• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ БАСҚА ҰҚСАС ҚЫЛМЫСТАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ БАСҚА ҰҚСАС ҚЫЛМЫСТАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ БАСҚА ҰҚСАС

ҚЫЛМЫСТАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Надирова К.К.

«Қайнар» Университеті, заң факультетінің магистранты Ғылыми жетекшісі – з.ғ.д., профессор Қайыржанова С.Е.

Сот тәжірибесі кӛрсеткендей, соттар әрқашанда қарақшылықты ҧқсас қылмыстардан дҧрыс ажыратпайды. Кейбір кездері қарақшылықты пайдакҥнемдік адам ӛлтіруден және бандитизмнен дҧрыс ажыратпаудан сот қателіктері кӛп кездесіп жатады. Сонымен қатар сот тәжірибесінде қарақшылықты тонаумен жиі шатастырады. Кей жағдайларда қарақшылықты ӛзінше билік етумен және қорқытып алушылықпен шатастыру да болады. Бірақ заң саралауды дҧрыс жҥргізуді талап етеді. Осы негіздерді есепке ала отырып, қарақшылықты басқа ҧқсас қылмыстардан ажыратудың теориялық маңызымен қатар, тәжірибелік маңызы да бар деп есептеймін.

Қарақшылық және бандитизм қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік.

Кейбір объективтік белгілеріне қарай қарақшылық бандитизммен ҧқсас болып келеді.

Бандитизм де қарақшылық сияқты бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында кейбір адамдарға шабуыл жасау тҥрінде болуы мҥмкін.

Бандитизм топ болып жасалған қарақшылықпен ӛте ҧқсас болғандықтан, сот тәжірибесінде кӛптеген қиындықтар тудырады. Сот тәжірибесында бандитизмнің белгілері бар қылмысты қарақшылық ретінде санау жағдайлары кездеседі. Сондықтан бҧл қылмыстарды жақсы ажырату керек, ӛйткені, бандитизм қарақшылықтан гӛрі қауіпті қылмыс болып табылады, яғни ол қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған.

Қылмыстық-қҧқықтық әдебиеттерде бандитизм мен қарақшылықты зерттеуге біраз жҧмыстар арналған. Бірақ, бҧл қылмыстарды ажыратуда әртҥрлі талқылау беріледі.

Қарулы шайкамен жасалған қарақшылықты, оған заң аса ауырлататын мән-жайларда неғҧрлым қатаң жаза қолданғандықтан, кейбір заңгерлер оны бандитизммен бірге қылмыстардың жиынтығы ретінде саралау керек деген ҧсыныс енгізді 1. Мҧнда қарулы шайкамен жасалған қарақшылықты банда тҥсінігімен біріктіреді, ал негізі кез келген емес, тек тҧрақты қарулы шайканы ғана банда ретінде қарастыруға болады.

Басқа зерттеушілер болса, бҧл тҥсініктерді біріктірген жоқ. Олар бандитизмнің белгілеріндегі әрекеттерді екі бӛлек қылмыс қҧрамы ретінде қарастырды – қарақшылық және бандитизм 2.

Біздің ойымызша, егер бандиттік шабуыл жасау, мемлекеттің мҥлкін, болмаса адамдардың мҥлкін иемдену мақсатында жҥзеге асырылса, онда ол толық бандитизмнің қҧрамын беріп тҧр. Сондықтан, оны қарақшылық және бандитизм ретінде қылмыстардың жиынтығымен саралаудың еш қажеттілігі жоқ.

Қарақшылық пен бандитизмнің арасындағы ерекшелікті ең бастысы объектісі арқылы ажырату керек. Бандитизм қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған, ал қарақшылық меншікке қарсы бағытталған.

Бандитизм қарақшылықтан қҧрамындағы объективтік және субъективтік жақтарының бірқатар белгілерімен ажыратылады. Банда – бҧл екі немесе одан да кӛп адамдардың бір немесе одан да кӛп шабуыл жасау ҥшін ҧйымдасқан тҧрақты, қарулы сыбайластық болып

78

(2)

табылады. Сонымен қатар объективтік жағына банда қҧрып, сол сияқты банданы басқару да жатады. Банданың келесі міндетті белгілері бар:

1. екі немесе одан да кӛп адамдардың болуы;

2. қаруланғандық (кем дегенде бір банданың қатысушысы);

3. қылмыстық сыбайластықтың тҧрақтылығы;

4. мақсат – адамдарға және ҧйымдарға шабуыл жасау.

