ПАТШАЛЫ РЕСЕЙ ҚҦРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС ШЕКАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сыздық Салтанат Қуандыққызы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ студенті, Астана қ.
Ғылыми жетекші – т.ғ.к., доцент Ибраева А.Ғ.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның қҧқықтық реттелуінің ӛте ерте және қиын тарихы бар. Ол ҥ ш ғасырға жуық қалыптасқанымен, бірінші қҧжаттық рәсімделуі 140 жыл бҧрын, яғни Қазақстан Ресей империясының қҧрамында болған кезде басталды. Бҧ л кезеңде шекара сызықтары Ресей мен Цин империясының геосаяси мҥдделерінің негізінде жҥ ргізілді.
Шу және Талас ӛзендері алқаптарында Қазақ хандығының қҧрылуы қазақ халқының бас қосып, нығаюына және оларға туыстас тайпалардың қосылуына жол ашты. Бірақ ҥш жҥзге бӛлінген қазақтардың біртҧтас мемлекеттік қҧрылымы болмады, әр жҥздің ӛз ханы болды.
Ҥш жҥз алып территорияны ҥш бӛлікке бӛліп ӛмір сҥрді. Қазан, Астрахань және Сібір хандықтарын бағындырған соң Ресей мпериясының шекаралары ХҤІІІ ғасырда қазақтардың кӛші-қоныс жерлеріне қоян-қолтық жақындады. Қазақстанның шығыс шекарасында Жоңғар хандығының шапқыншылығы кҥшейді.
Егер орыс әскерлерінің ілгері жылжып, негізінен бекіністі шеп бойларына қоныстар салуы (Жайық, Горький, Ертіс, Бҧқтырма) онша ҥлкен қарсылықсыз жҥргізілсе, жоңғарлардың ҧлан-байтақ жайылымдықтар мен су кӛздерін басып алу мақсатымен Қазақстанға енуі қан тӛгіс қақтығыстарға, кӛптеген кӛшпенді қауымдарды талқандап, қазақтардың басым кӛ пшілігін ӛздерінің ата-мекендерінен батысқа босуына әкеп соқтырды.
Жоңғарлардың (ойраттар, қалмақ) қазақ даласына енуі ХҤ ІІ ғасырдың бас кезінде-ақ басталды.
Қазақтардың біртҧтас жасақ қҧ рып, жоңғарларды ойсырата жеңіп, оларды ӛз жерлеріне кетуге мәжбҥр еткенімен, Тәуке ханның дҥние салуына байланысты жоғары билік ҥшін кҥ рес басталып, қазақтардың жеңісі осымен аяқталды. Қазақтар арасында жік тҥсіп, қылыштарынан қан тамған жоңғар әскерлері қазақ кӛші-қоныстарын талай бастаған осындай қиын қыстау заманда ҥлкен қамқоршы керек болды. Ол солтҥ стіктегі кӛ ршіміз Ресей еді.Дегенмен, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы «қамқоршы» тарапынан болатын әскери кӛмекті жасата қоймады да, ӛз жерлерінен жоңғарларды қуып шығу бҧрынғысынша қазақтардың ӛз шаруасы болып қала берді. ХҤІІІ ғасырдың ортасына қарай қазақтар ҥшін әскери-саяси жағдай қолайлы болып қалыптасты. Цин Қытайы 1745 жылы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді де, қытай әскерлерінің топтары тіпті Қазақстанның шығыс шептеріне жақындай бастады [1,14 б.].
Дипломатиялық келіссӛздер мен кҥрес ҧзақ жылдарға созылып келді де, ақырында ХҤІІІ ғасырдың соңына қарай ойраттарды Қазақстанның шығыс аймақтарынан қуып шығумен аяқталды. Ал, Қытаймен екі арадағы ӛзара қарым-қатынастар тҧтас бір ғасырға созылды. Бҧл ретте, дипломатиялық саясаттың барлығында Абылай ханның кӛ реген саясатын айта кету жӛн.
