• Tidak ada hasil yang ditemukan

Алға қаласының қоқыс полигонындағы қалдықтарды сұрыптау арқылы қаланың экологиясын және ауа сапасын жақсарту

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Алға қаласының қоқыс полигонындағы қалдықтарды сұрыптау арқылы қаланың экологиясын және ауа сапасын жақсарту"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Жобаның қысқаша сипаттамасы Краткое описание проекта

2проект.

«Алға қаласының қоқыс полигонындағы қалдықтарды сұрыптау арқылы қаланың экологиясын және ауа сапасын жақсарту»

Жоба атауы

Название проекта «Алға қаласының қоқыс полигонындағы қалдықтарды сұрыптау арқылы қаланың экологиясын және ауа сапасын жақсарту»

Мүдделі мемлекеттік органдар Заинтересованные госорганы

Алға ауданының тұрғындары;

Инвестиция салушы;

«Ақтөбе облысы, Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ;

Мердігер мекеме;

Қоқыс жинау субъектілері.

Проблемалық жағдай (кейс) Проблемная ситуация (кейс)

Ақтөбе облысы Экология басқармасының мәліметі бойынша Бүгінгі таңда Алға қаласы айналасындағы ауаның 1 куб метрдегі адам ағзасына зиянды химиялық элементтер мен қосындылардын милиграммен есептегендегі мөлшері 10 мг/м3 қамтиды, бұл Ауа Сапасы Индексінің «денсаулыққа зиянды»

көрсеткішіне тең.

Ауаның ластануының басты көзі - қоқыс полигоны, өйткені Алға қаласында қазіргі таңда барлық ірі «Акросс ПишеПром» ЖШС,

«Нетрохим» ЖШС кәсіпорындар жабылған.

Алға қаласынан батыс бағытта 5 шақырым жерде орналасқан. Көлемі 7 га. Болатын ҚТҚ Полигонына жыл сайын 540 000 тонна тұрмыстық қалдықтар жинақталады.

Қалдықтар — қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жер бетіндегі зиянды заттардың жинақталған массасы топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жер асты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Қоқыстар жанған кезде атмосфераға өте көп улы заттар бөлініп, тыныс жүйесі аурулары мен репродуктивті және иммундық жүйелердің ауытқуларына әкеліп соғуы мүмкін

Аса қауіп төндіретін органикалық заттар — диоксиндер. Олардың әсері цианисті калийден, стрихниннен және курареден күшті абсолютті у болып есептеледі.

Үлкен қауіп тудыратын қатерлі зат —

(2)

фильтрат, ол қоқыс алаңдары аумағынан жерасты суларына түседі. Қалдықтарда дизентерия, холера, туберкулез және т.б.

ауруларды тудыратын бактериялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Фильтраттардың

жерасты суларына өтуі, осы

микроорганизмдердің кең таралуына әкеліп соғуы мүмкін.

Алға қаласында қолданыстағы қоқыс полигоны 2009 жылы Ақтөбе облысының құрылыс басқармасымен 80,4 млн теңгеге салынып, пайдалануға беріліп кейін жеке кәсіпкелерге сенімгерлік басқаруға берлілді.

2014 жылдарға дейін «Алға-Тазалық» КМК балансында болып, қалаішілік қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін осы аталған мекеме атқарды.

2014-2018 жылдар аралығында ИП

«Трумова И» (3 жыл), ИП «ЖАККАС»,

«С.О.К» ЖШС-і (1 жыл) қалалық қоқыс полигонын сенімгерлік басқаруға алып, қалдықтарды жинақтау қызметтерін жүзеге асырды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап, «Тазалық-2015» жеке кәсіпкерлігіне 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді,сенімгерлік басқаруға беріліп жеке кәсіпкерлер пайдаланып келді. Алайда, аталған кәсіпкерлер көму жұмыстарын санитарлық ережелер мен экологиялық талаптарды сақтамай жүзеге асырып келгендіктен сот арқылы келісім шарттар бұзылған болатын.

Еуропалық елдерде қоқыстардың 80 пайызы қайталама шикізат ретінде пайдаланылып, табыс көзіне айналғандығын атап өту керек.

Адам ағзасына зиянды химиялық элементтер мен қосындылардын мөлшері, 1 куб метрдегі милиграммен есептегенде химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының ауадағы шекті рұқсат етілген концентрациясы, мысалы, бөлшектер, озон, азот диоксиді, күкірт диоксиді және көміртегі тотығы шығарындылары

Ауаның 1 куб метрдегі Адам ағзасына зиянды химиялық элементтер мен қосындылардын милиграммен есептегендегі мөлшері

1. Өте қауіпті заттар (10 мг/м3 жоғары).

2. Аса қауіпту заттар (1,1–10 мг/м3);

3. Орташа қауіпті заттар (0,1–1 мг/м3);

(3)

4. Төмен қаупі бар заттар (0,1 мг/м3 – тан төмен);

Осы мәселені шешу жолындағы ұсыныстар

Предлагаемое решение данной проблемы

2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Алға қаласының қоқыс полигоны маңайында жылына 540 000 тонна қоқыс

қалдықтарын сүрыптайтын станция ашу

Жобаның тәуекелдері Риски проекта

Әлемдік инфляцияға байланысты жоба құнының өсуі;

Негізгі құрылғыларға бағаның өсуі;

Жұмысшылар санының тұрақсыздығы (зиянды заттардың адам денсаулығына кері әсер тигізуі);

Өрт қаупі (зауыттың қоқыс полигонына жақын орналасуы, полигонда қауіпті заттардың жарылуы мүмкіндігі.

Күтілетін нәтиже Ожидаемый результат

Алға қаласы айналасындағы ауаның 1 куб метрдегі адам ағзасына зиянды химиялық элементтер мен қосындылардын милиграммен есептегендегі мөлшерін 1 мг/м3-тен асырмау.

Бұл Ауа Сапасы Индексінің «денсаулыққа зиянды емес» көрсеткішіне тең.

Жылына кем дегенде 540 000 тонна қоқыс сұрыптау және пресстелеу

Жобаны әзірлеушілердің байланыс деректері (Т. А. Ә., телефон нөмірі, пошталық мекенжайы)

Контактные данные разработчиков (Ф.И.О., номер телефона, почтовый адрес)

1. Мусагалиев Т.С 2. Мирамбекова Ж.М

3. Толенбаева Д.Р 4. Қалижан А.А

Referensi

Dokumen terkait

Таким образом, разработка мероприятий по развитию инновационной активности производства мяса КРС целесообразно начинать с создания современных откормочных площадок с развитой

Расчёты избыточной смертности используются не только во время эпидемий, но и гораздо шире, как например, для оценки неблагоприятного воздействия твердых частиц с аэродинамическим