Тек жоғарыда аталған белгілердің барлығы болғанда ғана әрекетті бандитизм ретінде саралауға болады.

Бандитизмдегі қаруланғандыққа банда мҥшелерінің кем дегенде біреуінде қарудың болуы жатады. Бандиттік шабуыл жасағанда қару қолданылды ма, жоқ па, еш маңыз болмайды.

Тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі: белгілі бір қарулы топ біраз уақыттың ішінде бірнеше қарулы шабуыл жасайды, бірақ олар банда болып табылмайды. Мысалы, егер қаруланған қылмысқа қатысушылар бір дегенде екі немесе ҥш адамға шабуыл жасауға келіссе, бірақ олардың әрекеті белгілі бір уақытша эпизоттық жағдайда болса, және оған қатысушылармен алдын ала ол әрекет жоспарланбаса, онда мҧндай топты банда деп қарастыруға болмайды. Мҧндай топ тҧрақты деп танылмайды, яғни кез келген уақытта ыдырап кетуі мҥмкін. Сондықтан мҧндай шабуыл сараланған қарақшылықты береді.

Бандитизмде кӛбінесе қатысушылар, аса қауіпті рецидивистер арасынан алынады, сондықтан ол қауіпті болып табылады. Бандитизм, егер тӛмендегі әрекеттердің біреуі болса, аяқталған деп танылады:

1) қарулы банда қҧру (қылмыс банданы қҧрған сәттен бастап аяқталды деп танылады);

2) қарулы бандаға қатысу (қылмыс бандаға кірген сәттен бастап аяқталады, яғни қылмыс жасауға келісім берген сәттен);

3) мемлекеттік немесе қоғамдық ҧйымдарға немесе азаматтарға бандамен шабуыл жасауға қатысу (қылмыс шабуылды бастаған сәттен бастап аяқталған деп есептеледі).

Ал қарақшылық болса, тек шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Қарақшылыққа дайындалуға байланысты белгілі бір әрекеттерді жҥзеге асырса, онда сот қарақшылыққа дайындау ретінде саралауы мҥмкін.

Қарақшылық бандитизмнен субъективтік жағынан да ажыратылады. Бандитизм қарақшылық сияқты тек қана тікелей қасақаналықпен жҥзеге асырылады, бірақ бандитизмдегі қасақаналық қарақшылықтағыдан ӛзгеше. Бандитизмде кінәлі ӛзінің қоғамдық тәртіпке қарсы ерекше қауіпті қылмыс жасауға ҧйымдасқан, қарулы, қҧқыққа қайшы қауымдастықтың (банданың) мҥшесі екенін біледі. Ал қарақшылықта, қылмыскер ӛзінің шабуылдың қатысушысы екенін (топ болып жасаған қарақшылықта) оның қылмыстық қауымдастық емес екенін біледі. Сонымен қатар қаруланған банда да ммелекеттік, қоғамдық мекемелердің немесе ҧйымдардың мҥлкін иемдену мақсатымен қатар басқа да мақсаттар болуы мҥмкін. Ал қарақшылықта әрқашанда мҥлікті иелену мақсаты болады.

Сонымен қарақшылықпен бандитизмнің негізгі айырмашылығы мынада:

1) қарақшылық меншікке қарсы бағытталған қылмыстарға, ал бандитизм қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстарға жатады;

2) бандитизм, оны қҧрған сәттен бастап аяқталған деп есептеледі, ал қарақшылық – адамға шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады;

3) бандитизмде міндетті тҥрде тҧрақты, қаруланған қылмыстық сыбайластық (банда) болуы керек, ал қарақшылықта ол қаруланған топпен немесе бір адаммен жҥзеге асырылуы мҥмкін;

4) қарақшылық әрқашанда бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында жасалады, ал бандитизмде пайдакҥнемдік мақсаттан басқа, тҥрлі мақсаттар болуы мҥмкін (мысалы, мҥлікті жою, зорлау, ӛлтіру және т.б.).

Енді қарақшылық және тонау қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік.

