• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

УДК 82-1/-19

ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ

Жүсіпова С. Т., [email protected] Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті,

Астана Ғылыми жетекшісі – С.Айтуғанова

Постмодернизм бҥгінгі ҽдебиетшілердің назарына кҿптен ілігіп жҥрген ҽдеби қҧбылыс деп саналады. Ол - қазіргі ҽдебиеттің басты ағымы. Ең алдымен постмодернизмді ағым ретінде не болмаса ХХ ғасырдың қҧбылысы ретінде тану ҥшін постмодернизмнің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтап алуымыз керек. М.Эпштейннің ойынша постмодерн – модерннен кейін немесе модернизмнен соң пайда болады. "Это два нравно значных понятия «пост», одно из

75

(2)

которых «постмодерность (соотносимая с «модерностью»), есть длительная эпоха, в начале который мы живем – второе же «постмодернизм» (соотносимый с «модернизмом») есть первый период, вход в эту большую эпоху. Если две большие эпохи, модерная и постмодерная зеркально отражаются друг в друге, то естественно что последний период эпохи модерности, а постмодернизм это первый период эпохи постмодерности» М.Эпштейннің сенімі бойыншабіз постмодерн мен постмодернизмнің арасында тҧ рмыз. «Модернизм Батыста 1960 жылдарға дейін созылса, Ресейде одан да ерте 1920 жылдары постмодернизмге, коммуникациялы формацияға орын беруі тегіннен тегін емес», - дейді М.Эпштейн [1,54].

Модернизм (Modernism) ҽдебиеті ХҤІІІ ғасырдың ортасында - романтизм, реализм секілді байырғы ҽдебиеттік ҥ лгілерге қарсы немесе оның басқаша бейнелену ҽдісімен кемелденген тҥ рі негізінде қалыптасқан ағым. Ол жаңаша тҥрленіп, постмодернизм (postmodernism) деп аталған. Қарапайым сҿ збен айтар болсақ, постмодернизм ҽдебиеті модернизм ҽдебиетінің дҽстҥрлі ҽдебиетпен отаспайтын тҽ сілдеріне мҧрагерлік ете отырып, оны ең жоғары ҿреге кҿ теріп қана қалмай, ары қарай дамыған тҥрде, модернизм ҽдебиетінің тҥрліше тҽ сілінен де ҿзгеше, ҿзіне ғана тҽн бейнелеу ҽдістерін қалыптастыру негізінде туған.

Ҽр ҧлттың ҽдебиетінде кҿркемдік ҽдіс, бағыттар, ағымдар ҽ р кезеңде ҽ р тҥрлі жағдайда ҿзгеше қалыппен пайда болып, дами бастайды. Қайсыбір ҽдіс, бағыттар басқа топыраққа тамыр жібермей жатады. Ол орта табиғатына байланысты.Ал, қазіргі постмодернизмнің қазақ ҽдебиетіндегі кҿріністері тҧтас бағыт деңгейіне кҿтерілмеген, олар ҿзара ара-жігін де ашып дараланбағандықтан, бҥгінгі кҥн бедерінде кҿркем-ҽдеби ағым ретінде ҿмір сҥруде.Бірақ, біз бҧл ҥдерісті жылдамдатуға да, кідіртуге де қҧқылы емеспіз.

Постмодернизм қазақ топырағына кенжелеу келіп жатқан ҽдеби ағым болса да бҧл жҿнінде ақындардың да, ақын шығармашылығын зерделей қарайтын ғалымдардың да ҿзіндік пікірі бар.

Филология ғылымдарының докторы, академик С.Қасқабасов постмодернизм туралы ҿ з ойын былайша білдіреді. «Шынтуайтына келгенде модернизм дегеннің ҿзі – жаңа деген сҿз.

