Сердәлі.Б.К.
Түркістан/Қазақстан
«ҚЫРҒЫЗСТАН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДА» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ
Кӛршілес қырғыз еліндегі саяси толқулар билік жүйесінің жаңа радикалды формасының қалыптасуымен қатар, қоғамның түрлі тармақтарында бірқатар түбегейлі ӛзгерістерді де ала келді. Роза Отунбаева басқарып отырған қазіргі президенттік құрылымның алдына ауыр міндеттер мен жауапкершіліктер жүктеліп отыр. Бұрынғы Кеңестік жүйе арқылы қырғыз журналистикасында үлгі болар бірқатар үдерістер бар еді.
Бұл үдеріс саяси ортада жаңа субьектілердің пайда болуынан түбегейлі ӛзгеріске ұшырады. Мысалы, посткеңестік жүйеде Қырғызстанда журналистика ғылым ретінде белгілі бір деңгейде теориялық жетістіктерге жетіп, саяси ортада ӛз орнын тапқан болатын. Бұл бір жағынан ғылыми публицистиканың дамуына себеп болды.
Қырғызстанда БАҚ-тың да, электронды медианың да материалдық-техникалық базасы ӛте нашар болатын. Аймақтың кемшілігі Мәскеуде жарық кӛретін орталық баспасӛз үшін шет жаңалық болып есептелді де, мұндай кӛзқарас Кеңестік кезеңінде терең тамырлап, 15 республиканың қатарында Қырғызстанның Кіндік Азиядағы маңызы жағынан салмағын әлсіретіп, «ақ алтын» мекені Ӛзбекстаннан, «алтын дән» ӛлкесі Қазақстаннан тӛмен дәрежеге сүйреді. Қырғыз медиасының барлық жағынан артта қалғандығы кәсіби- техникалық базаның әлсіреуінен де байқалып тұрды. Мемлекеттің ӛзі де, маңызды стратегиялық аналитикалық ұйымдар болмағандықтан, мемлекеттің либералды жолмен тез дамитынына сенді. Мемлекет тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де БАҚ саласында бірқатар ӛзгерістер болды. Бірақ бұл кайта құру кезеңінде БАҚ-тың санының ӛсуі және олардың тұрақтылығының дәлелі емес еді. Кӛптеген басылымдар ашылып үлгермей жатып-ақ ӛз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 1999-2001 жылдар аралығында БАҚ саясаты сол қалпында еш ӛзгеріссіз қалды. Бұл уақытта қырғыз журналистикасы бірін-бірі ӛзара бақылап, қадағалап тұрған, бірақ бірі-біріне мүлдем ұқсамайтын кезеңдерді бастан кешті. Жалпы, 90-жылдардың орта шеніне дейін Қырғызстандағы ақпарат үдерістері Ресейдің журналистикасында болып жатқан ӛзгерістермен қатар дамыды. Ресейдің ақпарат таратудағы тәжірибесі қазіргі таңға дейін мұнда ӛз ықпалын тигізіп келеді.
Журналистикадағы аналитикалық зерттеулер дәлелдегендей, Қырғызстанның ақпарат тарату тармағы да сол тұстағы Қазақстан сияқты БАҚ-тың жеке меншікке кӛшуі мен саяси ортадағы плюрализациямен септескен Ресейлік үлгіге ұқсайды. Әрине, бұл Қырғызстанның басқа аймақтары үшін осы бағытта батыл әрекеттер жасауға негіз қалады.
80-жылдардың соңында Қырғызстанда партиялық ұйымның жанынан «Вечерный Фрунзе»
деген атпен күнделікті қалалық газеттің шығуы да осы сенімнен туды. Қырғыз Республикасының 1992 жылы қабылданған «БАҚ туралы заңы» журналистиканың либералды жолмен іс-әрекетке жетуіне бағытталған. Заңда журналистикадағы іс- әрекеттерді іске асыру механизмдерінің анық еместігі және ойлардың ашық жазылмағандығы сезілгенімен, іс жүзінде оның басылымдардың еркін дамуына мүмкіндік бергендігі байқалады.