Қарақшылық пен тонау, нақтылап айтқанда кҥш қолданып жасалған тонау бір-бірімен ӛте

(3)

ҧқсас болып келеді. Сондықтан да сот тәжірибесінде қарақшылықты тонау деп, ал тонауды қарақшылық деп саралау жиі кездесіп жатады.

Тонауды біз қарақшылықтың қҧрамын талдағанда қарастырғанбыз. Бірақ ол толық талдауды қажет етеді, яғни тонауды қарақшылықтан нақты белгілері арқылы ажырату керек.

ҚР ҚК-нің 178-бабында тонау дегеніміз – бӛтен мҥлікті ашық ҧрлау деп анықтама берілген. Оның қоғамдық қауіптілігі меншікке қҧқықты бҧзуынан кӛрініс табады.

Тонаудың (кҥш қолданып тонағанда) қарақшылықпен ҧқсас жері, ол объектісінде, яғни оның объектісі – меншік, ал қосымша тікелей объект ретінде денсаулық алынады. Бірақ, айырмашылығы қарақшылықтың объектісі меншік және ӛмір мен денсаулық. Мҧнда екі объектінің де болуы шарт, ӛмір және денсаулық қарақшылықтың екінші маңызды объектісі болып табылады. Тонаудың қҧрамы қҧрылымы жағынан материалды, сондықтан да бҧл іс- әрекеттің объективтік жағын:

а) қоғамға қауіпті әрекеттер;

б) қоғамға қауіпті салдарлар;

в) солардың арасындағы себепті байланыс қҧрайды.

Ал қарақшылық қҧрамы қҧрылымы жағынан формальді болып табылады. Мҧнда зиянның орын алуы міндетті емес.

Тонау қарақшылықтың жеңіл тҥрі десе де болады. Мысалы, ӛмірге және денсаулыққа қауіпті емес кҥш қолдану арқылы тонау, айыптының мҥлікті ӛзінде ҧстап қалу мақсатында қарақшылыққа ҧласуы мҥмкін, яғни ӛмірге және денсаулыққа қауіпті кҥш қолданылуы мҥмкін.

Жәбірленушінің денсаулығы мен ӛмірі ҥшін қауіпті емес кҥш қолдану деп – кіші- гірім жарақат, қанталау, дене тырналуы тҥрінде денсаулыққа келтірілген жеңіл зиянды тҥсіну керек. Адамның жанына бататын, бірақ жарақат қалдырмайтын ҧрып-соғу немесе ӛзгедей кҥш қолдану әрекеттері де сондай зорлыққа жатады. Бӛтен мҥлікті иелену ҥшін жәбірленушіні бостандықтан айыру немесе бостандығын шектеу, байлап тастау, ҧстап тҧру және басқадай да айыпты қолданған әрекеттер де денсаулыққа немесе ӛмірге қауіпті емес зорлықтар қатарына жатады.

Сол сияқты жәбірленушінің организміне, оның еркінсіз ӛмірі мен денсаулығына қауіпті емес кҥшті әсер ететін улы, есеңгірететін заттарды енгізу тонау ретінде сараланып, ал егер ол оның ӛмірі мен денсаулығына қауіпті болса, ол қарақшылық ретінде саралануға тиіс

3.

Сонымен қарақшылық пен тонаудың негізгі айырмашылығы мынада:

1) тонаудың объектісі – меншік, қосымша объектісі ретінде (кҥш қолданып тонағанда) адамның денсаулығы болуы мҥмкін, бірақ бҧл әрқашанда 2 объекті бірдей болады дегенді білдірмейді, тонау кҥш қолданбай да жасалына береді. Ал қарақшылықта міндетті тҥрде екі объектінің де болуы керек;

2) тонаудың қҧрамы қҧрылымы жағынан материалды, яғни міндетті тҥрде залалдың орын алуы шарт. Ал қарақшылық формальдік қҧрамға жатады, яғни мҧнда залалдың орын алуының қажеттілігі жоқ, тек шабуыл жасаған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп деп танылады;

3) кҥш қолданып жасалған тонау қарақшылықтағы сияқты физикалықпен қатар психикалық та болуы мҥмкін. Бірақ ол адам ӛмірі мен денсаулығына қауіпті емес болуы керек. Ал қарақшылықта кҥш қолдану адам ӛмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылады, яғни қарақшылық қоғамдық қауіптілігі жағынан ауыр болып келеді.