Постмодернизм – ҿндірісі қатты дамыған постиндустриялы елдерде кең таралған. Ҿйткені, олар бҧрынғы классикалық ҽдебиеттен қол ҥзіп кеткен. Біз болсақ, классикалық реализмнен, классикалық ҽдебиеттен қол ҥзгеміз жоқ. Одан қол ҥзе алмайтын себебіміз, бізде ҽлі постиндустриялық қоғам қҧрылған жоқ. Ол ҥшін ҿндіріс ҿте мықты дамып, капитализмнің ең биік шыңына жетіп, бҥкіл ҿмірдің бҽрі индустриялануы керек, қалалық ҧлт болып қалыптасуымыз керек. Сосын бҥкіл қалалық ҿмір мен далалық ҿмір араласып, қҧжынап жатуы тиіс. Бірақ біз оған жеткен жоқпыз. Сондықтан постиндустриялық қоғам болмай тҧ рып, постиндустриялық қоғамның ҿмірін суреттей алмаймыз. Алайда, постмодернистік тҽсілді меңгеріп алған біздің кейбір қаламгерлердің ісі сыртқы кҿрініс қана.Кейіпкердің сандырақтауы, елес кҿруі, болмаса кейіпкердің басқа бір нҽрсені ойлап, басқа бір ҽ лемге шарлауы, осының бҽрі шындап келгенде, ҿ з ҽдебиетіміздің ҽсерінен шыққан нҽрсе Постмодернизмнің сыртқы кҿ рінісі қандай деген сауалға жауап беретін болсақ, ол – ҿмірдің бейнесінен алыстап кету, ойда жоқ нҽ рсені айту. Я болмаса, елес қуып, адамның екіге бҿлінуі, екі ойлы болуы, сандырақтапбір нҽрсені айтуы» [2,4].

Бір қарағанда, постмодернизм тҥ рлі «измдердің» бір нҧсқасы сияқты. Қолдан жасалған нҽрсе сияқты кҿрінуі де мҥмкін. Кҿкейімізде біздің ҽдебиет реалистік бағытта дамуы тиіс деген сауалдың да жатқаны жасырын емес. Бірақ, ҿмірдің ҿзін суреттейтін ҽдебиет реалистік болумен қатар, сондай-ақ адамның қиялын да суреттеуі керек. Ҿмірде жоқ нҽрсені кҿрсетумен де ҽдебиет – ҿнер.

«Қазіргі қазақ поэзиясына бҧлқыныс, сілкініс керек. Поэзиямызды неғҧрлым тезірек модернизациялауымыз керек. Қазақ поэзиясы, ҽсіресе, жас ақындарымыз ҽлемдік поэзияға жіті кҿзбен қарап, ескіні есте сақтауға қалдырып, модернизм жолына тҥсуі керек, жастар жаңаша жазуға ҧмтылуы жҿн. Бҧл қолдан келмейтін нҽрсе емес. Ҿзімізде бҽрі бар. Сол бар нҽрсені іске қосу керек. Поэзиямызды модернизациялағанда есте болатын ең маңызды проблема, жаппай науқаншылыққа жол бермей, ҿзіміздің ҧлттық дҽстҥрімізді, ҽсіресе ҿлеңдегі ҧлттық ерекшелігімізді, ҧлттық ҧғымымызды, ҧлттық философиямызды берік ҧстануымыз парыз. Жаңа ҿлеңдегі жаңа формаға, жаңа ҿлшемге, жаңа логикаға ҽр ақынҿзінше бірте-бірте кҿшкені дҧрыс

76

(3)

болмақ. Ҽ лем елдері поэзияның жаңа бағытына кҿшіп алса да, біздің қазақ поэзиясы ескі ҽлҽулаймен ҽлі келе жатыр.Біз ҽ лі тҿрт жолы бір шумақтан тҧратын ескі ҿлең қҧрылысынан шыға алған жоқпыз» [3, 10], - дейді ғалым Ҽубҽкір Нілібаев.

Ал, ағымның негізгі сипаттары қандай деген сауалдың да жиі мазалайтыны рас. Мҧның бҽрі қазақ ҽдебиетінде де постмодернистік бағыттағы ҿкілдердің бар екенін, осы бағытта да біраз ізденістер мен сынақтар жасалынып жатқанын жҽне олардың бҽрі саналы тҥрде емес, шығарманың ішкі кҿркемдік тҧ тастығынан туындап, ішкі ҥндестігінен, табиғи заңдылығынан шығып отырғанын да кҿрсетеді. Демек, қазіргі ҿлеңтанудағы кҿрініп отырған жанрлық ҿзгерістерге шығарма кҿркемдігін ҽ р тҥрлі тропалар жҥйесімен тҧтастырып тҧрған сипатты тануға болады.

