқымы қызай атанды.» [5].
Қазақстандық қыздарымыздың нұсқаларында Б.Есентаевадан кейінгі орында-Ұлпан (16,1%), одан кейінгі орында-Зере, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова.
Респонденттеріміздің өзінің әжесімен қатар қазіргі әншілеріміз Роза Рымбаева, Қарақат, Тамара Асар, батыстық Анжелина Джоли, Мэрилин Монро, Моника Беллуччи, Катрин Денев, Маргарет Тэтчерлер де жүр. Қытайлық қыздарымыздың нұсқаларында біздің жерлестеріміздің жауабында бірен саран ғана кездескен Меңтай жоғары көрсеткішке ие (Ә.Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жыл- дар»). Екі жақтағы қыздарымыздың да басым бөлігінің нағыз әйел деп Ұлпанды мойындауы таңқалдырады. «Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге бола- ды. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері» [6].
Қазіргі философиялық-мәдениеттанулық әдебиетте «үйге қайта оралу» де- ген ұғым кең тараған. Бұл өзінің тарихи алғашқы бастауларына, дәстүрлеріне, яғни мәдени сәйкестілікке қайта оралу деген сөз. Қорыта келгенде, қазіргі мәдениеттегі қазақ әйелінің бейнесіне жаһанданудың ықпалын жоққа шығаруға болмайды, өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен, әсіресе теле- дидарда көрген жарнамаға қарай әйел өз бейнесін өзі жасауға тырысады; де- генмен де замандастарымыздың бейнесіндегі дәстүрлілік пен жаңашылдықтың арасалмағын зерделесек, дәстүрлі ұлттық сипаттың біршама басым екені анық көрінеді.
Әдебиет
1. Фуртай Ф.В. Образ женщины в массовой культуре. – СПб, ЛГУ им. А.С.
Пушкина, 2009 // http: //revolution.allbest.ru/ethics/00152423_0.html.