Енді қарақшылық және пайдакҥнемдік адам ӛлтіру қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік. Бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында адам ӛлтіру, екі бӛлек қылмысты қҧрайды.

Мҧндай саралау, ауыр қылмысты, одан неғҧрлым жеңіл ӛзіне сіңіре алмайтындықтан болып отыр. Қазіргі қылмыстық кодексте тек ӛмірге және денсаулыққа қауіпті кҥш кӛрсету туралы айтылған. Бірақ ӛмірге қауіпті және ӛмірін қию бір тҥсінік емес екенін есте сақтау керек.

(4)

Прфессор Н.И. Загородниковтың айтуы бойынша ―қасақана адам ӛлтіру ауыр қылмыс ретінде одан жеңіл, яғни қарақшылық сияқты қылмыстың бір бӛлігі бола алмайды.

Сондықтан бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында адам ӛлтіру, адам ӛлтірудің сараланған қҧрамын береді. Сонымен қатар, ғалымның ойы бойынша, бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатымен шабуыл жасауда, жәбірленушіге ӛлім әкеп соқса, онда ол пайдакҥнемдік мақсаттағы адам ӛлтірудің қҧрамын бере алмайды. Сондықтан, бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатында шабуыл жасау, қосымша қарақшылық қҧрамымен саралауды қажет етеді‖ 4.

Шабуыл жасаумен ҧштасқан адам ӛлтіруді қарақшылық және пайдакҥнемдік адам ӛлтіру деп саралаудың тәжірибелық маңызы зор. Ӛйткені, адам ӛлтірудің сараланған қҧрамы ҥшін он жылдан жиырма жылға дейін немесе ӛмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Сондықтан адам ӛлтірудегі санкция қарақшылықтағыға қарағанда ауыр болып табылады.

Сонымен қатар ҚҚ-тің 2 бӛлімінің санкциясы балама ретінде ӛмір бойына бас бостандығынан айыруды кӛздейді.

Егер пайдакҥнемдік адам ӛлтіру шабуылсыз басталған болса, онда ол ҚК-тің 96- бабының 2-бӛлігі бойынша саралануы тиіс. Егер, қарақшылық шабуыл жасалғаннан соң, адам қасақана ӛлтірілсе, онда ол пайдакҥнемдік адам ӛлтірумен қатар, қарақшылықпен де саралануы тиіс. Сонымен бірге, қарақшылық жасаудағы адам ӛлтіру ойының басталуының еш маңызы жоқ. Ол шабуыл жасау алдында немесе оны жасау процесінде болуы мҥмкін.

Мҧндағы маңыздылық, тек кінәлінің бӛтеннің мҥлкін иелену ойы адам ӛлтіру басталғанға дейінгі болғанын анықтау керек. Егер жәбірленушінің мҥлкін иелену ойы кінәліде оны ӛмірден айырған соң пайда болса, онда ол қарақшылық қҧрамын береді.

Сот тәжірибесі және теория пайдакҥнемдік мақсатпен адам ӛлтірудің келесі тҥрлерін ажыратады: мҧра алу мақсатында адам ӛлтіру, қарыздан немесе алимент ӛндіруден босату, тҧрғын алаңға қҧқық алу, қызметті иелену, сыйақыға адам ӛлтіру және т.б. адамға шабуыл жасауды жоққа шығаратын адам ӛлтіру (улап, тҧншықтырып, қылқындырып, газбен және т.б.).

Пайдакҥнемдік мақсатпен адам ӛлтіру сияқты, ҥйде бір-бірінің мҥлкін иелену мақсатында ӛлтіру де бағалануы тиіс.

Кейбір авторлар пайдакҥнемдік адам ӛлтіру мен қарақшылық шабуылы кезіндегі адам ӛлтіруді ажыратуда мынандай тҧжырымды ҧстанады, яғни шабуыл егер ашық жасалса, қарақшылық деп, ал егер жасырын жасалса – пайдакҥнемдік адам ӛлтіру деп қарастырады.

Мҧндай кӛзқарасты А.А. Пионтковский және М.М. Исаев ҧстанды 5.