Абылай ханның қазақ халқы ҥшін атқарған қызметі аса зор болды. Абылай ханның қазақ халқын кҥшейтіп, оның жерін, мемлекетін сақтап қалу барысында кӛрші екі алып империямен тиімді, ӛзіндік саясат жҥ ргізді.
1755 жылдан бастап Цин империясы ойрат жерлерінің қазақ және қырғыз жерлерімен шекарасын анықтауға тырысты. Қытаймен бейбіт келісімге келген соң, қазақ феодалдары ӛз жерлерін дипломатиялық келіссӛздермен қайтарып алуға ҧмтылды. 1763 жылы 5 қыркҥйекте қазақтарға, қырғыздарға Шу, Талас ӛзендерінің аудандарында және Іле ӛзенінің батысы мен Аягӛз ӛзенінің оңтҥ стігінде біраз жерлерде кӛшіп-қонуға тыйым салынды, ал егер қазақтар ол жерлерде мал бағатын болса, онда оларды дереу қуу керек деп кӛрсетілген император Цзяньмунның Шыңжан ҥкіметіне арнайы бҧйрығы келді [2]. Оған қарамастан қазақтар
Тарбағатай мен Жетісуда кӛшіп-қонып жҥре берді, бҧ л жиі-жиі қытай горнизондарымен қақтығыстарға әкеліп тҧрды. Цин ҥкіметі қазақтарды Іле, Қорғас, Лепсі ӛзендерінің аңғарларынан, Алакӛл кӛлімен, Тарбағатайдан және Ертіс ӛзенінің жоғарғы ағысындағы жерлерден қуып шығу саясатын жҥргізе бастады. Әсіресе 1762-1765 жылдары қазақ халқына жарияламаған жаңа соғыс болды, қытайлар қазақтарды жазықсыз жазалап, олардың малы мен дҥние-мҥлкін тонауды кҥ шейте тҥсті [2].
Осы кезеңде Жетісуда тӛрт билік болды: бҧл территорияны қазақтардан ӛзге Қоқан хандығы да иелік етті (аргументі-аймаққа толық иелігі), Қытай (аргументі-1756-1758 жылдары Жоңғарияны жеңіп,оның мирасқоры ретінде), Ресей (аргументі-қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы). [3,25 б.]
Осы жағдайларға байланысты Ресей мен Қытай ӛздерінің осы аймақтағы иеліктерін айқындау ҥшін шекара сызығын жҥ ргізуді тездетті.
Шекараны келісіммен анықтаудың қиын кезеңі 1860 жылы 2-қарашада Пекин қосымша келісімінің жасалуымен басталды. Бірақ мҧнда шекара сызығы дәл анықталып, нақтыланып кӛрсетілмеді. Моңғолидан бҧрынғы Қоқан иеліктеріне дейінгі аралықта бағыт алатынын кӛрсетті.
Ресей мен Қытай арасындағы территориялық шектесу, нақтырақ айтсақ Орталық Азиядағы шекара сызықтарын нақтылау жӛніндегі келіссӛздер жалғаса берді. Келіссӛздер 1862 жылы 22- маусымда Шәуешекте басталды. Пекин келісімінің екінші бабы бойынша, шекаралық сызық Енесай басынан, Томск және Енисей генерал- губернаторлықтарының шекарасындағы ескі аралық белгі Шабин дабағадан – оңтҥстік-батысқа қарай Зайсан кӛліне дейін, одан Жоңғар Алатауына қарай, Іле ӛзенін кесіп ӛтіп, Тянь-Шаньнан Қоқан иеліктеріне дейін созылды. Сондай-ақ, 1860 жылы Пекин келісімінің екінші бабы бойынша екі ел арасында батыста осы уақытқа дейін шекара белгісі жҥргізілгеніне қарамастан, қытай пикеттері ол жерде бҧрыннан бар екені айтылмаған. Бҧл пикеттер Циндер Жоңғар хандығын талқандағаннан кейін, біріншіден
– қазақ кӛшпелілері мен осы аймақтың басқа халықтарын бақылау және олардың циндерге қарсы кӛ терілуін алдын алу ҥшін; екіншіден – Аспан асты империясының бағыныштылары болмаған қазақтарды сол территорияға кӛшіп-қонуға кіргізбеу мақсатында қойылған болатын.