Қазаққа ҿлең, ҿ леңге ақын кҿптік етпейді. Бҥгінгі жас поэзиямызда Ақберен Елгезек, Ерлан Жҥніс, Ардақ Нҧрғазы, Тоқтарҽлі Таңжарық, Ҧ ларбек Нҧрғалым, Қуаныш Дҽ лей, Гҥ лманат Ҽ уелхан, Ықылас Ожай, Ырысбек Дҽбей, Серік Боқан, Азамат Тасқараҧлы сияқты ізденіс ҥстіндегі бір топ жас ақын сол бір соны соқпақтарға тҥ рен салғысы келетіндігімен қуантады.Ҿзін-ҿзі тануға ҧмтылыс жасап жатқан ақындарымыздың тҥрлі ізденіске баруының астарына ҥңіліп кҿ рейік.

«Қазіргі қазақ ақындарынан постмодерндік ағымға мейлінше жақын тҧ рған – Тыныштықбек Ҽбдікҽкімов. Оған ҿ лең қҧ рылымы мен поэтикалық жҥ йе, ҿзіне ғана ҧқсас ойлау жҥйесі куҽгер.

«Ақпан прозасы»: Алтын тҽжді кҥн – анау,

Қызыл тҥкті қҧ лағы неткен ҧ зын.

Жердің милығына дейін, Судың қҧйрығына дейін жеткені шын!?

Кҥміс тонды Ақпан – мынау, Ақ тырнақты аязымен алып тҥсердей бет терісін!

Алаштың несін айтасың, Ата тілі отыз тіске қамаулы, Ата Мекені обалсыздарға тонаулы. Шҥлдірлек кҿ кпегі ҥшін, Нан табу мектебі ҥшін, Оқалы шекпен ҥшін,

Қыңсыған кҿк итке айналдырды, тҽңірлік Кҿ к Бҿрісін... [4, 23]. - дейді ақын.

Қасқырдың анасы – табиғат. Ол – біздің арғы

бастауға қатысты ырықсыздық деңгейіндегі тҧрақты сағынышымыз. Бҿрі – біздің тотеміміз.

Адамның ой астарында осындай ежелден таныс нысандарға кезіккенде барынша жігерлі кейіп алуға ҧмтылады.

Ақын біткен Абылды іздеп ҿксиді, Жаратылған қара жҥрек Қабылдан», -(Маралтай) деп пенде болса да, періштелікке

ҧмтылған ҽдебиеттегі кейінгі толқынның кҿ ркемдік ҽлемі сан алуан. Қазіргі лирикадағы сан тарау ізденістердің негізі – шынайы сезінуден, толғанудан туындайтын сезімдерді жеткізе білуден бастау алса, бҧл тарапта постмодернист Маралтайдың жаңашылдығы «жҥ регіне жҧлдыз шашып ойнаған тҥ н», «қобыз тартып қаңқылдап кҿшіп бара жатқан жан», «даланы бауырына алып қҧлаған қара тҥн», «адам тҽнінен қонарға жер таппаған періште», «санаға сарыған сайқал тағдыр», «аппақ айдың анарындағы дақ», т.б. бейнелеулерден кҿ рінеді.

Постмодернистік поэзияға тҽн транслиризм, психолиризм сияқты тҽсілдер Маралтай ҿлеңдеріне жат емес:

Тҥн мекені тҥнекке Серік таппай бойлаған.

Біздің ғазиз жҥрекке

(4)

Жҧлдыз шашып ойнаған [5, 28].

Тҥннің мҧндай қалпы мен ҽ рекетін ақынның ақындық кҿзі мен тҥйсігі ғана аңғарса керек. Таптаурын баяндау мен қалыптасқан дағдыдан ҿзгеше ҿ рнекке қҧрылған ҿлең.

Махамбетке Ықыластың жасаған сатқындығын мысал еткен Маралтай ақын да

жалғыздықтан ҿзге шынайы достықтың жоқ екенін астарлай жеткізіп, сенер ешкім таппайды.

Кҿбейіп кенет жалқы боп, Ере алмай заман кҿшіне.

Сҥйеніп, сенер халқы жоқ, Махамбет тҥсіп есіме.

Теңселіп ҥйге қайтамын, Батыр боп, кейде ақын боп.

Жалғыздық ҽнін айтамын,

Жалғыз болмасқа хақым жоқ. (Махамбеттің мҥсіні) [5, 19].

Жалпы, ақын қолдан саналы тҥ рде рухани мертіккен тҧлғаны тудыруы керек. Осылай ғана қалыпты тҥсініктің арнасы бҧзылады, инфляцияға ҧшырап қҧнсызданған бейнелеу тілі осылай ҥрейдің орнын ҥреймен ойын, яғни эксперимент басқанда ғана мҽдениет алға жылжиды. Ал, Ақберен - осындай қадамға барған ақын.