Осы жағдайларды негізгі ала отырып, қарақшылықтағы адам ӛлтірумен пайдакҥнемдік адам ӛлтірудің арасындағы айырмашылықты мынадан кӛруге болады:

1. Қарақшылықпен адам ӛлтіруде әрекет әрқашанда адамға шабуыл жасау арқылы жҥзеге асырылады, ал пайдакҥнемдік адам ӛлтіруде әрекет әрқашанда шабуыл тҥрінде болмауы мҥмкін.

2. Қарақшылық шабуылы кезіндегі адам ӛлтіруде екі бӛлек қылмыс қҧрамы болады және олар қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады, ал пайдакҥнемдік адам ӛлтіру, қарақшылық шабуылы болмағанда, тек бір ғана баппен сараланады.

Ал енді қарақшылық пен бҧзақылық қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік. Қарақшылық пен бҧзақылықтың объективтік жағынан, ҧқсас болуы, кейбір жағдайларда оны соттардың дҧрыс бағаламауына әкеліп соқтырады.

Бҧзақылықтың объектісіне байланысты Н.Д. Дурманов былай дейді: ―Бҧзақылықтың объектісі – бҧл қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау. Бірақ бҧзақылар кӛп

жағдайда адамның денсаулығына және оның меншігіне қол сҧғады‖ 6. Бірақ олар бҧл объектілерге қол сҧқпауы да мҥмкін. Ал қарақшылық міндетті тҥрде адамның ӛмірі мен денсаулығына және меншікке қол сҧғады.

Бҧл қылмыстардың ерекше айырмашылығын объективтік жағынан кӛруге болады.

Бҧзақылық бҧл қоғамдық тәртіпті анық бҧзудың және қоғамды қҧрметтемеудің белгісі. Ал қарақшылық болса, жәбірленушінің мҥлкін иелену мақсатында, ӛмірі мен

денсаулығы ҥшін қауіпті кҥш қолданудан немесе осы сияқты кҥш қолданамын деп қорқыту

(5)

арқылы шабуыл жасаудан кӛрініс табады. Сондықтан бҧл жердегі шабуыл жасау – мҥлікті иеленудегі мақсатқа жету қҧралы болып табылады.

Субъективтік жағынан қарақшылықта кінәлі бӛтен біреудің мҥлкін иемдену мақсатын кӛздейді. Сондықтан мҧнда қылмыскерлер таңдауды кӛп жасайды. Олар ӛзінің қҧрбанын қарастырады, оның артынан аңдиды, тҥсетін пайданы бағалайды және тек осыдан соң ғана шабуыл жасайды. Ал бҧзақылықта ондай емес. Бҧзақыға оның қҧрбаны кім болса да бәрі бір. Ол қарақшылықтағы сияқты мақсаттарды кӛздемейді. Сонымен қатар олардың әрекеттерінің қасақаналығының мазмҧны жағынан да ажыратуға болады. Қарақшылықта, пайдакҥнемдік мотив арқылы бӛтеннің мҥлкін иемдену мақсатында қасақаналық тек тікелей болады. Ал бҧзақылықта тікелей қасақаналықпен қоса жанама да болуы мҥмкін.

Сонымен қарақшылық пен бҧзақылықтың негізгі белгілерін анықтай келе, оның негізгі айырмашылықтары мынада:

1)бҧзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік, ол қарақшылықтың негізгі объектілері – меншік, жәбірленушінің ӛмірі мен денсаулығы;

2) қарақшылықта кҥш қолдану, бӛтеннің мҥлкін иелену мақсатына жету қҧралы болып табылады. Ал бҧзақылықта мҧндай мақсат жоқ.

Қарақшылық және ӛзінше билік ету қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік. Ӛзінше билік ету ӛзінің объективтік жағынан қарақшылықпен ҧқсас болып келеді.

Бірақ субъективтік жағынан алғанда ӛзінше билік етуде кінәлінің әрекеті қарақшылықтан елеулі тҥрде ажыратылады.

Ӛзінше билік ету бӛтеннің мҥлкін талан-тараждау мақсатында емес, оның анық немесе шамаланған қҧқығы бар мҥлікті иелену мақсатында жҥзеге асырылады. Сондықтан ӛзінше билік ету пайдакҥнемдік қылмыс болып табылмайды.