Екі ел арасындағы шекараны бӛлісу толық тҥ рде 1864 жылы 25 қыркҥйектегі Шәуешек хаттамасы бойынша жҥ ргізілді. Орталық Азиядағы Ресей мен Қытайдың территориялық- мемлекеттік шекараласуы географиялық жағдайға байланысты жҥ ргізілді, бҧ л жерде шекараны бӛлуде сол территорияда тҧрып жатқан халықтың экономикалық, этнопсихологиялық, саяси жағдайлары есепке алынбады, оны 1864 жылғы Шәуешек хаттамасының 5-ші тармағынан кӛруге болады. Бҧл тармақта былай делінген: «Бҧл шекараны белгілеу екі ел арасындағы достық келісімді мәңгі бекіту мақсатында жасалды, сондықтан да екі ел арасында белгіленген шекараның бойында тҧ ратын халықтар ҥшін талас тумас ҥ шін, осы хаттамамен белгіленген кҥнді негізге алу керек, яғни, осы кҥнге дейін халықтар қай жерде тҧрып келді, сол жерде қалулары керек және ӛмір сҥруге берілген мҥмкіндіктерді пайдаланып, тыныш ӛмір сҥрулері керек, және де қай мемлекетке олардың кӛші-қон жерлері ӛтсе, сол мемлекетке жермен бірге адамдары да ӛтіп, сол мемлекетпен толық басқарылуы тиіс. Осыдан кейін кімде-кім бҧрынғы тҧрғылықты орнынан екінші жаққа кӛшетін болса, онда оларды артқа қайтарып, осымен шекарадағы белгісіздік пен ҥ ркіншілікті тоқтату керек» делінді. [2]. Шекараны бҧлай бӛлу Орта және Ҧ лы жҥ здің кӛп бӛлігі Қытай территориясында қалып қойса, Ресей бодандығына ӛткен кейбір рулар Цин империясында қалып қойған ӛз кӛшін жоғалтты. Шәуешек хаттамасының тездетіп іске асуына Синьцзяндағы дҧнған-ҧйғыр кӛтерілістері себеп болды.
Синьцзянда ҥ ш тәуелсіз иелік пайда болды: орталығы Қашғар қаласы болатын Жетішар («Жетісу»), Тараншы сҧ лтандығы орталығы Қҧлжа қаласы, орталығы Ҥрімші болатын дҧнған қалаларының Одағы. Ең ірісі және кҥштісі ӛз билігінде бҥткіл Шығыс Тҥркістанды алып жатқан Жетішар мемлекеті болды. Оның басшысы Қоқаннан шыққан Жақыпбек болды.
354
Жақыпбектің мемлекеті Іле мәселесін, сонымен қатар, Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей арасындағы жерлерді толығымен территориялық-мемлекеттік бӛлуде маңызды рӛл атқарды. Нәтижесінде қазақтардың дәстҥ рлі кӛ ші-қон жолдары бҧзылды, олардың жайылымдары мен суаттары тартылып алынды. Ресей әскери кҥшінің аздығынан Цин ҥкіметіне кӛмектесе алмады, ӛйткені ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының толқуларынан сескенді. Ал Цин ҥкіметінің ӛзі ішкі және сыртқы жағдайының қиындығынан қолынан келер еш амалы жоқ еді [2]. Ресей тарихшысы В.Дацышен: «1865 жылы Шыңжанда Цин ҥкіметі қҧлатылды. Қашқарда Жақыпбек басқарған Жетішар мемлекеті, Қҧлжада Тараншы хандығы және Ҥ рімшіде Дҥнген сҧлтандығы қҧрылды. Кейіннен Іле ӛңіріндегі саяси-экономикалық жағдайдың әлсіздігін пайдаланып, 1870 жылы Ресей империясы Іле ауданына генерал Г.А. Колпаковскийдің басшылығындағы әскерді кіргізді», – деп кӛ рсетті [4].