«Айнадағы бейнеге ҧқсасам да, Сол біреуге тартпаған ішімдегім!»

«Біреудікі – ҿксігім, жымиғаным»[6, 31]. Ақын ҿз ішінен екіге жарылған. Ішіндегі оған жат біреу кім? Сананың екіге жарылуы кҿрінеді. Абсурд қаһарман бейнесін жасайды.

Лирикалық қаһарман ішіндегі ыңылдап отырған біреудің кҿңіл-кҥйін сипаттап, ҿзі сыртта бақылаушы болып қалады.

Ҿзін тынымсыз ізденіс ҥстінде кҿрсететін Ақберен жыры кҿбінде жҧмбақ сырларға оранып, оны ҿзіне ғана тҽн ҿзгеше бояумен беруді мақсат ететін сияқты. Мысалы:

Менің жҧмық кҿздеріммен бір кісі, Жылап отыр...

Сондай оның кҥлкісі...

...Оның жасы - мыңжылдықтар қҧрдасы, ...Оның сҿзі - мың мҧңлықтың сырласы...

...Менің соқыр саусағымды

шошайтып, Бҽз-біреуге кҥрсінеді қош айтып. Содан кейін менен шарап сҧрайды, Сіміре сап тҧңғиыққа қҧлайды, Жҥ регімді масайтып...

Бір қазада еріп келген қорымнан, Бҧл кісімен мҧңдас едім

бҧрыннан. Жетімек шал...

Орын беріп ішімнен...

Содан бері қара дертке ҧрынғам [6, 43].

Біз осы ҿ леңді оқып отырып енді «жетімек шалдың» кім екенін іздейміз. Ол ақынның ҿзі емес пе, ҿзегін жарған қайғы-мҥң емес пе деген ҽ р тҥрлі ойларға барамыз. Ақын бізді кҥмҽн торына қамайды. Оның ғарыштан, беймҽлім дҥниеден іздеген жҧмбағын біздің де бірге іздескіміз келеді.

Ақбереннің тағы бір ерекшелігі ҿз ойын сылдыр сҿзден кҿрі оқиға немесе суретпен жеткізуге тырысатындығы.

Қҧмардың шҿбін тістедім Қҧмырсқаша ойланып...

Жусанды иіскеп айықтым, Жымиған гҥлдер ішінен..., - деген тҽ тті де сҽтті жолдар жай ғана сурет болмастан ҿзіндің

философиясымен кҿкірегіңді жылы ағынымен жуып ҿтеді.

78

(5)

Ал, ақын Ерлан Жҥністің ҿмірді қабылдауы мҥлде басқаша, ҿркениет қанат жайған, технократтанған таңда жарқын болашаққа деген кҥмҽн ақынның қыр соңынан қалмайды.

Ешкімге сенгім келмей, Ешкіммен кҥлгім келмей, Ешкімді кҿргім келмей, Ештеңе білгім келмей, Еш ҽнге салғым келмей, Ешкім де болғым келмей, Ешқайда барғым келмей, Ешқайда қалғым келмей, Лҽ-лҽ-лҽ, келем, лҽ- лҽ, Тҧманға сіңіп кетем. Ҿзім де, ҿзге де, қала –

Мен жайлы ҽн емес екен! [7, 42]. Жалғыздық пен қоғамды жатсыну философиясын кҿреміз. Қаламгердің ішкі трагедиясы, мазасыз болмысы жалғыздығында, «бейҥміттілігінде».

Ақын кҥ ресуге бел бумайды. Шарасыздықтың ҽніне салады.

Сҧр ҥйлер – ҥйілер, ҥйілер, Сҧр кҿше – кҿше,кҿше...

Жан бҥгін жалғыз билер Естіген кҥйге кеше [7, 52].

Автордың ойы жҧмбақ. Уақыт ҿ те кҿ шелер орнынан кҿшіп, сҧ р ҥйлер ҥйінді болып қалады. Жайдақ тілге аударсақ, осылай болар еді. Астарлы ойдың астында жалған дҥниенің ҿткіншілігі жатыр.