Ӛзінше билік етудің объектісі мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы. Заң бойынша тікелей объектісі - Қазақстан Республикасында жеке және заңды тҧлғалардың қҧқықтары мен мҥдделерін жҥзеге асыру және қорғау тәртібі табылады. Ал қарақшылықтың объектісі меншік және адамның ӛмірі мен денсаулығы.

Ӛзінше билік ету қарақшылыққа қарағанда жеңіл қылмыс болып табылады.

Сондықтан заң шығарушы оған жеңіл санкция қарастырған.

Ӛзінше билік ету мен қарақшылықтың негізгі белгілерін мынадан кӛруге болады:

1) қарақшылыққа қарағанда ӛзінше билік етудің объектісі мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы болып табылады және ол басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға жатады;

2) ӛзінше билік ету пайдакҥнемдік қылмыс болып табылмайды. Ӛйткені, онда ол ӛзінің мҥліктік және мҥліктік емес сипаттағы анық немесе шамаланған қҧқығын жҥзеге асырады, яғни белгіленген тәртіпті бҧзады. Ал қарақшылық пайдакҥнемдік қылмысқа жатады.

Қарақшылық және қорқытып алушылық қылмысының айырмашылығын қарастырып кӛрейік. Қорқытып алушылық қарақшылыққа ӛте жақын болып келеді, сондықтан олардың айырмашылығын объектісінен және объективтік жағынан кӛруге болады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабы қорқытып алушылыққа мынадай анықтама берген, яғни қорқытып алушылық, бӛтен мҥлікті немесе мҥлікке қҧқықты беруді немесе кҥш қолданумен не бӛтен мҥлікті жоюмен немесе бҥлдірумен қорқыту арқылы мҥліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мҥдделеріне елеулі зиян келтіруі мҥмкін ӛзге де мәліметтерді жариялау.

Осы кӛрсетілген анықтамадан кӛретініміз, қорқытып алушылық, қарақшылыққа қарағанда кӛптеген адамдардың мҥліктік қҧқықтарына қол сҧғады. Оның объектісі – меншік, ал заты – мҥлік және мҥліктік сипаттағы қҧқықтар. Сонымен қатар бҧл қылмыстың объектісі

– жәбірленушінің жеке басы да болады, яғни қылмыс кҥш қолданамын деп қорқытудан болмаса, масқаралаймын деп қорқытудан тҧрады.

(6)

Қарақшылықта кҥш қолдану тікелей мҥлікті иемдену мақсатында бағытталса, қорқытып алушылыққа қылмыскерлер мҥлікпен қоса, сол уақытта жәбірленушіде жоқ мҥлікке қҧқықтарды да талап етуі мҥмкін. Ол сонымен қатар, оның пайдасына мҥліктік сипаттағы белгілі бір әрекеттерді жасауды да талап ете алады 7.

Қорқытып алушылықтың объектісі ҥлкен топтағы адамдардың игіліктерін де ӛзіне қосады. Мысалы, кінәлі адамның ар-ожданына, қадір-қасиетіне қол сҧға алады. Ал, қарақшылықта ол жоқ. Сонымен қатар қарақшылықта кҥш қолдану жәбірленушінің ӛмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған, ал қорқытып алушылықта адам ӛмірінен басқа оның оның денсаулығына, бостандығына кінәлі тиісе алмайды 8. Объективтік жағынан қарақшылық пен қорқытып алушылық кҥш қолдану арқылы ажыратылады. Қарақшылықта физикалықпен қоса, психикалық кҥш қолдану да орын алады. Ал қорқытып алушылықта – тек психикалық кҥш қолдану болады. Сонымен қатар мҧндағы кҥш қолдлану заңдағы анықтамаға сәйкес кең ауқымды болып табылады. Мҧнда психикалық әсер ету әртҥрлі болады, яғни ол жәбірленушінің ӛзін немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді тарататын, кҥш қолданамын, мҥлікті қҧртамын деп жҥзеге асырылады. Ал қарақшылықта айыпты тек физикалық кҥш қолданамын деп қорқыта алады.

Қарақшылықта, егер жәбірленуші кінәлінің талабын сол уақытта орындамайтын болса, онда жәбірпленушінің ӛмірі мен денсаулығына кҥш кӛрсету қаупі туындайды, яғни оған физикалық кҥш қолдану сол уақытта жҥзеге асырылуы мҥмкін. Ал қорқытып алушылықта, егер жәбірленуші кінәлінің талабын орындамайтын болса, онда оған болашақта кҥш қолданылуы мҥмкін. Бҧл осы қылмыстарды ажыратудың белгісі.