Боғҧсҧқ шатқалынан Ақ-тӛбе тауына дейінгі мемлекеттік шекараны белгілеу жӛніндегі 1869 жылы 1-тамызда жасалған Хаттама;
Боғҧсҧ қ шатқалынан Шабын-Дабаға шатқалына дейінгі мемлекеттік шекараны белгілеу жӛніндегі 1869 жылы 23 тамызда жасалған Хаттама.
Ақ-тӛбе тауынан Хабар-асу ӛткеліне дейінгі мемлекеттік шекараны белгілеу жӛніндегі 1870 жылы 31 шілдеде жасалған Хаттама [3,30-31б.б]
Сӛйтіп, осы хаттамалар негізінде 1869-1870 жылдары И.Бабков бастаған ресей ҥкіметінің уәкілетті ӛкілдері мен қытай ҥкіметінің ӛкілдері Шабын-Дабағадан Тарбағатай жотасына дейінгі шекараны демаркациялады.
1871 жылы 22 маусымда орыс әскері қазақ еріктілерінің кӛмегімен Қҧлжаны соғыссыз басып алды. Іле аймағы әкімшілік жағынан Жетісу генерал-губернаторлығына бағынды, орыс әкімшілігінің бақылауымен жергілікті ҥкімет органдары қҧрылды [5,45 б.]. Бҧл аймақ жӛніндегі ресей-қытай келіссӛздері 1872 жылы Аягӛз қаласында болды. Мҧнда Ресей ҥкіметінің ӛкілі ретінде генерал Богуславский мен Іле губернаторы Ань Жунцзю келді. Ресей ҥкіметі Қҧлжаның орнына Шәуешек хаттамасында кӛрсетілген Іле, Емел және Қара Ертіс аймағын алмастыру туралы талабын Цинь ҥкіметі қабылдамай тастады. Осымен Аягӛздегі келіссӛздер аяқталды.
Қазақстандық тарихшы Н.Алдабек: «шет мемлекеттердің кӛмегінің арқасында Цин ҥкіметі Шыңжандағы жағдайға мойын бҧруға шамасы келіп, Шыңжаңға 89 мың әскері бар генерал Дзо Цзунтан жіберілді. 1876 жылы 18 тамызда олар Ҥрімжіні басып алды, ал 1877 жылы сәуірдегі шайқастардан кейін Жақыпбек армиясы талқандалды», – деп жазады [6,220 б.].
Осы жылы Қытай әскерлерінің жеңіске жетуінің нәтижесінде оның қол астына Қашқар ӛтіп, Қытай мен Ресей арасында шекаралық аймақ жӛніндегі қарым-қатынастарын қайтадан айқындау қажеттігін туғызды. Іле аймағы жӛніндегі 1879 жылға дейін жҥргізілген Орыс-қытай келіссӛ здері еш нәтиже бермеді. Тек 1879 жылдың 20 қыркҥ йегінде Ливадия келісіміне қол қойылуы арқылы Іле ӛңірін Қытайға қайтып берумен аяқталды.Келісім бойынша Ресейге Іле аймағының батыс бӛлігі, Текес ӛзенінің аймағы толықтай берілуі керек болды. Бірақ Қытай ҥкіметі бҧ л келісімді әділетсіз деп тауып қабылдамай тастады.
1880 жылы жазда Іле аймағын Қытайға беру туралы жаңадан келіссӛздер басталды. Сол себепті Петербургке бҧрын Лонданда қытай елшісі болған Цзэн Цзицзе (Маркиз Цзэн) келді.
Маркиз Цзэннің ресей дипломаттары Гирс, Жомин және Бюцов пен келіссӛздері жеті айға созылды.