Оқырман поэзия қарапайым болсын, тҥ сінуге жеңіл болсын дейді. Яғни, менің қатарыма келіп тҧ рсын дейді. Қарапайымдылықтың екі тҥрі бар. Бірі – оқырманның қарапайымдылығы, дҽлірек айтқанда, қарабайырлығы. Екіншісі – ақынның қарапайымдылығы.Оқырманның қарапайымдылығына жету ҥшін – тҿмен тҥсу керек. Ақынның қарапайымдылығына жету ҥшін

– ҿрлеу керек.

Зерттеуші А. Ісмақова ҿзінің бір зерттеу мақаласында американдық ҽдебиеттанушы Ихаб Хасанның постмодернизмнің белгісіздік (неопределенность), (фрагментарность) ҥзіп алынған сҽт, деконизация, утрата «Я», ирония, гибридизация, карнавалность, сконструированность, т.б. сынды қасиеттерін санамалағанын айтады. Бҽріне кҥдікпен қарау – ҽлемді танудың кілті іспеттес.

Маңаймыздағының бҽрі жалған, ҽрбір ҿтірік ҿзінің уысында шындықтың ҿзінде бір тамшы болса да у бар деп санайды бҥгінгі постмодернистік авторлар»[8, 3].

Демек, қазіргі қазақ поэзиясында постмодернизмнің беталысы бар. Постмодернистік ағым арнасына кеп тҥскен қаламгерлеріміз бҥгінгі кҥннің ғана авторлары болғандықтан да, олардың аяқ алысы немен тынады, ҽдебиетке не береді, дҧрыс па, бҧрыс па, оқырман қалай қабылдайды - келешек ҥлесіндегі дҥние деп білеміз. Ҽзірге ҽдеби қҧбылыс ретінде қабылдауымыз керек.

Ағылшын тіліндегі «post» сҿзінің уақыт жаңалығына емес, сапаға қаратылғанын ескерсек постмодернизм деген атаудың ҿзі жаңа ҽдеби қозғалыс.Кез-келген дҽстҥрдің басы жаңашылдықтан басталатыны сияқты, жаңашылдықтың да келе-келе дҽстҥрге айналуы мҥмкін. Уақыт – таразы, сондықтан кез-келген жаңашылдық дҽстҥрге айнала бермей, ҿткінші қҧбылыс болып қана, жылдар шаңына жҧ тылып кетуі де бар.

Жаңалыққа ҥрке қарау, ҥрке қарай отырып оған бойымызды ҥйрету, қабылдау ежелгі ҽдетіміз. Ҽлемдік ҽдебиеттің озық ҥлгілеріне еліктеу жҽне оның қазақы болмысын жасау - жаңа ағымшыл жастарымыздың ғана емес ҽдебиетіміздің де мҧрат-мақсатының бірі. Қуанарлығы бҥгінгі қазақ поэзиясы осы сауалға ҿлеңмен жауап іздеп, ҽр ақын шамасынша іздену ҥстінде.

Сҥтпен бітіп, сҥйекпен қайнасқан ата-бабамыздың асыл рухы бағзы кҿкбҿрілігімен даралана

(6)

79

(7)

жосылып, ҽ лем ҽдебиетінің алдына шықпаса артында қалмайтындығына сендіреді.

Бҥгінгі жаңа есімдердің ертеңгі жарық жҧлдыздар шоғырын қҧрайтынында кҥмҽн жоқ.

Қолданған әдебиеттер тізімі Постмодернизм жҽне мҽдениет. Он томдық.

Алматы, 2006. «Қазақ ҽдебиеті», №13, 10 сҽуір, 2009 ж.

«Жас қазақ» газеті, №13, 20 тамыз, 2010 ж.

Ҽбдікҽкімов Т. Ақшам хаттары. Алматы: «Жалын», 1999 - 130 б. Райымбекҧ лы М. Кентавр. Алматы: «Жалын», 2008 - 150 б. Елгезек А. Кҿ леңкелер кҥбірі. Астана:

«Фолиант», 2009 - 135 б.

Жҥніс Е. Киелі тҥндердің дҧғасы. Астана: «Профи Медиа», 2011.

- 140 б. Ісмақова А. «Қазақ ҽ дебиеті», 11 ақпан, 2010.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақ ҧлттық ойындарының студенттерге тигізетін тҽрбиелік мҽні орасан зор жҽне де дене тҽрбиесінің баға жетпес қҧрамы .Қазақтың ҧлттық ойындары тек ойын сауық жағынан ғана емес ол-спорт