Егер қорқытып алушы жәбірленушіге қорқыту кезінде кҥш қолданса, онда айыпты қорқытып алушылық, қарақшылық немесе тонау, (кҥш қолдану дәрежесіне қарай) ретінде жауапқа тартылады. Бҧл ереже, тек бӛтеннің мҥлкін иелену қҧралы ретінде кҥш қолданғанда ғана қолданылады. Егер ол, мысалы, мҥлікті беруден жәбірленуші бас тартқанда кек алу мақсатында жҥзеге асырылса, онда ол бҧл қылмысты бермейді.

Қылмыстың аяқталуына қарай да бҧл қылмыстар бір-бірінен ажыратылады.

Қарақшылықтың аяқталуы шабуыл жасау сәтінен басталса, қорқытып алушылықта, кінәлі мҥлікті беру туралы талап қойған сәттен бастап аяқталады.

Субъективтік жағынан бҧл екі қылмыс та тікелей қасақаналықпен жасалады, бірақ оның мазмҧны әртҥрлі. Қарақшылық кезінде шабуыл жасаушы ӛз алдына қҧрбанының нақты заттарын иелену мақсатын алға қойса, қорқытып алушылықта ол жәбірленушіде жоқ мҥлікті иелену мақсатын ӛз алдына қояды. Қарақшылықта шабуыл жасаушы затты, ақшаны және басқа да заттарды иеленуді қаласа, қорқытып алушылықта ол онымен қоса мҥліктік қҧқықтарды иеленуді кӛздейді және оның пайдасына осы әрекеттерді жҥзеге асыруды талап етеді.

Қорқытып алушылық қарақшылыққа қарағанда жеңіл қылмыс болып табылады.

Ӛйткені қорқытушы әрқашанда ӛзінің әрекетін жҥзеге асыра бермейді. Сонымен қатар, кінәлінің сол арада кҥш қолданбауы, жәбірленушіге оның әрекетін шындыққа сәйкестігін, яғни орындалатынын немесе орындалмайтынын бағалауға мҥмкіндік береді. Оған қарамай жәбірленушінің бҧл туралы билік оргындарына хабарлауға мҥмкіндігі бар. Ал қарақшылықта жәбірленушіге мҧндай мҥмкіндік берілмейді.

Осы жоғарыда айтылғандарға қарап, бҧл қылмыстардың негізгі айырмашылықтары мынада:

1) қарақшылықтың ауқымынан гӛрі қорқытып алушылықтың ауқымы кеңірек болып табылады. Қорқытып алушылықтың заты болып қозғалатын және қозғалмайтын мҥлік, сонымен қатар әртҥрлі мҥліктік сипаттағы қҧқықтар болуы мҥмкін;

2) қорқытып алушылықта кінәлі, оның талаптарын жәбірленуші орындамайтын болса, болашақта кҥш қолданамын деп қорқытады. Ал қарақшылықта кҥш қолдану сол арада, яғни мҥлікті иеленген кезде жҥзеге асырылады;

3) қарақшылыққа қарағанда қорқытып алушылықта кҥш қолдану тек психикалық тҥрде жҥзеге асырылады.

(7)

Әдебиеттер:

1. Хоразашвили Б.А. Вопросы мотива поведения преступника в советском праве.

Тбилиси, 1963 г.

2. Филимонова А.А. Некоторые вопросы судебной практики по делам о разбоях. Ученые записки юридического факультета, выпуск 4, Казахстанского универститета, 1957 г.

3. Фролов Е.А. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления 2006 г.

4. Ляпунов Ю.И. Основные теоретические проблем уголовно-правовой охраны природы.

М. 2007 г.

5. Каиржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. А., 2005 г.

6. Наумов А.В. Уголовные право. М. 2000.

7. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 2004 г.

8. Уголовное право РК. Общая часть. Под редакцией П.Поленова. А., 2001 г.

Referensi

Dokumen terkait

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметтері және оларға қойылатын талаптар Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің жіктелуі, оларға қойылатын талаптар, қоғамдық тамақтандыру