Нәтижесінде 1881 жылы 12 ақпанда Петербург келісіміне қол қойылды [3,33-34 б.б.]. Бҧл екі держава арасындағы қазақ жерін бӛлісудің соңғы нҥктесін қойды. Осы келісімнің қорытындысы бойынша Тянь-Шаньның батысында ӛмір сҥретін қазақтар Ресейге, ал шығысындағылар Қытайға қарады. Ресей Қытайға орталығы Қҧлжа болатын Іле аймағының кӛп бӛлігін беріп, бірнеше шарттар қойды. Ресей Іле аймағында Қытай ҥкіметінің орнауына келіседі (1 бап), тҧрғындар тҧрғылықты орны мен бодандықты (Қытай немесе Ресейлік) тандауға ерікті (3 бап), сондықтан да 1881 жылғы Петербург келісімінен кейін Іле аймағының мҧсылман
тҧрғындары – қазақтар, ҧйғырлар, дҥнгендер Жетісуға қоныс аудара бастады. Егер 1882 жылы Жетісуда 5 мың ҧйғыр және дҥнген жанҧясы тҧ рса, 1884 жылдың басында 453777 жан бар 9572 жанҧя кӛ шіп келді. Оларды негізінен Шелек, Іле және Тҥрген ӛзендерінің аңғарларына орналастырды [2]. Екі жақты келісім бойынша 1883 жылы қытайлар жаңа шекара сызығы бойына Нарынқолдан бастап Қорғастың жоғарғы жағына дейін шекара бекеттерін қойып шықты. Бҧ л шекара пункттерін Қорғастан бастап қарулы қытай әскерлері кҥзетсе, ал Нарынқол жағындағы 7 пунктті қалмақ улюттер кҥзетеді деп келісілді [2]. Петербург келісімінің 7-ші бабы бойынша Ресей мен Қытай иеліктері арасында мынадай шекара бекітілді:
Беджиктаудан басталып, Қорғас ӛ зенінің ағысымен оның Ілеге қҧятын жеріне дейін, сосын Ілені кесіп ӛтіп Қалжат ауылының батысында қалдырып, оңтҥстікте Ҧзынтау тауына қарай, ол жерден 1864 жылғы қол қойылған Шәуешек хаттамасында кӛ рсетілген сызық бойынша оңтҥ стікке кетеді. Осылайша Ресей Текес ӛзенінің аңғарымен Мҧзарт асуынан бас тартып, Іленің батысындағы аз жерге ие болды. Қытай 1879 жылғы Ливадия келісімі бойынша Ресейге Іленің батыс аймағын беруге келісті. Орыстардың Текес ӛзені мен Мҧзарт асуынан бас тартқаны ҥшін Цин ҥкіметі Зайсан кӛ лі мен Қара Ертіс ӛзені ауданындағы орыс-қытай шекарасын қайта қарауға, сӛйтіп қазақтардың дәстҥ рлі кӛшіп-қонуына байланысты ыңғайсыздықтарды шешуге келісімін берді, бҧл 8-ші бапта айтылған, шекараның бҧрынғы бағытын екі империяға тең қазақ рулары арасында нақты бӛлісу арқылы ӛзгерту керек делінген [2]. «...Cонымен қатар Қытай Ливадия келісімінің 6-шы бабында белгіленген 5 млн. сом ақшаның орнына орыстардың Іле аймағына әскер кіргізген шығыны ҥшін Ресейге 9 млн сом тӛлейтін болды», – деп жазады –ӛз зерттеулерінде Бақтыбаева А [7, 161 б.]. Осылайша, 1881 жылғы Петербург келісімі Ресейдің Орта Азиядағы жағдайының әлсіреуіне әкелгендігін кӛрсетті, ӛйткені, Қытай пайдасына шешілген жерлер оның тарихи иеліктері емес еді, ал патша ҥкіметі осы геосаяси, экономикалық, стратегиялық жағынан маңызды аймақты ӛз қарамағында ҧстап қала алмады.Ал, қытай болса, 1884 жылы солтҥстік-батысындағы территорияларды қол астына алып, бір әкімшілік жҥйе Шыңжаң провинциясын қҧ рды [6,209 б.]. 1882-1884 жылдар арасында Орталық Азиядағы ресей-қытай шекарасының демаркациялық жҧмыстардың негізінде бірнеше арнайы хаттамалар жасалды:
1. Нарынқол ӛзенінің жоғарғы ағысынан Қарадабанға дейінгі шекараны демаркациялау ҥшін 1882 жылы 16 қазанда жасалған Бороталы Хаттамасы;
2. Бедел шатқалынан Нарынқол ӛзенінің жоғары ағысына дейінгі шекараны анықтайтын 1882 жылы 25 қарашада Қашғарда қабылданған Хаттама;
3. Мҧзтау тауынан Ақ-қабы ӛзеніне дейінгішекараны белгілейтін 1883 жылы 31 шілдеде Сары-Ӛ лең-Шҧбарда жасалған Хаттама;
4. 1883 жылы 21 қыркҥйекте Шәуешекте қабылданған Қарадабан шатқалынан Хабар- Асу шатқалына дейінгі шекараны анықтайтын Хаттама.
Ресей-қытай шекараларындағы территориялық мәселелер әр кезеңдер мемлекеттердегі билік пен жҥйенің ауысуына байланысты кӛтеріліп отырды. Санкт-Петербург келісімі мен оның орындалуын қамтамасыз етуге бекітілген қосымша хаттамалар жаңа шекаралық талас туғызды. Жаңа келісім бойынша қазақ жайылымдары екіге бӛлініп, шығысы Қытайға, ал батыс бӛлігі Ресей жағына ӛткен болатын. Себебі Ресей империясының бодандығын қабылдаған қазақтар қытай территориясында (Барлық тауы) қалып қойды. Осы мақсатта Ресей ҥкіметі Қытай ҥкіметінен Барлық тауын беруді ҧсынғанымен, қытай ӛкіметі оны он жылға уақытша қолдануға берді. Жетісудың әскери губернаторы 1884 жылға берген есебінде: «... 1883 жылы Сергиеполь уезінің шекарасына белгілер қойған кезде шекарадағы болыстардың жайылымдарының кӛп бӛлігі қытай жағында қалып қойды. Қытай комиссарларын шекараны ӛзгертуге кӛндіру мҥмкін болмады, тек 1883жылы 21 қыркҥйекте келісілген Шәуешек хаттамасы бойынша қазақтар мекендейтін Барлық тауының қытай жағына қарайтын бӛлігінде 10 жылға және Тарбағатай округінің басқа жерлерінде бір жыл кӛлемінде пайдалануға
356
келісілді», – деп кӛ рсетеді. Сонымен қатар, 1882 жылғы шекара хаттамасы қазақтардың Қытай территориясында жайылымдарын сақтап қана қоймай, осы келісімдерді болашақта қайта қарауға мҥмкіндік туатыны ҥміттендірді. Ол хаттамада: «Барлық тауларында кӛшіп жҥ ретін орыс ведомствосының қырғыздары (қазақтар) он жылдық мерзім аяқталғаннан соң, егер осы мәселе бойынша жаңа келісім болмаса, олар Ресей жеріне шығарылуы тиіс», – деп кӛрсетілген
[2].
Ресей мен Циндік Қытай арасындағы Қазақстан территориясын бӛліп, екі империяның шекараларын анықтаудың қысқаша тарихы осылай болды, және осы кезеңде жасалған Хаттамалар тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен шекарасын анықтауда негізге алынған болатын. 1917-1922 жылдары мемлекеттік шекара мәселесі «қараусыз» қалды.
Әдебиеттер
1. Мҧқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы. Алматы:Атамҧра-Қазақстан,1994.
2. Сейдін Н.Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасы:қалыптасу мәселелері және айқындалу барысы: монография / Н.Б.
Сейдін.- Алматы: КР Прездиденті жанындағы КСЗИ, 2006.
3. Токаев К.К. Правда о государственной границе республики Казахстан. Алматы:Жібек жолы, 2007.
4. Дацышин В.Г. Очерки истории Россиско-Китайской границы во второй половине ХIX начале ХХ веков. Кызыл, 2001.
5. Румянцев П.П. Уезды Жетысу. Алматы:Жалын,2000.
6. Адабек Н.Ә. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. Алматы:Қазақ университеті, 2003.
7. Бақтыбаева А. Вопросы формирования Қазақхстанско-китайской границы (2 пол. ХІХ в.в)// Вестник КазНУ. Серия историческая. 2003.№3, c.161.